- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 352 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wMErwzrUsC4?si=HsnyLgFyVGVHzLXq"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайда өткен XIX жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдады.Мемлекет басшысы спортшыларды жүлделерімен құттықтады. Сондай-ақ жуырда Ризабек Айтмұхан еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанғанын еске салды.Бәсеке өте жоғары болған Азиада ойындарында ел құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленді. Атлеттеріміз нысана көздеу, ескек есу, веложарыс, джиу-джитсу спортынан үздік шықты. Мемлекет басшысы каратэден жалпы командалық есепте бірінші орын алған Қазақстан құрамасын ерекше атап өтіп, осы спорт түрінен Азиадаға қатысқан 8 спортшының бәрі жеңіс тұғырына көтерілгеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың жеңіске жетуіне бапкерлер және басқа да мамандар айрықша үлес қосқанына тоқталды. Осы орайда Мемлекет басшысы спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін тілге тиек етті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қажырлы еңбек пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігердің арқасында әрқайсыңыз жоғары нәтижеге қол жеткіздіңіздер. Алайда еліміздің жалпы көрсеткіші өткен Олимпиада мен Азиада ойындарынан да өте жақсы болуы мүмкін еді. Мұны ашық айтуымыз керек. Бокс, ауыр атлетика, еркін және грек-рим күресі дәстүрлі түрде ел құрамасының қоржынына жүлде салып, айтарлықтай үлес қосатын. Жеңіл атлетика, спорттың командалық түрлері жанкүйерлерімізді көбірек қуанышқа бөлейтін. Барлық спорт түрі бойынша кеткен қателіктерді түзету үшін ауқымды жұмыс атқару қажет».
Мемлекет басшысы спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында болатынын айтты. Жыл сайын спортты дамыту үшін қомақты қаржы бөлінеді. Алайда, Президенттің пікірінше, еліміздің кәсіби спорттағы көрсеткіштері аса жоғары деңгейде емес.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Ашығын айтуымыз керек, нәтижеміз мемлекеттен бөлініп жатқан қаражаттың барынша тиімді жұмсалмайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Спорт саласына түбегейлі өзгерістер, яғни реформа қажет. Тиісті министрлік осы мәселені жан-жақты қарап, спортты дамытудың мүлде жаңа жолдарын ұсынуы керек».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 352 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/N8S2d4SI7Oc?si=W5mSZ_Gsy8c7MoU1"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 346 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/L6LIXmHhKMM?si=xT16km4aRp83hsST"
Үнді құтқарушылары бірнеше күн бұрын Лхонак мұздық көлі төгілген Гималайда іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Қаза тапқандар саны көбеюде. Әзірге, 44 адамның қаза тапқаны расталды. Тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен.
РОШАД ПРАСАД – ҚҰТҚАРУШЫ «Өздеріңіз көріп тұрғандай, өзеннің екі жағында үйлер бүлініп, 50-ден астам баспана жойылған. Балшық және қаза тапқандардың мәйіттері үш метрге дейін үйілген. Қирандылар астында әлі қанша үйдің бар екенін білмейміз».
Үндістанның Сикким штатындағы Лхонак мұздық көлі әлемдегі ең қауіпті көлдердің бірі саналады. Тиста өзенінің ағысынан төмен елді мекендерде мыңдаған адамдарға қауіп төніп тұр. Бұл жолы қорқынышты жағдай орын алды. Көл жауын-шашын мен көшкін салдарынан жағалаудан шыққан. Рангпо және Сингтам қалаларын су басқан.
ТҰРҒЫН «Таңғы сағат 3:30 шамасында адамдар бөгет жарылады деп айқайлай бастады. Біз өзімізбен бірге тек құжаттарды ғана алдық. Басқа дүниені құтқаруға мүмкіндік болмады. Әзірге спортзалда тұрып жатырмыз. Басқа барар жеріміз жоқ».
ТҰРҒЫН «Біз бүкіл Сингтам қаласын су басқанын естігеннен кейін жүгірдік. Бізді оятуға ешкім келген жоқ. Газ баллоны, барлық заттарымыз - бәрі үйде қалды. Енді бізде ештеңе жоқ. Біз сияқты кедейлерге қалай аман қалуға болады?»
