
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 717 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WP76nPz0eAo?si=sOASMlgRSlRckMcr"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 692 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oavnjorcctg?si=8lcfFNDJEtoQ7stw"
Сапарға шығар алдын туроператор таңдауда абай болыңыз! Қазақстанда заңнама талаптарына сай келмейтін 7 тур агенттіктің жұмысы тоқтады. Олар лицензияларынан айырылды. Сондықтан, алданып қалмас үшін сапарыңызды жоспарлар кезде алдымен Туризм және спорт министрлігінің сайтына кіріп тізімді бір тексеріп алыңыз. Бұл туралы аталмыш ведомствоның Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Мейіржан Әуезов айтты.
МЕЙІРЖАН ӘУЕЗОВ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Атап айтқанда олар келесі туроператорлар: Хадж Travel, TBB TOUR, ЛС тур, «Бархатный сезон» сонымен қатар Сұлтан Хаджа Travel. Олар заңның ҚР Туризм қызмет туралы заңның 27,3 бабында көзделген міндеттемесін орындамаған. Ресми тур оператор мен тур агенттіктердің тізімін ҚР туризм және спорт министрлігінің сайтынан, «е-лизнеция» порталынан көруге болады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 676 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zmXf-5kymVk?si=fpHQY1gErjmfTtgE"
Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны ескі көлік доңғалақтарынан түрлі мүсін жасайды. Ол алғашында немересінің өтінішімен балапанның фигурасын құрастырып көрген. Кейін мұны тұрақты табыс көзіне айналдырып, кәсіп бастаған.
Қазір автокөлік шиналарын бақша фигураларын жасауда, саяжай аумағын безендіруде жиі қолданады. Сондықтан әлеуметтік желілерде ескі доңғалақтан небір фигура жасаған түрлі бейнежазбаны кездестіресіз. Мереке Айтмағамбетов те өз кәсібін осылай бастап кетті. Немересі әлеуметтік желіден әдемі мүсіндерді көріп, атасынан жасап беруін өтінген. Осылай алғашқы 3 фигура дайын болып оны көршілер, туыс-туған көріп қызығушылық танытады. Кейіпкеріміз сұраныс бар екенін байқап, өндіріс ашып, кәсібін бастаған. Қазір қарамағында 5 адам жұмыс істейді.
МЕРЕКЕ АЙТМАҒАМБЕТОВ ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ: «Дөңгелектерді шиномонтаждан аламын. Ол жерде жарамсыз шиналарды іріктейді.Солардан аламын. Кейбір шиномонтаждар тегін береді, кейбірі тиын-тебен шайға тастап кет дейді. Жұмасына 1 рет мен дөңгелектерді кәсіпорынға апарамын. Бір жұмада 25-27 фигура шығады. Өткен жолы 30-ына тапсырыс берді.Ондайды мен күткен жоқпын».
Бұл айтуға оңай болғанымен іс жүзінде қиын шаруа. Сапалы дүние жасаймын десеңіз, біраз ізденіп еңбектенуді талап етеді.
МЕРЕКЕ АЙТМАҒАМБЕТОВ ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ: «Дөңгелектер жуылады. Кейін оларға пішін беріп, кесіп, бәрін дайындаймыз.Тек содан кейін оны бояуға болады. Мына аттың мүсінін алып қарасақ. Дөңгелегін, арбасын істеуге 2 күн уақыт кетеді. 1 күн бояуға кетеді. Сосын тағы 1 күн кебуі керек».
Қазір кейіпкеріміздің үйінің алдында 30-ға жуық мүсін дайын тұр.Оның біраз бөлігі қаладағы ойын алаңдарын безендіру үшін қолданылмақ. Мереке Айтмағамбетовтың қолынан шыққан кейбір мүсіндерді жергілікті балабақшалардың алдынан кездестіруге болады.
ЕРБОЛАТ ЖАНТАСОВ БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ: «Балабақшамыздың бірінші жылдық жұмыстарының негізгі міндеттері – ата-аналармен жұмыс болып табылады. Балаларды дамыту үшін, тұлға болып қалыптасуы үшін тек тәрбиешілер ғана емес, ата-аналар да жұмыс істеуі керек. Біздің ата-аналарымыздың ішінде атасы болып осындай мүсіндер жасап берді. Кіріп келген кезде өте әдемі көрінеді».
