
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 392 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/plgSQiXiS5w?si=__iGTY5VQVzZ7w4H"
Алматыда тәуелсіздік күніне арналған волейболдан жарыс өткізілді. Достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 4 комманда қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған ойыншылар өз шеберлігін көрсетіп, көрермендердің көз айымына айналды.
Спорттық бәсекеде төрт комманда, барлығы 30-ға жуық спортшы бақ сынады. Әуесқой ойыншылар спорттық іс шараның ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. Осылайша, жастардың спортқа сүйспеншілігі арттып, салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатары артпақ.
ЕРБОЛ ОСПАНОВ КӘСІПКЕР «Тәуелсіздік күніне арналған бүгінгі жарыс басталайын деп жатыр. «Krida» спорт клубы ұйымдастырып жатыр көп рахмет. Біздің мақсатымыз халықтың денсаулығы мықты болсын, дене шынықтыруға жастар көбірек қатынасын деген ой. Өз басым 30 жыл волейболмен айналысамын, ойнаймын хобби деп айтуға болады. Волейболдың пайдасы өте мол. Неге десеңіз, аптасына 2-3 рет ойнаймыз. Адам жақсылығымен көрсетеді, үлкен табыстарға жетеді, жолдсатарын табады.»
Мамандардың айтуынша, волейбол адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады деседі.
ОЛЬГА ИСАЧЕНКО «KRIDA» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛ ЖАТЫҚТЫРУШЫСЫ «Біз жыл сайын тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс ұйымдастырамыз. Бүгінгі жарысқа 4 бірдей комманда бақ сынасып жатыр. Біздің мақсатымыз волейбол ойынын таныту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Біздің спорт клубында волейбол ойынына қатысушылардың қатары артып, қызғушылық танытардың қатар артқан»
«Krida» спорт клубының бастамасын өткізілген сайысқа «Nomad», «All Star», «Block Busters», «DoStar» коммандалары қатысқан.
АҚЕРКЕ МҰСАБЕК КӘСІПКЕР «Волейболмен айналысып жатқаныма көп болды. 6 сыныптан бері волейбол ойнаймын. Өте сүйікті спорттың түрі. «Krida» -ға қалуының үлкен бір себебі осы. Волейбол жалпы жоғарыға қарап ойнайтын ойын ең біріншісі. Ол коммандалық ойын, алты адам бір комманда да ойнайды бірін-бірі түсіну, комманда ойнау, жұмыс жасау соған пайдасы зор.»
Тартысты өткен турнирдегі жеңімпаз командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шараның жалғасы табатытын атап өтті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 195 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bgIwF2MAiRM?si=QC0f-Uk7hmQBHmZI"
Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне орай түрлі игі шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі көпшілік көптен күткен мәдениет үйінің пайдалануға берілуі.
Алматы облысы Жамбыл ауданында көпшіліктің асыға күткен мәдениет үйінің ашылуы – аймақ тұрғындары үшін маңызды оқиға. Жаңа мәдениет үйі заманауи талаптарға сай жабдықталып, түрлі мәдени іс-шараларды өткізуге арналған. Бұл жер аудан халқының шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнерлі жастарды қолдауға және тұрғындар арасында мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.Айтулы шараның ашылу салтанатына арнайы келген аудан басшысы мемлекет тарапынан шалғайда орналасқан елді мекендерде мәдениет үйлерін ашуға ерекше көңіл бөлінгенін тілге тиек етті.
НҰРЛАН ЕРТАСҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Мәдениет үйінің ашылуы қоғамның рухани өмірін жандандыруға үлкен үлес қосып, өнерсүйер қауым үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Жергілікті тұрғындар енді концерттер, театр қойылымдары, көрмелер және басқа да іс-шараларды тамашалай алады. Мұндай нысандар өңірлік мәдениеттің дамуына және ұлттық өнердің дәріптелуіне жол ашады дейді Үлгілі ауылының тұрғындары.
ГҮЛЖАХАН ИСАЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ауылдық ағайындарға есігін ашқан мәдениет үйінде талантты өнерпаздар жиналған.Енді олар, тұрғындардың игілігі үшін қызмет етуге сақадай сай. Ауылдық аймақтың басшысы округ көлемінде ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығын алға тартты.Басті міндет ауылдық азаматтарға жәйлі өмір сыйлау.
