- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 574 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yl4tIBeH4cM?si=jNbqgQNEWcTDsA34"
«ТМД елдерінде білім беру жүйесін дамытудың халықаралық Қоры» елімізде инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуді.Айтулы шараны Алматы қалалық әкімдігі мен білім басқармасы қолдап отыр.Енді жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті практиканы ұйымдастыру және енгізу бойынша мұғалімдер,психологтар,логопедтер мен арнайы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктері артатын болады.Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалып,жұмыс сапасын арттыру басты назарда болмақ.
ЗӘУРЕШ ЕРМЕКҚЫЗЫ «ТМД ЕЛДЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті бағытта кадр даярлауды мақсат еткен курста отандық мамандардан бөлек,Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті мен сондай-ақ өзге де шетелдік сарапшылар теориялық және практикалық тұрғыдан тәжірибиелерімен бөлісуде.
ӘСЕМ СЕЙІТОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №82 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
ТАЛҒАТ ҚАЗЫБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №117 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 353 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2r2GUxLP204?si=tYQuaDhvaeA2ZjOy"
Ақмола облыстық экономикалық тергеу департаменті 14 ойын терминалдарының көзін жойды. Олардың бәрі Ақмола облысының аумағында көлеңкелі бизнеспен айналысқандардан тәркіленді. Жыл басынан бері осындай жолмен заңсыз пайда көргісі келгендердің жолы кесіліп, 3 қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, бұл ойын терминалдары жедел тергеу шараларының барысында алынды. Арнайы рұқсат құжаттары жоқ.Құмар ойын орындарын заңсыз ашқандарға немесе кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырғандарға Қылмыстық Кодекстің 307-ші бабына сәйкес жаза қарастырылған. Аталған бап бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
АЯГӨЗ ҚАШАПОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:
«Біздің департамент Көкшетау қалалық мамандандырылған тергеу сотына өтінішхат жолдаған еді. Онда сотқа дейінгі тергеу сатысында заттай айғақты сату туралы мәлімделген. Атап айтқанда тәркіленген 14 ойын автоматы қондырғысын металл қабылдайтын орынға тапсыру ұсынылған. Өйткені, қылмыстық іс аяқталғанша айғақты ұзақ сақтау біршама материалдық шығынға әкеледі. Судьяның қаулысына сәйкес, заттай айғақты металл қабылдау орнына тапсыру арқылы сату ұйғарылды. Оны кейін тағы заңсыз айналымға пайдаланбас үшін механикалық күш қолданып барып, тапсыру жүзеге асырылды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NJKcRTnt-WY?si=SwpClAf-SP_Bqalg"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 340 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/H9H9rlPBwDo?si=SWLpwn3qjXM_jbqR"
Биыл қазақстандықтар наннан тарықпайды. Жаз бен күзде шаруаларды ауа-райы біраз әбігерге салғаны анық. Десе де, жиналған астық ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жетеді.
АЙДАРБЕК САПАРОВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: «Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жалпы жиналатын астық 16 млн тоннаны құрайды, 3 млн тонна былтырдан қалғанын ескерсек, бұл өнім елді ұн, май, макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті».
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болды. Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді. Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ке жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды».
Ұн мен макарон өнімдері өзіміздікі болғанмен, өсімдік майы жетпеуі мүмкін. Себебі, жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологияларын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді деді Үкімет басшысы. Сондықтан, Әлихан Смайылов әкімдерге еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 320 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_3zW251WRMM?si=qiYIWtrfJAdSHvw9"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды.Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 369 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XvHf57Yu8g0?si=7XNkjZGWQK1R8QC0"
Жыл сайын күзде тырналар Солтүстік Еуропадан Венгрияның Хортобадь ұлттық саябағындағы батпақ арасында басқа құрлыққа ұзақ ұшу алдында демалып, күш жинайды.Африкаға ұшуы тиіс 200 мыңға жуық тырналар әзірге Венгрияда қалуды ұйғарған.
АТТИЛА СИЛАГИ «ХОРТОБАДЬ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Мұнда келген құстардың қарасы қалың. Бұған дейін рекорд болып 2018 жылы 160 000 құс келген. Ал биыл олардың түрлері көп. Біз 194 мыңды санадық».
Тырналар Хортобадь саябағында қыркүйектің ортасынан қазан айының соңына немесе қарашаның басына дейін демалатын. Бірақ биыл олардың жолға шығатын түрі жоқ. Үстіміздегі жылы аймақта Қазан айы ерекше жылы болды – температура тіпті 20 градустан жоғары көтерілді. Егіннен кейін егістікте жүгері көп, сондықтан құстардың қорегі мол.