Сикким штатындағы Непал, Бутан және Қытай арасындағы тауларда шамамен 650 мың адам тұрады, негізінен буддистер. Бұлыңғыр жолдар мен бұзылған көпірлердің салдарынан қазір штаттың кейбір өңірлерінде отын жетіспеушілігі байқалады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 364 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2XxU_PLsFn0?si=n8ZAUZxd5t6XO3Ri"
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында XXIX республикалық фестивалі басталды. Мәдени шара қазақ өнерінің негізін салушы - Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына арналады. Онда еліміздің әр қаласынан 10 театр ұжымы өнер көрсетіп, үздіктер анықталады.
Республикалық театр мерекесі Петропавлдағы қазақ театрының жаңа ғимаратында өтіп жатыр. Фестиваль басталмай тұрып, жүргеновтанушы-ғалымдардың қатысуымен брифинг өтті. Онда Т. Жүргенов жайында деректер айталып, фестивальдің өту барысы талқыланды. Жиын барысында сөз алған Қазақстанның халық әртісі, еңбек ері – Асанәлі Әшімов солтүстікқазақстандықтарды Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойымен құттықтады.
АСАНӘЛІ ӘШІМОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, ЕҢБЕК ЕРІ Халықтың әл-ауқаты кеңеюі керек. Мәдениет, әдебиет, ғылым салалары күшеюі керек. «Мәдениеттсіз елде, ғылым жоқ елде - ол ел болмайды» - деген М. Әуезовтың сөзі бар. Мал бағылады, егін егіледі, экономика түзеледі, жер қазылады, алтын табылады. Ал өнер, ғылым. Соның бәрі елді-елге тапсырады.
Салтанатты іс-шара аясында Сәбит Мұқанов атындағы драма театрының ғимаратында Темірбек Жүргеновтің еңбек жолынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды. Онда көпшілік қауым қазақтың біртуар ақынының табысты шығармашылық ғұмырының қыр-сырымен танысты. Фестиваль барысында спектакльдерге баға беретін 5 сарапшы бар. Солардың бірі, театртанушы, өнертану докторы – Бақыт Нұрпейіс.
БАҚЫТ НҰРПЕЙІС ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ Қазақша Ең алдымен жұмысты қараған кезде неге мән береміз? Бірінші режиссерлік жаңалығы бар ма. Актерлік өнерде қандай ілгерілеу бар. содан кейінге қазір театр өнерінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Әсіресе жас режиссерлер көп жаңалық әкеліп жатыр. Сол жаңалықтар, бүгінгі театр өнерінде қалай көрініс тауып жатыр? Біз соған көбірек мән беретін боламыз.
Қазақстан театрларының 29-шы республикалық фестивалының алғашқы күні. Іс-шара шымылдығы Түркістан музыкалық драма театрының «Мағжан» спектаклімен ашылды.
Қойылымда алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан бөлек, ашаршылық кезіндегі жан күйзелісі мен ішкі өзгерісі бейнеленеді. Алаш ардақтысының рөлін сомдауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Еркебұлан Дайыров таңдалған. Ал Мағжанның ғашығы Гүлсімді Зарина Кәрмен сомдады.
ЗАРИНА КӘРМЕН ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТРИСАСЫ Бұл спектакльдің дайындығы бірнеше кезеңге бөлінді. Ол режиссер Италиядан келген. Сондықтан оның декарациясы бар, сценарийі бар. Жалпылама айтқанда бұл енді бір жылға жуық жасалған жұмыс. Түркістан театрын өздеріңіз білесіздер, тәуелсіз алаң секілді. Шақырылған әртістер бар.
Өнер байқауы он бесінші қазанға дейін жалғасады. Спектакльдер қазақ театрының жаңа ғимаратынан бөлек, Н.Погодин атындағы орыс-драма театрында да қойылады. Көрермен алдында әлемдік және отандық шығармалар сахналанады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 362 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eGgFWOpwW6Y?si=Iew1wI6dJgMI-Qnl"
Міндетті әлеуметтік сақтандыру арқылы халыққа тегін ем көрсететін жеке меншік күндізгі стационарлар жабылуы мүмкін. Оған себеп: денсаулық сақтау министрлігінің 106 бұйрығы. Бүгін республикадағы барлық медициналық орталықтың басшылары Астанаға жиналып, бұл бұйрыққа қарсы екендіктерін айтты. Егер, халықтың денсаулығын нығайтамыз десек, бұл норманы қабылдамау керек. Әйтпесе, ел азаматтары қолжетімді ем ала алмайды, ал білікті мамандар болса жұмыссыз қалады дейді.
