- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 768 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bYBirYObnwY?si=hbsz86maxYJ6keCs"
СҚО Зеренді ауданының бес елді мекенін, Целиноград ауданының 27 ауылын су басу қаупі туындап отыр. Осыған орай аудан басшылығы мен жауапты мамандар тиісті шаралар жүргізіп жатыр.
Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына Зеренді ауданы бойынша 22 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп,оған қажетті мөлшерде жанар-жағар май мен инертті материалдар сатып алынып, қауіпті аймақтарға бөгеттер орнатылған. 22 мектепте төтенше жағдай кезінде адамдарды орналастыруға арналған эвакуациялық пункт құрылды. Еріген қар суының деңгейі көтерілген жағдайда Алексеевка ауылының шетінде орналасқан 5 үйді, Қылшақты өзенінің су деңгейі көтерілсе, Ивановка ауылындағы үйлерді су басу қаупі бар деп болжанып отыр
АСХАТ АХМЕДИЯНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Троицк ауылының шеткі үйлерін су басу қаупі бар. Яғни, 6 объект. Енді 6 үй дейміз ғой. Айдабол ауылы бойынша еріген қар суының деңгейі көтерілген жағдайда іргелес жатқан үйлерді су басу қаіп бар. Яғни, 8 үй. Енді қаражат бөлінді. Жылдан жылға келіп жатқан су тасқыны ғой. Бұрынғы жылдары бір қателіктер болып жатса, соның бәрі ескерілді. Былтыр 14 миллион берілсе, осы жылы 22 миллион ақша бөлінді. Сол себептен жұмыс атқарылып жатыр».
Ерейментау ауданы да тасқынға сақадай саймыз деп отыр. Төтенше жағдай кезінде далада қалған тұрғындарды тамақтандыру пунктерімен келісім шарттар жасалып, азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры сатып алынған. Бүгінгі күнге дейін аудан аумағынан 13 200 текше метр қар шығарылған.
БАТТАЛ ЫБЫРАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ерейментау ауданының аумағында 4 гидротехникалық құрылғы бар. Олар: Селеті су қоймасы, Шымбұлақ, Үленті және Баймен бөгеттері. 2023 жылы Есіл бассейн инспекциясы жүргізген тексеріс нәтижесінде Баймен бөгетінің жағдайы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Сол жылдың жазында бөгет жоталарын нығайту жұмыстары жүргізілді.Осы жылдың ақпан айында тағы да тексеріс жұмыстары жүргізіліп, тиісті акт толтырылды. Бөгеттің жағдайы біздің назарымызда».
Целиноград ауданының 27 елді мекенін су басу қаупі бар. Осыған орай аудандағы арық жүйелерін тазарту жұмыстары да жүріп жатыр. Аудандық бюджетте төтенше жағдайлардың алдын алуға 37 миллион, шұғыл шығындарға 100 миллион теңге мөлшерінде резерв көзделген. Апат айтып келмейтінін ескерсек төтенше жағдайға мейлінше дайын болған абзал. Брифингке қатысқан үш аудан әкімінің орынбасарлары бірауыздан су тасқынына дайын екендерін айтты. Қажетті қаражат та толық мөлшерде бөлінген.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 762 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tSYOa42eg6M?si=yPPhMT7LjHScYls6"
Жетімдер үйі жаппай жабылуы мүмкін. Себебі, бұдан былай елімізде кәсіби қабылдаушы отбасы институты жұмыс істейтін болады. Мақсат – бала құқығын қорғау. Ендігіде ата-анасының қамқорлығынсыз, қараусыз қалған жетім балаларды бірден балалар үйіне өткізбей, туыстары мен жақындарының тәрбиесіне беру көзделіп отыр. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда кәсіби асырап алушы отбасыларға жіберіледі. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. Одан бөлек, вице-министр балалардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында «Балалар кітапханасы» атты кешенді бағдарлама әзірленіп жатқанын да тілге тиек етті. Бұл тізімді әзірлеумен М. Әуезов атындағы әдебиет институты, Жазушылар Одағы өкілдері және мектеп кітапханашыларынан құралған тәуелсіз комиссия айналысқан. Оған әдебиеттің әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын 1700-ден астам кітап кіреді.
