
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 609 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XVPPgrmkJoo?si=TQ8_Eun4rRegBCCL"
Якутиядағы Лена өзені температураның төмендегінен қатып тұр.Бұл жағдайға қарамастан осы аймақтағы кеме жөндеу зауытының жұмысы арта түседі.
Қыста мұнда температура минус 50-ге дейін, тіпті одан да төмендейді. Жұмысшылар кемелердің су астындағы бөліктерін жөндеуге болатындай етіп мұздан тазартады. Олар шынжырлы аралар мен арнайы құралдарды пайдаланады.
МИХАИЛ КЛЮС ЖҰМЫСШЫ: «Ауа райы суық болса, бензин арасы қатып қалады жұмыс дұрыс жүрмейді. Біз оны жылытып алып ары қарай кірісеміз. Болмаса осылай қолмен жұмыс жасауға тура келеді».
Адамдардың көбісі мұны әлемдегі ең қиын жұмыс деп санайды. Жұмысшылардың өздері мұндай пікірмен келіспейді.Ең бастысы жылы киіну керек дейді Михаил.Ол суық ауа райындағы жұмыс істеген ең төменгі температура минус 63 болған.
МИХАИЛ КЛЮС ЖҰМЫСШЫ: «Дұрыс киініңіз - бәрі осы. Ал сіз жұмыстан келгенде моншадан келгендей боласыз - шешіндіңіз, сізден бу шығады».
Дегенмен, барлық жұмысшылар мұндай жағдайға төзімділік таныта бермейді.
АРТЕМ КОВАЛЕЦ ЖҰМЫСШЫ: «Кейде сіз тоңып қаласыз, содан кейін бір жағымсыздық пайда болады жұмыс істегіңіз келмейді.Үйге қайтып жақсылап тамақтанып, демалғың келеді».
«Мұздату» бірте-бірте жүретін процесс. Алдымен 20 сантиметрлік мұз кесіледі. Содан кейін олар өзеннің тағы жарты метр қатуын күтеді.Содан кейін олар мұзды кесе бастайды.
МИХАИЛ КЛЮС ЖҰМЫСШЫ: «Көптеген адамдар бұл жұмысты - кесу және балталау деп ойлайды. Бұл жерде ойлану керек, жұмысыңды сапалы атқаруың керек. Өйткені дұрыс емес ісіңізден әп сәтте су астына кетуіңіз мүмкін».
Михаил жұмыстың күрделі және қиын екендігімен келіседі, бірақ ол оны әлемдегі ең қиын деп санамайды.Оның ойынша, одан да қиындары бар.Бүгінгі таңда мұнда Михаил секілді 30 маман жұмыс істеуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 543 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/57OjRrC16zk?si=dkEqjX3JPwqyGMG9"
Канзас-Ситиде атыс болып, бір адам қаза тапты. Оған қоса 20-дан астам адам жарақат алған бұл оқиға жергілікті Канзас-Сити Чифс командасының жеңісін шерумен тойлап жатқан уақытта орын алған.
Ұлттық футбол лигасының финалы американдық футболдағы басты оқиға және Құрама Штаттардағы мемлекеттік мереке.Полицияның хабарлауынша, атыс Юнион вокзалында болған. Бұл кезде парад аяқталуға жақын қалып, команда вокзалға қарай бет алған. Тоғыз адам оқ жарақатын алды,ал зардап шеккендердің 11-і алты мен 15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Атыс кезінде ойыншылар мен жаттықтырушылар зардап шекпеген.
ЛИЗА МОНИ КУӘГЕР: «Хаос биі басталғаны есімде. Жасырыныңдар,тығылыңдар деген дауыс естідім. Мен біреу әзілдеп жатыр деп ойладым. Бірақ арнайы жасақтардың қоршаудан секіргенін көріп әзіл емес екенін түсіндім».
Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Олардың не себепті мұндай қадамға барғаны анықталуда. Шабуыл жасаушылардың нақты саны да белгісіз.
ЛИЗА МОНИ КУӘГЕР: «Адамдар неге ақымақтық әрекетке барады? Бұл, қала мен оның барлық тұрғындары үшін мереке емес пе. Бір есуас келіп барлығының көңіл күйінің тас талқанын шығарады».
