
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 380 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9bi9k_YcxDs?si=RUYbDNn3WfrrUmvY"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитіне дайындық жүріп жатқанын айтып, аталған іс-шараның еліміз үшін мәні зор екеніне назар аударды. Президент ШЫҰ кеңістігіндегі ұжымдық қауіпсіздіктің рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесулері айрықша өзекті екенін тілге тиек етті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Өткен жылы әлемде өңірлік және жергілікті деңгейде 183 қақтығыс болды. Жанжалдардың саны шамамен 30 пайызға артқан. Бұл – соңғы отыз жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар қақтығыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттерінің жаһандық циклы белең алып келе жатыр деп санайды. Осы ретте халықаралық терроризмнен де төнетін қауіп күшейіп келеді».
Мемлекет басшысының айтуынша, таяуда көптеген бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған Мәскеу облысындағы қайғылы оқиға лаңкестердің зорлық-зомбылықтың ең қатігез әрі зұлым тәсілдерін қолданатынын көрсетті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын бірден мәлімдеді және Ресеймен бірге екенін білдірді. Екі елдің арнаулы қызметтері терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұдайы байланыста. Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетті бүкіл әлем, соның ішінде бүгін өздеріңіз өкілі ретінде келіп отырған елдер де қатаң айыптады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кінәлілердің бәрін жауапқа тарту қажет екенін, сондай-ақ терроризммен күрес мәселесінде халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ең бастысы, болған істен дұрыс қорытынды шығарып, нақты шаралар қабылдау керек. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, террорлық қауіп-қатерлерге лайықты төтеп беруге тиіспіз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 452 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/A7k9fMQtAME?si=6uKhiTaeQlACLk-k"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 675 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OGBQ5JK1ZLs?si=ma62-aSB66gvL5x0"
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.Осыған орай аталмыш тақырыпты қаузаған форум ұйымдастырылған болатын. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылуда.Аталмыш құжаттың басты мақсаты адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Алматыда орын алып отырған форумда соған бағытталып отыр.
Қазіргі жастарда барлығы бар, тек ата мен әженің қарапайым, тәрбиесі жетіспейді.
САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Ақыл кенін арқалаған аталар мен ақ жаулықты әжелер» форумында бабаларымыздан келе жатқан рухани дәстүрлеріміз, құндылықтарымыз насихатталды. Халқымыздағы әдептілікке бастау болған ырымдар мен тыйымдардың мәні ашып, ата-әжелерден берілетін құндылықтар сөз болды.
АЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛАМТЫ ҚАЛАЛЫҚ №207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Білім шаңырағының ауласында «тоғызқұмалақ», «арқан тартыс», «асық ату», «қол күрес» ойындары ұйымдастырылды.Сонымен қатар ұлттық өнермен таныстыру мақсатында шаш өру, құрақ тігу, кесте тігу, тоқыма тоқу, ағашқа сурет салу секілді ұлттық құндылық тақырыбындағы көрме келушілердің назарына ұсынылды.
САНДУҒАШ МҰСАБАЕВА «SEN» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 349 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PaTwl6DgDg0?si=9fUT25Yqurvtr85s"
Алматы полицейлері адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыстық топ мүшелері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, оларды заңсыз бас бостандығынан айырған. Ол аздай бұл адамдардың атынан қайтарымсыз несие алған. Күдіктілер Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірінен ұсталды. Алдын ала болжам бойынша келген шығын көлемі 200 млн теңгеден асады.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 403 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rDhD5u-DvV4?si=I-oUxl0kDvEqOLuV"
Көлік тіркеуге қатысты заңсыздықтар әлі де анықталып жатыр. Жалған құжат арқылы Еуропадан Қазақстанға 83 жүк көлігін әкелгендер ұсталды. Олар Қостанай облысының тұрғындары. Әбден бармақ басты, көз қысты әрекетке бейімделіп алғандар 2020 жылдан бастап үш жыл бойы Қазақстан аумағына жалған құжатпен еш кедергісіз жүк көліктерін тасып отырған. Салдарынан мемлекетке келген шығын 591 млн теңгені құрады. Бүгінде күдіктілердің бар мүлкі тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралармен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленген. Сот санкциясымен жоғарыда аталған көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 462 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UbnabRj4PbQ?si=OwX-5GiwOX4HLzwm"
Ақмола облысында тасқын судың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте елорданың іргесіндегі Аршалы ауданының аумағынан 13 мың текше метрден астам су сорылды. Ал, Жібек Жолы ауылында түнгі уақытта су деңгейін қадағалап отыру үшін мобильдік бекеттер құрылған. Целиноград ауданында құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
Жібек жолы елдімекенінде 15 үй су астында қалуы мүмкін. Төтенше жағдайға байланысты 120-ға жуық адам мен 35 техника жұмыс істеп тұр. Есіл өзенінің жағасындағы бөгетті нығайту мақсатында құм салынған 800 қап төселген.
ЕРЖАН ЖОЛЫМБЕТОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АРШАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Осы күні су деңгейінің төмендегені байқалады. Аршалы ауданының әкімдігі наурыздың 20-нан бері қажетті шараларды қолданып жатыр. Жағдай бақылауымызда».
