
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 466 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/23k77si--hQ?si=GBDdSUIw3qH90n7x"
Кәсібінің нәсібін алып жүрген оралдықтардың тауарлары 1 айдан аса уақыт шекарадан өте алмай тұр. Бұған себеп - Балтық елдерінің кеден органдары ақ-қарасын айтпай, біздің елдің жүктерін өткізбеуінде. Мәселенің мән-жайы кәсіпкерлер палатасында да қозғалды.
Жергілікті ағаш бұйымдарын жасайтын кәсіпкерлер не себепті Балтық елдері бұндай шешімге келгендерін түсінбей дал. Шекарада болған тоқтаулардың әсері шығынға батырған.
ИЛЬЯ РЯЗАНОВ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ: "Балтық елдерінің кеден органдары қазақстандық жүк көліктерін өткізбегеніне біраз болды. 23 желтоқсанда экспортқа тауар жөнелттік. Бірақ әлі де шекарада тұр. Нақты өткізбеу себебін біле алмадық. Алуан түрлі сылтауы бар. Жүк көліктерін кері елге қайтара алмаймыз. Керісінше, бұл мәселені қалай шешеміз? Сол жағын ойлану керек".
Кәсіпкерлердің сөзінше Қазақстан мен Еуроодақ кеден органдары арасында келісім жоқ. Дей тұрғанмен, кәсіпшілердің салықтарында кешігулер жоқ.
ЭЛЬМИРА ӨТЕШЕВА БҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Жүк тасымалы кезінде, атап айтқанда Еуроодақ елдеріне мүше Латвия, Литва, Истония, Польша мемлекеттерінде кедергілер пайда болды. Тиелген жүк машиналары шекарада тұр. Бұл тарап қазақстандық өндірушілерге қойылған шектеудің нақты себебін көрсетпейді. Жүргізушілердің қолында барлық міндетті құжаттар бар".
Жүк тасымалы кезінде міндеттелетін құжаттың тізімі болмағандықтан, Еуроодақ елдеріне шикізат тасуда кедергілер тағы бар.
НҰРБЕК ЖҰМАБЕКҰЛЫ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Балтық елдерінің кеден органдары біздің декларация, сертификат сынды заңды құжаттарымызға назар аудармайды да. Оларды шикізат өнімдерін өндіру қызметі алаңдататын сыңайлы. Өткен жылға қарағанда ағаш бұйымдарын тасымалдау көрсеткіші артқан. Сол себепті өнім дайындаудан бұрын негізгі шикізат көзі қайдан алынатыны маңызды болып отыр".
Көктемде Брюссель қаласында Еуроодақ елдерімен кедендік ынтымақтастық мәселесі бойынша үлкен кеңес өткізу жоспарлануда. Сол уақытқа дейін компания өкілдері мен кәсепкерлер палатасына қатысты хаттар жіберілуі керек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 503 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FCYncf5wTv8?si=Eil1dhAcZ9trnlQV"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға су жаңа Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы жиында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңнің басты міндеттері айқындалатынын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болғаны жөн. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет. Соңғы бес жыл ішінде бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асып кетті. Сондықтан бюджетті тиімді басқару және оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау Үкіметтің алдында тұрған басты міндет болып қала береді. Қаржы министрлігі былтырғы табыс жоспарын алдын ала төленген осы жылдың салықтары есебінен орындағаны белгілі. 600 миллиард теңге көлемінде қосылған құн салығын қайтару уақытша тоқтатылды. Демек бюджет мәселелері бизнестің айналымдағы қаражаты есебінен шешілді. Әлі шешімін таппаған тағы бір мәселе – бюджетті бөлу тәртібі. Ол экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталмаған. Қаражат күнделікті мәселелерді шешуге жұмсалады, стратегиялық мақсаттар соның көлеңкесінде қалады. Үкімет шығыстардың экономикалық пайдасы барынша жоғары болуына баса мән бере отырып, оның нақты басымдықтарын айқындауы керек».
Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексі әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Бұл құжат инвесторларға қолайлы жағдай жасау мен бюджетке қажетті көлемде қаржы түсірудің арасында көкейге қонымды теңгерімді қамтамасыз етуі керек. Осыған орай Үкімет жаңа инвестициялық кезеңді бастауға тиіс екенін айтты. Ол негізгі капиталға салынған инвестицияның ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесі азайып бара жатқанына назар аударды. Басқаша айтқанда, экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатыр. Соның салдарынан алдағы жылдары елдің даму қарқынын сақтап тұрудың өзі қиын болуы мүмкін.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:«Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет».
