- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 342 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_PPQXilZjUg?si=MGDwMCMf3qlrZdLR"
Күні кеше бас шаһар Елорданың бір жартысы толық жарықсыз қалды. Кешкі уақытқа сәйкес келгендіктен халық әбден әбігерге түсті. Бағдаршам жұмыс істемей жол-көлік оқиғалары жиілеп, көпқабатты үйлер болса, жылусыз, ыстық сусыз отырды. Ал, әлеуметтік нысандар оның ішінде ауруханаларда емделушелерге қажетті ем көрсете алмай дәрігерлер әбден қиналды. Бас аяғы 1,5 сағат уақыт бойына қуат көзінсіз қалу деген ол ұзақ уақыт. Бұл технологиялық бұзушылықты тексеретін комиссия құрылады. Олар себебі мен салдарын анықтайды. Қала басшылығы болса, бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды деп сендіріп отыр.
НҰРЛАН НҰРКЕНОВ АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Төтенше жағдай шина ажыратқышының жарылуы салдарынан болды. Осының салдарынан қысқа тұйықталу болды. Сөйтіп кеше сағат 21:57-де он қалалық қосалқы станса сөніп қалды. Мұның салдарынан оң жағалауда энергия беру шектелді. Сағат 23:00-де әуежай қосалқы станциялары іске қосылды. Сағат 23:10-да «Бәйтерек» қосалқы стансасы қосылды. Осылайша түнгі сағат 2-ге дейін барлық қосалқы станция іске қосылды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 325 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Ic6mLv38oOI?si=YbPoKXLcihgILXDl"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 357 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8HyFONdJ_2E?si=CJCnLZERiBdQka78"
Еліміздегі ядролық полигон – қиын-қыстау кезде адамдар өмір сүрген және қазірге дейін тіршілік етіп жатқан әлемдегі жалғыз жер. 40 жыл ішінде мұнда 600-ден астам ядролық және термоядролық құрылғылар жарылған. 468 сынақ жүргізілген. Бүгінде полигон жабық. Бірақ радиациялық ластану зардаптары әлі күнге дейін адамдарға әсер етуде.
Бұл жер Семей ядролық полигоны ретінде белгілі. Ол, Кеңес Одағының құрамында болған кезде 1947 жылы салынған. Кейін 1949 жылы үлкен жарылыс орын алды. Полигон аумағы 18500 шаршы шақырымды құрайды. Сынақтың алғашқы 14 жылында жарылған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе артық болды.
АЙСАН АЙДАРХАНОВ ҚАЗАҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Негізгі радиоактивті ластану ауа мен жердің салдарынан болды. Бұл 1949, 56, 53 жылдардағы негізгі үш сынақ болды».
Ауыр ластану 1965 жылы ұңғымада термоядролық бомба жарылған кезде де орын алды. Нәтижесінде Шаған көлі пайда болды. Қазақстанның жүздеген мың тұрғыны 40 жыл бойы радиацияның әсеріне ұшырады.
НҰРҒАЗ МАМЫРЖАНОВ ЖАРЫЛЫС КУӘГЕРІ: «Мен саңырауқұлақ тәрізді бұлтты көрдім. Жарылыс қорқынышты болды. Аспанға көтерілген қара түтінді көрдік. Бізге қарамау керектігін айтты. Бірақ біз қазақпыз, бәрібір қарап отырдық. Сосын бізге егер көргіміз келсе, арнайы стақан алу керектігін айтты».
1991 жылы полигон жабылды. Дегенмен, радиациялық ластанудың салдары әлі де сезілуде. 2021 жылы Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан жаңа жағдайлардың саны 25-30%-ға өсіп, 36 мыңға жетті. Ондай жағдайлар көбінесе бұрынғы полигон аймағында және көршілес облыстарда тіркелген.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 391 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WVdXPliGaq8?si=Y5Gt2rZir-4lADty"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді.Онда Президент бір қатар әлеуметтік,мәдени маңызды бар нысандарды аралады.
Аймаққа арнайы келген Мемлекет басшысы Талдықорғанда салынып жатқан жаңа шағын ауданда болып, құрылыс барысымен танысты.Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа шағын ауданда 41 тұрғын үй салынып жатқаны жөнінде баяндалды. 1510 пәтердің жалпы ауданы – 122,6 мың шаршы метр. Құрылысқа 28,3 миллиард теңге бөлінген.
