ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
"Арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша және жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбайынша электросамокаттарды уақытша тоқтату қажет. Тек осылай біз қаланы баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз ете аламыз", - дейді Құсайынов.
"Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді. Мен өзім қаланы жаяу аралағанды ұнатамын, бірақ көбінесе артыманан жүйткіп өткен самокаттар қарапайым серуенді қауіпті жағдайға айналдырады", - деді депутат.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
"Сондықтан әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс. Жалпы, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.
"Үкімет жылдың соңына дейін заңнамаға тиісті өзгерістерді ұсынуы қажет", - деді Тоқаев.
"Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді-дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс. Бұл – орман шаруашылығына да қатысты мәселе. Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектар орманның иесіз жатқаны анықталды", - деді мемлекет басшысы.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыдағы Орталық стадионды ретке келтіру жұмыстары қауырт жүргізілуде. Қатаң кестеге сай ойын алаңы Чемпиондар лигасының матчына уақытында дайын болуы тиіс, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Спорт ғимараттары дирекциясы хабарлады. ҚазАқпараттың жазуынша, Алматының орталық стадионы УЕФА-ның төртінші санатына ие. Бұл деңгей Чемпиондар лигасы мен өзге де еурокубоктердің жартылай финалына дейінгі ойындарын өткізуге мүмкіндік береді. Футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыратын бөлмелер, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар барлық талапқа толық сәйкес келеді. Сондай-ақ халықаралық матчтарды өткізуге құқық беретін сертификаттар да бар.
Дегенмен нысанда әлі де жөндеу мен жаңарту жұмыстарын жүргізу керек. Дирекция өкілдері стадиондағы басты олқылықтар ретінде сынып қалған орындықтар мен ескі дәретханаларды атады.
"Стадион ескілеу, ал көрермендердің бір бөлігі нысан мүлкіне ұқыпсыз қарайды", — делінген хабарламада.
Дирекция орталық стадион алдағы «Қайрат» — «Реал Мадрид» ойынына толық дайын болатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, қажетті жөндеулер жасалып, тазалық пен қауіпсіздікті сақтау шаралары күшейтіледі, халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуге қойылатын барлық талап орындалады.
"Әдетте матчтардан кейін орындықтардың бір бөлігі зақымдалады, сондықтан олар үнемі тексеріліп, ауыстырылып отырады. Қазір бұл мәселе қатаң бақылауда: креслоларды ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, аумақ абаттандырылды. Бұған дейін санитарлық-гигиеналық тораптарға (дәретханаларға — авт.) жеңіл жөндеу жасалса, қазір кешенді жөндеу басталды", — деп атап өтті Спорттық нысандар дирекциясы.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде микрокредит беру қағидалары бекітілді. Бұл ақпаратпен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлісті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұйрық 2026 жылғы 2 шілдеде күшіне енеді.
"Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату немесе орналастыру кезінде, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі цифрлық түрде көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді", — делінген құжатта.
Микроқаржы ұйымдары клиенттермен жұмыс істеу тәртібі жөніндегі ереже келесі тармақтарды қамтиды:
— клиенттердің құқығы мен мүддесін сақтау саясаты мен рәсімі;
— микрокредит беруге өтінішті қарау рәсімі мен мерзімі (өтініш беру қажет болған жағдайда);
— микрокредит беру кезінде клиентпен өзара іс-қимыл рәсімі;
— мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі жандарға қызмет көрсету тәртібі, қаржы ұйымдарына қойылатын ұлттық стандарт талаптарын ескере отырып (2026 жылғы 2 шілдеден бастап);
— мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі жандарға сенімді тұлғаның қатысуымен қызмет көрсету ерекшеліктері (2026 жылғы 2 шілдеден бастап)."Микроқаржы ұйымына, микроқаржы омбудсмен немесе сотқа көрсетілетін микроқаржылық қызмет бойынша дау туындаған кезде клиентке оның жүгіну құқығы туралы хабарлайды. Осы мақсатта клиентке микроқаржы ұйымының, микроқаржы омбудсменнің орналасқан жері, электрондық поштасы және интернет-ресурсы (бар болса) туралы ақпарат берілуі тиіс", — деп түсіндірілген бұйрықта.
Тағы басқа мақалалар...
20 ішінен 91 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.