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы жарты жылдың нәтижесі бойынша Инвестициялық штабтың жұмысы қорытындыланатынын айтты. Әрбір министр мен әкімнің осы бағытта атқарған жұмысына нақты баға беріледі.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:«Талап қатаң болады. Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс. Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек. Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда бұл істе құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс.Тағы да ескертемін, «шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді».
Сондай-ақ Президент құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау керектігін де үкімет мүшелеріне қартып айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазір құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет. Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл – анық дүние. Алайда мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет. Шынайы бәсеке болуға тиіс. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек. Бұл салада үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелер бар. Азаматтар үнемі шағымданып жатады. Алайда құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отыр. Үкімет бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек».
Президенттің пікірінше, Үкімет агроөнеркәсіп кешенінің шикізаттық бағытынан ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу ісіне көшуге айрықша көңіл бөлгені жөн. Сондай-ақ су үнемдейтін технологияларды кеңінен қолданысқа енгізудің маңыздылығы жоғары.Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Елімізде су тым орынсыз жұмсалады. Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – Үкімет пен әкімдіктердің негізгі міндеті болмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 478 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/d6pp4sMn6Lo?si=fsB4BRNtXU-vesJX"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RtF3TQdzxBU?si=SH5EfyFOsF0Iu12I"
Том-томдаған отты жырларымен қатар,Үш бақытым деп Отанды,тілді,дінді жырлап өткен ақиық ақын,қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатевтың тағылымды жырлары тәрбиенің түп тамыры іспетті. Ғасыр ақынының туылған күні қарсаңында шығармаларын өскелең ұрпақтың жүрегіне ұялату арқылы елін сүйіп қастерлеуге, ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңіліп, рухани танымын кеңейту мақсатында поэзия кеші өтті. Шара аясында мәңгілік маржан мұра мәнерлеп оқылып,ақынның сөзіне жазылған туған жер жайлы әндері де шырқалды. Тәрбие тал бесіктен деген даналы тәлімді ескерсек ақын жырлары болашақ ұрпақтың қастерлеп қадірлейтін алтын қазынасы.
ЖАНАР ҚОЖАБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 179 БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 485 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hdp0Pn6P-HU?si=Z4GT9BBWM9kjPIib"
Биыл орхидеялар фестивальі су шайып жатқан Үнді мұхитының жағалауындағы аралдарға арналған. Кью Гарденске келген қонақтар бұл жолы табиғи материалдардан жасалған жарқын гүлдер мен мүсіндерді тамашалай алады. Көрмені безендіруге 5000 гүл пайдаланылған.
СОФИ ШИЛЛИТО БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Менің артымда көрініп тұрғандай орхидеялар керемет әдемі. Жалпы орхидеялар өте сирек кездеседі. Әсіресе фестивальге келушілер осындай үлгілерді өзіміздің питомнигімізден әкелеміз. Осылайша олар өте нәзік әрі қызықты гүлдерді көру мүмкіндігіне ие болды».
Фестивальге дайындық бір жыл бұрын басталады. Алдымен олар бәрін ойланып, жоспарлап, қаңтар айында жұмысқа кіріседі.
СОЛЕН ДЕКИРЕ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Біз Рождестводан кейін біраз демалып, сосын қайтып келеміз. Бұны жарыс емес, марафон десек те болады. Бізде қарқынды жұмыс істеу үшін үш апта уақыт бар».
Биыл көрмені ұйымдастыруға 50 ерікті көмектесті. Олар мамандармен бірге экзотикалық жануарлардың мүсіндерін жасаған. Олардың ішінде жойылып кеткен алып құс Воромбе бар. Ал мынау хамелеон пішініндегі гүлзар.
СОЛЕН ДЕКИРЕ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Алғашында біз оны өсімдіктерден жасай аламыз ба деп ойладық. Өйткені, хамелеондар өте жарқын. Олардың құрамында жасыл көп, ал түстер бұлыңғыр болуы мүмкін. Бірақ бәрі ойдағыдай болды".
