
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 302 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HS6zBqGd2c0?si=emml7nlbVwJt19UH"
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов және нысана көздеуден Олимпиаданың қола жүлдегерлері Ислам Сатпаев пен Александр Ле Франциядан Алматыға табан тіреді. Спортшыларды әуежайдан жанкүйерлері, туыстары, достары және БАҚ өкілдері күтіп алды.
АҚТОЛҚЫН ТҰРЛЫҒАЗЫ ТІЛШІ: «Біз Алматы әуежайындамыз, Олимпиада жүлдегерлерін күтіп алып жатырмыз. Нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александр Ле және Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қарсы алып жатырмыз».
Әуежай адамдарға лық толы. Ел намысын қорған спортшылардың жанкүйерлері қолдарына құшақ-құшақ гүл алып, сән-салтанатпен қарсы алды. Өнерпаздар домбыра мен баянда қазақтың ұлттық әуендерін шырқады. Қобалжу мен қуаныш сезімдері араласқан ата-аналар балаларының жеңісіне дән риза. Нариман Құрбановтың күміс медалі – тарихи жеңіс. Себебі бұған дейін елімізде спорттық гимнастикадан Олимпиада медалі болмаған.
НАРИМАН ҚҰРБАНОВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ «Олимпиада ойындарына 3 жылдан астам уақыт дайындалдым. Жыл сайын нәтижеміз жақсарып, мойныма медаль тағатыныма сенімді болдым. Елдегі спорт саласы соның ішінде гимнастикалық спорт қарқынды дамып келеді. Тарихи жеңіс жас спортшыларға серпін берді. Менің жекеме де жазып, өздерінің ыстық ықласын білдіріп жатыр.Спорттық мансабым енді басталып жатыр, әлі де елдегі және әлемдегі жарыстарға қатысып, еліміздің көк туын көкте желбіретемін деген сенімдемін. Алдағы уақытта алтын алуды мақсат етіп отырмын»
ИСЛАМ САТПАЕВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ «Бұл медальға аса таңғала қойған жоқпын, өйткені ол маған тосыннан келмеді. Себебі осы уақытқа дейін дайындығым жақсы болды. Көп жаттығу жасап, психологиялық, моральдық тұрғыда жұмыс істедік. Жарыс жолында медаль алатын күні жеңіске жететінімді сезіндім. Біздің келесі мақсатымыз – АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіспен оралу. Сондай жеке бапкеріммен дайындаламын»
Мергендеріміз Ислам Сәтбаев пен Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған болатын. 20 жастағы құралайды көзге атқан Александр Ле мен тілдескен едік.
АЛЕКСАНДР ЛЕ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ «Мен өте қуаныштымын, бұл сезімді айтып жеткізе алмаймын. Көп жылдан кейін нысана көздеуден медаль иелендік. Барша әлемге қазақтар күшті ғана емес, мерген екенін көрсеттік. Алдағы уақытта өз-өзімен жаттықтырушыларыммен ақылдасып, бірлесіп жұмыс істейміз. Бізді күтіп алып жатқандарға алғысымды білдіремін. Әуежайжан қарсы алып жатқан сәтте медаль алғанымызды сезіне алдым»
Олимпиада жүлдегерлеріне қаржылай сый беріліп, жанкүйерлері думандатып шығарып салды. Алдағы күндері елімізге боксшыларымыз, Нұрбек Оралбай мен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай келеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 277 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eaYWVEY2scU?si=yCPsN_0d8M5vXV4-"
Күзден бастап темір жол билетінің құны 20 пайызға артпақ. Бұл өзгерістен кейін стандарт вагондардың бағасы 6 мыңнан 7 мыңға көтерілсе, тальго вагонының бағасы 10 мыңнан 12 мыңға дейін қымбаттамақ.
ЛӘЗЗАТ СТАМҒАЗИЕВА ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Ең бастысы вагон портын жаңартуға, ЖД желісінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, ЖД қызметкерлерінің жалақысын өсіруге бағытталған. Қазіргі таңда елімізде ел халқын таситын 140 маршрут болса, бұл өзгеріс күзден бастап оның тек 62 ғана қатысты болады».
Статистикаға сүйенсек, елімізде 2667 вагон бар. Қазіргі уақытта оның тозу көрсеткіші 44 пайызды құраған. Сол себепті, былтырғы жылы 118 вагон алынса, биыл 140 вагон сатып алу жоспарда бар. Бірінші жарты жылдық аясында оның 50 вагоны алынды, қалғаны жыл аяғына дейін жеткзілмек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 314 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ma0iJbR-wUY?si=QeOC7CVJ63GmCMDu"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 290 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DvgZmxrOupc?si=AbrDXxyv8rJOPovF"
Алматыда қоғамдық көліктер кептеліссіз қатынайды. Бүгін Райымбек көшесіндегі BRT желісін салудың жобасы таныстырылды. Ұзындығы 17 шағырымға жететін жолақта жаңа автобустар қатынамақ.
