
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 419 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WLVfNT5eGeA?si=WFdZ5-xH5VKhcQ10"
Әлеуметтік желіде Алматыдағы қатты қалдықтарды өңдеу зауытында әйелдің бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат тарады.Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Кейбір мәлімет бойынша, 1983 жылы туылған ер адам өзімен бірге ішімдік ішіп отырған 36 жастағы әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп тастаған. Кейінен денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне лақтырған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзімен бірге ішімдік ішіп отырған әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп тастаған. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 340 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9glRfWYLu-M?si=0EmibCxgucTLUbkN"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 335 рет қаралды
2025 жылғы 10-17 ақпан аралығында Қазақстанда Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған хабардарлық апталығы өтуде. Акция шеңберінде бүкіл ел бойынша балалар обыры проблемасы туралы білімді арттыруға, пациенттердің отбасыларын қолдауға және қоғамның ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылды.
Әкімдіктердің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қалалардың орталық көшелерінде, LED-экрандарда, медиабордтарда және медициналық ұйымдарда ерте диагностиканың маңыздылығына, емдеудің заманауи әдістеріне және осы аурумен күресетін балаларды әлеуметтік қолдау қажеттілігіне назар аударатын арнайы бейнероликтер таратылады.
Акцияның мақсаты - қоғамның назарын кішкентай пациенттер мен олардың отбасыларының алдында тұрған мәселелерге аудару, сондай-ақ уақтылы көмек пен хабардарлық көптеген балалардың өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін еске салу.
«Біз ақпараттандыру өзгерістерге алғашқы қадам деп санаймыз. Бұл апта балалар обырымен күрестің маңыздылығын еске салып қана қоймай, қоғамның, дәрігерлер мен мемлекеттік құрылымдардың күш — жігерін біздің қолдауымызға мұқтаж балаларға көмектесу үшін біріктіру мүмкіндігі болып табылады», - деп атап өтті акцияны ұйымдастырушылар.
15 ақпанда атап өтілетін Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күні үміт пен бірліктің символына айналды.
Қазақстан бұл жаһандық бастамаға елеулі үлес қосып, хабардарлық деңгейін арттыруға және адамдарды маңызды істің айналасына біріктіруге көмектеседі.
«Help Today» ҚҚ, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ, «Қазақстан педиатрларының одағы» ҚБ акциясын ұйымдастырушылар барлық қазақстандықтарды осы бастаманы қолдауға және балалармен және олардың отбасыларымен ынтымақтастық білдіруге шақырады. Біз бірге оларға салауатты болашаққа мүмкіндік бере аламыз!

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SvYJhyM2Nis?si=RlhyVOm35zXvWVse"
Биыл Ұлы Отан соғысына 80 жыл толмақ. Осыған орай жастарды патриоттық тәрбиелеу, ата-бабаларымыздың ерлігін еске алау мақсатында Офицерлер үйінде арнай іс-шара өткізілді. Толығырық тілші бейнематериалында.
Бүгінгі күні жүргізіліп жатқан әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысы өскелең ұрпақ бойында жауапкершілік, жоғары руханилық, адамгершілік, белсенді азаматтық ұстаным, патриоттық сана, әділеттілік, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сияқты қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
АЙГҮЛ ҚАСЫМБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Бүгін біз Бостандық ауданы,мектептер, оқушылар, Жас сарбаз клубының мүшелері, бүгін осы үлкен мемориалдың қасына жиналдық, мәңгілік алаудың қасына себебі тағзым жасайық деп келдік.Биыл білесіздер Ұлы жеңіске 80 жылдығын тойлап жатырмыз, атап өтіп жатырмыз. Жылдан жылға арамызда Ұлы Отан соғысы ардагерлері азайып бара жатыр.Оның үстіне тарихты білетін,әр бала өзі зерттесе мен ойлаймын жадында сақталады».
