
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 443 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7KtktnXFbZs?si=XY3fPxuX0voDjNGD"
Бір жылдың ішінде онкологиялық ауруға шалдыққан ақмолалықтардың саны он мыңға жеткен. Дегенмен аталмыш дерттен көз жұмғандар саны азайып келеді. Басты себеп, дәрігерлер жүргізіп отырған ауруды алдын ала анықтау шаралары.
Өткен жылы 2000 жуық өңір тұрғыны қатерлі ісік індетіне шалдыққан. Бұл соңғы 20 жылда болмаған көрсеткіш. Әсіресе, сүт безі обырына ұрынғандар өте көп. Мәселені біржақты етіп, науқастарға паллиативтік көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында жеті мобильді бригада құрылған.
БОЛАТ ӘБІШЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ОНКОЛОГ ДӘРІГЕРІ: «2022 жылға қарағанда өткен жылы ауруды соңғы кезеңде анықтау көрсеткіші 20 процентке төмендеді. Ал, онкология дертін нөлінші, бірінші кезеңінде, яғни, ерте анықтау 17 процетке жоғарылады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Әрине, жақсы нәтижеге қол жеткізудің бірден бір себебі уақытылы өткізілетін скринингтер. Бізде ең маңызды үш скрининг бар. Ол сүт безі обыры, жатыр мойыны және тік ішек обыры. Өткен жылы 115 мың адам осы скринингтерден өткен. Нәтижесінде, біз жақсы көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз».
Онкологияны жеңіп шыққан жандардың бірі – Целиноград ауданының тұрғыны Светлана Нефельд. Ол елуден асқан шағында денсаулығының сыр бере бастағанын байқайды. Уақыт созбай, дәрігерлерге қаралып, қажетті тексерістен өткен.
СВЕТЛАНА НЕФЕЛЬД ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Менде онкологияның жеңіл түрі болды. Сондықтан, сәуле арқылы емдеді. Көп ұзамай толық айығып шықтым. Қазір онколог дәрігерлердің жіті бақылауындамын. Барлығына айтарым, уақыт созып жүріп алмай, күдіктенсеңіз бірден дәрігерлерге қаралу керек. Ертерек емделсеңіз, жаман ауруды да жеңуге болады екен».
Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды реттеп, онкология ауруына шалдыққандар санын азайту үшін медицналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту қажет,-дейді дәрігерлер. Ал, тұрғындардың мамандардың шақыруына бей-жай қарамай, әр тексерістен уақытылы өтіп тұрғандары абзал болмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 472 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gvXu2n1bjQo?si=zIDhVl64_s5GLy1I"
Батыс Қазақстан облысында табиғаттың тосын мінезі елді әбден әбігерге салды. Қала іргесінде орналасқан Подстепное ауылы тұрғындары қиын жағдайға тап болды. Қатты жел салдарынан тұрғын үйлердің шатыры ұшып, елдімекен жарықсыз қалды.
БҚО өңірінде соққан қатты желдің салдары Подстепное ауылына қарасты Жарқын шағынауданындағы тұрғын үйлеріге зардабын тигізді.Салдарынан тұрғын үйлердің шатырларын жұлып әкеткен. Жауапты мердігер мекеме өкілінің айтуынша, қазір тіреу ағаштарын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн райы қалыпқа келіп, жел басылғаннан соң шатыр жабынын жөндеуге кіріспек.
ЕСЖАН ШОНАЕВ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «Тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға берілді. 5 жыл кепілдік мерзімі бар. Сол себепті қалыпқа келтіру жұмыстары біздің қаражат есебінен жүргізіледі. Шығын көлемін әлі есептейміз».
Екпінді желдің кесірі электр желілерінің де үзілуіне сеп болған.Бүгінде 4 елдімекен жарықсыз қалған.
МЕЙІРБЕК СҰЛТАНОВ ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Ауа-райының тосын мінезі БҚО-да ғана емес, көрші өңірлерде де байқалып тұр. Инфрақұрылымдық жүйелерге зардабын тигізуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 453 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oiU2g_0YYGg?si=qZ5BSFEj5ctJ2aJQ"
«Қазгидромет» 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстіктің таулы аймақтарында, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар түседі. Еліміз бойынша, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік-батыста және солтүстікте бұрқасын болады, дауыл соғады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел тұратындығын ескертеді.Сондай-ақ айтулы күндері азаматтарға алыс жолға шықпауға шақырады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 479 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/56FznSgzLGQ?si=toDiyVuIPXvFdHgk"
Маңғыстау өңіріне қарасты Жаңаөзен қаласында апатты жағдайда тұрған 9 үй бар. Қабырғасы сөгіліп,күннен-күнге шөгіп бара жатқан баспана бір күні опырылып ортасына түсе ма деп алаңдайды,тұрғындар. Бұдан басқа барар жері жоқ олар, жандарын шүберекке түйіп отырудан басқа амалдары қалмаған.Жергілікті биліктен күдерін үзіпті. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Бұл баспаналардың іргетасы 1967-1978-ші жылдардың аралағында қаланған. Содан бері жөндеу көрмепті.Қабырғаларынан саңылау көрінеді, төмен қарай шөгіп бара жатқаны тағы бар.Тіпті үйге кіретін есігі де ашылмай қалыпты. Асыл Нарынбаеваның қауіпті баспанада тұрып жатқанына 10 жылдан асыпты. Қазір үйге кіріп-шығу мұңға айналған соң, пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған.