КҮЛЗИНА МҰТАЛИЕВА ЖЕКЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Көп науқастар қиналатын түрі бар. Біздің кардиологиялық күндізгі стационарда жүрек инфаркпен ауырған кісілер, шунтирование операциялар болған кісілер келіп ем алады. Емнен кейін қайтадан өз дәрігеріне жібереміз. Еш жерде басқа жерде ала алмайды. Өйткені тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда қазір өте қысқа уақыт жатады. 5-6 күн. Екі-үш күн реанимацияда, екі-үш күн палатада содан кейін үйге шығарып жібереді. Поликленикаға барады. Онда өздеріңіз білесіздер кардиолог, невролог деген мамандарға киямет. Түсу қиын. Бізге закуп бермесе 106 бұйрыққа сай пациенттер оларда ем алмағаннан кейін қайта инфаркт болуы мүмкін, жүріп кетуі мүмкін, асқыну көп болады, өлім көп болады және біздің медициналық қызметкерлер жұмыссыз қалады әрине».
Бір топ медициналық орталықтың басшылары бас қосқан жиында Денсаулық сақтау министрлігінің маманы да болды. Оның сөзіне сенсек, бұл норма әлі күшіне енбепті. Ашық талқылау жүріп жатыр. Егер көпшілік қарсы болса, бұйрықты қайта қарауға дайынбыз деді министрлік өкілі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XhSDhbspIp8?si=qN8MB-wWU-sRfGos"
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан тұратын күштер мен құралдар тобы жасақталған. Олардың арасында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептобы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері бар.
Барлығы дерлік көпжылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері биылғы жылы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысып қайтқан болатын.Топ қажетті жабдықтармен толығымен жабдықталған.
Топты Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 608 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ewM-6uFq_pQ?si=C9n6PgRnomfm-b5J"
Алматы қаласындағы №164 мектепте қарттар арасында шахматтан жарыс өтті. 1 қазан күні бастау алған іс-шара аясында қариялар жеңіл атлетикадан, бильярдтан бақтарын сынаған еді.
Он шақты жылдан бері үрдіске айналып келе жатқан шара бүгін шахмат ойынымен жалғасып отыр. Алдағы күндері үстел теннисінен,дойбы,тоғызқұмалақ ойындары бойынша жарыс өткізу жоспарланып отыр. Қазына кеуде қарияларға құрмет есебінде өткізіліп отырған шара ай бойы жалғасын таппақ.
ТАУБАЛДЫ САҒАТУЛЛА АЛАТАУ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Ең соңында 30 қазан күні өнер жарысы болады. Бізде бастауыш ардагерлер ұйымы 35. соның ішінде 20 ұйым қатысады жылда. Қандай жарыс өткізсекте артынан сол қатысқан кісілерге дастархан жайып,шәйімізді береміз. Ол енді құрмет».
Қажырлы еңбек етіп,халқымыздың болашағы үшін тер төккен қарттарымызды мектеп әкімшілігі де құттықтап,өз тараптарынан сый құрмет көрсетті.
БАҚЫТГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА №164 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: «Алдыңғы ата-апаларымыздың төл мерекесі. Осы айтулы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болып балалар мен немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Қариясын құрметтеген елдің қашанда абыройы биік,мерейі үстем болары анық».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 364 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZmgfnZkpM9Q?si=XYoshlA6BxmZzJnL"
Мектепте хиджаб киіп жүрген бірде-бір оқушы жоқ. Бүгінгі таңда мектеп формасына қатысты мәселе толық шешімін тапты. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен жиында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Айта кетейік, жаңа оқу жылының басында Атырау облысында 150-ге жуық оқушы хиджаб пен мектеп формасына байланысты мектепке бармай дау шыққан еді. Министрлік өкілдері оқушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Жағдайды ата-аналар түсініп, қабылдады.
Қазіргі таңда мұндай сұрақтар жоқ, – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 353 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CcqiyprLo7w?si=bWy_KJtAZEkIjUlR"
Ауғанстандағы жер сілкінісінен 2400-ден астам адам қаза тауып, 9000-нан астам адам жарақат алды. Биліктің мәліметінше, сағат санап құрбандар көбейіп барады.
