
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 630 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jHN1kI0F1VE?si=PchrEgdgUYpPLozz"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 661 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Y5n88xysyzU?si=06S_bal_liFwhXX6"
Футболшының футболкасы 10 миллион долларға бағаланды. Миллиондаған жанкүйері бар Лионель Мессидің алты футболкасы Sotheby's аукцион үйінде сатылмақ. Бұл футболкаларды аты аңызға айналған шабуылшы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатына киген.
БРАМ ВАХТЕР SOTHEBY'S АУКЦИОН ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Ол ойын кезінде барлық футболкаларын киген. Оларды әр матчтың бірінші жартысында киіп шыққан болатын. Егер сіз мұқият қарасаңыз, киімдерден бұлғанған дақтарды да байқауға болады».
Коллекцияға Мессидің Австралияға қарсы ойнаған футболкасы кіреді. Бұл оның мансабындағы 1000-шы матч болды. Ал былтырғы Әлем Кубогы 35 жастағы футболшы үшін нағыз жеңіс болды. Ол өз командасын жеңіске жетелеп, өзі де әлем чемпионы атанды. Аукцион 14 желтоқсанда Нью-Йоркте өтеді. Сол күні, сауда-саттықтың алдында көрермендер Мессидің футболкаларын өз көздерімен көре алады. Әзірге аукционда сатылған ең қымбат спорт түрі американдық баскетболшы Майкл Джорданның майкасы болып тұр. Онда ол 98-ші жылы NBA финалында ойнады. Лот балғадан 10,1 миллион долларға сатылып кетті. Алдыңғы рекорд Диего Марадонаға тиесілі болды. Оның футболкасы 9,3 миллион долларға сатылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 689 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ImqDIHQoSI8?si=0gsnVm52dkXU4xzi"
Израильдің құрлық күштері Газа секторының аумағында Хамасқа қарсы әрекет етуде. Бұл туралы әскери ведомство өкілі хабарлады.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ЦАХАЛ ӨКІЛІ: "ЦАХАЛ бүкіл газа аумағындағы ХАМАС орталықтарына қарсы жердегі жұмыстарын кеңейтуді жалғастыруда. Олар террористермен бетпе-бет келіп, оларды жойып жібере алады"
ЦАХАЛ өкілі сонымен қатар Қызыл теңізде Йемендік хуситтер атқан кемелердің Израильге ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Бұған дейін хуситтер өздерінің әскери-теңіз күштері Израильдің екі кемесіне, Unity Explorer және number 9-ға жауынгерлік ұшқышсыз және теңіз зымыранымен шабуыл жасады деп мәлімдеді.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ЦАХАЛ ӨКІЛІ: "Зымырандар Израильмен байланысы жоқ екі коммерциялық кемеде атылды".
Ол сондай-ақ хуситтерді қолдайтын Иранға да шабуыл жасағанын айтты. Хусит Қарулы Күштерінің өкілі ескертулерден бас тартқаннан кейін Йемен мен Эритрея арасындағы Баб-эль-Мандеб бұғазында екі кемеге шабуыл жасалғанын айтты. Оның айтуынша, шабуылдар Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы аяқталғанға дейін жалғасады. Сонымен қатар, анклавтың бомбалауы қайта басталғаннан кейін Газаның жүздеген тұрғындары баспана іздеп Газа секторының оңтүстігіндегі Рафаларға бет алды. Біреу таксимен жүрсе, енді бірі заттарды арбамен тасымалдауда, ал біреуі қажетті заттарды жаяу тасуда. Израиль армиясы жариялағандай, адамдар Хан Юнис пен оның айналасынан дереу кетуі керек. Ол сондай-ақ Рафахаға баруға болатын баспана орындарын көрсетті.
ГАЗА СЕКТОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Біз қауіпсіз аймақ қайда екенін білмесекте қимылдаудамыз. Басқа қолдан келер амал қане? Біздің балаларымыз бар. Бүгін түні бойы оқ жаудырды. Сол себепті де біз ауданнан ауданға көшудеміз. Бірақ Газада ешқандай қауіпсіз жер жоқ".
