
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 359 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/e4gmh_vwOII?si=O5eBCBI_DwFWxtfU"
Әлеуметтік желіде бейтаныс ақсақалдың Алматы облысындағы Шелек ауылының тұрғындарын жергілікті аурухананың науқастарына азық-түлікпен көмектесуге шақырып жатқан видеосы тараған еді. Бейнеүндеуде аталған Шелек ауылындағы паллиативтік көмек көрсету ауруханасы 50 төсекке арналған. Қазіргі таңда 36 науқас толық стационарлық ем алуда.
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Осылай деген ауыл ақсақалының ниеті ауыл тұрғындарын қасиетті Рамазан айында сауапты іске шақырғанымен әлеуметтік желіде түрлі пікір айтылған. Аурухана толық көлемде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылады, қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.Осыған орай аурухана басшысы орын алған келеңсіздіктерге пікірін білдірді.
АҒАБЕК УРИНБАСАРОВ, ШЕЛЕК АУЫЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК АУРУХАНАСЫ» ДИРЕКТОРЫ
Шелек ауылы тұрғынының бейнеүндеуі қасиетті Рамазан айында қайырымдылықпен айналысуға шақырады, деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 380 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fNYwD3eshWQ?si=XY2vh4cgGHBEmzqe"
Қошқар ата қалдықты көліндегі жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстары шала дейді Маңғыстаудың қоғам белсенділері. Жұмысты қайта қолға алғандар қоғамдық тыңдау өткізген. Алдағы бейнематериалға назар аударсақ.
2017 жылы "Қошқар-ата" қалдықты улы көліне арнайы жоба бекітілгенімен, ондағы рекультивациялау жұмысы қазір де өзекті болып тұр. Бұған арнайылап 2020 жылы республикалық бюджеттен 19,5 млрд теңге бөлінген. Бірақ, жұмысшылар жұмысты бір жылдан кейін ғана бастап, аяқсыз қалдырған.
РҮСТЕМАБАД АЙДАРХАНОВ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:«Себебі 2022 жылы жобаға біз араласып бастадық. қоғам белсенділері болып, қоғамдық кеңес мүшелері болып, депутаттар бар,осындай бір кемшіліктерді анықтадық. Бейне, видеофиксацияны жасағаннан кейін арнайы тексеріс басталды. Енді арнайы тексерістің нәтижесін күтіп бастағанда 2-3 айдан БАҚ-тан ол жұмыс кемшіліктіерді анықтағанан тоқтаған жоқ, жобаға өзгеріс енгізу керектігніне тоқталды деп хабарланды».
Тоқетері – жұмыста шикілік көп. Қоғам белсенділері белсенділік танытып шағым түсіргенімен, шаруаны шеше алмаған.
ӘСЕЛ БАЛМАНОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Басқармамен 262 гектар жер қабылданды. Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті 2022 жылдары тексеріс жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде Қошқар-ата рекультивация жүргізу құмына ұсыныстар айтқан болатын. Ол ұсыныстар толығымен мердігер компанияға берілді. Және де жобаны жасақтау барысында толығымен ескерілді».
Бірақ, белсенділер "Павлодар өзен портына" жобаны бермеулерін өтінеді.
РҮСТЕМАБАД АЙДАРХАНОВ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: «Себебі Қошқар ата улы көлінің қасында орналасқан сазды карьерден алынатын құмды алмай, қасындағы қара топырақ пен сексеулді екі бульдозер жалдап сонымен ысырған мекемеге әрине біз күмән тудыртамыз».
Уақытты біз күткенмен, уақыт бізді күтпейді дейді белсенділер. Күн өткен сайын бөлінетін уытты қалдықтар ауаға тез тарап барады.
ӘСЕЛ БАЛМАНОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:«Жалпы бұл жобаның жүзеге асырылуына 19,5 млрд теңге қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда жобаны қайта жасақтау және кооректировка енгізуінің нәтижесінде жобаның құны 51,8 млрдқа өсіп отыр. Ол ретте СМР-ге, жанар-жағармай және жұмысшылардың жалақысы есептелген».
Мамандар ендігі мердігердің жұмысы мардымды болатынына және екі жылда толықтай залалсыздандыру жұмыстары бітетініне сөз берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 430 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7I1X-ZZawHw?si=0pXgBE8H3ciKYgts"
Ата-аналар назарына! Егер балаңыз биыл мектеп табалдырығын аттайтын болса, онда асығыңыз. 1 сәуірден бастап мектепке құжат қабылдау басталады және 31 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді электронды ЕГОВ порталы арқылы да беруге болады. Айта кетейік, биыл мектепке 370 мың бала барады деп жоспарланып отыр.
ӘЛИЯ ЧОКУШЕВА ҚР ОАМ ОРТА БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Былтырғы оқу жылынан биылғы оқу жылының басты айырмашылығы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім еру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі» жөніндегі 2024 жылдың 24 ақпанында қабылданған заңға сәйкес, лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тиым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл балалар арасындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 386 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oz99IJYGDVs?si=-K_0oV8ukIhovJGU"
Ақмола облысында күн күрт жылып,еріген қар суы қарашаның қайғысына айналды. Көкшетаудың шағын аудандарында кейбір білім ошақтарына дейін судың ортасында қалған.
