ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанның 100-ге жуық азаматы шетелде еңбек құлдығына түсіп қалған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Сыртқы істер министрлігі дерегіне сүйенсек, жүзге жуық азамат Таиландпен шекаралас аумақтарда еңбек құлдығында қалып қойған. Айбек Смадияровтың айтуынша, тіпті соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма мен Лаостың шекаралас аумақтарында Қазақстанның 200-ге жуық азаматы құлдыққа түсіп қалған.
"Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лаос аумағында еңбек құлдығынан 28 қазақстандық шығарылды. Алпысқа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған. Қазір жоғарыда аталған елдердің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында қалып қалған деген ақпарат бар", - деді ресми өкіл.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі 10 өңірде су басу қаупі жоғары. Мұндай мәліметті төтенше жағдайлар министрлігі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ведомства дерегіне сүйенсек, қауіпсіздік бағытында мақсатты жұмыстар жүйелі атқарылуда. Халықты құлақтандыру жұмысы пысықталып, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалған.
Десе де министрі Шыңғыс Әрінов көктемгі су тасқыны кезеңінде су басу қаупі төніп тұрған өңірлерді атап кетті. Оның айтуынша, қазір елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталған. Синоптиктердің болжамынша, ақпан және наурыз айларының соңында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде мол жауын-шашын түсуі мүмкін.
"Осыған байланысты, 10 өңірдің елді мекендерін су басу қаупі бар. Атап айтқанда, тау суының ағыны салдарынан: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың жылдам еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлері", - деді министр.
Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізген. "Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді.
Сонымен қатар елді мекендерде уақытша бөгендер салу және үйемелеу (114 км), арықтарды, каналдарды (1 904 км), сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту (5 002 дана) нақты түрде жүзеге асырылған. Елді мекендерден 10,5 миллион текше метрден астам қар шығарылыпты.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде еңбек етіп жүрген мигранттардың нақты саны анықталды. Министрлік дерегінше бүгінде 13 мыңға жуық шетел азаматы бар, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда 12,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. Олардың дені Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінен келген. Соның ішінде елімізге келіп, нәпақа тауып жүрген 565 адам басшылар мен олардың орынбасарлары қызметінде екен. Ал 2 671-і құрылымдық бөлімшелердің басшылары.
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі – мамандар мен білікті жұмысшылар, жалпы саны 6466 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам жұмыс істейді.
Шетелдіктерге жұмыс беріп отырған қазақстандық жұмыс берушілер саны – 1 657. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2%-і.
Шетелден күнкөріс үшін келгендердің басым көпшілігі құрылыс саласын жағалайды. Одан кейінгі орында – өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығында 600 шетелдік жұмыс істеп жүр.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Тарихи отанына оралған қандастарға қанша ақша берілетіні белгілі болды. Яғни елімізге қоныс аударған азаматтар әр отбасы мүшесіне белгілі бір мөлшерде қаражат алады. Сонымен қатар, пәтер жалдау, коммуналдық төлемдерге де қолдау қарастырылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегіне сүйенсек, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралыпты.
Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,9%) Қытайданкелсе, 29,6% – Өзбекстаннан, 8,3% – Моңғолиядан, 4,4% – Ресейден, 7,3 Түрікменстаннан және 1,5% басқа елдерден оралған.
Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,6%-ды және зейнеткерлер 10,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 20,2%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 10,2%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Сонымен бірге қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 332 қандас қоныс аударды.
"Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде беріледі", - делінген ақпаратта.
Жыл басынан бері 35 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі ақылы жолдардың тарифі көтеріледі. Көлік министрлігі жол ақысы 2013 жылдан бері өзгермегенін алға тартуда, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша жол ақысы 2013 жылдан бері өзгермеген.
"Тарифті ұлғайту жоспарда бар. Неге екенін түсіндірейін. Тариф 2013 жылдан бері он бір жыл бойы өзгерген жоқ. Былтыр 20%-ке көтерілді. Сосын біздің тарифті басқа елдермен салыстырыңыздаршы. Егер Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде теңгеге шаққанда – 7 теңге", - дейді министр.
Оның айтуынша, жолдың сапасы жақсы болуы үшін оған күтім қажет. Ол үшін ҚазАвтоЖол бюджетіне жол ақысынан түскен қаржымен қарамақшы.
"Кейбіреулері екі-үш есеге өсірейік деп жатыр. Бірден айтамын, тариф екі-үш есеге көтерілмейді, бірақ белгілі бір пайызға қымбаттайтыны анық. Біздің мамандар жолды күтіп ұстауға қанша қаражат қажет, соны ескеріп есептейді. Қосымша 1 100 техника сатып алу керек", - деді ведомство басшысы.
Министр ақылы жолдардың тарифін көтеру мәселесі қоғам талқысына шығарылатынын атап өтті. Талқылауды наурыз айынан бастау жоспарланып отыр.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде соңғы бір жылда жұмыссыздар саны айтарлықтай өскен. Мұндай деректі Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің жұмыспен қамту органы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, ЕАЭО елдерінің ішінде Қазақстан ғана жұмыссыздық көрсеткішінің төмен бағытын көрсеткен. Яғни, соңғы бір жылда айтарлықтай өскен. Мысалға 2022 жылы республиканың жұмыспен қамту қызметінде 132,3 мың адам есепте тұрса, бір жылдан кейін 168,9 мың адамға жеткен. Бұл елдегі еңбекке жарамды халықтың 1,8 пайызын құрайды.
Десе де өзге ЕАЭО елдерінде бұл көрсеткіш керісінше. Жұмыссыздар саны азайған. Бір ғана Арменияда жұмыссыздар саны 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін 2,6 мыңға азайып, 46 мың адамды құраған.
Ал Ресейде 2022 жылдың аяғында 564,1 мың жұмыссыз тіркелген болса, бір жылдан кейін 424 мың немесе жұмыс істейтін халықтың 0,6%-ына қысқарып отыр. Қырғызстанда да бұл көрсеткіш төмендеу, 0,3%-ды құрады – 74,7-ден 67,6 мың адамға азайды.
Тағы басқа мақалалар...
23 ішінен 58 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.