- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 277 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RgnTzMoONPE?si=NWMmQKxTcIfXyrsT"
Елорда тұрғыны Telegram мессенджерінде цифрлық активтерді заңсыз ақшалай сыйақыға айырбастау қызметін ұйымдастырған. Аса ірі көлемдегі цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаменті аяқтады. Аталған азаматтың Қазақстан аумағында кепілдендірілген цифрлық активтерді сату және сатып алу туралы мессенджер арқылы хабарландыру жіберіп, крипто айырбастау қызметін ұсынғаны белгілі болды. Осы әрекеттерімен ол жеке тұлғаларға, оның ішінде резидент еместерге Қазақстандағы кез келген қамтамасыз етілген еркін айырбасталатын валютаға қамтамасыз етілмеген электрондық цифрлық активтерді сатып алу мүмкіндігін ұсынды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ: «Ағымдағы жылдың ақпан-шілде айлары аралығында айырбастау пункт қызметін атқара отырып, ол 342 млн теңгеден астам сомаға USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 311 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/z6PY-ZSUKgw?si=2YS_a1PVjasFRbbo"
Израиль әскері Газа секторының солтүстік және оңтүстік бөліктеріне тереңдей түсуді жалғастыруда. Бұл туралы IDF баспасөз хатшысы хабарлады.
Даниел Хагаридің айтуынша, Хан Юнистке қосымша армия бөлімдері орналастырылған. Онда операцияның басты мақсаты - содырларды жерасты туннельдерінен шығару.
ДАНИЭЛ ХАГАРИ IDF ӨКІЛІ: «Біз астыртын соғысқа, лаңкестерді жоюға баса назар аударамыз. Оларды жерде күтіп, олар шыққан кезде шабуылды бастаймыз. Біз Хамасты осы аумақтан қуып шығарғымыз келеді».
Хагари сондай-ақ желтоқсан айының басында соғыс қимылдары қайта жанданғалы бері әскерилер 2 мыңнан астам содырды өлтіргенін айтты. Бейсенбі күні Израиль соғыстағы ең қарқынды бомбалау науқанын бастаған кезде Газа секторындағы шайқастар өршіп кетті. Бәсекелестер бірнеше апта бойы жаңа бітімге келу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанда Хамас Тель-Авивке зымыран атқылау мүмкіндігін көрсетті. Осы уақытта Газаның оңтүстігіндегі Насер ауруханасының мәйітханасында жұмысшылар мәйіттердің кім екенін анықтай алмай отыр. Егер жеке басын куәландыратын құжаттар болмаса, мәйіттер тоңазытқыштарда апталап тұруы мүмкін. Хамасты бақылайтын анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі Газада қаза тапқандар саны 20 мыңға жеткенін хабарлады. Сонымен бірге үйінділер астында тағы мыңдаған өлілер қалды. Газадағы ауруханалардың көпшілігі қазір жабық, отын мен электр қуатының тапшылығынан байланыс қиын. Сондай-ақ зардап шеккендер туралы деректерді жинау қиынға соғуда.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 298 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pCFXgg6S_3Y?si=wlIqIjb4CkNtv48L"
Жұма күні кешкі уақытта Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кетті. Үш адамның өліміне себепкер болған, жолаушы екі айға қамауға алынды.
Алматыдағы жантүршігерлік жағдайдың қалай болғаны белгілі болды. Бейнежазбадан ер адамның жүргізушіні ауыр соққыға жыққанын көруге болады. Әйел бір сәтке есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.
Еске сала кетейік, 22 желтоқсан күні кешкі уақытта Алматыда жол жиегінде тұрған адамдарды автобус қағып, 3 адам мерт болды. 4 адам ауруханаға түсті. Қазір ауруханада үш адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Жолаушыдан таяқ жеген автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, ми соғылуы, беттің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты консервативті ем қабылдауда. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсанда сот шешімімен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 310 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/goUrsrmu_gM?si=7MrsjK-ujosJ6u9-"
Елімізге жарық пен жылу беріп отырған мамандар төл мерекелерін атап өтті.Энергетиктер күні бір қатар сала қызметкерлері марапатталып,ерекше құрметке бөленді.