Израиль мен ХАМАС арасындағы жеті күндік атысты тоқтату жұмада аяқталды. Бұл палестиналық тұтқындарды израильдік кепілге алынғандардың бір бөлігіне айырбастауға мүмкіндік берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 671 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Vl8p2QgsDgQ?si=EqwZBrpxOrkGKgWI"
Бүгінде қалалар мен шалғайдағы елдімекендерді газдандыру – олардың дамуына оң әсер етеді, өндіріс пен әлеуметтік саланы одан әрі жандандыруға жол ашады. Осы орайда «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Астана қаласындағы жылу энергоорталықтарын және "Оңтүстік-Шығыс" жаңа газ жылу станциясын табиғи газға қосты.
Көгілдір отын – тұрғындарға қажетті жылу тапшылығын жоюға, сондай-ақ қаланың экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді. Астана қаласының әкімдігі мен аталмыш мекеме бірлесіп,биыл үлкен жұмыс атқарды. Соның бірі Будапешт көп қабатты тұрғын үй кешенін көгілдір отынмен жылытуды қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізілді. Бұл қуанышты көптен күткен тұрғындар айтарлықтай атап өтті.
СӘРСЕНҒАЛИ АҚЖОЛОВ АСТАНА ҚАЛАСЫ НҰРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ауданымызда қанша жылдан бері шешілмей келе жатқан проблема бұл табиғи газбен халықты қамтамасыз ету. Сол себепті дәл бүгін өздеріңіз көріп тұрғандай осы Будапешт тұрғын үй кешенінде 6 блок бар соның барлығын табиғи газбен қамтамасыз еттік. Сол іс шараның өздеріңіз куәсі болып тұрсыздар. Халық қандай қуанып жатыр. Бізде халықпен бірге қуанып жатырмыз».
Сондай-ақ, желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде "Тұран" газ жылу станциясының 1-ші кезеңін іске қосу жоспарлануда. Аталмыш мекеме үшін тұрғындарды, әлеуметтік маңызы бар және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді табиғи газбен қамтамасыз ету басты мақсат болып отыр.
НАҒЫМ СӘЛІМ "ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 759 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kseMtMd2bJg?si=s4H-RvDmZ8VU1m_X"
«Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген қанатты сөзді оқысақ,бірден
Мәлік Ғабдуллин есімізге түседі.Расымен де ұстаз ұлы мамандықтың иесі,оның балаға берген білімі мәңгілікке азық болмақ. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық тәрбие» бағдарламасы аясында «Бүкіл әлем,менің сыныбымда» атты жоба жүзеге асып отыр.Онда сынып жетекшілері білім мен тәрбие бағытында бақ сынап,өздерінің мүмкіндіктерін ортаға салауда .
ҚАРЛЫҒАШ МЕДЕЛБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 677 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6m6gm-N3Ghg?si=9bYCu-9RiwEHKf34"
Ақтаудағы 27-ші шағын аудан тұрғындары жылусыз отырмыз деп шағым айтты. Бірнеше үйге әлі күнге дейін жылу берілмегендіктен шыдамы таусылған тұрғындар аулада отын жағып отырудан басқа амалымыз қалмады деп ашынды. Бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген екен. Алайда әкімдіктегілер құр уәдемен шектеле береді,- дейді күйінген жұрт.
Наразы жұрт жылу маусымы басталғалы пәтеріміз жылымады дейді. Ал үйге қызмет көрсетуші коммуналдық мекеме ай сайын жылуға қатысты түбіртекті кешіктірмей жібереді екен. Алуға келгенде алдыға шығып,беруге келгенде бұғып қалатын мекеменің қызметіне тұрғындардың өкпелері қара қазандай.
