- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 337 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gvAZBK5NGdk?si=IZ8CBBKaW_-y6-DF"
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне өзі арнайы қатысқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді. Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен бүгінгі кездесуі бауырлас екі ел мен оның халықтары арасындағы өзара серіктестіктің одан әрі нығаюына ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамуда және стратегиялық әріптестіктің деңгейіне толық сай келеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстанда Сізді Түрікменстанның көшбасшысы, заманымыздың көрнекті мемлекет қайраткері ретінде таниды. Сіз Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қостыңыз. Сондықтан Сіздің осы жиынға келуіңіздің және бүгінгі кездесуіміздің саяси мәні зор деп санаймын. Екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайту тұрғысынан пысықтайтын ортақ істеріміз бар. Біз – бауырлас әрі көршілес елдерміз. Қазақстан мен Түрікменстан арасында ешқандай түйткіл жоқ. Екі ел бір-біріне қашанда тілеулес».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 379 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/25gHJ4Z7aeg?si=_xt9DJCQNBoYl-is"
Талдықорғанда бой жеткенге кеңсе пышағымен шабуыл жасалды. Желіде ер адамның қызға шабуыл жасаған жантүршігерлік бейне жазбасы тарады. Салдарынан 27 жастағы тұрғынның мойыны кесіліп, басқада дене жарақаттарын алған. Жәбірленушіні жедел жәрдем қалалық көпсалалы ауруханаға апарып, жарақаттарын тіккен. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты. Алдын ала ақпар бойынша қасақана қылмыс жасауға оқталған азамат, бой жеткеннің танысы болып шықты. Алдымен ұрып құлатып, буындырмақшы болады, артынша суық қару алып жүгіреді. Оқиға орынында болған тағы бір азаматша араша түседі,оған да шабуыл жасалады. Күдікті бір күні бойы полиция қызметкерлерінен жасырынып,қолға түсті. Алайда екі күндік қамаудан соң үй қамағына жіберілген. Бүгін осы іске қатысты жауапты орган өкілдері журналистердің сауалына жауап берді.
РУСЛАН ЧАРАПИЕВ- ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Полиция қызметкерлері жәбірленушінің 35 жастағы танысы болып шыққан күдіктіні анықтап, ұстағанын хабарлаймыз. Кәзіргі уақытта күдікті полицияға жеткізілді, тергеуші істі адам өлтіруге оқталу бойынша қайта сараптап, прокурормен келісілді. Тергеумен облыстық полиция департаменті, ерекше бақылауға алынды».
ҚАЙСАР МҰХМЕТОВ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, облыс аумағымызда 26 отбасы, тұрмыстық саладағы қылмыстық іс қозғалды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 дерекке артық. Осындай отбасылық тұрмыстық саладағы қылмыстардың алдын алу мақсатында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері күнделікті түсіндіру жұмыстарын оның ішінде үкіметтік емес ұйымның қоғам мүшелерімен бірлесіп халық арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 365 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-c1ZMuXnMvI?si=vKhv_D1UXkCP0ghZ"
Оралда 85 жастағы кейуананың 3 млн теңгеден астам ақшасын үйін баса-көктеп кірген ер адам тартып алып кеткен. Жинап жүрген қаражатын рубльмен сақтаған қария қылмыс туралы тәртіп сақшыларына жедел хабар берген. Осылайша жәбірленуші қарақшыны ұстауға өзі көмектесті. Ол, 32 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Күдіктінің бұрын да алаяқтық, ұрлық, тонау сынды қылмыстар жасағаны анықталып отыр. Зейнеткерден тоналған ақша жартылай тәркіленді.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 385 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FbCFbwDTFQo?si=uPQhOMWqZaOpO_qS"
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғындары апатты деп танылған үйдің қасындағы құрылысқа қарсы. Үй іргесіне құрылыс жасап жатқандар тыныштығымызды бұзды деп шағым айтты. Ол аздай мердігер мекеме құрылысқа қатысты кейбір талаптарды ескермеген, -дейді Жаңаөзендіктер.
