
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 224 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GuUs9bBlQoY?si=0GWLmSpkqiCFSGE8"
Алматы облысының Кеген ауылында 30 отбасы қоныстойын тойлады.
Жаңадан салынға 30 тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджеттік қызметкерлер және 1-2 топтағы мүгедек жандар және жалғыз басты аналарға табыс етілді.
НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Айта кетейік, аудан бойынша барлығы 459 аудан тұрғыны үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар – 163, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар – 32, көп балалы отбасылар – 123, апатты жағдайдағы үйлер – 6, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер – 135.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 183 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/T4M2qk2WcTA?si=bPX3EE3XunXDfAuz"
Ел арасында қылмыстық топтың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді. Бірақ бұл іс талғарлық жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты емес. Хасан Қасымбаев 2021 жылы А. есімді азаматты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жалғасып жатыр.Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 189 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ACKFN4_qITc?si=9TZ4682LMaWic4Lk"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 239 рет қаралды
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №207 мектеп-лицейде "1 қазан - Халықаралық қарттар күні" атап өтілді. Тағлымды, мазмұнды шара “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында білім алушылардың бойында құндылықтарды сыныптан тыс іс-шаралар арқылы дамыту мақсатында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Шараға қонақ ретінде Наурызбай ауданының 101 жастағы тұрғыны, 10 баланы тәрбиелеген ана, тігінмен айналысқан шебер Аукеева Ажар әжей және мектептің ардагер ұстаздары қатысты. Аяулы әжеміз мектеп-лицей оқушыларының ортасында өнерпаздарымыздың арнаған өнерлерін тамашалап, өзінің ақ батасын беріп, мектеп-лицейдің көркейе беруіне тілек білдірді.
Қарттарын ардақтаған еліміздің көк туы көкте желбіресін, қарттарымыз аман болсын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 423 рет қаралды
Алматыда «Мемлекеттік тілді білудің сатылары мен деңгейлерін бағалау жүйесі» тақырыбында маңызды конференция ұйымдастырылды.
Семинар жұмысының негізгі бағыттары:
* ҚАЗТЕСТ жүйесінің артықшылықтары мен және мемлекеттік тілді білуді бағалаудағы орны;
* Қазіргі таңда Қазақстанда басқа қандай деңгейлік тест жүйелері жұмыс жасайды?
* Мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша жалпы міндетті емтиханның артықшылықтары;
* ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы;
* Мемлекеттік тілді оқытудың сатылары мен деңгейлерінің қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесімен үйлесімділігі;
* Қазақ тілін білуді бағалаудың автономды жүйелері әңгіме өзегіне айналды.
Іс шараға академик Ерден Қажыбек, Юлай Шамильоглу сынды танымал ғалымдар, ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерсултанова Г.С. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторлары Күзембекова Ж.Ж, Аккузова А.А, сонымен қатар мектеп ұстаздары қатысты. Тіл жанашырлары мемлекеттік тілді кемелдендіруге бағытталған ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.
«Балабақшаны, 11 жыл мектепті, 4-5 жыл университеттік білім беру жүйесінің тек бірінші курсындағы «Қазақ тілін» қосқанда барлығы 15 жыл үздіксіз оқытады екенбіз. Бірақ түлектер мемлекеттік тілді өз дәрежесінде білмей шығады, бірнеше жүздеген тиражбен жарық көріп жатқан оқулықтар мен оқу құралдары, түрлі интернет ресурстар мен мультимедиалық бағдарламалар, екі тілді, үш тілдік сөздіктер бола тұра, мемлекеттік қызметкерлер түрлі курстарды оқып, сертификат иеленіп жатқанымен, түпкілікті нәтиже көңіл көншітпейді. Оның субъективті, объективті себептері бар дегенімізбен, осынау мемлекеттік маңызы бар мәселені жүзеге асыруда сала мамандарын ойландыратын мәселелер жеткілікті», - дейді мамандар. Аталған шарада әр баяндамашы қазақ тіліне қатысты өз ойларын, ғылыми ұстанымдарын ортаға салды. ҚАЗТЕСТ жүйесінің қазіргі таңда жаңа форматқа өткені туралы мазмұнды баяндама жасалды.