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің айтуынша, осы шағын ауданда былтыр аумағы 44,1 мың шаршы метр болатын 509 пәтерлі 14 үйдің құрылысы аяқталған. Ал биыл жыл соңына дейін 783 пәтерлі тағы 21 үйді аяқтау жоспарланып отыр. Қала басшылығы қалған 218 пәтерлі 6 үйдің құрылысын келесі жылы аяқтайтынын жеткізді.
Президентке Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді.Өңір әкімі Мемлекет басшысына аймақ экономикасының барлық негізгі саласының дамуында оң үрдіс сақталып отырғанын айтты. Облыстағы өндіріс көлемі 5,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 1,7 пайызға ұлғайған. Ал сауда мен құрылыс салаларының даму көрсеткіштері 1,6 есе өсті. 198,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға көп. Облыс экономикасына 213,9 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Президент облыс орталығындағы драма театрына есімі берілген Қазақ ССР Халық әртісі Бикен Римованың бюстіне гүл шоғын қойды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы театр ғимаратын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған драма театрында Жетісу облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар еліміздің мәдениет саласына ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттің қолдауын сезініп отырғанын жеткізіп, Президентке алғыс айтты. Сонымен қатар облыс ақсақалдары кеше Республика күнінде өзіңіз көтерген көк байрағымыз жығылмасын деген тілегін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген.Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.Президентке музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kbexonQE2S0?si=X3aUpotYVnxUwrAk"
Отбасы банктің салымшылары мемлекеттің 138 000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары сыйлықақысын ала алады. Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы төленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данагүл Түсіпова айтты. Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі.
ДАНАГҮЛ ТҮСІПОВА «ОТБАСЫ БАНК» АҚ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Егер осы жыл ішінде "Отбасы банкте" депозиті бар адам осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады. Мемлекет тарапынан бонус алуға үлгеру үшін "Отбасы банктің" салымшылары ағымдағы жылдың 29 желтоқсанына дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс».
Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ескергенде "Отбасы банктегі" депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 14%-ға жетуі мүмкін. Спикер мемлекет сыйлықақысы бұрын көтермеленбеген жинақтарға ғана есептелетінін айтты. Яғни, жыл сайын ағымдағы жылы жасалған жинақтар мен өткен жылы көтермеленбеген жинақтардың қалдығы есепке алынады.
ДАНАГҮЛ ТҮСІПОВА «ОТБАСЫ БАНК» АҚ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Мемлекеттің сияқыны көбірек алу үшін депозит ашуды ұсынамыз. «Отбасы банктің" «Отбасылық пакеті» шеңберінде өз кірісіңді ұлғайтуға болады. Ол үшін Сіз отбасының бірнеше мүшесіне депозит ашуыңыз керек, сонда сыйлықақы әр салымға есептеледі. Мысалы, егер отбасы айына белгілі бір соманы үнемдеуді жоспарлаған болса, онда отбасы оны «Отбасылық пакет» шеңберінде бірнеше салым арасында бөлу арқылы әр салым үшін мемлекет сыйлықақысын алатын мүмкіндікке ие болады. Содан кейін қажетті соманың жинақталуы тезірек болады».
Сонымен қатар, банк салымшысы жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір отбасының барлық шоттарын біріктіріп, қарыз алуға болады. Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін ең қолжетімді қарыз түрі – тұрғын үй қарызы. Мұндай қарыз шотта кемінде 3 жыл мерзім ішінде тұрғын үй құнының кемінде 50%-ы жинақталған жағдайда беріледі. Қалған соманың 50%-ын клиент жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлеме (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) бойынша алады.
Айта кетейік, енді өз балаңызға депозитті онлайн режимінде аша аласыз. Жаңа қызмет otbasybank.kz порталында қолжетімді. Депозитті 0 жастан 14 жасқа дейінгі балаға онлайн ашуға болады. 14 жастан бастап депозитті баланың өзі ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің (мысалы, қамқоршылардың) келісімімен банк бөлімшесінде ашады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 379 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GsobBfcuElo?si=yvIhlMshwNtHKHlp"
Ұмытылған тарих ақиқатқа айналды. Қапал өңіріндегі мыңшұңқыр маңында "100 оба Қызбейіті" қорымы ескерткіші ашылды. Ол осыдан 4 ғасыр бұрын жоңғар басқыншыларына қарсы өткен Қызылжар шайқасында қаза тапқан 100 қазақ батырына арналып отыр.