АСЫЛ НАРЫНБАЕВА ТҰРҒЫН: «Мына үйлер жарылып бастады. Есік ашылмай қалды. Астынан су ағады. Сосын барлық заттарымызды алып көшіп кеттік. Қайтейік енді? Балалар, келін, инвалид шал бар».
Үй деп айтуға келмейді-ау, өйткені қазіргі сиқы мынау. Жер төлесі үнемі суға толып,кәріз құбырлары жиі жарылады. Шатыры жаңбыр жауған күні қорған бола алмайды. Себебі әбден тозығы жеткен, шұрқ тесік.Ал жергілікті биліктің мән беретін түрі жоқ дейді тұрғындар.
АЙМАН ЖАРЫЛҒАСОВА ТҰРҒЫН: «Ешқандай келген комиссия жоқ. Үй апаттық жағдайда. Астында құбырлар жарылып, су кетіп тұр. Жазда иіс отырғызбайды. Шағатын заттар отырғызбайды.Үй қопарылып, опырылып жатыр. Ешқандай әкімдіктің адамдары келген емес».
Ал жауапты мамандар бұл проблемамен жақсы таныс екендерін, мәселені шешу жолдарын қарастырып, тіпті арнайы бағдарлама әзірленгенін алға тартуда. Олардың дерегі бойынша осындай жағдайдағы 40 жуық баспанаға сараптама қорытындысы жасалған. Оның 26-на күрделі жөндеу қажет болса, 14-і сүрілуі тиіс.
СӘМИ ӘДІЛЕТ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Реновация бағдарламасын қабылдадық мәслихат шешімімен. Бұл бағдарлама күрделі жөндеуді қажет ететін үйге инвестор тарту арқылы жаңа үй салу. Тұрған қабатын, шаршы метрін сақтау отырып дәл сондай үй салатын боламыз. Ол жұмысты наурыз айында бастаймыз».
Әкімдіктің сөзіне сенсек, баспана салып беруге ынта білдірген мердігер мекемелер баршылық екен. Құрылыс жұмыстары біткенше паналайтын жер сұрағандар көп.Барлық өтініштерді ескере отырып, жалдамалы пәтерлерді ұсынып көрмекке бел буып отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 456 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VQETLvCeLEI?si=_JW2zZMg7Qkj6vwb"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 477 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MQllFsj2mx8?si=8mmtA8o0ygrg3Yzl"
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Осыған орай алматылық ардагерлерге 100 мың теңге көлемінде бір реттік төлемақы беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерін үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров айтты.
МҰРАТ ӘБДІШҮКІРОВ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Алматы әкімдігі ауған ардагерлеріне қолдау көрсетіп келеді. Биыл 15 ақпан мен 9 мамыр күндері ардагерлер 100 мың теңгеден алады. Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері медициналық көрсеткіштері бойынша санаторий-курорттық ем алады. Қазір квота жылына 170 жолдамаға дейін ұлғайтылды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 506 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ng3-h817X3E?si=uvgBPznxIF93NQmk"
Апат айтып келмейді. Алматы облысы,Қарасай ауданы,Іргелі ауылдық округінің әкімшілік ұжымы қар көбесі сөгіле орын алып жататын сел қауіптерінің алдын алуға,жақында болған шаһардағы жер сілкінісінен секем алған тұрғындарға үгіт насихат жүргізу мақсатында сақтық шараларын жүргізді. Оқу жаттығуға Қарасай ауданы ТЖБ бригадасы,жедел жәрдем бригадасы,Алатау жарық компаниясы, округке қарасты мекемелердің барлығы дерлік жұмылдырылды. Мекемелрдің техникалық базалары тексерістен өткізіліп,олқылық орын алып жатқан тұстарына сын ескертпе берілді. Жұмылдыру жұмыстарына жиылған жұртқа әкім қандай жағдай орын алса да дүрбелеңге салынбауға үндеді.
