- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WlJKFocyY7Q?si=EMsCRjrRpVCJcJje"
Газа аймағындағы ауруханада палестиналық лаңкестік топ шығарған зымыранның кесірінен жарылыс болып, жүздеген адам қаза тапты. Бұл туралы Израиль әскерилері хабарлады.
Хамас басқаратын газа секторының денсаулық сақтау министрлігі Израильді әуе шабуылын жасады деп айыптап, оқиғаны «сұмдық қырғын» деп атады. Соңғы мәлімет бойынша, әл-Ахли ауруханасында болған жарылыстан кем дегенде 500 адам қаза тапқан. Израиль күштері Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған радикалды палестиналық ұйым - «Ислам жиһадына» кінәлі деп отыр. Олардың Хамаспен көптеген мақсаттары мен көзқарастары бір. Сирияға қарсы позицияны ұстанады. Аурухана лаңкестердің нысандарына жоғары дәлдікпен соққы беретін Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан. Интернетте ауруханадағы жарылыс кадрлары, отқа оранған ғимарат және қаза тапқандардың, соның ішінде балалардың көптеген денелері жатқан видеолар таралды. Көптеген жаңалықтар агенттіктері бұл Израиль тарапынан болған әуе шабуылдарының нәтижесі екендігі туралы Хамас алға тартатын нұсқаны қолға алды. Бірақ егжей-тегжейлі мағлұматтар, соның ішінде әскери ұшқыштардан аэрофотосуреттер келіп түскен кезде оқиғалардың нұсқасы өзгере бастады. Бұл кадрларда зымыран ауада жарылып, одан кейін оның сынықтары төмен түсіп жатқаны көрінеді. Израиль қорғаныс әскерінің хабарлауынша, әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдары деректерді тексермей ақпарат жариялауға асыққан.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ – ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «ЦАХАЛ жедел жүйелеріне жасалған талдау көрсетіп отырғандай, террористер Газа секторындағы Ахли ауруханасына жақын жерде зымыран шығарған. Барлау Газадағы ауруханаға соққы берген зымыранның сәтсіз ұшырылуына «Ислам жихады» жауапты екенін дәлелдеуде».
Израильдің мәліметінше, Израиль қауымына шабуыл жасаған кезде 1400-ге жуық адамды өлтірген Хамас террористік тобының содырлары Газа тұрғындарын тірі қалқан ретінде пайдаланады. Шабуылдан кейін Хамас күн сайын Израильдің түкпір-түкпіріндегі қалаларға бағытталған зымырандарды ұшырды. Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль күштерінің қарсы әуе шабуылдарынан кем дегенде 2778 адам қаза тауып, 9700 адам жарақат алған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 333 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/y8djKa6xUd8?si=hJyg13sy-UZaYyt-"
Бразилияның Амазонас штатындағы ауылға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жеткізілуде. Ол басқада ондаған ауыл сияқты қатты құрғақшылықтан зардап шекті.
Жан-жақтан жіберіліп жатқан көмектерді трактормен алып келуде. Себебі, жергілікті өзен құрғап қалған.
НЕЛЬСОН БРИТУ МЕНДОНСА – АУЫЛ ҮЛКЕНІ: "Біз бүтін бір әлемнен оқшауланып қалдық. Мен тұратын жерге қайықтар әлі де келе алмайды. Тек трактормен немесе жаяу жүріп қана жетуге болады".
Бразилия үкіметінің мәліметінше, Амазонас штатындағы 62 қаланың 60-ы құрғақшылық пен орман өрттері салдарынан төтенше жағдай жариялаған. Айдың соңына дейін жағдай өзгермейді деп күтілуде.
ХОСАНА МЕНДОНСА – ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:"Азық-түлік сатып алу қиын. Егер бұл құрғақшылық ұзақ уақыт болса, онда мұндай проблема бізбен айларға қалады. Жағдайымызда нашарлауы мүмкін".
Азық-түліктерді Амазонияның тұрақты даму қоры мен «Амазонканың климаттық альянсы» жеткізуде.
ВАЛЬКЛЕЯ СОЛИДАДЕ – КӨМЕК ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Қазір адамдардың өздері өндірмейтін нәрселерді алуы қиын. Бұл тамақ пен дәрі-дәрмек. Ауруханаға бару қиын болғандықтан, көптеген адамдар ауырудан қорқатынын естідім ".
Белсенділер құрғақшылықтан зардап шеккен аудандардың картасын жасайды. Оларға тамақ, су, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажетті заттар әкелінеді.