Финал 11 ақпанда Невада штатының Парадайс қаласында өтті. Канзас-Сити Чифс Сан-Франциско командасын қабылдаған болатын. 72 мың көрерменнің алдында жеңіске жеткен еді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 515 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/t4tcqHw2o0c?si=2KeJg6PnOeGzlgcn"
Алматыда Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. шараға әкімдік өкілдері, Қазақстанның қарулы күштерінің сарбаздары, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. Шараға қатысқандар сұрапыл соғысты еске алып,талайдың жанын жаралаған соғыстың астарына үңілді.
ӨМІРТАЙ БІТІМОВ «ГЕНЕРАЛДАР КЕҢЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 624 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/afll7g0DTsw?si=r_u-LtcKKURzaSn-"
Бүгін кинорежиссер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл! Даталы күнге орай,Мемлекеттік орталық музейде Қазақ киносының жарық жұлдызына арналған мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шарада Ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуына бар ғұмырын арнаған Шәкен Аймановтың өмір жолынан сыр шертіліп, көзін көрген тау тұлғалар ескірмейтін естеліктерімен бөлісті.
НҰРЖҰМАН ЫҚТЫМБАЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ «Шәкен аға – пейілі кең, қолың кең адам болатын. Шашып, төгіп жүретін. Маңайында топырлап біз жүретінбіз. «Әй, қалқан құлақ! Жина жігіттеріңді. Жүрсін бізбен» деп жүретін. Сондай кең пейіл ұстаз болатын. Бұл кісінің 2 қасиетін көп жұрт біле бермейді. Бұл кісінің ақындығы бар болатын. Музыка жағын өте жақсы түсінген адам. Композиторлығы да болатын. Импровизация, ақындық қасиеті де болатын».
Шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорындағы Шәкен Аймановтың фотоматериалдары, марапаттары, жеке заттарынан құрылған шағын көрме ұйымдастырылды. Көрмеден орын алған көрнекті экспонаттардың қатарында Ш. Аймановтың «Алдар көсе» фильміне түскенде қолына ұстаған асатаяғы, өзі шерткен домбырасы, шахмат тақтайшасы, түсірілім алаңында пайдаланған рупр, сондай-ақ 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі түсірілген камера, киімдері, қаламсаптары мен үстел сағаты секілді т.б ерекше жәдігерлер бар.
АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ Ш.АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ «Сусындаған, сағынған көрермендердің сағынышын басу үшін, осындай тамаша мереке жасап жатырмыз. Бұның барлығы әруаққа деген, ұлы тұлғаға деген тағзым деп білемін. Шәкен аға тек қана қазақ фильмнің ғана емес, қазақ халқының, еліміздің мақтанышы. Артынан өлместей із қалдырып кеткен».
Алдағы уақыттарда тарихта алтын әріптермен қалған тау тұлғаға арналған үлкен жобалар күтіп тұр. Жарқырап жанған жарық жұлдыздың сәулесі мәңгіге жана бермек!

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 615 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jkQidFRtp_g?si=apcZXGl0lIT4q5Io"
Мүмкіндігі шектеулі болса да 13 жылдан бері баспаналы бола алмай жүрген Ерлан есімді азаматтың анасы жатақхана жағалап, әркімнің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Жүрегі қан жылаған ана 23 жыл бойы 1-топтағы мүгедек баласын 3 қабаттан төменге түсіру жалғыз өзіне қиындық туғызуда.Қызылордалық тұрғынның ендігі үміті үкіметтің шешімінде. Жалғыз басты ананың бар арманы – баспана.
МАРИТА КАКМЕТОВА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 616 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DCis0kktlWY?si=RXIHRtG3VekoxRlI"
Соңғы уақыттардағы қаһарлы қыстың зардабы Ақмола облысына да жеткен болатын. Тобықтан аса жауған қар мен бет тостырмас желдің салдырынан облыстық және республикалық жолдар жабылды.
Табиғат құбылысының зардабынан Жарқайың ауданына қарасты Тасты, Талды ауылының маңынан өтетін Жезқазған-Петропавл тасжолында 20-дан астам автокөлік жол бойында қалған болатын. Құтқару мамандарын күтпестен бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарған Жаңадала ауылының тұрғындары мен Арқалық қаласының әкімі қар құрсауындағы адамдарды дереу жылыту бекеттеріне алып келген.
