
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 655 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6SuURPz2iI0?si=nc3U_VdAJwVDFW3-"
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Олардың жетегімен қаншама шәкірттер түлеп,үлкен өмірден өздерінің орындарын тауып жатыр.Сондай кәсіби маманның бірі Арайлым Санақбек.Ол Алматы қаласындағы №205 жалпы білім беретін мектепте 7-жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді.Көптеген білім сайыстарынан топ жарып жүрген ол,үздік ұстаздардың алды деуге болады.
АРАЙЛЫМ САНАҚБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №205 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗЫ, ПЕДАГОГ-САРАПШЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 527 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zzqvwSOeWGY?si=0OC89QLqrSCMVpN_"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 518 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZEYSHN2-NPc?si=JM16Quivz27hj8sF"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VUnQ9YTOg4k?si=pJiQvVJM3qaO7Bcf"
Армяндық отбасылар түйіншектері түйілген үлкен сөмкелерімен Арменияның оңтүстігіндегі Сюник облысына жеткізіп салатын автобустарды күтуде. Әзірбайжан Таулы Қарабақты бақылау жөніндегі әскери операцияны бастағаннан бері бұл елге 100 мыңнан астам босқын келген. Бұл туралы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы мәлімдеді. Жалпы Қарабақта 120 мыңға жуық этникалық армян тұрды. Әзірбайжан әскерилерінің тазалауынан қорыққандықтан көпшілігі қашып кетті.
ТАУЛЫ ҚАРАБАҚТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН: "Бүгін біз Ереванға тіркелуге бара жатырмыз. Одан соң тұрақтайтын жер табуымыз керек. Мен кішкентай қызыма қамқорлық жасауым керек ".
ТАУЛЫ ҚАРАБАҚТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН: "Өте қиын болды. Біз 26-29 сағаттан бері жолда жүрміз. Көлік көп болғанымен, мұнда жету оңай болған жоқ. Менің анам науқас, ал інімнің балалары мен немерелері бар".
Жексенбі күні Таулы Қарабаққа БҰҰ миссиясы келген. Бұл - халықаралық ұйымның өңірге соңғы 30 жылдағы алғашқы сапары. Таулы Қарабақ халықаралық деңгейде Әзірбайжанның бір бөлігі саналады. Бірақ онда негізінен армян христиандары мекендейді. КСРО құлағаннан кейін 30 жыл бұрын ұрыс қимылдарының нәтижесінде онда тәуелсіз республика жарияланған. Әзірбайжан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде жойылатынын жариялады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 510 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wZj70Rs1XYI?si=2cW6ey-VxJPescaR"
Бұдан былай қазақстандық полиция қызметкерлері жаппай мәдениеттілікке, ойын сауатты жеткізуге арнайы оқытылатын болады. Бакалавриат, магистратура, докторантураға шешендік өнер сабағы пән ретінде енгізіледі. Бұрын мұндай міндет болмаған. Мақсат: білікті кадр дайындау.
ЛӘЗЗАТ АМАНОВА ҚР ІІМ КАДР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ВЕДОМСТВОЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Қазіргі полиция қызметкерінде ойды сауатты ұсыну, интеллектуалды қабілеттер, ойлау мәдениеті, халықпен қарым-қатынас дағдылары және басқаларын қамтитын кәсіби құзыреттердің кең жиынтығы болуы қажет».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 531 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-zSCm4l7GKE?si=4ZCP_6wTRCyH9mTg"
Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиынға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференцияда еліміздегі детектив жанрының дамуы мен ерекшелігі, «Қазақ детективінің атасы» атанған жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер мен тың тұжырымдар талқыланды.
МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Детектив жанрындағы Кемел Тоқаевтың орны осы конференцияда жан-жақты айтылды. Сөйлеген азаматтар, ғалымдар, жазушылар ол кісінің шығар шығармашылық ерекшелігін, шеберлігін және өзінің жандүниесін қазаққа деген ықыласын, махабаттын өте әдемі айтып берді. Бұл кісінің шығармаларының бес томдық кітабы 2021 жылы шыққан. Сол бес томдықтың зерттеу жағы әлі кемдеу. Қай шығармасы қандай деңгейде, қалай жазылған бұның барлығы Қазақстан жазушылар одағының және қолына қалам ұстағандардың міндеті деп ойлаймын».
Сондай-ақ қатысушылар назарына Кемел Тоқаевтың шығармашылығынан сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 559 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YUqn9uuYNjA?si=U3ifMEzePqZXdXCO"
Елімізде жылдағы дәстүр бойынша 1-қазан қарттар күнін атап өтеді. Қазыналы қарияларды құрметтеуге арналған шара Алматы облысы Кеген ауданында да орын алды.Аймаққа жаңадан келген әкім, ауданның гүлденуіне үлесін қосқан қариялардың басын қосып,інілік ілтипатын көрсетті.Даталы күн Қазақстанда 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі. Мерекелік мәртебе Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында берілген болатын.
НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз бекер айтпаған.Оларды жылына бір келетін мерекеде еске алып қана қоймай, әр қашанда құрмет көрсету,баршаға ортақ парыздың бірі.
ГҮЛСІМ МҰСАЕВА КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Менің папкамда Нұрбақыт деп тұр.Ол жерде көп файлдар бар,тек қарттарға жайылған дастарханның видеоларын алу керек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 547 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oUFncdnlXwg?si=jEIKYw6yAow9v_WK"
Кувейтте робот-даяшы пайда болды. Мейрамхана индустриясында бұл жаңалық деуге келмес, дегенмен осы саланың болашағы болуы әбден мүмкін.
Кувейттегі осы мейрамханада жаңа көмекші - робот-даяшы, дәлірек айтқанда - CAN есімі берілген даяшы пайда болды. Ол тапсырыстарды қабылдай алмайды, тіпті тамақ салынған ыдыстарды да үстелге қоя алмайды, бірақ тағамдарды қажетті орынға дейін жеткізеді. Ал қалғанын адам даяшылар істейді. Даяшылар болса енді олардың жұмысы қауіпсіз әрі жеңілдейтін болды дейді.
ДЖЕССИ НОМЕСС — ДАЯШЫ: " Робот бағдарламаланған. Біз жай ғана үстел нөмірін енгіземіз. Сондықтан ол қажетті үстелге барады, ал біз тағамдарды алып, оларды клиенттердің алдына қоямыз. Бұл тек көмекші ".
Мейрамхана индустриясындағы роботтар жаңалық емес. Енді олар осы саланың болашағы болуы да мүмкін дейді қарапайым келушілер.
МЕЙРАМХАНА ҚОНАҒЫ: "Бұл болашақта бізді күтіп тұрған жағдай. Роботтар адамдарды түгелдей алмастыра қоймас бірақ,40 пайыз жұмысты солар атқаратын болады".
Мейрамхана басшылығы болашақта роботтар жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселесін шешеді деп үміттенеді.
АХМЕД ШЕРРИФФ – МЕЙРАМХАНА МЕНЕДЖЕРІ: "Біз заман талабына сай дамып отыруымыз керек. Жұмыстың көбін робот атқаратын болса, мейрамхана иелері даяшыға ақша төлемеу үшін роботтың қызметіне жүгінетін болады.
Менеджердің айтуынша қызмет көрсету саласында адамдардың болғаны дұрыс. Бұл орталық робот-даяшысы бар әзірге бірінші мейрамхана.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 533 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/D0F_klIgHEQ?si=h-2VcU7BGm9A4HiJ"
"Абай облысындағы 15 адамның өмірін жалмаған алапат орман өртінен кейін бізге ескі техника берілді". Осылай деген Успен орманшылығы қызметкерлері оларға басшылық қызмет барысында қолдану үшін осыдан 49 жыл бұрын шығарылған өрт сөндіру техникасын ұсынғанын айтады. Алайда, тозған техниканың жүргенінен гаражда тұрғаны көп дейді. Сондықтан, оны қолданбай, утильге жіберген жөн деп шағымданды.
Я начальник ЛПС Успенского лечничество В.Е. Николаевич. Хотелось бы представить наши транспортное средство на котором мы данный момент работаем по тушению место пожара. Данный автомобиль был после крупного пожара передан с СПЧ города Семей. Год выпуска автомобиля 74 . Состояние неудовлетворительное. Ремонтировать пока не имеем возможности.
Алайда, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуларынша, ескі техниканы орман шаруашылығына 31 шілде күні берген. Яғни, қызыл жалынның кесірінен қолданыстағы техникалар жанып кеткенде ескі техниканы өрт сөніруге жіберуге мәжбүр болдық деп отыр. Ал алапат орман өртін сөндіру кезінде «Семей орманы» мекемесінің бес бірлік техникасы жарамсыз болып қалған екен. Енді олардың орнын толтыру үшін және орманшыларға жаңа өрт сөндіру техникасын алу үшін бюджеттен 1 жарым миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Техникаларды кезегімен жаңартып жатырмыз дейді.
ТӨЛЕГЕН ГАЛЛЯМОВ "СЕМЕЙ ОРМАНЫ" МОТР" РММ БАС ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Сонымен қатар шілде айында DOS CAR компаниясы JAC-6T маркалы 2 жоғары өтімді автокөліктің кілттерін табыстады. Аталғандардан бөлек қыркүйек айында «АҚ ЕРТІС» қоғамдық қорынан облыс Әкімі Ұранхаевтың қолдауымен тағы тағы басқа жабдықтармен қамтамасыз тілді, жеткізілді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 570 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7jAM3dCVgHo?si=sPmA7mxatEUo_dxF"
Петропавлдағы «Океан» сауда үйінің жанында орналасқан көп қабатты баспана тұрғындары редакцияға шағымданды. Айтуларынша, үй маңындағы қоқысқа сауда орталықтары қоқыс төгетін болған, бүлінген азық-түлік қалдығынан жағымсыз иіс ауаға тарап жатыр.
