
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 629 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uNCYGwVOGXc?si=yHFaFGE9-Un6Gqbq"
UHZ1 деп аталатын қара тесік ғалымдарды таңқалдырды. Себебі, бұның мөлшері Құс жолының орталығындағы қара тесіктен он есеге үлкен. Сонымен қатар, біздің ғаламымызға 13 миллиард 700 миллион жыл болса, бұл бізден 500 миллион жылға жас екен.
Мұндай деректер NASA-ның Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы мен Чандра рентгендік обсерваториясының арқасында алынды. Зерттеу нәтижелері супермассивті қара тесіктер Ғаламның басында болған деген теорияға шықты. Астрофизиктердің пайымдауынша, бұл қара құрдымның массасы галактикадағы барлық жұлдыздардың массасының 10% құрайды. Ол екі галактиканың соқтығысуы нәтижесінде үлкен газ бұлттарынан пайда болған деп есептеледі. Джеймс Уэбб және Чандра ғарыштық телескоптары қара тесік галактикасы орналасқан ғарыш аймағын масштабтау үшін гравитациялық линзалау деп аталатын әдісті пайдаланды. Әдіс - галактикалардың жақынырақ шоғырынан түсетін жарық әлдеқайда алыс орналасқан аймақты үлкейтуге көмектесті.
Джеймс Уэбб телескопы 2021 жылы ұшырылды. Ол Жерден бір миллион 600 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ғарышқа жіберілген ең үлкен және ең қуатты астрономиялық зертхана. Ол ғаламды инфрақызыл сәулелерде көреді. «Чандра» ғарыштық телскопы әлдеқайда ескі және рентгендік көру қабілеті бар. Бұл телескоп 1999 жылы жұмысын бастады. Сол жылы NASA Cassiopeia A супернованың алғашқы суреттерін ұсынды. Ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, бұл телескоп әлі де ғаламды зерттеуге өз үлесін қосуда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 490 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pJ0dkqw8MWs?si=ULsbbHJGTsnTjfZ9"
Алматы қаласында Қазақстандық тараптың төрағалығымен кезекті Өңірлік форум – Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар департаменттері басшыларының кеңесі өтті. Форумға Қазақстан Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы, БҰҰ агенттіктерінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Өңірлік форумды аша отырып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұл іс-шараның сындарлы диалог, ақпарат және тәжірибе алмасу, өңірдегі жағдайды талқылау және қауіпсіздікті арттыру кезеңінде негізгі міндеттерді анықтау үшін маңыздылығын атап өтті.Әртүрлі апаттар кезіндегі алдын ала ескерту жүйелеріне халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше мәнге ие болды.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТЖ МИНИСТРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 498 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PnW5t5lsdFs?si=eHcDhMEo1SbfhOlC"
Сынған терезелер мен қираған үйлер, шашылған балалардың заттары. Көппәтерлі үйлердің сырты шұрық тесік, сау тамтығы қалмаған. Сынған пальмалар. Бір айдан аса уақыт болды Газа секторының солтүстігіндегі көрініс осы. Израиль күштері шетелдік журналистердің шағын тобына соғыс аймағына кіруге рұқсат беріп, тілшілерді танк іздері кесіп өткен жолмен Газа қаласының шетіне апарды.
ИЗРАИЛЬДІК ӘСКЕРИ: «Шайқас әлі аяқталған жоқ. Бұл операция емес - бұл соғыс. Бұл ХАМАС өмір сүруін тоқтатқанша ұзақ уақыт бойы жалғасады».
Еске сала кетейік, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлаған болатын. Қазір тұрғындардың барлығы бұл ауданнан кетіп қалған дейді ашық дерекөздер. Ал, израильдік әскер үйлерден қару-жарақ, соның ішінде дрон жасайтын шеберханаларды тауып жатқандарын айтуда.
ИЗРАИЛЬДІК ӘСКЕРИ: «Біз жауды көбірек танып жатырмыз. Әр үйге кірсек, абай болуға тырысамыз».