Үй іргесіне тақалып салынғалы жатқан құрылысқа тұрғындар түбегейлі қарсы. Өйткені, техникалардың дауысы, тарсылдаған дыбыстар 61-ші үйдегі көпшіліктің мазасын алған. Бұдан бөлек шағымданушылардың үйі мен құрылыс объектісі арасындағы арақашықтық талапқай сай сақталмаған. Тағы бір айта кететіні, құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкер қолданыстағы тұрғын үйді қоршау ретінде пайдаланып, тек қапталдарын жаба салған.
КҮМІСАЙ БЕКБОСЫНОВА ТҰРҒЫН: «Үйімізге тақап, үй салайын деп жатыр. Ол болмайды ғой. Заң жүзінде үйдің арасы қандай қашықтықта болу керек? Соның бәрін заң жүзінде сотқа шағымданып жатырмыз. Енді соттың процесі жүріп жатыр әлі де. Мүмкіндік болса тезірек жүргізіп, осы үй салып жатқан мекеме орнын жапса дейміз. Бізге өзімізге тиісті жерді алып берсе дейміз».
Құрылыстың орны әуелі баста автотұрақ болған. Енді ол жерге тұрғын үй тұрғызылып, барлық инфрақұрылым жүргізілген. Алайда кәсіпкер салғырттық танытқан секілді. Себебі жүргізілген газ құбырында ақау пайда болыпты. Оны дер кезінде 61-ші үйдің тұрғындары жауапты мекемеге хабарлап, апаттың алдын алған.
АМАНГҮЛ ШАДИМАНОВА ТҰРҒЫН: «Перестройка жасады мына газдың трубасына. Одан утечка кетті. Лично өзім звандап, шақырып алдым. Утечканы тоқтаттырдым. Мынау рұқсат сұраған жоқ. Өздері би, өздері қожа болып кетті».
Құрылыс басындағы қазылған аумаққа ойын баласы құлап кетуі мүмкін. Балалары үшін алаңдаған ағайын осылай деп отыр. Уайымдайтын негіз бар. Себебі аумақ дұрыс қоршалмаған. Ал жауапты мамандар аталған мәселеге қатысты шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.
НҰРСҰЛТАН АЛДАБЕРГЕНОВ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Аталған заңбұзушылықтар бойынша сотқа талап арыз беріліп, сот шешімімен аталған құрылысты бұзу туралы шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда, жеке тұлға тарапынан сот шешіміне шағым жасауға құқы бар. Сол шағым негізінде түкпілікті шешім қабылданғаннан кейін заң талаптарына сәйкес шара қолданылатын болады».
Айта кетейік, Абай көшесіндегі 61-ші үй аппаты деп танылған. Мұнда қазір 40-тан астам отбасы тұрады. Тұрғындар жаңа үйге көшкенше іргеміз тыныш болғанын қалаймыз дейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 352 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/v2b9xrt9SGk?si=YMQp0urSvpgr6cqK"
Израиль әскерлері Газаға терең енуде. Бүгін желіде тараған кадрлардан шабуылдаушылардың қарқындылығын байқауға болады.
Әскерилер ХАМАС партизандық соғысты қатал жүргізіп жатқанын айтады. Израиль генералының айтуынша, содырлар жақсы дайындалған. ХАМАС жариялаған кадрлар мен басқа бейбіт тұрғындардың айғақтарына қарасақ, олардың туннельдер желісін көрінбейтін етіп салғандары жоғалып кетуі үшін жасалғандай. Әзірге Израиль күштерінің нақты орналасқан жері мен екі жақтағы шығындар белгісіз. ХАМАС басқаратын Денсаулық сақтау органдарының айтуынша, Газада қаза тапқандар саны 9000-нан асты. Сонымен қатар, әуе шабуылдары мен артиллериялық оқтар онсыз да ауыр жағдайларды одан әрі нашарлатады.