ЕДІЛ ОСПАН ҚР ОҚУ-АҒАРТЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Тізімге балалар әдебиеті, поэзия және проза, драматургия, көркем журналистика, әдеби аудармалар, сондай-ақ ұлттық фольклор (ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер) кіреді. “Балалар кітапханасы” бағдарламасын жүзеге асыру үшін өңірлерге бекітілген көркем әдебиеттер тізімі жіберілді. Сондай-ақ мектеп кітапханасының қорын 2 млн данаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 647 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4yxV5OplDZk?si=62flCAVvkpdmb4zs"
Ауылдағы ағайынға жайлы жағдай жасалу керек. Әсіресе, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту қажет. Сондай-ақ, шекара маңындағы елді-мекендерге басты назар аударылуы тиіс. Осылай деген Премьер-Министр Олжас Бектенов ауылда халық саны жыл санап азайып бара жатқанын айтты. Осыған орай, үкімет отырысында жауаптыларға бірнеше тапсырмалар ретін жүктеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған ауыл мектептері аз емес. Денсаулық сақтау ғимараттары тапшы. Кейбір ауылдардың тұрғындары басқа елді-мекендерге барып емделуге, оқуға мәжбүр. Сондай-ақ ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және интернеттің қолжетімді болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түседі.Мұның барлығы ауыл тұрғындарының жаппай көшіп кетуіне себепші болады».
Айта кетейік, елімізде 6256 ауыл бар, онда 7,6 млн адам тұрады. Тіпті бар болғаны 10 мыңнан аса тұрғыны бар елді-мекендерде бар. Олардың саны 112-ні құрайды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 661 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_fHr3cD0uXo?si=OhKJyyNrGid30iHS"
«Ақорда» резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының,Сербия, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Австралия, Колумбия, Сирия Араб Республикасының елшілері тапсырды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына сенімдімін. Біз әртүрлі бағытта, соның ішінде экономика, инвестиция салаларында және саяси диалог тұрғысында ықпалдастықты нығайту үшін қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Қазақстан сіздердің халықаралық аренадағы сенімді серіктестеріңіз болатынына сендіргім келеді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 653 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5KdXJXnojTQ?si=E5RZkmnfGrkac3oE"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 863 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EtIHjcE_kfE?si=5KWonVvJyrve4677"
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Яғни бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, абыройын көрсететін. Бүгінде қайтадан сәнге айнала бастаған ұлттық киімдеріміз жастардың арасында кең таралуда.
\ЖАНАР КҮНСАҚАЛОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ №41 МЕКТЕПДІҢ ДИРЕКТОРЫ
Айта кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатқанын, оның өте орынды бастама екенін, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн екенін айтқан болатын. Оқушылар мен мұғалімдер үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, санаға сәуле түсірер әсер қалдыра білді.
ЕЛАМАН БИШИЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 702 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/cZvaeTeiApI?si=lJTyXGOGyQTS2UDS"
Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдаратыны сөзсіз. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Бұл,Алматы облысына қарасты Балқаш аудандық мектеп-интернатының оқушылары. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған отбасының және жеке шаруашылықтарда малшы болып еңбек етіп жатқан ата-аналардың балалары білім алуда. Мемлекет тарапынан жастардың алаңсыз ілім алуына барлық жағдай жасалған.117 бала тегін жатақхана,тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
ГҮЛНАР МУКУМОВА, БАҚАНАС МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді. Қайырымдылық күнінің құрметіне орай, «Балқаш» жолдауры мекемесінің басшылығы және мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесінің төрағасы,ауданның құрметті азаматы Нарымбет Тұлғабайұлының қолдауымен ерекше шара орын алды. Ұлыстың ұлы күні,қасиетті рамазан айына тұспатұс келгендіктен ақ дастархан жайылып,ауыз ашар ұйымдастырылды.
АСҚАР ИБРАЕВ, «БАЛҚАШ ЖОЛДАРЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
ДИНАРА АҚМОЛДАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Шараға арнайы шақыртылған елімізге танымал өнер иелері,балаларға ұлттық боямасы бар әндерін шырқап,көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
САПАРҒАЛИ СӘТПАЕВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 674 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9X60ui2Z-4s?si=0N9xFcvHTCBk4ccw"
«Ауырған адамның еміне», «Тұрмысы төмен отбасыға көмекке» деген желеумен әлеуметтік желіде «жалған» ақша жинайтындар қатары азаймай тұр. 600 мыңнан астам қазақстандық осындай жалған көмек сұраушыларға ақша аударған. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, тырнақшаның ішіндегі көмекке мұқтаж жандардың оңай олжасына айналып отыр деген қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндайларға тосқауыл қоятын кез келді деп санайды. Ол үшін қажет болса, заңға өзгеріс енгізуге дайынбыз деп отыр. Себебі, желіде халықтан ақша жинап оны өз мақсаттарына: шет елден үй, жылжымайтын мүлік, букмекерлік кеңсеге бәс тігуге жұмсайтын алаяқтар артуда.