Бірер сағатқа жылу тоқтап,жарық сөнсе үйдің берекесінің кетері анық.Айтулы саланың салмағы ауыр,тірлігі қауырт.Күннің ыстығы мен суығына қарамай еңбек етіп жатқан мамандардың еңбегін осыған қарап бағалауға болады.Бұл Алматы облысы,Жамбыл ауданының энергетиктері.Төл мерекені атап өтуге жиналғандардың көңіл-күйлері көтеріңкі.Аудан басшысы бастаған азаматтар арнайы келіп,ізгі тілегін жолдады.Халық алдындағы асқан жауапкершіліктерін сөз етіп,аймақтың тыныс-тіршілігіне қосып жатқан үлестерін де назардан тыс қалдырмады.
НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жамбыл ауданы өңір бойынша ең үлкен аймақтың қатарында.Экономикалық қарқыны жаман емес,өсім бар.Миграциялық көште көлемді.Құрылыс қарқыны жоғары болғандықтан инфрақұрылымға да сұраныс жылдан-жылға артып отыр.Соның бірі энергетика саласы.Жауапты өкілдер тұрақты түрде жарықпен қамтуды нықтап қолған алған.Қыстың қамына ерте бастан кірісіп,жағымсыз жағдайларды алдын алуда.Шалғайда жатқан елдімекендерді көше шамдарымен жарақтандырып,үздіксіз жарық сыйлауда.
КЕҢЕС ҚИНАЯТ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ТОРАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 291 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JHbUx2bHNI4?si=-L-kudvIWfP2niJ1"
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет 76 жастағы науқасқа Micra электродсыз кардиостимуляторы салынды. Кардиостимуляция технологияларының жаңа буыны жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын емдеуде тың бағытқа жетелемек.
Микраның көлемі ықшам, оны тікелей жүрек қуысына орналастыру оңай. Жетілдірілген технологиялар мен био-сенсорлардың көмегімен құрылғы қажетті электрлік импульстарды қамтамасыз ете отырып, жүректің жұмысын жақсартады.
ӘДІЛ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ А.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕНТГЕНХИРУРГИЯ, ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРИТМОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Сондай-ақ, басты артықшылықтарының бірі - оның ұзақ қызмет ету мерзімінде. Батареяның жаңа буыны құрылғының 12 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Micra электродтарды өткізудің асқыну қаупін айтарлықтай төмендетеді, олардың зақымдану немесе инфекция түсу қаупінен сақтайтынын да айта кету маңызды.
АРТУР АБДУМОМУНОВ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ОРДИНАТОРЫ «Бүгін біздің кардиология институтындағы клиникамызда алғаш рет имплантация Micrа деп аталатын Metronik компаниясының электродты кардиологиялық бағалау құралынсыз операция жүргізілді. Бұл электродсыз стимуляцияға арналған әлемдегі алғашқы құрылғы.Оның өлшемі өте кішкентай және бұл жүрек өткізгіштігінің бұзылуының ауыр жағдайларына тап болған науқастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан революциялық құрылғы. Ол аз инвазивті процедуралар арқылы тікелей жүрекке имплантацияланады, бұл - пациент үшін қауіпсіз және ыңғайлы. Операция сәтті өтті. Науқастың жағдайы жақсы».