Қар суынан келетін қауіптен тұрғындар күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырылған.Себебі, аймақта күн күрт жылынуынан, 16 ауданда 150-ден астам үйді су басуы мүмкін. Ерейментау және Целиноград аудандарына қауіп тіпті басым. Ал Көкшетаудағы Бірлік шағын ауданында орналасқан 22 мектептегі орын алған төтенше жағдай бірден қалыпқа келтірілді.
ОЛЕГ МАЛЮК АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:«Ақмола облысында жыл сайын су басу қаупі жоғары. Қазіргі уақытта Целиноград, Аршалы, Жарқайың аудандарында және Қосшы, Көкшетау қалаларында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 65 мың текше метрден астам су сорылды. Аймақта мониторингтік топтар құрылды. Күнделікті шығып, коммуналдық қызметтердің жұмысын тексереміз».
Аймақтағы жағдайға байланысты 3 мыңға жуық құтқарушы жұмылдырылған. Су жайылу қаупі бар аймақтарға 95 мыңнан астам қап құм төселді. Облыс аумағында қауіптің беті қалың, таулы аймақтарда қар көбесі әлі де сөгілмей жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 477 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ddoUxgJt8m0?si=JcXc4JogvE2dAl19"
Жылқы еті қымбаттамайды. Себебі, елімізде 4 млн бас жылқы бар. «Ұлытаудағы жұтқа қатысты енді ет қымбаттай ма?» деген журналистер сауалына Ауыл шаруашылық министрі осылай жауап берді. Ал, білдей бір облыста ірі қара малдың жаппай қырылып қалуына қолайсыз ауа-райы себеп деген қорытынды жасалған. Сондай-ақ, тек жергілікті әкімдік қана емес, жауапкершілік шаруалардың өздерінде де бар. Әйтпесе жем-шөп жеткілікті болған деп отыр ведомство басшысы Айдарбек Сапаров. Үкімет отырысынан толығырақ алдағы бейнематериалда.
Бүгінгі үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды. Алдын-ала болжам бойынша биыл егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрайды. Әдеттегідей әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар көлемін арттыруға басымдық беріледі. Олар: майлы дақылдар, күнбағыс және қант қызылшасы. Былтырмен салыстырғанда бұл дақылдар биыл екі есеге көп егіледі. Жиында үкімет басшысы ауыл шаруашылығы техникаларың әбден тозғанын да бас айтты. Сондай-ақ, дизель отынына қатысты алыпсатарлармен қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керектігін қатаң ескертті.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы өткір проблема күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда жалпы техника паркінің шамамен 75 пайыздан астамының тозығы жеткен. Бұл мәселе де тиісті шешімді талап етеді. Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет. Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15 пайыз жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс».
Үкімет биыл да шаруаларға жеңілдетілген бағада дизель отынын береді. Бүгінде көктемгі егіс науқанына деп 360 мың тонна жанар-жағармай бөлінген.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
«Жиынтық өтінім негізінде Энергетика министрлігі дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекітіп беру графигін, сондай-ақ жеңілдікті дизель отынының құнын литріне 250 теңге деңгейінде бекітті (АЖС – литріне 295 теңге). 26 наурыздағы жағдай бойынша мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлерге барлығы 67,7 мың тонна (немесе 20 пайыз) дизель отыны тиеп-жөнелтілді».
Айтпақшы, Айдарбек Сапаров үкімет отырысынан соң брифингте Ұлытаудағы жұтқа қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, 360 бас жылқы қырылған, бүгінде шығын көлемі анықталуда. Жем-шөп жеткілікті болған, алайда малдар ауа-райының қолайсыздығына байланысты қырылған деді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 436 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WlRqC8cFNeQ?si=vYewsxvm3f4y5lDS"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 504 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/48I-4TNsdzo?si=AyE-CWOwpmK3UOsJ"
Табиғатты ұйқысынан оятумен қатар даламызды әнге, халқымызды сәнге бөлейтін Әз Наурыз мейрамы келіп жетті. Мерекелік шара Алматы қаласы, Алатау ауданындағы № 210 мектеп-лицейінде де өз деңгейінде аталып өтті.
Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін ұлттық мерекеде мектеп оқушылары домбыра шанағынан күй төгілтіп тарту етті. Ұлттық ойындарымыз асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылды.
Табиғатты аялау тәрбиенің төресі демекші білім ордасы ауласында шәкірттер тазалық жұмыстарын да жүргізді. Мерекені рухани тұрғыдан құп көрген жастарымыздың жалынды тілегінде тыңдадық.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 434 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/p1fmCKUcSIc?si=Vdp-WjryELasELdb"
Келешек ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында Іле Алатауы мемелекеттік ұлттық табиғи паркі Медеу филиалы ұжымы Аюсай шатқалында «Парктер шеруі» атты іс шара өткізді. Жобаны ұлттық парктің экологиялық ағарту және туризм бөлімі жүзеге асырып келеді. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан шара аясында биыл 20 дан аса табиғат қорғауға бағытталған тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілмек. Маңызды шараға Алматы қаласы мен Алматы облысы Талғар ауданының мектеп оқушылары қатысты.
