
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 546 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0TbP2sIuRtk?si=1-oeb5u2HeLjbRiX"
Кениялық Беттің биыл тағы да еккен жүгерілері ойдағыдай щықпады. Бірақ оған ол ренжімейді. Алқаптың жартысына арнайы зат себілген. Ал бұл пайдаға кепілдік береді.
БЕТ ВАНДЖИРУ – ФЕРМЕР: "Жүгері өсіру маған айтарлықтай шығын әкеледі, егер құрғақшылық - егін болмаса, жаңбыр құйса, жинайтын ештеңе жоқ. Бірақ кене отырғалы бері жақсы пайда табамын. Қатты жаңбыр жауады ма, әлде құрғақшылық тұрса да, мен бәрібір егін жинаймын ".
Тек Бет қана емес, басқа да көптеген кениялық егіншілер енді кенегүл өсіруді жөн көреді. Себебі егуі оңай. Бұл өсімдіктің тұқымын италиялық Eni мұнай-газ компаниясы сатып алған. Олар биоотын өндірісі үшін қажет. Бастама мақта өндірушілер үшін де ұтымды нұсқаға айналды. Әдетте оларға барлық өнімді сату қиын.
ПИТЕР КИНГУ - MAKUENI GINNERIES КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
"Бізде мақта тұқымының басым бөлігі босқа кететіндей проблема болды. Бірақ шамамен екі жыл бұрын Eni компаниясы келіп, бізбен мақта тұқымын жеткізуге келісімшарт жасасқан болатын ".
Енді кениялық компания барлық өнімді сатып алып отыр.Шаруаларға кротон тұқымдарын жинау да тұрақты табыс әкеледі.
ЛЮСИ ЛАУ БИГЭМ – КРОТОН ТҰҚЫМЫН САТУШЫ: "Бізде мұндай ағаштар мен бұталар көп, енді адамдар олардан пайда көреді. Ал бұрын кротонның ешқандай құндылығы жоқ еді. Ол барлық жерге тұқым шашып, арамшөп ретінде өсуімен танымал ".
Тұқымды Кениядағы зауытта өңдейді. Сосын биоотынды Италияға жібереді. Оны автомобильдер мен ұшақтарға жанармай құю үшін пайдаланады. Кенияда екі жыл ішінде компания 15 мың тонна экологиялық отын өндірген. Мамандардың айтуынша, биоотын көмірқышқыл газының шығарындыларын 80% -ға дейін төмендетуге көмектеседі. Сарапшылардың айтуынша, оны кең ауқымда енгізу әзірге мүмкін емес. Өсiмдiк негiзiнде экологиялық отын өндiру қымбат.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 659 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/V4C9G7vQZTY?si=kZAe1aOrMhg0SGVE"
Бүгінгі студент,келешек маман.Олардың сапалы білім алуы жеке басына емес, мемлекеттің ірге тасын қалауға септігін тигізбек.Алматыда жастардың болашағына арналған "Жастар talks" тақырыбында басқосу ұйымдастырылды. Айтулы шарада Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі Жастар саясатының рөлі, студенттердің елдің әлеуметтік және экономикалық тыныс-тіршілігіне қатысуына, сондай-ақ олардың саяси процестерге қосқан үлесі әңгіме өзегіне айналды.Сарапшылардың пікірінше жастар, ғылым мен технологиядан бастап өнер мен әлеуметтік бастамаларға дейінгі әртүрлі салаларды қамтитын инновациялық және шығармашылық жобаларда белсенді болуы керек.
ДАНАТ ЖАНАТАЕВ ҚАЗАҚСТАН САЛАЛЫҚ «ПАРАСАТ» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 553 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9-usmGr1LIE?si=-AEe9GQW19AwQJKw"
Алматы полицейлері құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту және көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында шаһарда 20 мен 30 қараша аралығында «Қауіпсіз қала» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады. Шара аясында бұзақылық, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған.
Бұл күндері учаскелік полиция инспекторлары елді мекендерде, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда мақсатты және жергілікті рейдтер жүргізеді.Осыған байланысты Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын кез келген құқық бұзушылыққа,қоршаған ортаға, бөтеннің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға және заңды қатаң сақтауға шақырады.
ӘДІЛБЕК ҚОЗЫБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 604 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OtL5fo6gRiY?si=AFEOyfLuD6egTUOs"
Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім саласында сыбайлас жемқорлық схемасын әшкереледі.
