- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hlS4Wb9fKSw?si=r5AewIF-c35KXMnE"
Неміс ғалымдары 500 жыл бұрын жасалған протездік қол тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның қаңқасы Баварияның Фрайзинг қаласында құбыр төсеу кезінде табылған.
Археологтар бұл олжаны сирек және маңызды деп санайды.Зерттеу нәтижесі көрсеткендей ер адамға тиесілі болған.
АМИРА АДАЙЛЕХ АРХЕОЛОГ: «Біз протездік қолды жиі кездестіре бермейміз. Әсіресе 500 жылдық тарихы бар. Осы уақытқа дейін Орталық Еуропада осы жастағы шамамен 50 протездік қол табылды. Ал бұл протездеу тарихтың қызықты мәліметтерін білуге мүмкіндік береді».
Радиокөміртекті зерттеу бұл адамның 1450-1620 жылдар аралығында қайтыс болғанын көрсетті. Оның жасы 30 бен 50 аралығында. Протез ер адамның сол қолының төрт саусағына орнатылған. Дегенмен, оның бас бармағы әлі де бар. Жасанды саусақтар металдан жасалған. Ішінде қуыс. Олар бір-біріне параллель орналасқан және аздап бүгілген - қолдың дәл табиғи жағдайындағы секілді.
МАТИАС ПФЕЙЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Ол кездері тіс протездері сән-салтанат болатын. Әдетте, соғыста аяқ-қолынан айырылған адамдар орнын толтыратын адам таппаған. Ал қазір басқа жағдайды көріп отырмыз.Әрине, бұл протездеу толық жұмыс істемегенімен дәрігерлер бұл адамның өмірін жеңілдетуге тырысқан. Айта кету керек, мұндай әдіс сол кездің өзінде жақсы нәтиже көрсеткен».
Ғалымдардың пайымдауынша, протездің артқы жағы терімен жабылған. Сонымен қатар олар дәкеге ұқсас зат тапқан. Бұл мата қолды металмен үйкелістен қорғаған болуы да мүмкін.
МАТИАС ПФЕЙЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Бұл сол кездегі медицинаның қаншалықты дамығанын көрсетеді. Протез жасау – күрделі мәселе. Өте қызықты оқиғасы бар адамның табылғаны да маңызды. Баварияда орын алған көптеген оқиғаларды ашуға болатынын көрсетеді».
Археологтардың айтуынша, ер адам соғыста саусақтарынан айырылған болуы мүмкін.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 345 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GrrvOyEHi9k?si=kAaU8f4MvQJqr_Af"
Кешелі бері Маңғыстауда жағымсыз иіс пайда болды. Ақтаулықтар күйік иісіне шағымданғаннан соң экология департаментінің мамандары дереу атмосфералық ауадан сынама алған. Нәтижесінде ауада көміртегі оксидінің концентрациясының асып кеткені анықталған.
Алдымен жағымсыз иіс Ақкетіктен сезіле бастаған. Ал Ақтаулықтар бұл иісті келесі күні түнгі мезгілде байқапты. Күндіз қаланы жағымсыз иіс жайлады.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Облыс аумағында ешқандай өрт болмаған. Ресейдің Астрахань облысының аумағында қамыс өртенген. Жылда күз мезгілінде қамыс қурап адами, табиғи факторлар әсерінен өрт оқиғалары орын алады. Қызыл жалынның дәл сол аумақтан шыққанын онлайн карталардағы өрттердің аэроғарыштық мониторингінің нәтижесі де растайды.
МАҒЖАН ҒАЛЫМОВ -МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Күйік исінің шығуына байланысты зертхана мамандары қаланың барлық бөлігінен сынамалар алып қарады. Ауада көміртегі оттегінің шамадан тыс артуы анықталды. Бірақ көп мөлшерде емес. Жылда осы қайталанып отырады көктемгі, күзгі мезгілдерде қамыстың кебуіне байланысты. Өте тез тұтанатын өсімдік».
«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша кеше желдің бағыты солтүстік-батыстан, орташа жылдамдығы 5 метр секундпен соққан. Экологтар егер жел осы бағыттан соғар болса түтін иісі қалаға қайта сезіледі деп отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 318 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oVlmsHd_Kj8?si=N9LUMA7jf_qSwHCS"
Қазақстан халқы көбейсін. Бүгін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл ақжолтай жаңалықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер желісіндегі парақшасында жазды. Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да дүниеге келген 5 бала болды. Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында тіркелді. Үш – ұл, екі – қыз бала. Бүгін сәбилердің ата-аналарына «Отбасы банк» 2 миллион теңгеден сертификат табыс ететінін айтты.
ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Отбасы банкі» еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады».
Айта кетейік, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн. адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының саны 22,3%-ға өсті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bCx6qjWkym0?si=Q9nwUMdlu562tkFV"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 313 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0a1rllr7kww?si=FwPe0Debs6iIKw1w"
Бүгін Алматыда «Қазақстандағы заңсыз сауда – дәрі дәрмектерден сұйытылған газға дейін» атты баспасөз-конференциясы өтті. Шарада TRACIT (Заңсыз саудаға қарсы трансұлттық альянс) халықаралық үкіметтік емес ұйымы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы заңсыз саудаға қатысты өзінің алғашқы есебін ұсынды.
Заңсыз сауданың өсуіне ықпал ететін жаңа қауіп-қатерлер,Қазақстанға не заңсыз әкелініп жатыр,қоғам мен мемлекетке тигізетін зардаптары мен зияны басты тақырып ретінде қаралды. Елімізге көптеп әкелінетін заңсыз тауарлар тізімінде темекі,ішімдік,киім-кешек сонымен қатар дәрі дәрмектер жетекші орын алады.
ЭСТЕБАН ДЖУДИЧИ TRACIT САЯСАТЫ БОЙЫНША АҒА КЕҢЕСШІ:
«Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалау өте көп. Ол дәрілердің зияны да бар,адамдар уланып қалуы да мүмкін. Тек қана эконмикалық жағынан қарамауымыз керек. Жабайы саудадағы дәрілер бақылануы керек. Мемлекет болып қоғам болып қолға алып қана бұл мәселені шешуге болады».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 329 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5Lj9DxSU3es?si=cgABVw7fYZ2tr0BW"
Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі өтті. Шара барысында «Цифрлық теңге» жобасы іске қосылып, ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы таныстырылды.
Қаржыгерлер конгресінің панельдік сессияларында шетелдік орталық банктер мен қаржы институттарының басшылары, қазақстандық мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылады. Конгресс аясында ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы таныстырылды. Қазақстан Ұлттық банкінің банкноталар мен монеталар дизайны басқармасының бас дизайнері Санжар Нұрқасымовтың айтуынша, жаңа банктонттар «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.
САНЖАР НҰРҚАСЫМОВ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ «Жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды саналады».
Сондай-ақ шара барысында цифрлық теңге жобасы іске қосылды. Цифрлық теңге атаулы әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік сатып алу тиімділігін арттыру, трансшекаралық төлемдерді оңтайландыру, бағдарламаланатын төлемдерді құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз ақшаның бұрыннан бар артықшылықтарын біріктіреді. Цифрлық теңгені үш кезеңмен енгізу 2025 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілуде.
МАҚСАТ ХАЛЫҚ САРАПШЫ
Сарапшылардың сөзінше, цифрлық теңгедегі дебеттік карта ұстаушылар үшін де, сауда кәсіпорындарының иелері үшін де бірқатар маңызды артықшылықтарды ұсынады. Карта ұстаушы банктегі цифрлық теңгедегі шотқа қол жеткізе алады және онымен бірге төлемнің тағы бір тәсіліне және өз қаражатын басқаруға икемділікке қол жеткізеді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 333 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0U02i_evyVA?si=xR43ctpdVV68Gesk"
Үндістанның Гималай тауларында опырылған туннельде қалып қойған ондаған құрылысшыны құтқару жұмыстары жүргізілуде. Ішінде 40 адам бар. Олар жексенбі күні таңертеңнен бері сонда жүр.
ЖҰМЫСШЫНЫҢ ТУЫСЫ «Біз құтқарушылардың жұмысына көңіліміз толмай отыр, себебі жұмыс өте баяу. Апат болғаннан бері 60 сағатқа жуық уақыт өтті, бірақ құтқарушылар істеу керек нәрсені жасаған жоқ».
МОХСЕН ШАХИДИ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Қоқыстарды алып тастауға күш салынуда. Жоғарыдан тастар жиі құлап жатқандықтан қиындық туғызуда. Біз жұмысшыларға жету үшін болат құбыр төсеп, оларды одан өткізіп жатырмыз».
