
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 509 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0M0q7oDYdsg?si=Nheb_BaRbu16CQpj"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 510 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GmIhZMl1qss?si=VpLqLDzF5Qpb1nPo"
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізбек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 544 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iEKqyxqpQu4?si=XlKuWbXq_NhJ4paB"
Елімізде сүт өнімдері екі есеге қымбаттауы мүмкін. Ал, сүт сатып ақша тауып отырған ауыл тұрғындарының 70 пайызы тұрақты табысынан айырылып қалу алдында тұр. Себебі, 2025 жылы 1 қаңтарда күшіне енетін Еуразиялық одақтың талабы тым қатал. Осылай деген сенат депутаттары бұл мәселені шешу үшін ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беріп, әр аймақта сервистік-сатып алу орталықтарын құру қажет дейді. Әйтпесе, екі жылдан кейін сүт өндірісі толықтай тоқырауға ұшырамақ.
ЗӘКІРЖАН КҮЗИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Өкінішке орай, шикі сүтті оны өңдеу кәсіпорындарына Техникалық регламентке сәйкес жеткізудің мүмкіндігі жоқ. Шикізат тапшылығына байланысты қайта өңдеу кәсіпорындарының өндіріс қуаты 40%-ға дейін азаяды. Сүт зауыттарының 90%-ы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Оның талаптары күшіне енгеннен кейін, бүгінде сүт сатудан табыс табатын ауыл тұрғындарының 70%-ы тұрақты табыс көзінен айырылады. Сондықтан, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарын қолдау керек».
Одан бөлек, бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау, сапалы ем алу үшін медициналық мекемелерді уақытылы қаржыландыру, Түркістан облысын газдандыру мен Шымкент қаласын дамыту туралы ұсыныс-пікірлерін айтты. Ол айтылғандардың қаншалықты жүзеге асатынын уақыт көрсетеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 539 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0Hkcn7uqXP4?si=46foOS9f86BA__Vd"
Мексиканың Тапачула қаласында мигранттар автобусқа отыру үшін кезекте тұр. Олар АҚШ-та босқын мәртебесін алуға өтініш бере алатын елдің басқа аймақтарына тасымалдана бастады.
Мексика үкіметі адамдардың оңтүстік шекарасынан солтүстікке қарай қозғалысын жеңілдетуге тырысуда. Соңғы күндері мұнда Орталық және Оңтүстік Америкадан тым көп мигранттар жиналды. 8 мыңнан астам адамды тасымалдауға 189 автобус пен 73 фургон пайдаланылды.
БАРБАРА ЧИРИНО ВЕНЕСУЭЛАЛЫҚ МИГРАНТ: «Бізге АҚШ шекарасы болып табылатын межелі жерге еркін кіруге рұқсат беру керек, сонда біз оны кесіп өте аламыз. Сонымен қатар, автобустарды да жіберуі керек. Бұл балалар тұра алмайтын орта. Мұнда ауру балалар мен жүкті әйелдер бар».
ХОСЕ ТАВАРЕС ВЕНЕСУЭЛАДАН КЕЛГЕН МИГРАНТ: «Бізге межелі жерге жету үшін көбірек автобустар қажет. Мен оларға біздің қажеттілігімізге қолдау көрсеткендері үшін ризамын».
Ал Мексиканың солтүстік шекарасында Сьюдад-Хуарес қаласынан Американың Эль Пасо қаласына жетуге тырысқан Рио Браво өзенінен өткен мигранттар кері қайтарылуда. Америкалық шекарашылар қазір ешкімді өткізбей жатыр. Мигранттарға ресми орталықтарға барып, құжаттарын тапсыру керек дейді.
ЭДУАРДО ЭМИЛИО КАРПИО ВЕНЕСУЭЛАДАН КЕЛГЕН МИГРАНТ: «Техас ұлттық гвардиясы бізді өткізгісі келмейді. Олар өзеннің арғы бетінде тұрып қалған сөмкелерді алуға да рұқсат бермейді. Егер шекарадан өтсек, бәрімізді депортациялаймыз деді».
ЛЕЙДИ ДАЗА ВЕНЕСУЭЛАЛЫҚ МИГРАНТ: «Мен жүзе алмаймын. Сондықтан өзеннен өту қиын. Олар бізді өткізеді деп үміттенеміз. Бірақ бізге заңдардың өзгергенін айтты. Басқа ешкімге рұқсат етілмейді».