Енді шебер кәсібін кеңейтіп, қызметкерлер санын өсіруді жоспарлап отыр.Ол үшін қайтарымсыз грант алуға да ниетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 682 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/osIxsc9rD88?si=wBx2vGGQxpQe0ELb"
Алматыда электр бағанасына шыққан монтер тірідей жанып кетті. Оқыс оқиға кеше кешкі сағат алты шамасында «Атмосфера» тұрғын үй кешенінде болды. «Алатау жарық» компаниясының мәліметінше,ер адам тұрғын үй кешенінің электршісімен бірге, Талғар аудандық электр тарату торабы мекемесінің рұқсатынсыз жұмыс жүргізген. Қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, тоқ соғып, қаза тапты. Аталған оқиғаға қатысты Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 726 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/y5B3XtHqJDw?si=8fkZ8lNuTXKJA4pS"
Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған арнайы спорт кешені жоқ. Соның салдарынан салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар әр жерде жаттығып жүр. Кейде спортпен шұғылданатын жабдықтардың жетіспеушілігінен апталап кезек күтуге мәжбүр. Бір айта кетерлігі, тәуелсіздік жылдары өңірде ондаған спорт ғимараты бой көтергенімен мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік берілмеген. Тағдырдың емес, мамандардың салғырттығынан әбден шаршаған параспортшылардың мұңын тілшіміз жеткізіп көрсін.
Ғани Есентеміровтің ауыр атлетикаға келгеніне 5 жыл болған. 2-топтағы мүгедектігі бар азамат бүгінде пара пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұл дәрежеге жету оңай болмады. Себебі тыңғылықты дайындық жүргізуге жаттығу залы жетпейді. Ұлтарақтай жерде зіл темірді көтеретін үш құрылғы бар. Оның біреуін спортшылар өздері қолдан жасап алған. Шұғылданғың келсе кезек күтесің,-дейді спорт шебері.
ҒАНИ ЕСЕНТЕМІРОВ ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:«Аслан Сүйіншалиев деген тренеріміз осы жерде жұмыс істейді. Сондықтан біз залдың бір шетіне өз заттарымызды қойып, осы спортпен айналысып жатырмыз. Ал өзімізде негізі 27-52 – ның артында ангар бар. Ол ангар санаулы бір спортты қамтиды. Волейбол, боча отырып ойнайтын».
Ал жеңіл атлетшілердің арасында әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Жыл 12 айдың ыстығы мен суығында да жағдай жасалмаған жерде жаттығу жасауға мәжбүр. Соған қарамастан Республикалық, халықаралық додаларда облыс атын абыроймен қорғап жүр. Ал спортшылардың киім ауыстыру бөлмесінің сиқы мынау. Жағдайы айтпаса да түсінікті.
НҰРЛЫБЕК ҚОЖАБЕКОВ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: «Зал жоқ. Орысша айтқанда ешқандай «условия» жоқ. Қыста енді, пока салқын енді. Шынын айтқанда зал жоқ. Қайда барамыз? 27-ге барамыз. Бірақ ол жерде копье лақтыра алмайды. Ештеңе істей алмайды ол жерде».
Бүгінгі таңда өңірде мүмкіндігі шектеулі 27000-нан аса адам болса, оның 7 мыңға жуығының спортпен шұғылдануға рұқсаты бар. Олар Ақтау мен Жаңаөзен қаласындағы ангар типіндегі арнайы спорт залдарда жаттығады. Бірақ оның өзі барлық спорт пен спортшыны қамтамасыз етпейді. Сондықтан заманауи әрі, үлкен орталық қажет.
ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «42 шағын ауданнан 22-дай жер Маңғыстау облыстық спорт басқармасына берілді. Соған болашақта спорт залдарын салатын боламыз. Жаңа айтқандай болашақта стадион жоспарын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға ұсыныстарымызды дайындап отырмыз. Бір бөлігінде мүмкіндігі шектеулі спортшыларымызға бір спорт залы болады».
Басқарма өкілі спорттық бәсекелерде жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай қолдау тұрақты деп отыр. Сондай-ақ, сайыс сапарының да шығынын өтейтіндерін алға тартты. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдаудан бөлек, демеушілер тартуға сөз берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 667 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/U_gW4BCe0XI?si=lK3ArWMoXZvRKA-6"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс сапарымен Қырғызстан Республикасына келді.Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуға арнайы келді.Онда Мемлекет басшылары күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 675 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/B3XVmZHfh-A?si=PcIbBsm7yOWFzJDi"
Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым әкімшілігі жыл сайын келетін ондаған мың туристер үшін ғылымды түсінікті және шабыттандыратындай етіп жасауды шешті.
Бұл жаңа құрылымды жобалауға атақты сәулетші Ренцо Пиано шақыртылған. Сәулетші Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының бас директоры Фабиола Джаноттидің ескі досы. Нәтижесінде ол ауада қалықтайтын екі дәліз жасады. Олар эксперименттер жүргізілетін жерасты туннельдеріне ұқсайды.
