
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 211 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TWzb9BfPmgY?si=2TxSytuY9U6u13O8"
СҚО қарасты Қызылжар ауданында шаруалар 1,5 мың гектар жерге картоп еккен. Солардың бірі «Елім - Қызыл Жар» серіктестігі. Ауа райының қолайсыздығына, жауын-шашынның жиі жауғанына қарамастан, биылғы көрсеткіш былтырғыдан кем емес.
Шаруашылық биыл картоптың сұрыпты «Коломбо» және «Гала» тұқымдарын еккен. Қазір жаңа өнім қоймаларға жеткізіліп жатыр. Менеджер Олег Ивановтың айтуынша, жиналған өнімнің ішінде биыл шірігені де жетерлік. Бұған - жауын-шашынның мөлшерден көп жаууы себеп.
ОЛЕГ ИВАНОВ, «ЕЛІМ-ҚЫЗЫЛ ЖАР» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ: «Бізде 4 мың тоннаға жуық көкөніс сақтайтын екі қойма бар. Оны өз қаражатымызға салғанбыз. Біріншісі – 2021 жылы, екіншісі – 2022 жылы іске қосылды. Келесі жылы суару алқабын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Әрине, биыл жыл жауын-шашынды болды. Бірақ алдағы жылдардың қандай болары белгісіз ғой».
Дайын өнім облыс орталығына және Астана, Ақтау, Атырау қалаларына жөнелтіледі. Сондай-ақ серіктестік дүкен сөрелеріне таза картоп, қызылша және сәбіз жеткізеді. Мына құрылғы 15 минут ішінде шамамен 120 келі көкөністі жуады. Жалпы, Қызылжар өңірінде диқандар 1,5 мың гектар, ал ауыл тұрғындары 300 тонна картоп еккен.
ТЕМІРЛАН ҚАБИ – СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Агроөнеркәсіп кешенінде де инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бұл Петерфельд ауылында «Агрос» шаруа қожалығының көкөніс сақтау қоймасы, қазір құрылыстың 70 пайызы бітті. 10 қазанға дейін толық аяқтаймыз» .
Өңірде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары да қызған. Қазір 4,4 млн егістік алқабының 15 пайызы жиналып, қамбаға құйылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 276 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iZ4KzcgMekU?si=m0thRTbOB921QbgK"
Күз мезгілі келді, демек, бұл тұмау мен жедел респираторлық инфекцияның таралуының маусымдық өсуін білдіреді. Бүкіл халық үшін иммунитетті уақытында «қалпына келтіріп», қажетті екпелерді алу өте маңызды.Дәрігерлердің айтуынша жыл сайын Қазақстанда тұмау маусымы қараша-желтоқсан айларында басталады.Сондықтан екпені ертерек алып, жұқпалы инфекциялардан сақтанайық дейді ақ халаттылар.
ЖАНАТ АБДЫМОЛДАЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Тұмау өте жұқпалы, жылдам таралуға қабілетті, вирустық респираторлық инфекцияларға қарағанда ауыр және асқынудың ең көп санына ие.Адамнан-адамға тез таралады. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданынын 160 мыңға жуық халық мекендейді. Ақ халаттылар қазірдің өзінде вакциналау шараларына қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.Екпені алдымен өздері қабылдаудан бастады. Енді жүкті және кәмілет жасына толмаған балаларға салатын болады.
ЖАНАТ АБДЫМОЛДАЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 309 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MoP44v47b74?si=Yz3nivdUOmD-Oela"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 279 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yi5C_AX2X6c?si=VoURUyzLWpUdjD9z"
Ақтөбеде ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде анасы мен баланы қағып кетті. Апат салдарынан 3 жасар қыз қайтыс болып, әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр. Адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды.
ӘНУАР ЫБРАЕВ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ағымдағы жылы 10 қыркүйек күні шамамен сғат 15:00-де Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағынада 18 жастағы ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып өтті. Үш жасар бала алған жарақатынан қайтыс болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 227 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0jd_j2lqpEo?si=_x3CHMTLxCmrk37N"
Қазақстан мен Катар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнатады. Бұл аталған келісім бүгін Мәжілісте мақұлданды. Катарлық компания Қазақстандағы 9 жобаға жалпы көлемі 20 млрд доллар инвестиция салғалы отыр. Алайда, депутаттар бұл келісімге күдікпен қарайды. Мұндай үлкен сомада инвестиция салуға неліктен Катар елі қызығушылық танытып отыр? Мұның артында діни ұйымдар тұрған жоқ па деп Ұлттық экономика министрлігін сұрақтың астына алды. Мәжіліс отырысынан толығырақ келесі бейнематериалда.
