
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 570 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/D9c5X74DiWQ?si=sZ-FAu2nAmYJOybM"
ЮНЕСКО комитеті Венецияны қауіп төнген мәдени мұра нысандарының тізіміне қоспау туралы шешім қабылдады. Оның орнына комитет биліктің қаланы сақтау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
ЛАЗАР ЭЛУНДУ АССОМО ЮНЕСКО БҮКІЛӘЛЕМДІК МҰРА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Сарапшылар жағдайды ұзақ жылдар бойы бағалап келеді. Тек климаттың өзгеруін ғана емес, сонымен қатар туризмнің басқа да көптеген факторларын зерттеді. Сайып келгенде, олар комитетке қаланы жойылып кету қаупі бар нысандар тізіміне қоспауды ұсынуда».
ЮНЕСКО бұл тізімге Венецияны туризм қаласына кері ықпал етіп, круиздік кемелер мен мұнай танкерлерімен лагунаның ластануына жол бергені үшін және климаттың жиі өзгеруіне байланысты енгізіп отыр. Жақсы жаңалық ретінде Венеция әкімшілігі туристер үшін қалаға ақылы кіруге арналған пилоттық жобаның мақұлданғанын жеткізді. Бағасы 5 еуро болмақ.
МИКЕЛЕ ЗУИН ВЕНЕЦИЯ БЮДЖЕТІ БОЙЫНША КЕҢЕСШІ: «Менің ойымша, біз жол жүру ақысын төлейтін және күндізгі туристік туризм мәселесін шешу үшін нақты шаралар қабылдауға тырысатын алғашқы үлкен қаламыз. Оған қоса, біз ЮНЕСКО талабы бойынша үлкен кемелердің лагунаға кіруіне тыйым салдық».
Ірі круиздік кемелерге тыйым екі жыл бұрын енгізілген. Енді оларға Әулие Марк алаңы мен Джудекка каналының бойымен өтуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, бұқаралық туризм қала тұрғындарының күнделікті өміріне әсер етуді жалғастыруда. Қонақтардың саны көбінесе жергілікті тұрғындар санынан асып түседі. Бұл коммуналдық қызметтер мен көлік қызметтеріне қысым жасайды және қарапайым түрде айтсақ, адамдардың жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне кедергі жасайды. Соның салдарынан, венециялықтардың көбісі көшуге мәжбүр.
РЕМИ ВАКОНЬ БЕЛСЕНДІ: «Туристтердің шамадан тыс көп болуы қалаларға қауіп төндіреді. Сондықтан, жалға берілетін тұрғын үй көлемін ұлғайту шараларын қолдану қажет».
Сонымен қатар, Венеция қатты су тасқынына осал болып келеді. 2019 жылы дәл осындай апаттан кейін құны 6 миллиард еуро болатын су астындағы тосқауылдар орнатылды. Келесі жылдың желтоқсан айына дейін Италия қаланы одан әрі сақтаудың егжей-тегжейлі жоспарын ұсынуы керек. Ол 2025 жылы Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында талқыланады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 536 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Bv9Z_isnALU?si=t2N28FsmjJYo-YUI"
«ИННОПРОМ. Қазақстан». Осындай атаумен Астанада халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр. Бүгін 4 елдің: Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары сол көрмені аралап көрді. Онда ауыл шаруашылығы техникасынан бастап, автомобильдер, мұнай-газ, тау-кен, бақылау-өлшеу аспаптары, тыңайтқыштар және тағы да басқа өндірушілердің өнімдері қойылған. Елордадағы EXPO орталығының алаңында ұйымдастырылған көрмеге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысып жатыр.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстан бұған дейін Ресей Федерациясында дәстүрге айналған «Иннопром» жұмысына белсене қатысып, өзінің заманауи технологияларын ұсынып келеді. Біз бүгін көрмеге қатысушыларлды Астанада алғаш рет қабылдап отырмыз. Бұл сөз жоқ Қазақстандық бизнесті іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өнеркәсіптік кооперацияны нағайтуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын білдіреді. Қазіргідей жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық сын қатерлер артып келе жатқан уақытта осындай формат орнықты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Ауқымды шара өзара тиімді ынтымақтастықты және алдымызда тұрған шараларды бірлесіп шешуге ықпал етеді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WGzASkYP9Ss?si=mpHe4FqQKO9kAYAE"
Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтеді. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтардың саусақ іздері алынады. Одан бас тартқан жағдайда айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифингте Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаев айтты. Оның айтуынша бұндай қызметтен қорқудың еш қажеті жоқ. Қайта пайдасы көп дейді. Адам жоғалып немесе сөйлеу қабілетінен айырылғанда саусақ ізі арқылы оның кім екенін оңай білуге болады. Ал, қауіпсіздік жағынан ел азаматтары алаңдамаса да болады дейді ол.