Соңғы ақпаратқа сенсек, Газа секторындағы израильдік 31 сарбаз қаза тауып, 260-тан астамы жараланған. Айта кету керек, 6 қарашада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қақтығыс аймағында Қазақстанның 76 азаматы, отбасы мүшелерімен бірге санағанда 161 адам барын мәлімдеген болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UcwznY6JPnM?si=Y0cfQ9UtwCvpuv4A"
Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда қазіргі таңда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болып жүр. Осы өзекті мәселеге байланысты «Бедеулікті емдеудің заманауи жолдары. Бүгінгі және болашақ қосалқы репродуктивтік технологиялар» тақырыбында Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының XV Халықаралық конгресі өтті.
Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығы құрылғалы бері соңғы он бес жылда экстракорпоралды ұрықтандыру саласы қарқынды дамып, әлеммен бірге біздің елге де көптеген жаңа технологиялар енгізіліп келеді. Мәселен, бұрын құтыға салынған эмбриондарды арнайы сөреге салып, уақытына қарай тексеріп, қадағалап отырса бүгінде бұл қызметтің бәрін жасанды интеллект атқарады. Яғни, эмбриондарға ешбір манипуляция жасалмайды. Жасанды интеллект өзі тексеріп, диагностика жасап, эмбрионның жағдайын қадағалап отырады. Осы технологияның арқасында қазір әйелге салынған эмбрион дамып, сау баланың дүниеге келу көрсеткіші ұлғайды.
ВЯЧЕСЛАВ ЛОКШИН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР: «Бүгінде технологиялар өте көп өзгерді. Соның бірі эмбриондарды таңдау бағдарламасына жасанды интелектті енгізу. Бүгінгі таңда барлық құралдарымыз осымен жабдықталған. Бізге эмбриондарды тиімді әрі толық таңдауға, оларды жатырға тасымалдауға, тез нәтиже алуға және ең бастысы эмбрионның жақынырақ табиғи жағдауда қалай дамып жатқанын, эмбриоскоптар оның даму уақытын байқауға көп көмегін беруде. Бұнымен біз бір жылға жуық жұмыс істеп келеміз. ЭКО бағдарламасының нәтижелерін айтарлықтай жақсартты дегім келеді».
Елімізде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Оған экологияның нашарлығы, әйел мен еркек денсаулығының төмендігі себеп. Сондықтан да қазір ЭКО әдісіне сүйенетіндердің саны артып барады. 2021 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен елімізде үш жылға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданып, мемлекеттік квотаның саны жетіс есеге ұлғайтылған болатын.
ВЯЧЕСЛАВ ЛОКШИН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР: «2021 – 2023 жылдар аралығында 21 000 отбасына ЭКО әдісі қолданылып, 10 000 астам бала дүниеге келді. Бұл үлкен көрсеткіш. Енді «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін созылатын болды. Яғни, алдағы жеті жылда 49 000 бедеулікке шалдыққан отбасы аталған бағдарламаға қатысып, ата-ана атануына мүмкіндік бар».
Сонымен қатар, небәрі бес күндік эмбрионға диагностика жасап, ондағы тұқым қуалайтын аурудың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік туды. Бұл Даун синдромы, арқа бұлшық-ет атрофиясы сияқты бірқатар туа біткен аурулардың алдын алуға ықпал етеді.
Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының 15 жылдығына орайластырылған шарада еліміздегі ЭКО саласындағы істелген жұмыстарға қорытынды жасап, алдағы уақытта қандай мәселелер бар екені айқындалды. Сонымен қатар, конгресте еліміздің және халықаралық деңгейдегі мамандары бас қосып, әлемде репродуктология саласында қандай технологиялар қолданыста, оны біздің елімізге енгізу, ЭКО әдісінің халыққа қолжетімді болуы, халықтың репродуктивті денсаулығын жақсарту жөнінде пікірлерін ортаға салды. Шараға ҚР Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, еліміздегі ірі ғылыми-медициналық орталықтардың жетекшілері, АҚШ, Сауд Арабиясы, Дания, Испания, Ұлыбритания, Португалия, Қазақстан, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан жетекші мамандар қатысты.