Ол аз қамтылған отбасы балаларын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушінің жұмысты аяқтағаны туралы актілерге қол қойып, ақшалай қаражат аударғаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Соттың рұқсатымен күдікті қамауда отыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
АРМАН ТІЛЕУКЕНОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы әшкереленді.Соттың санкциясымен күдікті қамауда. Ол ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша тергелуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 531 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UMIKMcI0fGc?si=fEmo6_0_t_jZV7zP"
Сан-Францискодағы АТЭС саммитінде АҚШ президенті Джо Байден өзінің Си Цзиньпинмен жеке кездесуі екі елдің де пайда табуы мүмкін салалардағы ынтымақтастықты ұстанатынын атап өтті.
ДЖО БАЙДЕН – АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: "Біз алдағы уақытта да дипломатияға деген сенімділікті сақтап қаламыз. Әлемнің ең ірі екі экономикасы арасындағы тұрақты қарым-қатынас - бұл тек осы экономикалар үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің қалғаны үшін де жақсы. Тұрақты қарым-қатынас баршаға жақсы".
Бірақ, кейбір салалардағы келісімдерге қарамастан, Вашингтон мен Пекин маңызды мәселелер бойынша пікірлес болудан алшақ.
РОБЕРТ РОСС – БОСТОН КОЛЛЕДЖІНІҢ САЯСАТТАНУ ПРОФЕССОРЫ:
"Біз әскери диалогты қайта бастауға келістік, бірақ біз әлі кездесу туралы келіскен жоқпыз, сондықтан ол жақында ғана өтуі мүмкін. Бізде кездесу болғанда оның нәтижелі болатынын білмейміз. Фентанил бойынша ынтымақтасуға келістік, дегенмен, фентанилдің басым бөлігі Мексикадан келіп түседі, тіпті прекурсорлар Қытайдан тыс жерлерде әзірлене бастайды. Сондықтан біз американдық ұлттық мүдделерге жәрдемдесу немесе АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті жеңілдету тұрғысынан көп нәрсеге қол жеткіземіз деп сенбеймін ".
Байден мен Си сәрсенбі күні АТЭС саммиті алдында кездесті.Түскі ас кезінде Си Цзиньпин америкалық әріптестеріне Қытай Құрама Штаттардың серіктесі және досы болуға дайын екенін,екіжақты ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктер бар екенін мәлімдеді. Бірақ Вашингтон мен Бейжің сауда, технология және жаһандық ықпалда жарысып жатқандықтан, терең бәсекелестіктің артында қалуы мүмкін. Осылайша, АҚШ Қытайдан басқа 14 елді сауда келісіміне қосылуға көндіруге тырысты. Алайда осы аптада бұл әрекет сәтсіз аяқталды. Саммит аясында Жапония мен ҚХР басшылары арасында сирек кездесулер өтті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 575 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/cGn_liwWHPI?si=2oqKaqDNPHihW-Iz"
Алматы жылу электр орталығын газға көшіру жобасының бірінші кезеңі аясында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді газдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы қаласының екінші жылу орталығына арналған автоматты газ тарату станциясы құрылысы аяқталды. Қарасай, Іле аудандарында орналасқан жылу электр орталықтарын көгілдір отынға ауыстыру Алматы қаласы сияқты облысымыздың бірнеше елді мекендерінің экологиясын жақсартып, халықтың денсаулығына оң әсер берері сөзсіз.
САНЖАР ЖАРКЕШОВ «QAZAQGAZ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Осы бірінші кезеңнің шеңберінде 3 нысанды жүзеге асырып, іске қосып отырмыз. Біріншісі – автоматты газ тарату станциясы, Алматы ЖЭО. Яғни, ТЭЦ-2 арналған үлкен нысан. Бұның маңыздылығы осы ТЭЦ-2 жылдан-жылға қуаты және болашақта көбейетін көлемін қамтамасыз ететін нысан. Екінші нысан – Алматы қаласының индустриялық аумағын және де Алматы Батыс жылу кешендік газбен қамтамасыз етуге арналған автоматтық газ тарату станциясы. Оны біз 2016 жылы негізі әкімдік салған еді, бірақ сол беттен бері қосылмаған. ҰК қолға алып, жөндеу жұмыстарын жасап, бүгін іске қосып отыр.
Бұл «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбыры мен «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбыры арасындағы TIP-04 жалғастырғыш газ құбыры Алматы Жылу электр орталығын ғана емес, сонымен бірге Алматы және Алматы облысының тұрғындарын да тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
РУСЛАН СҮЙІНДІКОВ АЛМАТЫ «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Бұның қуаттылығы 1 млн/м3 сағ беретін мүмкіндігі бар. Бұл жерде енді қазіргі заманға сай бүкілі жаңартылған. Осы маусым айында бастадық. Бүгінгі таңда толық жұмыстар бітіп тұр. Сондықтан қысқа мерзімде Самұрық қазынаның тапсырмасы бар, одан кейін ҚазақГаз, ИнтерГАЗ тапсырмаларының аясында осы жобаны іске асырдық.
