
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 223 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UShz2ca_U5s?si=moe-CW2J5GFkK9GE"
СҚО полицейлері жыл басынан синтетикалық есірткінің ең ірі партиясын тәркілеп, есірткінің жеткізу жолын кесті.
Петропавл қаласының шетінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «BMW» маркалы автокөлікпен жүрген үш күдіктіні ұстады. Рөлде отырған Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсетіп, көлікпен жасырынуға тырысты. Соңынан қуған кезде көліктің ішіндегілер терезеден қара түсті барсетканы лақтырып жіберген. Оның ішінен шамамен салмағы 1 кг. ұнтақ тәрізді зат бар түйіншек табылып тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл α-PvP деп аталатын синтетикалық есірткі болып шықты.
Көлікте жүргізушіден бөлек 35 жастағы тағы бір алматылық және Астана қаласында тұратын 24 жастағы бойжеткен отырған. Екі ер адам уақытша тұрып келген Көкшетау қаласындағы жалдамалы пәтерден солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер қызметтік іссапар барысында синтетикалық есірткі салынған түйіншектерді, электрондық таразыны, буып-түю материалын, 1 кг. синтетикалық есірткіні, сондай-ақ 20 гр. гашиш тәркіледі.
РУСЛАН ҮМБЕТОВ СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Сараптамаға сәйкес алыңған зат жалпы салмағы екі килограмм alpha-PVP және мефедрон болып табылады.Ұсталған адамдардың іс-әрекеттері ҚК-тің 297 бабы 3 бөлімі бойынша тергеледі. 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен сотталады».
Екі Алматылық күзетпен қамауға алынды. Топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 274 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/c_BFgjHJrcE?si=1txiNYAc1GFKphZP"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 322 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mlZdgOjYU3Y?si=9FExUfapoRUEgU6R"
«Үйлі болдық!» деп қуанған ақтаулықтар енді «Үйді жөндеп беріңдер!» деп жүгіруге мәжбүр. Ақтаудағы Сарайшық тұрғын үй кешенінің басы дауда тұр. 4 жыл бұрын берілген баспананың ауласы тар, іргетасы әбден отырып қалған.
Тұрғын үй кешен жобасының түр-сипатына қызыққан тұрғындар енді тұрып жатқан жерлеріне наразы. 17 үйдің құрылысы аяқталар уақытында қарама-қарсы 17/1 деген екінші үй салынған. Енді көлік айналып жүрмек түгілі, бала ойнайтын алаңымыз да жоқ дейді тұрғындар.
АЙЫМГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА БҚО АҚТАУ ҚАЛАСЫ САРАЙШЫҚ ТҮК ТҰРҒЫНЫ: «Мына инженерлік желілілер деген уже 4-5 жыл болды ғой, сынып жатыр, тозып жатыр. Сол уақыттарда біз ЖЭК-ке жалынамыз. Мына КЖСА бізге қызмет көрсету керек қой. Ол балансында болмағандықтан акимат біз жауап бермейміз дейді. Енді тұрғыдар ЖЭК-қа жалынып сосын ЖЭК жасап беріп отыр бізге».
ДИНАРА ҚАРТҚОЖАЕВА БҚО АҚТАУ ҚАЛАСЫ САРАЙШЫҚ ТҮК ТҰРҒЫНЫ: «Біз айттық сіз проектта вообще басқа үйді көрсетіп отырсыз деп, сіз неге оны саласыз дегенде ол тек эскиз деді. Тұрғындар қарап соған біз фундаментінен бастап ақша салып сол үйді алды ғой дедік, жоқ ол менің жерім не істесем де өзім білем деді. Парковка жөнінде акиматтан жерге рұқсат алыңдар деді. Оған барсақ к7-ге жібереді. Біз шаршадық».
Жыл бойы әкімдік пен жауапты компанияның артынан жүгіріп шаршаған жұрт, сотқа жүгінуде. Тілшімен тілдесуден қашып, аудиомен құтылған компания мамандарының әуені сол баяғыдай.
