
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 326 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/a7WL16YI1i4?si=Ir9_Xkx6_5PhRrXy"
Президент Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты.
Шалва Папуашвили Грузияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады. Оның айтуынша, Тбилиси Астанамен жан-жақты байланыстарды, соның ішінде көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ниетті. Бұл ретте Грузия Парламентінің спикері Мемлекет басшысының Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамыту туралы бастамасын қолдады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 584 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oUL2bZSbThs?si=FXF5lP6FYe7jGLfQ"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 495 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/osAQlZFrVO0?si=2eaDgpscpgRu7DyV"
ҚР машина жасау және көлік ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы,техника ғылымдарының докторы,профессор,академик Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың 90 жылдығына және еске алуға арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Талай шәкірттерге білім нәрін сепкен тұлғаның алдынан шетелдік студенттер де тәлім алды. Сегіз қырлы болған академик тарих пен қоса өлең жазатын ақындық қасиетін қатар алып жүрді. Тәлімін алған шәкірттері бүгінде елімізге ғылымның,білім салалары бойынша қызмет атқарып жүр.
БАЯН САЗАНБАЕВА ПРОФЕССОР

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 492 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/upmvPozSzx0?si=QpYpAPeHYStBoLGj"
Алматыда Ұлттық Қазақстандық Халықаралық «Демікпе Жəне Аллергия» тақырыбына арналған басқосу ұйымдастырылды.Шараға Еуропа елдерінің білікті мамандары қатысып, айтулы індетпен күресудің тиімді жолдарын талқылады.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Екі күнге созылатын конференцияға Италия, Австрия, Түркия, Литва, Латвия, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан елдерінің жетекші аллерголог мамандары қатысты.Әлемдік дәрігерлердің алаңдайтын жағдайы бар,өйткені демікпе және аллергиялық індеттің жасарып бара жатқаны байқалады.ХХІ ғасыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша аллергиялық аурулар ғасыры болып саналады. Халықаралық статистика жыл сайын аллергиялық аурулардың орта есеппен 15-20%-ға өсетінін көрсетеді.
СВЕТЛАНА СҰЛТАНҒАЗИЕВА С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ ПРОРЕКТОРЫ
Мамандар айтулы ауруға шалдығу экология мен дұрыс тамақтанбаудан бөлек, антибиотиктерді бақылаусыз қолдану, стресстік жүктемелердің жоғарылауы және салауатты өмір салтына бейжәй қараумен байланыстырып отыр.Ең қызығы аллергия мен демікпе дертіне,жаңа туылған балалардың шалдығуы жиілеп кеткен.
ЖАНАТ ИСПАЕВА «АЛЛЕРГОЛОГТАР МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ» БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ, М.Ғ.Д, ПРОФЕССОР: «Елімізде бiрнеше жылдар бойы респираторлық аурулар, оның iшiнде ең қауiптi аллергиялық аурулардың бiрi болып табылатын бронх демікпесі бірінші орында тұр. Қазақстан Республикасында 100 000 тұрғынға шаққанда бронх демікпесімен ауыратындардың жалпы саны 2021 жылы 162,6-ға, 2011 жылы 43,9 адамды құрады, бұл 4 есеге жуық өскенін көрсетеді. Оның ішінде ең көп үлес 0 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі және сәйкесінше 64,8 және 107,2 пайызды құрады.Осыған орай біздер әлемге аты танымал мамандармен тізе қосып, еңбек етіп жатырмыз.Мақсатымыз сапалы ем көрсету жолдарын дамыту».
STEFANO DEL GIACCO ЕУРОПАЛЫҚ АЛЛЕРГОЛОГТАР МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ,MD, PhD,ПРОФЕССОР: «Мұндай кездесулер білімдерді байытуға, тәжірибе алмасуға ықпал ету арқылы аллергиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар індеттің дамуына тежеу болады. Біз Қазақстандық мамандармен жақсы қарым-қатынастамыз, бірлесіп еңбек етіп келеміз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 504 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BXw2VFy26og?si=aTT0PBK7u9oVXvsW"
Бөгеттер мен су қоймаларын салуда бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды. Алматы, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында су бөгеті салынып, оны күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілу керек болған. Алайда, өзара сөз байласқандар, жұмысты аяғына дейін жеткізбей қазына қаражатын ұрлаған. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды деді Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде,-деп атап өтті ол. Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке бірнеше кәсіпорындар анықталды. ЖШС Алматы қ. «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы,аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуде. Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 311 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wlwNZIIny9M?si=ep6fNr27pbKCJVz2"
Ынтымақ түбі — игілік. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты СҚО ардагерлерінен құрылған еріктілер тобы Алматыдан келген құтқарушыларды тамақпен қамтамасыз етіп, көпке үлгілі іс көрсетуде. Ынтымағымызды нығайтып жүрген ардагерлердің ең жасы 60-та.