Кейбір ғалымдар Мадагаскарды «сегізінші континент» деп атайды. Арал биоәртүрлілікке бай. Оның үстіне флора мен фаунаның барлық түрлерінің 90%-ы эндемикалық болып табылады. Мадагаскарда орхидеялар да көп. Қазірдің өзінде 1000 түрі белгілі. оңғы 38 жыл ішінде Мадагаскар орхидеяларын Kew Gardens қызметкерлері зерттеді. Қазір аралда 40 зерттеуші жұмыс істеуде. Көрменің бір экспозициясы соларға арналды. Ол ғалымдарға арналған "дала лагері" ретінде жобаланған. Орхидеялар Кью бақтарында 18 ғасырдың аяғынан бері өсірілді. Коллекцияда 8000 өсімдік пен 1300 түр бар. Сондай-ақ мұнда 400 000 үлгісі бар орхидеялардың әлемдегі ең үлкен гербарийі орналасқан. Ботаникалық бақтағы фестиваль осымен 28-ші рет өткізіліп отыр. Ол 3 наурызға дейін жалғасады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 481 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UOk9AztZiso?si=pAaEVB0boEz0H1_m"
Чилидің ормандарында басталған өрт енді, Винья-дель-Мар және Вальпараисо теңіз жағалауындағы қалаларға да жетті. Жалпы алғанда, миллионға жуық адамға қауіп төніп тұр.
Тілсіз жаудың тәлкегінен бірнеше күннің ішінде 112 адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды. Көптеген қарт адамның үйлерін өрт жалмады. Сондай-ақ, өртке оранған қаладан қашпақ болған тұрғындар көліктерімен шықпақ болып, өрт қақпанына түсіп қалған. Биліктегілер құрбандар саны артады деп отыр. Елде екі күндік қаралы күн жарияланды. Өрт салдарынан мыңдаған үй жанып кетті. Вина-дель-Мар қаласындағы ерлі-зайыптылар Серхио мен Мария 30 жыл бойы жеке үйі мен шеберханаларында өмір сүріп келген. Енді шаңырақтарының орнында тек қоқыс пен бұралған металл қалдықтары тұр.
СЕРХИО ЭСПЕХО ВИНА-ДЕЛЬ-МАР ТҰРҒЫНЫ:«Бұл менің ыстық шеберханам. Енді біз ештеңесіз қалдық. Қасықтап жинағанның бәрі қас қағым сәтте жоқ болды».
Кейбіреулер апаттың өртке ұқсамайтынын, ол керсінше ядролық жарылысқа көбірек ұқсайтынын айтады.
ХУАН КОНТРЕРАС ВИНА-ДЕЛЬ-МАР ТҰРҒЫНЫ: "Бұл менің ас үйім. Бұл жерде кір жуғыш машина болған. Ал, мынау жуынатын бөлме, мұнда душ пен дәретхана болды. Мына жақта жатын бөлме болды, сонымен қоса тағы басқа жатын бөлме мен қонақ бөлме, асхана бар болатын".
Жексенбі күнінің өзінде 30-дан астам өрт шықты. Чили Президенті бұл жағдайға бей-жай қарамай, өртпен күресу және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қосымша күштермен төтенше жағдай жариялады. Құтқарушылардан бөлек, 1300 әскери қызметкер жұмылдырылған. Апатты аймақтарда коменданттық сағат жарияланды.
ГАБРИЭЛЬ БОРИЧ ЧИЛИ ПРЕЗИДЕНТІ:«Өрт тез таралуда. Ыстық ауа-райы жұмысқа кедергі туғызып тұр. Желдің жылдамдығы сағатына 30 шақырым, екпіні 60-қа дейін жетеді. Қазір ылғалдылық та төмен. Егер сіз эвакуация туралы нұсқаулары бар хабарлама келсе, бұл эвакуациялау керек дегенді білдіреді».
Бұл апат Чилидегі жер сілкінісі мен цунами салдарынан 800 адамның өмірін қиып, 1200 адам із-түзсіз жоғалып кеткен 2010 жылдан бергі ең қанды оқиға болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 554 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iQ1gZVYf9TA?si=jCFljzALTvfrK0Dq"
Көпқабатты үйлердің шатырларындағы қар еріп, мұз сүңгілер пайда болды. Мұндай көрініс бірден үрей тудыратыны түсінікті. Биыл Петропавлда төбеден мұз құлау фактілері тіркелген жоқ. Бұндай жағдайларды алдағы уақытта да болдырмау үшін дер кезінде әрекет ету керек.