Ауғанстандағы табиғи апат елдің батысында орын алды. Жер сілкінісінің эпицентрі Герат қаласынан шамамен 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Магнитудасы 6,3 балды құрады. Жер сілкінісі салдарынан 1300-ден астам үй қирап, бүлінген. 12 ауыл жер бетінен толықтай жойылған. Іздеу-құтқару операциялары жалғасуда. Үйінділерді тазартуға тұрғындардың өздері де кіріскен. Олардың айтуынша, әрбір отбасында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер бар.
ГЕРАТ ТҰРҒЫНЫ «Менің туған-туыстарым, соның ішінде ұлым қаза тапты. Тағы бір ұлым зардап шекті. Көптеген адамдар үйінділердің астында қалады»
ГЕРАТ ТҰРҒЫНЫ «Мен анам, қызым және ұлымды таппай жүрмін. Олардың не тірі, не өлі екенін білмеймін».
ГЕРАТ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Бұл жер сілкінісі бізге көптеген қиындықтар әкелді. Мен отбасының екі мүшесінен: әпкем мен ұлымнан айырылдым».
ГЕРАТ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Менің он үш туысым зардап шекті, оларға шұғыл көмек қажет. Мұнда не болып жатқанын көріп отырсыздар. Қаза тапқандар көп, кейбір отбасы түгелімен ажал құшты».
Табиғи апатқа дейін Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс болған. «Балаларды құтқарамыз» қайырымдылық ұйымы жағдайдың одан да нашарлағанын мәлімдеді.Жүздеген балалар мен әйелдер үй-күйсіз қалды. Оларға баспана мен тамақ қажет.
АРШАД МАЛИК - «БАЛАЛАРДЫ ҚҰТҚАРАМЫЗ» ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Инфрақұрылымның басым бөлігі бұзылғандықтан жақын болашақта су, азық-түлік, медициналық қызметтер мен білім беру мәселесінің жағдайы қиын болады деп алаңдаймыз».
Бұл жер сілкінісі Ауғанстан үшін соңғы 25 жылдағы өлім-жітімді көбейткен ауыр соққы болды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 456 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gIlRr41675o?si=E-kYkynNhnqc9tAK"
Ақтауда теңіз жағалауының бойында егеу құйрық қаптап кетті. Әкімдік кезек күттірмейтін мәселеге қатысты шұғыл түрде конкурс өткізіп, жеңімпаз мекемені анықтап, тәжірибелі мамандар улау жұмыстарына кірісті.
Мұндай улау жұмыстары соңғы рет10 жыл бұрын жүргізілген. Ірі жәндіктер бұрын-соңды көзге көп түспеген. Дабыл қаққан тұрғындар кейінгі уақытта көпшілік демалатын орында кеміргіштердің қаптап кеткенін айтады. Олар, егеуқұйрықтар әр түрлі аурулар таратама деп қорқады. Тұрғындардың шағымынан соң әкімдік теңіз жағалауын дератизациялауға кірісті.
БАХТИЯР МАҚСАТОВ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: «Бұған дейін егеуқұрықтардың бары анықталған жоқ. Тұрғындардың шағымдарынан кейін осы жылы анықталып тұр. Көбінесе өздеріңізге белгілі 16 және 17 жаңа шағын аудандарда пайда болғаны анықталды. Бұл жағдайда өте шұғыл арада шешім қабылдау керек болды. Сол себепті, комерциялық ұсынысқа сәйкес біздер мекемелердің бағаларын салыстырып, ең төменгі баға берген мекемемен бір көзден келісім-шарт жасап, осындай шешім қабылдадық. Жалпы соммасы 7 млн 200 мың теңге».
Жаппай улау жұмысы 15-ші шағын аудандағы теңіз жағалауынан бастап, Өмірзақ елдімекеніне дейін жүргізіледі. Аталмыш шаруа айдың соңына дейін жалғасады. Кеміргіштерге тасталған дәрілердің адамдарға зияны жоқ. Ал үй жануарлары оның иісінен сескеніп, жақындамайды.