Жиында талқыланған мəселелер талданып, тиісті орындарға уәжді ұсыныстар берілетіні айтылды. Шараға қатысқан мамандар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін табанды еңбек етудің қажеттігін тілге тиек етті.Сонымен қатар қозғалған тақырыпты жүзеге асырудың кезек күттірмейтін жағдаят екендігін сөз етті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 210 рет қаралды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-міз еліміздегі жоғары білім саласында ғана көшбасы емес, сонымен қатар шетелдік алдыңғы қатарлы университетермен байланыс орнатуда да алда келеді.
Қазіргі таңда біздің университетіміз ғылым жолындағы жастарға жасап отырған мүмкіндігі өте көп. Сондай мүмкіндіктің бірі ретінде PhD докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуін атай аламыз. Шетелдік ғылыми ортамен танысып, тәжірибе алмасу, шетелдік мамандардан бағыт-бағдар, кеңес алу – бұл өте құнды тәжірибе.
Осындай екі жақты іскерлік байланыс орнатып келе жатқан университетеріміздің бірі – Босфор университеті (Boğaziçi Üniversitesi).
Түркияның беделді оқу орындарының бірі саналатын Босфор университетінің Қоршаған орта туралы ғылымдар институтымен (Institute of Environmental Science) бірнеше жылдан бері PhD докторанттарды дайындауда бірлесіп жұмыс атқарып келеміз. Аталған инсититут ғалымдары біздің география және табиғатты пайдалану факультетінің, соның ішінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының PhD докторанттарына дәріс оқып, ғылыми жетекшілік етіп келеді.
Қоршаған орта туралы ғылымдар институтының (Institute of Environmental Science) құрылғанына жарты ғасырға жуықтаған. Зерттеу базасы жаңа. Институт 1982 жылы инженерлік мектептегі қоршаған ортаны зерттеу тобын кеңейту және қайта құру бағытында жаңадан жасақталған. Қазіргі таңда бұл білім ордасы Түркиядағы заң негізінде құрылған алғашқы экологиялық зерттеу ұйымы (Turkish Official Gazette, No: 18124, 3 тамыз 1983 ж.) болып саналады. Бүгінгі күні инситут директоры – ғылым докторы, профессор Тұрғұт Түзүн Онай мырза. Халықаралық ғылыми ортадағы беделді ғалымдардың бірі.
Жақында осы институттан Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 3 курс PhD докторантымыз А.Н. Хасенова 1 ай ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.
Ғылыми тағылымдама барысында университеттің қызметімен танысып, ғылыми-практикалық семинарларға қатысып, кітапханада докторлық диссертациясы мен ғылыми мақалаларға материалдар жинау бойынша жұмыс жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде әдістеме және зерттеу мәселелері бойынша шетелдік ғылыми жетекшісінен кеңесін алды. Тағылымдама аяқталған соң Тұрғұт Түзүн Онай мырза ғылыми тағылымдаманың сәтті аяқталуымен құттықтап, салтанатты түрде сертификат табыстады.
Мұндай жоғары дәрежелі университет қабырғасында ғылыми тағылымдамадан өту – PhD докторанттарымыз үшін өте үлкен мүмкіндік.
Шетелдік ғылыми ортамен танысып, тәжірибе алмасу, бұл көңіл көкжиегінің кеңеюіне ғана әсер етіп қоймай, ғылыми жұмыстың жоғары деңгейде зерттелуіне де өз әсерін тигізері сөзсіз. Шетелдік мамандардан бағыт-бағдар, кеңес алу – бұл ғылыми жұмыстың терең зерттелуіне де әсер етеді.
Осындай белді университеттен ғылыми тағылымдамадан өтуге барлық мүмкіндіктікті жасап отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы мырзаға, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Әлия Сағындыққызына, барлық факультет ұжымына алғысымыз шексіз. Шәкірттеріне үнемі үлкен мүмкіндіктер алаңы бола білген ұлттық университетімізді 90 жылдық мерейтойымен және барша оқытушы-профессорлық құрамды Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болсын дегіміз келеді!