АТТИЛА СИЛАГИ «ХОРТОБАДЬ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ::
«Тағы бір жағдай – оңтүстік желдері. Сондықтан тырналардың оңтүстікке барғысы келмейді, өйткені мұнда азық-түлік пен ауа-райы жақсы».
Саябақ күзетшілері тырналардың қашан кететінін әзірге айта алмайды. Тіпті олар қыста қалуы да мүмкін.
АТТИЛА СИЛАГИ «ХОРТОБАДЬ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Бұл климаттың өзгеріп жатқандығынан екені сөзсіз. Венгрияның оңтүстік шекарасында қыстайтын тырналарды жиі көреміз».
Тырналар тұқымдасына 15 түр кіреді. Кейбіреулері белгілі бір аймақта тұрақты өмір салтын ұстанады. Ал солтүстікте тіршілік ететіндері күзде оңтүстікке қоныс аударып, сонда қыстайды. Тырналар Антарктида мен Оңтүстік Америкадан басқа барлық континенттерде кездеседі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 349 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/epxXvgwVnBU?si=56z6t9fO7PsuChNU"
Қызылорда қаласының іргесінде орналасқан саяжай тұрғындары өздері мекен еткен аумақтың түйіткілді проблемаларын көтерді. Жол, жарық, жылу, байланыс желісі, ауыз су мәселелерімен облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен шаhар басшысы Асылбек Шаменов саяжай тұрғындарымен кездесті.
«Эдельвейс» саяжайында 1000-ға жуық халық тұрады. Бұл аумақты инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары аясында 2021 жылы «Эдельвейс» және «Өркендеу» саяжайларының кіреберіс жолына жарық бағаналары орнатылған. Ал, өткен жылы 4,6 шақырым жерге электр желісі тартылған. Тұрғындар кездесуде жол, газ және жарықтандыру мәселелерін көтерді.
«ЭДЕЛЬВЕЙС» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
АСЫЛБЕК ШАМЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Келесі кездесу «Еңбек» саяжайында жалғасты. «Еңбек» саяжайы «Игілік», «Өркендеу» саяжайларынан құралған. Мұнда 700-ге жуық халық тұрады. 2021 жылы 2 шақырымдық 4 көшеге қиыршық тас төселген. Жұмыстар өткен жылы да жалғасын тауып электр және ауыз су желісі жүргізілді. Дегенмен, тұрғындарды толғандырған бір емес үш мәселе бар. Ауыз судың сапасы сын көтермейді. Сонымен қатар, жол мен жылу да өзекті мәселеге айналған.
«ЕҢБЕК» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ал, Тасбөгет кентіне қарасты 4000-нан астам тұрғыны бар «Сабалақ» саяжайында электр, ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапқан. Аумақта ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 3 көшеге асфальт төселген. Биылдың өзінде аталған аумақта 16,5 шақырым болатын негізгі 18 көшеге қиыршық тас төселген. Сабалақтағы ағайындардың ең өзекті бас ауыртар мәселесі көгілдір отын. Қала әкімі Асылбек Шәменовтің айтуынша табиғи газ желісін тартудың жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде.
ИНТЕРШУМ: «САБАЛАҚ» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Кездесуге құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшылары да қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, қала әкімі Асылбек Шаменов саяжай тұрғындары көтерген мәселелерді қарап, арнайы жұмыс жоспары әзірленетіндігін және түйткілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізді. Аталған жұмыстардың шешімі уақыт еншісінде.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 360 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9BT5LJfSN4g?si=-4SQHxI1Y2LOCqf0"
Түтінсіз өнімдерді тұтынатын жастар қатары күрт артқан. Әсіресе 18 бен 30 жас аралығындағы жасөспірімдердің басым көпшілігі «айкос», «вейп» сынды электронды темекі шегеді. Олардың саны күн санап көбеюде. Сондықтан, бұл мәселені үкімет өзі реттеуі керек, электронды темекі болсын, басқа да түтінсіз құрылғыларды болсын сатуға сертификат талап етілуі қажет дейді мамандар.Сондай-ақ олар, 21 жасқа толмаған тұтынушыларға онлайн сатуға тиым салыну керек және қаптамаларында «құрамында никотин бар, ол тәуелділік тудырады» деген жазуы болу керек деп санайды.
