
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 607 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9s4gZXaWCkk?si=chuVj2s3pFd0TmbZ"
Ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Ал, керісінше есірткі таратып жүргендер туралы ақпарат бергені үшін, ол адамға қомақты сыйақы берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты. Бүгін парламент депутаттары қоғам дертіне айналған нашақорлық мәселесін көтерді.
Елімізде есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар санының өсу тенденциясы байқалады. Депутаттар келтірген стастистикаға сүйенсек, 2011 жылы тіркелген қылмыстардың саны 4 360 болса, биылдың 10 айында ол 6 715-ке жеткен. 2011 жылы аталған фактілер бойынша 2 325 адам сотталса, биылдың 10 айында олардың саны 3 193-ке дейін өскен. Оның ішінде есірткі қылмысы үшін ұсталған 11 полицейде бар. Қазір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері наркотик сатуды бизнеске айналдырып жіберді дейді депутаттар.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Телеграмның адрестері қоғамдық орындарда әлі де жылтырап тұр» дейді. Осыны тоқтатудың жолы бар ма? Өйткені «11 мың теңге төлесең, телеграм каналдағы администраторлар есірткіні үйіңе дейін курьермен әкеліп береді» дейді. Осыны шешудің жолы бар ма? Азаматтардың айтуынша, бір құпиясы – үнемі курьерлер ұсталмайды, есірткі тұтынған азаматтар ғана ұсталады. Осы құпияның шешімін біліп берсеңіз. Биылдың өзінде 11 құқық қорғау қызметкері есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін ұсталды. Депутат ІІМ басшысының мұның себебін сұрады. Құқық қорғау қызметкерлерінің айлығы жетпей жатыр ма? Жоқ әлде өздері нашақор ма деген сауал бар».
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«Полиция қызметкерлерінің жалақысы да барлығы бар, ол тек сатқындық».
Заңды қатаңдату қажет дегенді ішкі істер министрі де қолдайды. Енді ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«Синтетикалық есірткіні» өндірумен байланысты қауіп-қатерді ескере отырып, есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту туралы заңнамаға түзетулер әзірленді. Қазір есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар «есірткіні өткізу мақсатында бір топ адаммен және аса ірі көлемде әзірлегені және қайта өңдегені үшін жауапкершілікке тартылады, санкциясы - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ұсынылатын түзетулерде осы әрекеттер 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ҚК 297-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежеленеді».
Ал, депутат Абзал Құспан мұндай заң бұзушылықты болдырмау үшін, есірткімен күресті ішкі істер министрлігі жанынан емес, бөлек орган ретінде құру керек дейді.
АБЗАЛ ҚҰСПАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Мысалы әлемнің кейбір елдерінде осы есірткі бизнесіне қарсы арнайы органдар жұмыс істейді. Біздегідей, Ішкі істер министрлігі жанынан емес. Есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерінде тұрақты ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау үшін бірыңғай үйлестіруші мемлекеттік орган құру бойынша ұстанымыңыз қандай? Қадағалау органы ретінде қосымша қандай шаралар қолдану қажет деп есептейсіз?»
ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қазіргі министрлік (ІІМ – ред.) департаменттің жұмысын күшейтейін деп жатыр. Департаменттің жұмысын күшейткеннен кейін оның нәтижесін қарап, шешім қабылдауға болады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет, күдікті жарнамаларды анықтау алгоритмін әзірлеу керек. Тағы бір ұсыныс, біз жемқорлықпен күрес мақсатында жемқорлық туралы ақпарат берген азаматқа сыйақы береміз. Осындай сыйақыны есірткіні таратып жүрген адам туралы ақпарат берген азаматқа беру туралы сұрақты қарастыруға болады деп ойлаймын».
Нашақорлықтан емдейтін мекемелердің жұмысына депутаттардың еш көңілі толмайды. Айтуларынша, ол жабық медұйымның жұмысын қатаң бақылауға алу керек. Ол жерден адамдар жазылып емес, қайта керісінше нашаға тәуелді болып шығады деген мәжілісмендер тиісті органнан қатаң тексеріс жүргізуін сұрайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 573 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7SCt3Z2Wj0U?si=AeJ_wll5oIN6kO34"
Қостанайда газ балон жарылып, бір қабатты ғимарат құлады. Үйінді астынан шығарылған 40 жастағы ер адамның жағдайы тым ауыр. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен 7 адамды қалалық ауруханаға, 4 адамды Қостанай облыстық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда қалалық ауруханаға жеткізілген 3 адам орташа дәрежедегі жарақаты бойынша жатқызылды. Зардап шеккендердің, шамамен жасы 40-тағы ер адам ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Қазір барлық ем-шара жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 3 адам амбулаториялық ем алатын болады. Ал облыстық ауруханаға жеткізілген 4 зардап шегушіні ауруханаға жатқызуға негіз жоқ. Дегенмен бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Өкінішке орай, бір адам оқиға орнында қаза тапты. Зардап шегушілер саны 13-ке жетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 710 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vcFOY2PBtC4?si=Yok-y8vjr5wQyvFh"
Ақмола облысының орталығындағы Сағдиев пен Сабатаев көшесінің бойындағы жылу құбыры жарылып, көпқабатты 15-ке жуық тұрғын үй мен 40-тан астам жекеменшік сектор жылусыз қалды. Апат кеше кешкісін орын алды.
