
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 477 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4o4dTMZGvgA?si=lJvLZ4pu02ChnPwq"
Оралда баспаналары апатты деп танылған тұрғындар 3 жылдан бері құр уәденің құрбаны болып жүр. Уақытша жаңа үйді сағалап жүрген бірнеше отбасын белгісіз біреулер қуып шықпақшы болған . Енді далада қаламыз ба деп қауіптенген тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмей отыр.
Орал қаласындағы Әбубәкір Кердері 187 мекенжайында орналасқан апатты үй тұрғындары 3 жыл бұрын құрылыс компаниясымен келісім шарт жасалғанымен ескі үйді сүруге күрек ұшы да тимегенін айтады.. Шартқа сәйкес ескі үй толықтай сүріліп, орнына жаңасын салу көзделген.Келісілген мерзім өтіп кетсе де құрылыс баяғы жартас сол жартас кейпінде тұр.
ТАТЬЯНА ВАЛИАХМЕТОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Келісім-шарт 3 жылға жасалды. Яғни 2023 жылдың 31 желтоқсан күні мерзімі өтті. Осы кезге дейін құр уәдемен қарын тойдырып келеді».
Пәтер иелерінің бірі тіпті далада қалатын түрі бар. Өйткені үйі кепілде болып шықты.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «3 жылдың ішінде еш нәрсе өзгермеді. Бұдан бөлек, 26 желтоқсан күні бір әйел адам үйіме келіп, бұл пәтер кепілде екенін, 15 күн ішінде босатуым қажет екенін айтты. Көктемге дейін осында қалуға рұқсат берді. Содан кейін менің енді барар жерім жоқ».
Құрылыс компаниясы өкілдері жағдайды қаржылай қиындықтарға әкеліп тіреді. Қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізілуі де әсерін тигізгенімен,жұмыстар биыл қалпына келтіріледі,- дейді мердігер мекеме өкілі.
ЕСЕНЖАН ШОНАЕВ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Қазір әкімдікпен бірге эскиздік жоба және қаланың бас жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Апатты үйді әлі сүрген жоқ. Тұрғындар Құрманғазы 186, 198 мекенжайында орналасқан біздің пәтерлерде тұрып жатыр. Оларды ешкім қумайды. Бас жоспар бекітілген соң құрылыс басталады. Құрылыс жұмыстары жазда басталады деп көзделіп отыр. Барлығы қаражатқа байланысты».
Жауаптылардың сөзінше жаңа баспаналарына жайғасқанша тұрғындар уақытша пәтерде тегін тұра бермек. Тек коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп тұрса болғаны.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 450 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lUvZeEK1mwU?si=uSHzQxbRs65Lolre"
Үндістанның Индаур қаласында гүлдер фестивалі өтті. Көрмеге барлығы 162 түрлі, жалпы саны 2400 раушан гүлі қойылды.
Көздің жауын алып,иісі мұрын жаратын мына гүлдер елдің әр аймақтарында, сонымен қатар Непалда өсірілген. Гүлдерді иіскеуге, ұстап көруге болады.
КӨРМЕ ҚОНАҒЫ: «Бұл жердегі біз күнделікті өмірде кездестірмейтін гүлдерді тамашалау керемет дүние. Мұндай сорттарды тек көрмелерден ғана көреміз».
Шара Индаурда 36 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Пандемия кезінде көрме онлайн режимінде өтті. Ұйымдастырушы қоғам 1979 жылы құрылған. Ол жыл сайын Мадхья-Прадештің бау-бақша бөлімімен бірлесіп Бүкіл Үндістан раушаны көрмесін ұйымдастырады. Мадхья-Прадеш астанасы Бхопалда осы өсімдіктердің 50-ден астам питомниктері бар. Раушан гүлдері ежелгі Римде өсірілді. Қазіргі сорттардың көпшілігі будандастыру нәтижесінде пайда болды. Раушан гүлдері әдетте жылуды жақсы көреді, бірақ кейбір түрлері суық климатта өмір сүруге бейімделген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 437 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RnUhusLDALo?si=_emsOy-FsrGvf8kf"
Испан шаруалары Еуропалық Одақ сыртындағы арзан өнімдердің бәсекелестігіне наразылық танытып шеруге шықты.