АЛТЫНҒАЛИ ҚАРАЖАНОВ ТҰРҒЫН: «Қанша уақыттан бері неше комиссия келіп жатыр. Ешқандай шешім жоқ. Келеді, айтады 3 күн бер, 4 күн бер деп. Жасалып жатқан нәтиже жоқ. Отынға осы жерге жылыну қалды енді бала-шағамызды алып келіп, басқа ештеңе қалған жоқ».
ТӨЛЕУ ТҰМАНБАЕВА ТҰРҒЫН: «Енді мынау ұят қой, қарағым. Өлдік қой. 40-жылғымын мен. Ұлы Отан соғысында менің әкем өлді. Сонда да мынандай қорлық көрген жоқ едік».
Бұл шағын ауданға жылу жеткізетін құбыр әбден тозған. Салдарынан әр жері жарылып, шыдас бере алмай тұр. Мұны қаладағы жылу мен суға жауапты коммуналдық кәсіпорын да растап отыр.
ИСЛАМ ҮСЕНОВ «КАСПИЙ ЖЫЛУ, СУ АРНАСЫ» МКК БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жаңа үйлерде, жаңа микрорайондарда автоматический тепловой пункт деген бар. Оларда насоспен жасайды. Бірақ біреулер дополниительный насос қойған. Именно повысительный насос қояды. Сол сорғылар трассадан тартып кетіп жатыр».
Ал дәл қазір су бойынша ешқандай мәселе жоқ дейді Ислам Үсенов. Қаладағы әр шағын ауданның жылу торабын тексеріп болған соң, бұл үйлердегі мәселе де реттелетінін жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 649 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Lgvai3ksScs?si=UCED4yGJRf0Oe0LH"
Ақмола облысындағы Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзған. Онда бақылауға алған аймақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен қорық инспекторлары ұйымдастырып отырған.Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген. Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы, қызметінен босатылды. Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 616 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/T5jCPI5fx1c?si=3RBsmTrayYQkpWF-"
Ақмола облысындағы мектептерде бұрын сотты болған азаматтар жұмыс істеген. Мұны облыстық прокуратура кешенді тексеру кезінде анықтады. Санитарлық және өрт қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер көп. Барлығы 200-ден астам заңбұзушылық тіркелді. Аймақтағы 40 мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби біліктілігі де талапқа сай болмаған. Ал шалғай жатқан ауылда орналасқан білім ордасының жертөлесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жауынгерлік қару-жарақтармен оқу атыстары жүргізілген. Қазіргі таңда аталған заң бұзушылықтар бойынша 41 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
МАҚСАТ СҰРАҒАНОВ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: «Тексеріс барысында буллинг фактілері де анықталды. Оны бастаған балалар есепке алынды. Сондай-ақ, кейбір мектептерде жұмыс істемейтін мұғалімдерге заңсыз жалақы төленіп келген. Мысалы, қалалық білім ордаларының бірінде директордың орынбасары туысын ресми түрде жұмысқа орналастырып, кейін оның еңбекақысын ай сайын өзі алып отырған. Қазіргі таңда жымқыру, құжаттарды қолдан жасау және басқа да фактілер бойынша 19 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 646 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EJLnShMhtRU?si=zOpZYAp_5ZLaJN_f"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 638 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Sc_hgZGbtFY?si=n5Lo5vkGoJ1pOoib"
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе деп Зейнолла Қабдолов бекер айтпаған.
Сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар алып жүру мақсатында еліміз бойынша кешенді шаралар атқарылуда.Мәселен Алматы қалалық білім басқармасының басшылығымен «Алматы мектебі» жобасы жүзеге асуда. Онда оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық тәсілдер талқылануда.
СӘУЛЕ ЖҰМАБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Семинар жұмысына елімізге белгілі білім беру саласының көрнекті өкілдері мен кәсіпқой мамандары қатысты.Онда Федор Вассерман әзірлеген бірегей «Биоинформатика және синергетика» әдістемесін таныстырылды.
