
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 521 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4E5BrZw_8FU?si=s9gIpAAid2abZckJ"
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов өңірдегі азық-түлік өнімдерінің бағаларын бақылау үшін қаладағы бірқатар ірі сауда орындарын аралады.
Аймақ басшысы осы кезге дейін әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдерін шекті бағадан асырмау, әлеуметтік дүкендер желісін көбейту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Дегенмен, жыл басынан бері күріш, пияз, ас тұзы секілді өнімдер бойынша бағаны негізсіз өсірген 11 құқық бұзушылық анықталған. Және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов «SMALL» сауда орталығында болып, әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасын көзбен көріп қайтты. Сауда сөрелерінде тұрған ұн, қант, күнбағыс майы мен көкөніс өнімдерін бағасын бекітілген тізіммен сәйкестігін тексерді.
ЕРКЕНЖЕ ТҰРСЫНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША SMALL САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Ірі азық-түлік сауда орындарын аралаған өңір басшысының орынбасары «KYZYLORDA» сауда үйіне де барып, халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын саралады. Тиісті сала басшылары мен кәсіпкерлерге жергілікті өнімдерді көбейту қажеттігін қаперге салды.
Айта кетейік, бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 2092,5 тонна өнімдер мен 291,6 мың дана тауық жұмыртқасы бар. Ауылшаруашылық саласының мамандары жұмыртқаның бағасы өсуі мұмкін деп отыр. Тауық жұмыртқасының бағасын реттеу үшін жыл басынан бері 571 мың дана тауық жұмыртқасы сатып алынып, төмен бағада облыс тұрғындарына ұсынылған болатын. Аралаудан кейін, аймақ басшысының орынбасары мен азық-түлік бағасы бойынша арнайы құрылған комиссия отырысы өтті. Онда барлық азық-түлік өнімдерінің бағасымен қатар, сауда орындарымен де келісімге отырып, бірлесе жұмыс жасау керектігі айтылды.
ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
ЕРҚАСЫМ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Айта кетейік, жыл басынан бері апта сайын ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. Жалпы 271 жәрмеңке ұйымдастырылып, 10,3 мың тонна өнім облыс тұрғындарына ұсынылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 544 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZGCgM0LNAkY?si=G_mvGsqL4TWVqkQp"
Газа секторындағы Аль-Шифа ауруханасы маңындағы ғимараттан кепілге алынған 65 жастағы израильдік әйел Йегудит Вейстың мәйіті табылды. Ол 7 қазанда Хамас тарапынан тұтқынға алынған 240 израильдіктің қатарында болған еді.
ДАНИЕЛ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Ол үйлердің бірінен табылды. Мәйіттің жанында оны ұстаған лаңкестердің денелері жатты».
Әскери мәлімдемеде әйелдің лаңкестер қолынан қаза тапқаны және оған дер кезінде жете алмағаны айтылған. Алайда оның өлімінің нақты себебі айтылмады.Әскерилер әйелдің мәйіті табылған ғимараттан әртүрлі қару-жарақ, соның ішінде Калашников автоматы да бар. Қаза тапқан Йегудит есімді әйел бұған дейін лаңкестердің қолынан ажал құшқан 120 адам тұрған израильдік елді мекеннің тұрғыны болған.
Әскерилердің айтуынша, Әл-Шифа ауруханасынан Хамас туннельінің шахтасын және қару-жарақ салынған көлікті тапқан.Бұл аурухана кешені Израильдің Газаның солтүстігіндегі басты нысанасы болды. Сонымен қатар, ауруханада жатқан жүздеген пациенттерге, соның ішінде балаларға қатысты алаңдаушылық артып келеді.ДДҰ Аль Шифадан 600-ге жуық пациентті медициналық эвакуациялауды ұйымдастыруға тырысып жатқанын айтты. Олардың 27-сі ауыр халде.Алайда көптеген мәселелер туындап отыр, соның ішінде қауіпсіздік кепілдігі туралы Израиль әскерилерімен келіссөздер және адамдарды шығару үшін жедел жәрдем көліктеріне жанармайдың жетіспеушілігі.
РИК БРЕННАН ДДҰ ӨКІЛІ:«Біздің мүмкіндігіміз өте шектеулі, бірақ біз келесі 24 сағатта жақсы жаңалықтар болады деп үміттенеміз».