НҰРЖАН ЖАҢАБАЕВ ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Саусақ іздерін сақтау қауіпсіздігінен және жүйеден дербес деректердің жария болып кетуінен қорқатындар үшін хабарлаймыз – саусақ ізі туралы ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жатады. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан азаматтарының ақпараты деректер базасында саусақ іздерінің цифрлық моделі мен бірегей идентификатор ретінде көрсетіледі. Онда тегі, аты, әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) сияқты дербес деректер жоқ».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 558 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DFVHVK8JL9Y?si=Yx2sSEm4oZ8aj4a3"
Жол азабын тартқан білер! Арнамызға Алматы облысы Іле ауданы Ашыбұлақ ауылдық округіне қарасты Төле би елдімекенінің тұрғындары шағымдарын айтып хабарласқан болатын. Арнайы барып хал ахуалдарымен танысып қайтқан едік.
Бұрынғы сүт фермасы орналасқан аумаққа кейінгі жылдары жер бөлініп тұрғындар қоныстанып бүгінде түтін саны 300 ден асқан. Жолдың жырын айтуға тайлы тұяғы қалмай жиналған тұрғындар көптеген мәселенің шетін шығарды. Журналистер келеді деген соң біраз жыл жөндеу көрмеген күре жолдарына бүгін таңертеңнен бастап күрек түсіпті.
ЛӘЗЗАТ НҰРҒАЛИ ТҰРҒЫН: «Біздің жан дауысымызды аудан әкімі,облыс әкімі,ауыл әкімі естімегеннен кейін сіздерге шығуға мәжбүр болдық. Мына күре жол жалғыз Төле би ауылына кіріп шығатын жол.Осы жол жылдар бойы асфальттанбаған болатын. Біз жылда ақша жинап жамаймыз. Жамап қойған жерімізді тендерді ұтып алған Жетісу құрылыс компаниясы осы жолды 7 қыркүйектен қырып тастады. Біз телеарна шақырамыз дегеннен кейін түннен бері қырып бастады».СЕЙСЕНБАЙ МАХАНОВ ТҰРҒЫН: «Жолдың өзі Союз кезінде салынған. Содан кейін күрделі жөндеу көрген жоқ. Содан бері міне бірінші рет. Бірақ бұл жолға біздің көңіліміз толып отырған жоқ. Себебі күреп тастады,жаңбырдан соң шұрық тесік қып. Төлеби ауылынан шығатын жалғыз ақ жол. Міне автобус келіп жатыр ауылға автобустар жалоба жасайды, біз мына жолмен шашылып қалып жатырмыз деп».
Ауылмен қалаға №301 автобус қатынайды екен. Автобусымыз осы жолдың кесірінен жиі сынып қалады. Бірақ оны тұрғындар түсіне бермейді дейді қоғамдық көліктің жүргізушілері.
САМАТ ТӘЖИЕВ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: «Жүретін маршрутымыз Сәлем мен Төле би ауылы. Мына жолымыз онша емес. Төле бидің поворотынан Декабрьдің поворотына дейін. Автобустар жәй-жәй сынып жатыр. Кеше бір автобус сынып тұрды.Тұрып қаламыз.Одан халық күтеді бізді бір сағат екі сағат».
Халықтың жиналып жатқанынан хабардар болған әкім тұрғындарға жүргізіліп жатқан жұмыстарын айтуға өзі келді.
ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: ЖАЛҒАС СҮЛЕЙМЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу жұмыстары кеш өткізілуіне байланысты он сегізінші тамыз күні Жетісу жол құрылысы ЖШС келісімшарт жасалған. Тендер өткізілген. 4,1 шақырымды құрайды. Жобалық құны 124 млн теңге. Кәзіргі таңда тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізі аяқталу жұмысы 31 желтоқсан. Қазан айының басында бітіреміз».