ЛУСИАНА ВАЛЕНТИН – ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: "Базалық медициналық қызмет те жоқ. Ал біздің балаларымызда жиі диарея, құсу болады және судың салдарынан дене қызулары көтеріледі ".
Әлемдегі ең ірі тропикалық орман тарихи құрғақшылыққа тап болды. Ғалымдардың пікірінше, оған Эль-Ниньо феномені себеп болған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 406 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2b8qRacNsJ0?si=aDukM0Tg1MfcUmMl"
Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өнер көгінен көрінген талантты актер, Сағи Әшімовтың құрметіне Алматы қаласында ескерткіш тақта ашылды.Бұл өз кезегінде Шоқан бейнесімен-ақ танылып, талайды тамсандырған өнер иесіне құрмет деуге болады. Қысқа ғұмыр кешсе де, артынан өкше басқан жастарға үлгі болған Сағи Асанәліұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлық иегері атанды.Сағиды сағынған жұрты салтанатты шараға жиналып,оның өнері жайында сыр шертті.
АРМАН ҚЫРЫҚБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Театр және кино актеры Сағи Әшімов бірнеше туындыларда басты рөлдерді сомдады. Сондай-ақ ол, қазақтың тұңғыш көпсериялы “Тоғысқан тағыдырлар” телефильмінде Темір Сабыровтың образын ойнап, көпшілік көрерменнің есінде қалды.Сонымен қатар қарапайым қасиетімен де жұрттың аузынан түспейді.
АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ АКТЕР
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 361 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Lyo_cAmXbEA?si=qu6j7GcVgCnOBM-X"
Ақтау қаласындағы Шығыс-2 шағын ауданында ыстық су мен жылу жоқ. Қаладағы жылыту маусымы іске қосылғалы біраз уақыт болса да 379-380-ші үйлердің тұрғындары,аталмыш мәселенің қызығын көре алмай отыр. Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты баспана іші салқындаған. Қарапайым қызмет түріне жарымаған қалалықтар өздерінің шағымын айтты.
Жаз бойы суға зар болған тұрғындар күзде мәселе болмас деп үміттенген. Алайда сенімге су сепкендей болды. Себебі жазда ауыз су жоқ деп шағымданған ағайын күн салқында ыстық су мен жылу жоқ деп отыр. Бұл проблема Ақтаудағы Шығыс-2 шағын ауданындағы 379-380-ші үйде тіркелді. Тұрғындар жылудың жоқтығынан пәтерлерінде бүрсең қағып жүргендерін айтады.
ҒАЛИЯ СҮЙІНДІКОВА -ТҰРҒЫН: «Жылу жоқ. Өткен жылы үндеген жоқпын. Болатын шығар дедім. Биыл енді суық. Адамдар тоңып жүр. Балалар ауырып жатыр. Каждый раз пневмания, ана бала, мына бала ауырады. Әр үйде 5-6 баладан бар. Бір күн әстеп қоя қойса екен. Жылда қайталанып жатқан зат».
МАРИЯ САЯСАТҚЫЗЫ -ТҰРҒЫН: «Жазда жоқ. Бізде үшінші этажға көтерілмейді. Сығырайып ағады. Напоры жоқ. Бірінші этажға жақсы. Төртке жетпейді. Судың проблемасы бізде жыл бойы. Солай келе жатырмыз неше жыл болды? Жыл бойы су жоқ. Сатып аламыз 5-10 литрлеп».
Аталмыш мекен жайдағы үйлер 7 жыл бұрын пайдалануға беріліпті. Осыншама уақыт өтседе үйді салған мердігер мекеме су құбырын меншікке өткізбеген. Құбыр жарылып немесе басқада проблема бола қалса, ешкім оған бас ауыртпайтын сыңайлы.
БЕКБОЛ ДАБЫЛОВ - "АЛИМАР- ҚҰРЫЛЫС" ЖШС ИНЖЕНЕРІ: «2 км 240 метр ЖЭК-тің мойынында тұр. Негізі ЖЭК қарамайды. Заңға да сыймайды ЖЭК қарайды деген.Өйткені қазатын техникасы, бригадасы жоқ. Қыркүйекте су бергенде жарылды, жарылған жерін жасап жатырмыз. Су берердің алдында 3-4 күн бұрын тағы порыв болды. Бір емес екі жерден».