Автоматтандырылған газ тарату станциясының қуаттылығы - сағатына 140 мың текше метр. Оның ішінде станцияның екі желісі – Алматы тұрғындарына сағатына 90 мың текше және индустриялық аймаққа сағатына 50 мың текше газ таратады. Аталған жоба – қаладағы және қала маңындағы елді-мекендердегі ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады, сондай-ақ энергия тапшылығын жоюға серпін береді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 545 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BjREwCvZoHQ?si=NCIKS4gz7ZugtgbW"
Биыл жүгері еккен шаруалардың еңбектері еш кеткені ме? Жинаған өнімімізді қабылдамай отыр деп шаруалар шағымдарын айтты. Олар Талдықорғандағы жүгері қабылдайтын «Халық астық экспо» компаниясының алдында төрт күннен бері тұр екен. Мәселенің мән-жәйін келесі бейнематериалдан көріңіздер.
Тағы да сол дала аруының айналасындағы дау. Жүгеріні қабылдап алатын компанияның алдында ұзын сонар кезектің тұрғанына төрт күн болыпты. Кем дегенде 50 шаруа қожалығы жиналған. Ең аз дегені 25 тонна жүгері алып келген. Көктемдегі ауа-райының қолайсыздығы, қазан айындағы жауын- жашын шаруаларға кері әсір еткен. Астықты уақытынан кеш орды. Салдарынан дәнде ылғалдық көп. Уақыт өткен сайын артып барады- дейді.
ЕРЛАН КЕНЖЕНОВ КӘСІПКЕР: «Кейбір жігіттер жүгеріні 19,21 влагамен алып кеп жатыр. Ол қазір көгереді үш күні болады тағы екі тұрса болды көгереді. Оны ертең алмайды, малда жемейді. Мысалы қазір 10 күннен кейін погода бұзылады, халық еріксіз оны шабады 21,23 ылғалдықпен болса да осында алып келіп өткізу үшін».
«Халық астық экспо» серіктестігі жүгеріні қабылдауын қабылдап-ақ жатыр. 6 мың тонналық екі бөшке толып тұр дейді. Ал дәнді кептіретін пеш , тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сағатына 25 тонна дала аруын кептіруге қауқарлы. Тек өнімді алып кетуге «Қазақстан Темір Жолы» рұқсат берсе тез арада барлығының өнімін қабылдап алар едік дейді.
САЯТ МҰХАМЕДӘЛІ «ХАЛЫҚ АСТЫҚ ЭКСПО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: «Бізге 72 вагон керек, негізі вагондар дайын тұр. Бізге сол тек сол, пәлембай тонна шығаруға болады деген рұқсат берсе болды».
Даудың басы тасымалдау кестесінен кешігуінен болып отыр. Бұған себеп ауа-райының қолайсыздығынан астық кеш орылды. Жағдайдан хабардар болған облыстық ауыл шаруашылық басқарма басшысы да келді. Жиналған жұртқа басу айтып, мәселе тез арада шешілетін жеткізді.
НҰРДӘУЛЕТ КЕНЕНБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Басқарма басшысының жауабы жүгерішілердің көңілінен шықты. Нұрлан Кененбаев алдағы уақытта шаруаларға өнімді өткізу бойынша кесте құруды ұсынды. Сонда ғана мұндай ұзын сонар кезек болмайды дейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 514 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hxulScF-M_I?si=P6aL8r18BE0cD-JN"
Қазақстан суға қатысты мәселелерді мажарлық компаниялармен бірлесе шешпек. Себебі, олар бұл саланы толық автоматтандырған, жаңа озық технологиялар енгізген ел. 20 қарашада Будапештте халықаралық су форумы өтеді. Оған Қазақстан да қатысуға ниетті. Бұл туралы бүгін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуінде айтылды.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ «Біздің министрлік алдында атқаруы тиіс жұмыс көп. Жақында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады. Кездесуде қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Менің ойымша, мажарлық компаниялармен бірлескен жобалар осы бағыттағы нақты қадам болып қана қоймай, отандық су саласына заманауи және тиімді технологияларды енгізуге мүмкіндік береді»

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 536 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MuI0aoICuUk?si=qrOSYwN2ZbnY1Ahj"
Қаржы агенттігі ескертеді: жинақтарыңызға абай болып, алақтарға алданып қалмаңыз! Кезекті рет қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды. Шымкенттің 200-ден астам тұрғыны Chia Tai Tianging (чиа тай цзинк) қаржы пирамидасына 700 млн теңгелерін салып, алданып қалған. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады. Айта кетейік, қаржы пирамидаларын құру ол қылмыстық жауапкершілік. Заң бойынша пирамида құрып, халықты алдағандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды. Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 568 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pp6IZO0TFLI?si=5XSNFtaDHvTuTm3Z"
Азық-түлік бағасы тез өсіп жатқандықтан, Ресейліктер күнкөрістерін көбірек үнемдеуге мәжбүр болып отыр.
