
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 530 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SYp2ZiUQWWE?si=Ymb-cNitHzSFchp-"
Ақмола облыстық прокуратурасы жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген бірнеше мұғалімнің заңсыз әрекетін әшкереледі.Ауылды жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып, оған қомақты қаржы да бөлініп жатыр. 2009-шы жылдан бері еліміз бойынша «Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарламаға сәйкес елдімекенде жұмыс істеуге ниетті жас мамандарға қайтарымсыз жәрдемақылар мен жеңілдетілген несиелер алу мүмкіндігі қарастырылған. Соңғы жылдары ауылдағы маман тапшылығы біршама сейілді дегенімізбен жекелеген тұлғалар жеңілдетілген шарттарды заңсыз пайдалана отырып, бюджет қаржысын жымқырып келген. Облыстық прокуратура бағдарлама аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңдылықтың сақталуына сараптама жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жалған диплом арқылы жеңілдік алып, әрі келісім-шарттық міндеттемелерді бұзған тұлғаларды анықтады.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «2021 жылы Атбасар ауданындағы мектептердің біріне бір азаматша жалған дипломмен биология пәнінің мұғалімі болып орналасады. Бір жылдан соң сол құжатпен баспана алу бағдарламасына қатысып, 4 миллион 900 мың теңге мемлекеттен қаржы алады. Дәл осындай схеманы облыстағы білім беру саласының 12 «жалған» маманы пайдаланған. Шығын көлемі 30 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдары тергеу шаралары жүріп жатыр».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 736 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-k2wftcJfAQ?si=XEz806Kj32Ugt2t3"
Асық ату – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын асқан қырағылық пен ептілікті талап етеді. Физикалық қабілетін шаңдап қана қоймай,баланың ойлау дағдысын арттырады.Ата-бабамыздан мұра болып қалған ойынды қазіргі жастардың санасына сіңіріп,олардың қызығушылығын ояту мақсатында «Асық ату» федерациясы ауқымды жұмыстарды қолға алған. Қазіргі таңда қаладағы білім ошақтарында асық ату,бес асық, тоғыз құмалақ секілді дала дәстүрлерін дәріптеуде.
АСАН ҚАНАПИЯНОВ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ,БАС ТӨРЕШІ
ЖАННА ЖЕТЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №205 ЖББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 497 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0kTD-SIjLak?si=aCnRzaPM2RvtGK7g"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, «Art Sport» тегін үйірмелер бағдарламасы іске қосылғалы,ауылдың қара домалақтары да,бос уақыттарын пайдалы іске жұмсай бастады.Салауатты өмір салты мен мәдени бағытқа бет бұрып жатқан жастар жайында толығырақ тарқатып берсек.
Президенттің тапсырмасы аясында 2020 жылдан бастап 4 жастан 17 жасқа дейін түрлі үйірмелерге тегін қатысуға заң шыққан болатын. Осыған орай арнайы платформа қабылданып,тегін қызмет көрсету жүйесі іске қосылды. Мәселен Алматы облысында 170 кәсіпкер мәдениет саласы бойынша 28 мың баланы Арт спортқа тартып отыр.Соның бірі «Ақылды бала» оқу орталығы.
МӨЛДІР ПЕРМЕБЕКҚЫЗЫ «АҚЫЛДЫ БАЛА» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Орталық білім,өнер,спорт бойынша үш бағытта жұмыс жасайды.Тегін үйірмеге қатысуға ниет білдірген мыңнан астам балалардың талап-тілектерімен икемдеріне қарай 60 жуық тәлімгерлер бағыт-бағдар беріп отырады.
МӨЛДІР ПЕРМЕБЕКҚЫЗЫ «АҚЫЛДЫ БАЛА» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Орталықта спортқа қызығушылық танытқан балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда тәжірибелі ұстаздардың жаттықтыруымен спорттың бірнеше түріне жастарды баулыйды.
НҰРҒАЛИ ОРЫНБАСАРҰЛЫ «АҚЫЛДЫ БАЛА» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Мемлекеттің ауылдық аймақтарда Арт спорттың дамуына ықпал жасауы дұрыс шешім болды дейді ата-аналар. Өйткені балалардың сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.
