- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 328 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/x0YKof2Sp3k?si=JJP2XMBZe4NYHmvY"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 326 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FEf5gAwXxc0?si=EUHgdezGWYXgXdmp"
Жақында Қазақстан-Қытай шекарасында 3-ші теміржол өткізу пункті ашылады, «Бақты» және «Қалжат» жаңа құрғақ порттары салынады, Ақтау контейнерлік хабы құрылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Шанхайда өткен Қытайдың 6-шы халықаралық импорттық көрмесінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде айтты. Сондықтан, Премьер-Министр Қытайлық көлік компанияларын аталған жобаларға қатысуға, ал көлік-логистикалық операторларын Қазақстандағы трансшекаралық көлік инфрақұрылымын белсенді қолдануға шақырды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Еліміздің көрмеге мәртебелі қонақ ретінде қатысуы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының жаңа кезеңі аясында өтіп отыр. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестігі болып табылады. Мәселен өткен жылы біздің елдер арасындағы тауар айналымы 29 млрд асып, рекордтық дәрежеге жетті. Осы жылдың 9 айында тағы 20 пайызға артып отыр. Осыған байланысты, біз барлық мүдделі қытайлық кәсіпорындарды ынтымақтастықты кеңейтуге шақырамыз. Қазақстан Үкіметі қажетті қолдау көрсетуге және бірлескен жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын».
Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына Австралия, Сербия, Иран және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян қатысты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 387 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/F11GpYFs8bk?si=uLnm1KIAmJqz2Ivw"
5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары полярлық шұғыланы тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл – Қазақстанға тән емес метеорологиялық құбылыс, десек те оны солтүстік өңірлерден басқа , орталық, шығыс Қазақстанның тұрғындары да байқаған.
Әлеуметтік желілерде кең таралған мына бейнежазбалар мен суреттер - Солтүстік шұғыла деп аталады. Бұл құбылыс туралы деректер біздің заманымызға дейінгі 2600 жылғы көне қытай жазбаларында кездеседі. Андрей Солодовниктың айтуынша, өткен түнде болған Полярлық шұғыла аса таң қалатын дүние емес. Ол Солтүстік Қазақстан облысында екі-үш жылда бір рет қайталанатын табиғат құбылысы.
АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК KOZYBAYEV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ: «Полярлық шұғылада ең көп көрінетіні жасыл-сары түсті шұғыла. Олар оттегі мен Күн молекулаларының өзара әрекеттесуінен жерден 240 шақырым биіктікте пайда болады. Егер Күн молекулалары азотпен өзара әрекеттессе, аспанда қызыл немесе көк түс пайда болады. Ал олардың басқа түстерін тек арнайы құрылғылар арқылы ғана көре аласыз»
ҚОЗЫКЕ ТӘУКЕ "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК МЕТЕОРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ «Полярлық шұғыланы күннен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде байқауға болады. Солтүстік шұғыла-геомагниттік белсенділіктің салдары. Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерімізге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 340 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eHai3AZLXDg?si=kOQZcte5EWzMC-w0"
Еліміздің 17 аймағында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлау науқаны орын алды.Бұрын соңды болмаған шара,Алматы облысында да ерекше көңіл күймен өтті.Өңір бойынша сайлаушылар, Жамбыл мен Балқаш ауданы әкімдеріне таңдау жасады.
Алматы облысы Жамбыл ауданында 105 895 сайлаушыға арналған 77, Балқашта 19 452 сайлаушыға 23 сайлау учаскесі қарастырылған.Ақындар мен батырлар елінде барлық сайлау учаскелері таңғы жетіден есігін ашты. Маңызды науқанда таңмен таласа келген тұрғындардың белсенділігін байқадық.Аймақтан үш кандидат ұсынылды.
РАУШАН ЕРМҰХАНОВА №279 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жамбыл ауданы әкімін сайлау нақанына барлық жағдай жасалған.Кандидаттардың барлығына бірдей мүмкіндік беріліп, мерзім ішінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.Үміткерлердің үшеуі де осы аймақтың тумалары.Сайлаушылар олардың өмір жолымен толық таныс деуге болады.
ЖАҚСЫЛЫҚ СҰЛТАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Аудан әкімін сайлау науқаны ерекше көңіл-көймен ұйымдастырылды. Мыңбаев ауылдық округі тұрғындары үшін,төмен бағада азық-түлік жәрмеңкесі орын алды. Сайлау учаскесінің маңынан орын тепкен жәрмеңкеге бас сұқпаған адам жоқ.Олар өздеріне қажетті ауыл шаруашылық тауарларын сатып алып жатты.