АЗАТ МҰХАМЕДИЕВ «СТРАТЕГИЯ» ҚК ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: «Никотин бар, сізде тәуелділік тудырады десе, адам тартынуы мүмкін. Никотин аз темекіге қарағанда, бірақ ұзақ қолдансаңыз тіуелділік тудырады деген сөз тұрса ол адам тартынуы мүмкін. Себебі, темекі шегу ол тәуелділік. Мен ешкімді лоббировать етіп жатқан жоқпын. Тиым салу да емес әңгіме, мемлекет тарапынан осы өнімдерді шектеу механизмдерін енгізу керек. Себебі, біз көріп отырмыз 10 жыл бұрынғы зерттеумен бүгінгі зерттеуде ешқандай айырмашылық жоқ. Демек, 10 жыл аралығында темекіге қарсы заңның дәрменсіздік жоқ. Құр тиым сала берумен мәселе шешілмейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 324 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4IH0jUKIf8c?si=5TXIbK8fO6J1Ip8L"
Еуропалық ғарыш агенттігі Евклид ғарыштық телескопынан сапасы жоғары суреттер алды. Ол осы жазда ұшырылған болатын.
Алғашқы өте анық суреттер телескоптың ғылыми миссиясына дайын екенін көрсетті. Жоба құны бір жарым миллиард долларды құраған болатын.
РЕНЕ ЛОРИС ЖОБАНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЗЕРТТЕУШІСІ: «Алғашқы жоғары сапалы ғылыми суреттерді түсіру үшін біз көп жұмыс жасадық. Біз күткендей, Евклид өте жақсы нәтиже көрсетті, кейбір аспектілерде тіпті күткеннен де асып түсті».
SpaceX ғарыш кемесін шілде айында Евклид обсерваториясы ұшырды. Жерден бір жарым миллион шақырым қашықтықтағы Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы орналасқан аймаққа жетуге бір ай уақыт кетті.Ежелгі грек математигі есімімен аталған Евклид аспанның үштен бірін қамтитын миллиардтаған галактикаларды зерттейді. Атап айтқанда, олардың орналасуы мен пішінін, соның ішінде Жерден 10 миллиард жарық жылына дейінгі қашықтықта орналасқан галактикаларды анықтайды.
Евклидтің көмегімен ғалымдар қараңғы материя мен қараңғы энергияның геометриясын жақсырақ түсінуге үміттенеді. Телескоптың ғарыштық 3D картасы ғаламның қалай дамығанын түсіндіруге тырысып, кеңістік пен уақытты қамтиды.
Биіктігі бес метрге жуық, ені бірдей «Евклид» телескоппен және екі ғылыми құралмен жабдықталған. Олар ғарышта көрінетін жарықты да, инфрақызылды да зерттей алады.Сонымен қатар, NASA қараңғы энергия мен қараңғы материяны толық ашу үшін өзінің жеке миссиясын дайындауда. Осыған орай Нэнси Грейс Роман инфрақызыл обсерваториясы 2027 жылы ұшырылатын болады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3DmtU5d_5nk?si=qF5NAl0aAm3UMqsI"
Еліміздің батысында төрт аяқты жануардан жапа шеккендер көбейіп барады. Малға шапқан бұралқы иттер қаланың да, даланың да тұрғындарын әуреге салуда. Толығарақ тілші материалында.
Елдің мазасын қашырған аш иттер талаған мал союға да келмейді. Себебі терісін сыпырып, алқымдап тастаған төрт түліктің етін жейміз деп ауру жұқтырамыз ба деп қауіптенеді халық. Түз тағысына айналған бұралқылар қой-ешкіні қойып, сиыр малына да шабатын болыпты. Қораны қарауылдап, есігін берік қып бекітіп қойғанымен енді иттер адамға шаба ма деп зәре құттары қашып отыр. Әсіресе мектепке баратын балалар үшін уайымдайды тұрғындар.
БАҚЫТЖАН ШӘКІРАТ ВОЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Иттерді ату керек. Балаларға шапса, жеп қояды. Азын аулақ малымыз бар, сыртқа шығарсақ ит қуып кетеді».
Ауыл әкімі малға шапқан қасқыр емес, қаңғырған аш иттер екенін растады. Төрт аяқтыларды аулап жатыр. Бірақ қауіп сейілер емес.
МӘЛІК СЕЙІТОВ ТРЕКИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Округ бойынша, бұралқы ит мәселесі көп. Бізге саябақтар жақын. Жаз мезгілінде күшіктерді алып келіп, тастап кетеді. Иттер ауылға келеді. Бұл жұмысты ветеринарлық станциямен атқарып жатырмыз».