МАРАТ ҚАЛДЫБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОМЕД КЛИНИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Еске сала кетейік, елімізде 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданып, жыл сайын 7000 квота бөлінген болатын. Осы уақытқа дейін аталған бағдарлама аясында 6000-нан астам бала дүние келді. Биыл 2000-нан астам әйел тегін ЭКО әдісі арқылы бала көтерген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 502 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ijAB69GTFHM?si=UWWnyKWTQK00MFDL"
Күллі қоғамды дүр сілкіндірген оқиға экс-шенеуніктің өз әйелін аяусыз өлтіргені жайлы ақпаратты ІІМ растады. Алайда, тергеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, өзге деректер жария етілмейді деп қысқа қайырды.
СӘКЕН СӘРСЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қазір осы іспен тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Қалған бар ақпарат тергеу нәтижесі бойынша жарияланатын болады.Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Жұмыс аясында қосымша мәлімет беріледі».
Бұл үлкен қылмыс деген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отбасындағы зорлық-зомбылықты тек заң ғана реттей алмайды дейді. Түсіндіру, ағарту жұмыстары қажет деп санайтынын айтты.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Егер заңнаманы ары қарай күшейту керек болса, біз оған дайынбыз. Біз оған дейін де оны жасадық. Егер ары қарай да қоғам талабы болса, біз мамандармен ақылдаса отырып, ол қадамдарға да барамыз. Оған күмән болмауы керек. Тек заңнаманы өзгертумен бұл мәселені шешуге болмайды. Жалпы заңдарды қатайтқаннан мәселе шешіліп кетпейді. Сонымен қатар, жалпы адамдардың, жастардың мәдениет деңгейін де көтеру керек секілді. Елімізде осындай бағыттарда азаматтарымыздың мәдениетіне қатысты да үлкен жұмыстарды жүргізу керек деп ойлаймын. Бұл бағыттарда тиісті министрліктер, мемлекеттік органдар жұмыстарды атқарып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз шығар. Жалпы түсіндіру, ағарту жұмыстары керек екені анық».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 475 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JdXXLSh5KcU?si=BV2Iv-oyx5SqurO0"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 526 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/P4P5DrdW_Ak?si=w0EEmvS1ZP0_vVfs"
Қазақстанға ресми сапармен Ресей Президенті Владимир Путин келді.Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды. Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Мемлекет басшысының дерегінше, Ресейден Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысуы бар 42 мыңнан астам кәсіпорынның жартысына жуығын, 19 мыңын ресейлік компаниялар құрап отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Осы орайда Мемлекет басшысы осы жылдың қыркүйек айында Астанада «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі өткенін, онда екі елдің өнеркәсіптік кооперациялары арасындағы жаңа көкжиек талқыланғанын еске салып өтті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 593 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ElVxQ3wLREE?si=nsHV9EXlbUBB3ORd"
Петропавлда озат оқушыларға ынталандыру шәкіртақысы төленеді. Облыс орталығындағы мектептердің бірінде жүзден астам бала осы мүмкіндікке ие болған. Қазір оқу ордасында шамамен әр тоғызыншы бала – оқу озаты. Шәкіртақы алу үшін оқушылар тіпті басқа мектептен де ауысып келеді екен.
Бұл Ғабит Мүсірепов атындағы №43 мектеп. Білім ордасында оқитын үздік оқушыларға берілетін қаражатты осы мектептің түлегі болған Петропавлдық кәсіпкер төлеп отыр. Қазір мұндағы білім алушылар жас мөлшеріне қарай әр түрлі сомада шәкіртақы алады. Солардың бірі – 1 сыныптан бері үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан Злата Курдина.
ЗЛАТА КУРДИНА ОҚУШЫ "Барлық пәннен жақсы баға алуға тырысамын. Сол үшін сабақтан қалмай, үнемі ізденемін. Биыл өз жинаған ақшама алған «kz.film» продюсерлік курсын оқып бітірдім".
Аталған мектеп қабырғасында мыңға жуық оқушы білім алады. 100-ден астам бала оқу озаты.