Шаруалар ауыр техникаларымен қала көшелерін жауып,жол қозғалысына қиындық туғызды. Елдегі бағаның тұрақсыздығы шымбайларына батқан олар төккен терлерінің зая кетпеуін сұрайды.
ШАРУА: «20 цент тұратын қызанақ супермаркеттерге 2 еуроға барады. Олар бізге ақша табуға мүмкіндік беруі керек, өйткені тыңайтқыштардың бағасы үш есе өсті, ал өніміміз 30 жыл бұрынғыдан да арзан бағалануда».
Ереуілдерді Испанияның негізгі үш фермерлік қауымдастығы қолдады.
ШАРУА: «Біздің өнімдердің бағасы өте төмен, керісінше газ бен тыңайтқыштардың құны жүз пайызға дерлік өсті. 30 жыл бұрын белгіленген бағамен сатамыз,бұлай жалғаса берсе жағдайымыз қиын».
Испания фермерлерін салық мәселесімен қоса квота мен баж салығын алып тастаған украин өнімдері импортының үлкен көлемі, сондай-ақ Оңтүстік Американың Mercosur блогы арасындағы сауда келісімі бойынша келіссөздердің қайта жандануы жосықсыз бәсекелестікке наразылықты арттырып отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 437 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XmMpM0O5hYw?si=0UaOCj-TjFcF7ByM"
Өнегелі өмірін білім мен ғылым саласына арнаған,Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Алаштанушы,ұстаз Аманқос Мектеп-тегі Құлтанұлы 70 жасқа толды. Осы мерейтой аясында ұйымдастырылған шараға қатысып қайтқан едік.
Еңбек жолын сонау 1981жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми кызметкері, Республикалық «Жалын» журналы проза бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде ұстаздық етіп келе жатқан Аманқос Құлтанұлы Алаш арыстарының мұрасын баспасөз бетінде алғашқы насихаттаушылардың бірі. 300-ге жуық мақаланың авторы. Шарада білім-ғылым саласының көшін ілгерілетуге зор үлесін қосып келе жатқан ғалымның ерен еңбектері жайлы айтылды.
САҒЫМБАЙ ҚОЗЫБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ,ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ,ПРОФЕССОР
Ұстаз ұстаз емес,шәкірті үшін күймесе, Шәкірт шәкірт емес ұстазын шын сүймесе демекші бүгінгі шарада Ұстаздың өмірдегі,қызметтегі,білім саласындағы шәкірттері иығына шапан жауып,алғыстарын жеткізді.
АМАНҚОС МЕКТЕП-ТЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 490 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6s0vexMKXYE?si=dxz5CqKSVZYiSzi5"
Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың перзентханасында үшем дүниеге келді. Бүгін екі қыз және бір ұлды аман-есен босанған бақытты ана Шолпан Мамашеваны жақындары Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасынан шығарып алды. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
«Жамбыл ауданының жұртшылығының атынан... қосып жатқан үлестеріңіз үшін мың да бір алғыс айтқым келеді».
32 аптасында сәбилер 2170, 1490, 1900 грамм салмақпен дүниеге келді. Алғашқы күндері сәбилердің жағдайы ауыр болып, инвазивті емес SIPAP аппаратында жатты. Тек жетінші күні көпбалалы ана өз балаларымен қайта қауышты.
ҰЛТАЙ ДАУЫЛБЕКОВНА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: «Жылына бір рет осындай қуаныш болады. Бізге де қуаныш. Оны босандырып алу бір бөлек, екінші жағынан бұларды кішкене адам қылу керек. Соған да қаншама жұмыс жасадық. Бірақ, Шолпанға рақмет! Бізге сенді. Бәрі жақсы болады дегесін, бәрі жақсы болды».
