- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 344 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zRiWkPAluHU?si=fyiHU_FUyLrhf0Qx"
Тозған вагондар мен пойыздардың кестеден кешігуін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сынға алды. ҚТЖ қызметіне қатысты шағым көп деген премьер-министр жауапты органға бұл олқылықты тез арада жоюға тапсырма берді. Айта кетейік, Қазақстанда пойыздардың 52 пайызы нашар хәлде, әбден тозған.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: «Қазіргі уақытта теміржолда жолаушыларды тасымалдайтын 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді (ҚТЖ және 12 жеке). Облыстардың бөлінуіне байланысты, биыл қала маңындағы бағдардан 2 жаңа облысаралық бағыт құрылды: Алматы – Қонаев, Қарағанды – Жезқазған. Бұл шаралар халықтың барлық тобы үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда пойыз билеті бағасының орташа құны – 8 мың теңге».
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстан темір жолының» қызметіне қатысты көптеген шағымдар келіп түседі. Пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондар – мұның барлығы қалыпты жағдайға айналып барады. Бизнес болса вагондардың уақытында берілмеуін, ұзыннан-ұзақ келісу рәсімдерін айтып, шағымдануда. Осының барлығы бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді. Теміржол саласында машина жасау, рельс өнімдеріне және түрлі жабдықтарға деген сұраныс үнемі жоғары. Бізде осы өнімдерді шығаратын көптеген ірі кәсіпорындар бар, бірақ отандық өндірушілер сұранысты қанағаттандыра алмай келеді. Осы орайда шетелдік серіктестерге жүгінуге мәжбүр болып отырмыз. Негізінде, отандық кәсіпорындар өндірісті кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын құруына, отандық экономиканың өсуін қамтамасыз етуіне болатын еді».
Жақында «Алматы-Астана» бағыты бойынша қосымша пойыздар іске қосылады. Себебі, осы бағытқа сұраныс аса жоғары. Билет тапшылығына ұрынбау үшін, жауаптылар халықтан сапарын алдын-ала жоспарлауға кеңес береді. Билеттер 40-45 күн бұрын сатылымға шығады деді ҚТЖ басшысы.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 324 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tbIw8dOVPy4?si=vtDBj4k4BP0egPUA"
Бүгін туризм саласының сарапшылары Алматыда Орталық Азиядағы туризмді халықаралық трендтерге сай дамыту мәселелерін талқылады. Айтуларынша, Орталық Азиядағы туризімінің әлемде өзіндік ойып алар орны жоқ. Шетелдік туристер Еуропаға барғандай келмейді. Неге? Себебі, туристерді бір ғана ел қызықтырмайды. Олар бірден бірнеше мемлекетті аралап көргілері келеді.Сондықтан, Орталық Азияда орналасқан бес мемлекетті (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Түркіменстан) туризм саласы бойынша аймақтандыру қажет. Бұл бүгінде кезек күттірмейтін мәселе, дейді туризм саласының мамандары.
МАҚСАТ ЧАКИ ТУРИЗМНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ САРАПШЫСЫ: «Ораталық Азиядағы туризм орталығын Алматыда құру керек деп ойлаймын. Оған ірі мегаполистің әлеуеті жоғары. Біз бірігетін болсақ, әлемдік деңгейге көтеріле аламыз.Туризм көптеген елде басымдықты сала. Орталық Азияда ол әлі де кенжелеп тұр. Егер қазіргідей әр мемлекет туризмді өзінше дамытамын десе, қателеседі. Шетелдік туристердің назарын өзімізге аудару үшін бірігіп күш жұмсауымыз керек. Әрбір елдің өзіне тән бренді бар.Сол сияқты Орталық Азияның да бренді болуы керек. Біз Алматының брендін қалыптастырмақпыз. Бірақ, оның жеміс болмайтыны анық».
Сонымен қатар, сарапшылар шенген визасын енгізу қажет екенін айтты. Бұл әлбетте Үкіметте қаралатын дүние. Мысалы, оны Stan, Жібек жолы визасы деп атауға болады. Қазақстанға келген шетелдік турист еш кедергісіз Қырғыстанға одан әрі Өзбекстанға өтіп кетуі керек.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 310 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lhoP59sAIxQ?si=-XmpXc6SphMqFUqO"
Жаңа Қазақстанның болашағы – қазіргі уақыттағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Жасалып жатқан өзгерістер елді дамытуға, экономикасын көтеруге және жаңа мүмкіндіктерге үлкен жол ашпақ. Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты жобалармен толтыратындар – жастар болғандықтан олардың білім бәсекесіне бейімді болуы міндетті.Қалған мамандығын таңдап,келешекті кім болам деген стденттердің мерекелік шарасына назар аударсақ.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қашанда халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана.Сәт сайын тың технологиялар жаңарып отыратын заманда,тек білім мен ғылымды игерген жастар ғана бәсекеге төтеп бере алады.Осы тұста 30 жылдан астам білім саласында қызмет етіп келе жатқан «Қайнар» академиясының атқарып жатқан жұмысын ауыз толтырып айтуға болады. Халықаралық студенттер күніне орай,үлкен өмірге қадам басқан студенттердің құрметіне арнайы кеш ұйымдастырды.Онда жалынды жастардың армандары айтылып, Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалау,ортақ парыз екені айтылды.