Жеті қазынаның бірі дейтін иттің адамға жауығуына оларды асырап, кейін қаңғыртып жіберген тұрғындар кінәлі дейді шарасыз күйге түсіп, дүрліккен бұқара.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 384 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ckeej6fjCu0?si=BBS2YTq9ZHydlE_j"
«Ауырып ем іздегенге, ауырмайтын жол ізде». Әлемде адам ауруларының алуан түрі бар, бірақ олардың кейбіреулері ғана өте сирек кездеседі. Соның бірі аномалия ауруы. Бұл эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдық ауытқуынан пайда болады. Толығырақ келесі бейне материалға назар аударсақ.
Аномалия медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауынан пайда болады. Бүгінде Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасында осы сырқатпен түсетін емделушілер саны жетерлік. Мамандардың айтуынша бұл қазір өзекті аурулардың бір түрі. Осы жөнінде уролог-проктолог маман Марат Әлібекұлымен тілдестік. Дәрігердің айтуынша соңғы 3 аптада айтулы сырқатпен 31 жастағы ер адамға ота жасалып, ауруханада ем алған.
МАРАТ ӘЛІБЕКҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №7 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ УРОЛОГ ПРОКТОЛОГ: "Науқастың шағымы - кіші нәжісі ішектік ішектен шығатын. Себебі, бұл кісі тік ішектің жоқтығынан туылған. Ономалия деп аталады. Жас кезінде бұл кісі 3-5 жасында операциялар жасалынған. Проктопластика. Одан кейін жасы келе бастап, сондай шағымдар пайда бола бастаған".
Науқасқа урографиялық рентген жасау арқылы тік ішекте тас бар екендігі анықталған. Тас көлемі 9 см/д құрайды. Тік ішектің тыртығы да бар болған. Мамандар толық тексерістен өткізіп, күрделі ота жасаған.
МАРАТ ӘЛІБЕКҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №7 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ УРОЛОГ ПРОКТОЛОГ: "Отаның мақсаты - уретропластика жасау керек болды. Тік ішектен болған тасты алу, тыртықты шырыш қабығының шығып кеткен тік ішектегін орнына келтіру. Науқас толық тексерілген соң біздің ауруханада осы операция жасалынды. Бұл операция күнделікті кездесе бермейтін операция".
Организмнің және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды. Қазіргі таңда бұл ауру түрі Қазақстан бойынша 0,5-2 пайызды құрайды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wsQBhmlNyIA?si=OaQkxjoW2kVbB7Iy"
Жол,су,жарық.Бұл ауылдық ағайын асыға күтетін инфраструктура.Шешімі табылып жатқан аймақтар өзгелерге үлгі болуы керек.Бет түзер ауылдардың тыныс-тіршілігі,қашанда басты назарда болуы тиіс.
Бұл Алматы облысы,Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі.Өңірлік мәслихаттың шешімімен 2013 жылы өз алдына елдімекен болған.Бүгінде округке қарасты төрт ауылда 20-мыңнан астам халық тұрады.Аудандық әкімшіліктің қолдауымен шешімін тапқан мәселелер көп,ең маңыздысы тіршілік нәрі мен жолдарды жасау, жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.
ЕЛАМАН ӨМІРБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Жергілікті халықтың ауыз біршілігі жақсы,халыққа қажетті мәселелерді әкімдермен бірлесе отырып шешуге тырысады.
АМАНГЕЛДІ ТОЛЫМБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қариясы бар елдің,дариясы бар.Осылайша ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары аймақты басқарып отырған басшыларға жөн сілтеп,ақылын айтып отырады.Жастарға да өнеге көрсетуде.Мәселен әкімдік пен қазыналы қариялар бірігіп, «Үлгілі» ауыл жобасын қолға алды.Мақсат,өзге де аймақтарға бағыт-бағдар беру.Мерекелік іс шара аясында ұлттық салт-дәстүріміз дәріптелді.Ауылдың жетістіктері айтылып,тізе қосып еңбек етудің мағыздылығы сөз болды.
ҚҰРАЛАЙ САЙБЫРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘЖЕЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Ауылына қарап,азаматын тануға болады.Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.Әкімдік әлі де шешілмеген мәселеге мән беруді басты назарға қойған.
ЕЛАМАН ӨМІРБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Тағы басқа мақалалар...
150 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.