Осыған дейін атқарылған жұмыстарды тізіп берген ауылдық округтің әкімі,тұрғындар көтерген мәселенің жуық арада толықтай шешімін табатынын алға тартты.Шамалы сабыр сақтап,тосуға шақырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 532 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YshXDM78h94?si=nqVhLO1KsMjr7GP7"
2 қазан күні 2022 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. 55 мыңнан астам алматылық өз міндеттемелерін әлі орындаған жоқ. Осыған байланысты бұл тұрғындарға банк қызметтерін пайдалануға шектеу қойыламақ.
Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінен атап өтілгендей, төлем мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалды. Осыған қарамастан 55 644 тұрғын жалпы сомасы 735 млн теңгеге салық төлемеген.
ҚУАНЫШ ТҮМЕНБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МКД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салық салуға жататын объектілердің саны 642 172 құрайды, бағалау құны 3 054 млрд теңге, 2022 жылы есептелген салық сомасы 3,9 млрд теңгеден асады. Өткен жылмен салыстырғанда салық салу объектілерінің саны бағалау құны 6 млрд теңгемен 27 238-ге ұлғайды, оның ішінде жеке үйлердің саны 547 – ге, пәтерлер – 21 262, гараждар-5 246-ға көбейді. Айта кету керек, жаңа салық салу нысандарының негізгі бөлігі 9 167 Бостандық ауданына тиесілі».
Салық төлеу мерзімі өткеннен кейін, мүлік салығын төлемегендер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банктік шот ашу, аударымдар жасау, несие алу және тағы басқа. Бұл Салық кодексінде қарастырылған. Әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады.
Баспасөз мәслихаты барысында, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мүлік салығынан кімдер босатылатынын айтты.
ҚУАНЫШ ТҮМЕНБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МКД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік еңбек ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде, барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан босатылады».
Департамент тұрғындарды қарыздарын өтеуге шақырады және салықтарды уақтылы төлеуге кеңес береді. Сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 588 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nJNKFTqkdzo?si=qSlfjejJdgOxD0j6"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті.Президент Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларына ілтипат білдіре отырып, қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық «Иннопром. Қазақстан» өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен кәсіпорындар мен ірі жобалар саны артып келеді. Бұл Одаққа мүше елдердің сыртқы сауда көлемінің үздіксіз ұлғайып, биылғы бірінші жартыжылдықта 13 пайызға жеткенінен байқалады. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық кооперацияның тиімділігі көлік-транзит әлеуетін ашумен тікелей байланысты, сондықтан көлік қатынастарының мүмкіндіктерін дәйекті түрде дамыту керек деп санайды.
Президент Иранға, Парсы шығанағына және Үндістанға шығуға мүмкіндік беретін Солтүстік – Оңтүстік транзит дәлізінің, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының, Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағытының мүмкіндіктері жөнінде айтты. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетіне баса мән берді. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өнеркәсіп саласындағы ықпалдастығын дамыту маңызды екеніне тоқталды.
Сондай-ақ биыл мамыр айында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру кезінде кооперацияға қаржылай көмек көрсету туралы құжатқа қол қойылғанын еске салды. Президенттің айтуынша, бұл механизм бірлескен жаңа өндіріс орындарын ашуға тың серпін береді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 522 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2hMPsONmekI?si=09U-xNBlX-16Bpr6"
Маңғыстау облысында жалған ақша купюраларын өткізу бойынша қылмыстық әрекеттің жолы кесілді. Ұсталған азамат номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан. Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату фактісі анықталып, жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары қолға алынды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ - ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ «Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.Құрметті азаматтар! Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, оны сатуға тырыспаңыз. ҚР ҚК 231-бабына сәйкес өз қаражатын қайтарып алуға деген ұмтылыс қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін.Дереу түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 561 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/e7PlXbCFjjI?si=5iwq8WeZQrn6mR7X"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 622 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kLuDSTPSmhw?si=dg660d8txC59IQF0"
Мәдениет және спорт министрлігінің Архив құжаттама және кітап ісі комитеті былтырғы жылдан бастап «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Қабылданған жоба аясында Алматы қаласының Мемлекеттік архиві «Тарихи тұлғалар жасайды» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Архив құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Алматы қаласының Мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Тарихи тұлғалар жасайды» тақырыбындағы танымдық іс-шарада ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, нығайту барысында мектеп оқушылары мен студенттерге архив қызметі бойынша, мұрағат қорындағы белгілі тұлғалар жайлы ақпараттар беріліп, экскурсия жасалды.