ШАЛҚАР ЕРБОЛҒАНОВ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «Автотұрақ орналасқан жерді кеңейту бойынша, тұрғындар ОСИ тағайындап, ОСИ-дің тарапынан жергілікті атқарушы органға, тұрғын үйдің аумағын кеңейту бойынша арыз немесе өтініш білдіруі қажет. Құрылыс мекемесі мемлекеттік АКТ пен рәсімделген жер учаскесінің аумағында ғана құрылыс жұмыстарын жүргізе алатындығын ескере отырып, мемлекет меншігіндегі аумаққа автотұрақ салып беру мүмкін емес. Егер тұрғындар жер учаскесін ОСИ-дің атына рәсімдеп алатын болса, тұрғындар өздерінің тарапынан салу керек. Біз кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін, мердігер тарапынан қандай да бір жұмыстарын жүргізу мүмкін емес».
4 жылда бір рет болсын жарық пен су желілерін тиісті мекемелерге өткізбегенін мойындағандарымен, автотұрақ салып бермейміз деп мәселені шорт кесті. Расында, тарыдай жерге дардай көлік тұрағының салынбасы анық. Сөйлесудің астарына қарасақ, кепілдік мерзімін өткізіп алған компания ендігі мәселені тұрғындар өздері шешуі тиіс деген сыңайлы.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 279 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-e6BOth_v8w?si=brDO74ktIGJciJMm"
Павлодар облысындағы"Майқайың-алтын" кенішіндегі опырылған жерде іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кеше кешкісін құтқарушылардың автобусы табылды. Жеті айға жуық жер астында жатқан автобусты шығаруға қолайсыз ауа райындағы топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары басталған.Көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінген.Еске сала кетейік, 4 қаңтарда шахтаға құлап кеткен автобустың ішінде төрт құтқарушы болған еді. Олардың екеуінің денесі сол күні табылып, жер қойнына тапсырылды.
Кейін бір жарым айға жалғасқан іздестіру жұмыстары қауіптің жоғары болуына байланысты тоқталып, маусым айында қайта жанданған еді.Бір апта бұрын яғни 19 шілде күні мамандар тағы бір құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесін тапқан болатын. Ал 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. "Жақын арада іздестіру жұмыстары күткен нәтиже береді деп үміттенеміз", - деп атап өтті аймақ басшысының баспасөз қызметі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 239 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Bb25ydDKUuY?si=00Aqtmq3QaoQzXW9"
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен 8 адамның төртеуі бақилық болды. Отандық және шет елдік дәрігерлер барлық қажетті ем-домды жасаса да, ақ халаттылар күйік шалған жұмысшыларды аман алып қала алмады. Қазір ауруханада төрт адам ем алып жатыр.
БЕРІК ТІЛЕУБАЕВ МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда күйік алған науқастардың ішінен екі азамат жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Олардың қазіргі жағдайлары тұрақты. Ем шаралардың арқасында шоктан шығарылды. Екі науқас реанимацияда ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде бүкіл ем шаралар жалғастырылып жатыр».
Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев. Кеше кешке ауруханада аталған зауытта технолог болып жұмыс істеген 25 жастағы Ерұлан Қазкен көз жұмған еді. Ал екі күн бұрын күйік салдарынан пеш бастығы Музафар Исмаилов та дүние салды. Ол Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленді. Осы суыт хабардан соң, компания бүгін мәлімдеме жасады. Жерлеуге байланысты толық мекеме өзі өтейді, қаза тапқан отбасының барлық несиесі жабылады, олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек жасалады, 10 жылдық жалақы мөлшерінде айлық төленеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 253 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3EZ7YEiO-_4?si=bKGasajU6nk3RWkG"
Соңғы уақыттарда елімізде өрт оқиғалары жиіледі. Бірақ, Қызылорда қаласында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында тіркелген өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға азайған. Өрттің салдары көбіне қарашаның қауіпсіздік шараларына селсоқ қарағанынан дейді өрт сөндіруші мамандар.
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті заңды тәуелді актілерді енгізді. Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің немесе қызметтің орындауын тоқтата тұруды қамтиды. Оның қолданылу мерзімі тізбенің барлық талаптары үшін бірыңғай 60 күнтізбелік күнді құрайды. Бұл «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 38-1-бабында да баяндалған. Тексеру парақтарынан өрт қауіпсіздігінің 81 талабы бұзылса, ол жедел ден қою шараларын қолдануға әкеп соғады. Мәселен, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында немесе нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектор, егер объектіні пайдалану жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, ҚР Ұлттық қауіпсіздігі және адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндірген жағдайда жедел ден қою шараларын қолданады.