Соңғы апталарда Мексикаға мигранттардың үлкен саны келді. Бұл жағдай АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы мигранттар дағдарысын шеше алмады деп айыпталған Джо Байден әкімшілігіне қысым жасайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 517 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JI30_yCr0pM?si=-rgrEslKT9rN3dY5"
«Союз МС-23» капсуласы қазақ даласына қалыпты жағдайда қонды. Ол Жерге 68-ші және 69-шы ұзақ мерзімді экспедициялардың қатысушылары - ресейліктер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелинді, сондай-ақ NASA астронавты Франсиско Рубионы әкелді. Экипаж Халықаралық ғарыш станциясында 371 күн болды.
Бұл Прокопьевтің екінші рейсі. Ол ғарышта барлығы 567 күн ұшып, ғарыш кеңістігіне 8 рет шығып, 55 сағатын өткізген. Петелин алғаш рет ғарышқа ұшты. Бұған дейін ол 6 рет ғарыш кеңістігіне шығып, онда 40 сағатқа жуық уақыт болған.
Рубио да Халықаралық ғарыш станциясына алғаш рет барды. Ол ең ұзақ үздіксіз ғарыштық ұшу бойынша америкалық рекордты жаңартты. Бұған дейінгі жетістік Марк Ванде Хейге тиесілі. Оның ұшуы 355 күнге созылды.
ФРАНСИСКО РУБИО NASA АСТРОНАВТЫ: «Тамаша, барлығы тамаша жұмыс жасады»
Экипаж 6 айға кешігіп оралды. Себебі, оларды жерге жеткізуі тиіс «Союз МС-22» ғарыш кемесіне метеорит құлаған. Нәтижесінде сыртқы жылуды басқару жүйесі қысымсызданды. Ғарышкерлерге «Союз МС-23» ғарыш кемесі жіберілді. Ал экипаж ресейлік Валерий Поляков әлемдік рекордтан алыс. Ол 1994 жылдың қаңтарынан 1995 жылдың наурызына дейін созылған ұшу кезінде «Мир» ғарыш станциясында 437 күн болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 560 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SIDhRGSb2Lc?si=3HHrD6GwSvHHgP1L"
2048 жылға дейін Алматы мен Қонаев қалаларының ортасында жалпы ауданы 30 мың гектар болатын «G4 City» арнайы интеграцияланған қала салынады. Онда білім беру, медицина, өнеркәсіптік және логистикалық хабтар бой көтереді.
Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен осы жобаны іске асыруға қатысты жиын өтті. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді. Енді жауаптылар бұл міндетті жіті қадағалауға алып,уақытында орындаулары керек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 529 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IPqKST7JFn4?si=X6XOcS6ud2OU910X"
Бүгінгі таңда қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық деңгейі бірнеше есе өсуіне байланысты елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қайтыс болады. Алматыда бұл көрсеткіш жыл басынан бері 8000-нан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4% - ға жоғары.Мұндай статистиканы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық кардиологиялық орталығы директорының медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары Әлия Әбенова келтірді.
ӘЛИЯ ӘБЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Жүрек және қан тамырлары аурулары Қазақстан халқының, оның ішінде Алматы қаласында да өлім-жітім себептері бойынша басым болып тұр. Мәселен, 2023 жылдың 6 айында Алматыда қан айналымы жүйесі аурулары бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 8443 адамды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% - ға жоғары. Бұл динамика пациенттердегі жүрек-қан тамырлары патологиясының медициналық профилактикалық тексерулер кезінде немесе медициналық мекемелерге жүгінген кезде жиі анықталатындығына байланысты. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ересек тұрғындардың белгілі бір топтарының скринингі аясында алғаш рет жүрек-қан тамырлары ауруларының 6114 жағдайы анықталды».
Елімізде «2022-2023 жылдарға арналған қан айналымы жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы» жұмыс істейді.Қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтауға арналған cкрининг 40-70 жас аралығындағы емханада тіркелген жері бойынша жүргізіледі. 6 айдың қорытындысы бойынша Алматыда мақсатты топтың 68% - ы скринингпен қамтылған.