Тұрсынкүл Базарбаева
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
География және табиғатты
пайдалану факультеті
Тұрақты даму бойынша
ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 292 рет қаралды
Алматы облысы Шонжы аулында «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шара өтті. Үздік педогогтерін марапаттаған мерекелі кешті аудандық білім бөлімі ұйымдастырған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен 6 педагог, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен 20 педагог, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен 61 педагог, Қазақстан Республикасының "Еңбек ардагері" медалімен 3 педагог, Алматы облысы білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен 81 педагог, аудан әкімінің алғыс хатымен 18 педагог, Ұйғыр ауданы білім бөлімі басшысының алғыс хатымен 100 педагог марапатталды.
Іс-шараның құрметті қонақтары Ұйғыр ауданының әкімі Елеусізова Бота Серікқызы, "Өрлеу" Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы" Ақционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары Масимова Хуршидам Ташболатовна, аудандық мәслихаттың төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлы, «Ұрпақ парызы» қоғамдық ұйымының төрағасы Керімқұлов Жәнет Сәдіұлы, «Ақбұлақ салалық кәсіподағының» аудандық филиалы төрағасы Нұров Маулен Мұқажанұлы, «Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Қожағұл Кәрібай Ізбасарұлы, ауданның этно мәдениет орталығының төрағасы Османов Арлен Сеналұлы, Алматы облыстық Оқу-ағарту ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің «Қамқор кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық «Ағартушы» филиалының басшысы Таиров Армидин Шамшидинович болды. Олар ұстаздар еңбегінің өлшеусіз екенін тағы бір еске салып, барша мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 290 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NVMnxYOUWbM?si=MHWDje4mBOJvlIOZ"
Көкшетаудағы Абылай хан даңғылының бойындағы көпқабатты бірнеше үйдің тұрғындары үшін өз аулаларына кіріп-шығу қиындаған. Көлік жүруі қиын шұрық тесік көшелерінен тіпті жаяу адамның өзі сүрінеді. Жаз мезгілі аяқталып, жаңбырлы күз жеткенімен жолдың жасалар түрі жоқ.
Бұл жол Абылай хан даңғылындағы 5-ші, 7-ші және 9-шы үйлерге апарады. Бұрын тақтайдай асфальт болғанымен кәзіргі сиқы осы. Жаңбырлы күндері бұл жер көлкіген көлшікке айналады екен.
ИВАН КОТЛЯР ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Асфальтты сыпырып алып тастап, қиыршық тас төсеп кетті. Көктемде алып тастаған еді, содан бері еш қозғалыс жоқ. Қазір үйге дейін көлік жете алмайды. Шалшықтан өту мүмкін емес, жаяу жүргіншілер жолы да балшыққа толы. Мүндай жағдайдың қашан аяқталатыны белгісіз».
Осы маңнан кәсіп ашып нәпақаларын айырып отырған кәсіпкерлер үшін де бұл мәселе кесірін тигізіп отыр. Жолдың нашарлығын олар тұрғындармен бірге шешуге ат салысуда.
ОЛЬГА КОЛУБЕКОВА «ҚАРАПАЙЫМ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Шыңғыс» дүкеннің өкілі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірнеше рет барды, оған бірінші қыркүйекке дейін барлығын түзетеміз деп уәде берді. Бірінші қыркүйек өтіп кетті, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Оның үстіне саз. Бәрі біздің аулаға келеді. Клиенттер келсін деп осы маңдағы дүкендердің өкілдері мен иелері қиыршық тас төсеп тастады. Әкімдіктегілер уәде еткелі қай заман, бірақ іс алға жылжыған жоқ».
Жауапты мамандар жұмысты мерзімінде аяқтауға уәде беріп отыр. Екі апта бойы ауа райы қалыпты болады, сондықтан жолдарды жөндеуге уақыт бар екенін алға тартты.
ЕЛЕНА СУХАНОВА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Абылай хан даңғылындағы 9 үйдің аулаішілік аумағына кіреберісі биылғы жылға арналған жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс жоспарына енгізілген. Жұмыстар қыркүйек айының соңы мен қазан айының басына дейін жасалып бітеді. Осы жолға асфальт-бетон жабыны төселеді».