РЕНЦО ПИАНО СӘУЛЕТШІ:«Ғалымдар атомдардың ұсақ бөлшектерін көргенде олар әлем мен үлкен жарылыс туралы ойлайды. Және бұл өте дұрыс көзқарас. Егер сіз осы жағынан пайымдасаңыз жер планетасы - бәріміз саяхаттап жүрген шағын ғарыш кемесі екенін түсінесіз».
Ғимаратқа кіру тегін болады. Орталық дүйсенбі мен сенбі аралығында жұмыс істейді.
ФАБИОЛА ДЖАНОТТИ ЕУРОПАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Ғылым порталының көмегімен біз қоғамға ұсынатын білім беру мүмкіндіктерін кеңейткіміз келеді. Бүгінгі таңда ұйым жыл сайын өтінім қалдыратын 300 000 адамның 150 мыңын қабылдайды. Яғни, бұрын біз өтініштердің жартысын ғана қанағаттандыра алатын едік».
Жаңа «Ғылыми портал» келушілердің санын жылына жарты миллион адамға дейін арттырмақ. Женеваның айналасындағы 27 шақырымдық жер асты циклі әлемдегі ең үлкен ұйым. Ол 2012 жылы белгілі болды. «Ғылыми портал» орманды алқапта орналасқан және күн батареялары арқылы жұмыс істейді. Ішінде зертханалар, көрме залдары және конференц орталығы бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 659 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DdUslJTYEUQ?si=8gr6BEWHSu8IwATu"
Жерден 100 миллион шақырымдай қашықтықта орналасқан Бену атты астероид өзінің құпиясын ашуда.
NASA қыркүйекте астероидтың бастапқы үлгілерін зерттеудің алғашқы нәтижелерін Жерге жеткізді. Бұл біздің планетамызға қайтып келген ең үлкен материал көлемі. NASA-ның "Осирис-Рекс" ғарыш кемесі оларды үш жыл бұрын жинаған. Содан кейін оларды өткен айда Жердің ұшып өтуі кезінде капсула түрінде жерге тастаған. Ғалымдар бұл жерден кем дегенде бір кесе материал шығады деп күтеді. Дегенмен, негізгі сынама алу камерасы әлі ашылмағандықтан, нақты саны белгісіз. Көміртектен басқа, астероид материалында сулы сазды минералдар түріндегі су бар.
МИШЕЛЬ ТОМПСОН КОМАНДА МҮШЕСІ:«Онда гидратталған минералдар бар екенін білеміз. Бұл олардың микроқұрылымына судың кіретінін білдіреді. Бұл су күн жүйесі жаралған кезден бері бар. Ол Жерге жетіп, мұнда мұхиттардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін еді. Үлгіде органикалық молекулалар бар екенін де білеміз».
"Осирис-Рекс" кемесі 2016 жылы ұшқан. Миссияның құны миллиард долларды құрады. Екі жылдан кейін ол Беннуға жетіп,2020 жылы арнайы сорғыш құрылғының көмегімен зерттеуге қажетті материал жинаған. Үш жылдан кейін капсула Жерге құлағанда, оның зақымданбағаны белгілі болды. Яғни, 4,5 миллиард жылдық үлгілер қоспалармен ластанбаған. Енді алдағы уақыттарда ғалымдар оларды зерттейтін болады. Бұл зерттеулер күн жүйесінің пайда болуы, сондай-ақ жердегі тіршілік туралы сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 739 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kdVCgYn2Hwg?si=xw0fTod8-ZZ0ha2B"
Ауылдық аймақтардың инфрақұрылымын шешу кезек күттірмейтін мәселе.Бүгін аталмыш тақырыпты талқылауға арналған мәслихат депутаттарының бас қосуы Алматы облысына қарасты Қарсай ауданында орын алды. Онда атқарылып жатқан істермен,алдағы міндеттер талқыланды.
Қарасай ауданы Алматының іргесінде орналасқандықтан мұнда көшіп-қонушылардың легі жыл сайын артып келеді.Халық көбейген сайын, қажетті инфрақұрылымдарға сұраныс жоғарылап отыр. Басты мақсат,жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, қажетті медициналық мекемелерді шалғайдағы елдімекендерге салу, жол,су және жарықпен жабдықтау секілді түйіткілді мәселелер облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының назарына ілігіп отыр. Жиын барысында аудандық әкімдік мамандары 9-айдың қорытындысына тоқталып, негізгі басымдықтарды баяндады.