Екі бала тәрбиелеп отырған Среднеуральск қаласының тұрғыны Дарья Степанова жұмыссыз. Күйеуінің айлық жалақысы 50 000 рубль. Айлықтары шайлықтарына әрең жетеді.
ДАРЬЯ СТЕПАНОВА СРЕДНЕУРАЛЬСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бір бала мен екінші бала дүниеге келген аралықты ескерсек, бес жылда бәрі қалай қымбаттап кеткенін көремін: жаялық 2-3 есе, балалар тамағы екі есе қымбат».
Дарья отбасымен мейрамханаларға баруды ұмытуға мәжбүр болғанын айтады.
ДАРЬЯ СТЕПАНОВА СРЕДНЕУРАЛЬСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қазір ондай жағдай жоқ. Мен бәрін үйде пісіремін, өйткені кафеге немесе үйге дайын тамақ жеткізуге жұмсайтын ақшаның бәрін мен азық-түлікке жұмсаймын, ал артық ақша қалмайды».
Бағаның шектен тыс шарықтағанын Петербург мен Мәскеуліктер де сезінген.
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы өскен, әдеттен тыс тауарлардың құны соншалықты байқалмайды».
МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: «Бағалар қатты өзгерді, олар айтарлықтай өсті - бір жарым, тіпті екі есе. Бұл тек азық түліктер ғана».
МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: «Менде керемет нәрсені сатып алатындай қажеттіліктер жоқ, бірақ мен бағалар көтерілді деп ойлаймын. Егер баға өссе, мен нан мен суға ауысатын шығармын».
Ресми статистикаға сәйкес, 15 миллионнан астам ресейлік кедейлік шегінде өмір сүреді. Кейбір экономистер бұл көрсеткіш 20 миллионға жетуі мүмкін деп есептейді. Ал Ресей Банкінің статистикасы бойынша 40 миллионнан астам ресейліктердің несие алғанын, екі несиесі бар он миллион адамның, ал он бір миллионның үш немесе одан да көп несиесі бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 593 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/j3tVq77ed4g?si=ikwI9CJ69fu6J_6N"
Маңғыстау облысының бір топ тұрғыны ыдыс-аяқ сатып пайда табамыз деп, қарызға белшесінен батты. Айналасындағыларға миллиондаған берешегі барлар өз шағымдарын айтты. Сюжет көрейік.
Мына жиналып тұрғандардың мәселесі ортақ. Жанар Әбенова 2021 жылы Қытайдан әкелетінетін ыдыстарды сату арқылы пайда көргісі келген. Тауарды жеңілдікпен сатып алу үшін көбірек сатып алушы тартуы керек болған. Сөйтіп ол үш мыңға жуық адам жинап, оларға керегін алып беруге келіскен. Соңында бармақ тістеп қалды. Ақшада, тауарда жоқ. Ал қаражат салғандар одан ақшаларын қайтаруды талап етіп, қысым көрсетіп жатқан көрінеді.
ЖАНАР ӘБЕНОВА - ТҰРҒЫН
Саудада 20 жылдан бері жүргенін айтты. Сосын біз сендік. Себнбі тауар келіп жатты. Сол анау чатында. Содан мен ол чатта түскен фотоларды өз чатыма сала бастадым және сол жердегі қыз-келіншектер маған сенім артты. Ол жерде менің таныс тамырым, ағайын-тумам маған сеніп заказдарын берді. Айналғанда мынау. Енді бізді халық түтіп, ауыздарына келгенін айтып жатыр. Ақшаларын сұрап жатыр. Біз халықтың аманатын салып жіберіп отырмыз бұл жерде. Біз алаяқ емеспіз».
НҰРЧИХАН АТАБАЕВА - ТҰРҒЫН
Халықтан ақша жинадыққо біз, арзан ыдыс деп. Халық бізді қояр емес. Әр айда пособиямызды бөліп береміз. Жетпегендер үстіңнен арыз жазамын, машинаңды өртеп кетемін, сөйтемін, бүйтемін деп қорқытады кейбіреулері. Халық бізді түсінуін сұраймыз. Бізге ақшаны қалай салса, бізде Нұргүлге дәл солай салдық.