ЖАНӘЛІ БЕРКІМБЕТОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Орталықта Арт спорттың дамуына үлестерін қосып жатқан облыстағы кәсіпкерлер қауымы бас қосып форум өткізді.Онда мамандар балаға сапалы білім,ықпалды өнерге тартудың тетіктерін талқылады.Тәжірибие алмасып, келешек жоспарларын ортаға салды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 496 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KSgmjgkzfks?si=b0TLqMzcRvXdo6a3"
Алматыда қылмыс деңгейі барлық бағыт бойынша төмендеді. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, шаһардағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда. Ауыр және аса ауыр қылмыс түрі азайған. Мәселен, кісі өлтіру 48,9%-ға, тонау 2,4 есе, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 18,1%-ға, зорлау 27,1%-ға, интернеттегі алаяқтық 1,5 пайызға төмендеген. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін мегаполисте күніне 2500 полиция қызметкері жұмылдырылады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Бір аптаның ішінде алматылық полицейлер 192 қылмыстың ізін суытпай ашты. Оның 28-і қоғамдық орында болған. Сонымен қатар, бұрын жасалған 90 қылмыс ашылды.Іздеуде жүрген қылмыскерлерді қолға түсірді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 519 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ptVLG1K-5Kc?si=0Tw4EZzelOejA-yn"
Маңғыстаудағы Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Ақаршын Жұпбаева әділдік іздейді. Жарты жыл бұрын күйеуі қайтыс болған ол, жол-көлік оқиғасы бойынша соттың әділ шешімін әлі күтіп жүр. Әйелдің айтуынша, құзырлы органдарға екі рет хабарласқан, алайда қанағаттанарлық жауап алмаған. Енді не істерін білмей дал болуда.
Жарты жыл бұрын Сайын Шапағатов ауылының жол қиылысында жол көлік оқиғасы болған. Дәл сол кезде Ақаршын Жұпбаеваның жұбайы Үсембай Қызылғұлов бірнеше жерден жарақат алып, ауруханаға жеткізіледі. Алайда арада бір ай өткенде ол ауруханада жан тапсырады. Ақаршын Жұпбаеваның айтуынша жұбайы жұмыс істейтін мекемесінен қызмет уақытынан тыс кезде тапсырма алады. Азамат сол тапсырманы орындау кезінде қаза болған. Алайда осы уақытқа дейін жолдасы қызмет еткен мекеме басшылығы Үсембай Қызылғұловтың жақындарымен байланысқа шықпаған.Оқиғаға кінәлілерді анықтау үшін Ақаршын Жұпбаева құзырлы органдарға арыз да жазған. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ дейді.
АҚАРШЫН ЖҰПБАЕВА МАРҚҰМНЫҢ ЖҰБАЙЫ
Әділдік іздеген Ақаршын Жұпбаева осы істің ақ-қарасын анықтау үшін облыстық еңбек инспекциясына да өтініш білдірген. Ол бойынша инспекция мамандары кәсіпкерлік кодекске сай жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде Ақаршын Жұпбаеваның уәжі дәлендеген. Оқиға бойынша арнайы тергеп тексеру жұмыстары басталып кеткен.