Жексенбінің кеші көкшетаулықтарды әбден әбігерге салды. Ойламаған жерден жылусыз қалған қала тұрғындары күн-түн демей құзырлы органдарға хабарласқан. Әсіресе, қариялар мен балаларға қиын. Қазір шаһарда күн суытып, ауа температурасы 38 градус аязды көрсетіп тұр.
АНАСТАСИЯ ЛЮТОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Кеше кешкісін пәтердегі батареялар жылымшы ғана болса, қазір мүлдем сұп-суық. Кешеден бері жылу жоқ, өте суық. Тоңып қалдық».
Зақымданған аумақты қалыпқа келтіруге «Көкшетау жылу» мекмесінің 30-ға жуық жұмысшысы мен 7 техникасы жұмылдырылды.
ЕРЖІГІТ ТҰНҒАТАРОВ «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазіргі таңда жылу құбырының ақауы толық жөнделді. Көпқабатты үйлер толық жылуға қосылды. 42 жекеменшік үй болған, соның 15-не жылу берілді. Қалғандарына қосу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз».
Үйлерге жылу берілді деген аты ғана. Пәтерлер әлі де салқын. Көкшетауда жылу құбырларының 47 проценті тозған. Келер жылы жылу магистральдарын жаңарту жұмыстары қолға алынады деп жоспарланып отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 622 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EVQSizyRqXA?si=xCiABiQZYBVsc9S3"
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестірумен "Қармет" кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 дерекке қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар, қылмыстық топтың қатысушылары қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған. Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынған.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰҚҚКД ӨКІЛІ: "Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді".

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 600 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9ZCv_UpG1pA?si=0nOmSy7w-crPgrE5"
Рим Бейжіңге «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шығатынын ресми түрде жариялады. Бұл туралы үкіметтік ақпарат көздері хабарлады.
Италия Қытайдың сауда-инвестициялық бағдарламасына қосылған алғашқы және жалғыз ірі батыс елі болды. Келісімге қол қойылғанға дейін ол АҚШ-тың бұл бағдарлама Қытайға сезімтал және өмірлік маңызды инфрақұрылымды бақылауға алуға мүмкіндік береді деген ескертулерін елемеген болатын. Енді Джорджия Мелони өткен жылы Италияның премьер-министрі қызметіне кіріскеннен кейін ел бұл келісімнен шыққысы келетінін мәлімдеді. Үкімет бұл бастаманың Италияға айтарлықтай пайда әкелмегенін атап өтеді. 2019 жылғы келісім 2024 жылдың наурыз айында аяқталады. Италия үкіметіндегі дереккөз Римнің келісімді ұзартпайтынын айтты. Қытай Сыртқы істер министрлігі Италияның шығуына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы 2013 жылы құрылған. Содан бері 100-ден астам мемлекет Қытаймен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл көптеген шағын мемлекеттер үшін қарыз тұзағына айналғанын айта кеткен жөн. Сөйтіп, Қытай қарызын уақытында өтей алмаған соң, Пекинге теңіз порттары сияқты маңызды инфрақұрылымды пайдалануға беруге мәжбүр болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 648 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zqfSH2KRUxA?si=hqez52GgRCQp4mYv"
Бүгін Алматыда «Қыс мезгілінде тауда және су қоймаларында жаяу жүру кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтті. Шұғыл іс-әрекет ету, іздеу және тасымалдау, тауларда зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету үшін Кіші Алматы және Үлкен Алматы шатқалдарындағы екі бақылау-құтқару пунктінде құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Шатқалдарда демалушылар мен туристерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
САМАТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ МКҚК БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Зардап шеккендер мен тауда адасып кеткендер саны да аз емес. Осыған байланысты туристердің, Оңтүстік, Елорда қонақтарының таулы жерлердің барлығындағы демалыс орындарының барынша жайлы және қауіпсіз болуы үшін сондай ақ. Алматы және Алматы тауларында 208 адам, оның ішінде – 12 бала, әр түрлі жарақаттармен 17 адам құтқарылды».
Баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының хаттамасына сәйкес шомылу маусымына дайындық кезеңінде қосымша бекет пен сүңгуір жабдықтарымен жасақталғаны айтылды. Онда кезекшілік барысында адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін демалушылармен түсіндіру жұмыстары жолға қойылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 2311 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qzZnEzShuy0?si=ic4q8wohE9BkVLyP"
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасын жас ұрпаққа насихаттау қазіргі білім ордаларының негізгі мақсатының бірі. Осыған орай, Алматы қаласында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында семинар жүұмысы орын алды.
Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Отбасы –тәрбиенің тамаша мектебі. Бүгінгі білім ордасында да ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын дәріптеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын қалай іске асыруға болады?» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Ата-аналардың қатысуымен өткен бұл жиында ұстаздар бала тәрбиесі жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.
ГҮЛЗИРА МОЛДАБАЙҚЫЗЫ №72 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Қазіргі замандағы ақпараттар ағымы заманы болып жатыр. Әлеуметтік желі қазіргі балалардың құралы, тәрбие құралы қазір әлеуметтік желі болып кетті. Көп жағдайда бала тәрбиені көшеден, қоғамнан алады. Осындай мақсатта біз бүгінгі семинарымызда ата аналармен біріге отырып, оның ішінде әкелерді шақырып, осындай үлкен семинар өткізіп жатырмыз. Ондағы мақсатымыз – біздің бұрынғы ата–бабамыздан келе жатқан үш құнды сөз жоғалып бара жатыр. Ол: ұят болады, обал болады, жаман болады деген үш–ақ сөзбен тәрбиелеген ата–бабаларымыз».
Ата-аналарды қолдау орталығының жұмысын дәріптеу мақсатында «Атадан өсиет, анадан қасиет. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар» атты даналық мектебінің ата-аналармен сайыс өткізілді. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өрендеуіне,ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың, яғни бастауыш сынып оқушыларымен «Мейірімділік құндылығы», жоғары сынып оқушыларымен «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында» атты ашық тәрбие сағаттары өтті.
ГҮЛІМ ЕРДІХАНҚЫЗЫ АТА–АНА «Бұл мектепте салт–дәстүрімізді дәріптейтін, жеті қазыанмызды, ана тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды балаларға тәрбиелейтін өте көптеген іс–шаралар өтіп жатады. Осындай іс–шаралардың басы–қасында көбінде қатысамын. Ата–аналарда белсенді қатысып жатады. Өзіміз білгенімізді балаларымызға үйретіп, білмегенімізді ұстаздардан үйреніп жатамыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 623 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eGofXmGGZHE?si=ttThVM6SIWKP5qTx"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 619 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BeuT1wZ0NPw?si=IaLTA3O2217ejAUq"
Ақжол секілді батыр балалар кезкелген ортадан шығады.Ол үшін жастарға патриоттық тұрғыдан дұрыс тәлім-тәртие берілуі керек. Бүгінде мектеп оқушыларына ұлтжандылық құндылықты дәріптеу жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп жатыр.Мәселен "Алматы мектебі" жобасы аясында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Айтулы бағдарлама барысында ұстаздардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. "Оқу - тәрбие процесін жетілдіру жұмыстары қарқын ала бастады. Бүгін шаһарда жобалау - зерттеу қызметін пайдалану" мектебінің тәжірибесін жинақтау бойынша қалалық семинар ұйымдастырылды. Басқосуға қатысушылар педагогтардың тартымды тәрбие, сабақтан тыс уақытты тиімді пайдалану тәжірибесін жинақтауға ден қойылуда.
ЛӘЗЗАТ ИБРАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №56 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Алматы мектебі» жобасын жүзеге асыру аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.Бұл жерде педагогтардың шығармашылық белсенділігі жатыр.Бүгінгі семинарға қатысушылар жаңа бағытқа бет алып,алға қойған мақсаттарын айқындап алды деуге болады».
ШӘМШІНҰР БАКИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №125 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Біздің білім шаңырағы «жасыл мектеп» жобасының белсенді қатысушысы деп айтсақ болады.Экологиялық жоба аясында түрлі байқауларға қатысып жатырмыз.Жастар қарапайым қоқыс тастаудық қыр-сырын,оның экологияға зиянды тұстарын жақсы біледі. Табиғат басты қазына сондықтан оны аялауды,қастерлеуді жанжақты насихаттауымыз керек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 760 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fNBzLNn2RTg?si=n-xN2Y4QOmX2AygZ"
Оқу-ағарту министрлігінің «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар орын алып жатыр. Айтулы шараның негізгі мақсаты оқуда озат, айналасына құрметті шәкірттерді тәрбиелеу. Алматы қаласындағы № 154 жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы танымал актермен кездесу,соның куәсі деуге болады.Көптеген телесериялдардан бой көрсетіп жүрген өнер иесі Бейнұр Баймұхамбетов пен ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас мәселесіне байланысты өзекті тақырыптар талқыланды.