Сонымен қатар Әл-Шифада әуе шабуылдарынан үйлерін тастап кеткен мыңдаған адамдар тұрады. Израильдік әскерилер анклавтың солтүстік бөлігін тастап, оңтүстікке көшуге шақыратын парақшалар таратып жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 518 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/r7MdHmk9GQI?si=dG5sIaHxxSH_XQaZ"
Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабай, Жүсіпбек Аймауытұлының ақталғанына 35 жыл. Осыған орай, тарихи тұлғалардың мұрасын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.Іс шараға тарихшы-ғалымдар алаш арыстары туралы сөз өозғап, олардың зерттелуі мен зерделенуіне назар аударды.Сондай-ақ жиын барысында тарих ғылымдарының доқторы, академик Мәмбет Қойгелдиевтің жетекшілігімен жарыққа шыққан «Алаш ісі» кітабының тұсауы кесілді.
ӘДІЛЕТ АХМЕТҰЛЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МУЗЕЙ-ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 497 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iIOnSPNZrEw?si=ihEIzc0j4V6gDuUV"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 596 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AtxtSJb9WiA?si=UAV0j_ljSLnm4a7L"
Ел жаңалықтарына оралсақ. Алматы қалалық білім басқармасының қолдауымен жастардың патриоттық бағытта тәлім алуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгін шаһарға қарасты №175 гимназиясының базасында Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі, халық қахарманы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына араналған «Міндет, Абырой, Ерлік» атты әскери-спорттық іс шара ұйымдастырылды.
Мақсат, тұлғасы тұнған тәлим,есімі елге мәлим азаматтарымыздың ерлігін деріптеу,жастарды отансүйгіштікке баулу, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау қажет деген сенімді, әскери қызметке деген жауапкершілікті арттыру.
ҚҰДАЙБЕРГЕН СӘРСЕНОВ ГКӘТ ЖӘНЕ ВКӘТ АРДАГЕРІ
ЕРЛАН ТОҒАНБАЕВ ГКӘТ ЖӘНЕ ВКӘТ АРДАГЕРІ
БАҚЫТ СӘРСЕКЕЕВ АӘД ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LY_JJBYZi-g?si=c1Fs0DFqaMxD1DRE"
Туыстары мен таныстарына негізсіз, жалған жалақы жазып алған «Өзенмұнайгаз» басшылығына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Аталмыш іс бірнеше сыбайластан және бірнеше эпизодтан тұрады. Келтірілген шығын көлемі де үлкен. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді деді Қаржы мониторинг агенттігінің реси өкілі Әлібек Әбділов.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Тергеу барысында «ӨМГ» АҚ бас директоры орынбасары Б.Мамбетсапаевтың әрекеті іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деп сараланды. «ӨМГ» АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығын көлемі 623 млн теңге. Сонымен қатар, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған «ӨМГ» АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды. Барлық қылмыстық істер сотқа жолданды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TbwvByIMLO8?si=Tbop_FiNqCiLub1m"
Батыс Қазақстан облысында қызылша дерті өршіп, эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Жыл басынан бері 200-ге жуық науқас тіркелген. Бұған пандемия кезінде бұқаралық иммунитеттің төмендеуі мен қызылшаға қарсы екпе егудің бәсеңдеуі, қадағалаудың әлсіреуі әсер еткен. Осы орайда аймақта қосымша егу шаралары басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өңірдің бас санитар дәрігері мәлімдеді.
Науқастардың дені – екпе алмаған балалар. Мектеп, балабақшаларда аурудың 40-қа жуық дерегі анықталған. Мамандар жұқпалы ауру белгісі байқалған бойда өз бетімен емделмей, дәрігерге қаралуға кеңес береді. Өңірде жаппай иммундау науқаны басталды. Емханалардың барлығында ауруға қарсы екпе жасау басталды.
МҰХАМҒАЛИ АРЫСПАЕВ БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Ауру көбіне қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар арасында тіркелген. Екпе алмаудың негізгі себебі ата – аналардың вакцинадан бас тартуы, денсаулықтарына байланысты медициналық қарсы көрсеткіштердің болуынан және баланың екпе қабылдау жасына жетпеуі екен. Яғни бір жасқа дейінгі балалар арасында көп тіркеліп отыр. Қызылшаның арнайы емі жоқ, тек екпе алу арқылы ғана қызылшадан қорғануға болатынын тұрғындардың есіне саламыз,- дейді №1-ші қалалық емхана дәрігері. Емханада тіркелген тұрғындар арасында бүгінге дейін ауру жұқтырған 7 науқас тіркелсе, оның дені- балалар. Сонымен қатар жүкті келіншектер де бар көрінеді.