Сметалық есеп негізінде және ағымдағы жөндеу шеңберіндегі жобада су бұру көзделмеген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл мәселені де шешуге уәде берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 220 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/buc3R-1CTD0?si=TcXkGS0XbTQ-cEVy"
Бүгін Алматыда, Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Түркі халықтары тарихының ортақ тұстары, мектептерде оқытылу мәселесі» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты- Түркі халықтарының тарихын оқытудың методологиясын зерттеу. Аталмыш білім ордасында Түркия мемлекетінен келіп отырған тарих ғалымдары, университет өкілдері мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығы пікірлерін ортағы салды.
АСҚАР САРБАҒЫЗОВ Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ; «Бұл аталмыш дөңгелек үстелде қаралатын негізгі мәселе Түркі халықтары тарихының мектептерде оқыту әдістемесі.Осы тұста сөз қозғап, осы тұста пікір алмастыратын боламыз».
ГҮЛМИРА АСАНБЕКОВА ҰСТАЗ: «Негізінен бұл халықаралық семинар не береді десеңіздер, екіншіден екі ел арасындағы өзара тығыз байланысты көрсетеді, білім саласында атқарылып жатқан тың тақырыптардың ортақ қамтылуы туралы баяндайды және сол туралы алыстан келіп отырған және біздің қаламыздан келіп отырған тарихшылардың керемет ойларын тәжірбиелерімен бөліседі деген ойдамын».
Ортақ мұра,ортақ құндылық.Шараға жиналғандар бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып, түркі дүниесінің мол мирасын бірлесе насихаттауға күш біріктірген абзал деп отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 355 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yJxq3YnwEmM?si=4ENm0pb9jQp6KdxK"
Баланың болашағы мен біліміне жауапты ұстаздар қауымының арқалаған жүгі ауыр.Бүгінде мұғалімдердің заман талабына сай,жанжақты болуына ерекше мән беріліп келеді. Мақсат,жас мамандардың алғырлық іс-әрекетін дамыту.
Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті ұстаз даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.Алматы қалалық білім басқармасының мамандары ұйымдастырып отырған семинардың да негізгі мақсаты осы да.
САФУРА ТИМУРБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №140 М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯНЫҢ ҰСТАЗЫ
Ізденіс, зерттеу және шығармашылық арқылы жаңа формация педагогтарын даярлау бағытында заман талабына сай цифрлық ресурстарды, кең жолақты ақпараттарды пайдалана отырып өткізген сабақтары, новаторлық идеялары, жас мамандарға жүктелген негізгі міндеттердің бірі.
АЯГҮЛ МИРАЗОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 253 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nGrW5wd8pzc?si=rnevm5utQK3OjKZd"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 231 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oBAKnYANWTg?si=WwO_ylTKNTvb9wMq"
Жедел жәрдем жұмысына өзгерістер енгізілмейді. Бұрынғыдай 24 те 7 тәулік бойы шақыртуларға барады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа дұрыс ақпарат жеткізбеген деп ақталды бүгін денсаулық сақтау министрлігі. Айта кетейік, кеше Ашық порталға қаулы жарияланып, онда бұдан былай жедел-жәрдем қызметі төртінші санаттағы шақыртуларға таңғы сағат 9,00-ден кешкі сағат 18,00-ге дейін ғана барады. Сенбі түске дейін, ал жексенбі күні ауырсаңыз, мүлдем шақыра алмайсыз, демалыс делінген болатын. Осы құжатты көргендер бірден шу шығарып, әлеуметтік желіде депутаттар бар халық қалаулылары жаппай жазба жариялап, ашық қарсы шықты.
АЙГЕРІМ ОРАЗАЛИЕВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел жәрдем қызметіне қатысты өзгерістерді қате түсіндіру жарияланды. Осыған байланысты біз түсіндіреміз. Бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек ала алады. Жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында 4-ші санаттағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық көмек көрсетудің алғашқы бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша азаматтар үшін ештеңе өзгермейді. Бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады».
Тағы басқа мақалалар...
36 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.