ӘЛИЯ ӘБЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Соңғы уақытта біз жүрек-қан тамырлары ауруларының жастар арасында да көбейіп келе жатқанын байқадық. Басқаша айтқанда, ауру жасарып келеді. Бұған себеп жүрек қан тамыр ауруын жасқа байланысты және өркениет ауруы дейтінбіз. Әсіресе ер адамдардың арасында өте жиі таралғанын байқаймыз.»
Бұл ретте алматылықтар арасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан ең көп таралғаны - артериялық гипертония. Онымен барлық жүрек-қан тамырлары ауруларының шамамен 50%-ы байланысты.Артериялық гипертонияны жеке ауру ретінде де, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі және инсульттің дамуына әкелетін жеке қауіп факторы ретінде де қарастыруға болады.Айта кету керек, қалада жедел коронарлық синдромы бар науқастарды қабылдайтын 6 шұғыл катетеризация зертханасы ашылды. Сарапшы тұрғындарға салауатты өмір салты жүрек ауруының алдын алудың негізі екенін еске салды. Жүрек ауруының алдын алу үшін келесі кеңестер ұсынылады:
Тамақтануды қадағалау
Үнемі спортпен шұғылдану
Ұйқыны қандыру
Жаман әдеттерден бас тарту
Стресстен аулақ болу.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 508 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SOLKyS6-1AU?si=cZSS0zk0tul8_kP_"
Отандық кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау керек. Әйтпесе, шет елдік импорттаушылардың мұңын мұңдап, жырын жырлайтындар, қазақстандық бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Қазақтар да ауыл шаруашылық техникасын жасай алады. Тек қолдау жетіспейді дейді Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев.
ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Біздің өз металымыз жеткілікті. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасына арналған жоғарғы технологиялық жабдықты талап етпейтін қарапайым, қосалқы бөлшектерді өндіруге болады. Алайда өндіріс үшін шикізатты Ресей Федерациясынан сатып аламыз. Көрші елдің экономикасына жұмыс істеп жатырмыз. Бұл ретте кейбір біздің үзеңгілес әріптестеріміз шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын импорттаушылардың жырын жырлап, мүдделерін қорғап жүр. Бұл тірліктері Мемлекет басшысының отандық өндірушіні қолдау саясатына қайшы келіп, саясатты іске асыруға кедергі келтіруде».
Статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша тракторлардың тозуы 80 пайыз, комбайнның тозуы 72 пайызды құрайды. Жалпы алғанда бүкіл парктың орташа тозу деңгейі 76 пайыз. Яғни, әбден ескірген. Сондықтан, депутаттар техниканы жаңартпай еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес деді. Ол үшін Үкімет жеңілдетілген лизингке бөлінетін қаржыны ұлғайту керек деп санайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 594 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RtPSgAHEc1I?si=8kDVPVd-AZTLTWbk"
Шаруалардың тілеуі биліктің ынтасына дәл келір отыр. Қазанның 5 де Ақсу қант зауыты қайтадан іске қосылады. Осыған орай алып кәсіпорын аумағына 21 мың тонна тәтті түбір түсіріліпті. Қант өндірісін дамыту - Президент талабы. Ендігісі - зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне байланысты. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданына барды. Халықпен кездесіп, жеке және жалпыға ортақ мәселелерін тыңдады.
Ақсу өңіріне іс сапармен барған Жетісу облысының әкімі алдымен жергілікті тұрғындардың бір қатарын жеке қабылады.Азаматтардың дені мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана сұрап келгендер. Солардың бірі Жансүгіров ауылының тұрғыны Берлібек Аманбаев 83 жастағы ақсақал, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі екендігін алға тартып, пәтер алуда жеңілдік сұрады.
БЕРЛІБЕК АМАНБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазіргі күні ауданда 872 адам үй кезегінде тұр. Облыс әкімі үй кезек ретімен қаралып, заң жүзінде алатындарын ескертті. Бұдан кейін Бейбіт Исабаев Аксу ауданының халқымен жалпы кездесу өткізді. Жергілікті жұрт аймақ басшысын жақсы көңіл күймен қарсы алды. Бейбіт Өксікбайұлы ақпан айында Ақсулықтармен жүздескен еді. Сол уақытта 11 мәселе көтеріліп, облыс әкіміне тікелей жолданған. Нәтижесінде оның 4еуі толық шешіліп, 7-еуі қаралып жатыр. Жансүгіров ауылының шығыс бөлігіндегі 4 көшеге жарық шамдары орнатылды. Тарас елдімекенінің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңалық ауылының орта мектебінде ағымдық жөндеу өтті.Қапал ауылында көкпар спортын дамыту үшін 1 штат бірлігі бөлініп, білікті бапкер алынды.