Қазақстанға инвестиция тартуға Катар мемлекеті ниетті. Осы елдің байланыс саласындағы белді кәсіпорыны қазақстандық Теле-2 ұялы байланыс операторын сатып алмақшы. Алайда, депутаттар егер, шет ел иелік ететін болса, байланыс бағасы шарықтап кетпей ме деп алаңдайды. Депутат Ермұрат Бәпи, жалпы еліміздегі 9 жобаға 20 млрд доллар инвестиция салатын бұл не деген батпан құйрық? Оның артында «Ескі Қазақстан» тұрған жоқ па деп күмәнданады.
ЕРМҰРАТ БӘПИ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «20 млрд. доллар. Бұл не деген батпан құйрық!? Саудия, Катар секілді елдерден келіп жатқан әріптестіктің артында “Ескі Қазақстан тұр” деген сарапшылық пікір бар. Біз бұған дау келтіріп жатуға мүмкіндік жоқ. Бәлкім, жуып-шайып ол ақшасын алып кететін шығар!? Құп! Бірақ осы елдерден келетін инвестициялардың діни идеологиялық жүктемесі жоқ па? Осы жобалардың астындағы бір пунктте “0,бәләмбай пайызы, бір-екі пайызы үкіметтік емес діни ұйымдарға жұмсалады деген талап бар. Осы талап біздің ұлттық мүддемізге, сыртқа теріс діни идеялық қатерге соқтырмай ма?Осы жағы тексеріле ме?»
НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «Діни жағына тоқталып кететіе болсам, бұл келісімді заңды мемлекеттік органдар қабылдайды. Құқық қорғау органдары тексеретін болады. Сондықтан, бұл жерде ондай тәуекелдер жоқ деп ойлаймын. Құқық қорғау органдарының сараптаамсынан өтеді. Бұл жақта ешқандай “Ескі Қазақстан” жоқ. Катар елі қазір бүкіл әлемде осындай белсенді инвестициялық саясат жүргізіп жатыр. Олар Еуропаның футбол клубтарына дейін сатып алып жатыр. Сондықтан бұл өздерінің байлығы. Оны инвестициялап жатыр. Бұл дұрыс практика деп ойлаймын».
Бүгін Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануынан кейін, мектептердің асханаларын қатаң бақылауға алуды, Біріңғай зейнетақы қорындағы артық қаражатты қайтадан үй жағдайын жақсартуға беруді, әуе билеттерінің бағасын арзандатуды сұрап, үкіметке сауал жолдады. Депутат Ерболат Сатыбалдин, бағасы аспандап кеткен әуе компанияларына шүйлікті.
ЕРБОЛАТ САТЫБАЛДИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Әлемде 9-орын алатын мемлекетіміз үшін әуе жолының маңызы айтпаса да түсінікті. Алайда ұшақтың бағасы күн санап аспандап барады. Астана – Ақтау бағытында билет құны 60 мың теңгеден түспесе, жаңадан құрылған облыстар бағытындағы, Астана-Семей 21-60 мың теңге, Астана-Жезқазған 21-60 мың теңге, Астана-Талдықорған бағытында орташа бағамы 40 мың теңге, - дейді депутат. Билет құнын әуежайдың алымдары мен жанармай шығыны 80 пайызына жуығын құраса, қалған 20 бөлігі әуежай компаниясының табысы. Ал енді ұшу уақыты таянғанда Qazaq air компаниясының 21 000 теңге маңайында сатылатын билеттерді 60 мыңға дейін шарықтатып жіберетіні қалай? Жанармай мен әуежай қызметі бағасы өзгермесе, өзінің табысын билеттің құнынан үш есе өсіріп, қысылтаяңды пайдаланып ашкөздікпен пайда тапқаны ма? Бағаның бұлай динамикалық өсуі нарықтың сұранысымен түсіндірері хақ, алайда халықты кім ойлайды? Оқыстан өлім-жітімге, шұғыл шаруасы шыққан жандардың үстінен пұл айырып, қалтасын қағу, адамгершілікке сай ма?! Бұл баға жүйесі халықты қанауға ғана бағытталған».