КӨКЕТАЙ ХАМЗИН АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҢАДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Екі камаз тұр екен қоймен. Сол кішкене қиыншылдық туғызды.Бізге хабарлады екі камаз Тасты талды ауылдан 5 шақырым жерде тұрып қалыпты.Тракторларды шығара алмадық. Өйткені, түкте көрінбеді. Содан ауданымыз Арқалықпен хабарласып, Арқалықтың ЧС-тің үлкен машинасы шықты қармен өтетін. Сол келіп, соған біз Тасты талдыдан жаңағы шөп, отход бәрін тиеп жібердік. Сонымен жаңағы қойлар аман қалды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 481 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eUwZNE6ruBQ?si=xwv5U5xeDk9Lj3v8"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 492 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZOaF584D7NE?si=L9Z7a8Eg-_H7eqnW"
Алматы қаласында 2023 жылдың наурыз айынан бастап қызылшаның 5409 зертханалық расталған жағдайы тіркелген болатын. Балалар арасында аурудың белең алуы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен болып тұр. Сондай-ақ вакцинациядан медициналық босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркелуде. Қызылша – адамдар үшін аса контагиозды жұқпалардың бірі, өйткені инфекция көзімен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдардың 90%-дан астамы ауырады.
ЖАЙДАРКУЛ АСҚАНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «2023 жылғы 10 қараша мен 2024 жылғы 11 ақпан аралығында қалада қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундауға (бұдан әрі – қызылшаға қарсы ҚЖИ) шеңберінде барлығы 156 305 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 12 149 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 77 601, медицина қызметкерлері – 8676 және басқа жастағы бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған (вакцинация курсы толық емес) толықтыра иммундау бойынша 57 879 бала».
Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Қазіргі уақытта қалада қызылша, қызамық және паротитке қарсы жеткілікті мөлшерде вакцина бар. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес нысаналы топтағы балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы иммундау жалғасуда. Мамандар аурудың белгілері пайда болған кезде қағидаларды қатаң түрде сақтауды талап етеді. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіз!

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 549 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ATCqP9l1ajg?si=va33KEGDWKpzTYMO"
Педофильдер мен лаңкестер енді елге кіргізілмейді. Бүгін мәжіліс депутаттары осындай заң жобасын қабылдап, Сенатқа жіберді. Одан бөлек, отбасылық құндылықты дамытудың жолдарын талқылады. Сондай-ақ, мәжілісмендер шағын қалалардағы ауылдық елді-мекендерге жататын кенттердегі мұғалімдердің жан айқайын парламент мінберінен жеткізді. Айтуларынша, заңда белгіленген 25 пайыздық қосымша төлемақы – "ауыл коэфициентіне" көптеген ұстаздар қол жеткізе алмай отыр.
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Тұрғылықты халық саны орташа ауылдан аз болса да, мәртебесі “қала” немесе “кент” статусына ие болған елді-мекен мұғалімдерінің жағдайы. Барлық критерий жағынан ауылдық елді-мекендерге жататын кенттер мен шағын қалалардағы мұғалімдер заңда белгіленген 25 пайыздық қосымша төлем – "ауыл коэфициентіне" қол жеткізе алмай отыр. Яғни олар тұратын елді-мекеннің әкімшілік мәртебесі қағаз жүзінде “қала” немесе “кент” болғанымен, іс жүзінде, ол қала да, кент те емес, кәдімгі ауыл. Өңірлердегі осындай кенттер мен қалалардың мұғалімдерін қолдау қажет деп есептейміз. Яғни шалғайдағы мектептердің барлық белгісі бар, концепцияға толықтай сәйкес келетін елді-мекен мұғалімдеріне ауылдық коэффициент қол жетімді болуға тиіс».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 584 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kWWKd9cOK1s?si=F3XIt7ZSu6bueC6g"
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша қаласында жеке кәсіпкер өз қаражатынан 15 млн теңге шығарып, бос тұрған ғимараттан заманауи үлгіде бүлдіршіндерге арналған ойын-сауық орталығын ашты.
Ғимарат 700 шаршы метрдан тұрады. Оның 500 ш.м балаларға арналса, қалған 200 ш.м дәмханаға бағытталған.
САЛТАНАТ НҰРАХМЕТОВА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Мұнда осындай балаларға арналған ойын ойнайтын жер болған жоқ. Біз Көкшетау қаласына барып жүрдік бәріміз. Көп қаражат кетеді оған. Сосын идея басталды. Осында ашайын деп, көмегі болады деп адамдарға. Енді балалар ойнап жатыр. Бүгіннен бастап біз жұмыс істей бастадық».