Аршалы, Жібек жолы, Жалтыркөл, Елтоқ және Константиновка ауылдары су басу қаупі жоғары аймақ деп танылған. Целиноград ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілуде. 55 техника, 70-тен астам мотопомпа дайын. Аудан аумағынан 4 мың текше метр қар шығарылған.
ТАЛАПТАН ДАУЫЛТАЕВ ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
«Қараөткел ауылы бойынша 125 мың текше метр қар шығарылды. Полигонға. Облыс бойынша 17 әскер келді. 10 мотопомпа алып келіп қойдық. Кеше Астана қаласынан келді мчсниктер.Үйдің ішіне су кеткен жағдай жоқ. Аулалардың ішіне су толып жатыр. тек қана соларды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 385 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pdzEN29TrnQ?si=COvAS_BPn_64bLTR"
Бүгін Алматыда таңғы сағат 8 шамасында «Young man» маркалы №7 троллейбус өртенді. Өрттің алдын-ала себебі - пештің үрлеу қозғалтқышында болған. Көлік тізгіндеуші Болат Тілеубердиевтің сөзінше, рейс алдында ол сағат 5:45-те медициналық тексеруден және көлікті 6:00-де техникалық тексеруден өткізген. Тілсіз жау жүргізушінің кабинасында басталған. Аялдамаға жеткен соң, өрт сөндіру бөліміне хабар беріліп, уақытында ауыздықтаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
ЖАНДАУЛЕТ ЕРТІЛЕС АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №15 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 421 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kSNIuGc9Obs?si=ELbETv7h7BXNDkO6"
БҚО біраз аудандарында жағдай тұрақталмай тұр. Табиғи апаттан зардап шеккендерге әлі де көмек көрсетілуде. Десе де ағын суға адам түгіл, техниканың да шамасы әзер жетуде. Салдарынан қаншама халық баспанасынан айырылды. Енді, Орал қаласы да қауіпті аймақтардың тізімінде. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Тасқыннан зардап шеккен ауылдардың қатары көбеюде. Солардың көшін Теректі ауданының Аңқаты ауылы бастап тұр. 27-ші наурыз күні түнде 51 үй су құрсауында қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ауылға тек қайық ғана қатынай алады. Ауыл тұрғындары орталық ауылдағы мектеп-интернатқа орналастырылды
САМАЛ НИЯЗОВА АҢҚАТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
1 метрден астам су үйдің саутамдығын қалдырмаған. Жиған мүлік пен қоса төрт түліктері де суға кеткен. Ішерге азық болып отырған мал шығыны ауыл тұрғындарының жанына батты.
БЕКЕТ ЕСҚАЛИЕВ АҢҚАТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
ҒАЛИ ЖҮСІП АҢҚАТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Аңқатыға кіретін жалғыз жол арнайы қазылып, ағын судың нөперін азайту жолдары қарастырылуда. Осы жол арқылы халыққа қажеттінің барлығы тиісінше жеткізілуде.
БҚО 384 үй, 21 жолды су басып, 30 жолды су шайып кеткен. Биліктегілер шығынды есептеп, халыққа көмек көрсетілетінін айтты.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Қас пен көздің ортасында қолдағы бардан айырылып, жан жақта қалған ауыл тұрғындары мәселелерінің оң шешім тапқанын қалайды.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Қазір 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерде. Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлер жарамсыз күйде қалды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 448 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uO73vkHMpz0?si=qsFrNce2knnV7sjK"
Тасқын толастар емес. Күнде бір өңірде табиғи апат. Енді бүгін Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды.Себебі, өңірде жағдай тым қиын. Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлер су астында қалды. Ал, күннің күрт жылынуына байланысты Астана маңындағы елді – мекендерге де қауіп төнді. Елордаға жақын маңда орналасқан Қосшы, Тайтөбе, Қошқарбаев ауылдары судың астында қалуы әбден мүмкін. Бүгін Үкімет отырысында шенділер осындай болжам жасады. «Бәрінен қымбат әрі маңызды ол – адам өмірі» - деген Премьер-Министр жауаптыларға осы қауіпті кезеңде аяқтан тік тұрып, елге қызмет көрсетуді бұйырды.
Еліміз бойынша жағдай күрделі. Тасқын су басталғалы төтеншеліктерден маза кетті. Күнге де түнге де қарамай құтқарушылар осы күндері 16 мыңға жуық адамды аман алып шығып, қауіпсіз жерге көшірген. Оның 6 мыңы бала. Соңғы ақпарат бойынша 5 өңірде 1 405 жеке үй, 372 аула, 99 саяжай және 10 ғимарат су астында қалған.
БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
«Су тасқынның жағдайы тұрақты-күрделі, батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыс қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Бұл жерлерге дереу күштік құрылымдар жіберіліп, техникалық құралдар жұмылдырылды. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда».
Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында жағдай тұрақталып қалды. Қарағандыдағы екі ауылдың тұрғындары ақырындап үйлеріне оралып жатыр. Деседе бойында үрей қалған ел, толық жаз шықпай үйлеріне кіруге қорқуда. Енді Батыс, Орталық және Солтүстікте жағдай күрделенуі мүмкін деп болжанады. Астана маңындағы ауылдарға да қауіп бар.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Астана су қоймасына 26-30 наурыз аралығында 150 млн текше метр су түсті. Бұл су тасқыны кезінде орташа көп жылдық түсімнен едәуір асып отыр. Астана су қоймасынан судың төгілуін болдырмау үшін 29 наурызда Есіл өзенінің арнасын жуу үшін төменгі бьефке су жіберу жүзеге асырылды. Нұра өзені арқылы Преображен су торабына шамамен 4 сәуір айына 2500 м3/сек су ағыны күтілуде. Қошқарбаев, Қосшы, Тайтөбе елді менкендерін су басу қаупі төніп тұрғанын айтты. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар тиісті шараларды қамтамасыз ету керек».
Ал, экология министрлігі болса, бар кінә жергілікті атқа мінерлердің өзінде дейді. Айтуынша, қазгидромет те, экологтар да желтоқсаннан бастап дабыл қаққан. Алайда, әкімдер қамданбады, ексертуге ешкім құлақ аспады деп отыр.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ҚР ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ: «Желтоқсан айының өзінде өңірлер бөлінісінде су тасқыны қаупі бар учаскелер айқындалып желтоқсан, ақпан және наурыз айларының басындағы болжамдарда көрсетілді және әкімдіктер мен орталық органдарға жолданды. Алайда әкімдіктер болжамға қажетті деңгейде назар аудармады, осы себепті су тасқыны қаупіне тиісті баға берілмеді және уақтылы алдын алу шаралары қабылданбады».
Ел басына күн туғанда етігімен су кешкендерге Үкімет басшысы алғыс айтты. Зардап шеккендердің ешқайсысы да көмексіз, назардан тыс қалмайды деп сендірді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Әкімдіктер жергілікті жерлерде зардап шеккен тұрғындарды шығынды өтеу алгоритмі және үй салу үшін көрсетілетін көмек туралы атаулы түрде хабардар етуге тиіс. Зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Бәріне көмек берілетін болады».
Су басқан үйлердің мәселесі жақын арада шешілмек. Енді салынатын жаңа үйлер үшін арнайы құрылған комиссия қауіпсіз жер таңдап алады. Алдын ала болжам бойынша жаңадан салынатын үйдің бір құны 22 млн теңге болуы мүмкін. Қаржы алдымен жергілікті бюджеттен бөлінеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы жақын күнде осы су тасқынан зардап шеккен бір облысқа іс-сапармен барады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 432 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/spMPr1HrL_U?si=R9t5cDmUTRJKHecz"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 402 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bpa4Kao4uKQ?si=p5qw9KXsAI1EQr4h"
Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар жылдар бойы өзінен әлсіздерді ұрып-соғып, мүліктерін тартып алып, қаражаты барлардан ақша бопсалаумен айналысқан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері екені белгілі болды.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 559 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZZSi414tREU?si=_fU3FgtjlE9G8Z5p"
Қызылорда қаласында күйеуі қайнаған сумен әйелін күйдірген. Жәбірленушінің айтуынша бұл жағдай отбасылық жанжалдан туындаған. Опық жеген ана жергілікті полицияға арызданып, оқиғаның мән-жайы тексерілді.
Бес баланың аяулы анасы қорлық көріп, күйеуінің күндеуімен 17 жыл өмір сүрген. Тұрмыс құрғаннан кейін ажырасуға талпынғанымен балалардың болашағын ойлаған ана, жылдар бойы жан жарасын емдеген. 4 қыз 1 ұлға ақ сүт беріп, тәрбиелеп отырған ардақты жанға жұбайының алғашқы әлімжеттігі емес. Отағасынан опық жейтін ана, кейде көршілермен көрісудің өзі ұят дейді.
ЗАРДАП ШЕГУШІ
Бұл оқиға 8 наурыз-халықаралық әйелдер күні орын алған.Даудың басы былай.
Баласы ауырғаннан емхана табалдырығын тоздырған анаға, үй тазалығына шағым айтып күйеуі жанжал бастайды.Ұрыс-керіс бес баланың көзінше, дастархан басында өршіген. Тәтті пісіріп ыстық шәй дайындаған жарына күйеуі, дастарқанмен қоса күйіп тұрған шәйнекті аударған.
ЗАРДАП ШЕГУШІ
Қорлық көрген әйел жазыла салысымен, сот қарауына ажырасуға арызданатынын жеткізді. Елімізде осы секілді зорлық-зомбылық құрбандары күн санап артып келеді дейді мамандар. Жыл басынан бері өңірде тұрмыстық жанжал сипатында 576 өтініш қаралып, оның 64%-не әкімшілік іс қозғалған.
АЙГЕРІМ ЕРБОЛАТ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖПҚБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны былтырғыға қарағанда 2 есеге артқан. Жергілікті полиция қызметкерлері отбасыларға прафилактикалық жұмысты жандандырып, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеп отыр.
Тағы басқа мақалалар...
101 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.