
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 402 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oVzx4x8xQ-c?si=aGoJ_gDdlZdUKktS"
Алматыда «Өнеркәсіптік құрылыс» халықаралық форумы өтті. Еліміздің құрылыс индустриясындағы маңызы жоғары іс-шара осымен екінші мәрте өткізіліп отыр.
Шарада Германия, Польша, Венгрия, Италия, БАӘ және басқа да елдердің ірі құрылыс компанияларының өкілдері, жетекші мамандары мен сарапшылары бас қосты. Қатысушылар өнеркәсіптік ғимараттарда, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда қолданылатын темірбетон құрылыс жүйелерін пайдалану туралы баяндамалармен танысты.
ЕРАЛЫ ШОҚПАРОВ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Өткен жылы Шымкент қаласында өндірістік құрылыс саласымен бой көтерген 9 қабатты ғимарат вибросынақтан өткен болатын. Биылғы жылға осындай тағы екі сынақтан өту жоспарланып отыр.
ЕРАЛЫ ШОҚПАРОВ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Аталмыш жобаға қатысты ғимараттың қабырғаларынан бастап төбе жабынына дейін сапасы жоғары болуы қатаң бақылауда болады. Сейсмикалық аумақтардың қауіптілігіне қарай бетонның тығыздығы,арматураның диаметрі есепке алынады.
Шараның берер тұсы сұранысқа ие болып тұрған индустриялық құрылыс жобаларын сынақтан өткізіп сейсмикалық аймақтарда қолдануға қорытынды берілмек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 460 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DZ9rIb9uZwc?si=lcPWMIrirzxRxHci"
Бұдан былай ғалымдарға атағына қарай қосымша ақы төленеді. Мысалы, доктор PhD, ғылым кандидатының ай сайынғы жалақысына 92 мың теңге қосылады. Ал ғылым докторы 185 мың теңге көлемінде жалақысының үстіне қосымша ақы алады. Бұндай жаңашылдық арнайы норма ретінде жазылып, заңға енгізіледі. Бүгін мәжілісте ғылым туралы құжатқа енетін жаңа өзгерістер жайлы Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов айтты.
Елімізде ғылымды қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. Барынша ғалымдарға жағдай жасалады. Атап айтқанда, жалақыларына қосымша үстемақы төленеді және бір жылға дейін демалыс беріледі, ол ақылы демалыс болады, орташа жалақы төлемдері тоқтамайды. Яғни, ғалымдар үшін мұндай шығармашылық демалыс – ғылыми жұмыстарымен айналысуға, монография жазуға мүмкіндік береді.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Қазіргі уақытта ғылыми зерттеу институттарында немесе университеттерде істейтін ғалымдарымыз өздерінің доктор PhD, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр. Мысалы, доктор PhD, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алады».
Бүгін мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда қабылдаған ғылым мәселелері бойынша жаңа құжатта, әскерге барып борышын өтеп келген азаматтарға арнайы жеңілдік беру туралы норма да қарастырылды. Енді борышын өтегендер үшін оқуға түсерде жеңілдіктер беріледі.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Әскерге барып, өз борышын өтеген азаматтарға арнайы жеңілдіктер ұсынылды. Біріншіден, осы санат үшін арнайы квота енгізу ұсынылады. Екіншіден, олар осы квоталар шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы дайындалған емтихандар негізінде түсу мүмкіндігін алады».
Одан бөлек, бүгін Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызметшілерге қатысты заң жобасын мақұлдады. Жаңа құжат бойынша енді теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметкерлер 2 жылға дейін қызметінен шеттетіледі.
ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Заң жобасы мемлекеттік қызмет туралы заңның бірнеше бабына түзету енгізуді қамтиды. Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді».
