ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Казгидромет елдің 13 өңірінде ауа райы қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Закон.кз-ке сілтеме жасап.
"Республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райына Атлантикалық циклонымен байланысты атмосфералық құбылыстар әсер етеді, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды құбылыстар көбірек көрініс табады деп болжанады", - делінген синоптикалық болжамда. Яғни, Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжанады. Ал Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығы - Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыста соққан желдің екпіні 23 м/с, Жезқазғанда 15-20 м/с дейін жетеді.
Қарағандыда көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірде соққан желдің екпіні 23-28 м/с құрайды. Таңертең және түстен кейін Семейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Өскеменде таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Оралда күндіз көктайғақ болуы ықтимал.
Қызылорда облысының шығысында, орталығы Қызылордада да тұман болады деп күтіледі. Облыс орталығында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с дейін. Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары. Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтөбеде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығы – Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Қостанайда қарлы боран, түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанның футбол құрамасы Ұлттар лигасында бір саты жоғарылады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ондағы дерекке сүйенсек, ел футболшылары биылғы маусымда С дивизионында өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге жеткен. Тіпті 2022/23 жылғы маусым қорытындысы бойынша өз тобында жеңімпаз атанған құрама Әзербайжан, Словакия мен Беларусь командалары жеңді. Осылайша 13 ұпаймен көш бастады.
Енді жаңа маусымында Қазақстан құрамасы В дивизионында өнер көрсетеді. Бұл дивизионда азулы қарсыластар жетерлік.
В дивизионы
Бірінші себет: Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс
Екінші себет: Финляндия, Украина, Исландия, Норвегия
Үшінші себет: Словения, Ирландия, Албания, Черногория
Төртінші себет: Грузия, Греция, Түркия, Қазақстан
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алған. Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің (СОР28) ашылуына дейін бірқатар мемлекет басшыларымен және басқа да жиынға қатысушы тұлғалармен әңгімелесіп, пікір алмасты. Сонымен қатар, Еуроодақ Президенті Шарль Мишель, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр, Мажарстан Президенті Каталин Новак және АҚШ Президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керримен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті орталықта Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Андорра Премьер-министрі Ксавьер Эспот Саморамен пікір алмасты.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір тынысы туралы мәлімет берді. Сөзінше жақын жылдары үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, саяжайда тұратын тұрғындар жағдайы жақсармақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Марат Сұлтанғазиев өңірдегі тұрғындар мәселесі саяжай жайының болашағын түсіндірді. Сөзінше көп жылдан бері өзекті мәселеге айналған саяжайларда инфрақұрылым толық жүргізілмеген. Салдарынан ондағы халық зардабын тартып келеді. Әкімнің айтуынша, енді оларды жақын маңдағы елді-мекендерге қосып, бас жоспар аясында газ тарту, жол салу, қоғамдық көлікпен қамту жолдары шешілмек.
“Саяжайлар маусымдық сипаттағы үйлер болғандықтан инфрақұрылым жүргізілмеген. Жыл 12 ай тұруға арналмаған 674 саяжайларда бүгінде 188 мың адам тұрады. Оларда елді мекен мәртебесі болмағандықтан стандарттарға сай жолдармен, сумен, кәріз жүйесімен, газбен, көшелерді жарықтандырумен қамтамасыз ету мүмкін емес. Облыс бойынша шығатын сыни ақпараттар саяжайларға байланысты. Биыл барлығы 37 елді мекенді қамтитын 12 жаңа маршрут ашылды. Оның ішінде 4-еуіне мемлекеттік автопарк қызмет көрсетеді. Былтыр субсидия көлемі 200 млн теңге болса, биыл 1,3 млрд теңгеге дейін көтерілді. Бұл әлеуметтік бағыттардың санын 59-ға жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар мектеп оқушыларын тасымалдау үшін биыл қосымша 34 автобус сатып алынды", - деді Марат Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ, облыс басшысы үш ауысымды мектеп жайына да тоқталды.
“Білім беру саласындағы негізгі басымдық – үшауысымды оқыту мен орын тапшылығын жою. 2023 жылдың басында облыста 52 үшауысымды мектеп болды. Биыл 14,4 мың орынға арналған 10 мектеп тапсырылды. 5-еуі жылдың соңына дейін беріледі. Келер жылы үшауысымды мектептер 39-ға дейін қысқарады. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2024-25 жылдары 54,6 мың орындық 53 мектеп салынады. Осының нәтижесінде үшауысымды мектеп мәселесі шешіледі”, - деді өңір әкімі.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда жантүршігерлік жағдай. Бүгін таңда жертөледегі хостелден өрт шығып 59 адам эвакуацияланды. 13 студент тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қаза болған студенттердің 9- қазақстан азаматы, қалған 2-і Ресей, екеуі Өзбекстан азаматы.
Айта кетейік, өрт туралы хабарлама таңғы сағат 5:33-те түскен. 1 сағатқа жуық уақыт аралығында 30 шаршы метрге жайылған жалын сөндіріледі. Ондағы 59 адам эвакуацияланып жақын маңдағы мектепке жеткізіледі. Тағы іздестіру кезінде 13 студенттің өлі денесі табылып отыр.
Көп ұзамай бұл жағдайға байланысты Мемлекет басшысы көңіл айтты. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігі өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінетінін және қаза тапқандардың денелерін туыстары көрсеткен жерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға көмектесетінін хабарлады. Одан бөлек, Алматы қаласы аумағында жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толық көмек көрсетеді. Сондай-ақ қаза тапқан шетелдік азаматтардың отбасыларына да мәйітті жерлеу орнына дейін тасымалдауға жәрдем жасайды.
Көп ұзамай өрт себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді.
Осылайша төтенше жағдайлар министрі өрт болған жерді қарап шықты. Әрі хостел салудағы норма бұзылғанын мәлімдеді.
«Кәсіпкер жертөлені хостел ретінде қайта жабдықтауға тыйым салу туралы норманы мақсатсыз бұзды. Мемлекеттік органдар тарапынан хостелді ұйымдастыруға рұқсат берілген жоқ», - деді Сырым Шәріпханов.
Өрттің шығуы мен адам өлімінің себептерін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. ТЖМ жедел тобы жұмылдырылды.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздегі ірі кен орындарда мұнай өндіру қысқарды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министр кеңесшісі Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша, ауа райының қолайсыздығына және Каспий құбыр консорциумында (КҚК) қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру қысқарған.
"Қазір еліміздегі ірі кен орындарында өндіру көлемінің төмендеуі 56% болып отыр. Энергетика министрлігінде жағдайдың қанша уақытқа дейін қалыпты жағдайға келетіні туралы деректер жоқ. Жақын арада қысқарту және өндірісті түзету өз деңгейінде қалады. Ауа райы жағдайларына және КҚК қабылдауға шектеулерге байланысты Теңіз кен орнындағы тәуліктік мұнай өндіру 39 мың тоннаға дейін төмендеді, бұрын бұл көрсеткіш тәулігіне 84 мың тонна болатын", - деді Шыңғыс Ілиясов.
2023 жылғы 27 қарашада Новороссийск теңіз портындағы дауылды жел мен күшті толқындарға байланысты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалы арқылы экспортталатын қазақстандық мұнайды жөнелтуді тоқтатқаны белгілі болды. Терминал орналасқан Новороссийск теңіз портында боран салдарынан мұнайды ауыстырып тиеуге бірнеше рет шектеу жарияланғаны хабарланды.
Тағы басқа мақалалар...
64 ішінен 87 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.