ЗЕМФИРА ҚОЙШЫБАЕВА ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №1-ШІ ЕМХАНАНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГІ
Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері қызылшаға қарсы екпе науқанын бастау жөнінде арнайы қаулы шығарды. Енді қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 6 және 11 айлық сәбилерге, ал желтоқсаннан бастап 2 және 4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундау жасалады. Вакцинаның бұл түрі барлық адамға тегін.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 545 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ogow-ADC0Rk?si=nSwX5YHiFX9hWINJ"
Қызылордадағы жеке балабақшалардың бірінде бүлдіршін жәбір көрді. Салдарынан баланың денсаулығына жеңіл зиян келген. Нақтырақ айтқанда, 15 қыркүйек күні қалалық Полиция басқармасына жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз түскен. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, балабақшадағы бейнежазбалар тәркіленді. Сот сараптамаларының нәтижесі бойынша баланың «денсаулығына жеңіл зиян» келтірілген.
Қазір сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде. «Сондай - ақ, ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну) облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды».
АЙДАР ҚАСАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСТЫҒЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 505 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LcbyqABUXd0?si=VCrc7ZCL5vSsPDAM"
Израиль әскері Газа секторындағы Әл-Шифа аурухана кешенінің ішінде жасырылған қару-жарақ, құрал-жабдық және Хамастың жұмыс істеп тұрған басқару орталығын тапқанын хабарлады.
Кадрларда анықталған нәрселердің біразы көрсетілген.Reuters видеодағы орынды растап отыр. Израиль әскерилері рейд кезінде бейбіт тұрғындармен ешқандай қақтығыс немесе шиеленіс болмағанын және олар өмірлік маңызды гуманитарлық жүктерді жеткізгенін айтты.Хамас көптен бері Әл-Шифа астындағы туннельдерде командалық орталықты жасырды деп айыпталып келеді. АҚШ бұған дейін өз барлауы мұны растайтынын айтқан еді.
Хамас бұл мәлімдемелерді өтірік және насихат деп қабылдамайды. Газаның денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің науқастарды эвакуациялауға тырысып жатқанын көрсететін кадрларды жариялады. Куәгерлер жағдайдың шиеленіскенін, бірақ әзірге тыныш екенін айтты. Анда-санда атыс естілгенімен, бірақ зардап шеккендер туралы хабар жоқ.
Әскерилердің хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген гуманитарлық заттар балалар тамағы мен инкубаторлар. Осы аптаның басында Газаның денсаулық сақтау министрлігі мекемеде қоршау мен электр қуатының болмауынан көптеген пациенттердің, соның ішінде бірнеше жаңа туған нәрестенің қайтыс болғанын хабарлаған болатын.
Осы арада АҚШ Президенті Джо Байден Газаны басып алудың үлкен қателік болатынын айтты. Оның айтуынша, Премьер-Министр Биньямин Нетаньяхумен сөйлескен ол Израиль-Палестина қақтығысын шешудің жалғыз жауабы екі дербес мемлекет құру болатынын атап өтті. Сондай-ақ Байден Газа секторында Хамас ұстаған адамдарды босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты. Алайда ол жаққа америкалық әскерді жіберу жоспарда жоқ.
Сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы шайқаста жедел әрі ұзақ гуманитарлық үзіліс жасауға шақырды. Резолюцияны Мальта дайындады. Оған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 12 тұрақты мүшесі дауыс берді. АҚШ, Ресей және Ұлыбритания қалыс қалды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 527 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IglfwaIt8jg?si=lVxoMcnuAXinA5gS"
Қазақстанда ішектің қабыну аурулары өршіп тұр. Ішектің созылмалы патологиялары жасарып барады.Балалар мен жасөспірімдер арасында аталған дерт жиі кездеседі. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында өткен республикалық мектеп жұмысы барысында шетелдік және отандық медицина мамандары айтты.Жетекші дәрігерлер ауруды тиімді бақылау және асқынуларды азайту үшін терапия мен аурудың барысын уақтылы бақылау маңызды екенін тілге тиек етті.