АРМАН ДАСТЕНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 326 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3LAnvmZQrFA?si=6IC2PYCKMENh15H7"
Оралда 2 азамат жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын деген алаяқтың арбауына түскен. Атырау қаласындағы компанияға орналастыру үшін қажетті медициналық анықтама, сақтандыруды жасап беремін деген айлакер қылмыскер - жәбірленушілердің басын әбден айналдырыпты. Жалпы үстіміздегі жылдың жартыжылдығында Орал қаласында 374 алаяқтық дерегі тіркелген. Оның 200-ге жуығы әшкере болған. Күрес шараларына қарамастан алаяқтық азаймай тұр. БҚО ПД күмәнді қоңыраулар мен ұсыныстарды қабылдарда сақ болуға шақырады.
АЛИМА ГАРИФУЛЛИНА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Осы факті бойынша Орал қаласы Зашаған ПБ қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде бұрын сотталған 1986 жылы туған қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Іс сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір зардап шеккендердің кімдер екені анықталуда».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 288 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0ocD003Tdrw?si=xztQ8UOA9swH2IYA"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 279 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mN5RLKuRyTc?si=eW28B5Qp_Qmnm-l3"
Қазақстанда өндіріс жақсы дамып келеді. Жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Айталық, жыл басынан бері елімізде 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба іске қосылып, соның арқасында 6,9 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия, құрылыс материалдары, қысқасы барлық салада өсім бар. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
МЕРУЕРТ ИБРАЕВА ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Инвестиция көлемі шамамен 569,9 млрд болса, жаңа тұрақты жұмыс орындарының саны 6,9 мыңға жетті. 2024 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда металлургия өнімінің өндірісі айтарлықтай өсті, 54,2%-ға артты. Бұл өсім ферроқорытпалар -17,8 пайызға, өңделмеген алюминий -17 пайызға, өңделмеген қорғасын-15,1 пайызға және тазартылған мыс өндірісінің-15,6 пайызға және тағы басқа өндірісті ұлғайту есебінен қол жеткізілді. Қазақстан қара және түсті металдардың ірі экспорттаушысы болып табылады. Металлургия экспорты соңғы 5 жыл ішінде 39 пайызға яғни 10-нан 13,9 АҚШ долларына дейін өскен. 2024 жылдың алғашқы 4 айында металлургия саласының экспорты 8,3%-ға өсіп, $4,7 млрд-қа жетті. Ал, жеңіл өнеркәсібіне тоқталсақ. 2024 жылдың 6 айында жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталындағы инвестициялар 4,2 млрд теңгені құрады. Өнім өндіру көлемі 95,7 млрд теңгені құрады. 11,5 пайыздық өсім киім өндіру саласында байқалады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 276 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/swbRAUb1tKM?si=tbh29QQVJQq7HL8Y"
Ақмола облысының Бұланды ауданына қарасты бірқатар ауылдарда 100-ден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға берілетін бұл үйлерге "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2,7 млрд қаржы бөлді.
Журавлевка ауылында бой көтеретін үйлерге 4 мердігер жауапты. Қазіргі уақытта баспана тұрғызылатын жерге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны – 1 млрд. 75 млн. Тенге.
АЛТЫНБАЙ ӘРІНОВ МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біз мұнда 23 үй саламыз. Ертең құрылыс материалдары келіп, алғашқы іргетасы қаланады. Құрылыс материалдардың барлығы Астана, Қарағанды қалаларынан және Макинск зауытынан газ блогтар алынды. Ал кірпішті біз Көкшетау қаласында "Enki" зауытынан әкелеміз. Олармен келісім-шартқа отырдық».
Ал, Ивановка ауылындада игі іс жалғасын тауып 41 үй бой көтереді. Ол бойынша 1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бүгінде 2 үйдің керегесі қаланып,11 үйде жалғасып жатыр.
АНДРЕЙ ПЕТРОЧЕНКО МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Құрылыс жұмыстарына 60-тан астам адам жұмылдырылды. Бүгін тағы 30 адам келді. 13 үйдің қабырғалары көтерілді. Аптаның соныңа дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз».