Ал, депутат Ерлан Сайыров болса, ауылдық жерлерде банкінің қызметін атқарып отырған Қазпошта қызметін жетілдіруді сұрады. Егер, бұл проблеманы дер арада қолға алмаса, өңірлердегі ағайынның жағдайы әлсіреп, ауылдан халық жаппай көше бастайды дейді.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Көптеген шекаралас ауылдық елді мекендерде әлі күнге дейін ұялы байланыс, Интернет және пошта желілерінің жоқтығы құпия емес. Осы аймақтарға зейнетақы жеткізіп, күнделікті түрде бұқаралық ақпарат құралдарын жеткізіп отыратын кәсіпорын "Қазпошта". Ол алыс ауыл-аймақтағы азаматтарға банкінің рөлін атқарып, зейнетақы жеткізіп, ақпарат құралдарын тарататын "өмір жолы".Жылдан жылға ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көмектің азаюына байланысты Қазпошта бөлімшелері жабылып жатыр. 2022 жылы 33 филиал жабылған, ал 2023 жылы 13 филиал жабылды. Осы үрдісті жалғастыра отырып, 900-ге жуық бөлімше жабылуы мүмкін. Шекаралас елді мекендердегі "Қазпошта" бөлімшелерінің жабылуы мемлекеттің саясаттың осы өңірлерде әлсіреуіне әкелуі Һақ».
Осылай деген депутат Қазпошта қызметін жетілдіруді ауылдық жерлерді дамыту бағдарламасына қоса енгізуді сұрады. Алайда, бұл аталған мәселенің нақты шешім табары не таппасы ол алдағы уақыттың еншісінде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 252 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iM3zhZkkiMc?si=PqDYoDCMCaBmvAgw"
Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов кентінде 7 жасар қыздың қолына арматура кіріп кеткен.Шақырту орнына жеткен құтқарушылар бүлдіршіннің қолы үйдің қоршауына өрнектелген арматураға кіріп кеткенін анықтады.
Олар гидравликалық қайшылардың көмегімен арматураны кесіп, қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 220 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qJNrFU4AlLw?si=lbZgaW2A04Wlz1LL"
СҚО жолдарында «ақылды камералар» іске қосылды. Аталған құрылғылар жол жүру ережелерінің бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді.Олар өңірдің көше-жол желісіндегі қозғалысы көп учаскелерінде орнатылған.
Жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін құрылғылар,яғни «ақылды камералар» 11-ші қыркүйектен бастап іске қосылды. Аталмыш құрылғылар жол үстіндегі апатты азайтуда тиімділігін көрсетті.Бұл уақытқа дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеді.Олар орнатылған учаскелерде бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.
СЕРІК ӘЛЖАНОВ СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ «Талдау көрсеткендей, аталған кешендер жол апаттарын, яғни адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғаларының санын азайтуда оң нәтиже көрсетті.Бүгінгі таңда адам өлімімен аяқталған жол апаттарының саны 30 пайызға азайып отыр».
Үстіміздегі жылдың сегіз айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұзушылықтар екі есе аз тіркелген.Азаматтардың өтініштерін ескере отырып, облыстық полиция департаменті тағы 24 құрылғы алды.
СЕРІК ӘЛЖАНОВ СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «2 кешен темір жол өтпесіндегі, 3 кешен жаяу жүргіншілер өткеліндегі бұзушылықтарды тіркейді. Сондай-ақ республикалық маңыздағы жолдарға мобильдік аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылған қосымша қызметтік көліктер шығады».
Құрылғы жылдамдықты асыруды, қауіпсіздік белдігін тақпауды, көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдалануды, жол таңбаларының бұзушылықтарын тіркейді. Бұлар жүргізушілер тарапынан жиі орын алатын бұзушылықтар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 316 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LOX7q1DUhng?si=WHCxE8p9pa4512ke"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 296 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-pzlfHhhjaI?si=z9B0jcaLvukMoRIB"
Кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту үшін тың тәсілдер қолдану керек. Әйтпесе, жастар колледждерде оқуға мүлдем құлықсыз. Осылай деген Үкімет басшысы Олжас Бектенов, жауапты органға бұл олқылықты тез арада реттеуді тапсырды.