Ұзындығы 4,5 шақырым болатын бұл туннель Уттаракханд штатында индустар үшін маңызды қажылық жолы өтетін ұлттық тас жолдың бойында салынып жатыр. Опырылған кезде оқиға орнында 50-60 жұмысшы болған. Шығуға жақын тұрғандар шыға алған. Іште қалғандардың жағдайы жақсы дейді. Олар тірі оларға ауа, су, азық-түлік құбыр арқылы жеткізілуде.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 319 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5F5RvzJwZkE?si=ZWuo0LUfrG5GRRHF"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді.Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс. Қазіргі қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұруды талап етеді.Президент осындай келеңсіздіктермен тұтас қоғам болып күресу керек деп санайды. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты Заң мен Тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек.Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 327 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/psszy7bmIHA?si=286FntwwfWGDN5Ar"
Вейптер мен электронды темекіге заңмен тыйым салудың қажеті жоқ. Бұл нарықты шектеп, реттеу керек. Әйтпесе, контрабандалық өнім көбейеді, көлеңкелі экономика дамып, қазынаға салық түспейді. Сәйкесінше, бюджетке шығын келеді. Сондықтан, «Байтақ» жасылдар партиясы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп санайды. Айтуларынша, 21 жасқа дейін вейптер сатылмау керек. Оны мемлекеттік мекеме өзі қадағалауы тиіс. Егер қажет болса, партия тарапынан өңірдегі барлық филиалдар мен қоғам белсенділері болып ат салысамыз деп отыр.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «2.5 млрд теңгеге контрабанда арқылы келген. Соған тыйым салу керек. Ашық түрде нарық арқылы келсе, қалай тыйым саламыз. Біз демократиялық мемлекетпіз ғой. Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге кірісеміз. Егер заң қабылданса қоғамдық бақылауға алуға дайынбыз».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 337 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jeIDBzyNx40?si=7YObsbRaIFvJJgvG"
Әйел мен баланы қорлағандарға аяушылық танытуға болмайды. Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты пікір білдіріп, парламент мінберінен депутаттық сауал жолдады. Мәжілісте көтерілген өзекті мәселелер туралы алдағы бейнематериалда.
2025 жылдан бастап елімізде әскери қызметтің жаңа түрі - резервтегі қызмет пайда болады. Мәжіліс депутаттары жаңа құжатты бекітті. Ол кәмелетке толған азаматтарға қатысты. Іріктеуден өткендермен үш жыл келісімшарт жасалады. Соның негізінде олар ай сайын қысқа мерзімді оқудан өтіп отырады. Осылай деп баяндама жасаған Қорғаныс министріне депутатардың сауалы көп болды.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Қателесуім де мүмкін, бірақ осы уақытқа дейін «министрдің баласы, әкімнің баласы әскерде жүр» дегенді естімедім. Осы заңның аясында жоғары лауазымды тұлғалардың өздерін не балаларын екі айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма».
РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ: «Әскерге баласын жіберетіндер бұл туралы жария етпейді. Бәріне мақтану үшін емес, шын жүректен патриот болу керек. Мен мысал келтіргім келеді. Бұрынғы ІІМ басшысы, менің бұрынғы басшым Қалмұханбет Қасымов екі жиенін жетектеп әкеліп, сарбаз болып қызмет етуге әскерге әкелген. Бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы беделді мектепті бітірген соң, сарбаз болып әскер қатарына қосылды, ал қазір ол АҚШ-тағы әскери училищеде курсант. Министерлердің, депутаттардың ұлдары деп норма қарастырудың мағынасы жоқ. Заң бәріне бірдей. Бірақ бұл норманы жүзеге асыруды әрқайсысымыз өз-өзімізден сұрауымыз керек».
Депутаттардың сауалы да көп. Олар әсіресе, соңғы кезде қоғамды дүр сілкіндірген оқиға – зорлық-зомбылыққа қатысты заңды тез арада қайта қарап, әйелдердің құқығының қорғалуын сұрайды. Мәжілісмендер келтірген дерекке сүйенсек, 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40 пайызы жеткен екен. Абьюзерлердің көбіне кешірім беріліп, босаған, ал олардың тек 39 пайызы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді» деген күдікпен жантүршігерлік ашық ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, араға 1 апта уақыт салмай, Талдықорғандағы полицияның қызды зорлау фактісі есеңгіреген қоғамға одан сайын соққы болды. Бұл фактілер, аталған ауыр қылмыстар зорлық-зомбылық мәселесіне қайта назарымызды салып отыр».
