
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 419 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hrAtCnIAfaY?si=DlSgb_8-83RckqPQ"
Елдің бес облысында 5 мыңнан аса үй әлі де су астында. Солтүстікте жағдай тұрақталғандай. Дегенмен, бұл өңірде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деп болжайды мамандар. Батыста ахуал әлі де күрделі. Ал, бүгін бас шаһар Астананың басты көшелерінің бірін су басып қалды.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстары қауіпті аймақ тізіміне енді. Аталған өңірлерде күннің күрт жылынуына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. «Қазгидромет» солай дейді. Қазір еліміздің барлық өңірінде құтқарушылар мен еріктілер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
ДИНАРА НҰРҒАЛИЕВА ҚР ТЖМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 8821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды. 4370 тұрғын үй мен 2737 аула аумағынан судың бағыты бұрылды».
Солтүстікте жағдай тұрақталды. Дегенмен екінші толқын қаупі бар. Сондықтан, теріскейліктерге арқаны кеңге салуға әлі ерте.
ЕВГЕНИЙ ЖУРАВЛЕВ СҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Есіл, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде және Петропавл қаласында су баяу болса да кетіп жатыр. Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Оны біз Сергеев су қоймасына қарап байқап отырмыз. Қазіргі уақытта су бөгет шыңынан 2 м 93 см асты, тәулігіне 18 см артқан».
Оралда ахуал әлі де күрделі. Жайық өзеніндегі су деңгейі 8 метрге жеткен. Ел үрейленіп, жандарын шүберекке түйіп отыр. Ал, төтенше жағдайлар министрлігі болса, халықты тыныштық сақтап, балаларын қараусыз қалдырмай, эвакуациялық пункттерден рұқсатсыз шықпауды сұрады. Айтпақшы, Астананың қақ ортасындағы Ұлы дала көшесін су басты.
Төтеншеліктер бұл қардың қарқынды еруі салдарынан болған жағдай дейді. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органмен бірлесе су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 399 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/V7-qMx1-rhU?si=uVe4W8oUnw2DY87_"
Елімізге ресми сапармен бауырлас елдің Президенті Садыр Жапаров келді. Құрметті қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше ықыласпен қарсы алды.
Қазақ-қырғыз бір туған, белбеулерін бір буған.Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы байланыс қай кезде де берік болған. Ауылымыз аралас, қойымыз қоралас жатқан ел болғаннан кейін экономикалық һәм әлеуметтік тұрғыда мәмілеміз мызғыған емес. Ел басына күн туып, бір қатар өңірлерімізді топан су жуып жатқан шақта,алғаш болып қол ұшын берген қырғыз ағайындардың бұл әрекеті көптеген көршілерімізге үлгі болғаны анық. Міне бүгін қазақ жеріне айыр қалпақты ағайынның басшысы арнайы келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты ерекше ілтипатпен қарсы алды. Келіссөз алдында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ» деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым».
Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан Президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр».
Өз кезегінде Садыр Жапаров қырғыз делегациясына қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.
САДЫР ЖАПАРОВ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Сыртқы саясатымызда ерекше артықшылықтарға ие болған бауырлас мемлекет әрі негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасында ешқандай саяси, аймақтық қайшылық жоқ. Мемлекет басшысы лауазымына келгелі бері қырғыз-қазақ қарым-қатынасы болсын, халықаралық құрылымдарда болсын, маған қолдау көрсетіп келесіз. Біз бауырлас қазақ халқына су тасқыны салдарынан туындаған қиын кезде қолдан келген көмекті беруге дайынбыз. Екі елді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, бауырластық, тату көршілік байланыстар, сондай-ақ ортақ мәдени, рухани және діни құндылықтар біріктіреді. Өзара ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі нығая беретініне сенімдімін».
Бұдан бөлек, келіссөз барысында тараптар саяси, көлік-транзиттік, энергетикалық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 527 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/W3T-Zyviu4I?si=4BdMpdusPlzDPtDI"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 425 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ORZXFQLwZWw?si=FIY1rvKn1ZromggV"
«Шынайы білім фактілерді білуден емес, оларды дұрыс қолдана білуден құралады» дегендей бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейтіп, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру. Осы орайда Жаратылыстану-математикалық пәндерінде білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру бүгінгі заман талабы. Алматы қалалық "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығымен 208-ші мектеп-гимназия өткізген кең ауқымды семинарда Республиканың озық педагогтары бас қосып, тәжірибе алмасты. Мақсат, еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болу. Президент Жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет.