РУСТАМ АТЧАБАРОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ауданда өзекті тақырыптың бірі,үш ауысымды мектеп мәселесі. Осыған орай, 5-жаңа мектеп, үш орта мектепке жапсаржай құрылысы жүргізілген. Президент тапсырмасы аясында еліміздің әр аймағында жайлы мектептер салу жобасы басталып кеткен болатын.Соның он мектебі Қарасай ауданында бой көтермек. Биыл 8-мектепке қаржы бөлінген, бұйырса тиісті мерзімде пайдалануға берілмек. Жастарды білім ошақтарымен қамту маңызды болғандықтан, облыстық мәслихаттың төрағасы бастап,аймақтағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, көздерімен көріп қайтты. Бұл «Асыл-Арман» тұрғын үй кешеніндегі 2000 балаға арналып салынып жатқан мектеп. Мердігер «Адвенто» ЖШС жеке қаражатына жүзеге асыруда. Бұйырса 2024 жылдық қыркүйек айында қолданысқа беріледі.
ТАЛҒАТ БАЙЕДІЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Осыдан кейін мәслихат төрағасы бастаған азаматтар «Асыл-Арман» ықшам ауданындағы жылыту қазандығына ат басын бұрды. Тұрғындар үшін маңызды жоба,заман талабына сай қазандықтармен жабдықталған. Айтулы қазандық «Асыл-Арман» тұрғын үй кешеніндегі 20 мыңға жуық тұрғындарды жылумен және ыстық сумен тұрақты түрде қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мәслихат депутаттары Қаскелең қаласындағы өнер мектебіне арнайы келді. 2021 жылы ДОССАФ ғимаратын жергілікті әкімдік өз баланысына алған. Аймақтағы жастарды өнерге баулу үшін, айтулы нысанды өнер мектебіне айналдырмақ. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жоспары қарастырылып жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 721 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JxGdEFrgPow?si=TyvqsXr3-WIt499z"
Ақмола облысында интернет пен ұялы байланыстың игілігін дұрыс көрмей отырған елдімекендер бар. Көкшетаудың іргесінде орналасқан ауылдардың өзінде байланыс нашар. Ғаламтор желісінің жылдамдығы да мәз емес.
Садовое ауылы облыс орталығынан 10 шақырым қашықтықта ғана орналасқан. Қалаға жақын бола тұра ұялы байланыстың зардабын тартып отыр. Соңғы кездері ауыл тұрғындарының ғаламторға қосылмақ түгіл, жақындарымен байланыс орнатуы мұңға айналған.
АМАНТАЙ АХМЕТ САДОВОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Бізде байланыс нашар. Сөйлесе алмаймыз, сөйлесіп жатсақ үзіліп қалады».
МҰХАМЕД ЖҰМАШ САДОВОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Интернет вай-файмен жақсы ұстайды, былай нашар.Далада кейде ұстайды, кейде ұстамайды».
Қалаға жақын орналасқандықтан,бұл ауылға қоныс аударушылардың қатары да жыл озған сайын көбейе түсуде.Байланысты қамтамасыз етушілер абоненттерді түгел қамтып үлгере алмай отыр. Ал облыс бойынша елдімекендерді ұялы байланыспен қамту мәселесі жоспарлы түрде шешілмек.
БАУЫРЖАН РАҚЫПОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:«2024-2027 жылдар аралығында еліміздегі 3-4 оператор 115-ке тарта елдімекенде өз интернет желілерін модернизациялау жұмыстарын бастайды. Ол да біздің басқармамен келісіліп, қазір ауылдарды анықтау үстіндеміз».
Бүгінде облыс тұрғындарының 80 проценттен астамы интернет желісімен қамтамасыз етілген. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 250-ге жуық елдімекенге сапалы ғаламтор желісі тартылмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 672 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jp-9UlQLDP0?si=W71JWOflq1dmZqgO"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 725 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jbMkmK65qJU?si=hdX_7yuQOgUYCxSi"
Қызылордалық Қошқарбаевтар әулетінде үлкен қуаныш, дүбірлі той! 15 қыркүйек күні Облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Алтынай Байназарованың табиғи жолмен көтерген екінші босануы.Үшемнің үшеуі де қыз бала. Ата-әжелері немерелеріне Әмина, Медина, Ясина деген есімдерін берді.
АЛТЫНАЙ БАЙНАЗАРОВА ҮШЕМДЕР АНАСЫ
Отағасы Сағындық Култаев пен Алтынай Байназарованың отбасында үшемнен бөлек Рахымжан есімді 4 жастағы ұлы бар. Сағындық қаржы саласында банк қызметкері болып жұмыс істейді.Нәрестелер 1-ай бойы перинаталдық орталықтың жансақтау патологиясының бөлімшесінде ем қабылдаған. Бүгін үйлеріне шықты.
САҒЫНДЫҚ КҮЛТАЕВ ҮШЕМДЕРДІҢ ӘКЕСІ
Ана мен бала орталығында босанушыларға заманауи жабдықтар мен қолайлы жағдай жасалған.
МАЯ МИРЗАНОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болып, балалар ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілек білдіреміз.
Тағы басқа мақалалар...
207 ішінен 238 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.