Барлық құрал-жабдықтар жаңа әрі сапалы үлгіде Алматыдан әкелінген. Орталыққа 1 жастан 12 жасқа дейінгі 50 шақты бала келе алады. Қала тұрғындары да орталықтың ашылғанына қуанып, өз қолдауларын білдірді.
ӘМИНА ҚҰНАНБАЕВА ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бұрын жақын жер деп Көкшетау қаласына апаратын едік балаларды. Қазір өзімізде ашылып қуанып жатырмыз. Біріншіден Көкшетауға барғанда екі кішкентай баламен өзім апарған кезде жолыма барып-келгеніме 15 мың кететін, ақысы бар дегендей. Қалта шығындары өте көп кететін. Уақытымызды да көп жоғалтатынбыз».
Кіру ақысы 2000 теңге. Бірақ, уақытта шектеу жоқ. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер де қарастырылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 497 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Kxtm6LpHkPA?si=6cCR2euQL_nKPOMA"
Нью-Делиде фермелер наразылық шарасын ұйымдасырды. Оларды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Жүздеген белсенді тракторларға отырып, кейбірі жаяу Үндістан астанасына қарай бет алды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл 2020 жылы елді дүр сілкіндірген фермерлердің жаппай наразылықтарының қайталануына әкелуі мүмкін. Ол кезде шеру бір жылдан астам уақыт жалғасқан болатын. Осы жолғы ереуілдер Премьер-Министр Нарендра Моди үшінші мерзімге сайлауға түсіп жатқан саяси науқан қарсаңында басталды.
ФЕРМЕР: «Біз астық өсіреміз, өндіреміз және оларды Делиге және Үндістаннан тыс басқа елдерге жөнелтеміз. Ал бізге, өндірушілерге шабуыл жасалуда».
Шаруалар неліктен тағы да наразылық танытып жатыр? Олар өз өнімдерінің бағасын өсіруді сұрап отыр. Сондай- ақ кәсіподақтар заңмен бекітілген кепілдікті талап етуде. Бұл нарықтағы белгісіздік жағдайында фермерлерді ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының күрт төмендеуінен сақтайды. 2021 жылы Моди фермерлердің мәселелерін шешу үшін комиссия құруға уәде берген. Алайда, ол сөзінде тұрмады. Ал 2016 жылы үкімет сала қызметкерлерінің табысын екі есеге арттыратынын айтты. Бұл да әзірге уәде ғана.
Мамандар барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекет белгілеген ең төменгі бағамен сатып алу, экономикалық тұрғыдан тиімді емес дейді. Диқандар кері шегінбейтіндерін жеткізді. Жаңа бидай орағына бір айғана уақыт қалды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 502 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/i5YmkcvXX0U?si=RPNz4yZ1xMs4wSGe"
Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатының Мельбурн қаласы маңында жүздеген мың тұрғын жарықсыз қалды. Қатты жел электр желілерін қиратып, ірі электр станциясындағы генераторлардың жұмысын тоқтатты.
Дүлей дауыл штаттағы ең ірі апаттардың бірі болды. Салдарынан жарты миллионға жуық жылжымайтын мүлік қирады.
ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНЫ: «Мен бұрын- соңды мынандай торнадо немесе дауыл көрген емеспін. Қорқынышты болды. Қатты гуіл мен екпіні күшті жел тұрды. Екінші рет көргім келмейді. Дауыл 10-20 минутқа созылды».
Жергілікті билік тұрғындарды күн райының бұзылатынын айтып, ескерткен екен.
ДЖАСИНТА АЛЛАН ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Билік апатты ауа райы туралы ескертті. Яғни, күн қатты ысыды содан кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауып, дауыл соқты. Салдарынан ғимараттар қирады».
Белгілі болғанындай, штаттың оңтүстік бөлігінде бір тұрғын қаза тапты. Ер адамды жел ұшырып алып келген зат басып қалған.
ДЖАСИНТА АЛЛАН ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қайтыс болған адам- Солтүстік Мирбу-Нортадан келген сүт фермері еді».
Ауа райының қолайсыздығы орман өртіне де себеп болды. Батыс Викторияда қызыл жалынмен күресіп жатыр. Тілсіз жауадан бес өрт сөндіруші зардап шекті.Мельбурнның кейбір бағыттарында пойыз қызметі тоқтатылды. Кем дегенде он мектеп пен ондаған балабақша жабылды.Метеорологтар ауа райы жақсарады, жел басылады деп болжағанымен, қауіп әлі де сақталады деп ескертеді жергілікті билік.
Тағы басқа мақалалар...
131 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.