Мұнда антисанитария мен кәріздің болмауына байланысты эпидемия қауіп артып келеді. Израиль Газаның барлық электр және отын жеткізілімдерін жауып тастады. Тек азық-түлік пен дәрі-дәрмектің аз ғана бөлігін жіберіп алуға рұқсат етті. 7 қазаннан кейін олар су беруді тоқтатқан болатын, бірақ кейінірек оңтүстік аудандарға жіберіліп, қайта қалпына келе бастады. Дегенмен, электр қуатының болмауына байланысты сорғылар мен тұзсыздандыру қондырғылары өшірілген. Адамдар от жағу және тамақ дайындау үшін ағаш жинайды.
Бейсенбіде Израиль әскерилері Газаның оңтүстігінде бейбіт тұрғындарға арналған далалық ауруханалар құру туралы медициналық мекемелермен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Енді 35 аурухананың үштен бірінен астамында газдар жұмыс істемейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 364 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kaKJNKR84mY?si=vqNjjMCgAtGN0j9t"
Киаран дауылы Еуропа елдерін ойрандады. Аймақтағы бірнеше елде құрбан болғандар тіркелді. Еуропадағы жойқын жел кем дегенде алты адамның өмірін қиды.
Қолайсыз ауа-райы бейнеленген бұл кадрлар Италияда түсірілген. Дауыл салдарынан Тосканада 85 жастағы ер адам қаза тауып, Венетода бір адам із-түзсіз жоғалған.Мадридте дауыл әсерінен тротуарға ағаш құлап, бір адам құрбан болды.Тағы бес адам жарақат алған. Елдің солтүстігінде ауа райына байланысты қызыл деңгейлі ескерту жарияланды, Галисия мен Кантабрия жағалауларында тоғыз метрлік толқын болжанды. Испанияның солтүстігіндегі Ла Пинилья тау шаңғысы курортында желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жетті.Францияда ауа райының қолайсыздығынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Көлікті жел ұшырып, ағашқа соғылған. Мұнда желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асты. Ел бойынша оннан астам құрбандар бар.
ЖЕРАЛЬД ДАРМАНИН ФРАНЦИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«15 адам зардап шекті, оның ішінде жетеуі өрт сөндіруші. Осындай қиын жағдайда 13500 өрт сөндіруші жұмыс атқаруда. Мен оларға алғыс айтқым келеді».
Бельгия, Нидерланды және Германия да адам шығыны туралы хабарланды.
Қатты жел мен жауын-шашын салдарынан бірқатар елдерде мектептер мен әуежайлар жабылды. Теміржол және паром қатынасы тоқтатылды. Адамдарға жағалауға және орманды аймақтарға барудан бас тарту жайлы ескертілді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 383 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BnMrQ6bdTMM?si=VVC1Fw2qB38DsAVp"
Қазгидромет синоптиктері 4-6 қараша аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады. 4-5 қарашада терең атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді.Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жаңбыр мен қар жауады, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді.Алайда 4 қараша күні циклонның соңынан батыстан антициклон бері қарай жылжиды.
Сол себептен түстен кейін жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура төмендейді.Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында15 градус аязға дейін, күндіз 8 градус шамасында болмақ. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 5 градусқа дейін,таулы аймақтарда 10 градусқа дейін салқындайды.Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 338 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UT_nuHQQmD4?si=g_LDeJAcuA0moj7X"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ckuDDZMN6P0?si=VWL2b6U6OYu-YLbK"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Одан әрі Виктор Орбан мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, ілтипат білдірді. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан шағын құрамда кездесу өтетін залға барды.
ҚАСЫМ–ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Қазақстан сіздің атамекеніңіз деп айтуға болады. Себебі тамырыңыз осы жерден бастау алады. Өзіңіз қыпшақтарға өте жақынсыз. Бұл деректі қазақтар жақсы біледі. Сондықтан сізге өте ризамыз. Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа күшті серпін береді деп сенеміз. Қазақ пен мажар — ежелден сыйластығы жарасқан туыстас халықтар. Екі елдің тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті ұқсас. Орта ғасырларда Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары бүгінде Мажарстан аумағында өмір сүріп жатыр. Біз мұны мақтан тұтамыз. Тарихи тамырластық және тығыз байланыстар бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне негіз болды. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-мажар ықпалдастығы барлық салада қарқынды дамыды».
Тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән бере отырып, қазақ-мажар қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын жан-жақты талқылады.
ҚАСЫМ–ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Құрметті Премьер-министр мырза, ең алдымен, қазақ жеріне қош келдіңіз! Себебі Сіз – қыпшақсыз. Бұл деректі қазақтар жақсы біледі әрі Сізді сыйлайды. Сондықтан атамекеніңізге келдіңіз деп айтсақ, артық болмайтын шығар. Менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңіз және Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға ниет танытқаныңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретіні сөзсіз. Сондықтан бүгінгі келіссөздер нәтижелі болатынына сенімдімін».
Өз кезегінде Виктор Орбан Қазақстанға шақырғаны және өзіне, Мажарстан делегациясына көрсеткен қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады.
ВИКТОР ОРБАН МАЖАРСТАН ПРЕМЬЕР – МИНИСТРІ «Атажұртқа оралу әрдайым керемет. Мажарлар Қазақстанға келгенде ерекше сезімді бастан кешеді. Өйткені екі халықты ғасырлар қойнауынан бастау алатын тарихи тамыры байланыстырады. Соңғы он жылда біз ынтымақтастығымызды дамытуға барынша күш-жігерімізді жұмсадық әрі жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Өзіңізбен ынтымақтаса жұмыс істеу – мен үшін зор мәртебе. Мажарстан әрдайым Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болған. Алдағы уақытта да солай бола береді. Мажарстан мен Қазақстанның байланыстары бұрын-соңды жетпеген деңгейге көтерілді. Сондай-ақ ықпалдастығымыздың, әсіресе экономикалық қатынастарымыздың әлеуеті зор»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 404 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jrkv8g89o6Y?si=deZUVnmdp_l7awoJ"
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – қоғамдағы парақорлықты жою жолындағы маңызды кезең. Тамыз айында Көкшетауда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылды. Аз уақыт ішінде еріктілер облыс аумағында су құбырларын тартудың барысын тексеріп, бірқатар кемшіліктерді анықтады.
Сандықтау ауданына қарасты Белгородское ауылына су құбырын тартуға жергілікті қазынадан 194 миллион теңге бөлінген. Бірақ, елдімекен тұрғындарының жаңа инфрақұрылымды күткеніне 3 жылдан асқан. Әбден қажыған ауылдықтар дабыл қаққан. Сапасына да көңілі толмайтындарын жеткізіп, шағымданған.
САМИРА ТӘЙТЕНОВА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» ЖОБАСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРІ
Күні бүгінге дейін сумен жабдықтау жүйесінің ескісі де ауыстырылмаған. Ол өз кезегінде жаңа желіні орнату кезінде жоба талаптарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Айта кетейік, осы жұмысты атқарудвң өзіне 19 миллион теңге бағытталған. Біздің тексерістің қорытындысы бойынша тұрғындар бірнеше фактіні ескерді. Бүгінде уәкілетті орган, мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы тексерулер тіркеді, оның нәтижелері арқылы барлық кемшілік жойылады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 366 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0SXQUfbRZvA?si=1Fv-fuviDqdxfhUb"
Елдің батысында тағы да газ тапшы. Отынның бұл түрі жанармайдан әлдеқайда арзан болғанымен, табу қиынға түсіп тұр. Қалтаға салмақ түсірмейтін сұйық отынды іздеп, сарсаңға түскен көлік иелері сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Ал айласын асырғандары УАТСАПП желісінен арнайы топ ашып, қайда газ барын біліп отыратын болған. Шенеуніктердің уәдесінен шаршағандар туралы келесі сюжетте.