НҰРЛАН ӘБДІРАХМАНОВ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ БАСШЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қауіпсіздікті арттыру шарасы бірінші кезекте банкке қажет екенін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан, біз өз тарапымыздан банктерге қауіпсіздікті күшейту туралы ұсыныс әзірлейміз. Оны заң жүзінде бекітуді қолға аламыз. Себебі, әлеуметтік желіде түрлі тәсілмен ақша жинағандарға 600 мың қазақстандық алданып қалған. Ұжымдық тәсілмен желіде жиналған ақшаның жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрайды, оның 2 миллардында алаяқтық белгілері бар».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 703 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/QE6aURO093E?si=VqMXZltY4P3EkATZ"
Астанада бір қабатты қойма өртенді. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше 1000 шаршы метр жер жанып кеткен. Мына кадрлар өрт сөндіру жұмыстары кезінде түсірілген. Таңғы сағат 7:20-дан бастап 9:16-ға дейін, яғни 2 сағаттың ішінде тілсіз жау ауыздықталған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Өрт сөндіру жұмыстарына 70-ке жуық адам, 15 техника жұмылдырылған. Қызыл жалынның нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 693 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/w_8aTpW8UQU?si=ESeEI8BUnS93A_yu"
Елімізде тойланып жатқан Мейірімділік күнінің негізінде СҚО №48 түзеу мекемесі «Чтения без границ» деп аталатын әдеби кеш өткізді. Іс-шарада жазасын өтеушілер өз өнерлерін ортаға салып, сайыстарға қатысты.
Айтулы мерекенің қарсаңында өткен әдеби кеште ақын-жазушылар да ат салысып, қылмыстық-атқару жүйесін дамыту қорына кітаптар да табыс етті. Бүгінде ерлер колониясында 800-ге жуық сотталушы бар. Оның 80 пайызға жуығы әдеби туындыларды сүйіп оқиды екен.
ЕЛЕНА СКАКУНОВА, ІС-ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: «С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана №48 мекемеде әдеби іс-шара өткізді. Біз өзімізбен бірге ақын жазушыларды, нақытырақ айтсақ Михайл Аверин атындағы әдеби бірлестікті алып келдік. Бұл әдеби бірлестіктің мүшелері сотталғандарға шағын концерт ұсынды. Сонымен қатар С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханадан кітаптар сыйға тартылды»
Аталмыш мекеменің кітап қорында эпос, лирика, драма сынды жанрлардан 9 мыңға жуық білім қазынасы бар. Жетекшілердің сөзінше оқырманның көпшілігі көбіне көркем және деректі прозаларға, өзін-өзі дамытуға арналған оқулықтарға қызығады екен.
СҰЛТАН ЖАБАЛИЕВ, СҚО №48 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: «Сотталғандар арасында оқитын сүйікті жанрлар мен кітаптар туралы Сауалнама жүргізілді. Нәтижесі бойынша көпшілік көркем әдебиетті оқығысы келеді. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қолдау білдіріп, кітап сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз.»
Кеш аяғы белсене ат салысқан қатысушыларды мараппаттаумен аяқталды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 748 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yHhedTlMPJs?si=9whsTRx_vUEtTFXn"
Ақмола облысына қарасты Атбасар және Аршалы аудандары көктемгі су тасқынының алдын алуға қызу дайындық шараларын жүргізуде.Айта кетейік биыл Ақмола облысында қар қалың жауды. Күн күрт жылынса, біраз елдімекенді су басу қаупі жоғары болмақ. Мәселені шешу үшін аудандарда жоғары дайындық режимі жарияланды. Атбасар ауданында 16 елдімекенді су басу қаупі жоғары. Мәселен, 2014-ші және 2017 жылдары су тасқынынан келтірілген залал 7 млрд. теңгеден асқан. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін аудан әкімшілігі алдын алу шараларын жүргізуде. Оған жергілікті бюджеттен 106 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
ӘДІЛ ШӘЙКЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АТБАСАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «160 үйді су басуы мүмкін. Ондай жағдайда тұрғындарды эвакуациялау алгоритмі жасалды. Сондай-ақ, ірі қара және ұсақ мал бар. Оларды құтқару амалдарына қатысты шаралар да пысықталды. Жалпы, Атбасар қаласы бойынша айтсақ, бұл жұмыстар 3 кезең бойынша жүзеге асырылуда. Алдымен қаладан еріген суды сыртқа шығару. Кейін Атбасардың жазық даласы арқылы өткіземіз. Үшінші кезең Жабай өзеніне қатысты. 15 сәуірде Жабай өзені тасиды деп болжап отырмыз».
Жабай өзенінің бойында орналасқан Полтавка, Титовка, Покровка, Садовое мен Борисовка ауылдарына ерекше назар аударылып отыр. Атбасар ауданында су басу қаупі жоғары аймақтардағы тұрғындардың аулаларын аралап, профилактикалық шаралар жүргізілді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 764 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BWYbd2zSvDA?si=-FiSjmYx5lo
Сапасы сын көтермейді. Халық өз қалтасынан қағып қыруар қаржы төлесе де, әлі күнге дейін қажетті медициналық қызметті ала алмай отыр. Осылай деген мәжіліс депутаттары жаңа министрден саланы тез арада ретке келтіруін сұрады. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен отырыстан толығырақ тілші тарқатады.