ОЛЬГА СМИРНОВА «МЕДИК-ГИГИЕНИСТ» КООПЕРАТИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Барлық теңіз жағалауын улау үшін 600 келідей дәрі керек. Олар жақын арада келеді. Егеуқұрықтар умен қоректенгеннен кейін іші кеуіп өледі. Ал өлекселерді 3 күн өткен соң жинап алып, залалсыздандыптеп, барлығын алып қойдық. Қосымша 16-шы, 17-ші шағын аудандарға да дератизациялау жұмыстарын жасауға қосымша дәріге тапсырыс берді».
Мамандар егеуқұйрықтың тұқымын түгелі дерлік жоя алмайтындарын айтты. Есесіне санын азайтуға мүмкіндік бар екен. Залалсыздандырып жүргендер қала тұрғындары мен қонақтарына тамақ қалдықтарын жағалауға емес, тиісті қоқыс тастау орындарына апарып төксе екен деген өтінішпен шектелді. Егеуқұрықтың көбеюіне бірден-бір себеп сол екенін айтады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 373 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gY0tvwwMmZw?si=1sI61IK1hFZkHMr-"
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған студенттің өліміне қатысты Мемлекет басшысы ішкі істер министріне тапсырма берді. Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.
Еске сала кетейік, 6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында жоғары техникалық колледжінің 4-курс студенті Роман Бодаговтың өлі денесі Бурабай курорты мен Кенесары арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының студенттің өлімін жан-жақты тергеу бойынша берілген тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шықты.
МҰХТАР ҚОЖАЕВ ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ “Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.”
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 360 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bxbLJwUfnf0?si=LgUULkS2Z66kjVs4"
Бүгін Мемлекет басшысы Қызылорда облысына барды. Сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында болды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды.
Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал және К» толық серіктестігінің негізін қалаушы Абзал Ералиев Президентке кәсіпорынның табысты қызмет етіп, өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші мекемеге айналғанын жеткізді. Сонымен қатар өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
Президент «Абзал және К» шаруашылығының демеушілігімен салынған ауылдың орталық алаңын, спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешенінде жергілікті халық футбол, волейбол, үстел теннисі және күрес түрлерімен емін-еркін шұғылдана алады. Мемлекет басшысы спорт кешенінде жеткіншектермен әңгімелесті.
Сондай – ақ Президент былтыр бой көтерген «Еңбек аллеясында» еңбек адамдарымен жүздесті. Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуына баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ күрделі геосаяси ахуал кезеңінде Қазақстанның өркендеуі жолында елімізді бірлік танытып, еңбек етуге шақырды.
ҚАСЫМ – ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ “Шын мәнінде, еңбек адамдары халқымыз үшін ең қажет азаматтар. Ең алдымен, біз еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керек. Сіздер осы ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаевтың жолын жалғап жүрсіздер. Сондықтан мен сіздерді қолдаймын.”
Сондай-ақ жүздесуде «Ақмая» шаруа қожалығының бригадирі Гүлсім Дәрібаева өзінің еңбек жолы туралы мәлім етті.
ГҮЛСІМ ДӘРІБАЕВА БРИГАДИР “Шиелі ауданы Ақмая ауылындағы «Ақмая» шаруа қожалығында 40 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етемін. Еңбек жолымды қарапайым қол жұмысымен бастап, кейін трактор, комбайн айдадым, агроном-есепші болдым. Қазіргі таңда күріш бригадасында бригадир болып жұмыс істеймін. Дала академигі Ыбырай Жақаев атамыз «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген екен. Міне, сол еңбектің арқасында талай жетістіктерге жеттім.”
«Шаған жер» ЖШС механизаторы Айбек Уәлиев ауылда еңбек етудің артықшылықтарын айтып өтті.
ҚАСЫМ – ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ “Мен әр уақытта да жастар туралы айтып келемін. Жастарымыз – еліміздің болашағы. Жастарымыз еңбекқор, ұқыпты, отансүйгіш болуы керек. Жастарымыз өте жақсы. Сен сияқты жастарымызды әрқашан да қолдаймын. Ауылда (Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылы) өмір сүруге, жұмыс істеуге жағдай жасалған екен. Осындай ауылдарды көбейтуміз керек. Шамамыз бар, қаражат жетеді. Қалталы азаматтарға, кәсіпкерлерге ауылдарға көмектесу қажеттігін қайта-қайта айтып жатырмын.”
Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президентке жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жөнінде баяндады.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қызылорда қаласының жаңа жылу электр орталығының жобасы таныстырылды.
Тағы басқа мақалалар...
166 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.