
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 426 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hDpcHoAh2T0?si=tlsEGqgddyUdT_A4"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 485 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ypa-n8TTNKI?si=j3qXki6AtIVTDJFJ"
Музей үйіне 113 млн жыл бұрын Тетис мұхитында тіршілік еткен ихтиозаврдың қаңқасы қойылды. Олардың сүйектері мен тістері 2019 жылы Маңғыстау жерінен табылған болатын.
2019 жылы Маңғыстаудың Шетпе ауылы Сулы қапы жерінен табылған қаңқаларды негізінен 6 жарым метрлік етіп құрау жоспарда болған. Дегенмен, музей ішіне тек 1 метр 70 см көлемі тура келген. Оның өзіне мамандар жарты жылға жуық уақыт жұмсаған.
АЛИНА БИСЕМБАЕВА, ЖӘДІГЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Ихтиозаврды бірінші рет құрастырып шығардым. Көптеген деректерді ақтарып, шынайы тұрпатына ұқсатуға барымызды салдық. 45 қабырғасы болуы тиіс еді. Аздап өлшемін өзгертіп, 21 қабырғамен жасап шықтым. Аяқтарын құру қиынға соқты, сына берді. Металмен бекітуге тура келді».
Негізінен Маңғыстау бұрын Тетис мұхиты болған. Тарихқа сүйенсек, 100-113 млн жыл бұрын ихтиозаврлар суда тіршілік еткен. Мезозой заманынының дәуірі кезінде жаһандық жылыну орнап, салдарынан ихтиозаврлар жойылып кеткен. Ихтиозаврлардың дене ұзындығы 6-7 метр, көзі 20 см көлемінде, бас сүйегі бір метрден асса, аяқтары екі метрге жеткен. Олар өте жылдам әрі киттер секілді жүзе алатын болған деседі. Терісі қара-көкшіл, тістері өткір. Олардың қорегі: балық пен теңіз жәндігі.
САЛИМА ҮСЕНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ Ә.КЕКІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙДІҢ МАМАНЫ «Баласын құрсағында көтеріп дүниеге әкелетін жыртқыш жануар болған. Суда еркін жүзген. Бір ерекшелігі - балық сияқты желбезектерімен емес, өкпемен тыныс алған. Өкпесіне оттекті жинау үшін су бетіне қалқып шыққан».
КӨРКЕМ САЗДЫБАЙ, ӨҢІР ТҰРҒЫНЫ: «Маған өте ұнаған ихтиозаврлар өте қорқынышты көрінеді. Дауысын музыкамен қосқанда ғажап екен. Мультфильм, кинодан қарайтын едік. Өтірік шығар деп ойладық. Шын екен».
Сондай ақ, теңіз жыртқышының сүйектері бір айға жуық қазылған. Сипаттама беруге Ресейден мамандар арнайы шақыртылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 487 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Lgtm4O56fmg?si=bt-VYbx-A6Uh2xOw"
Бауыр еті баласының тағдырына алаңдамайтын әкелердің мүлкі тәркіленуде. Оралда алимент төлемей, қашып жүрген әкелердің құны 3 млн 300 мың теңгені құрайтын «Volkswagen Passat» және "Ваз-2110" маркалы 2 көлік тәркіленіп, айып тұрағына қамалды. БҚО-да алимент бойынша қарыздарды азайтуға бағытталған "Алимент бойынша 10 қадам" жобасы аясында алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау және ұстау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта сот орындаушылары мүлікті бағалау және сату бойынша шаралар қабылдауда.
ӘДІЛ НҰРМҰХАНОВ, АҒА ПРОКУРОР

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 388 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RT6hPEexPQg?si=OEcwWtY5CuBAhBEa"
Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және оқиға болған гастро-орталықтың директорына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.Іс елорданың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Бишімбаевтың сотына 80-ге жуық БАҚ өкілдері қатысты.Соттың ақпаратында айтылғандай, күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.