Бастама іске асса, жол азабын тартқан халықтың мұңы шешіледі. Қоғамдық көліктің қозғалысы 70%-ға көбейіп, кептелісті 30%-ға төмендетпек. Ал Райымбек көшесіндегі BRT желісі екі кезеңмен іске асырылмақ. Алғашқысы биыл қолға алынса, келесі кезең 2025-2026 жылдарға жоспарланған.
САҒЫНДЫҚ ТЕЛІБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МОБИЛЬДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қоғамдық көлік өз жолағымен жүру керек. Сол кезде біз интервалды сақтай аламыз. Соны ойластыра отырып, 2023 жылы көліктің транспорттық картасын мақұлдадық. Транспорттық картада 42 дәліздің 100-ден астам шақырымы - қоғамдық көлікке арналған жолақтар. Сондай дәліздің бірі - Райымбек даңғылы. Бүгін, өздеріңіз көргендей, Райымбек даңғылының жобасын біз сіздерге көрсеттік, талқыладық. Бұл “Барлық” базарынан бастап, Пушкин көшесіне дейін Райымбек даңғылының ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда дайындық жұмыстарын жүргізе бастаймыз. Көлік қаңқасының жоспарын жасағанда, онда BRT жолағын салуға 296 км берілді. Соның арқасында алдағы уақытта жолаушылар А нүктесінен Б нүктесіне дейін қиындықсыз жете алады».
Қаланың бас жоспары бойынша, Абай даңғылы метромен қамтылған. Ал Төле би көшесінде LRT болады. Райымбек даңғылында BRT жолағын салу жоспарланған. Осылайша, қала көшелерінде қоғамдық көліктерге басымдылық берілмек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 344 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rAS3I0jki1I?si=ilC7r7CRgTgt0ZuA"
Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген еді. Жетісу облысы сотының апелляциялық сатысының қылмыстық алқасы бұрынғы жоғары лауазымды полицейге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған. Ол 27 жастағы қызды зорлағаны үшін айыпталған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 346 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/v14Ifi3bQSk?si=MJTKc_NWWoz5rHb-"
Қызылорда облыс әкімінің қолдауымен түрлі мамандықтарға 100 оқу гранты бөлінді. Бірақ бұл тек әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтарынан шыққан талапкерлерге қатысты.
ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Биылғы жылы 102 студент оқуды аяқтап, диплом алған. Оларды жұмыспен қамту мақсатында «жұмыс іздеуші» ретінде тіркеуге алып, жастар тәжірбиесі, «Ұрпақтар сабақтастығы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жұмыспен қамту шаралары жүргізілуде.Бүгінгі күнге облыс әкімінің қолдауымен 100 студентке облыстық бюджеттен 99,3 млн. теңге қаражат бөлініп, аудан, қала бюджеттеріне жеткізілді. Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей:55 грант - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, 10 грант Қызылорда «Болашақ» университеті, 5 грант Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, 13 грант – Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, 7 грант – Қарағанды медицина университеті,8 грант С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 - грант Нұр-Мүбарак Египит Ислам мәдениеті университетіне берілді".

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dp4pwyHt36c?si=gz6qNCSXh7hQS0qs"
Маңғыстаудағы Басқұдық ауылының тұрғындары үш аптадан бері шығарылмай жатқан қоқысқа қатысты шағымдарын білдірді. Әр жерде үйіліп жатқан лас заттардан ауру тарайма деп алаңдауда. Ал ауыл әкімінің орынбасары Мақсат Алиғұлов бұл мәселені тұрғындардың өздері қолдан жасап отыр дейді.
Шағымданған жұрт ауылдың орталық көшесіне жиналды. Барлығының айтары бір - қоқыстың уақытылы алынбауы.Қоқысты лақтыратын жәшік жоқ,көпшілігі тұрмыс қалдықтарын сыртқа шығарып қояды.Тазалық мекемесі тек бір апта ғана тазалап алады,қоқыстың шығарылмай тұрғанына міне, үш апта болды дейді,ауыл тұрғындары.
ГҮЛЖАН АУБАКИРОВА, БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Екі жақтың бәрі шіріп жатқан, іріп жатқан иіс деген мүмкін емес. Мына жазды күні өздеріңіз білесіздер ғой қандай болатынын. Мүмкін емес болып жатыр. Оны көріп жатқан әкім жоқ. Маңдайларындағы көз емес без бе? Неге қарамайды? Неге халықтың қамын ойламайды?»