Сондай-ақ бүгін төменгі палата депутаттары отбасының шырқын бұзғандарға жазаны күшейтетін заң жобасын қабылдады. Қанша уақыттан бері қоғам арасында қызу талқыға түскен отбасылық зорлық-зомбылық туралы заңның қабылдануына қарсы дауыс берген депутаттар да табылды. 82 депутат жақтаса, 1 депутат дауыс бермеді, 2 депутат қарсы болды, 6 депутат қалыс қалды.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бұл заңдар барлық азаматтың, оның ішінде қоғамның ең осал мүшелері саналатын әйелдер мен балалардың құқығы мен мүддесін қорғауда қалқан болуға, мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін жетілдіруге, қоғамдағы тәртіп бұзушылыққа байланысты жауапкершілікті күшейтуге арналған. Бастысы, қоғамымыздың негізі отбасындағы береке-бірлікті нығайту құндылықтары енгізіліп отыр».
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бүгін біз өте маңызды заң жобасын қабылдадық. Бұл құжат мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, заң үстемдігі мен тәртіпті қамтамасыз етуге тікелей бағытталды. Отбасы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылық – қоғамда жиі талқыланатын өзекті және өткір мәселе. Аталған проблеманы құқық қорғаушылар мен депутаттар ғана айтып жүрген жоқ. Әйелдер мен балалардың қорғансыздығы жайындағы мәселе БАҚ-та, әлеуметтік желіде өте жиі көтеріліп жатыр. Аргессорлар мен абъюзерлердің кесірінен қаншама шаңырақ шайқалып, әйел тағдыры талқыға түсіп, балалар зардап шегуде».
Бүгін Мәжілісте қабылданған бұл заң жобаларын енді Сенат депутаттары қарайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 502 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/L4KKQFIcCy0?si=agUGMuc06d6lFwDT"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы Инновациялық орталығына барды.Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы көлік-логистика орталығының ашылу рәсіміне телекөпір арқылы қатысты.
Мемлекет басшысы аталған сала мен жалпы Қазақстан-Қытай қатынастары үшін көлік-логистика орталығын ашудың маңызды екенін атап өтіп, нысанды іске қосты.Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын Сиань құрғақ портында логистика орталығын салу жөнінде уағдаласқан болатын. Сиань – Қытайдың тораптық транзиттік орталығы және ең ірі құрғақ порт орналасқан қаласы. ҚХР мен Еуропа Одағы арасына қатынайтын контейнерлік пойыздардың 40 пайызына жуығы осы жерден жөнелтіледі.Сиань қаласындағы құрғақ портта орналасқан Қазақстан терминалының жобалық қуаты – жылына 66,5 мың жиырма футтық эквивалент. Терминал еліміздің экспорттаушылары үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімін едәуір қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бұл – «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы бойынша іске қосылған жоба. Қазақстан Төраға Си Цзиньпин 2013 жылы біздің елімізде жариялаған ірі жобаны толығымен қолдайды. Осы бастаманың арқасында орталықтың құрылысы қысқа мерзімде аяқталды. Мұның барлығы – екі ел арасындағы табысты серіктестік нәтижесі. Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға жаңа серпін бермек. Сондай-ақ Еуразиядағы сауда-экономика ынтымақтастығын нығайта түседі деп санаймын. Осы орталықтың сапалы салынуына Қазақстанның және Қытайдың көптеген мамандары атсалысты. Мен бүгін баршаңызға ризашылығымды білдіремін».
Президент Қазақстанды Еуразияның негізгі транзит хабына айналдыру мақсатында қабылданып жатқан кешенді шараларды оң бағалады. Бұл ретте Мемлекет басшысы шын мәнінде бәсекеге қабілетті болу үшін заман талабына сай инновациялық шешімдер қабылдаған жөн деп санайды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесіне айрықша мән бердім. Қазақстанда озық IT-шешімдерді енгізу үшін берік негіз қалыптасқан. Отандық теміржол саласы «цифрлық жарысқа» уақыт оздырмай қосылуға тиіс. Бұған белгілі бір деңгейде әзірлік бар екенін көріп отырмыз. Цифрландыруды жеделдету есебінен таяу арада тасымал тиімділігін арттыру және шығындарды қысқарту міндеті тұр. Бұл тек көлік-логистика саласының ғана емес, жалпы экономиканың дамуына тың серпін береді. IT-шешімдер ретсіз енгізілмей, бір-бірін толықтырып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Бұл – маңызды».