Жоғарыдан құлаған мұз биіктіктен құлаған тастан да қауіпті. Бұдан бөлек, қалың қардың салмағынан шатыр қисайып немесе құлап кетуі ықтимал.Осыған жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар тиісті шара жүргізуге міндетті. Қазір Петропавлда 5 қабатты үйдің шатырын тазалау құны орташа есеппен 60 мың теңге. Бірақ, баға кіреберіс саны мен төбенің аумағына байланысты өзгереді.
ӘСЕТ ИСМАҒҰЛОВ. ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ «ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ» КММ БАСШЫСЫ: «Көп қабатты тұрғын үйлердің шатырынан аққан мұз сүңгілерді болдырмау және сонымен қатар, сол тұрғын үйлердің шатырындағы қарларды тазалау жұмыстарын аталмыш тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізуі қажет. Егерде мұндай жұмыстар жүргізілмейтін болса, тұрғындар ішкі істер органдарына жүгіне алады.»
Бұл Жуков көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй. Қазір мұнда шатырға жиналған қарды түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған 5 адам жұмылдырылған. Гүлбарам Боранбаева бұл үйде 7 жылдан бері тұрады. Айтуынша , биыл үйдің төбесіндегі қар алғаш рет тазартылып жатыр.
ГҮЛБАРАМ БОРАНБАЕВА. ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:«Қар жететін, үйдің қасында көліктер қаптап тұр.Қарды тазалап жатыр бүгін,ал бұған дейін тазаланбаған еді. Ақшаны ай сайын кешіктірмей төлейміз.»
Синоптиктердің болжауынша, соңғы 4 күнде күн райы жылы болады. Осы орайда қалалық әкімдік өкілдері пәтер иелерінің кооперативі төрағаларына үйлердің төбесіндегі қарды уақытында тазалау керектігін ескертуде. Егерде жауапты тұлғалар ескертуді елемейтін болса оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынбақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 555 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Qsc5BWsD0DY?si=9xdhe1NoMOqTQDUV"
Семей қаласында орналасқан "Ақшын" сауда үйі өртенді. Тілсіз жау сауда нүктесінің бір қатар аймағын жалмады ,абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Бұл "Ақшын" сауда үйінің жоғарыдан түсірілген көрінісі. Тілсіз жау бірінші және екінші қабаттарда орналасқан бутиктердің үлкен алаңында жана бастаған. Ғимараттың ішін қатты түтін басқан. Қызыл жалынды ауыздықтауға 388 адам мен 48 бірлік техника жұмылдырылды.
ДИНА АМРЕНОВА АБАЙ ПД ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: "Облыстық полиция басқармасы қалалық мәдениет үйінің ғимараттарында азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды.15 тергеуші «Аршын» сауда үйінде болған өрттен зардап шеккендерден жазбаша арыздарды қабылдауда. Қазіргі уақытта алаңға бөлінген 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қорғауда".
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызметкерлерге жоғары температура, жанғыш материалдардың көптігі, жеке құрамның жұмысына қауіп төндіретін ғимарат шатырының құлау қаупі жұмысқа қиындық туғызды. Үлкен өртке байланысты ондағы бірнеше көше қазір қоршауға алынды. Мамандар талдау жұмыстарын жүргізіп, өрттің себебін анықтауда. Өрт орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 458 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0qjLTIYl8R0?si=1Lyi5IyBjuPXbHnX"
Астаналық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің жаңаша формасын ойлап тапты. Олар енді елордалық қыз-келіншектерді тегін спортқа баулымақ ниетте. Бүгін жергілікті полиция қызметі әлеуметтік спорт клубымен келісімшартқа отырды. Мақсат нәзік жандылардың өзін-өзі қорғай алуына жағдай жасау. Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері тұрмыстық құқық бұзушылық туралы 717 әкімшілік іс қаралып, отбасылық жанжалға қатысты 946 қорғау ұйғарымы шығарылған.
АРМАН АЙТМАҒАМБЕТОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ЖП ЖПҚБ БАСШЫСЫ: «Біз бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін қабылдамау мәдениетін орнықтыра отырып, бұл әлеуметтік құбылысты жоя аламыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар, сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен қиын жағдайға түскен жасөспірімдер кешенді қызметтерді тегін ала алады. Келушілерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, өзін-өзі қорғау әдістері мен жекпе-жек өнерін үйретеді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 529 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KbM1_G8oLXo?si=0Cs5Mow3ItQgOtYo"
Орал қаласына қарасты Деркөл кентінде иесіз жүрген бұралқы иттер адамдарға шабуыл жасап жатыр. Қаңғыбас үй жануарларынан қауіптенген тұрғындар балаларды мектепке жалғыз жіберуге қорқады.