«100 оба, Қызбейіті» қорымы 1698 жылы қазақ-жоңғар арасындағы Қызылжар шайқасында қаза болған 100 жауынгердің жерленген жері. Тұтқиылдан тиген жаудын бетін қайтару үшін бұл жасақты Құдайназар батырмен оның қызы Гүлайым бастап барыпты. Олардың ерлігі 300 жылдан бері аңыз болып айтылып, жыр-дастандарда өрнектеліп, шетелдегі тарихшы ғалымдардың еңбегінде жазылған. Жергілікті өлкетанушылар көп жылдар бойы зеттеу жұмыстарын жүргізіп, нәдижесінде шайқас болған орынды анықтаған. Айбынды жасақтың ергілін келер ұрпаққа үлгі өнеге ету мақсатында ескерткіш орнатылды.
ҚАЖЕТ АНДАС ӨЛКЕТАНУШЫ, ЖУРНАЛИСТ: «Өздерінің өлетінін білген. бірақ елді сақтау керек. Бұл шайқастың ең керемет бір тұсы осы. Қазір көрсең осы 100 батырдың рухын біз тірілтіп жатырмыз. Сол шайқаста біреуі 20 ,30,40 жасында өлген шығар. Бірақ олардың 300 жыл бойы олардың рухы өлген жоқ. Осы шайқаста ең нәзік жері Гүлайым Құдайназар қызының ерлігі.Олардың айтқан сөзі елімді қорғай алмасам әкемді қорғай алмасам Ұрпақ болғаныма сын деген».
Тарихи деректерге көз жүгіртсек, 17 ғасырдың аяғында басынан бақайшығына дейін қаруланған жоңғардың 3000 мен 5000 аралығындағы қолы тұтқиылдан қазақ жеріне басып кіреді. Бұл хабар жергілікті халық үшін ауыр тиеді. Өйткені, басқыншыларға қарсы тұратын жасақ жинап, қазақ ауылдарын қауіпсіз жерге көшіру үшін уақыт керек еді.Осы сәтте ентелеген жауды ішке қарай өткізбей, уақыт ұту мақсатында Құдайназар батыр мен қызы Гүлайым бастаған 100 сарбаз тәуекелге басын тігіп, аттанып кетеді. Олар өздерінен саны әлде қайта көп жоңғар әскерін 2 күн бойы жібермей ұстап тұрған.
ҚАЛИ ИБРАЙЫМЖАНОВ ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: «Тар шатқалды таңдап алуы, одан кейін өздерінің бекініске тұруы, одан кейін келден жауды тұтқиылдан шабуылдап, апай топырын шығаруы. Ес таптырмауы.Сөйтіп 100 адам 2 күн бойы ұстап тұруы. Соғысу тәсілдері өте көп».
Қызылжар - Жетісу жеріндегі Орбұлақ соғысынан кейін болған екінші ірі шайқас дейді тарихшылар. Осы туралы бейнефильм, кино түсіру, кітаптар шығару жоспарда бар. Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттерімен кездесулер ұйымдастырып насихат жұмысы да жалғаспақ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 342 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8QZzoFXjOUo?si=xPx5JOlZo9L7F3A2"
Қазанның 23-де полиция қызметкерлері «Астана-Қорғалжың» тас жолының бойында 40 киіктің еті тиелген «Jac» көлігін тоқтатқан. Тексере келе жүргізушінің Қорғалжың ауданына қарасты Сабынды ауылындағы «Астана Агропродукт» ет комбинатынан екені анықталды. Киіктің етін тасымалдау дерегі Целиноград аудандық полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Осыған қатысты полиция әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Жүргізуші тауарды өткізуге қатысты жүк құжаттардың түпнұсқаларын және «Охотзоопром» кәсіпорны мен «Астана Агропродукт» серіктестігінің арасында жасалған тауарды электронды көшірмесін ұсынды. Мал өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзған дерегі бойынша шешім қабылдау үшін тексеріс материалдары құзырлы мемлекеттік органдарға жіберілді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 381 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LUmUBM7naDA?si=wHiUsFQzx4_D6vAG"
Жапонияның Токио қаласында өткен «Japan Mobility Show» көрмесінде электромобильдермен жеке мобильді құрылғылар таныстырылды.
Honda компаниясының стендінің жанында UNI-ONE-мен сырғанауға болады. Құрылғы гироскутерге бекітілген орындықтан тұрады. Оны дене салмағының ығысуы есебінен басқару керек. Ал бұл дегеніңіз, мұндай қозғалыс құралымен әркім де жүре алады.