Мұндай көрініске оралдықтардың көзі үйренген. Жанармай құю бекетін күні-түні аңдып, ұзақ-сонар кезекте тұратындардың билікке өкпесі қара қазандай. Амалы таусылған тұрғындар қазір уатсап желісінен "Газ қайда бар" деген чат ашып алыпты. 250-ге тарта адамның айтатын әңгімесі - біреу! «Газ қай жерде бар, кезек көп пе, жоқ па?» Ал бұл топқа қосылмағандар жанармай бекеттерін шарлап, уақыттарын да, жүйкелерін де босқа сарып қылады. Төзімі таусылғандар «Газ неліктен болмайды?» деген сұраққа жауап іздеп таппаған.
Ал шенеуніктер жағдай қалыпты деген жаттанды жауапты қайталаудан жаңылмайды. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылғасын көгілдір отын бір ай бойы Ақтөбеден жеткізілген екен. Бірақ оны таситын тепловоз табылмай, тағы тұрып қалыпты. Бұл аздай, темір жолмен жеткен газды автоцистерналарға қайта бөліп құю керек. Халықты тарықтырған газ тапшылығы осыдан туындапты-мыс.
МИРЖАН НҰРТАЗИЕВ БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Атыраудан бізге көлікпен тасығандықтан тезірек болады. Ал мына вагонмен келгесін, оларда кішкене стансаларда тұрады, өзіңіз білесіз, анда-мұнда тұрып қалғасын кейбір вагондардың кешігуі болды. Құдай қаласа, ертеңгі уақытта вагондар жеткізіледі деп ойлаймыз. 15 вагон бізде 500 тонна, сол 15 вагон келе жатыр.
Жауаптылар жағдай көп ұзамай түзеледі деп жұбатпақ болды. Өйткені атыраулық зауыт қайта іске қосылған. Оның үстіне облыс тұтынатын газ көлемін де арттырыпты. Енді ешкім көгілдір отыннан тарықпайды деген шенеуніктердің сөзі шындыққа жанасса игі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 333 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SD0z6Pj0Tfs?si=bt3fr8V1CE_1V6iI"
Мыңдаған мигранттардан тұратын керуен Мексиканың Чиапас штатындағы Уистл қаласына демалуға тоқтады. Ол Тапачуладан бірнеше күн бұрын жолға шықты.
Орталық Америкадан, сондай-ақ Венесуэла мен Кубадан келген мигранттар Мексиканың солтүстігіне Америка Құрама Штаттарымен шекараға қарай бет алды. Ресми деректер бойынша, Тапачуладан бастапқыда 3500 адам кеткен. Қазір белсенділердің айтуынша, керуенде жеті-сегіз мың адам бар.
ИРИНЕО МУХИКА – БЕЛСЕНДІ «Адамдар 50 шақырымнан астам жол жүрді. Оларға қиын, өйткені олар тамақ ішпеді, көшеде түнеді. Содан көбісінің балалары ауырып қалды».
Мигранттар Америка Құрама Штаттарына жетіп, сонда жұмыс тауып, өмірлерін реттейміз деп үміттенеді.
ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН МИГРАНТ «Мен үш баламен, әпкем және анаммен барамын. Біз Мексика арқылы өтуге рұқсат сұрап жатырмыз, өйткені біз енді өз елімізде тұра алмаймыз. Онда бізге үнемі қауіп төніп тұр, экономика құлдырады, жұмыс жоқ. Қатты қиналудамыз. Менің балаларым жаяу жүруден шаршады. Бізге тамақ пен су керек».
ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН МИГРАНТ «Өкінішке орай, мен "Эта" және "Иота" дауылы кезінде үйімнен айырылдым. Қолымыздан келетіні – көшу ғана».
Мигранттар Мексикаға өту үшін транзиттік визаларды айлап күткендерін айтады. Шыдамдары таусылып, олар елді заңсыз кесіп өтуге шешім қабылдаған. АҚШ-тың оңтүстік шекарасына бет алған керуен өткен маусымнан бергі ең үлкен керуен болды. Ал шекарада 10 мың мигрант жиналып үлгерді.
Тағы басқа мақалалар...
152 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.