Пациентке операция МӘМС есебінен тегін жасалды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ заман талабымен қатар жүретін және институт пациенттерінің денсаулық жағдайын, олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін озық емдеу әдістерін қолданатын жетекші медициналық мекеме ретіндегі беделін тағы да растауы қуантты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 311 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9fIxd1rB5gY?si=ChBxkAfXBABCJiCt"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 307 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dJrP5saOIfg?si=GACNvVYwDZXNNCG0"
Автокөлік иелерінің назарына!Шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына тура 10 күн қалды! Сондықтан, ІІМ мүмкіндікті пайдаланып, үлгеріп қалуға шақырады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізге 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер 23-қаңтардан бастап 30-маусымға дейін қабылданған еді. Кейін бұл уақыт ұзарып 30 желтоқсанға дейін жүргізушілерге мүмкіндік берілді. Бүгінде Республика бойынша 250 мыңға жуық шетелдік автокөлік тіркеуге қойылды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 314 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JaEpGSEK4tY?si=IHQHdgzLEhOOzWNK"
Еуропалық одақтың көшбасшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары көші-қон саясатының жаңа ережелері бойынша келіссөздерде үлкен серпіліс жасады. ЕО Кеңесі мен Еуропарламент көші-қон және баспана туралы АКТІНІ құрайтын бес заң бойынша келісті.
МАРГАРИТИС ШИНАС ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
«Келісімге сәйкес біз барлық шекараларда келушілерді міндетті түрде тексеруге енгіземіз. Екінші кезеңде баспана алуы екіталай адамдардың барлығы міндетті, жылдам және оңайлатылған шекара өтінішінен өтуі керек. Бұл ЕО қорғауында болуы үшін заңды негізі жоқ адамдарды жылдам депортациялауға мүмкіндік береді».
Шекара процедурасы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін мигранттарға, сондай-ақ Үндістан, Пәкістан және Марокко сияқты елдерден келетіндерге арналған. Өзгерістер биометриялық деректер базасына да әсер етеді. Ол өтініштердің санын емес, өтініш бергендердің санын бақылайды. Бұл мигранттардың бірнеше рет баспана сұрауына жол бермейді. Сонымен қатар, бұл АКТ ЕО елдеріне мигранттардың көп ағыны немесе пандемия сияқты дағдарыстық жағдайлар кезінде көші-қон ережелерін қатайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа заңдарға сәйкес, блок елдері мигранттарды қабылдау немесе Еуроодақ қорына өтемақы төлеуді таңдау мүмкіндігіне ие болады.
МАРГАРИТИС ШИНАС ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
«Келісімде берік ынтымақтастық тетіктері бар. Оның аясында біз мүше мемлекеттерге әрқашан қажетті қолдауды алуына кепілдік береміз».
Жаңа АКТ келесі жылы күшіне енеді. Көші-қон саясатын реформалау туралы пікірталас үш жылдан астам уақыт бұрын басталған. Оған заңсыз мигранттар ағынының артуы себеп болған. Биылдың өзінде 270 мыңнан астамы келген.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 325 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DZbfHt7tKv8?si=5V3DqzOfKbf2Wcil"
Бүгін Алматыда Шона Смаханұлы атындағы № 62 гимназиясында Алмалы ауданы білім бөлімінің мұрындық болуымен ауданның барлық мектептері бірігіп Тәуелсіздік тірегім,соғып тұрған жүрегім атты мерекелік шара өткізді.
Тәуелсіздігімізді дәріптеп,өскелең ұрпақтың бойына отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында өткен шараға аудандық білім басқармасының ұжымы,білім ошағының ұстаздары,оқушылары сонымен қатар ата аналар қауымы бірлесіп өз деңгейінде атап өтті. Әр мектептің басшылары,ұстаздары өнерлерімен тәуелсіздік мерекесіне тартуларын арнап өскелең ұрпаққа үлгі болып,рухани тұрғыдан бір серпілтіп тастады. Ата бабаларымыздың аманатын келер ұрпақтың бойына сіңіру басты мақсатымыз дейді ұйымдастырушылар.
ЗОЯ ҚОЙШЫБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сапалы білім мен қатар еліміздің болашағын қалыптастыратын отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз дейді білім ошағының басшысы.
МИРАМГУЛ НАБИДОЛЛАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 62 ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сонымен қатар білім ошағында Тәуелсіздік балалар көзімен атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Еліне деген,отанына деген сүйіспеншіліктерін туындылары арқылы тарту еткен білім ошағының оқушыларының жүрек түкпірінде жатқан лебізінде тыңдадық.