ТЕМІРЛАН ТӨЛЕБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ МЫҢБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Сайлау науқанының құрметіне орай,мерекелік концерт пен жастар арасында футболдан спорттық шара ұйымдастырылды.Жамбыл ауданы тұрғындары көтеріңкі көңіл-күйде болды деуге болады.Таңнан,кешкі 20-00 дейін өздерінің таңдауын жасау үшін,сайлау учаскелеріне келіп,дауыстарын берді.Елімізде алғаш рет өткізілген сайлаудың қорытындысы бойынша Жамбылдықтар,осыған дейін әкім болған Нұрлан Ертасұлына дауыс берген.Ол, айтулы дода да 58 мыңнан аса дауыс жинап, жеңіске жетті.Ал облысқа қарасты Балқаш ауданында «Аманат» партиясының атынан бағын сынаған Азат Құтпанбетов жергілікті халықтың басым даусына ие болды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 385 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fWMjpWJ48s4?si=3B5114diqqjkNWNd"
Қалай лудоманға айналады? Бұл тәуелділікті емдеудің жолдары бар ма? Талдықорғанда психологтардың, дінтанушылардың және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен "Лудомания – қауіпті індет" тақырыбында конференция өтті.Онда ойынға тәуелділікті алдын алу мәселесіне мән берілді.
Психикалық ауытқулар немесе ХХІ ғасырдағы проблема. Лудомания - қазіргі заманғы ауруға айналды. Букмекерлер былай тұрсын, тіпті жасы 21 ге толмаған жастар интернет арқылы неше түрлі ойындарды ойнап отырады. Басында тек жай ғана қызық үшін кіріп, қалай тәуелді болып қалғанын байқамай қалады. Бұл проблема қоғамда неге күннен күнге өте қарқынды дамуда? Оны қалай шешуге болады? Осы мәселелер жиынның басты арқауы болды.
ҚАНАТ МҮТЕБАЕВ - ДІНТАНУШЫ, ПСИХОЛОГ: «Қазіргі кезде лудомания дегеніміз көбінесе мына жастардың кәсібі ретінде, қосымша пайдаланатын жұмысына айналып бара жатыр. Бұл қоғамның үлкен бір дерті, өйткені кім осы құмар ойынға бір қадам бастап келетін болса, я болмаса бір теңге тігетін болса, онда ол адам ойлау керек, әсіресе жастар. Мен ата-анамды тігіп жатырмын, мен достарымды, мен бала-шағамды соған тігіп жатырмын деп ойлау керек, неге. Оған бір қадам бастап кіргеннен кейін ол жерден ештеңесіз шығасың».
ДИНАРА МАМЫРОВА – ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: «Лудомания деген ол бірінші тәуелділік, ең бастапқысында адам ставка қою арқылы жеңем деп ойлайды, жеңіл ақша табуға тырысады. Бірақ жеңілгеннен кейін тағы да ақша салып тағыда қарызға батып жатады. Негізі енді бұл лудомания ең былай айтқанда суицидқа алып келетін,бір тәуелділіктің бірі болып саналады».
Еліміздегі букмекерлік кеңселер мен казинолардың 1 күндік қаржылық айналымы 3,5 миллиард теңгеге жеткен. Мысалы, 2020 жылы - 89 миллиард, 2022 жылы – 500 миллиард, 2023 жылы 1 триллион теңгеден асады. Бұл тек букмекерлік кеңселердің бір күндік көрсеткіші.
ҚАНАТ МҮТЕБАЕВ - ДІНТАНУШЫ, ПСИХОЛОГ: «Бүткіл ата-анаң, бала-шаға, туған-туысқанның барлығын ар-намыс абыройдың бәрін құртып, өзің жеке қалып қана шығуға болады, басқа жол жоқ. Бұл турасында Аллах тағала қасиетті Құрани кәрімде былай деп айтады. Арақ ішу, құмар ойнау, бал ашып, бәсекелесу, сондай жиіркенішті шайтанның амалынан бұл дейді. Сендер бұдан қашыңдар, сонда ғана құтыласың дейді».
Қазіргі таңда лудомания наркоманиядан да қауіпті дертке айналды. Сондықтан осы тақырыпқа байланысты тәуелділіктің алдын алу шараларын Алматы және Жетісу облыстарының ішкі істер органдары қызметкерлеріне түсіндіру басты мақсат - дейді ұйымдастырушылар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FGz9sHEAxIE?si=d7zt-IthxdOj_pu8"
Қызылша – жұқпалы аурулардың бірі. Жыл басынан бері Ақмола облысында қызылша жұқтырды деген күдікпен 75 жағдай тіркелген. Оның 55-і зертханалық жағдайда расталды. Айта кетейік, сырқаттанғандардың дені ауруға қарсы екпе салдырмаған. Ақмола облысында аурудың күрт өсуі қазан айында байқалған. Соңғы бір аптаның ішінде 15 жағдай тіркелген. Алдағы аптамен салыстырғанда 1,3 есеге өскенін байқауға болады.