САТОСИ КАНАМОРИ – «HONDA» ДИЗАЙН СТУДИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: "Сіз өз салмағыңызды игере отырып қозғаласыз. Егер осылай істей алсаңыз, онда жүруге болады. Адамның мүгедектігінің бар жоқтығына қарамастан әркім сырғанай алады ".
UNE-ONE ашық ауада, мысалы, ойын-сауық саябақтарында және сауда орталықтарында қолдануға арналған. Honda оны 2025 жылдан бастап сатуды жоспарлап отыр. Ал Suzuki компаниясының стендінен MOQBA электр скутерін көруге болады. Бұл мопед пен төрт аяқты робот буданы.
“SUZUKI” КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: "Бұл құрылғының ерекшелігі - төрт аяғы бар, сондықтан ол баспалдақтармен бірқалыпты жүріп, түрлі биіктіктерге көтеріле алады. Мысалы, табиғи апат кезінде оған зембілдер немесе мүгедектер арбасымен адамдарды отырғызуды жеңілдететін конструкция қоюға болады ".
Көрмеде Nissan, Toyota және Mitsubishi сияқты танымал өндірушілердің тұжырымдамалық автомобильдері де қойылған. Жапонияда алғаш рет өз көлігін Afeela компаниясы ұсынды - бұл Honda және Sony электроника алпауытының бірлескен кәсіпорны. Күміс түсті седан алдыңғы панельдегі «реттелетін медиабармен» және ішіндегі аспап панеліндегі үлкен экранмен жабдықталған. Мақсат - смартфондардың революциясын көлікке көшіру. Көрмеге 470-тен астам жапон және шетелдік компаниялар қатысуда.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 335 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0GE0DFtIkcw?si=XgzcVEwrPOdnB5X7"
Ресей мен Қытай Израиль-Палестина соғысына қатысты АҚШ қарарына вето қойды. Құжатта ХАМАС-ты қаржыландыруды тоқтатып, қару сатып алу мүмкіндігінен айыру, сондай-ақ израильдік кепілге алынған адамдарды босату және бейбіт халыққа көмек көрсету ұсынылған болатын.
ЛИНДА ТОМАС-ГРИНФИЛД - АҚШ-ТЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: "Біздің қарарымыз ХАМАС және басқа да террористік топтар жасаған террорлық шабуылдарды сөзсіз айыптайды. Ол мүше мемлекеттердің террорлық актілермен жасалатын бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қатерден өзін қорғау құқығын растайды ".
Кейінірек Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өзінің екінші қарар жобасын ұсынды. Бірақ ол ең аз дауысты да жинай алмады.
ВАСИЛИЙ НЕБЕНЗЯ – РЕСЕЙДІҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: «Біз Қауіпсіздік Кеңесі Таяу Шығыстағы теңдессіз дағдарысқа жауап беруге берілген тағы бір мүмкіндікті пайдалана алмағанына өкінеміз».
Екі қарардағы басты айырмашылықтар АҚШ-та мемлекеттердің өзін-өзі қорғауға деген ажырамас құқығы бекітілді, ал Ресейде Израильге Газаның азаматтық халқын анклавтың оңтүстігіне көшіру туралы бұйрықты алып тастауға шақыру болды. Израиль қорғаныс әскері өткен тәулікте Газа секторындағы ХАМАС тобының позициясына, сондай-ақ Ливандағы «Хезболла» әскери нысандарына 400-ге жуық соққы берді. Премьер Биньямин Нетаньяху телеарнада елдің Газаға шабуылға дайындық жүріп жатқанын және оның мерзімін арнайы әскери министрлер кабинеті белгілейтінін айтты.
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ – ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "Біз қазірдің өзінде мыңдаған лаңкестерді өлтірдік. Бұл басы ғана. Қайта шабуылға дайындық үстіндеміз. Мен әзірге қашан, қалай және қанша мөлшерде болатыны туралы толық мағлұмат бермеймін ".
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 399 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Y0P-OB2LXdE?si=tqinhfiUi0pZpxgO"
Ақтау қаласы тұрғындарына жақында болған қайғылы жағдай сабақ болмай тұр. 3-ші шағын аудандағы, 25-ші үйдің тұрғыны қандалаға қарсы улау жұмыстарын жүргіземін деп, көршілерін ауруханадан бір ақ шығарды. Сюжетке назар аударсақ.
Ақтаудағы үйлердің бірінде тағы бір қайғылы оқиға орын ала жаздады. Бір отбасының үш баласы өздерін жәйсіз сезініп, барлығы ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың уланғаны белгілі болған.