МАҚПАЛ МҰСАБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №154 ЖББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Бейнұр Баймұхамбетов жастармен кездесу шарасына өзінің ұлын да ерте келген. Әкенің ізін қуған баласы да «Бозторғай», «Жылы ұя» секілді телесериялдармен танымал. Шара аясында ұстаздар мен оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.Сонымен қатар кино әлемінің қызығы мен шыжығын сұрап жатты.
БЕЙНҰР БАЙМҰХАМБЕТОВ АКТЕР

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 579 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/we-48_8z8pM?si=yketVZmj8nlQYqGO"
Аты шулы «АрселлорМиталл Теміртау» компаниясының басшылығы ауысады. Ал, кәсіпорында тұралап қалған мәселенің оң шешілуін үкімет өзі басты назарда ұстайды. Бірінші кезекті, өндірісті жаңарту, қауіпсіздік шараларын арттыру, онда жұмыс істейтін еңбеккерлердің айлықтарын көтеру жоспарда тұр. Бұл туралы бүгін Сенатта азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өткен парламенттік тыңдауда төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.
Апаттан көз ашпаған кәсіпорынның жаңа инвесторы бүгін белгілі болды. Жұмысқа кетіп оралмаған кеншілердің қазасы күллі қазақты есеңгіреткен еді. Енді бұл шахтаға қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев қаржы құяды. Осылайша «АрселлорМиталл Теміртаудағы» тұралап қалған бар мәселе кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарланып отыр. Зауыт толық трансформацияланады.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
«АрселорМиттал Теміртау» шахталарында екі апат болды. Біріншісі өрт, екіншісі, жарылыс. Бұл бағытта біздің өндірістік қауіпсіздік комитеті инспекциясының деңгейінің төмен екеніне көзіміз жетіп отыр. Ол проблеманы біз талай көтердік. 1990 жылдары инспекторлар саны 1600 адам болса, қазір 380 адам. Бұл бір. Екіншіден, олардың деңгейі өте төмен. Статусы төмен. Инспекцияға келетін адамдар саны 380 болса, вакансиялары 40-қа жуық. Айлықтары төмен. Бұл үлкен мәселе. Оны кешенді түрде шешу керек. Трансформация ретінде қарастырған абзал. Қазір бізге үкімет тапсырма беріп отыр. Біз қазір өзіміздің тұжырымдаманы әзірлейміз. Соған осы мәселенің бәрі енгізіледі».
Одан бөлек, бүгін Сенат қабырғасында өрт сөндірушілердің мардымсыз жалақысы мен ескірген техниканың жайы сөз болды. Министр, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмыстары олардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіпті, психологиялық, физикалық тұрғыдан да ауыр. Оның үстіне олар тәулік бойы жауынгерлік әзірлікте болады дегенді тілге тиек етіп, қызметкерлерге қосымша үстемақы төлеу мәселесін көтерді.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: «Соңғы орын алған ірі апаттар, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің төмен деңгейіндегі жай күін, жабдықтау тапшылығын, жеке құраммен қамтылмауын, қауіпті өндірістің қауіпсіздік ережелерін сақталмауын, жоюға берген ұсынымдарды елемеуі, құтқарушылардың еңбекақысының төмен болуын және әлеуметтік қамтамасыз етудің жүйелі проблемалары бар екенін көрсетті».
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, «Азаматтарымыздың алаңсыз және қауіпсіз өмір сүруі үшін тиісті жағдай жасау –біздің міндет» - дейді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Табиғи және техногендік апаттардың салдары қашанда ауыр болады. Сол себепті азаматтық қорғауды күшейту, осы саладағы қауіптердің алдын алу - мемлекеттік органдардың ең маңызды мақсаттарының бірі. Өкінішке қарай, соңғы жылдары елімізде көптеген табиғи және техногендік сипаттағы апат болды. Оның салдарынан мыңдаған адам зардап шекті. Қаза тапқандар да бар екені жасырын емес. Бұл алаңдатарлық жағдай. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды екенін атап өтті. Өйткені соңғы жылдардың өзінде осы бағытта көптеген төтенше оқиға болды».
Азаматтық қорғау туралы заңға қатысты айтылған бұл өзгерістер мен толықтырулардың нақты қашан енетіні әзірге белгісіз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 652 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CF1-Zjf-tDQ?si=zLHgeGLTbyFwr02k"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады.Бас қаланың әкімі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар екені жөнінде мәлімет берілді. Биылғы 10 айдың ішінде бір триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін жалпы сомасы 87,7 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 14, білім және медицинаға қатысты 7, логистика бағытында 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар 1,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Тағы басқа мақалалар...
170 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.