Іс-шараға білім алушылармен қоса мұғалімдер, мұрағаттанушылар қатысты. Білімгерлерге «Ашық микрофон» атты интерактивті ойын ұйымдастырылып, «Архив ұғымы», «Алматы қаласының тарихы», «ҚР рәміздері», «Тұлғатану» сынды тақырыптармен тапсырмалар беріліп, ой-пікірлер ортаға тасталды. Архив ғимаратында заманауи сөрелер, климат-бақылау, жариялаушы қондырғысымен өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталған. Бұл жерде 18 құжаттама қоймасы бар.
Мекемеде 130-ға жуық қаламгердің құжаттары сақталған. Соған байланысты, келушілерге арналған көрме залдары да бар. Көрме белгілі уақытта әртүрлі қаламгерлердің еске алу күндеріне байланысты ауысып тұрады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 568 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LIqY5E5cUCU?si=Mfg6cnS66Ft2TpDy"
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында «ALMATY USTAZY» байқауының үшінші кезеңі ұйымдастырылды. Соңғы кезең 2 бөлімнен тұрады:1-сі «Мен – мұғалім көшбасшымын» жобасын қорғау;2-ші «Қазіргі білім берудің өзекті міндеттері» тақырыбын қамтыды.
«Almaty Ustazy» байқауы қалада үшінші жыл өткізіліп келеді, талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, педагогтердің беделін арттыруға бағытталған.Мұндай байқау жас педагогтар арасында өзекті және сұранысқа ие, өйткені оның алаңында көптеген пайдалы ақпарат алуға, жаңа әдістер мен технологиялар туралы білуге, білімдері мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады.
ӘКІМЖАН САЙЛЫБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛК КАБИНЕТТІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:«Ең үздік математика мұғалімі,ең мықты физика мұғалімі сондай 14 мұғалім финалға шықты. Енді осы финалда әрбір мұғалім өзінің жобасын қорғайды. Ертең шетелге тағылымдамаға барады. Біздің мұғалімдер бұған дейін тек сырттан көрейікші, үйренейікші деп баратын болса бұл бес мұғалім, біздің де үйретеріміз бар деп барады. Бүгінгі конкурстың ерекшелігі сол».
I кезең онлайн режимінде 205 мектептен 1327 педагог, 11 оқу пәні бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылардың жұмысын 73 сарапшы бағалады.Байқаудың іріктеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге сарапшылар әртүрлі пәндерден 114 қатысушыны жіберді. Олар 2023 жылдың 11-16 мамыры аралығында 22 мектеп базасында конкурстық сабақтар өткізген болатын.
ӘЗИЯ ЖҰМАБАЕВА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰПУ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ,ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: «Байқауға бірінші екінші кезеңдері бойынша сарапшы, 3 кезеңі бойынша әділқазылар мүшесі ретінде қатысып отырмын. 4 айдан астам уақыт бұрын басталған болатын. Ең соңғы кезеңге үздіктер ғана сараптап алынды. Ішінен тек қана үздіктерін ғана аламыз».
Алматы қаласының жас мұғалімдері үшін конкурсқа қатысу - бұл өзінің кәсіби өсуіне қадам, цифрлық дәуір жағдайында жұмыстың жаңа тәсілдерін зерделеу болып табылады. Осыған орай,байқауда бақ сынаған ұстаздармен тілдескен едік.
ЕРНАР ӘБДІХАЛЫҚОВ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: «Қазіргі таңда төрт өлшемді білім беру жүйесін қолға алып,осы методиканың жалпы қазақ қоғамы үшін маңызды екенін көрсету мақсатында осы методиканы жасап жатырмыз. Өзіндік нәтижесін беріп жатыр.Жалпы әрбір сайыс адамды пісіреді.Осындай сайыстардың арқасында біз жетілеміз,дамимыз.Осы шарадан жеңімпаз атанып,Сингапурда қазақтың болмысының қандай екендігін танытқым келеді. Қазақ халқының қандай әлемдегі ең мықты халықтың бірі екендігін көрсеткім келеді».