ГҮЛНАФИС ДҮЗЕЛБАЙ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 62 ГИМНАЗИЯНЫҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Иә,тәуелсіздігімізді дәріптеген ұстаздарымыздың,шәкірттер қауымының өнерін тамашалап көкейімізге мақтаныш сезімі ұялады. Қоғам болып жұмыла, еліміздің ертеңін қалыптастыратын,тәуелсіздігіміздің тұғырын тағынан тайдырмас қасиетті қанына сіңірген ұрпақ тәрбиеленіп жатқанының тағы бір куәсі болдық.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 361 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Y_IhFim2bvg?si=XoLoju4BoZ4XW5JX"
Астана алғаш рет жылыту кезеңіне үлкен профицитпен кірді. Елордада үшінші Жылу электро орталығының бірінші кезеңі және екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Осылайша бас қала қақаған қыс пен қатты аязға сақадай сай дайын болды дейді шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек. Толығырақ алдағы сюжетте.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек есеп берді. Әкімнің сөзінше бас қаланың дамуы жақсы. Биыл қала бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалған. Келер жылы да қаржы дәл осы тәртіппен бөлінеді. Нақты айтқанда, 2024 жылы қалада 25 мектеп салынады. 2025 жылы 10 балабақша ашылады. Осылайша, балаларды білім беру мекемелерімен қамтамасыз ету мәселесі біртіндеп жойылады.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«2024 жылы 25 мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде жекеменшік - 3, мемлекеттік - 7 және «Жайлы мектеп» жобасы бойынша - 15. Жалпы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасады. Осылайша, 2028 жылға дейін екі ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған 80-нен астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз».
Әлеуметтік мәселе демекші, әкім Жеңіс Қасымбек, «олигарх Боранбаевқа тиесілі қонақ үйлер енді білім беру орталығына айналама» деген журналистер сауалына былайша жауап берді.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана қаласы бойынша ( "Комфорт" қонақүйі өтеді. Финтес орталықтар берілмейді. Қонақүйді (әкімдік балансына беру – автор) процесі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталғасын не істейтініміз белгілі болады. Қалада осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Бұл нысан әрі қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін».
Әлеуметтік саладан кейінгі маңыздысы ол инфрақұрылым. Бұл бағытта да жұмыстар қарқынды жүріп жатқан көрінеді. Жақында үшінші ЖЭО-ның бірінші кезеңі және екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталып, іске қосылған. Ол 100 пайыз қаланы тоқтаусыз жылумен қамтамасыз етуде. Ал, миллионнан аса тұрғыны бар бас шаһар үшін жазда су өткір проблема болған еді. Алайда оны әкім мойындамады. Сумен мәселе жоқ дейді.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бүгін мен тағы да ресми түрде айтқым келеді: қалада су тапшылығы жоқ. Жақында біз Астана су қоймасынан бөлек, екінші қосымша су құбырының құрылысын аяқтаймыз, Нұра ауданында су құбырының құрылысын бастаймыз, сондай-ақ "Тельман"сорғы станциясының кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстардың нәтижесі бізді еш қиындықсыз 2030 жылға дейін таза ауызмен қамтамасыз етеді».
Айта кетейік, биыл Астанада 3,4 млн шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілген. Жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша биыл 5200 пәтер беріледі деді әкім. Ал, апатты үйлерде тұрып жатқандар алдағы алты жыл ішінде толық жаңа пәтерге көшіріледі. Айтпақшы, қаладағы кептеліс мәселесін шаһар басшысы алдағы 2,5 жыл ішінде шешемін деп отыр. Себебі, жыр болған LRT құрылысы 2025 жылға қарай аяқталады екен. Бұл жоба іске қосылса, қалада кептеліс айтарлықтай азаяды деген сенім бар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 315 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sg6_6Ho-ujY?si=kO0sbCyrXGvORnWf"
Қытайдың Ганьсу провинциясындағы ауылдардың тұрғындары дүйсенбіге қараған түні болған 6,2 баллдық жер сілкінісінен кейін суықта зардап шегуде. -15 градус суықта балаларымен шатыр астында түнеуге мәжбүр.