Мәні кеткен МӘМС қашан түзеледі деген халықтың бес жыл бойғы жан айқайынан кейін бүгін депутаттар кезекті рет жиналып, аталған жүйені жақсарту жағын талқылады. Баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрінің айтуынша енді әлеуметтік мәні бар ауруларға күдікті пациенттер міндетті медициналық сақтандырудан бөлек, тегін қаралатын болады. Яғни, қант диабеті, туберкулез, ВИЧ, вирусты гепатитке күдікті адамдар ақысыз емделеді. Деседе де, жүйедегі олқылық кезекті рет депутаттардың қатал сынына ұшырады.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Біз МӘМС-ті енгізердің алдында осының мақсаты қандай деп сұрақ қойдық. Онда азаматтардың енді өз қалтасынан емделуге төлейтін қаражаты азаяды деген жауап болған. Бірақ бірнеше жыл өтті. Біз нені көріп отырмыз? Керісінше, бір жағынан азаматтар өз қалтасынан (МӘМС-ке) жарнасын төлейді. Екінші жағынан ақылы қызметке төлейтін ақша азаймақ түгілі біршама көтерілді және көтеріліп те жатыр. Мұның алдында біз медициналық қызметтің сапасы туралы айтатын болсақ, қазір жалпы оның қолжетімділігі туралы айтатын болдық».
Медицинаның сапасы жақсармай, сапалы қызметтің қолжетімділігі артпай отырғанының негізгі себебі қаржыландырудың екі пакетінің болуында деп санайды депутаттар. Сондықтан, олар денсаулық сақтау министрлігі ең алдымен осы қаржыландыруды бір жолға қойып алу керек дейді. Одан бөлек, мәжілісмендер жауапты министрден балалар арасындағы аутизммен күрес қалай емделіп жатқанын сұрады.
ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазіргі уақытта балалардың арасында аутизм, ЗПР, ЗРР деген диагноздар өте жиі қойылып жүр. Осыған байланысты мамандардың тапшылығы да байқалады. Мықты мамандар қымбат ақы алады. Балаларын емдеуге ақша таппай жатқан отбасылар бар. Осы мәселе қалай шешіліп жатыр? Мамандар тапшылығы қалай шешіліп жатыр?ДЦП ауруымен ауыратын адамға өмір бойы бір адамның көмегі керек. Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен зейнеткерлік енгізудіжоспарлап отырсыздар ма?».
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Бұл мәселенің себептеріне қарауымыз керек сияқты. Бірден-бір себептері – негізі әйелдерімізді жүктілікке сапалы дайындау мәселесі, қыздарымыз бен әйелдердің денсаулығы. Әлемде аутизмнің толық себептері әлі анықталған жоқ. Таза медициналық ем де жоқ. Емдеу коррекуиялық орталықтарда жүргізіледі. Соңғы 5 жылдың ішінде өсім болғандықтан, мамандардың тапшылығы бар. Бұл жұмыспен айналысып жатырмыз».
Дәрігерлер жайында сөз қозғалғанда мәжіліс депутаты Ринат Зайытов шет елге оқуға баратын ақ халаттылардың әрекетін сынады. Оқығанынан қыдырғаны көп мамандарға қалай сенеміз дейді ол.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бізде дәрігерлерді шетелде оқытуға жылына қанша қаржы бөлінеді? (Министр 300 млрд теңгеден биыл министр 300 млн теңгеге дейін қысқартылғанын айтты). Ол да аз ақша емес. Бір оқиға айтып берейін. Таяуда Түркияда болдым. Сол жердегі азаматтар “Сіздің Денсаулық сақтау министріне дұғай-дұғай сәлем” айтты. Олардың сөзінше, Түркияға адамдарды жіберіп, оқытқаннан ешқандай пайда жоқ. Себебі, жасыратыны жоқ, біздің дәрігерлер ол жаққа барады да, оқығанынан гөрі, қыдырғаны көп болады екен. Енді олар сол ақшаға түріктің маманын алдыртып, неге елімізде оқытпайтынын айтады. Себебі осылай тиімді болады».
«МӘМС - мемлекетке жасалған қастандық» деген депутаттар бұл жүйені тоқтата алмасақ онда жақсарту жолын денсаулық министрлігі тездету керек дейді. Сондай-ақ мәжілісмендер мүгедекке шығаруды бір жақты қылуды сұрайтын адамдар өздеріне күн сайын том-томдаған хат жазатынын айтты. Неге олар жыл сайын келіп мүгдектігін дәлелдеуі керек, «жоқ қолы келер жылы өсіп кетпейді ғой» деген олар, жауапты ведомстводан осы мәселені шешуді талап етті.
Тағы басқа мақалалар...
129 ішінен 246 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.