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларға атсалысып жатқан шетелдік компанияларға алғыс білдірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 398 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5AJTmIsdClg?si=l9IZ3XE8TVsz-jpk"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 571 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_WxAHeOzZMs?si=5aWBQSVvGLt5HUuk"
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.
Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті.Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 384 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ocVJgGAA5vg?si=dEurI4sbvZwquzco"
Ауылдағы медицинаның күйі аянышты. Алыстағы ағайын сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің де жұмысы көңіл көншітерлік емес, бақылауды әлсіретіп алған. Осылай деген Премьер-Министр Үкіметте бірнеше рет қаралған мәселенің әлі шешім таппай келе жатқанын сынға алды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті. Сондықтан, ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды. Мұның бәрі жоспарлардың өзгеруіне әкеп соқты. Соның салдарынан өткен жылы тек 99 объектіні тапсыру туралы шешім қабылданған болатын.Бірақ оның өзіне қол жеткізілген жоқ.Әлі күнге дейін 7 объект аяқталмады.Былтыр әкімдіктер типтік жобаларды жергілікті жерге байланыстыруға тиіс еді. Бұл жұмыс та аяқсыз қалды».
Айта кетейік, былтыр ауылдық елді- мекендерде 309 объектіні салу жоспарланған болатын. Алайда, жобалық-сметалық құжаттама дайын болмағандықтан, құрылыс әлі басталмаған. Ал, көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды күрделі жөндеу жұмыстары басталуы керек болатын. Ол жұмыстар да әлі жүзеге асырылмапты. Бүгін үкімет отырысында Премьер-Министр әсіресе 5 акушерлік-фельдшерлік пункт ашылуы керек болатын Ұлытау облысы әкімінің жұмысын сынады. Әкім бақылау жұмысын дұрыс орындамағандықтан, ауылдағы ағайын сапалы медицинаға қол жеткізе алмай отыр деді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 406 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TsJJwQCd9t0?si=kBJsy_09eDd_hVV5"
Елімізде мал ұрлығы тиылар емес. Сондықтан, полицейлер республика бойынша жедел-профилактикалық іс-шараны бастады. Нәтижесінде, үш күннің ішінде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды, 12 қылмыстық топ құрықталды. Операцияны жүргізуге 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды. Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар және мал сою цехтары тексерілді.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. 360-тан астам ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар ветеринария саласында 800-ге жуық құқық бұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 512 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hLeS7_f9n0U?si=BOQ4wdUO-gV3T4pS"
Польшалық шаруалар еуропа елдерінің шекараларын жабуға қосылды. Олар өз тракторларын Германияның негізгі өткелдерінің біріне апарды.
ПОЛЬШАЛЫҚ ШАРУАГЕР: «Біз Еуроодақ пен Еуропарламенттің бізге ұсынған жасыл келісіміне қарсымыз. Біз Польшадағы барлық наразылық білдірушілермен, Германиядағы, Испаниядағы барлық наразылықтармен өзіміздің бірге екенімізді көрсеткіміз келеді. Біз шаруалар біртұтаспыз».
Свецконың солтүстігінде А2 автожолының Польша жағында 100 шақты трактор тізіліп, шекараны жауып, Польшаның Слубице қаласы арқылы Германияға қарай бет алған көлік қозғалысын бұзды. Ол неміс Франкфурт- Одермен көпір арқылы байланысқан.