Арқа сүйер үлкен буыннан жиналған еріктілер тобында 40 жуық адам бар. Ұйымшыл топ бірлесе қаржы жинап, күн түн демей қызмет етіп жатқан құтқарушыларға жәрдем беруде.
БЕЙБІТ АБИЛЕВ СҚО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Мына біздің облыстық ардагерлер кеңесінің жанында еріктілер тобы құрылған. Осы топтың ішінде 34 кісіден астам жас зейнеткерлер одан жоғары жастары жоғары зейнеткерлер бар. Солардың енді бізде тоже басқа да еріктілер бар ғой. Жастар еріктілер бар, қоғамдық ұйымдардан еріктілер бар осы солар сияқты біз бүгінгі осы қиын жағдайда еріктілер тобы осы келген құтқарушыларға осындай көмек көрсетеміз деп осыларға осындай шараны ұйымдастырып отырмыз».
Бөгеттерді бекітуге қол созғандардың қатарында ардагер еріктілер де бар. Сондай ақ, олар зардап шеккен аудандарды аралап, жаднамалар таратып біраз көмектерін тигізген.
ЖАРҚЫНБЕК ЖҰПАРБЕКҰЛЫ СҚО №18-ШІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:«Қазіргі таңда Петропавл қаласында тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға су тасқыны бойынша жаднама таратылып, сонымен қатар су тасқыны болған кезде қай жерге бару керек, қандай іс қимыл жасау керек бойынша құызмет атқарып жатырмыз. Қызмет атқару барысында тұрғын үйлерде үлкен кісілердің жалғыз болуына байланысты сонымен қатар шыға алмай жатқан, көтере алмауына байланысты сондай қызметтер жасап, халыққа көмек көрсетіп жүрміз».
Статистикаға сүйенсек, Петропавл қаласының өзінен 500 жуық ерікті көмек көрсеткен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 466 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KLGE85wrYQE?si=FL848Mnef0IXD8he"
«Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. Жер –жерді су басып, халық басына күн туған сәтте бұл қуанышты жаңалық дейді пойыз ішіндегі жолаушылар. Жас ана жүктілігінің соңғы айында Павлодардан Түркістанға жолға шығыпты. Келіншектің жанында өз анасы болған. Талдықорғанға жақындағанда толғағы қысып, вагон ішінде екі жолсерік оны аман-есен босаныдырып алды. Қазір баланың да ананың да жағдайы жақсы. Олар Сары-Шаған станциясында жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Дүниеге келген қыздың есімін Мереке деп атапты.
7 мыңнан астам адам су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен шығарылды. Қазіргідей қысылтаяң уақытта осы пойыз ғана қауіпсіз көлік құралы болып тұр. Жолаушыларды тасымалдар акционерлік ұйымы да күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Атырау облысының тұрғындарын тасымалдау үшін бүгін арнайы «Атырау-Құлсары-Мақат» және «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша бір реттік пойыздардың жүруі ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған компанияның ресми өкілі хабарлады.
НАРИМАН ДЮСЕКЕЕВ «ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ» АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Жолаушылар тасымалы» АҚ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етуде. Елдің кейбір аймақтарында теміржол көлігі адамдарды тасымалдауға арналған жалғыз құрал болып есептеледі.Су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен барлығы Қарағанды облысы бойынша – 250–ге жуық адам, Атырау облысы бойынша-6,8 мыңнан астам адам шығарылды. Сондай-ақ, Балқаш қаласының тұрғындарын тасымалдау үшін «Балқаш-Қарағанды» қатынасындағы пойызға бір реттік пойыздар мен қосымша вагондар енгізілді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 460 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-DDIttwGMgU?si=pCLpdZBkfybimj_p"
Денсаулыққа қасақана зиян келтіргендер енді қылмыстық жазаға тартылады. Бұл әйелдер құқы туралы жаңа заңда жазылған норма. Бүгін Сенат заң жобасын қабылдады. Сондай-ақ жоғары палата депутаттары бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжатты да қоса мақұлдады.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені, ұрып-соққаны және суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Өз кезегінде сот қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілей алатын болады. Бұған қоса, буллинг, кибербулинг, балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/i0PxjA6__60?si=WbhQ_zgU8f00rgae"
Ресейден келетін судың көлемі БҚО сәуірдің 10-ы мен 13-ші күндеріне қарай көтерілуі мүмкін. Сол себепті, Оралдағылар Жайық өзенінің ойпаң тұстарына биік бөгеттер жасауда.