ҚАЗБЕК АҒЫБАЕВ АСТАНАДАҒЫ №1 ҚАЛАЛЫҚ АРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ: «Баланың іші өтеді.Қан аралас дәрет шығады.Салмақ төмендеп кетеді. Осы жағдайларда дәрігерлерге қарату керек. Дер кезінде қаратса, емдеу оңай болады.Асқынбай тұрып емдеген абзал. Ол науқасқа да, дәрігерге де тиімді. Әйтпесе, консервативті емдеуге келмей қалады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 582 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hlS4Wb9fKSw?si=r5AewIF-c35KXMnE"
Неміс ғалымдары 500 жыл бұрын жасалған протездік қол тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның қаңқасы Баварияның Фрайзинг қаласында құбыр төсеу кезінде табылған.
Археологтар бұл олжаны сирек және маңызды деп санайды.Зерттеу нәтижесі көрсеткендей ер адамға тиесілі болған.
АМИРА АДАЙЛЕХ АРХЕОЛОГ: «Біз протездік қолды жиі кездестіре бермейміз. Әсіресе 500 жылдық тарихы бар. Осы уақытқа дейін Орталық Еуропада осы жастағы шамамен 50 протездік қол табылды. Ал бұл протездеу тарихтың қызықты мәліметтерін білуге мүмкіндік береді».
Радиокөміртекті зерттеу бұл адамның 1450-1620 жылдар аралығында қайтыс болғанын көрсетті. Оның жасы 30 бен 50 аралығында. Протез ер адамның сол қолының төрт саусағына орнатылған. Дегенмен, оның бас бармағы әлі де бар. Жасанды саусақтар металдан жасалған. Ішінде қуыс. Олар бір-біріне параллель орналасқан және аздап бүгілген - қолдың дәл табиғи жағдайындағы секілді.
МАТИАС ПФЕЙЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Ол кездері тіс протездері сән-салтанат болатын. Әдетте, соғыста аяқ-қолынан айырылған адамдар орнын толтыратын адам таппаған. Ал қазір басқа жағдайды көріп отырмыз.Әрине, бұл протездеу толық жұмыс істемегенімен дәрігерлер бұл адамның өмірін жеңілдетуге тырысқан. Айта кету керек, мұндай әдіс сол кездің өзінде жақсы нәтиже көрсеткен».
Ғалымдардың пайымдауынша, протездің артқы жағы терімен жабылған. Сонымен қатар олар дәкеге ұқсас зат тапқан. Бұл мата қолды металмен үйкелістен қорғаған болуы да мүмкін.
МАТИАС ПФЕЙЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Бұл сол кездегі медицинаның қаншалықты дамығанын көрсетеді. Протез жасау – күрделі мәселе. Өте қызықты оқиғасы бар адамның табылғаны да маңызды. Баварияда орын алған көптеген оқиғаларды ашуға болатынын көрсетеді».
Археологтардың айтуынша, ер адам соғыста саусақтарынан айырылған болуы мүмкін.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 541 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GrrvOyEHi9k?si=kAaU8f4MvQJqr_Af"
Кешелі бері Маңғыстауда жағымсыз иіс пайда болды. Ақтаулықтар күйік иісіне шағымданғаннан соң экология департаментінің мамандары дереу атмосфералық ауадан сынама алған. Нәтижесінде ауада көміртегі оксидінің концентрациясының асып кеткені анықталған.
Алдымен жағымсыз иіс Ақкетіктен сезіле бастаған. Ал Ақтаулықтар бұл иісті келесі күні түнгі мезгілде байқапты. Күндіз қаланы жағымсыз иіс жайлады.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Облыс аумағында ешқандай өрт болмаған. Ресейдің Астрахань облысының аумағында қамыс өртенген. Жылда күз мезгілінде қамыс қурап адами, табиғи факторлар әсерінен өрт оқиғалары орын алады. Қызыл жалынның дәл сол аумақтан шыққанын онлайн карталардағы өрттердің аэроғарыштық мониторингінің нәтижесі де растайды.
МАҒЖАН ҒАЛЫМОВ -МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Күйік исінің шығуына байланысты зертхана мамандары қаланың барлық бөлігінен сынамалар алып қарады. Ауада көміртегі оттегінің шамадан тыс артуы анықталды. Бірақ көп мөлшерде емес. Жылда осы қайталанып отырады көктемгі, күзгі мезгілдерде қамыстың кебуіне байланысты. Өте тез тұтанатын өсімдік».
«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша кеше желдің бағыты солтүстік-батыстан, орташа жылдамдығы 5 метр секундпен соққан. Экологтар егер жел осы бағыттан соғар болса түтін иісі қалаға қайта сезіледі деп отыр.
Тағы басқа мақалалар...
173 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.