ФЕДОР ВАССЕРМАН БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: «Бүгінде білім сапасын арттыру,білім жүйесіндегі маңызды мәселе. Оқу-ағарту министрлігі мен білім академиясы үлкен қадамға барып отыр. Біз ұсынған жобалардың берер мол деп ойлаймын. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту ісіндегі бұл инновациялық тәсіл ғылым мен білімнің интеграциясы үшін таптырмас мүмкіндіктерге жол ашады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 647 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/24dAhfo3o74?si=yWyl8QM2d-TbKdFn"
Алматыда электр энергиясына тарифтің өсуіне байланысты ХӘОТ үшін өтемақы ұлғаяды. Мұндай шешім Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясында қабылданды. Отырыста қала тұрғындары үшін және қаланың дамуына қажет бірқатар мәселелер қаралды. Коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин тарифтің өсуі жеке тұлғалар үшін көрсетілетін қызметтердің құнын орта есеппен 315,6 теңгеге артатынын айтты.
АСҚАР ӘМРИН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кетерлігі, тарифтерді көтеру қаланың коммуналдық желілерінің тозуын азайту және апаттар мен коммуналдық қызметтерді көрсетудегі үзілістер тәуекелдерін азайту үшін "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 658 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/j5PVC_DdOqU?si=XPHABF_ehEFpQZiJ"
Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары есік алдына салынып жатқан құрылысқа наразы. Абай даңғылы, 177 мекенжайында орналасқан үйді мекендеушілер бұған дейін осы мәселемен талай мекеменің табалдырығын тоздырған. Ғимараттың іргетасы көктемде қаланып, бой түзей бастаған. Тұрғындар әкімдікке жүгінгенен кейін құрылыс тоқтап, бірнеше айдан кейін қайта жалғасқан.
Абай даңғылы, 177 мекенжайында орналасқан 64 пәтерлі үйдің тұрғындарын тұмсық астындағы құрылыс жөнінде ешкім хабардар етпеген. Құрылыс ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Тұрғын үй иелері осы мәселемен әкімдікке жүгінді. Содан соң құрылыс біраз уақыт тоқтап қалған. Артынша Сәулет және қала құрылысы басқармасы бұл мәселенің бақылауда екенін мәлімдеді. Бірақ бірнеше айдан кейін құрылыс жұмыстары қайта жалғасқан.
ВЕРА ШЕЛУХИНА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Әкім бізге құрлыс тоқтатылды деген болатын. Көріп тұрғандарыңыздай тұрғын үй әлі салынып жатыр. Біздің зейнеткерлерміз аяқ-асты жедел жәрдемге жүгіну керек болса олар бізге тар жолмен кіре алмай кедергіге тап болады ғой».
БОРИС ШАЙЫМОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Басында құрылыс тоқтаған болатын. Кейін көп ұзамай қайта басталды. Біз шағым түсірмеген жер қалмады. Көп жерге аяқтай да бардық. Қандай да бір қиындық туындаса, тілсіз жау келе қалса, өрт сөндіру көлігі де өтпейді мына ортадан».
Енді екі қабатты ғимараттың құрылысы жалғаса береді екен. Айта кететін жайт, заңға сәйкес көпқабатты тұрғын үй мен салынып жатқан екі қабатты жеке ғимарат арасындағы ең аз арақашықтық кемінде 10 метр болуы керек.
МҰРАТБЕК ТАШЕНБАЕВ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Тұрғындардың өтініші бойынша біз құрылыс алаңын тексердік. Кейбір шарттар сақталмаған. Осы жер телімінің иесі құрылыс салушының өзі. Біз ол мердігермен тілдестік. Құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын. Алайда кәсіпкер біздің ескертуді қабылдамай, үстімізден сотқа арыз тастаған».
Егер жанайқайға құлақ аспаса тұрғындар әрі қарай барлық құзырлы органдарға хабарласып, жоғарғы сотқа шағымдануға бел буып отыр.
Тағы басқа мақалалар...
174 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.