АЙСҰЛУ ДЖАНЕГИЗОВА «ҚАЙНАР» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ
САНДУҒАШ ҚҰЛАНОВА «ҚАЙНАР» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОРЕКТОРЫ
Бүгінгі студент,келешек маман.Ұлтымыздың ұлы мұратын жалғастыратын да осы жастар.Бүгінде мемлекет тарапынан олардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Біз айтып отырған білім ошағы да,қолдан келер мүмкіндікті беруге тырысуда.
МУМИРА СІЛӘМБЕК ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
ӘЛИХАН ТАЛАПАЙ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
Академияның қоғамдық өміріне ат салысып,белсенді студент бола білген жастардың ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 363 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pUhYVk-9Qus?si=m6NHSq53fvXgy8X6"
Әлемдік саяхатты рождестволық маусымда тура Парижде жасауға болады. Мұнда өсімдіктер бағында жарық беретін инсталяциялар фестивалі өтуде. Қонақтарды экзотикалық гүлдер, құстар мен аңдар қарсы алады. Бұл үйкелісті флора мен фаунаның барлығы төрт құрлықтағы тропикалық ормандардың биоалуандығын білдіреді.
СИРИЛЬ РОГЕ – ПАРИЖДЕГІ ӨСІМДІКТЕР БАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "Көрме осы экспозицияға қатысқан барлық жануарларды таныстыратын үлкен аркамен ашылады. Біз ну орманның тропикалық ормандар екенін түсіндіргіміз келеді. Аркадан біз қонақтарды Үндістан, Азия, Жаңа Гвинея, Борнео, Амазония, Мадагаскар және Орталық Африканың тропикалық ормандарына саяхат жасауға шақырамыз ".
Көрме Қытайдың жаңа жылында Азияда өткізілетін шамдар мерекесімен үндеседі. Осы жарқыраған инсталляцияларды да қытайлық шеберлер дайындады. Олар жыртқыш мысықтар, жер-су және амфибиялар, сондай-ақ гүлдер мен алып ағаштардан аллеялар жасады. Сыртта жүргенде орхидеялардан жасалған бүтін бір орманды көруге болады. Мүсіндерді жасауға Париждегі Ұлттық табиғи тарих мұражайының қызметкерлері қатысты.
СИРИЛЬ РОГЕ – ПАРИЖДЕГІ ӨСІМДІКТЕР БАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:"Біздің ғалым-әріптестеріміздің бағалауынша, тропикалық ормандарда жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерінің жартысы шоғырланған. Соған қарасаңыз, тропикалық ормандарға қызыға бастайсыз. Осылайша, адамдарда осы бірегей экожүйе туралы көбірек білім пайда болады".
Париждегі өсімдіктер бағын XVII ғасырдың бірінші жартысында патша Людовик XIII-нің дәрігерлері талқандады. Бұл Францияның ең ескі ботаникалық бақтарының бірі. Қазір бақ Ұлттық табиғи тарих мұражайына тиесілі. Рождество инсталляцияларының көрмесі 21 қаңтарға дейін жалғасады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 331 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yUqf5Pyow8c?si=p_8nn_WAuSjeBUXY"
Ақмола облысы Аршалы аудандық полиция бөліміне құрылыс нысанында қайғылы оқиға орын алғаны жайында хабарлама келіп түскен. Белгілі болғанындай, құрылыс алаңында жұмысшы биіктіктен құлап, мерт болды. Жұмысшы Астана қаласының 57 жастағы тұрғыны. Аршалыда құрылыс нысанында еңбек еткен. Құрылыс жұмыстарына арналған 4 метрлік арнайы секция құлап кетіп, жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары басталып кетті.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ «Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 156-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған еңбекті қорғау қағидаларының бұзылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 335 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IEuyFcu-ZC0?si=POuH2D4gPkKydgBr"
Су жоқ, қоқыс жәшігі жетіспейді, үйдің төбесіне тұрғындардың рұқсатынсыз антенна орнатқан. Бұл, Ақтау тұрғындарының уәжі. Мәселе көп, шешімі жоқ-дейді жұрт. Көптің жанайқайы туралы келесі бейнематериалда.