Бұл мәселені қала басшылығы біліп отыр екен. 2 шақырымның үстіндегі құбырыды жөндеуге "Каспий жылу су арнасы" мекемесімен қалалық әкімдік кепілдік арқылы келісімге келген. Аталған үйлердің құбырында ахау көп сондықтан да жөндеу жұмыстары ұзаққа созылған.
НҰРАДДИН КӨШЕРБАЕВ – АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда бұл құбырдың иесіз болуына байланысты. Қызмет көрсетуші мекемелердің жағдайы көтермейді. Тұрғын үй коммуналдық бөлімінің атынан КЖСА кепілдік хат берілді. Сол хат негізінде бүгін КЖСА қолға алып жатыр. Бұл жерде де қазір екі ахау анықталып отыр. Сондықтан бүгін-ертең жасалу жоспарланып тұр. Жасалғаннан кейін іске қосылады. Ал, алдағы уақытта иесіз жатқан құбырды жергілікті атқарушы орган теңгеріміне алып, ары қарай КЖСА беру жұмыстары жүріп жатыр».
Әрі тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі деп жүргенде далада жатқан құбыр қараусыз қалған. Бір сөзбен айтқанда ешкімге керек болмапты. Енді мәселе туындағаннан кейін қаладағы құбырларға қызмет көрсетуші мекемелерге өткізу жұмыстары қолға алыныпты. Ал тұрғындарға соңғы пайда болған екі жердегі ақаудың жөнделуін күтпестен басқа амалдары жоқ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 337 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/b8cM68QqMB8?si=0kTFpYHTLcI0EBtN"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 362 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GcfeFtfnFTE?si=DnEtjXqCLNJmBEYE"
Алматы хайуанаттар бағында жануарларға жаңғақ жинау акциясы басталды. Кез-келген келуші саябақтың орталық кіреберісінде орналасан қабылдау пунктіне жиналған жаңғақтарын тапсыра алады. Онда емен ағашының жемісі өлшеніп, әкелінген тағамдар жайында мәліметтер жазылып алынады. Науқан 7 қарашаға дейін жалғаспақ.
Қалалық саябақтар мен алаңдарда жаңғақтар толық пісіп, жерге түсуде. Алматының көшелері мен тротуарлары үшін бұл – қоқыс. Ал Алматы хайуанаттар бағының көптеген жануарларына – құнарлы калориялы азық. Сондықтан 5 қазаннан 7 қарашаға дейін хайуанаттар бағы жыл сайынғы «Жаңғақты күз» акциясын өткізеді. 3 келі жаңғақ үшін 1 бала хайуанаттар бағына билет ала алады. Ересек адам тегін кіруі үшін 7 кг жаңғақ қажет. Билеттерді 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға болады.
ГҮЛДАНА БАУБЕКҚЫЗЫ МАЛ ДӘРІГЕРІ:«Бұл емен жаңғағы қосымша азық ретінде беріледі. Біз қабылдағаннан кейін бұны толығымен тексеріп аламыз. Кептіреміз толығымен. Сөйтіп, қоймаға сақтаймыз. Сосын, бұны көбінесе: марал, киік, лайндар өте жақсы жейді және жақсы көреді».
Мал азығына тапсырылатын жаңғақтар жануарларды тамақтандыруға жарамды, таза, піскен, құрғақ, көгермеген болуы керек. Арасында жапырақ, тас, бұтақтар мен қоқыстар болмағаны абзал. Сондай-ақ, улы химикаттармен және пестицидтермен өңделмеген болуы шарт.Айта кетейік, хайуанаттар бағындағы жануарларға арналған акция ұйымдастырылған бірінші жылы 3,5 тонна жаңғақ жинаса, 2016 жылы 7 тонна еселеніп, рекорд орынады. Биыл қазан айының басынан бері 473 келі жиналған. 7 қараша күні Алматы хайуанаттар бағының құрылғанына 86 жыл толмақ. Осыған орай науқан соңында хайуанаттар бағының қызметкерлері іс-шараны қорытындылап,жаңғақты көп жинаған азаматтарды марапаттамақ ниетте.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SsoZOzJ1L30?si=h3YQi52mLVU-8DZq"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңге ресми сапарының екінші күні «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысудан басталды. Президент дәстүрлі қонақжайлығы мен форумды минсиз ұйымдастырғаны үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қытайдың жаһанд ық қауіпсиздікти қамтамасыз это ту ісіндегі шушуші рөлине назар аударып, они экономическилық және технологические дамудың локомотивы ретинде атап өтти.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТИ: «Қазіргісаяси жағдайда «Бір белдеу, бір жол» бастамасы қажетти халықаралық жобаға және ынтымақтастықтың і рі платформысына айналды. Бұл жоба Қытайдың экономикалық қуатын, сондай-ақ ониң жаһандық деңгейдегі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетеді. Осыдан он жыл бұрын Сіз Қазақстанда алғаш рет «Бір белдеу, бір жол» ұзақмерзімді бастамасын ұсынып, ониң басты қозғаушы күші болдыңыз. Мұның символдық мәні зор. Осы маңызды мерейтойды атап өте отырып, бүгинде Сіздің бастамаңыз қажеттілігін көрсетті және әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалып, жаһандық ауқымдағы үлкен жобаға айналды деп сенімді түрде айта аламыз».
Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» жобасының теңдессіз әрі ауқымды халықаралық ынтымақтастық үшін перменді платформаға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар аталған бастаманың старший арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға, тату көршілік қатынастарды, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға елеулі үлес қосатындығын т это еще не все. Айта кетейік форумға 20-дан астам мемлекеттің басшылары және 130-дан как ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 349 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Rl7mnn8IRGs?si=8MlMdxjCoWTcrSKu"
Мемлекет басшысы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Ван Хунинге ілтипат білдіре отырып, оны Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады. Қазақстан Президентінің айтуынша, қазақ-қытай қатынастары мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті. Бұл ретте ел басшыларының тұрақты кездесулері елеулі рөл атқарды.
Өйткені келіссөздер барысында тату көршілік қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін негіз қаланады.Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық прогресіне және Қытай басшысы жүргізіп отырған тиімді саясаттың нәтижелеріне жоғары баға берді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 349 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/B2LA5ASGv7A?si=7oDBjxNG1vjAC1t1"
1939 жылы БҚО дүниеге келген. Орал қаласында оқуын аяқтаған соң әскер қатарына шақырту алып Украина қаласына аттанады. Авиация саласында 3 жыл механик болды. 1963 жылы Алматы қаласына келіп дене шынықтыру институтына оқуға қабылданады. Студент кезінен ақ Абдолла Қарсақбаевтың фильмінде шағын рөлді сомдаған қарияға бүгінде отандық телехикаялардан шақырту түсіп отырады. 1965 жылы шаңырақ көтеріп,бүгінде бір ұл бір қыздан немере,шөбере, сүйіп отыр. Бейнеттің, зейнетін көрген ақсақалдан атқарған қызметі жайлы сұраған едік.
ТӨЛЕУҒАЛИ САТЫБАЛДИЕВ ЗЕЙНЕТКЕР:«Институтты бітіріп, ол уақытта Художественный училище дейді сол жерге физкультурадан сабақ беруге направление алдым. Сол жылдары мектептер ашылды спортивный. Соған ауысып волейболдан треньер болдым».
Жас кезінен сурет салуға қабілетті ақсақал ісмерлікке де бейімім бар дейді. Киімдерін өзі пішіп жөнге келтіріп алған кездері де болған екен.
ТӨЛЕУҒАЛИ САТЫБАЛДИЕВ ЗЕЙНЕТКЕР: «Өзімнің үлкен ағаларымның киімін киіп өскен жігітпін. Бір жерлері ұзын болса анама да айтпаймын,ешкімге де айтпаймын, өзім отырып алып ине жіппен өзім тігіп алатын едім.Түймелерін тігіп алатын едім».
Спортқа жаны құмар ақсақал бос уақытында жеңіл жүгіріп, таза ауада серуендеп қайтуды жөн санайды екен. Өткені мен бүгінін ой елегінен өткізіп, таразылап отыратын көнекөздің жастар жайлы пікіріне құлақ астық.
ТӨЛЕУҒАЛИ САТЫБАЛДИЕВ ЗЕЙНЕТКЕР: «Мына автобустың ішінде,троллейбустың ішінде қиындау орнынан тұрып шалдарға орын беру. Ол тәрбиеден ғой. Біздің бала кезімізде соғыс уақытында жоқшылық,кәзір бәрі бар. Ата-анасы өзіне жетпесе де баласына жегізеді,кигізеді. Басқа жағын ойламайды ғой. Бірақ бәрін жамандауға болмайды. Ішінде жақсылары да бар,көбі ауылдікі».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 368 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/b5ML0ZbIFrY?si=xtLw427u2PcTCUUV"
Маңғыстау облысында 11 отбасы апатты үйде тұрып жатыр. Сай-Өтес ауылындағы құлауға шақ тұрған үйдегі тұрғындар дереу басқа баспанаға көшіруді талап етеді. Алайда жергілікті билік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары келесі жылы басталатынын алға тартуда.