Қаңғыбас иттер базардың қақ ортасында кезіп жүр. Әсіресе мектеп пен демалыс, сауда орындарының маңын торуылдауға көшкен. Өткен-кеткен адамдарды жеп қоярдай, үрейлерін ұшырады. Ешкімнің өміріне қауіп төндірмейді дегеннің өзінде ит иттігін жасап, біреу-міреуді қауып алмасына кім кепіл, - дейді тұрғындар.
КЕНЖЕ СТАМҒАЗИЕВ ДЕРКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
ИЖАН СМАҒҰЛОВ ДЕРКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
Деркөл кенті әкімдігі бұралқы иттердің саны артқанын жасырмады. Алайда атқарушы орган тұрғындар тарапынан арыз-шағым қабылдаумен ғана шектеліп отыр. Былтыр азаматтардан 85 арыз түссе, жыл басынан бері 20 адам шағымданған.Тұрғындардың талабын орындауға, яғни үй жануарларын атуға заңнама қолбайлау болып отыр»,- деп түсіндірді әкімдік қызметкері.
РАҚЫМЖАН ОРАЗОВ ДЕРКӨЛ КЕНТІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жолдаған арыз негізінде ветеринар мамандар бұралқы иттерді аулау, биозалалсыздандыру шараларын жүргізеді. Ветеринария мекемесі 25 қаңтарда иттерді аулау шараларын жүзеге асыруды бастады. Бұл жұмыстарға бюджеттен 15 млн теңге қаражат бөлінген. Оған қарамастан иесіз иттердің саны азаюдың орнына көбейіп барады.
ЕРЛАН ИШАНОВ ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Деркөл кентінің әкімдігі қаңтар айында облысқа жұмыс сапарымен келген мәжілісмендермен кездесуде бұралқы иттер мәселесін көтерген еді. Заң шығарушы орган өкілдері тұрғындар талабы ескерілетінін жеткізіпті. «Заңнамаға өзгеріс енгізілгенше қорғану үшін көше бойында таяқ ұстап жүруді жалғастырамыз ба?» дейді деркөлдіктер.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 471 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2i7E6JBy2u4?si=lQn7GOotowJ8dVcN"
Тыйым салынған заттардың ірі партиясын жөнелтумен айналысқан тасымалдаушы Астана-Петропавл тас жолының бойында ұсталды. Ақмола облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан. Оның ішінде жолаушы ретінде күдікті отырған. Іс шара аясында анықталғандай, күдікті Көкшетау қаласының аумағында есірткі сатумен айналысқан. Аталмыш азамат есірткіні елордадан сатып алып, кейін оны Ақмола облысының аумағында таратуды жоспарлаған. Белгілі болғанындай, есірткі сатушы бұған дейін қолдан-қолға тауар өткізіп келген және оның тұрақты тұтынушылары да болған.
ДАРХАН СЫЗДЫҚОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «45 жастағы ер адам ұсталды. Жеке тінту барысында жалпы салмағы 900 грамнан асатын гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 477 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/O6CeBFbxRsg?si=qwvtcKqyWtM4Bh4r"
Жаңа үкімет құрамы жасақталып жатыр. Су жаңа Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектенов тағайындалды. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған ол, үкімет басшысы қызметіне бүгіннен бастап кіріседі. Мәжіліс депутаттарының 69-ы оның кандидатурасын қолдап, дауыс берген. Жаңа басшы халықтың әл-ауқатын көтеру үшін Президент берген тапсырмаларды уақытылы орындап,батыл қадам жасайтын болады деді өз сөзінде. Олжас Бектенов басқаратын министрлер кабинеті де қайта құрылуда.
Президент жарлығымен Ішкі істер министрі, Әділет министрі, Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігі өз орынтағын сақтап қалды. Айта кетейік, ертең Президенттің қатысумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Су жаңа министрлер кабинеті Мемлекет басшысы тапсырмасын қаншалықты орындайды, халықтың көңілінен шығады ма? Ол жағы уақыттың еншісінде.
Тағы басқа мақалалар...
128 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.