ТҰРАР БОЛАТХАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 245 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OXomjpzFgqY?si=wqci-vpNvNZMcu7H"
Жастарды түрлі үйірмелерге баулу олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өмірлік дағдыларын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Осы бағытта ұйымдастырылған “Арман жұлдызы” фестивалі — ерекше бастамаға айналды.Арт спорты бағытының ілгері басуына септігін тігізіп келе жатқан ұжымның ұйымдастырған шарасына назар аударсақ.
Мұндай іс-шаралар жастардың өнер, спорт, ғылым сияқты әртүрлі салаларға қызығушылығын арттырып, таланттарын ашуға мүмкіндік береді. Фестиваль арқылы жастар өзара тәжірибе алмасып, жаңа достар тауып, өзіне сенімділігін арттыра алады. “Арман жұлдызы” фестивалі – жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге және жаңа таланттарды анықтауға бағытталған.
ЖАНАР АМАНЖОЛҚЫЗЫ «АРМАН» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мұндай іс-шаралар жастардың өздерін көрсетуге, жаңа дағдыларды меңгеруге және шығармашылық тұрғыда жетілуге мүмкіндік береді. Фестивальде әртүрлі үйірмелер мен шығармашылық топтар арасында бәсекелестік атмосферасы қалыптасады, бұл жастардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Сондай-ақ, осы арқылы жастардың арасында бірлік, ынтымақтастық және өзара құрмет қалыптасады дейді ата-аналар қауымы.
ҚАРЛЫҒАШ АСҚАРОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
ВИКТОРИЯ АЗИЗҚЫЗЫ АТА-АНА: «Біздің балаларымыз өздерінің өнерлерін ортаға салу үшін Іле ауданынан арнайы келіп отыр. Ауыл жастары үшін осындай орталықтардың ашылуы маңызды деп ойлаймын.Өйткені балаларға өте пайдалы».
Игі бастаманың нәтижесінде жастар қоғамда өз орындарын табу үшін қажетті дағдылар мен сенімділік алады. “Арман жұлдызы” сияқты фестивальдер жастардың әлеуметтік өмірге белсене қатысуына, өз қабілеттерін дамытуына және шығармашылық ойлауын жетілдіруге үлкен септігін тигізеді.
Шара соңында өз өнерлерімен көпшілікті тәнті еткен жастар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтарға ие болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 205 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/C8qF4qOyINk?si=8t9D7usIsxAtSKcY"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 299 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aenCGo8TMYk?si=sBWmZavcm0Dt2y8a"
Маңғыстау облысында көне затты көзінің қарашығындай сақтап, ерекше іспен айналысатын тұрғынның бірі-Ақылберді Нақов.Ол ескі кілемдерді жинаумен айналысады, тіпті түркі тілдес елдердің 600 ге тарта төсенішін қоржынында сақтап отыр. Бұдан бөлек, 200-250 жыл аралығында тұрмыста қолданған бұрынғы бұйымдармен қатар, 1 ғасырдан асқан кілемдер де бар екен.
Мынау тақыр келеді, мынаның техникасы басқа, мынаны комбинировать етілген көрдіңіз бе?
Ақылберді Нақов бұл іспен 90-шы жылдан бері айналысып келеді. Оның мұрағатында 600 ге жуық кілем бар. Шет елдерден қоныс аударған қандастардың үйлеріне арнайы барып, жәдігер жинайды. Ол осы түркі халықтарының кілемдері мен бұйымдарын жинау үшін ел аралап, кілем көрмелеріне қатысады екен. Осылайша, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Дағыстан, Армения елдері мен ұйғырлар және Моңғолиядағы қазақтардың кілемдерін қоржынға қосқан. Ал Қазақстан бойынша Қызылорданың төсеніштерін әкеліпті.
АҚЫЛБЕРДІ НАҚОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Син-зянь провинциясы деген бар Алматының арғы жағында сол жерде ұйғырдың кілемдерін алғанмын, ескі кілемдерін. Иранға барған кезде иранда кілем көрмесі болды. Кебежесі бар екен қолдан тоқылған жиектерінің бәрі түйенің мойын терісімен тігіліп. 200, 250 , 150, 120 жыл болған жәдігерлер».