МҰХТАР САНСЫЗБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ
Қазір адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал Ақаршын Жұпбаева болса жұбайының өліміне қатысты істің ақ қарасы әділ шешімін табуы үшін барымды саламын дейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 544 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/66fe7WAvpYc?si=Lcqj-XolUBpnA4Xp"
Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады. Осы мақсатта инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары көзделетін болады. Бүгін Үкіметте Алматы облысында Алматы және Қонаев қалаларының арасында Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Жиын Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті. Бұдан басқа бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы қажетті инфрақұрылым құрылысын жандандыру қажеттігі де айтылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 522 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zEw5gXpp2yQ?si=9F4Bqtjo0qkWvEbi"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге жұмыс сапары барысында Әзербайжан Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі қонақжайлығы мен БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының алғашқы саммитін ұйымдастырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айта отырып, Бакуді «Каспий өңірінің інжу-маржаны», әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі деп атады. Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, Ильхам Әлиев пен бауырлас Әзербайжан халқын халықаралық құқық және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сай елдің аумақтық тұтастығын сақтауға қол жеткізгенімен құттықтады. Президент мұның айтулы оқиға екеніне назар аударды.Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Біздің арамызда ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Біз – шынайы стратегиялық серіктеспіз, тіпті, Каспий теңізінің екі жағын мекен еткен көршілерміз. Стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бірлескен декларацияның қабылдануы, сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің құрылуы қазақ-әзербайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерген тарихи оқиға болды. Мен өзіммен бірге Бакуге толыққанды делегация алып келдім. Өйткені бүгінгі кездесуде, Әзербайжан тарапымен шын мәнінде, толық форматты, мазмұнды келіссөздер жүргіземіз деп санаймын. Бұл – өзара қарым-қатынасқа қатысты бірқатар мәселе бойынша пікір алмасу үшін жақсы мүмкіндік».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 493 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jNpmB3Xd8po?si=u070w2Mp7YUYJQfg"
23 мен 24 қараша аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарды одан әрі жетілдіру аясында ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті. «Қыс-2023» оқу-жаттығу 2 кезеңде, бірінші кезеңде АҚМЖ басқару органдары, болжам негізінде ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі функционалдық міндеттерді орындауға күштері мен құралдарын қолдануды дайындау және ұйымдастыру бойынша хабарландыру жүйесіне тексеру жүргізілген болатын.Бүгінгі күнгі екінші кезеңде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде түрлі авариялық элементтерін тәжірибелік пысықтаумен жедел жағдай бойынша төтенше жағдайларды жоюға шешімдер қабылданды. Батыс жылу кешенінің аумағында авариялық апатты қлпына келтіру жұмыстары,өрт ошақтарын ауыздықтау, сондай ақ адамдарды әртүрлі тәсілдермен эвакуациялау жұмыстары пысықталды.
ЕРМЕК ТОҚТАРҒОЖИН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №6 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қалалық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру барысында зардап шеккен адамдарды қабылдау бекеттері де ұйымдастырылды.
АБАЙ АСЫЛБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 526 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/A2GyvIwUEXw?si=9fbm_pyH4ob4GuQA"
Пәкістанның солтүстігіндегі Хунза алқабындағы мұздық баурайында Тарик Джамил мұз қозғалысын өлшеп, суретке түсіреді. Мақсат бір сағаттық жаяу қашықтықтағы ауылының қауіпсіздігі үшін өте маңызды деректер негізінде есеп құрастырады.
51 жастағы азаматтың міндеті - Қарақорам тауларындағы 200 отбасынан тұратын қауымдастығын хабардар ету. Көлдер толып кеткенде немесе олардың жағалары қауіпті болған кезде бұзылу орын алып, өлімге әкелетін су тасқыны болады. Апат орын алған жағдайда Пәкістанның солтүстігінде қиылысатын Гиндукуш, Қарақорым және Гималай тауларындағы көпірлер мен ғимараттарды шайып, құнарлы жерлерді бұзады.Мұздықтардың еруі нәтижесінде пайда болған көлдердің тұрақсыздығы адамдарға барған сайын қауіп төндіруде.
ТАРИК ДЖАМИЛЬ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Адамдарға ұялы телефондары мен интернеттегі деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерте ескерту құрылғыларын ұсынамын».
Бұл ауылдың да айналасы таулар мен мұздықтар.Жақын жердегі Дарқұт мұздығының етегінде терең көл бар.
МҰСАФИР ХАН ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН : «1978 жылы осында мұздық болған еді. Мұздықтың үстімен жүрдік, тіпті оның үстіне мал да жайдық».
Бүгінгі таңда мұнда ғалымдар мұздықтардың еру деңгейін зерттеп жатыр.
МҰХАММЕД ЯСИН ЗЕРТТЕУШІ: «Болашақта бұл мұздық еріп, көлдің ені мен көлемі жыл сайын артады».
Мұндағы көптеген отбасылар мал шаруашылығы мен жеміс-жидек егістігімен күн көріп келеді. Көпшілігі ата-бабасы жатқан ауылдан көшіп кете алмаймыз дейді.