Капитоновка ауылында да 15 үйдің құрылысы басталды. Су, электр және жылу желілері тартылды. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан барлық нысан 1-ші қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 328 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MuSn589vLuc?si=jxd7_UFjmHim1L4k"
Ақтаудағы 19-шы шағын аудан тұрғындары іргелерінде бой көтергелі тұрған құрылысқа қарсы. Көптің наразылығын тудырған нысан жайлы дайындалған материалға кезек берсек.
Жиналған тұрғындармен қатар үйдің бірінші қабатынан коммерциялық нысан сатып алған кәсіпкерлерде өз наздарын жеткізді. Құрылыс ең алдымен көлік қозғалысына қиындық тудырып, бизнес өкілдерінің кәсібіне кедергісін тигізбек. Өрт сөндіру, жедел жәрдем көлігінің кіруі де мұңға айналмақ. Осыны ескерген тұрғындар әкімдіктен жауапты мамандарды шақырған.
БОТА ОТАРАЛИЕВА АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Балаларға мына жер бесопасный емес. Кепіл қайда? Ертең пожар болса, кім гарантия береді? Жеке кәсіпкерлерді қолдау деген қайда? Бізде қырғын ақшаға сатып алдық. Қырғын ақшамен ремонт жасап жатырмыз. Қазір алдымызды жауып тастайтын болса мынаның астында газ жүріп жатыр».
Қазір құрылыс аумағын қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілік тарапы, бұл жер осыдан 3 жыл бұрын берілгенін, құжаттары бар екенін жеткізді.
ЖАНДОС ӨТЕЛГЕНОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ «Аталған жер учаскесі 2021 жылы ақтау қаласы әкімінің қаулысымен мобилді повильондарды кеңейту үшін 330шаршы метр жер учаскесі берілген. Аталған жер учаскесінде қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталып жатыр».
Тұрғындар талаптары орындалғанға дейін жауапты органдарға шағымданатындарын жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 319 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uRbuezb-fcU?si=Bd44IJUvD1jseYXX"
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық әсіресе экономикалық салада жүйелі түрде артып келе жатқаны байқалады.Сауда-саттық ілгері басып, алыс-беріс күшейе түсті.Екі ел басшыларының қолдауымен білім саласындағы бірлестікте жемісін бере бастады.
Қазіргідей геосаяси жағдайда Қазақстан үшін маңызды қадамның бірі ивестиция тарту,шетелдің озық технологияларын елімізге енгізу күн тәртібінде тұрған қадамның бірі. Бұл бағытта ежелден көршіміз саналатын Қытайдың маңызы зор.Екі ел арасында барыс-келіс пен,алыс-беріс тұрақты түрде дамып келеді. Қытай автокөліктері Қазақстанның автонарығына дендеп енуде. "Қазақстанның электрокөліктерге көшу жоспары 2023 жылы Қытай автокөліктерінен басталды" деген сөз қоғамда жиі айтыла бастаған еді, расымен де солай.Өзге елдің көліктеріне қарағанда қол жетімді,соның салдарынан әр бір қазақстандық жүргізушілер қытайлық көліктерді тақымдауды сәнге айналдыруда.Қандай жаңа тұлпар болса да оның бұзылып,техникалық ақауларының сыр беруі заңдылық.Осы тұста сынған электромобильдерге қызмет көрсетіп,жөндейтін елімізде мамандар тапшы.Бұл мәселе де алдағы уақытта шешімін таппақ. Еліміздегі оқу орнының бірі Қытайлық жоғарғы орнымен бірлесіп,кадр даярлау ісін қолға алып отыр.
АСЫЛХАН БЕЙСЕТБАЕВ АЛМАТЫ КСК ДИРЕКТОРЫ «Қытайдың Чунцин электронды технологиялар политехникалық университетімен біздің білім шаңырағы бірлесіп маңызды қадамға барып отыр.Алдағы күндері электрокөліктерді жөндеу ісіне қазақстандық жастарды машықтандыру,яғни маман даярлау ісін қолға аламыз».
Алматы қалалық білім басқармасы мен Қытайлық университет арасында бірлескен келісім шартқа қол қойылды. Меморандум аясында 5.0 индустрияның жаңа энергия көздеріндегі автомобиль саласы құзыретінің халықаралық желілік орталығын ашу көзделіп отыр.
АСЫЛХАН БЕЙСЕТБАЕВ АЛМАТЫ КСК ДИРЕКТОРЫ
Тағы басқа мақалалар...
58 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.