Бұл үйдің басты проблемасы судың жоқтығы. Алайда тілшілер шағымданушылардың уәжін тыңдауға келгенде,жауапты мекеме мамандары суды қосқандығы анықталды. Десекте, бұданда басқа мәселе бұл үйде шаш етектен. Тұрғындардың айтуынша,қоқыс тастайтын құбыр көп уақыттан бері істен шыққан. Сондықтан қоқысты жедел сатымен тасуға мәжбүр екен. Ал лифтпен мініп, көтерілген тұрғындардың қалтасына шығын.
АИДА АҚАЛОВА – ТҰРҒЫН
Жиналғандардың шағымын тыңдауға арнайы мамандар да келді. Қордаланған мәселелерге қатысты олардың өз айтары бар.
АЙДАР ЫБЫРАЙ -АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Сонымен жауаптылардың айтуынша қоқыс мәселесіне қатысты тиісті жұмыстар жасалатынын, ал ауыз судың берілуін реттеу бойынша жаңа қондырғылар орнатылатын болады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 313 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aON9VBFr1Ek?si=cGb9vPgd8jl2l7e6"
«Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдікті қамауға алынды. Олар Қызылорда қаласының тұрғындарын сан соқтырып, жалпы сомасы 44 млн теңгеге алдап кеткен. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр деп хабарлады қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жж. аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан. Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 322 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DIdgYHfUoHk?si=g-XBhFqga11dBD1_"
Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласының тұрғындары үшін өткен түн үрейге толы болды. Түнгі екілер шамасында тұрғындар жергілікті аурухананың маңынан атыс дыбысын естиді. Кейін сол жерден 23 жастағы жігіттің өлі денесін тауып алған. Макинск қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің танысын атып өлтірген деген болжам бар. Қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Оқиға орнынан ізін жасырғанымен қоймай, өлтірген адамының «Тойота Ланд Крузер Прадо 150» автокөлігін мініп кеткен.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Күдіктіні полицейлер Сандықтау ауданының бір ауылынан тапты. Сол ауылда оның туысқаны тұрады. Аудан аумағынан мініп кеткен көлік пен суық қару да тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабы, 1-ші тармағына сәйкес кісі өлтіру бойынша ұсталған күдіктінің не үшін осындай аса ауыр қылмысқа барғанын анықтап жатыр».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 342 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NFiPy5eFfTo?si=SusKRs-dz1wu7y7q"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 331 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UzcXrsOVwb0?si=BTM-0Qk3aoJI897X"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 362 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bD_jPvzZKIQ?si=9b3y3_MQO2GYbqmM"
Ұлытау облысында жол жөндеуге деп берілген ақша жетпей қалған. Нәтижесінде, республикалық маңызы бар бірнеше жол аяқсыз қалды. Әсіресе, Қызылорда-Жезқазған арасы. Қызылорда жағы жұмысты толық аяқтаған, ал Жезқазған бөлігінде болса, жұмыс тоқтады. Арқалық пен Ұлытаудың арасыда мәз емес. 200 шақырым жол мүлдем жоқ. Сондықтан, өңір әкімдігі Үкіметтен қолдау сұраған. «Азия Даму» банкінен қарыз берілсе, аталған жол құрылыстары келесі жылы басталады. Бұл туралы бүгін орталық коммникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты. Сондай-ақ әкім өңірдегі діни ахуалды тілге тиек етті. Айтуынша, облыста радикалдық ошақтар жоқ. Сириядан келгендермен қызу жұмыс жүруде.
БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Ағарту жұмыстарын жүргізу. Біреулердің ықпалына түсіп қалған отбасылар бар, әйелдері бар, балалары бар тек ағарту жұмысы. Ахуал тұрақты деуге болады. Неге олай басталып кеткені жөнінде себебін айта алмаймын. Арнайы органдардың бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бізге беріп отырған ақпараты бойынша ахуал тұрақты. Тұрғындарымыз ресми дін жолында деп айтуға болады. Өз ұстанымында жүрсе де қоғамның тәртібін қабылдап, заң бұзып жатқан жоқ».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 379 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/12XZuDkTPb0?si=AEC6FrXHIudbGO5s"
"ТЖД Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына 2023 жылғы 21 мен 23 қараша аралығында Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі барын ескертті. «Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің ықтималдығына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.Алматы облысының аумағында қар көшкіні жүруі мүмкін 55 аумақ бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан», - делінген ведомствоның Telegram-каналындағы хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасаған болатын. Алдағы үш күнде елдің басым бөлігі белсенді циклонның құрсауында болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады, 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, қар күтіледі.
Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге жетеді, солтүстік бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады."
Тағы басқа мақалалар...
142 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.