Ал, депутат Ринат Зайытов ұлттық біріңғай тестілеу «ұлттың болашағын тоздыру үшін жасалып отыр ма?» деп ашуланды. Себебі, тест тапсыру бағасы екі есеге қымбаттап кеткен. Ол да халықтың қалтасын қағу деді.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Дәлірек айтсақ, келісім жасалғаннан бері ҰБТ-ның бағасы 2 240 теңгеден 5 640 теңгеге, яғни екі есеге өсті. Бұл бір. Келесі, өңірлерде 114 ҰБТ өткізу пункті жабылып, тест тапсырушыларға қосымша жол мен жатын орын шығынын алып келді. Мысалы, тест тапсыру - ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік пен қуаныш. Олар баласын қолдап, барын салып орталыққа баруға мәжбүр. Өйткені, тестілеу пунктері аяқ-жетім жерлерден алыстап кетті. Онсыз да табысынан шығыны көп халыққа, бұл тағы бір салмақ болып отыр».
Баға демекші, қымбат азық-түлік, ет бағасымен бірдей теңескен көкеніс бағасы да депуттардың назарына ілікті.
АЙДАРБЕК ҚОЖАМЖАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Биылдан бастап біздің жылыжайшылар қызанақ өсіруді қойды, себебі шығынын ақтамады. Ал нәтижесін қазір көріп отырмыз. Дәл қазір базарға барсаңыз, келісі 1000 теңгеден төмен қызанақ таппайсыз. Ал жаңа жылда үстелдеріңізге қызанақ пен қиярды еттің бағасымен сатып алып қоюға дайын отырыңыздар. Осы орайда орынды сұрақ туындайды: неге сол импортерларыңыз былтыр 200 теңгеге сатқан қызанақты қазір 800 теңгеден сатады?»
Осылай деген депутаттар көкеніс бағасын төмендету үшін жылыжай салуға үкіметтен көмек берілу керек. Шеттен келетін шетелдік өнімдерге бақылауды күшейту керек дейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 345 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IWMgbpu6yd0?si=vHOnGSep7ql6OZ92"
Төл теңгенің айналымға енгеніне биыл 30 жыл. Алғашында қазақтың ақшасына жұртшылықтың күмәні болғаны да жасырын емес. Уақыт өте келе әлемдік деңгейде өз орнын қалыптастырды. Теңгенің алғашқы шыққан күніне бастап оған қызығушылық танытқан жандар коллекция жинай бастады. Мысалы, жүз теңгені жүз мыңға сатып алар ма едіңіз? 500 теңгелік монетаны 220 мыңға ше? Ал, сирек кездесетін немесе ескі ақшаларды жинаумен айналысатын коллекционерлер жұртта жоқ тиын мен купюраны өте қымбатқа сатып алуға дайын. Тіпті, көздеген ақшасын қолға түсіру үшін өзге қалаларға баруға да ерінбейді. Өздерінің мұндай қылықтарын екінің бірі түсіне бермейтінін де мойындайды. Дегенмен, ешкімде жоқ банкнотаны иемдену үшін олар көп нәрсеге даяр.
Он теңгені он мыңға сатып алуға дайын жандардың бірі көкшетаулық Виталий Шамаев. Сирек купюраларды жинауды 10 жасында бастапты. Қазір сөресінде небір ақша бар. Кезінде Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған Әл-Фараби, Құрманғазы, Сүйінбайлар бейнеленген алғашқы ұлттық теңгелерді де, қолданысқа шықпай тек банкте ғана сақталатын мерейтойлық монеталарды да көруге болады. Сіз бен біз елемейтін, сандықтың түбінде шаң басып жатқан купюра коллекционер үшін таптырмайтын асыл дүние. Ал, сатушыны әп-сәтте байытуы бек мүмкін. Өйткені, коллекционерлер сирек купюра үшін қомақты қаржы беруге әзір.
ВИТАЛИЙ ШАМАЕВ КОЛЛЕКЦИОНЕР: «Шоқан Уәлиханов бейнеленген АА сериялы мына банкнота өте сирек кездесетін купюра. Және оның құны да қымбат. Мұқият қарасақ, бұл купюра қолданыста болған, кей жерлері аздап жыртылған, майысқан, дегенмен қымбатқа өтеді. Осы күйінде 5-10 мыңға сатылады. Ал, егер жағдайы жақсы, банктен күні кеше шыққандай жып-жылтыр болса, бағасы бірнеше есеге жоғарылайды».