Сегіз баланың ата-анасы атанған Шолпан Мамашева мен Жарқын Бағлаев қыздарының есімдерін - Ділнәз және Гүлнәз деп қойды, ал ұлдарының есімін Темірлан деп атауға шешім қабылдаған. Бақытты жанұяның балаларының алды 5 сыныпқа, арты балабақшаға барады.
ШОЛПАН МАМАШЕВА ҮШЕМДЕРДІҢ АНАСЫ «Менің денсаулығым бұрынғыдай болмаған. Өйткені көпбалалы анамын. Бірақ, соған қарамастан ол кісілер маған көмектесіп, кесір арқылы балаларымды аман алып қалды. Барлығына рақметімді айтамын! Алла разы болсын! Сіздерге жұғысты болсын! Үміт еткен адамдардың барлығына жұғысты болсын!»
Айта кетейік, батыр анаға дәрігер ұжымы қаржылай көмек көрсетсе, жас отбасына көмек ретінде Жамбыл ауданының әкімі кішкентай періштелердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге уәде берді. Сонымен қатар, 2023 жылы Алматы облысында 26 825 бала дүниеге келген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 441 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vnb94O4dLAE?si=A-OQV1hy9Vmw15ob"
Қарлы боран салдарынан Қызылорда облысының Арал ауданынан 20 шақырым қашықтықтан Ақтөбе бағытына қарай республикалық маңызы бар автожолдар жабық. Бүгінгі күні Ақтөбе облысына бағыт алған барлығы 807 автокөлік және 1200-ге жуық жолаушы жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізілген. Қазіргі таңда жолдың жабық болуына байланысты арнайы штаб құрылған. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен жолаушыларға тегін ыстық тамақ таратылуда. Сонымен қатар, баласы бар 49 әйел және 16 ер адам колледж жатақханасына орналастырылды.
Полиция қызметкерлері автожолдарда тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Полиция құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмек беру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Қызылорда облысының Полиция департаменті тұрғындарды қолайсыз ауа - райы жағдайын ескеріп, алыс жолға шықпауларын сұрайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 544 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DPGUlhcULt4?si=pvMIwKGhrSYpbOif"
Ақтауда қоғамдық қорғаушы тыйым салынған затты абақты аумағына алып кірмек болған жерінен ұсталды. Тергелушіге келген ер адамды тінту кезінде жедел уәкілдері аяқ киімге салынған ұялы телефон мен сим картаны тәркілеген. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалды. Аталған іс әрі қарай сотқа жолданады. Айта кетейік қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде заңға қайшы әрекет жасағандарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
СЕРҒАЗЫ ҚАРАТАЕВ - ҚАЖД № 77 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Тергеудегі азаматқа келген қоғамдық қорғаушыны жеке тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер аяқ киімге жасырылған "Nokia" маркалы ұялы телефон мен сим-картаны тауып, тәркіледі. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасақталды. Жинақталған материал сотқа жолданады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 467 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BQnyZHr7Azg?si=3YCwKpgWZAQp4JvO"
Еліміздің бірнеше өңірінде соңғы екі тәулік бойы қыс қаһарына мініп алды. Ақмола облысында да дауылды ескерту жарияланды. Соған қарамастан жолға шыққан жолаушы көп. Бірнеше күн көлікпен ұзақ сапарға шықпау туралы ескертілгенімен, оған құлақ асып жатқан халық жоқ. Қазгидромет мамандары секундына 30 метрге дейін қатты жел тұратынын, қар аралас жаңбыр жауатынын ескертумен келеді.
ЕРКЕН БЕРЛІБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Ақпанның 7-сі мен 9-ы аралығында республикалық маңызы бар 20 және облыстық маңызы бар 38 жол учаскесі жабылып, барлық көліктер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді. Төтенше жағдайлар қызметі облыс жолдарында қалып қойған жолаушыларға көмек көрсету үшін 13 рет трассаға шықты. 87 адам құтқарылды. Оның 4-еуі бала. Барлығы жылыту пункттеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 16 және облыстық маңызға ие жолдардың 38 учаскесі жабық. Облыс бойынша 268 жылыту бекеті дайындалды. Қазір ол жерге 52 адам орналастырылған».