ГҮЛЖАНАТ БАЙБОЛОВА - "ӨРЛЕУ" БАҰО АҚФ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КДИ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІК ӘДІСТЕМЕ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
ГҮЛБАҒДА ЕСЕЙХАНҚЫЗЫ - №208 МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 471 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Yncc_OexyfM?si=E9FjgMUfdLprDRU9"
БҚО Январцев ауыл жағасындағы Жайықтың жағдайы жайлы болмай тұр. Өзен деңгейі бір тәуілік ішінде 30 см көтеріліп, 856 см жеткен. Орал қаласындағы Жайықтың көлемі 781 см.
ОЛЖАС САДЫРОВ БҚО «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бөгеттерді биіктету жұмысына облыс бойынша 8 мыңнан аса адам жұмылдырып, 66 мыңнан аса қапшық төселді.
НҰРЖАН ТӨЛЕУІШ БҚО ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ
Болжамдарға сүйенсек, Оралдағы су деңгейі 9 метрге жетуі мүмкін. Қазір 19 құтқару пунктті үздіксіз жұмыс жасауда. Ал, Ресейдегі Иректі су қоймасындағы судың атқылауы секундына 345 текше метр кубты құрап тұр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 437 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VcYLh_X0280?si=lSxZxWZSj_y_kJfJ"
Осыдан 2 күн бұрын Қызылордаға екі автобуспен 93 атыраулық тұрғын жеткізілген болатын. Қазір олар арнайы қызмет көрсету орталықтарында. Келесі бейне материалға назар аударсақ.
Атыраулық қарашаның 59-ы қалалық Зейнеткерлерге әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, 34 адам И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің жатақханасына орналастырылды. Жергілікті әкімдік барлық жауапкершілікті өз мойындарына алды.
АЛИБИ ТАЙЖАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ
Қазір жауаптылар келушілерге 3 мезгіл ыстық тамақ беріп, оларды толық тексерілуден өткізуде. Қызылорда облыстық "АMАNAT" партиясы қажетті заттарды алып беруде.
ГАУХАР БУРАБАЕВА АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Сырдың халқы Ақтөбе облысына қаржылай 9.8 млн теңге, азық-түлік пен заттай көмекке 67 млн теңге беріп көмектесті.Басқа облыстарға 50 млн теңгеге қажетті заттар алып беріп жіберді. Сондай-ақ, Қызылорда өңірінде бір тәулік ішінде даярланған техникалар теміржол арқылы мақсатты жерге жетті. Айта кетейік, 296 қызылордалық құтқарушы мен 135 техника су апаты болған аймақтарда жүр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 500 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/QMG_hZHujGc?si=xuBB0W5PiFBSrpFF"
Наурызбай ауданы №207 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар-мектеп, оқуға құштар-сынып, оқуға құштар- оқушы» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: Алматы қаласы Құзыреттілік Орталықтың жоспарына сәйкес мұғалімдерге бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті деңгейін және оқушылардың оқу белсенділі мен оқу сауaттылығын арттыруда біртұтас тәрбие аясындағы « Оқуға құштар-мектеп» жобасының жүргізілуін көрсету.
Семинарға Алматы қаласының жалпы орта білім беретін ұйымдарының бастауыш сыныптың мұғалімдері, Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Касымбаева Арай Иманбекқызы, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы білім бөлімінің әдіскері Бралина Назия Ғалымқызы қатысты. Семинарда оқуға құштар жобасын жүзеге асырудағы түрлі әдіс-тәсілдер: шеберлік сағаты, әдеби-шығармашылық кеш, ашық тәрбие сағаты, сахналық қойылымдар көрсетіліп, іс-тәжірибе таратылды.
