ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Президент жарлығымен бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, экс-премьер жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болған.
“Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалсын”, - делінген құжатта.
Айта кетейік, Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.
Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2022 жылы қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін премьер-министр болды.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда кешқұрым күн райы бұзылып, халық жүрегіне үрей ұялатты. Тіпті күшейген жел шаңды дауылға ұласқан, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Алматы қаласы кеш бата кенеттен шаңды дауыл астында қалды. Көтерілген құм мен шаң халықты қатты қорқытты. Артынша қара бұлт үйіріліп,
Алматыда кешкі уақытта жел күшейіп, шаңды дауыл тұрды. Салдарынан қалада шаң мен құм көтеріліп, жұртты әбігерге салды.
Тіпті ауа-райының күрт нашарлауына және екпінді желдің 18-24 м/с дейінгі жылдамдыққа байланысты нөсер жаңбырмен бірге қаланың барлық ТЖ қызметтері мен коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенсек, қатты дауыл мен арты нөсер жауынға ұласқан Алматыда жеке үйлердің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болған. Ал 112 желісіне тұрғындардан автомашиналарға 13 жағдай, құрылыстарға (2), газ құбырларына (3) ағаштардың құлауы туралы хабарламалары келіп түскен.
Қазіргі уақытта азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жоюда.
Десе де ауа райының тосын мінезін жергілікті халық желіде жариялап та жатыр. Бейнежазбалардан қаңылтыр шатырлар мен дуалдардың қисайып, біқатар көшенің, тұрғын үйлердің жарықсыз қалғаны да айтылуда.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
- Сүлейменова Э.Д., Алдаш А.М., Алдашева К.С. Официально-деловой язык: казахско-русский словарь сочетаемости;
- Түймебаев Ж.Қ. Проблемы анлаутных губных согласных в алтайских языках.
- Ревизия фонетического закона Рамстедта - Пеллио
- Аманжолов А.С. Опыт изучения тюркских языков;
- Сағындықов Б.С. Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары;
- Джолдасбекова Б.У. Антология русскоязычной литературы Казахстана;
- Филология факультетінің түлектері: ақындар мен жазушылар. 1-2 т.;
- Филология факультеті – сөз өнерінің алтын бесігі;
- Авакова Р.А. Фразеосемантика;
- Ұжымдық монография. Teaching foreign languages in the Kazakhstani contemporary educational paradigm.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша 105 елдің ішінде екінші орынға шықты. Адам шошырлық статистиканың көш басында Мальдив аралдары тұр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
2024 жылдың 4 наурызында жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу саны бойынша 1000 адамға шаққанда 4,6 көрсеткішімен әлемде Мальдив аралдарынан кейін екінші орынға шыққан. Мамандар еліміздегі ажырасуға негізінен туыстарының араласуы (61%), моральдық шектеулердің жоқтығы (41%) және ажырасу процесінің жеңілдігі (25%) себеп болып жататынын айтады. Басқа проблемаларға қазіргі қоғамға сәйкес келмейтін қатаң гендерлік рөлдердің сақталуы және некеге деген көзқарастың өзгеруі болып отыр.
Ranking.kz сараптамалық сайты да 2023 жылы Қазақстанда некеге тұрғандар мен ажырасқандардың саны азайғанын жазған. Өткен жылы 120,9 мың неке тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6 пайызға аз және еліміз үшін рекордтық төмен көрсеткіш. Тіпті некелер саны ең аз болған 2008 жылдың өзінде (2016 жылғы мәліметті есептемегенде, ол туралы цифр жоқ) сол кездегі Қазақстан халқының саны қазіргіден аз – 16 миллион адам болғанына қарамастан, 135 мыңнан астам жұп ресми түрде шаңырақ көтерді. Бұл жағдай ХХІ ғасырдағы алғашқы жаһандық экономикалық дағдарыстың ортасында болды. Қалаларда тіркелген некелердің саны 2023 жылы 80 мыңға, ал ауылдық жерлерде 40,9 мыңға дейін азайыпты.
Ажырасу саны да рекордтық минимумға жетті: өткен жылы 16,8 мың ажырасу тіркелген. Некенің ең көп саны Алматыда (13,1 мың), одан кейін Түркістан облысы (11,8 мың) және Астана (10,4 мың) қалаларында тіркелген. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 1,5 мың. Ажырасудың ең көп саны да Алматыда (2,3 мың), одан кейін Қарағанды облысы мен елордада – әрқайсысында 1,5 мың ажырасу тіркелген. Ең аз ажырасқан Ұлытау облысының халқы – бар-жоғы 198.
Қазақстанда 2023 жылы некеге тұру көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,46-дан 6,07-ге дейін төмендеді. Некенің ең жоғары көрсеткіші елордада болды – 1000 адамға шаққанда 7,46. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында. Ажырасу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,84-ті құрады, өткен жылы 0,89 болған. Ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында болса, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында болды.
Ажырасудың жоғары көрсеткішіне қарамастан, Қазақстандағы жастардың 82,5 пайызы (18-29 жас) болашақта некеге тұрып, балалы болуды қалайды.
Ажырасу деңгейі жоғары елдердің ондығына сонымен қатар Гуам, Ресей, Молдова, Беларусь, Қытай, Аруба, Литва және Доминикан Республикасы кіреді.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде жұмыссыз жастарға қомақты қаражат беріледі. Гранттық жобаға өтініш беру басталып та кетті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегіне сүйенсек, еліміздің 20-ға жуық өңірінде жұмыссыз жастарға грант беру басталған. Өтінімдерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Қаражат мөлшері 1 миллион теңгеге дейін.
"Zhas Project" жобасына 18-34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыспен қамтылмаған) қатыса алады.
"Zhas Project" жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады", - делінген министрлік хабарламасында.
Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар бөлінеді.
"Болашақта 280 жоба іске асырылатын болады. Өтінімдерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын үкіметтік емес ұйымдардың байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген ", - делінген ақпаратта.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Еліміз әлемдегі бақытты мемлекеттер елулігіне енді. Тіпті қазақстандықтар қытайлықтарға қарағанда бақытты болып шықты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, бұл туралы БҰҰ және Gallup халықаралық зерттеу компаниясы мәлімдеген. Ғалымдар мемлекеттердің өмір сүру сапасын талдаған. Халықтың жай-күйі, психологиясы, экономика мен әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығы, өзін еркін сезіну, тіпті жемқорлық факторларына дейін зерттелген.
Сонымен әлемдегі ең бақытты ел қатарында Финляндия, Дания, Исландия, және Швеция мен Израиль енген. Бақытты елдер ондығында Австралия да бар.
Ал азуын айға білеген АҚШ 23-орында, Ұлыбритания 20-орынға табан тіресе, Қытай 60-шы орынға шықты.
Қазақстан халқы қытайлықтарға қарағанда бақытты болып шықты. Ол 6,188 индексімен 49-орынға ие болды. Тіпті Жапониядан да асып түскен. Аталмыш мемлекет бұл тізімде 51 орынға тұрақтаған.
Айта кетейік, ең бақытты мемлекеттер тізімінің соңында Ауғанстан тұр.
Тағы басқа мақалалар...
19 ішінен 58 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.