Өлместің күйін кешкен халық, тозығы жеткен үйде тұрып жатыр. Тұрғындар “билік бүгін көшіреміз деседе шатыры шұрық-тесік, іргесі сөгілген жарамсыз деп танылған үйде бір күнге де қалмас едік”- деп отыр. Мына үйлердің ірге тасы 60-шы жылдары қаланыпты. Тұрғындардың сөзінше Сай-Өтес ауылында мұндай жағдайда тұрған 22 үй бар. Бірақ солардың үшеуіне ғана демеушілік көмекпен сараптама жасалған. Нәтижесінде олар апатты деп танылды. Бетон тастары қақ бөлініп тұрған үйдің тұрғындары жанын шүберекке түйіп күн кешіп отырғандарын айтып шағымданды.
Баспананың іші сау болса, мейлі дерсің. Алайда үйлердің сырты да іші де тозған. Мұнда зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыздар мен көп балалы отбасылар тұрып жатыр. Олар өздерін шұғыл арада эвакуациялауды сұрайды. Егер алдымыздағы қылышын сүйреткен қақаған аязға қалсақ, жағдайымыз не болады?-деп алаңдайды тұрғындар.
ТАЗАГҮЛ МҰХАНОВА – ТҰРҒЫН: «Үйдің астында қалып қоямыз деп өмірімізге қауіп төніп тұр. Тез арада бізге көмек беруін сұраймыз. Қабырғаның бәрі сөгіліп жатыр, арасының шелі шығып тұр. Жел кіреді, су кіреді жаңбырдан ондай үйде жылу болмайды ғой. Мен түсінбеймін, бізді мазақ қылып отыр ма?».
Шарасыздықтан шырылдаған халықтың шыдамы әбден сарқылған. Апатты үйлер бойынша комиссия құрылыпты. Ауыл әкімінің айтуынша, мұндағы халық көшірілуі тиіс екен. Бірақ, үй алу үшін тұрғындарға қолма-қол ақша беру заңда қарастырылмаған. Ал жаңа баспана салуға тағыда сол қаражаттың жоқтығы кесірін тигізіп тұр.
САБЫРЖАН ӘБДИЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САЙ-ӨТЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:«Қазір облыстық бюджеттен қаржысы қаралып жатыр 1 қабатты 4 басты үй салуға, 4 үй салуға ауылдан. Әлгі қос қабатты 3 үйде тұратын 11 отбасыны соларға көшіреміз деген ойымызда бар. Ал заң талаптарына сай, үкімет тарапынан бір үй деп бағаланып отырған бағалау құныменен біз тұрғындардың қолына қолма қол ақша беру қарастырылмаған».
Әкімнің сөзінше жобалық-сметалық құжаты жасалса, үйдің құрылысы келесі жылы басталуы мүмкін. Ал тозығы жеткен басқа үйлерге сараптама жүргізілмейді. Тек шатырын жөндеп, қасбетін сылау үшін, бюджетке ұсыныс берілген.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 395 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Ks2encUbv8g?si=CB3QxZ_btwgcSdzO"
Ұлттық қордан балаларға қаражат беруді көздейтін заң ақыры мақұлданды. Бүгін Мәжіліс депутаттары сенаторлар енгізген өзгерістермен келісті. Жаңа заң күшіне енсе 18 жасқа толған әр балағаның шотына Ұлттық қордан 3,5 мың доллар түседі. Бұл ақшаны баланың ата-анасы мен туыстары ала ала ма? Мәжілісте көтерілген мәселелер жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражатты бала кәмелетке толған кезде екі жағдайда ғана пайдалануға рұқсат. Бірі тұрғын үй жағдайын жақсартуға, екіншісі білім алуына. Шоттағы ақшаны емге жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған. Қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуға да тыйым салынады. Ал, егер бала 18 жасқа дейін жазатайым оқиғаға ұшырап қайтыс болып кетсе жиналған қаражат ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында теңдей бөлінеді.
БЕРІК БЕЙСЕНҒАЛИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Ағымдағы жылы Мәжіліс 23 қыркүйекте қабылдаған заң жобасы Сенат қарауына жіберілген еді. 13 қазанда Сенат заң жобасын кері қайтарды. Заңға 10 түзету енгізілді. Сенат енгізілген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді. Жоғары айтылғандарды ескеріп, комитет Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынады».