Бұрынғы ақшалар біздің есімізде болмағанмен, коллекцинерлердің көзінен де көңілінен де кете қоймаған. Бос уақытында ақшалардың шығу тарихын зерттеп, қолына түскен әр банкнотаны аса мұқияттылықпен сақтайтындардың бірі көкшетаулық Еркеш Қайыржан. Қоржынындағы кейбір купюралардың түрін біз сияқты қарапайым адамдар ұмытып та қалған. Бір қарағанда көзге көрінбейтін әр купюраның ерекшелігін коллекционерлер анадайдан байқайды. Біреуінің сериясы ерекше болса, енді бірінде бір сан бірнеше рет қайталанады.
ЕРКЕШ ҚАЙЫРЖАН КОЛЛЕКЦИОНЕР: «Осыдан бірнеше жыл бұрын маған әжем мынадай керемет монетаны сыйға тартты. Бұл таза күмістен жасалған, 1888 жылғы. Маған қатты ұнап қалды. Содан кейін сирек кездесетін ақшаларға назар аудара бастадым. Ақшаны жинаудың да реті бар. Мысалы, бүгін жинап жүрген ақша уақыт өте инфляцияға ұшырап құнсызданып қалады. Ал, мынадай ақшалардың құны уақыт өткен сайын қымбаттайды. Өйткені, оңай табылмайтын сирек дүниеге айналады».
Жастайынан коллекционер атанғандардың бірі Юрий Лысиков. Жасым жетсе де, сүйікті ісіммен айналысуды тоқтата алмай келемін,-дейді ол.
ЮРИЙ ЛЫСИКОВ, КОЛЛЕКЦИОНЕР «Бұл қанымызға сіңіп қалған әдет. Әйтпесе, қылшылдап тұрған жас кезіміз жоқ. Осыны қою керек деп қанша рет оқталсам да, қоя алмаймын. Жұртта жоқ ақшаны көрсем, алғым келіп тұрады».
Коллекционерлер өздерінің жанына рахат сыйлайтын іспен айналысумен қатар, ел тарихының ұмытылмауына үлес қосып жүр десек артық айтпағанымыз. Өйткені, әр купюра ел дамуындағы белгілі бір кезеңдермен байланысты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 328 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kfODZjTMT-I?si=694fSP5BbZ7A9D3a"
Сыртқы жарнаманы көше бойына ілу үшін салық төлеуші алдымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен рұқсат құжатын алуы қажет. Алайда, мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша жыл басынан бері қала аумағындағы көшелерде 87 кәсіптік нысан рұқсат құжатынсыз жарнамалар орналастырған.
Заң бойынша сыртқы жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып есептеледі. Ал төлемақы мөлшері күнтізбелік 30 күн ішінде айқындалады. Алайда, бұл міндеттерді уақытылы және толық көлемді орындауға жауапты екендіктерін назардан тыс қалдыруда.
ЖОРАБЕК СУЮРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сонымен қатар, бөлшек салықтың арнаулы режимі бекітілген. Арнаулы салық режимін қолдану үшін мақсаты мен қызмет түрі айқындалып, шешім қабылданады. Бөлшек салықтың мөлшерлемесі 8 % бен 4%. Жергілікті мәслихат жекелеген салалар үшін мөлшерлемені төмендетуі әбден мүмкін. Яғни, мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдары мөлшерлемені реттеу арқылы белгілі бір саланың дамуына мүмкіндік береді. Бұл ретте жергілікті уәкілетті органдардың бөлшек салық ставкаларының мөлшерін 50 пайызға яғни, 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі бар. Ал, ірі кәсіпорындардың салығын төмендету үшін дара кәсіпкерлерді пайдалануын болдырмау мақсатында шығыстарды сатып алушы шегерімге жатқызған кезде салықтың жоғары мөлшерлемесі белгіленеді яғни, бұл 8 пайыз.
МЕЙРАМБЕК ИБРАИМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
ҚР Конститутциясының 35-бабына сәйкес, заңды түрде белгіленген бұл салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті екенін еске салады кірістер басқармасының мамандары.
Тағы басқа мақалалар...
145 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.