ПОЛИНА ВАСИЛЬЕВА ОҚУШЫ "Қазір қажетті затты ата-анамнан сұрамай, өзім сатып алуға тырысамын. Сіңілім де осы мектепте озат оқушы. Екеуіміз шәкіртақымызды жинап, 180 мың теңгеге күшік сатып алдық. Бұл біздің көптен бергі арманымыз болатын".
Оқушылардың ай сайын тұрақты түрде алатын ынталандыру шәкіртақысын, осы мектептің түлегі, кәсіпкер – Андрей Исаков төлеп отыр. Бұл игі істің бастау алғанына биыл 6 жыл.
АҚҚУ ОМАРОВА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ "Мектебімізде 927 оқушы бар. Оның 102-сі ынталандыру шәкіртақысын алады. Нәтиже керемет. Осының арқасында балалар сабаққа ден қойып, үнемі үздік болуға ұмтылады".
Оқушыларға ынталандыру шәкіртақысы 2017 жылдан бері беріліп келеді. Жалпы қор 900 мың теңгені құрайды. Әр ай соңында үздіктер тізімі әзірленіп, кәсіпкер қаржыны аударады. Кейін ол оқушылардың ата-аналарына жіберіледі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 483 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TwHJisp9lZ8?si=jYqrEp3oR-dGW1Gm"
63 жастағы француз Марк Готье Паркинсон ауруына шалдыққан алғашқы адам болды. Швейфариялық импланттық құрылғы омыртқадан аяқ бұлшық еттеріне сигналдардың қалыпты берілуін қалпына келтірді. Нәтижесінде Марк қалыпты жүре бастаған.
Марк Готьеге 20 жыл бұрын Паркинсон диагнозы қойылған.Жылдар өте келе Марктың қозғалыс проблемалары басталып, қозғалыста ол тепе-теңдік жоғалтып, жүріс-тұрысы қиындай бастаған.Зерттеушілер тобы науқастың жұлынының анатомиялық картасын әзірледі.Сол арқылы аяққа сигнал түсетін нақты орындарды анықтаған.Дәл осы жерлерге электродтар имплантацияланып, оған қарынға электр импульстерінің генераторы орнатылды. Бұдан басқа, әр аяқта Марк қозғалыс датчиктерін киеді, олар жүріс басталған кезде автоматты түрде құрылғыны қосады.
МАРК ГОТЬЕ – ЖАҢА ИМПЛАНТЫ БАР НАУҚАС «Енді мен еркінмін. Өздеріңіз көріп отырғандай, жүре аламын. Маған әлі де айту қиын, бірақ бұл басқа тақырып. Менің өмірім өзгерді, өйткені енді үйден шығып, істермен айналыса аламын, тіпті жаттығуға жаяу барамын».
Имплантатты әлі жіті сынау керек. Бірақ алғашқы жетістіктің өзі оны қозғалыс тапшылығына шалдыққан Паркинсон ауруына шалдыққан науқастар арасында кеңінен қолданады деген үміт береді.
ГРЕГУАР КУРТИН – ЖОБА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ БІРІ «Технология нейроынталандырғыш болып табылады, ол жұлын аймағына нақты электр импульстерін жібереді. Сонымен қатар, серпінділер жүру кезінде жұлынның табиғи жұмысын қалпына келтіру үшін дұрыс жерге және дұрыс уақытта жеткізіледі».
Келер жылы имплант басқа алты пациентке енгізуді жоспарлап отыр. Құрылғыны кеңінен қолдану 2026 жылы басталады деп күтілуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 511 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5R8CJMEOKHY?si=Zr7DJGmoUAoMldtu"
Батыс Дарфурдағы этникалық мәселелерге байланысты орын алған кісі өлімі туралы Суданнан келген босқындар хабарлады. Олардың айтуынша, масалит тайпасының адамдарына судандық әскермен соғысып жатқан «Тез әрекет ету күштері» әскерилендірілген ұйымының жауынгерлері шабуыл жасаған.
Оқиға армия базасы мен қоныс аударушыларға арналған лагерь орналасқан Эль-Генейнде орын алған. Көтерілісшілер қазан айының соңында Ардмат ауданына шабуыл жасады.