Кәсіптік-техникалық білімі бар жұмысшыларға сұраныс жоғары. Соңғы 10 жылда кәсіптік техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 49 процентке жетіп, 17 пайызға ұлғайыпты. Әсіресе, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында жұмысқа орналасқандардың саны басым.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: «Алайда, еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге деген сұраныс бар. Техникалық білімі бар қызметкерлерге күтілетін сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Бұл ретте, 2030 жылға дейін кадрларға жалпы қажеттілік 1,8 миллион адамнан асып, оның ішінде техникалық білімі бар азаматтарға сұраныс 1 миллионға жуықтайтыны болжанып отыр».
Айта кетейік, қазір колледжде жұмысшы мамандықтары бойынша тегін оқытады. 3 жыл ішінде кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі айтарлықтай ұлғайған. Бұған дейін колледждерге бюджет есебінен жыл сайын 93 мыңға жуық студент білім алса, осы жылы олардың саны 142,5 мыңға дейін жеткен.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Біздегі колледж түлектерінің білімі мен дағдылар деңгейі көбіне жұмыс берушілердің талаптарына, жастардың өз сұраныстарына сәйкес келе бермейді. Жаңа өндірістерді ашу кезінде білікті жұмысшылардың жетіспейтінін көріп отырмыз. Ал, жастар болса, колледждерде оқуға құлықсыз».
Кәсіптік-техникалық білімі бар жұмысшыларға сұраныс жоғары екені даусыз. Оның үстіне биыл колледж студенттерінің стипендиялары 50%-ға өсті. Деседе, жастар колледждерде оқуға мүлдем құлықсыз. Сондықтан, үкімет басшысы кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту үшін тың тәсілдер қолдануды тапсырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 355 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sSwy6WDLPKA?si=dEgaCr0y9NDBvrrS"
Құрмет» орденінің ,"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің, "Мәдениет саласының үздігі" медалінің иегері.Атер Үсіпхан Сейтімбет 64 жасына қараған шақында өмірден озды.Ол 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келген.
Өмірін өнер жолына арнаған ол театр сахнасында,отандық фильмдерде көптеген рөлдер сомдап, көрермендердің сүйікті актерына айналды.Қаралы хабарды М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының баспасөз қызметі естіртті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 254 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/X6pQyYI-YGM?si=2cc9SHK5dj8Ce6Hr"
Алматыда, Халықаралық Шанхай фестивалінде үздік деп танылған “Талақ’ фильмінің жабық көрсетілімі өтті.Толығырақ келесі бейнематериалда.
Шанхай кинофестивалі – әлемдік «А» санатына жататын 10 доданың бірі. Биылғы халықаралық байқауға 100-ден аса ел мен аймақтан 4 мыңға жуық өтінім түскен. «Алтын кубок» жүлдесіне 5 номинация бойынша 50 кинотуынды таңдап алынған. Оның 38-і – әлемдік премьера. Іріктеуден өткен толықметражды 14 фильмнің арасынан «Талақ» туындысы үздік деп танылды.
ДАНИЯР САЛАМАТ “ТАЛАҚ” ФИЛЬІМІНІҢ РЕЖИССЕРІ «Жалпы Талақ деген қалдырған себебіміз, басқалай да қоюға болатын еді өйткені сол кездері 20-шы жылдары біздің қазақ еліне жан-жақтан қыспақ келгенде өзінің тілінен, өзінің тұрмысынан, өзінің өмір сүру тәртібінен айырылып жатқан кездерде, ол еріксіз өзінің бұрынғы еріксіз үйреншікті өмірін Талақ етуге мәжбүр болды. Талақ деген сөз мұсылман заңдылығы бойынша, бір жақты ғана жасалады, яғни әйелі талақ айталмайды, ер адам ғана айталады.Сол себепті осы идея, осы форма дәл сол кездегі қазақ өміріне дәл келіп тұр.Өйткені сол кезде қазақ елі шыныменде өз елінен, өзінің ұстанымынан,өзінің тұрмысынан өмір сүру тәртібінен айырылғысы келген жоқ. Бірақ амал жоқ Талақ айтуға мәжбүр болды.Осы сәтті Би ағаңның әңгімесінде астарлап жеткізгендей болды. Бірақ біз сол тақырыпты тереңірек қазуға тырыстық, тереңірек көрсетуге Би ағаңның айтқысы келген, Би ағаңның өзінің стилистикасына сай, өзінің типтік образдарына сай әрекеттерді біз қосымша кіргізіп, бір бүтін дүние жасап шықтық».
