ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздегі бокстан ерлер құрамының бапкерлері түгел дерлік жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ресми мәліметке сүйенсек, Мырзағали Айтжанов бастаған бокс бапкерлері түгел дерлік орындарын босатқан.
“Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Соның нәтижесінде бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды”, - делінген хабарламада.
Осылайша, мынадай өзгерістер болды:
- Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды;
- Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.
Еске сала кетсек, Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасында алтынға қол жеткізе алмады. Ерлер құрамында жалғыз күміс медальді Нұрбек Оралбай еншілеген болатын.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының нешесі тегін тамақпен қамтылатыны белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімет берді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл тегін тамақпен қамтылатын оқушылар саны 100 мың балаға артқан. Осылайша 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,7 млн оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі. Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы алғашқы қоңырау жексенбіге сәйкес келгеніне қарамастан 1 қыркүйекте соғылатынын хабарлаған. Оған 4 миллионға жуық мектеп оқушысы қатысады. Бірінші сыныпқа қабылданатын 360 мың оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылады.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Франция астанасы Париж қаласында жарты айға жалғасқан Жазғы Олимпиада ойындары соңына жетті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Спутникке сілтеме жасап.
Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасқан. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түсті. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын. Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннистен сынға түсті. Сондай-ақ олар велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен жарыс жолына шықты.
Салтанатты шара "Стад де Франс" стадионында өтті. Ойындардың төрт дүркін жеңімпазы Леон Маршан алауды жағып, "Стад де Франсқа" қарай бет алды.
Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Осылайша 43-орынға тұрақтады. Ел қоржынына жалғыз "алтынды" Елдос Сметов салды.
Келесі Олимпиада ойындары 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Париж Олимпиадасында шаршы алаңға шыққан баксшы Нұрбек Оралбай украиналық қарсыласынан ұтылды. Осылайша күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Жалпы ерлер арасында бокстан финалған жолдама алған жалыз спортшы осы Нұрбек Оралбай еді. Ол Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғады. Отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты.
Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер болды.
Бүгін қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі. Нақтырақ айтсақ, көркем гимнастика, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс, еркін күрес және құзға өрмелеу сайыстарынан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.
8 тамыздағы жарыс кестесі:
Көркем гимнастика: 13:00-18:00
Эльжана Таниева
Байдарка мен каноэде есу: 13:30
Мария Бровкова
16:20 Сергей Емельянков, Тимур Хайдаров
Грек-рим күресі. 14:00. Ерлер.
Бастапқы кезең. 87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов
Қазіргі бессайыс: 14:00. Георгий Борода Дудочкин
17:30. Елена Потапенко
Еркін күрес: 14:00. 21:15.
Мейрамбек Қартбай, Азамат Дәулетбеков
Жартылай финал. Құзға өрмелеу. 15:35.
Әмір Маймұратов
15:54. Финал
Айта кетейік, бұған дейін финалға жолдама алып, бар күш-жігерін салған балуанымыз Демеу Жадыраевтың да күміс медальға ие болғанын жазған едік.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан айласын асыра алмады. Осылайша ел қоржынына күміс сыйлады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спортшы 77 келі салмақ дәрежесінде жапон балуанымен белдескен. Бірақ қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Осылайша Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.
Демеу Жадыраев биыл 34 жаста. Бұл оның соңғы Олимпиадасы болуы әбден мүмкін. Қазақстандық спортшы 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған, сонымен қатар Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған.
Айта кетейік, бұған дейін боксшы Назым Қызайбайдың қола жүлдегер атанғанын жазған едік.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан да ел қоржынына медаль түсті. 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды. Алайда, Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады. Назымның бұл жүлдесі - ел қоржынына түскен үшінші қола медаль.
Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.
Айта кетейік, бүгінде тартысты додалар бар. Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде жүзу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.
Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек.
7 тамыздағы жарыс кестесі:
Байдарка мен каноэде жүзу
13:40. Ерлер. 1000 метрге байдаркамен жүзу
Бекарыс Рамазан
Грек-рим күресі
14:00. Ерлер. Бастапқы кезең
87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов
Байдарка мен каноэде жүзу
14:40. Ерлер. 1000 метрге жалғыз каноэмен жүгіру
Сергей Емельянов
15:37 Таэквондо. Ерлер. 1/8 финал
58 келіге дейін. Самирхон Абабакиров - Вито Деллакила (Италия)
15:45. Тректегі велоспорт. Ерлер. Спринт. Іріктеу
Андрей Чугай
Бокс
01:51. Ерлер. Финал
80 келіге дейін. Нұрбек Оралбай - Александр Хижняк (Украина)
Грек-рим күресі
Ерлер
77 келіге дейін. Демеу Жадраев - Нао Кусака (Жапония)
Тағы басқа мақалалар...
16 ішінен 67 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.