Жолға шыққан жолаушылардың көбі елдімекендерден ұзап кетіп, қар құрсауында қалып қойған. Өте қауіпті жағдайға тап болғанда, қашан да көмекке құтқарушылар келеді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің дағдарыс жағдайлары басқармасының базасында жедел әрекет ететін арнайы штаб жұмыс істейді. Бір тәулік ішінде ақмолалық құтқарушылар 26 адамды қар құрсауынан шығарып, жылыту пункттеріне жеткізілді. Құтқарылғандардың арасында Ресейдің 3 азаматы, 1 бала мен 1 жүкті әйел бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 514 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Cklio2TgmsA?si=7E-pVcplYMk1NB23"
«Біздің елдің жігіттер,жігіттердің төресі» деп жырлаған ЕсенқұлЖақыпбеков нағыз елдің азаматы еді. Оның отты жырлары,көпшіліктің көңілінен шығып, риясыз ықыласына бөленді.Бүгін Есағаңды еске алу шарасы өзінің туған өлкесінде орын алды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Артына өшпес мұра қалдырған, бір қазақтың емес, бар қазақтың ұлына айналған дара ақынды ардақтауды, мол мұрасын жастарға насихаттауды мақсат тұтқан кешке өнердегі қаламдас достары, шәкірттері,аудан әкімі мен ақынның өмірлік жары Меңсұлу Сұлтанқызы да қатысты. Есенқұл Жақыпбеков – халқымыздың ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің мәртебесін биіктеткен, ақындық өнердің көрнекті өкілі. Есағамыз – ақындық пен қатар айтыс өнерін қатар тізгіндеген жан. Ол – жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғап, өнерін өрістеткен суырыпсалма айтыскер, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан талантты ақындардың қатарынан ойып тұрып орын алған тұлға.
НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
ЕРМЕК ЖҰМАТАЕВ Е.ЖАҚЫПБЕКТІҢ ШӘКІРТІ, АҚЫН
Есағаң ортамызда болғанда 70 жасын атап өтер едік.Бірақ тағдырдың жазғаны болар, мәңгілік өмірге сапарлап кетті.Десекте оның отты жырлары ешқашан өлмек емес. Есенқұл ақынға арналған естелік кітаптар да жазылып жатыр. Бүгінгі шараға жиналған жұрт,ақынның өресі биік туындыларын сөз етіп,аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары оның жырымен жиналғандарды сусындатты.
АҚАН ӘБДІУӘЛИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Есенқұлды еске алу елдің парызы.Өйткені ақынның қалың еліне қалдырған өнегелі мұрасы ұмыт қалмауы керекті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 448 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XonTjGmr6Nw?si=X7v9lTxyPSTlPoNy"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 465 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sdVb9yyyMlg?si=dGGlEi2WudPzjmMf"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 481 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Zzbz2Ina79Q?si=6BivTFIw3UcSsX5q"
Ертең ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күні. Осыған орай білім ордаларында жыр онкүндіктері өтуде.Хан -Тәңірінен түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағалидың мұрасын дәріптеу мақсатында өткен шараға қатысып қайтқан едік.
Бүгін менің туған күнім ой, пәлі- ай,мына халқым неге жатыр тойламай деп артына өшпес мұра қалдырып кеткен ақиық ақынның туылған күнін қалайша тойламасын бүгінгі ұрпақ. Мұқағали әлемінен сусындап,шығармаларын өскелең ұрпақтың қанына сіңдіріп, тіліне,Отанына деген сүйіспеншілігін оятуда бүгінгі шараның маңызы ерекше.
РУФИНАТ ӘЛДІҚАЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №108 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Құндылығын уақыт бағалап жатқан ақын шығармаларын келер ұрпаққа тәлім-тәрбие құралы ретінде енгізуіміз керек деді шараға арнайы келген Шаяхмет Имашев ағамыз.
ШАЯХМЕТ ИМАШЕВ МҰҚАҒАЛИТАНУШЫ, АКТЕР
Тағы басқа мақалалар...
126 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.