Балалар демекші бүгін Мәжілісте мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің жан айқайы сөз болды. Депутат Нартай Аралбай естімейтін балалардың мүшкіл хәлін естуші үкімет естісе екен дейді.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгінгі депутаттық сауалым 3 мың баланың көз жасы, 6 мың ата-ананың аялы алақанымен қалқалап өшіріп алмауға ұмтылған үмітінің соңғы сәулесі деп біліңіз. Қазақ «бай күйігі – сыртта, бала күйігі – іште» дейді. Қазақстандағы 3 мың баланың көңілдегі күйік микротия және атрезия патологиясы деп аталады. Қарапайым тілге салсақ, бұл бөбектердің өмірге құлақсыз келуі. Қазір осындай 3 мыңнан астам баланың болашағына балта шабылмаса екен деген мыңдаған ата-ана шырылдап жүр. Біріншіден, бір құлағы жоқ болып дүние есігін ашқан сәбилер мүгедек боп танылмайды. Зейнетақы алмайды. Біздің елде мүгедектік алу үшін екі құлағың да болмауы керек екен. Қазақ «Баланың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге» дейді, ал құлақсыз туылған бөбектердің жанайқайын естімейтін құлағы бар биліктің ұяты кімге?»
Осылай деген мәжіліс депутаты микротия және атрезия патологиясына шалдығып бір құлақсыз туған балаларға да «мүгедектік» яки жәрдемақы мен төлемдердің төленуін сұрады және «Қазақстан халқы» қоры науқас балалардың АҚШ-қа баруып ем алуына жағдай жасап, тиісті қаржыны бөлу қажет дейді. Әйтпесе, науқас балалардың ата-анасында ондай қомақты қаражат жоқ. Ал, ауыл партиясынан сайланған депутаттар болса халықтың бар қаржысы емге де демалуға да емес тек азық-түлікке кетіп жатыр деп, қымбатшылықты сынады.
АНАС БАҚҚОЖАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Азық-түлік қымбат. Оны жақсы білесіз. Қазақстандықтардың тапқанының 60 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Еуропаның дамыған елдерінде бұл көрсеткіш 11-35 пайыз аралығында. Санкцияның астында қалған ресейліктер қазақстандықтарға қарағанда азық-түлікке екі есе аз шығындалады. Азық-түлік бағасының тұрақсыздығы оның қымбаттауына себепкер болып отырған қаланың көтерме базарлары. Сол базарды торлаған делдалдар. Бұларды ұйымдасқан топ деп атауға болады».
Осылай деген мәжілісмен арадағы алып-сатарлардың жолын кесу керек дейді. Депутаттың айтуынша егер делдал жойылса, баға 50 пайызға төмендейді-мыс. Сондықтан, бұл жұмысты Сауда министрлігі мен Үкімет бірлесе шешу қажет деп министр атына сауал жолдады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 368 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eC-ilUQrEfE?si=7EmrKIJhmVFxUQ3g"
Бүгін 19 қазан-құтқарушылар күні. Осыған орай Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 7 өрт сөндіру бөлімінде үстіміздегі жылдың 8 мамырында Іле-Алатау табиғи паркіндегі тау баурайында орын алған өрт сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеп, қайғылы жағдайда қаза тапқан Арслан Құрманбековке арналған мемориалдық ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2015 жылдан бастап өрт сөндіруші-құтқарушысы болып бастаған ол жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Әріптестері арасында еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін құрметке ие болды. Амал нешік, бүгін Арсланды әріптестері,Анасы және туған -туыстары бір минут үнсіздікпен еске алды.Жүректілік пен батылдықты талап ететін ең қауіпті мамандық иелері өрт кезінде өз жанын қиып, ерлікпен қаза тапқан ер жүрек азаматтың ел есінде мәңгі сақталып қалатын,есімі жазылған тақтаға салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАСШЫСЫ, ПОЛКОВНИК
Арсланның ізін басып келе жатқан інісі де Алматы қаласы ТЖМ мекемесіне жұмысқа қабылданып 4 ай көлемінде фельдшер болып қызмет атқарып жүр.
ҰЛАН ҚҰРМАНБЕКОВ ІНІСІ
Қандай қиын сәт туындаса да бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген Құтқарушылардың осы мереке күні жұмыстарына табыс, амандық және зор денсаулық тілейміз.Сіздердің ауыр еңбектеріңіз,алғыстармен бағаланары сөзсіз!
Тағы басқа мақалалар...
161 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.