СЕРІК ОМАРХАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Астрахан ауданында бір отбасыдан 6 адамның қызылша ауруымен ауырғаны тіркелген. Оның төртеуі 14 жасқа дейінгі балалар. Эпидемиологиялық тергеу кезінде ауырған балалардың қызылшаға қарсы екпе алмағаны анықталды. Оның басты себебін ата-аналары жиі көшіп-қонудың салдарымен түсіндірді. Дәл осындай жағдай Бұланды ауданында да қайталанып отыр. Барлық науқас вакцинация алмаған. Алтауы да діни нанымдарға байланысты екпе салдырудан бас тартқан. Диагноз клиникалық түрде анықталды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 344 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nlevJEIwOd0?si=Wc_f6NafDYCChXe0"
Израиль әскерилері түсірген бұл кадрлар жауынгерлік қимылдардың қарқындылығын көрсетеді. Израиль әскерлері Газаға қарай жылжуда. Әскерилер Хамас партизан соғысын қатаң жүргізіп жатыр дейді. Израильдік бір генералдың айтуынша,содырлар жақсы дайындалған.
Хамас жариялаған осындай бейнелер, сондай-ақ басқа да қарапайым азаматтардың айғақтары содырлар көрінбей, жоғалып кету үшін туннельдер желісін пайдаланады деп болжауға мүмкіндік береді. Израиль күштерінің нақты орналасқан жері, сондай-ақ екі жақтан да шығыны әлі белгісіз. Хамас басқаратын денсаулық сақтау органдарының мәлімдеуінше, Газада қаза тапқандар саны 9000-нан асты. Ал Газа аймағының оңтүстігінде Израиль адамдарға солтүстіктен қашып кетулерін айтса, әуе шабуылдары мен артиллериялық атыстар онсыз да ауыр жағдай туғызып отыр.
Мұнда антисанитария мен кәріздің жоқтығынан эпидемия қаупі артып келеді. Израиль Газаға электр энергиясы мен отын жеткізуге тосқауыл қойып, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің аз ғана бөлігін өткізіп жіберді. Бастапқыда 7 қазаннан кейін ол су беруді де тоқтатты, бірақ кейінірек оны оңтүстік аудандарда қалпына келтірді. Дегенмен, сорғылар мен тұщытқыш қондырғылар электр қуатының жоқтығынан ажыратылған. Адамдар от жағып, тамақ дайындау үшін отын жинайды. Бейсенбі күні Израиль әскерилері Газаның оңтүстігінде азаматтық тұрғындарға арналған далалық госпитальдар құру туралы медициналық мекемелермен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Алдымен жараланғандар үшін, содан кейін мамандандырылған көмек көрсету үшін. Газадағы 35 аурухананың үштен бірі енді жұмыс істемейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 360 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sqOLKVs_TZI?si=7PqrNeRJLpaJNbYj"
Күн сайын он мың адам Пәкістан-Ауғанстан шекарасын кесіп өтуде. 31 қазанда барлық заңсыз мигранттардың Пәкістаннан кету мерзімі аяқталды. Биліктің бағалауынша, елде құжатсыз бір миллион 700 мың ауған тұрады.
Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған Ауғанстанның басында тұрған «Талибан» тобы келушілер үшін уақытша лагерьлер құратынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол азық-түлік және медициналық көмек көрсетуге уәде беріп отыр.Алайда халықаралық гуманитарлық ұйымдар жағдай өте нашар деп хабарлайды.
БЕККИ РОБИ – БОСҚЫНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ НОРВЕГИЯ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Екі жағдай қажет: шекарадан өтетін адамдар барлық қажетті жағдайды алуы үшін шұғыл гуманитарлық көмек керек, оны дәл қазір жасағанымыз абзал.Өйткені, мыңдаған адамның жатарға орны, ішерге асы жоқ. Оларға тамақ беріп, медициналық көмек көрсету керек. Екінші шарт - билік қайта интеграциялауды ойластыруы тиіс».
Сонымен қатар, Пәкістанда құжаттары жоқ шетелдіктер тұтқындалып,елден шығарылып жатыр.
ДЖУНАЙД ИКБАЛ ХАН – КАРАЧИ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
"Бізде мұнда 120 мигрант бар. Оларды төрт автобуспен жібереміз.Синд үкіметі оларды Белужистан үкіметіне береді, кейіннен мигранттарды шекара маңындағы Чаман қаласына жібереді».
Пәкістанда шамамен төрт миллион ауған босқындары тұрады. Алғашқы толқын 1979 жылы Ауған соғысы басталған кезде келді. Талибандар билікке келгеннен кейін, 2021 жылы Пәкістанға кем дегенде 600 мың ауған қашып кетті. Енді құжаттары жоқ адамдардың барлығы Ауғанстанға кетуі тиіс. Бұл ретте ауғандықтардың тұтас бір ұрпағы Пәкістанда дүниеге келген.