Сонымен қатар, Коллекционер әр халықтың тұрмыста қолданған ескі құрал-жабдықтарын да сақтайды. Олардың арасында түрікмендердің қоржыны, қыз ұзатқанда қолданған бұйымдары, өзбектердің қолдан тіккен алашалары мен қазақтың ұлттық қол өнер бұйымдары бар.
«Бұл нәрсе менде бар болғаны, осы жерде қазіргі күнде қолымда тұрғаны мен үшін өте үлкен байлық».
Алайда, коллекционер кілемдерге қанша қаражат жұмсағанын құпия сақтайды. Бірақ, 170 жыл болған 1 шаршы метрлік кілемді бір жыл бойы күтіп, 2 мың долларға сатып алғанын еске алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген тұрғын осыншама мұраны сақтап қалғанын мақтан етеді. Жәдігерлерді күтіп-баптауға оған жұбайы Қарашаш Толаева көмектеседі.
ҚАРАШАШ ТОЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Менің осы қарайтын өзімнің міндетім, осындай нелері болады жыртылып кетеді енді ескі дүниелер болғасын, соны қайтадан тігемін, қайтадан жасап, орнына әкеліп жасаймын. Содан кейін мынау біздің ағаш үйдің қазақ үйіміздің басқұры мынау. Мына басқарды мен өзім 18 жасымда тоқығанмын».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 240 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SKn9VagRxxk?si=kxYiugbTEibdUd7R"
«Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша іріктеу кезеңі өтетін болады. Іріктеудің бұл кезеңі биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе дұрыс тапсырмау себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады. Өтінім жіберушілер туралы ақпарат almaty-zhastary2024.kz сайтының басты бетінде - «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінде қолжетімді.
Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген. Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына байланысқа шықса болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 297 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3rxtomvIU0o?si=nEbDXLZ9W0FOU5ly"
Шерзат Болаттың отбасына демеушілер есебінен үй салып берілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты. Облыс басшысы қазір Талғарда жағдай тұрақты екенін баяндады. Іс құқық қорғау органдарының назарында. Сондықтан, халық босқа дүрлікпеуі керек дейді. Әкім ел азаматтарын тек сенімді ақпарат көзіне сенуге шақырды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Біз ол отбасына көңіл айтамыз. Жалпы, бұл мәселе біздің назарымызда. Құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда іс ішкі істер министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында. Сондықтан біздің аудиторияға айтқым келгені – сабыр сақтап, құқық қорғау органдары берген мәліметтерге көңіл бөліп, сену. Қазір олар ашық жұмыс істеп отыр. Әр жұмысы бойынша баспасөз құралдарында ақпарат жариялап жатыр».
Тілшілер облыс басшысынан осы болған оқиғалардан кейін отставкаға кетуге дайынсыз ба деп сұраған еді. Ол сауалға әкім жауапты былайша қысқа ғана қайырды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба? Біздің жұмысымыз тек әлеуметтік желіде тараған жаңалықпен бағаланбайды. Көптеген сала бар: экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа. Кейін басшыларымыз өз бағасын берер».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 290 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TnNgl4lmozs?si=g594QB6-D-Iv8T_x"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 272 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Su61rB3JDD4?si=3hSQIPaowjDEfsYW"
Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.Қазіргі таңда мектептің жай-күйі қандай? Толығырақ келесі бейнематериалда.
Ғимарат 1981 жылы салынып 2000 жылдары қосымша кеңейту жұмыстары жүргізілген. Мектеп қазіргі уақытта, осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған.Тұрғындар заман талабына сай оқу орнын салып беруді талап етуде
МАНАРА АХАНТАЙ МЫҢАДЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Сол себепті бізге заман талабына сай мектеп салынуын қараймыз,Спорт зал керек, мысалы қысқы уақыттарда,балалар класста өткізеді дене шынықтыру сабағын, бізге спорт залға шығып ойнағылары келеді, жеке үйірмелерге барғылары келеді,бізде ондай жағы қарастырылмаған»
Сонымен қатар, мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.