Семинарға Рамазан Бекбол Батыржанұлы - «Білім және азаматтық қоғам туралы ғылымдар» басқарма басшысы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Байбол Әлібек Уәлиханұлы ‒ жазушы, драматург, әдебиеттанушы-ғалым, аудармашы, Кешубай Тұрсынбек - ҚР Журналистер одағының, ҚР. «Адал» авторлар қоғамының мүшесі, әнші, сазгер, ақын, жазушы, журналист, педагог шақырылып, кездесу өтті. Семинарға қатысушылар алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 386 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Xzs_f_Sw2Uc?si=87M5Rtza3t0ZVqR9"
Маңғыстауға эвакуацияланған атыраулықтар үшін, мемлекеттік материалдық қордан көмек келді. 240 тонна азық-түлік пен кереует, төсек-орын жабдықтары 14 вагонмен жеткізілді. Көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, материалдық резервтен бөлінді. Азық-түлік арнайы қоймаға жиналып, қалған заттар индустриалды паркке жіберілді. Енді ол эвакуациялық пункттерге таратылады. Қазір аймақта Атырау облысынан эвакуацияланған 20 мың адам бар. Оның 2 мыңға жуық тұрғыны арнайы уақытша орналастыру пункттерінде.
ПІКІР САНСЫЗБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мелекеттік материалдық қордан 240 тонна азық-түлік тауарлары өнімдері келді. Оның ішінде 180 тонна 1-сортты ұн өнімдері. 4 тонна макарондар, 12 тонна қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар. Бұл тауарлар эвапункттерге қабылданған өзге облыстардан келген адамдарға арналған. Қазіргі таңда облыста азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 430 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nocKk-gn7kc?si=zEnBtMJ_QRGjTFak"
Қазіргі уақытта Петропавл қаласында тасқын судан зардап шеккендер үшін жалпы 12 пункт жұмыс істеп тұр. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов эвакуациялық пункттерді аралап, тұрғындардың хал ахуалымен танысты.
Атқамінерлер алдымен қаладағы нөмірі 4-ші орта мектебіне аяқ тіреді. Бұл жерді паналап отырған Заречный, Тепличный мен былғары зауыты, Ойқала ықшам ауданынан келген 44 адам барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіліп, құқықтық кеңестер де тегін түрде көрсетіледі.
«1178 мы приняли. Из них в том числе по отсрочке кредитов. Банки работают с нами дают разъяснения надо давать разъяснения. Люди в такой ситуации, надо помогать, разъяснения давать».
Баспаналарынан айырылып күйі қашқан қарашаның қабырғаларына бататыны саяжай тұрғындарына шығын өтеледі ме деген сұрақ.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Ешкім назардан тыс қалмайды. Осы бір жолғы берілетін 100 АЕК көрсеткіш саяжай тұрғындары үшін берілетін болады. Егер сіздердің басқа тұратын жерлеріңіз жоқ болса міндетті түрде ол мәселені де шешемыз. Премьер-министрдің бізге берген тапсырмасы бар. Бүгін де осы сұраққа қатысты жиын өтті. Ал құжаттарға келетін болсақ, барлығын қайта жасап, рәсімдеулеріңіз керек болады».
Нөмірі 43-ші орта мектепте орналасқан эвакуациялау пункте қазір 31 адам бар. Олардың төртеуі кішкентай балалар. Тұрғындармен кездесу барысында зардап шеккендерге көмек көрсетілетіні айтылды. Арнайы комиссия құрылып, шығындарды есептейді. Ал егер баспананы қайта қалпына келтіру мүмкін болмаса, жаңасы беріледі.
«Документы забрать успела- вы в частном секторе живете?- да, барак на 4 хозяина. Сосед заходил, говорит по пояс - поголовье, ничего не держали? - нет, ничего не держали… Я работаю».
Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақханасына да 39 адам орналастырылған. Олардың алтауы бала.
РОМАН СКЛЯР ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Алдымен тұрғындарға пәтерлер ұсынамыз. Жаңадан салынып жатқан пәтерлер бар. Жақсы жиһаздалған үйлерді қарастырып көруге болады. Ал жер үйлерді Солнечный кентінен саламыз. Кәдімгі 80 шаршы метрлік баспаналар болады. Бірақ ол үшін 4-5 ай күтуге тура келеді».
Өңір басшысының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы төлемге 403 миллион теңге бөлінген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 359 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VAUHKfXe2uY?si=EAZhLfCEF0ASyA1z"
Су тасқыны халықты әбден әбігерге салды. Соңғы ақпарат бойынша республикалық маңызы бар 12 автожолда жол жабық. Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында қатынас қиындады. Ақтөбе мен Оралда жағдай мүлдем мәз емес. Саяжайлардан адамдар эвакуацияланып, әскерилер мен еріктілер және төтеншеліктер тәулік бойы жұмыс істеуде.