Сондай-ақ, тұрғын үй маңындағы ағаштар шіріп, құлайын деп тұр. Наразы тұрғындар оқыс оқиғаның алдын алу үшін бірнеше рет әкімдікке арызданған, бірақ нәтиже жоқ.
ЛЮБОВЬ СЛЕПНЕВА – ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ «Мұнда тұрып жатқаныма 30 жыл болды. Басында бәрі жақсы еді. Кейін жанымызда сауда орындары пайда бола бастады. Олар тұрғын үйге тиесілі қоқыс алаңына шіріген жеміс-жидек, азық түліктерін тастайды. Жаман иіс қолқаны қабады. Автотұрақ та үнемі толы. Жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметінен бөлек, тұрғын үй иелерінің өздері көліктерін қоятын жер таппай жүр».
Енді көппәтерлі тұрғын үй иелері қоқыс алаңын Гоголь-Бостандық көшесіндегі учаскеге көшіруді сұрап отыр. Олардың айтуынша, жаман иіс мәселесін осылайша шешуге болады. Сондай-ақ үй маңындағы құлайын деп тұрған ағаштар да жұрттың мазасын алған. Бұған дейін құлаған бұтақтан терезе сынған бірнеше жағдай болған екен.
ИРИНА ЯУФМАН - «ОКЕАН» ПИК ТӨРАҒАСЫ «Әкімдікке 3 жыл қатарынан өтініш жаздым. Ешқандай нәтиже болмады. Бар айтқандары қызметкерлер ауысып кетті, істі басқаға берді дейді. Өзіміз қайда, кімге жүгініп жатқанымызды білмейміз. Айналамыз толы шіріген ағаш. Өткен маусым айында қатты жел болып, бір ағаш құлады. Кешкі уақыт болғандықтан тұрақта көліктер болмады. Адамдар зардап шекпеді. Бұл жағдайдың тағы қайталанбасына кім кепіл?»
Қалалық әкімдік мамандары мердігер компаниямен келісімшарт жасалғаннан кейін ескі ағаштардың кесіп алынатынын жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 528 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YaU7PF8gtcw?si=5DqhXyBdYLl1r46p" title="YouTube video player"
Бүгін Алматы әуежайында ХІХ Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері атанған Алматы облысының спортшылары Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко және Аян Тұрсынды жанкүйер қауым, ерекше қошеметпен қарсы алды.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медальмен, Аян Тұрсын Ушу-саньда сайысы бойынша қола жүлдегер атанып, елге оралды.
ЭДУАРД ЕЩЕНКО ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: «Біз өте қуаныштымыз. Әрине шаршадық. Денемізді қалпына келтірудеміз. Бұл біздің спорт жолындағы Азия ойындарындағы ең бағалы медальіміз. Барлықтарыңызға берген қолдауларыңыз үшін рахмет айтамыз».
АЯН ТҰРСЫН ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: «Аллаға шүкір осындай дәрежеге жеткенімізге. Әуелі Аллаға шүкір, одан кейін тренерларға, барлық осы біздің дайындығымызға үлес қосқан адамдарға, барлықтарына рахмет!».
ӘСЕМ ОРЫНБАЙ ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: «Жарыс өте керемет өтті. Дайындығымыз өте жақсы болды. Өзім дициплина бойынша жарысқа түстім. Үшеуінен де медаль алып отырмын.Бізде мықтымыз».
Азия ойындарында Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында Алматы облысынан барлығы 10 спортшы бақтарымен баптарын сынады. Алда өңірден ел намысы үшін 5 және 7 қазанда әйелдер күресінен Марина Седнева мен джиу-джитсу өкілі Мариан Ордабаева сынға түспек. Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындары – Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) басшылығымен төрт жылда бір рет өтетін Азия құрлығының спортшылары арасындағы кешенді спорттық жарыс. Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 581 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vbj17rGDBK4?si=c6jl9mt5Hlwb34D0"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады.Кездесу барысында «Қазпошта» акционерлік қоғамының биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндады.
Атап айтқанда,компания шығындарды оңтайландыру, электронды коммерцияны және басқа да қаржылық қызметтерді дамыту есебінен соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналған.
Бұдан бөлек,мекеме басшысы еліміздің шалғай елді мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отырғанын жеткізді.
Бұл пошта, қаржы, агенттік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
ӘСЕЛ ЖАНАСОВА «ҚАЗПОШТА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Тағы басқа мақалалар...
199 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.