НҰРТІЛЕУ ШАЙДЫҒАЛИЕВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: «Қаланы су басу қаупі төніп тұр.Ең төменгі нүктелер Курни ауданы, юнатов станциясы»
Курини ауданының осы аумағында үш мыңға жуық халық мекендейді. Халықтың қауіпсіздігі үшін 20 шақты құрылыс компаниясының 200 арнайы техникасы барлық шараларды жасауда. Ал, Жайықтың жағдайы жайлы болмай тұр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше бұндай оқиға соңғы рет 2011 жылы болған. Бойларын үрей билеген қара халық, күнде өзен жағасын бақылаумен отыр.
ТҰРҒЫН: «Қорқынышты. Қатты ағыс мына бөгетті жарып кете ме деген ой да келеді. Бірақ барынша жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Оңай болмай тұр. Буынып-түйініп дайын отырмыз».
Осында орналасқан 55 бау-бақша серіктестігінде 10 мың адам өмір сүруде. «Азаматтық қорғаныс туралы» заңға сәйкес сейсенбіден бастап саяжайлардағы жарық пен көгілдір отын ажыратылатындықтан, әкімдіктегілер тұрғындарға тезірек қауіпсіз жерге көшуге үндеу айтуда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 486 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jKskz8j10_A?si=W1RmpMX_LpIybxzs"
Су тасқынына қатысты еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Өңірлерде ахуал әлі де оңалар емес. Топан су басқан аймқатрдан 97 мыңнан астам адам құтқарылған. Оның 32 мыңнан астамы бала.
Бүгін Жабай өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Солтүстік Қазақсан облысы Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірде шұғыл штаб өз жұмысын бастады. Эвакуциялау пункттері ашылып, онда құтқарылған адамдарға ыстық тамақ пен сусын беріліп жатыр. Жергілікті билік халықты сабырға шақырады. Жалпы республика бойынша қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңнан астам адам орналасытырлған. Оның 4 мыңға жуығы бала.
ЕРАСЫЛ САЙПАШ ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:«ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам және 3 мыңға жуық бірлік техника мен 15 әуе кемесі жұмылдырылды. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы ТЖ әрекет етеді».
Атырауда да жағдай мәз емес. Зардап шеккендердің барлығына дерлік көмек көрсетіледі дейді жергілікті билік. Бұл өңірде тұратын осал топтағы азаматтарға екінші тоқсанға тағайындалатын әлеуметтік көмек автоматты түрде беріледі. Қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер беру кейінге қалдырылады. Атырауда еріктілер кезекшілікпен жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.
АҚБӨБЕК ТӘТТІБЕКҚЫЗЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЕРІКТІЛЕР ФРОНТ ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда әр бағыттағы волонтерлер кезекшілік қызметпен бөлініп жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің қолдауымен түскі ас, көмек қажет жерге жөнелту үшін арнайы автобустар бөлінді. Атырау облысында ТЖ табиғи сипатта жарияланғаннан бастап 10000-ға жуық волонтер қызмет етуде және басқа да облыстың волонтерлерінің қолдауымен облысқа гуманитарлық көмекпен қатар волонтерлер де өз көмектерін көрсетуге келуде».
Қостанайда болса ахуал сәл тұрақталғандай. Су тасқынынан зардап шеккен халық ақырындап үйлеріне оралып жатыр. Торғайдағы барлық эвакуциялық пункт жабылды. Ондағы 600 адам үйлеріне қайтты. Біржолғы төлем төлеу басталды деді облыс әкімі. Ал, шығыста жағдай ерекше бақылауға алынған. Тасқын қаупі күтіледі. Себебі, қазгидромет алдағы үш күнде күн жылынып, жаңбыр жауады деп болжайды.
АЛИНА ИСМАҒҰЛОВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады деп күтілуде, 11-12 сәуірде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болды. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады деп күтілуде».
Су тасқыны үкіметтің жіті бақылауында. Билік жауапты мамандарға ауыз судың сапасын қатаң тексеруді тапсырған. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысында арнайы зертхана екі сағат сайын ауыз судың сапасын тексеріп отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 454 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Jrw3gPd1ICQ?si=VE8Pk9nz-Q8qDd4U"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 404 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0VkIarAQ8RY?si=aB0ZGh6Rq_3FojbQ"
Халықты алдап, заңсыз автонесие рәсімдегендер ұсталды. Алаяқтар кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған. Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз немесе осы іске қатысы бар қандай да мәлімет білсеңіз полицияға хабарласыңыз!
ҚАЙРАТ АРТЫҚОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады».
Тағы басқа мақалалар...
104 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.