Батыс Қазақстанда ахуал күрделі. Түнімен саяжайдағы адамдарды құтқару жұмыстары жүрді. Олар қауіпсіз жерлерге орнастырылды. Мұнда көмекке Астана, Қызылорда және Түркістаннан қосымша құтқарушылар тартылған.
ЕРАСЫЛ САЙПАШ ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 18651 адам өз үйлеріне оралды. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 6887 адам, оның ішінде 3166 бала эвакуациялау пункттерінде. 4216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды».
ӘСЕТ АЙТЖАНОВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Ақтөбе облысы бойынша 7 елді мекенде табиғи төтенше жағдай сақталуда. Одан бөлек, Ырғыз ауданы бойынша 5 елді мекенде: Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар. Қазіргі уақытта Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,7 м бөгет салынды».
Теріскейде де жағдай мәз емес. Су үйдің шатырымен бірдей деңгейге көтерілген. Арнайы техниканың көмегімен, мотопомпа арқылы сорылып жатыр. Өңірге өзге аймақтардан 470 тонна гуманитарлық көмек жеткен.
ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендеріне және облыс орталығының Ойқала Тері зауыты, Заречный, Косогор шағын аудандарының бір бөлігін су басты. Бүгінде 2639 үй су астында қалып отыр. Облыс бойынша барлығы 14 388 адам эвакуацияланды. Эвакопункттерде 1073 адам орналастырылған, олардың барлығы күніне үш рет тамақтандырумен, қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақмола облысынан екінші толқынның келуіне байланысты су деңгейінің қайта көтерілуі орын алуда, Сергеев су қоймасына аққан су 21 см-ге артып, 278 см құрады».
Айтпақшы, тасқыннан зардап шеккен азаматтардың тек үйі бойынша емес, көлігі бойынша да компенсация төленеді. Бұл туралы Мәжіліс Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов айтқан болатын. Әр жағдай жеке қаралады. Барлық мүлік есепке алынады деді ол. Жағдай тікелей Президент пен Үкіметтің өз назарында.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 322 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AYERyCl-AwE?si=y5sZCuy2-_f6G9uY"
Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккен өңірдегі түлектер тағдырына алаңдаулы.1 сәуірден бастап бірқатар аймақтағы оқушылар қашықтықтан білім алуда. Мұндай табиғи апат кезінде балалардың да көңілі алаңдаулы. Сондықтан жастарға қамқорлық қажет дейді. ЖОО – дарының ректорлары ахуалды ескеріп, қосымша атаулы грант бөлсе деген ұыныстарын айтты.
ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгінгі күні оқудың бітуіне бар болғаны 38 күн қалды. Ал, төтенше жағдайдағы аймақта қанша бала оқуды бітіретіні әлі анықталмаған. Су басқан аймақтарада ұлттық біріңғай текст өткізу пункттері де задап шеккен болуы мүмкін. Ол да әлі қарастырылмаған. Тестілеудің екінші кезеңі басында олардың қызметін қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау қажет болады. Екі бейінді министрлік қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, түлектерді ҰБТ-ға дайындауды және оларды ЖОО түсу жағдайын қарастырса».
Ал, енді бір топ сенатор Үкімет басшысынан жылжымайтын мүлікті оның ішінде қора, ас үй сынды үй алдындағы қосымша салынған нысандарының құжатын рәсімдеп үлгермегендерді де назардан тыс қалдырмауды сұрады.
ӘСЕМ РАХМЕТОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Үйлері құлап немесе су шайып кеткендер үшінматериалдық шығынды дәлелдеу қиындық туғызады. Үйлерін салып, жылжымайтын мүлікті ресми тіркеп үлгермегендер бау-бақшада тұрып жатқандар қазірдің өзінде мемлекеттен берілетін көмектен қағыламыз ба деп алаңдайлы. Сондай-ақ, су басқан елді-мекендердегі үйлерді жалға тұрып жатқатқан мемлекеттен берілетін біржолғы өтемақыға қол жеткізе алмайды. Тағы бір мәселе есепшоттарғы бұғатталған тұрғындарға берілетін біржолғы өтемақы банк тарапынан кредиттік қарызды жабуды ұсталып қалуда. Үйлері суда тұрған өздері эвакуациялық пунктінде тұрған тұрғындар осы мәселенің оң шешімін күтіде».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 412 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/V5JOSKEjNLg?si=iVkXNZ13Ud1aVF1w"
Тағы басқа мақалалар...
100 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.