САЛТАНАТ АНАПИАЕВА БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: «Бүгінгі байқауға қатысушы ретінде келіп отырмын. Үлкен еңбекпен жеттік. Бұл байқау мұғалімдер үшін әсіресе қазақ ұстаздары үшін берілген ең үлкен мүмкіндік деп айтқым келеді. Себебі біз қазақы құндылықты,қазақи тәрбиені цифрлық білім беру арқылы жасанды интеллект арқылы қалыптастыра аламыз. Дәл соны қалай қалыптастырмыз деген шешімі бүгінгі жарыста өзекті түрде қозғалып көтеріліп жатыр және шешімі дайын түрде әкелініп жатыр. Көптеген мәліметтер алып жатырмын бүгінгі жарыстан. Осыдан кейінгі тәжірибемде қолданылады деген үміттемін».
Ақтық сынға шыққандар Сингапурде өтетін халықаралық білім беру тағылымдамасына жолдама алады.Гран-при иегері қосымша 5 000 000 теңге сыйақымен марапатталады.Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау Республика сарайында 2023 жылдың 5 қазанында мұғалімдер күніне орайластырылады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 521 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/B8GqVW81lGI?si=lQ8PPva4ATapK_WV"
Жақында Алматыдағы көлік тораптары қызметкерлері мен туристер тікелей жұмыс жасайтын сала мамандары арнайы оқудан өтеді. Оларға ағылшын тілі және қонақжайлылық негіздері бойынша сабақ беріледі. Оны Алматы туризм бюросы қолға алады. Негізгі мақсат - Алматыны туристер үшін қолайлы қала жасау. Осыған орай, шаһарда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Соның алғашқысы, халықаралық әуежайдағы паспорттық бақылау аймағынан басталды. Нақтырақ айтқанда, әуежайдағы кабиналар жаңартылды. Енді шеттен келген қонақтарды әлемнің тоғыз танымал тілінде: қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрік және корей тілдерінде қарсы алады.
Одан бөлек, келушілерге ыңғайлы навигация үшін қала қиылыстарында 52 ақпараттық тотем орнатылды, онда картадан басқа да танымал туристік бағыттар туралы ақпарат бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 589 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9MzGVQVnqRE?si=bGnoyo2eeWY7SUC4"
Бразилияның Амазонас штатында өзендер құрғап жатыр. Бұл шалғай ауылдардың тұрғындарын азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және басқа да тауарлармен қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.
Амазонканың бұл жер телімі Солиймонс деп аталады. Мұнда өзеннің таяз болғаны сонша, үлкен кемелер өте алмайды. Адамдар шағын көлемді жүктерді кіші қайықтармен тасымалдауға мәжбүр.
ҚАЙЫҚ ИЕСІ: «Мұның бәріне құрғақшылық кінәлі. Жағасы қазір алыс. Жүкті көтеру өте қиын».
Тауарларды тасымалдау бағытында қиыншылықтар туындағаннан кейін, бағалар да өсті.
САТЫП АЛУШЫ: «Өткен айда ғана мен майды 7 реалға (1,40 доллар) сатып алған едім. Осы айда бағасы 8 реалға (1,65 доллар) өсіп кеткен. Келесі айда қандай өзгерістерді күтетінімді білмеймін».
Ұстаздар мен мектеп оқушылары сабаққа өзен жағалап жүруге мәжбүр болды. Енді Джунгли арқылы өтетін ыңғайсыз жерүсті маршруттарын пайдалануда. Бразилия геологиялық қызметінің хабарлауынша, бұл Солимойнс өзенінің соңғы он жылда екінші рет қатты таяздануы.Жығылғанға жұдырық, Амазонка аймағында су тасқыны да орын алуда. Жақында жүргізілген зерттеулер бойынша, соңғы 40 жылда аймақта құрғақшылық та, су тасқыны да жиілеп кеткен. Осылайша, Риу-Негру Амазонкаға құятын Манауста соңғы 120 жылда 12 рет су тасқыны болды. Оның сегізі соңғы 14 жылда орын алған.Зерттеушілердің пікірінше, табиғи апаттарға ормандардың кесілуі мен экстремалды ауа-райы ықпал еткен.
Тағы басқа мақалалар...
- Әзербайжан мен Армения билігі Таулы Қарабақ үшін әзірге ешқандай келісімге қол қойған жоқ
- «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы бизнесті қолдау жобаларын таныстырды
- Жетісу облысында субсидияларды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық жағдайлары анықталды
- Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес болды
204 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.