САМАЛ АБИЛОВА ІЛЕ- АЛАТАУ МҰТП ЭКОЛОГ АҒАРТУШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5ZcxbjMFgms?si=OsJk-Daww-EHYXtV"
Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Алматы облысы Қарасай ауданында орын алған шараға назар аударсақ.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
ҚОРЛАН ТҰРСЫНОВА ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады.
ЛИЗА САДЫҚОВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ
ЕРІК ШҮКЕЕВ АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады. Биыл елімізде мерекеге демалыс күндері жалғасып, қазақстандықтар Наурыз мейрамын бес күн бойы атап өтпек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 404 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yDUZoTg4uZc?si=GHHSNT08sl1akoEW"
Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін еліміздегі әрбір мекемелер жоғары деңгейде атап өтуде. Алматы қаласы,Бостандық ауданындағы Бақытты отбасы орталығында да Наурыз мерекесі тойланды. Мерекелік бағдарлама аясында Наурыз көжеден дәм татылып,ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. Ұлттық киім-ұлт ажары,Салт дәстүр қойылымы,Қолөнер көрмесі,ұлттық тағамдарды әзірлеу тақырыптары бойынша келіндер байқауы ұйымдастырылып жиылған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
СНХ РУСЛАН ҚАЛИОЛЛАЕВ «PROFEXSPERT FONDATION» ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
САЛТАНАТ АШИМБАЕВА АЛАТАУ АУДАНЫ №210 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
БЕЙБАРЫС ҒАЗИЗҰЛЫ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 546 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JCF0nDCx0bI?si=okEAFhSPlzK9PMNq"
21 наурыз түні ел аралайтын Қыдыр атаның қазақ өміріндегі орны қандай? Бұл сауалға этнограф-ғалым, фольклоршы, қазақ дүниетанымына байланысты көптеген кітаптың авторы Болат Бопайұлы жауап берді. Этнографтардың айтуынша, Бақ иесі – Қыдыр ата періште бейнесіндегі пайғамбар. «Пайғамбар екі түрлі болады. Біріншісі, пенде бітімді, екіншісі періште бітімді. Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші.Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Сондай–ақ «Көктем ханымы» бар. Ол үлкен түйеге мініп, шашу шашады. Қазір, сол кейіпкерді жасау керек», – дейді Болат Бопайұлы.
БОЛАТ БОПАЙҰЛЫ ЭТНОГРАФ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 454 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SB89UcZXYmw?si=oak583YQQGpEhZ_D"
Ақтаулық депутаттар мен «Аналар кеңесінің» өкілдері «Ана мен бала» орталығындағы жас босанған келіншектерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара Наурызнама тұжырымдамасының аясында ұйымдастырылды.
Гауһар Райханова көпбалалы ана. Жолдасы екеуі 4 қыз, 2 ұл тәрибелеп отыр. Үлкені 6- сыныпта оқиды. Ал кенжесін 17 наурыз «Шаңырақ» күні дүниеге әкелді. 35 жастағы жаңа босанған ана мереке қарсаңында құттықтаған ақтаулық депутаттар мен «Аналар кеңесіне» алғысын айтты.
ГАУҺАР РАЙХАНОВА КӨПБАЛАЛЫ АНА: «Сағат 4 жарымда келіп түстім роддомға. Аллаға шүкір жақсы акушерлердің, мықты дәрігерлердің арқасында сағат 7:15-те балапанымды қолға алдым. Мереке қарсаңында босанып жатқан аналарға барлықтарына балапандарының бауы берік болсын. Мерекелеріміз бітпесін. Әрқашан Қазақстан елінде тек той, думан бола берсін».
Сәби - шаңырақтың шаттығы. Ал ана отбасының ұйытқысы. Осы қағиданы ұстанған ұймдастырушылар бұл күні ана мен сәбиді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетуден бастады.
МАНАРБЕК БИСЕКЕНОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Жас келіншектерді, аналарымызды, жеңгелерімізді құттықтауға арнайы келіп жатырмыз. Барлық депуттар мен әкімдіктің атынан арнайы сыйлықтарымызды жасап, жылы тілек, лебіздерімізді білдіріп жатырмыз. Аналар да көңілді. Біз де ризамыз. Жүрек жарты тілегімізбен құттықтап шығып жатырмыз».
ГҮЛЗИРА ЕСЕТОВА - АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ «АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ» ТӨРАҒАСЫ: «Біз жылдағы дәстүріміз бойныша жас босанған әйелдерге, келіншектерге, аналарға келіп өзіміздің құттықтаымызды жеткізіп отырмыз. Барлығына кіріп шықтық. еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, дүниеге келіп жатқан нәрестелер аман болсын».
Осылайша, 25 жас анаға гүл шоқтары, тәттілер үлестіріліп, ал сәбилерге киім дүкеніне сертификат берді. Айта кетейік ұйымдастырушылар жыл сайын перзентханаға келіп, аналарды құттықтауды дәстүрге айналдырған.
Тағы басқа мақалалар...
105 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.