НАЗГҮЛ ҚИСЫҚБАСОВА АҚТАУ ҚАЛАСЫ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ОНКОГЕМАТОЛОГЫ: «Бір үйдің үш баласы түсті. Келген кезде бас айналу, әлсіздік деп шағым айтты. Бірден кезекші реаниматологтармен, кезекші педиатормен балдар қаралды. Екі бала, яғни 8 жастағы және 5 жастағы бала үйіне кетті. Жалпы жағдайлары қанағаттанарлық олардың. Үшіншісі 13 жаста. Оның да қазіргі кездегі жағдайы тұрақты. Емін алып жатыр. Жағдайына байланысты бүгін немесе ертең үйіне шығарамыз».
Аталмыш мекен-жайдағы тұрғындар өткір аммиак иісін байқағанын айтады. Белгілі болғандай көршілері пәтерін улап, өздері кетіп қалған. Улаудың нәтижесі өзгеге кесірін тигізген. Ақтау қаласының бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, төсек-орынның улануын анықтаған. Баспанасын уламақ болған тұрғын пәтердің ішіне үш күкірт құтысын шашып кеткені белгілі болыпты. Пәтер иесі жәндік уын 22-шағын аудандағы базардан сатып алған. Жәндік уы лицензиялануы тиіс. Алайда бұл уларды ел аумағында сатуға рұқсат жоқ.
ӘСИМА ЖАРЫЛҒАСОВА -СЭБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Фас» деп аталатын препарат даладағы жәндіктерді улауға арналған. Оны тәжірибесі бар, қорғаныс құралдарымен қамтылған арнайы мамандар ғана шаша алады. Оны пәтерде пайдалануға мүлдем болмайды. Күкірт құрамы бар түтін тектес дәрі газ бөледі, жоғары көтеріледі. Түтін ортақ құбыр арқылы түгел көршілерге тарайды. Ешқашан қауіпті уды өз бетінше тұтынуға болмайтынын ескертеміз!»
4 қабатты үйдің тұрғындары зиянды препараттың иісінен үрейленіп қалдық дейді. Олар көршісінің кесірінен түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылдық деп отыр. Ең бірінші бауыр еті балаларына алаңдайтындарын айтты.
БЕКСЛАН БАЙҚҰЛОВ ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ ӘКЕСІ: «Иіс болғаннан кейін қызым ауырып бастаған. Құсқым келеді, басым айналды деді. Учасковый, скорый шақырдық. Үйде үш бала, әйелім, папам болды. Кухнядан, ваннадан келген иіс».
МАРИЯШ ИСЕНОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қанша үй осындай болып жатыр. Көршілер СЭСке ескертуі керек қой. Сонда бәріміз қырыла береміз ба? Жергілікті акимат, СЭС қолға алуы керек. Айдың күннің аманда. Жау даладан емес, көршілерден келді. Бізге көршілер айтқан жоқ, бейхабар отырғанбыз. Жауапсыздығы, әрбір адам жауап беру керек. СЭС-ке айтуы керек. Тарақанның уы емес, қандалаға жасап тұр. Қандаланың уы адамды білдірмей өлтіреді».
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдай тіркелген еді. 7-ші шағын аудандағы, 14-ші үйдің тұрғыны қандаладан құтылмақ болып, пәтерінің ішіне улы препаратты шашып кетіп қалған. Салдарынан көршісінің екі баласы көз жұмды. Қазір ол іс бойынша тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 363 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xRakZVMvnRg?si=cqYNvcDkhxwTYD--"
Бүгін Алматыда көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің құрметіне мемориалдық тақта ашылды.Шара барысында отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітап авторының замандастары, көзін көріп сырлас болған қаламдас достары естеліктерімен бөлісті.
КӘДІРБЕК СЕГІЗБАЕВ ЖАЗУШЫ: «Екеуміз айырылмастай дос болдық. Тумасақ та туғандай болдық. Бар әңгімеміз тіршілігіміз ортақ еді. Ақаңның жүрген жері,істеген қызметі барлығы да жұрттың көз алдында».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 346 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fT79w0EQuJo?si=NwEVWy9n2NsmLc2U"
Тағы басқа мақалалар...
- Келесі жылы ақпан айынан бастап еліміздегі 18 жасқа толған барлық бала Ұлттық қордан ақша шеше алады
- Бұдан былай Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында электрондық сауда көлемі артатын болады
- Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
- Көпшілікке үлгі болып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді
156 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.