НУРБЕК БЕКЕЕВ ЖАҢААРҚА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ « Бұл жердегі мәселе қаржының бөлінуіне тіреліп тұр.Жалпы жобалық сметалық құжаттары жасалып дайын тұр.Және осы мектептің алдағы салынуға белгіленген 1 гектар жері де дайын. Ендігі алдағы уақытта мәселе шемімін табады деп ойлаймыз»
Ұрпағымыз ел тірегі, Келер ұрпақтың келешегін ойлап, балаларымызға жаңа мектеп салуларын өтінген ата-ананың үміті көп.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жұмыстар жалғасуда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 290 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/28wA386SBHA?si=GAqqFrGtj5Fbqlwu"
Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері,Халықаралық шабыт фестивалінің лауреаты,Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты,Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әлібек Шегебайдың 50 жас мерейтойына орай Көңілімнің көктемі және Өмірімнің өткелі атты қос бірдей кітабының тұсаукесері өтті. Шараға қатысып қайтқан тілші тарқатады.
Бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген «Алакеуім», «Әйнекке түскен ай сәуле», «Ақ қауырсын», «Ақ жауын» атты өлең кітаптары авторының әдеби әлемі тағы да қос бірдей кітаппен толықты. Әр өлеңімен оқырманының көкейіндегі көңіл қылын шерте білген ақынның қаламы қармамаған тақырып аз. Ауыл өмірі,махаббат сезімі,ел айналасындағы оқиғалар өлеңдерінде өрнектеліп,шебер жеткізе білген ақын.
ТЕМІРҒАЛИ КӨПБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, АҚЫН
Осы жылы ердің жасы елуді еңсеріп,Қазақ әдебиетінің рухани қазынасын қарымды қаламдарымен байытып жүрген бірқатар қаламгерлердің мерейтойларына орай Атамұра баспасы тарапынан кітаптарының жарық көруіне қолдау көрсетілген. Әлібек Шегебайдың да Көңілімнің көктемі атты жыр жинағы аталмыш баспадан 2000 данамен басылып шыққан.
РАҚЫМҒАЛИ ҚҰЛ-МҰХАММЕД «АТАМҰРА» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Көз тастап өткен күндер тізбегіне,
Қараймын ойқы шойқы іздеріме.
Есігін егделіктің еппен ашып,
Елуге келіп қаппыз біз де міне деп елу жасын жырына арқау еткен ақын үшін бір белес бұл,ары қарай оқырмандарымен тың дүниелерімен бөліспек ойда.
ӘЛІБЕК ШЕГЕБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ШАБЫТ» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЛАУРЕАТЫ, АҚЫН
Қазақ әдебиетінің қазынасын байытар қаламыңыз қарымды болсын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 281 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/QReZMjzr_Ws?si=rmwUqTPVPG7sJzy5"
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында түрлі игі бастамалар орын алуда. Мәселен, Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының жастарына үлгі тұтар азаматтарды насихаттау шаралары қарқынды жүзеге асуда.
Жамбыл ауданына қарасты Сарыбастау ауылында орын алып отырған шараның мәні бөлек.Алтын бесіктен орын тепкен білім ошағына демеушілік танытып келе жатқан аға буынның басын қосып, алғыс айтылды. Қамқорлық көрсетіп,өскелең ұрпаққа үлгі болаған оларға ерекше ілтипат көрсетілді.
СӘУЛЕ ӘЛІМҚҰЛОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Жастарға дұрыс тәрбие беру үшін алдымен үлгі болған абзал.Сонда барып, ұлтжанды ұрпақ қалыптасады. Сарыбастаулықтардың қолға алып жүрген акцияларының түп мақсаты осы деуге болады. Шараға қатысуға келген ауылдың бетке ұстар азаматтары тәуелсіздіктің құрметіне арналған игі бастамаға куә болды.Алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
САЛТАНАТ ЕРӘЛИЕВА ҰСТАЗ
МҰРАТҚҰЛ ӘСЕМҚҰЛҰЛЫ КӘСІПКЕР, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 242 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vZKWsfu0lmY?si=m63FbHQFyCv2e7C8"
Тағы басқа мақалалар...
33 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.