ПОЛЬШАЛЫҚ ШАРУАГЕР: «Қазір бізде ЕО-да астық импортымен өте үлкен проблема бар. Астыққа қатыстының бәрі хаос, баға тұрақсыз. Шаруалар мұнымен тоқтамайтын сияқты».
Жексенбі күні түсте басталған наразылық кешке қарай басқа жолдардағы көлік қозғалысын қиындатты. Биыл шаруалар Еуропа бойынша, соның ішінде, Польша, Франция, Германия, Испания және Италияда наразылықтарын күшейтті. Олар төмен бағалар мен жоғары шығындарға, арзан шетелдік импортқа және ЕО-ның «Жасыл келісім» климатты өзгерту бастамасы енгізген шектеулерге шағымданады. Орталық Еуропадағы шаруалар Еуроодақтың 2022 жылы украиндық азық-түлік тауарларының импортына баж салығын алып тастау туралы шешімінен кейін шетелден , әсіресе, украиндық өндірушілерден келетін әділетсіз бәсекеге наразы. Сондай-ақ, шаруалар арзан импорт жағдайында нарықтар бұрмаланулар мен төмен бағаларға тап болғанын айтады. Сонымен қатар , олар құжаттама көлемінің өсіп жатқанына қарсы. Ал, Польшалық шаруалар әлі де ереуілдерді тоқтатпайтындарын айтуда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 429 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ehBXYekr1L8?si=168CVlqCsygU4kkZ"
Биыл франциялықтар қысты қарсыз өткізіп жатыр. Қазір бұл мәселе Францияға ғана емес, барлық Еуропа елдеріне тән. Зерттеушілердің айтуынша, «Кәрі құрлықтағы» барлық шаңғы демалыс орындарының жартысы қарсыз қалуы мүмкін.
Таза ауада велосипедпен серуен. Францияның Отакам тау шаңғысы курортындағы қысқы демалыс осылай көрініс табуда. Мұнда, Францияның Пиренейінде қарсыз қысты жиі көресіз. Бұл жағдай туристерге бұрынғысынша ұнаса да, курорт қызметкерлері болашақтағы күнкөріс қамын ойлай бастады.
МАРИ-ФЛОРЕНТИНА УЛЕН КУРОРТ МЕНЕДЖЕРІ "Болашақта мұндай демалыс біздің курорт үшін қыста ғана мүмкін бола ма? Білмеймін, бұл сұраққа жауап беру қиын ".
Мари-Флорентин Юлен - Отакам тау шаңғысы курортының маркетинг және коммуникациялар жөніндегі менеджері. Бұл жерде жасанды қар машиналарын пайдаланбау туралы шешім қабылданды. Ал әлеуметтік желіге енді қар басқан жолдармен емес, шезлонгтар мен барбекюдің суреттерін жүктеп жатыр.
МАРИ-ФЛОРЕНТИНА УЛЕН КУРОРТ МЕНЕДЖЕРІ "Қаңтар айында бізде әдетте қатты қар жауады, бұл бізге ақпанда ашылуға мүмкіндік беретін. Биыл қар мүлдем жоқ. Біз шаңғы жолдарын екі күнге ғана аштық ".
Келушілер демалыстың баламалы түрлерін тамашалап жатқанда, жергілікті компаниялар кәсіптерін аман қалу мәселесімен бетпе-бет келуде. Бұл шаңғы мектебі жабық, ал тау шаңғы жабдықтарын жалға беру пункттерінде клиенттер жоқ.
ЖОЗИАН СЕМП ШАҢҒЫ ЖАБДЫҚТАРЫН ЖАЛҒА БЕРУ ДҮКЕНІНІҢ ИЕСІ "Егер осындай маусымдар жалғаса берсе, бізге жабылуға тура келеді. Жұмысысыздың тоқтайтыны анық. Біз басқа нәрсе туралы ойлануымыз керек".