Фильм жазушы Бейімбет Майлиннің Талақ және Әже әңгімелер желісімен түсірілген. XX ғасырдың 20-30 жылдарын суреттейтін туындыға ұжымдастырудың салдары, сол замандағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әйелдің ауыр тағдыры арқау болған. Кинодағы басты рөлдерді қазақстандық белгілі актер Ерболат Әлқожа және жас актриса Амира Омарова сомдады.
ЕРБОЛАТ ӘЛҚОЖА АКТЕР: «Менің кейіпкерім өте бір кішкентай ғана адам.Өзім көптен бір армандап жүрген рөлім болатын.Кішкентай адамның рөлін сомдадым. Оның көп жақсы қырлары бар шыдамдылық бар кейбір кездерде оның жаман жағында көрсеттік себебі өзінің дегеніне жете алмай қорқақтығы, ынжықтығы бар.Осындай нәрселер адам бойында болмаса екен дейміз.Себебі бұл біздің қазақтың, қазақ даласында қаншама жаншылдық, қазақ қаншама қорлық көрді, кімнен қорлық көрді, қалай болды өмірі астан кестеңі шықты, 180 пайызға бұрылып кетті. Осы нәрсенің бәрін қалай болды соны көрсеткіміз келді, халық біздің қазақ өзінің тарихын көргісі келетін болса, осы фильмді көруі керек».
Шанхай фестивалінде қазылар алқасы сол кездегі өмірді боямасыз, әзілге, фарсқа орап бергені үшін ерекше бағалаған.Айта кетейік, Талақ фильмін 12 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көре аласыздар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 279 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Q70aZlyqbY0?si=481JATEA36GCsXwY"
Елорданың халықаралық әуежайына Париж Параолимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Жанкүйерлерді отандастарымыз ерекше ықыласпен күтіп алып жатыр. Олар Франция төрінде жүлде саны бойынша 9 медаль еншілеп, рекорд орнатқан еді. Бұл - Қазақстанның паралимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Спортшыларды отбасы мүшелері мен жанкүйерлері, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ыстық ықыласпен күтіп алды. Әуежай адамдарға лық толы. Ел намысын қорған спортшылардың жанкүйерлері қолдарына құшақ-құшақ гүл алып, сән-салтанатпен қарсы алды. Өнерпаздар домбыра мен баянда қазақтың ұлттық әуендерін шырқады.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: «Өздеріңіз көріп отырсыздар спортшылар елдегі рекордтты қайта жаңартты. Екі алтын үш күміс, төрт қола медаль бұл үлкен жетістік. Давид Дегтярев екі дүркін пара олимпиада чемпионы атанды. Қарындасымыз Ақмарал Науатбек пара дзюдода түңғыш рет чемпион аттанды. күміс жүлдегерлері Ерғали Шамей (пара дзюдо), Нұрдаулет Жұмағали (пара жүзу), қола жүлдегерлері Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо) мен Жұрқамырза Шукурбеков (пара дзюдо) және пара дзюдо. Жоғарғы нәтиже көрсетіп, бүгінде ел намысын қорғап отыр. Жетістікке жеткен спортшылармыздың кейстерін, алып анализ жасап, басқа спортшыларға енгізетін боламыз».
Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалға дейін жетті. Ол ақтық сында франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңіп, алтын медаль еншілеген болатын. Осылайша, дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанды. Спортшы журналистерге алдағы жоспары туралы айттып берді.
АҚМАРАЛ НАУАТБЕК ДЗЮДОДАН ПАРИЖ ПАРАЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: «Басшылық үлкен қолдау көрсетті. Маған осы олимпиадаға барар жолда көмегі, үлесі зор болды. Денсауулығыма байланысты проблемалар болған кезде, маған үлкен көмек көрсетті».
Қобалжу мен қуаныш сезімдері араласқан ата-аналар балаларының жеңісіне дән риза.Олимпиада жүлдегерлерін жанкүйерлері думандатып шығарып салды.
Тағы басқа мақалалар...
41 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.