БАҚТЫГҮЛ ҚАРАБАЕВА, БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Уақытында алмайды. 1,2 күтеміз, қоңырау шаламыз. Қоқысты неге алмай жатсыңыз десек, машина жетіспей жатыр дейді. Көшенің басын жинап кетеді күніне 1 рет. Көшеге кіруге машина жетіспейді дейді. Кешегісінде соққанда тендерден бір мекеме ұтты деді. Ол ұтып алған мекемесінің машинасы жоқ екен. Тек қағаз жүзінде ұтып алады. Жұмыс жасататын машина жоқ деп айтады. Уақытында алмайды шіріп жатыр. Оның арасында итте жүр, бала да жүр».
Ауыл әкімінің орынбасары Мақсат Алиғұловтың айтуынша тұрғындар келісім шартқа отырмай қоқысты көшеге тастайтын көрінеді. Кейбір келісімге келген тұрғындар қарапайым қызмет түрінің ақысын да төлемейді. Салдарынан осындай мәселе туындайды деген жауап айтты. Ал қоқысты шығаруға қатысты техника жеткілікті болғанымен жұмысшы саны жеткіліксіз деді.
МАҚСАТ АЛИҒҰЛОВ - БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қоқысты күнделікті алып жатыр. Мысалы мына жерде көріп отырғаныңыздай қоқысты адамдардың өздері лақтырады. Бізде келісім шарт бойынша аптасына бір рет алады. Ал көп тұрғындар келісім шартқа отырмау мақсатында және ақша төлемеу мақсатында үйіндегі қоқысты есік алдына шығармайды мына жерге әкеліп лақтырып кетеді. Мысалы машинамен келіп, заңсыз лақтырып кетеді. 00:40+03:04 Күні кеше алып кетті осы жердің қоқысын. Енді қайтадан тағы адамдар лақтырып жатыр».
Шенеунік заңсыз қоқыс тастайтындармен күресетінін айтты.Қоқысты заңсыз төккендері үшін әкімшілік 300-ге жуық айыппұл салған.Жәшік қойылмауының себебі тұрғындар қоқыстардан бұрын, құрылыс материалдарының қалдықтарын қалдырып кететіндері де бар. Сол себептен жәшік қойылмайды екен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 323 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/d3GZT-XfLVQ?si=iDmXsPEl4-qjxHis"
СҚО Тимирязев ауданының мехбригадалары Заречный кентіндегі су тасқынынан зардап шеккен 9 үйді қалпына келтірді. Енді 2 баспанаға жөндеу жұмыстары жасалынбақ.
Ел ішінде болған апатты жағдайдан кейін зардап шеккендердің баспаналары біртіндеп жөнделуде. Баспанасын қайта қалыпқа келтіргендердің бірі - Светлана Белая. Баз қалыпқа түсіруге 6 млн теңге жұмсалынған.
СВЕТЛАНА БЕЛАЯ СҚО ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: «Атқарылған жұмысқа ризамын. Қабырғалары кепкеннен кейін, түсқағаздарды жапсырамыз. Қалғанының барлығы ойдағыдай. Линолеумді алып, жаңасын төседік. Терезені де алып тастауға тура келді».
Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар 49 үйдің қалпына келуіне ат салысқан.
ҚАНАТ ИМАНЖАНОВ СҚО ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл нысандарға комиссия мүшелері кеш келді. Өйткені бұл үйлердің тұрғындары бірнеше техникалық бақылау жүргізді. Қазіргі уақытта бізде 5 бригада жұмыс істеді. Барлығы 21 адам».
Қорытынды шешім бойынша 18 үй апатты саналып, 17-сі толық бұзылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 384 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5S3NdM8YiHk?si=UZruQDLOQNbCkJlk"
Грантқа ілінбей қалған түлектерге әлі де мүмкіндік бар. Бүгін үкіметте өткен жиналыста Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. Оқу орындарындағы атаулы ректор тағайындайтын гранттардан бөлек, еліміздегі ірі компаниялар да жеке грант бөлуде. Олардың жалпы саны 10 мыңға жуықтайды. Оны тегін оқуға түсе алмаған, алайда жоғары балл жинаған түлек ұтып алады.