Өңірдегі Полиция Департамен бұл мәселеден хабардар. Тіпті бұл схеманы ұйымдастырған күдіктілерді ұстап, тергеу амалдарын жүргізіп жатқандарын айтты.
ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Полицияға арзан ыдыс-аяқты алып беруге уәде беріп, жәбірленушінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденген әйлге қатысты шаралар қабылдау бойынша 200ге жуық арызданушы жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын соммасы 3 млрд теңгені құрайды. Бұл дерек ҚР ҚК190-шы бабы, 4-ші бөлігі алаяқтық аса ірі мөлшерде МО ПД тіркелген. Қазіргі уақытта 39 жастағы әйел адам тергеу изоляторында, қамауда.
Сауда-саттықтан адал табыс табамыз деп алданып, абыройсыздыққа қалдық деген тұрғындар барлық жиналған қаражатты өндіріп алу - соңғы мүмкіндігіміз, дейді. Ал, әзірге қылмыстық істің аяқталуын және сот шешімін күту ғана қалды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 540 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5XnV3mFpvg0?si=xECDWWKcBPhU5k5y"
Көкшетауда халық арасында «Шанхай» аталып кеткен Застанционный шағын ауданының тұрғындары көп жылдан бері жол азабын тартып отыр. Жергілікті тұрғындар жол мүлдем жөнделмейді деп шағым айтуда. Олар жауапты мекемелерге бірнеше рет хат та жазған. Мәселені шешу үшін биыл Ағыбай батыр мен Қайнар көшелерінің қиылысынан Лиза Чайкина көшесіне дейін балшық төселіпті. Бірақ, жауын-шашыннан кейін жағдай тіптен қиындаған. Балшық езіліп, тұрғындар жаяу жүре алмай, көліктер батып, жағдай ушығып кеткен.
Застанционный шағын ауданының көшелеріне жөндеу жұмыстары биыл ғана басталған. Оның өзінде тек ағымдағы жөндеу жұмыстары. Бір жерге қиыршық тас төселіп, ал кейбір аумақтардың тек шұңқырлары жабылған. Жаяу жүргіншілер жолы, суағар жүйелері, жол жиектерін жөндеу мүлде назардан тыс қалған. Қайнар көшесінің бойында мектеп бар. Әсіресе, балалардың білім ошағына қатынауы қиын. Өйткені жол жоқ, кешкісін көше тас қараңғы.
ДИНАРА САПАРОВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ЗАСТАНЦИОННЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мен осы жерге жақын тұрамын. Мына саз балшықпен жүру өте қиын. Балалар мектепке осы жолмен барады. Ағыбай батыр көшесін жөндегендей болды. Басында жақсы болған, жауын шашыннан кейін жүру мүлдем мүмкін емес. Көшелерде жарық жоқ, балалар үйге қараңғыда осы көшемен келеді. Мектепте еден жуушы болып жұмыс істеймін, қараңғыда шығамын, қолшаммен жүрсек те саз балшыққа түсіп кетеміз».
АЙНҰР ЖАҚЫПОВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ЗАСТАНЦИОННЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мына Қайнар көшесімен жүру мүмкін емес, қызым екі рет сазға құлады. Жолдың жағдайын көріп тұрсыздар ғой, жол салып беріңіздер, көшелерде жарық та жоқ».
АЮБ БЕКОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ЗАСТАНЦИОННЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Ағыбай батыр көшесінде осы күзде жолдың үстіне балшық төсеген. Ол саз болып шықты. Осы саз балшықпен оқушы да ересек те жүре алмай қалдық. Үнемі екінші аяқ киім алып жүруге тура келеді. Көлікпен де жүре алаймыз, балшық жабысып жүргізбейді».
Бұл көшелермен көлікпен жүрудің өзі қиын, техника бірден балшыққа батады. Такси мүлде келмейді,- дейді тұрғындар. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ағымдағы жөндеу жұмыстарына еш қатысы жоқтарын айтып отыр.
ЕЛЕНА СУХАНОВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Ағыбай батыр көшесінің ағымдағы жөндеуін тұрғындардың өз округінің депутатына жазған өтініштері негізінде жасалған. Біз бұл жұмысты жүргізген жоқпыз».
Айта кетейік, бөлім басшысы қалай болған күнде де бұл мәселені қарашаның соңына дейін шешетіндіктерін айтты. Оған да шамалы қалды. Уақыт төреші.
Тағы басқа мақалалар...
172 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.