Келушілер жергілікті мейрамханаларда таза ауада тамақтанады, ал қызметкерлер жағымды көңіл-күйді сақтауға тырысып жүр. Экологтар 2050 жылға қарай Францияның көптеген тау шаңғысы курорттары климаттың өзгеруінің салдарын сезінетінін ескертеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 500 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/17IEo__8g78?si=4RY6YwIRj3_NAyUD"
Алматы облысы,Жамбыл ауданы,Қарғалы ауылдық округінің қоғамдастық кеңесінің мүшелері ауылдағы қордаланған мәселелерін көтеріп баспасөз конференциясын өткізді.
40 мың қараша қоныстанған ауылда жол,ауыз су,мәдениет үйінің,спорттық комплекстердің жоқтығын жіпке тізген ауыл тұрғындары аталмыш мекенге ешқандай көңіл бөлініп отырмағанын айтып шағымданды. Тұралап тұрған ауыл мәселелерін көтеріп қайда шағымданғандарымен міз бақпайтын атқамінерлерден қайыр жоқ деп отыр.
Әкімдіктің құрғақ уәдесінен шаршаған ауыл тұрғындары тағы бірқатар мәселенің ұшын шығарды. Орталық кәріз жүйесі,интернет сапасының сын көтермейтіндігі,тіпті өрт сөндіру бөлімінің де жоқ екендігі айтылды.
Ауылымыз тозып кетті,соғыс киносын түсірсе дайын түсірілім алаңы деп күйінген ауыл тұрғындары елдімекеннің әлеуетін арттыру үшін ұсыныстарында жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 488 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/X6AR1P6G_u4?si=lTbs-l0-KJYMJGiz"
Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын сақтап, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келген 50 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.
САМАТ ЫСҚАҚОВ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі күні күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 432 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ayY52W6MtFg?si=5ZKjF2m1EUsKnowE"
Маңғыстау облысында 37 адам астан ұшынды. Барлық Бейнеу ауданының тұрғыны фаст-фуд орталығына тапсырыс беріп тамақтанған. Уланғандардың арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар.
Белгілі болғанындай уланған 37 адам фаст-фудтқа тапсырыс берген. Науқастардың алды 19 ақпан күні тұтынған. Содан 26-на дейін ауруханаға 37 адам денсаулығына шағымданып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
БИБІЗАДА ДҮЙСЕНБАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Фаст-фуд қоғамдық орында олар пицца, басқада фаст-фуд тапсырыс бергені анықталды. 19 ақпан тапсырыс берген, 20 ақпан күні қызулары көтеріліп, улану белгілері белгіленген. 21 күні жедел жәрдем шақыртқан. Содан бастап статиска жүргізе бастадық. Нақтырақ айтсақ 21-не 9 адам қаралып, оның 2 госпитализацияланды. 7 адам амбулаториялық деңгейде абсервациялық қағаздары ашылып бақылауға алына бастады. 22 күні 11 адам қаралды. Амбулаторияға кеткен біреуі келіп, жалпы саны 12 адам госпитализацияланды».
Тез дайындалатын тағамнан уланған науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі – 7 бала, 1 жасөспірім, 29 ерсек бар. Бейнеу аудандық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінде алғашқы дәрігерлік көмектері ұйымдастырылып, 27 адам аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне стационарлық емге жатқызылды. Қазіргі таңда 7 науқастың жағдайы орташа ауырлықта, 20 жағдайы бірқалыпты, асқыну белгілері байқалмайды. Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаевтың айтуынша, фаст-орталығы жыбылды.
БЕРДІБЕК САРАЛТАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Анализдер алынды, тамақ анализдері, жұғындылар алдық. Ішіндегі қызметкерлер тексерілді. Брақ олар әлі шыққан жоқ бүгінге. Жұмыс барысында зертханада. Одан бөлек, біздер енді жоспардан тыс тағы тексеру тағайындап жатырмыз».
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК 304 бабы 1 бөлігі, яғни санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Тағы басқа мақалалар...
124 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.