ТЕХЗИБ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Біз бұл үйге үйреніп қалдық. Бұл үйді апат қиратса, басқа жаққа көшеміз. Бірақ бұл айтуға ауыз бармайтын жағдай біз үшін».
Пәкістанда бақылау жүйесі БҰҰ-ның арнайы бағдарламасының қолдауының арқасында жүзеге асырылады. Қандай жағдай туындаса да ескертулерді тарату үшін ауылдарға дауыс зорайтқыштар, сондай-ақ су ағынын бәсеңдететін тас пен сымнан жасалған кедергілер орнатылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 535 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/h_cE-oGs0DE?si=WPwP1v_AL6ZxMz3n"
24-ші қараша Халықаралық есту қабілетінде бұзылуы бар азаматтардың күні. Айтулы шараға байланысты Алматыда Республикалық деңгейде «DEAF MADE» аталатын инклюзивті фестиваль ұйымдастырылды. Онда студенттер бақтарымен баптарын сынап,өздерінің өнерлерін көрсетті.
Даталы күннің құрметіне орай Алматы технология және флористика колледжінің базасында есту қабілеті төмен студенттердің арасында өнер сайысы орын алды.Фестивальға Алматы,Талдықорған,Көкшетау,Шымкент қалаларындағы білім ордаларының жастары қатысты.
ГҮЛНАР СҮЛЕЙМЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ-КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Фестивальдің негізгі мақсаты айтулы санаттағы балалардың шығармашылығын қолдау,өнерін дамытуға мүмкіндік беру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіпке баулу жанжақты қолдау тауып отыр.
АҚМАРЖАН ҚАНАТҚЫЗЫ АТФК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
МИРА ТӨЛЕНҚЫЗЫ СУРДО АУДАРМАШЫ
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар да қоғамның белді мүшесі.Олар да өздері қалаған кәсіпті игеріп,толық маман атанауына құқы да, хақы да бар. Бүгінде білім мекемелерінен тәлім алған жастар оқуын аяқтағаннан кейін, жұмысқа орналасуына жағдай жасалған.
МАЙРА АЙТБАЙҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУ ӨНДІРІС ШЕБЕРІ
Фестивальға қатысқан жастардың өнерлеріне әділ бағасын беру үшін,қазылар алқасы қатысты. Шарада ерекше көзге түскен студенттер арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 522 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fqcpibwfxPg?si=seQ-OstPfnWVqTyS"
Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау арқылы бекітілген су қоймаларын пайдалану кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды. Осылайша 37 су қоймасы мен кәсіпшілік учаскелерін мемлекетке қайтарды. Жалпы аумағы 1900 гектарға жуық. Аталған су қоймаларында балық аулау ережелері жүйелі түрде бұзылған. Балық ресурстарын қорғауға қатысты қорықшылық қызметтері болмаған. Су қоймаларына балық жіберілмеген. Мелиорациялық және үсікке қарсы шаралар назардан тыс қалған. Сондай-ақ, балық аулау лимиттері ихтиофаунаның міндетті биологиялық зерттеуінсіз бекітіліп келген.
ӘМІР ҚҰДАБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ: «Қалыптасқан жағдайды түзету үшін облыс әкімдігі мен балық инспекциясына прокурорлық қадағалау актілері жіберілді. Сотқа дейінгі жұмыстар мен сот талқылауларының нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы 73 хабарлама мен ұсыным берілді. Бекітілген 397 су қоймасы мен кәсіпшілік учаскелерінің 37-сі мемлекетке қайтарылды. Яғни, әрбір 10 су қоймасы өз мақсатына сай пайдаланылмаған. Қазіргі уақытта теріс пиғылды пайдаланушылармен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттарды бұзу туралы 2 талап сотта қаралып жатыр».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 518 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IvJaSkkvTbg?si=eBf-2WeC4ouEOhe3"
Алматыда қазақстандық бұқаралық ақпарат қызметі нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы тәуелсіз салалық конференция – Media Құрылтай өз жұмысын бастады. Биылғы басқосудың басты тақырыбы: «Медиа нарық: біз қауіптерге және қайтадан жаңаруға дайынбыз ба? Деген өзекті мәселелерге арналды.