Ал екінші күдікті Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасыру және Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 421 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-FS7nVzm0TU?si=MViQEvFpoMEsJRPV"
Ораза айының алғашқы күні Ақмешіт-Сырдария орталық мешітінде «Рамазан қоржыны» толтырылған азық-түлік себеттері мен «Ел үлесі — пәтерге» жобасы аясында пәтер кілттері табысталды. Сонымен қатар жаңадан ашылған «Zeket Hub» орталығының жұмысы таныстырылды.
«Zeket Hub» орталығында тігінге қызығушылығы бар жандарға арналған тегін тігін курсы өз жұмысын бастады. Қосымша әлеуметтік желімен жұмыс жасағысы келетіндерге смм мамандығы және кілт көшірмелерін жасау курстарын өткізу қолға алынған.
МАДИНА ТЕМІРОВА, ТІГІН КУРСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ
Баспанаға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға баспана алып беру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ел үлесі — пәтерге» жобасын қолға алғаны белгілі. Осы жоба аясында 721-722-ші баспаналардың кілттері табысталды.
ДҮЙСЕНБАЙ КЕНЖЕТАЙ ҚАЖЫ, БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ
Шара барысында «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы да өткізілді. Бұл «Рамазан қоржыны» 100 отбасына, онда көпбалалы және аз қамтамасыз етілген, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына сонымен қатар Соқылар қоғамына үлестірілді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 475 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2FIg-1dik9k?si=ONi5SCQqyNnEpNkJ"
Күллі иісі мұсылман қауымы үшін он екі айдың сұлтаны, қасиетті ораза айы басталды. Сағынтып жеткен ұлық Рамазан айының басталуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақ елін құттықтады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.Ораза қабыл болсын!Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!- делінген президент құттықтауында.
Сондай ақ Алланың берекеті жауатын бұл айда жамағат көп жақсылық пен сауапты іс жасауға ұмтылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз мәслихатында Сәуір айының 5 нен 6 на қараған түн қасиетті Қадір түні, биылғы пітір садақаның мөлшері 640 теңге болып белгіленгендігі мәлімделді.
САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ,НАИБ МҮФТИ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 455 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wB-5bg2r6L4?si=e5hc3dnwsl61m9cq"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен бауырлас Әзербайжанға барды. «Загульба» резиденциясында Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 501 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/i1kKfuuFIw0?si=hh6MaK8keYtOS2EC"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 461 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TeJBT69LGOI?si=0TKOb3NWEKzuiL3I"
Токио көшелеріне автономды робот-курьер шықты. Ол мейрамханадан бірінші тапсырысты жеткізеді. Қызметті Uber Eats онлайн платформасы іске қосады. Қазірдің өзінде Солтүстік Американың бірнеше қалаларында жұмыс жасауда.
ЭЛВИН ОО UBER EATS JAPAN ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біз қазір Нихонбаши аймағында сынақ жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша, тротуарлар және барлық басқа инфрақұрылымдар біз үшін қолайлы болмақ».
Робот сағатына 5,4 шақырым жылдамдыққа жете алады. Ол сондай-ақ адамдармен соқтығысудан немесе басқа кедергілерден аулақ болу үшін өзі тоқтайды. Сенсорлар мен камералар оларды анықтауға көмектеседі.
ЭЛВИН ОО UBER EATS JAPAN ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Роботтарды кез келген төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін үнемі бақылап отырады».
Сіз жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін робот-курьер арқылы жеткізуге тапсырыс бере аласыз. Әзірге бұл қызметпен Нихонбаши аймағындағы бірнеше мейрамхана ғана жұмыс істейді, бірақ болашақта серіктестер көп болады.
ТОКИО ТҰРҒЫНЫ: «Бүгінгідей қолайсыз ауа-райында роботтарды қолданатын болсақ, бұл адам курьерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан менің ойымша, бұл өте жақсы».
ТОКИО ТҰРҒЫНЫ: «Халықтың қартаюы жалғасуда, мұнда жұмысшылардың жетіспеушілігі күрделі мәселе. Ал мұндай қызметтер оны шешуге көмектеседі. Бұл тек қалаларда ғана емес, халқы аз елді мекендерде де тиімді болуы мүмкін деп ойлаймын».