НАБИЛА АБДЕЛЬ РАХМАН СУДАННАН КЕЛГЕН БОСҚЫН «Ардматта біздің адамдарды өлтіріп, қашуға мәжбүрлейді. Балаларды өлтіріп, әйелдерден ақша мен мүліктерін тартып алуда. Олар қашып кете алмайды».
АСИЯ СУДАННАН КЕЛГЕН БОСҚЫН «Маған ағамның қайтыс болғанын айтты, біз оның қайда екенін білмейміз. Анам және апамның балалары бәріміз Чадқа келдік. Біз әкемнің қайда екенін білмейміз, оны да таба алмадық. Олар үйімізді өртеп, түк қалдырмай алып кетті. Біз өзімізбен ештеңе алмадық».
НАБИЛА АБДЕЛЬ РАХМАН СУДАННАН КЕЛГЕН БОСҚЫН «Мен анамнан, әкемнен және барлық туыстарымнан айырылдым».
Суданнан көрші Чадқа күн сайын бірнеше мың адам қашады. Чадтағы БҰҰ қызметкерлері босқындарды көбірек күткен дейді. Бірақ көп адамдар шекарадан өте алмайды, себебі көтерілісшілер өту үшін ақша талап етеді. Судандағы азаматтық соғыс биылғы жылдың сәуір айында басталды. Соғыс елеулі гуманитарлық дағдарыс тудырды. Алты миллионнан астам адам үйлерін тастап, уақытша лагерьлерге қоныстануға мәжбүр болған. 730 мыңы шетелге, оның жарты миллионы Чадқа қашты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 489 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WxDv_0MI8s8?si=BHaAj648IWXlPqFk"
Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түзеу басқармасында сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсеткен видеоларға қатысты түсініктеме берді. Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода аймақтағы колониялардың бірінде тұтқындардың зорлық-зомбылық көріп жатқаны түсірілген. Бейнеде жазасын өтеушілердің тек іш киімдері мен резеңке тәпішкелерін киіп, еденнен шүберекпен суды қалай жинағаны сипатталған.Бұл кадрлар Қарағанды облысының Долинка ауылындағы №31 мекемеде түсірілгені айтылған.
БЕКБОЛАТ ШӘКІРОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД БАСШЫСЫ «Бұл факт бұрын болған. Қызметтік тергеу жүргізіліп, қызметкерлер жауапкершілікке тартылған. Жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемеге барды. Сонымен қатар сотталғандардың туыстарымен кездесу өтті. Колониядағы жағдай тұрақты және қылмыстық атқару жүйесі басшылығының бақылауында».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 541 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XLggq1z9WlI?si=TZG27P6VA7Yvg5US"
Орман саласындағы орта мамандар еңбекақысы 220 мыңға дейін ал, орманшылар 180 мың теңге, басшылардың жалақысы 350 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Сондай-ақ, министр Теміртау қаласының экологиясын жақсарту үшін қандай жұмыстар жасап жатқанын айтты. Жауапты ведмствоның сөзіне сенсек, екі жылдан кейін, яки 2025 жылы Теміртау халқы таза ауамен тыныстайтын болады.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «АрселлорМиталлға байланысты ғой біздің экология заңына сәйкес бүкіл жұмыстары биыл жаздай жасалды. Қазір соңғы құжатының тексеріс нәтижесін күтудеміз. Басқаша жоспар бойынша жүргізіледі. Сол құжатқа байланысты өз жұмыс жоспарымызды қабылдаймыз».
Одан бөлек, брифингте министр киіктерге қатысты мәселеге тоқталды. Халықаралық конвенцияға сәйкес Қазақстан ақбөкен мүйізін шет елге экспорттай алмай отырғанын жеткізді. Бүгінде Женевада осы мәселе бойынша келіссөз жүріп жатқан көрінеді, егер ол сәтті өтсе еліміз 2025 жылдан бастап киік мүйізін Қытайға сатуды жоспарлап отыр.
Тағы басқа мақалалар...
177 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.