Media құрылтайдың панельдік және тақырыптық сессиялары: Қазақстанның ағымдағы ақпараттық ортасын талдау, БАҚ-та діни тақырыпты жариялаудың құқықтық және этикалық қағидалары, қазақ тіліндегі іскерлік журналистика мәселелері, жасанды интеллект және жалған ақпаратқа қарсы күрес, журналист мамандығына қойылатын жаңа талаптар, әскери журналистика сынды мәселелерге арналды.Іс-шараның бірінші панельдік сессиясы заңнамалық саладағы өзгерістерге бағытталды. Басқосу барысында қатысушылар «Дін және медиа: жек көру немесе төзімділік тілі?» секциясында сарапшылар «хиджаб жанжалы» тақырыбын, діни негіздегі стигматизацияны және журналистік этиканы, сондай-ақ дін мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік саясат интонацияның араздық тіліне өзгеруіне қалай ықпал еткенін және дін туралы сапалы журналистика тілінде қалай айту керектігін ортаға салды.
АЙДОС САРЫМ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгін байқап отырсыз, негізгі талқыланып отырған мәселелер оның бәрі өзекті мәселе. Бірінші, баспасөз маслихаты туралы заң ол индустрияға қатысты заң. Екіншіден дін мәселесі талқыланып жатыр. Дін мәселесін қалай біз қоғамда талқылап жатырмыз? Біз оның этикасын сақтап жатырмыз ба? Өшпенділік тілі, алауыздық тілі деген ұғым бар. Соны қаншалықты дұрыс пайдаланып келеміз? Жалпы дін мәселесіне келгенде біз қаншалықты толеранттымыз, талерантты емеспіз? деген сияқты кәсіби мәселелерге талқыланып, жүргізіліп отыр. Менің ойымша кәсіби ортаға пайдалы дүние. Себебі, кәсіби мамандар жиналып, өз-өзіне баға береді, өзінің жетістіктерімен бөліседі, өздерінің кемшіліктері болса оны ортаға салады. Сондықтан, кәсіби орта болғандықтан ондай жиындардың өтіп тұруы заңды».
Конференцияда алғаш рет медиа саласындағы жоғары кәсіби жетістіктері үшін Михаил Дорофеев атындағы сыйлық табысталды. Сыйлықты тәуелсіз медиа-қоғамдастық және Қазақстан Баспасөз клубы белгіледі. Марапат Қазақстанның жетекші журналистерінен, редакторларынан және медиа сарапшыларынан тұратын сараптамалық қазылар алқасының дауыс беруі арқылы берілді. 2023 жылғы сыйлықтың иегері «Просто журналистика» YouTube-арнасының негізін қалаушы, «Абырой» ҚБ басшысы Лұқпан Ахмедьяров болды.
ӘСЕЛ ҚАРАУЫЛОВА «ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗ КЛУБЫНЫҢ» ПРЕЗИДЕНТІ, МEDIA ҚҰРЫЛТАЙ ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ: «Бүгін бізде әскери журналистика, қақтығыс аймақтарында жұмыс істеу тақырыбында шеберлік сабағы болды. Бұл Қазақстанда өте сирек кездесетін тақырып. Бізде қақтығыс аймақтарында жұмыс тәжірибесі бар журналистер аз, бұл біріншіден өте қызықты және пайдалы. Сонымен қатар жиында берілген сыйлық медиа саланың барлық қызметкерлері үшін кәсіби өсуді ынталандырады, өйткені Михаил Дорофеев БАҚ пен коммуникация саласының барлық өкілдері арасында абсолютті беделге ие болды. Оның сараптамалық кеңестері ең жоғары стратегиялық деңгейлерде қолданылды».
Конференция барысында медиа сарапшылар қазақ тілді журналистиканы дамыту мәселелерін талқылады. Сессиялардың бірі іскерлік журналистикаға арналды. Атап өткендей, қазіргі уақытта мемлекеттік тілдегі мазмұнды тұтынатын аудиторияның үлкен өсуі байқалады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары үшін мақсатты аудиторияны дұрыс анықтап, жаңа оқырмандар мен тыңдаушыларды қызықтыратын сапалы өнім шығаруы өте маңызды.
Тағы басқа мақалалар...
168 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.