АУҒАН БОСҚЫНЫ: "Билік кенеттен бізді шығарып жіберу туралы ойға келді. Мен Пәкістанда 22 жылдан бері тұрып келемін. Осында туып-өстім, тігіншімін. Шеберханам да жақсы жүрді.Билік біздің кетуімізді қалайды.Не істеуіміз керек? Ол жерде өте суық, жұмыс болмайды. "Біз не істейміз?»
Пәкістан билігі ауғандықтарды лаңкестік әрекеттер мен контрабандалық әрекеттер ұйымдастырды деп айыптап отыр. БҰҰ мен батыс елдерінің үкіметтері Исламабадтың босқындарды шығару туралы шешіміне әсер ете алмады. Қазір Ауғанстанға 200 мыңнан астам адам оралды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/29WIsRaS0hA?si=7VSAgh9fJXTVGfsC"
Алматы халықаралық әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру мақсатында жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Жолаушылар ағыны қазірдің өзінде сегіз миллион адамға жетті. Осыған орай әуежай өзінің 8 миллионыншы жолаушысын қарсы алды.
Жаңа терминалдың құрылыс кестесі мерзімінен бұрын, 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлануда. Алайда 2023 жыл Алматы халықаралық әуежайы үшін рекордтық жыл болды. 8 миллионыншы жолаушы Орал-Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Қайрат есімді азамат күтпеген жаңалықтан алған әсерімен бөлісті.
ҚАЙРАТ МАНАБАЕВ 8 МИЛЛИОНЫНШЫ ЖОЛАУШЫ
Осылайша оңтүстік астана әуежайының тарапынан бақытты жолаушыға Грузия еліне 5 күндік демалысқа екі адамға жолдама берілді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LD0JVRQOoZ4?si=Q0TdddgoblqqPu6s"
Ақтау қаласында өткен жылы - 17, ал биыл 1 мобильді аялдама орнатылған. Халыққа уәде етілгендей қыста жылы, жазда салқын болады делінген аялдамалардың бүгінгі халі қалай? Алдағы сюжетте
Ақтау қаласында заманауи үлгіде 20-ға тарта аялдама орнатылған. Оның барлығы қала әкімдігі бекіткен эскизге сәйкес кәсіпкерлер қаражаттарына салған. Аялдаманың бір жағында кәсіп иелері өз ісін жүргізеді. Бірақ олардың кейбірі мобильді павильондарға немқұрайлы қарап отыр.
Бұл 8-ші,13-ші,19-шы шағын аудандардағы аялдамалар.Өкіншіке орай ол ықшамаудандардағы мобильді павильондардың да есіктері тарс жабық.
АҚТОТЫ СОВЕТОВА ТҰРҒЫН: «Күнде ашық тұрады. Бомждар кіріп ішін ластайтын болған соң жауып қоя салдық. Негізі күнде ашық тұрады. Тазаланады».
НАЗИМА ГАРНИЕВ КӘСІПКЕР: «Бастапқыда тәулік бойы ашып қоятынбыз. Қазір түнгі мезгілде кілттеп қоюға мәжбүрміз. Өйткені қаңғып жүрген адамдар осында қонады. Онымен қоймай ішін бүлдіріп, қоқыстарын қалдырып кетеді. Күнде тазалық жүргіземіз. Алда қыс келе жатыр. Бізге бұл жер керек болады».
Мобильді павильондар толықтай кәсіпкерлер иелегінде. Бірақ қала әкімідігі оның әрқайсысын бақылайды. Аялдамалар қараусыз қалса не тазалық жүргізілмейтін болса онда иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады дейді мамандар .
АСХАТ НҰРМҰХАН АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Талап қойып жатырмыз. График қою керек. Ашатын уақыты , жабатын уақыты оны біз міндеттейміз. Орындамаған жағдайда мусорларды жинамаса әкімшілік кодекстің 505-бабымен яғни абаттандыру ережелерін бұзу бойынша әкімшілік кодекстің 505-бабымен жауапкершілік көзделген».
Алда қылышын сүйретіп қыс келеді. Демек қоғамдық көлік күтетін халық мобильді павильондар қызметіне көбірек жүгінетіні анық. Сол кезге дейін құлыптаулы аялдамалар да есігін ашып қалар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/y-iPjC5jQno?si=I-yyTD2Sj4NYHdfk"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 395 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8XKBYLoL3uI?si=C4u_cP0r6Fr-LP4g"
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық X саммиті өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі жиынға қатысу үшін түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы – Қазақстанға арнайы келген мемлекеттер басшыларына айрықша ілтипат білдіре отырып, еліміздің бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды, беделді халықаралық ұйымға айналғанына назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау. Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды. Сондықтан түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет».
Тағы басқа мақалалар...
151 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.