Әзірге клиенттер роботты көшеде кездестіруі керек. Болашақта ол тапсырыстарды кеңсе есіктеріне дейін жеткізу жоспарлануда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 404 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6aT7thaf0v8?si=D75v6eBmhH3QFJAg"
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға деп мемлекет бөлген қаржыны аса ірі көлемде жымқырған бірнеше лауазымды тұлға мен шаруа қожалықтарының басшылары ұсталды. Қостанай облыстық қаржы мониторинг агенттігі қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 49 адамды құрықтады. Олардың 13-і ұйымдасқан топтың мүшелері. Қызметін асыра пайдаланған Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары мен өңірлік шаруа қожалықтарының директорлары өзара сыбайлас болып, мемлекеттік субсидияларды жымқырып, салық төлеуден ұзақ жылдар бойы жалтарып отырған.
Нәтижесінде, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілермен 107 млн теңге өтеліп, 3,1 млрд теңге көлемінде мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 404 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Tr-si0Ye-bU?si=-QQkZv5NVYIk-cll"
Ақтау қаласында спортшы Валерия Шальнованың ісіне қатысты сот процесі аяқталды.Ақыры көптен күткен қылмыстық іске нүкте қойылды. Жас қызды айуандықпен өлтірген өзінің танысы 22 жылға сотталды.
Бұл дерек 9 ай бойы қоғамдық толқу тудырған еді. 21 жастағы спортшы қыздың өлімі, өткен жылы орын алып,жаға ұстатқан болатын. Оның денесі «МАЭК» су арнасы маңынан табылды. Айтулы жағдайдан кейін марқұмның жігіті бірден күдікке ілінді. Ол бойжеткеннің дәрменсіз күйін пайдаланып ұрып-соғып, азғындық жасаған. Қылмысын жасыру үшін қызды тұншықтырып, суға тастаған.
СВЕТЛАНА ШАЛЬНОВА МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: «Сот үкім шығарды. Істі әділ қарады және объективті үкім шығарды. 22 жыл мерзімге кесті. Шешімге қанағаттанамын. Мұның бәрі көңілге демеу ғана. Қыршыннан қиылған қызымды қайтара алмаймын. Сол жаныма батады».
Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" және 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп танылды.
АЖАР ӘБДІЛ ҚОРҒАУШЫ: «Айыпталушы сотта өзін еркін ұстады. Ол жасаған қылмысын мойындамады. Үкіммен келіспейтінін айтты. Менің ойымша, олар аппеляциялық шағым түсіреді. Сот шешімінің күшіне енуіне әлі 15 күн бар».
Бастапқыда полицейлер қылмыстық істі "Суицидке дейін жеткізу" бабы бойынша қараған. Қоғамдық толқудан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық істің баптарын өзгертті. Сотталушының кінәсі куәгерлердің сөзімен, заттай айғақтармен, сараптамалардың қорытындысымен дәлелденген болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 465 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MdWFZ93ddgQ?si=ppget-njDcJJdTu5"
Темір тұлпар тақымдаған азаматтардың уәждеріне байланысты жолдың сапасына жауапты министрлік қызметкерлері барлық аймақтарға барып, жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап жатыр. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары бұл жолғы кеңесті Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп өткізді.Шараға жергілікті атқарушы органдар, жобалаушы мердігер мекемелер, «ҚазАвтоЖол» өкілдері қатысты. Семинар барысында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, жобалау және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстардың дұрыс әрі жүйелі жүргізілуі талқыланды.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕУХАНОВ “ЖАҰСО” РМК САПАНЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Мұндай семинар жыл сайын көктемде ұйымдастырылп келеді. Себебі енді жол жөндеу, жобалау секілді жұмыстардың басталатын уақыты. Іс-шарада жергілікті атқарушы органдар өкілі мен инженерлердің басын қоса отырып қазіргі уақытта нормативтік-техникалық құжаттарды таныстыру, қалай толтыру керектігін, қалай жүктеу керек сияқты барлық факторларды түсіндіреміз».
Тағы басқа мақалалар...
110 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.