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сонымен қатар Жансүгіров – Ақсу бағытындағы тасжолдың Көкөзек ауылына дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттама әзірленді. Суықсай -Қызылжар ауылын байланыстыратын тас жолды қапына келтіру де жоспарда бар. Бейбіт Исабаев ауданның бүгінгі жағдайында тілге тиек етті. Аграрлы өңір болып саналатын облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 519 мың гектар оның 62.3 мың гектары Ақсуға тиесілі. Қазір бидай арпадан 44 мың тонна өнім алынды. Картоп пен көкөніс бақша дақылдары да толығымен жиналды. Сонымен қатар 33 мың тәтті түбір жиналып, Ақсу қант зауытына өткізіледі.
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Халықтың жерге деген мұқтаждығын өтеу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, өткен жылы 220 мыңға жуық гектар жер пайдаланылмағаны анықталды. Мемлекет меншігіне 95.8 мыңы қайтарылып, 35 мыңнан аса гектары айналымға енгізілді. Ирригациялық желілер мен құрылыстарды салу бағытында ауданда 2ірі жоба іске асырылуда. Ауданда өзекті мәселелердің бірі - халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қазан қараша айларында Жансүгіров ауылындағы
50 пәтерлік және 10 жалдамалы тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен тағы 30 үй сатып алу жоспарда бар.Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда. Ақсу ауданында 49 елді мекеннің 42 сі орталықтандырылған сумен қамтасыз етілген. Жол мәселесіде бірте- бірте шешіліп келеді.
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс басшысымен Ақсу ауданының тұрғындары арасындағы жиын ашық және өзара сенім деңгейінде жалғасты. Жергілікті халық көкейіндегі сұрақтарын еш бүкпестен қойып, тұшымды жауаптарын алды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі ауыларалық жолдар мен жарықтандыру жағдайы.
Ақсулықтарды да қинайтын басты мәселе - қызылшаға қажет техника жетіспеушілігі. Зауыт жанынан ұсақ шаруашылықтарға ортақ техника паркі ашылса деген тілектері бар. Сонымен қатар жайылымдық жерлердің тарлығы айтылды.
Әкім келетінін естіп кездесуге арнайы келгендер көп. Көкейлеріндегі сұрақтарын жолдағандардың қарасы басым. Әкімдік назарына алса, нәтиже шығарса деген тілек бар. Бейбіт Исабаев болса мәселелерінің шешімін табатындарын айтып, жауаптыларға нұсқау тапсырмалар берді. Облыс деңгейінде қаралуы тиіс тұстарды түртіп алды. Қай-қайсысының да шешілуі өз бақылауында болатынын алға тартты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 563 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EFSaaQRoDwc?si=avj5nSkXPIbpTUN_"
Алматыда «Орталық Азиялық электрондық коммерция форумы 2023» атты бірінші халықаралық форум өтті. Шара Орталық Азия аймақтары бойынша электронды саудадағы цифрлық экономиканы дамыту үшін ірі сала кәсіпкерлерін, мемлекеттік қызметкерлерді, технология провайдерлерін, кәсіпорындар мен логистика саласының басын біріктірді.
Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова,Халықаралық сауда орталығының (ITC) атқарушы директоры Памела Кок-Гэмилтон,Түркия Республикасы Сауда министрінің орынбасары Махмут Гюрджан, Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Ахлиддин Нуриддин, Mastercard Орталық және Шығыс Еуропадағы қоғамдық сектор бойынша вице-президенті Энгин Яшар баяндама оқыды.