АРМАН ҚАМАЛБЕК АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 528 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uOuGTKkSf1w?si=DVHzb-VvOXO_EV6l"
Бір аптадан аз уақыт ішінде екінші Тынық мұхиттық дауыл Америка Құрама Штаттарының Батыс жағалауына жетті. Ол «Pineapple Express» деп аталды. Атмосфералық өзен Оңтүстік Калифорнияға қатты жаңбыр әкеліп, қала көшелерін су басып, көптеген көшкіндердің пайда болуына ықпалын тигізіп отыр.
Аризонаның оңтүстік-батысында да нөсер жауған. 35 миллионға жуық адам тұратын аймақтар зардап шекті. Бірқатар аймақтарда су тасқыны, қатты жел және қар жаууы сияқты төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды. Ұлттық ауа райы қызметі бұрын-соңды болмаған жауын-шашынды тіркеді. Оның айтуынша, жексенбіден бері елдің екінші үлкен қаласы Лос-Анджелес аймағында 250 миллиметрден астам жаңбыр жауған. Бұл атақты Беверли-Хиллз қалашығы.Мұнда көліктер мен үйлерді лай ағындар басып жатыр.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Біз Beverly Park Estate деп аталатын қаланың астында орналасқанбыз. Онда көптеген атақты адамдар тұрады. Мысалы, Адель жоғарыда тұрады. Бұрын Сильвестр Сталлоне де сонда тұрған. Қалашық шамамен 25 жыл бұрын салынған».
Құтқарушылар зардап шеккен аймақтардың барлығында көшкін қаупі сақталып отырғанын айтады.
КОДИ ВАЙРЕТЕР ҚҰТҚАРУШЫ: «Ауа райының әсерінен сел жүру қаупі жоғары болды. Қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатырмыз. Шамамен жеті үй зардап шекті. Мұндай дауылмен су мөлшері артқан сайын әсер бірте-бірте күшейеді. Топырақтың қаныққандығы сонша, ол басқа суды сіңіре алмайтын деңгейге жетеді. Сол кезде топырақтың ауысуы орын алады».
Бірінші дауыл жексенбі күні Солтүстік Калифорнияда болды. Жүйе оңтүстікке қарай жылжыған сайын жауын-шашын көбейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 460 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xjzWCrjOuwc?si=hRv0bAsRcP4Hdjix"
Канада үкіметі шетелдік студенттердің жұмысына шектеу қоюды жоспарлап отыр. Ел білім алуға ұмтылған шетелдіктердің бұрын-соңды болмаған ағынымен бетпе-бет келіп отыр. Олар жеңілдетілген көші-қон ережелерін пайдаланбақ. Енді университет студенттері аптасына ең көбі 20 сағат жұмыс істей алады. Бұған дейін ол 40 сағат болатын.
СТУДЕНТ: «Олар бұл туралы студенттердің көзқарасы бойынша ойлаған жоқ деп ойлаймын. 30 мың доллар университет үшін өте үлкен сома. Мен ата-ананың мұндай ақшаны қайдан алатынын білмеймін».
Канадада халық санының рекордтық өсімі байқалады. Бір жыл ішінде ол 3,2 пайыздан асты. Мұндай көрсеткіштер өткен ғасырдың 50-жылдарынан бері байқалмаған. Бұл ретте өсім мигранттар: шетелдік жұмысшылар мен студенттер есебінен. Жалпы, студенттер ел халқының 2,5 пайызын құрайды. Жаңа шектеулер енгізілгеннен кейін азық-түлік қызметі мен бөлшек сауда секторларында жұмысшылардың уақытша жетіспеушілігі болады деген алаңдаушылық бар.
МАКСИМИЛИАН РОЙ КАНАДА РЕСТОРАТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: «Студенттер біздің барлық қызметкерлердің 4,6% құрайды. Бұл саланың өте маңызды бөлігі және біз оның әлі де қолжетімді екеніне көз жеткізгіміз келеді».
Бұл ретте үкіметтің мақсаты – жалақы инфляциясының қарқынын тоқтату және қолжетімді жалдамалы баспанаға сұранысты азайту үшін студенттер санын азайту. Канаданың денсаулық сақтау жүйесі де үлкен қысымға ұшырауда, өйткені дәрігерлер аз және медициналық көмек сапасы төмен. Сауалнама көрсеткендей, канадалықтардың жартысынан көбі елдің азырақ халықаралық студенттерді қабылдауы керек деп санайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 531 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BgT9kqDnk1M?si=ex5FHR1U_hfFz63W"
Ақмола облысыда малымен күнелткен ауылдарда қыстың қытымыр аязында үлкен жұт болып жатыр. Жем-шөп таусылып, далада қардың беті жаппай шыңылтыр мұз құрсанып жылқылар тебіндей алмай толықтай қолға қараған.