Жер сілкінісінен кейін үйлердің көпшілігі қираған немесе бүлінген, бас сауғалауға шатырлар барлығына жетпейді. Кейбірі қолда бар материалдардан өз күштерімен бүркемелер салуда.
МА ХАЙЦЗЕ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
"Менің екі балам басқа адамдардың шатырында ұйықтайды. Бірақ оларда төсек-орын жоқ. Кеше күйеуім мен екі қызым түні бойы көшеде тұрды. Қазір олар көршілерінің шатырында ұйықтап жатыр. Екі қызым суықтан қатып қалды ".
Адамдарға жылынып және тамақ дайындау үшін көмір таратып жатыр. Бұл лагерьден баспана, ыстық тамақ, су және ең қажетті заттарды алуға болады. Алайда бұл көмек барлығына жетіспейді. Жер сілкінісінің ошағы Цзишишань уезінде Ганьсу және Цинхай провинцияларының шекарасына жақын жерде орналасқан. Жер сілкінісі кезінде Ганьсуда 113 адам қаза тауып, 780-тен астам адам жарақат алғаны хабарланды. Хабар-ошарсыз жоғалғандар туралы айтылмады. Сондай-ақ онда 207 мыңнан астам үй қирап, 15 мыңға жуық үй зақымданған. Көршілес Цинхай провинциясында 22 адам қаза тауып, 198 адам зардап шеккені хабарланды. Тағы 12 адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл ретте Ганьсуда билік құтқару операциясын аяқтағанын хабарлады. Оған бар-жоғы 15 сағат уақыт берілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл жеткіліксіз және тірі қалғандарды іздестіру әдетте кемінде 72 сағат жүргізіледі.
ГОБИНДА БАШЬЯЛ – ГИМАЛАЙ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Жер сілкінісінен кейін құтқарушылар 72 сағат жұмыс істеуі орынды уақыт деп ойлаймын. Егер біз көшкін және басқа да зілзалалар туралы айтатын болсақ, әр мунит маңызды. Бірақ жер сілкінісі кезінде 72 сағатта көп нәрсе жасауға болады ".
ҚХР билігі бұрындары табиғи апаттарда қаза тапқандар мен зардап шеккендер санын жиі төмендетіп отырды. Бұл жолы жағдай қайталануы мүмкін. Бұдан басқа, Ганьсу провинциясы көршілес өңірлерден, сондай-ақ басқа елдерден келген құтқарушылардың көмегінен бас тартты. Бұл көмектің жоқтығын жасыру үшін жасалуы мүмкін деген болжамдар бар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 441 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/cLYFiuNn3l8?si=rq6fcoVVGILHqTni"
Биыл Қазақ ССР-нің Халық әртісі, профессор Бекен Жылысбаевтың туғанына 100 жыл толды. Алматыда мерей тойға орай оның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттауға бағытталған «Кестелі» орамал атты ән кеші өтті.
Бекен Жылысбаев қазақ ән өнерін, оның ішінде қазақ кәсіби музыкасы мен академиялық вокал саласын жаңа биікке көтерген тұлға. Сан таланттың қанатын қатайтқан ғажайып ұстаздың 100 жылдық мерей тойына арналған шараға туыстары, шәкірттері келіп естеліктермен бөлісті.
НҰРЖАМАЛ ҮСЕНБАЕВА – ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ
СӘУЛЕ НҰРҒАЛИЕВА – Бекен Жылысбаевтың шәкірті
Мәдениет саласының үздіктері, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, ең бастысы Бекен Жылысбаевтың өз шәкірттері қатысты. Қала әкімдігі мен мәдениет басқармасы мұрындық болған бағдарламада халық әндері мен халық композиторларының ғана емес, шетелдік танымал авторлардың шығармалары да орындалды.
Тағы басқа мақалалар...
123 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.