НҰРЛАН ҚҰЛБАТЫРОВ «QAZTRADE» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі форумның негізгі мақсаты Орта Азия елдеріндегі электронды саудаға қатысты болып отыр. Өздеріңіз білесіздер мын пандемия кезінде барлық дүкендер жабық болған кезде электронды сауданың қарқынды дамығаны белгілі. Ол қарқынды қазір сақтап қана қоймай ары қарай еселеп өсуде. Жаңағы өздеріңіз көрдіңіздер Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша сауда транзакциялатының саны,оның ішінде онлайн жасалынатын маркет плейстегі сауданың саны артуда. Күнделікті өмірде электронды билет алу, сауда жасау мұның бәрі кәзір қалыпты күйге енді. Менің айта кетейін дегенім Қазақстан осы Азия елдері арасында ең үлкен электронды сауда бойынша көрсеткіштері жоғары. Яғни бұл тек қана азық-түлік емес,киім-кешек емес сонымен қатар алыс ауылдағы азаматтардың өзі қазпочта арқылы,басқа да маркет плейстердің заттарын сатып алып Қазақстаның барлық аймақтарына жеткізіледі».
Орта Азия елдері арасындағы сауда саттық қарқынды дамып келе жатыр.
Бір айта кететін жағдай электронды саудамен айналысу үшін кәсіпкерлерге бірінші кезекте электронды сауда туралы білім қажет. Осы тұрғыдан Түркия елінің де электронды сауданы дамытуда үлкен тәжірибесі бар дейді сауда саясатын дамыту орталығы мамандары.
НҰРЛАН ҚҰЛБАТЫРОВ «QAZTRADE» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі іс-шараға Түркия мемлекетіде қатысып отыр. Қатысуының себебі бар. Біріншіден Түркі тілдес елдерінің жақында ғана жиналысы биыл Қазақстанда да өтеді үлкен саммит. Одан бөлек Түркия елінің осы электронды сауданы дамытуда үлкен тәжірибесі бар. Жаңа айтып өтті Қазақстандық кәсіпкерлер,азаматтар, тұтынушылар да Түркия елінің платформаларында да көптеп сауда жасайды».
Шарада Әзербайжан,Грузия арқылы Түркияға, Еуропа елдеріне шығатын сауда дәлізі талқыланды. Көлік саласы,логистикаға байланысты сұрақтар төңірегінде пікір алмасу болды. Кәсібін енді бастаған жастар болсын, кәсіпкер болып бірақ онлайн сатпаған адамдарға көптеген тәжірибе үйренуге мүмкіндік берілді.Форумда ынтымақтастық туралы меморандумдарға да қол қойылады.Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты келісімге қол жетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 554 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BAQE4wVwG_Q?si=LcCeyWnJMEXjnZij"
Алматы облысының мәслихат депутаттарының көшпелі отырыстары тұрақты түрде жалғасын табуда. Бұл жолы Жамбыл ауданында орын алды.Шараға қатысқан халық қалаулылары,жылыту маусымына дайындық мәселесін талқылады.Өңірге қарасты басқарма мамандарының баяндамалары тыңдалып,бір қатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды. Мәслихат депутаттарының пікірі бойынша,қыс мезгіліне сақадай сай болу керек. Былтыр еліміздің кейбір өңірінде орын алған олқылықтарға жол берілмеуі қажетті.
ДӘУЛЕТ ЖАРАСБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ
Өңірге қарасты мәслихат депутаттарының көшпелі отырысы барысында аймақтың тұрақты дамуына байланысты көптеген тақырыптар көтеріліп келеді.Жиын барысында кемшіліктер орын алып жатса,тез арада шешудің тетіктері қаралып қана қоймайды,оны алдын алу мәселесіне мән беріледі. Жамбыл ауданындағы басқосуда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығынан бөлек, туризмді дамытудың негізгі құрылымдары қаралды. Алматы облысында тылсым табиғатқа бай,көркем жерлер бар.Тек соны тиімді игеру керекті. Мәслихат депутаттары туристтердің қызығушылығын арттыру үшін, инфрақұрылымдық жағдаяттарды реттеу кезек күттірмейтін мәселе екендігін алға тартты.
ДӘУЛЕТ ЖАРАСБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 560 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/81wNsQZZhzo?si=7zj7gBtRNokMCxLz"
Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық прокуратураның үйлестіруімен Абай облысының полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Доненбаева мен басқа да қызметкерлерін пара алу кезінде әшкереледі. Лауазымды тұлға өзінің қоластындағы қызметкерлер арқылы аудандық полиция бөлімшесінің маманын қалалық көші-қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
МАДИЯР БАЙТАБАНОВ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеп-тексеру мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады».
Тағы басқа мақалалар...
201 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.