Жыл жылқы үшін қиын болды. Ақмола облысы, Зеренді ауданында азықтың жоқтығынан далада биелер аштықтан құлап жатыр. Жем-шөп бағасы қымбат, мал саны күрт азайып кетті. Амантай Байдалин Қонысбай ауылының тұрғыны. Биыл ол 4 бас жылқысын қорада ұстап, бағуға мәжбүр. Биелер құлын тастап, жүдеу болып көтерем болғандары шетінен өліп жатыр.
АМАНТАЙ БАЙДАЛИН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мен 60-қа келдім. Бұған дейін жылқы қолға келген емес. Жабағыларды алатынбы.Әлі ақпан айы бар нағыз борандар, сосын ұзын сары бар март. 15 сәуірге дейін мал шығатын түрі жоқ».
БЕКАЙДАР БЕКЕНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Биыл күзде жауын көп болды, мұз қатты, көктайғақ болды. Одан кейін қалың қар жауды. Мынау жылқының жағдайы өте нашар болып тұр. Өлгені өліп жатыр.Үлкен биелер өзін сақтап қалу үшін инстинкт самосохранение дейді. Құлындарынан құтылады, тастайды өзі тірі қалу үшін. Биыл малдарда төл жоқ. 40-46 градус аяз болды. Біз мемлекеттен көмек сұраймыз, жылқы ұстау үшін көмек керек».
Көрші Дөңгілағаш ауылындағы да жағдай осы. Жылқының бағасынан азығы қымбат, сол себепті мал санын азайтуға мәжбүрміз,- дейді ауыл тұрғындары.
ЖАНАТ АТЫМТАЕВ ДӨҢГІЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Корм жоқ, мына рулон сабанды 15 мыңнан алдым. Доставкасы 15 мың. жазда дайындаған бітті міне, күйі енді құлайды. Күнде көтереміз, қабырғалары көрініп тұр. Далада загонда бір басымыз құлап жатыр, 5-6 жігіт барып көтердік кеше бие тұра алмайды».
Жанат айтқан биені көруге бізде бардық. Ашығып құлаған мал, сол күйі арам қатқан. Көтерем болып, көктемге жетпей құлап жатқан мал көп,- дейді дөңгілағаштықтар.
ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біз жағдайға монторинг жасап отырмыз, мәселені білеміз. Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Зеренді Бурабай, Аршалы аудандарында мұндай жағдайдың бар екені ескертілді. Зеренді аудандық әкімшілігі аудан тұрғындарына сабан жеткізіп бергендерін айтты. Және ағаш бауырларындағы қарды жұқарту бағытында жұмыстар атқарылады».
Көктемге жете алмай құлап жатқан жылқылардың мәселесін ауыл тұрғындарының өздері шеше алмайтыны анық. Төніп тұрған қауіптің алдын алу үшін Үкімет деңгейінде шаралар қажет,- дейді ауыл тұрғындары.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 502 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fxhAF7dYS1Y?si=cb5pqNIY78inIYEe"
Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледж жатақханасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Дәнекерлеу ісі,авто слесор,тігінші мамандықтары бойынша тәлім беретін оқу ордасының 40 адамға арналған жатақханасында асханадан бастап,студенттердің жатын орындары бүге-шүгесіне дейін тексерілді.
БЕКЖАН СҮНБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 469 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0rJuErHXL3Y?si=0PwKL9nYzte9SmAo"
Қазгидромет ескертеді. Алдағы үш күнде Қазақстанның 14 облысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты елімізде дауылды ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, Шымкент, Батыс Қазақстан, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Абай облыстары мен Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, 23-28 м/сек. дейін боран соғады деп күтілуде.Ал, әлеуметтік желіде «Қазақстанға қауіпті циклон төніп келеді, 100 м\секундына дейін жел соғады, өз өмірлеріңізге сақ болыңыздар!» деген тақырыппен жарияланған мына видеоны синоптиктер жоққа шығарды.
Айта кетейік, бүгіннің өзінде Ақтөбе облысында қатты боран соғып, автокөліктер жолда қалып, ұшақтар әуежайға қона алмай әуре-сарсаңға түсуде. Сондықтан, мамандар ауа райы туралы ақпаратқа назар аударып, қатты асығыс болмаса алыс жолға шықпауға кеңес береді.
АФРОДИТА ПІРІМЖАР «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕРІ
Тағы басқа мақалалар...
127 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.