Бүгін Үкімет отырысы жаңа оқу жылының басталуына арналды. Білімге жауапты қос министр жеке-жеке баяндама жасады. Орта білімге жауапты бас мұғалім Ғани Бейсембаев еліміздің барлық мектептері алдағы жаңа оқу жылына дайын. Биыл білім күні алғашқы қоңырау 4 млн.-ға жуық оқушы үшін жексенбіде соғылады деді. Одан бөлек, биыл мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздік шаралары күшейеді. Мектептердің әр бұрышына дабыл түймесі қойылып, бейнебақылау камераларының саны көбейеді.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Жаңа оқу жылында 1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім ұйымында 3,9 млн бала білім алады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бүгінде ақпарат бойынша өңірлердің оқулықтармен қамтамасыз етуі 90% жетіп отыр. Осы жылдың 25 тамызына дейін оқушыларды оқулықтармен толық қамтуды барлық өңірлер аяқтауға тиіс. Әкімдіктер тарапынан тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қажетті қаражат бөлініп отыр. Биыл қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артып отыр. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Биылда 510 мың баланы мектепке дайындалуға қажетті көмекпен қамту көзделген».
Ал, Ғылым және жоғарғы білім минитсрі Саясат Нұрбек болса, даулы грант мәселесіне қатысты шудың нүктесін қойды. Жоғары балл алып тұрып грантқа өтпегендер демек, ол мамандыққа деген конкурстың қатты болғаны деді. Министрдің айтуынша, грант көбіне мемлекеттік тапсырыстың аясындағы мамандықтарға көп бөлінген. Алайда, ҰБТ-дан жоғары балла алып тұрып, тегін білім алуға өтпегендер үшін әлі де мүмкіндік бар деп қуантты.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: «Біріншіден жергілікті әкімдер гранттар бөлді. 3000-дай грант. KazEnergy қауымдастығының гранттары бар. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Түрік Республикасының 500 гранты берілді. Freedom Finance Group компаниясынан 400 грант кеше бөлінді. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800мақсатты грант ұсынды. «Қазақстан халқына» қоры 850 грант бөледі. Сонымен қатар, Сәтбаев, Есенов, Аманжолов, Торайғыров, Тұран-Астана және тағы басқа университеттер ректорлық 3000-дай гранттар береді. 8000-10000-ға жуық қосымша гранттар берілетін болады».
Биыл оқуға түскен түлектер үшін жатақханамен проблема болмайды деп сендірді жауапты министр.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: «Жатақхана мәселесі қазір тек ек іқалада қиын жағдай. Ол Алматы мен Астана. Әсіресе, Алматы қаласында. Біз былтыр қолданған шешім арқасында жеке меншік секторды белсенді түрде осы жұмысқа тарттық. Арнайы нормативтер субсидия былтыр екі есеге ұлғайтылды. Соның арқасында қазіргі таңда 126 объект іске енгізілді. 27 мыіңа жуық төсек орындар іске енгізілді. Биыл 27 объект, 10576 төсек орын іске қосылады».
Айтпақшы, биыл жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандығына түскен студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 312 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BCmE7v5rUsI?si=I4YOROKe1OYn58Gm"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 464 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fycFkhe5Njg?si=-uWfngkrUhs-qGUm"
Күні кеше мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жариялады. Конкурсқа 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Алдағы оқу жылына 112 мың грант бөлінді. Алайда бұл тізімде 100 ден аса жоғары балл жинаған талапкерлердің көпшілігі іліне алмаған. Оқушылар өздерінің назын әлеуметтік желілерде жариялады.
«Әділдік жоқ!» дәл осылай деген талапкерлер төмен балл алған түлектердің грантқа түсіп, жоғарғы балл жинағандардың іліне алмағанын айтып қынжылады. Олардың айтуынша, ТЖ кезінде судан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне жеке грант бөліну қажет еді. Сол себептен жаңа тізімнің жасақталуын талап етеді. Айта кетейік, 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді деген еді.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант ала алмаған түлектерді үміт үзбеуге шақырды. Оның сөзінше, 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдік гранттары бар. KazEnergy қауымдастығының гранттарына тапсыруға мүмкіндік барын атап өтті.
Жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық.
Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен. Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер!
Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты. Жұмыс берушілердің гранттары. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады. Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі. Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөліп жатыр.
Министірдің әлеметтік желідегі жазбасына көңілі көншіген талапкерлерді көзіміз шалмады. 120 баллдан жоғары жинағандарға бұл сөздер демеу бола алмады. Талапкерлер еңбектерінің еш кетпес үшін жаңа тізімнің жариялануын талап етті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 384 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GwMwIU5Svgw?si=_JUpgZo9GP0ziOV3"
Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев аға лейтенант болып барып, капитан болып қайтты. Айта кетейік, Қырғызбаев Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының әскери қызметшісі. Клуб бастығы полковник Арман Әбеуовтың айтуынша, Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі.
АРМАН ӘБЕУОВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОРТАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Тағы басқа мақалалар...
61 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.