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудегі ең бастысы – жүйелілік, тұрақтылық және тәрбие. Бұл үрдіске мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар және ата-аналар бірігіп атсалысуы тиіс. Тек осылай ғана біз Отанға адал, жауапты және патриоттық сезімге толы жастарды тәрбиелей аламыз.
АЗАМАТ АЛМАСҰЛЫ «ЖАС САРБАЗ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Бүгінгі іс-шара ата бабаларымыздың Ауған соғысында жасаған ерлігін еске алу деп санаймын, бұл іс-шараның маңызы, балалардың жасөспірімдердің патриоттық сезімін ояту және сол жолдағы политикалық орнаған жағдайды еске түсіру және болашақта болдырмау.»

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 338 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/k8tLjOezlpA?si=ltcPlljXYEZXwgVt"
Бүгін Алматыда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Жиын барысында қала тұрғындары үшін маңызды бірнеше шешімдер қабылданды. Сонымен қатар Алматы қаласын жылумен жабдықтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары талқыланды.
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбайдың айтуынша, 2040 жылға қарай мегаполистің жылу энергиясына қажеттілігі 30 пайызға өседі. Ол бұл қажеттілікті өтеу үшін қолданыстағы жылу жүйелерін жаңғырту және жаңа энергия көздерін енгізу қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, бүгінгі күні шаһардың жылу энергиясына қажеттілігін 85%-ға өтеп отырған «АлЭС» АҚ мен «АТКЭ» ЖШС-ына 2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін қомақты қаржы керек.
НҰРБАҚЫТ СЕРІКБАЙ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Жылу желілерін реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыс бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. «АлЭС» АҚ аймағына 270 млрд теңге қажет. Оның ішінде ЖЭО-2 – батыс жылу кешені жылу магистралінің құрылысына шамамен 55 млрд теңге жұмсалады. «АТКЭ» ЖШС аймағына 154 млрд теңгеден астам қаржы бөлу қажет».
Сондай ақ алып шаһардағы қоғамдық көлік мәселесі де отырыста күн тәртібі болып қаралды.Қала маңындағы аймақ тұрғындарының көпшілігі қала мен қала маңы арасында қоғамдық көліктің жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы проблемасына тап болады, сондықтан олар жеке тасымалдау қызметтерін пайдалануға мәжбүр. Осыған байланысты, күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік кіріп-шығады.Қала аумағына кіретін көлік құралдарының үлкен ағынын қысқарту мақсатында бүгінде қоғамдық көлікті дамытудың шұғыл қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының ХХVІІ шақырылымында қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеді.
САҒЫНДЫҚ ТЕЛІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шаһар тұрғындарының мүддесіне тиімді қызмет ету үшін ұйымдастырылған отырыста маңызды бастамалар қабылданды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 353 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7fAYB8l4Hzw?si=8TCrMHiNQuVA2HV3"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 418 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/t1F8BM5HMP0?si=SeJYpWBGJtEgqP-p"
Биыл қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы қаласындағы Жоғарғы оқу орнының бірінде жыр жампозы ақынның шығармашылығына арналған әдеби челлендж бастау алды. Әсіресе, білім алушылар Египет, Монғолия, Қытай, Турция, Ресей, Марокко, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б., әлемнің он бес елінен келіп білім алып жатқан шетел студенттері, Онгуз Берен, Мэти-Корли Исаак Опар бірнеше тілде ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып жиналған қауымды тебірентіп, Мұқағали жырларының шынайылығы мен құдіреті ұлт пен шекара талғамайтынын тілге тиек етті.
ТАСҚЫН ЕРКІНБЕКҰЛЫ СТУДЕНТ
МЭТИ- КОРЛИ ИСААК ОПАР СТУДЕНТ
Сонымен қатар, студенттер ақынның туған жері Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылына арнайы барып ақынның мұражайымен танысып және Алматы қаласындағы ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, өлеңдерін ескерткіш басында оқыды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 405 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/i8h0rmtv_hA?si=-eUzPvAtvhlHpI5b"
Кәрім Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Астанадағы жылжымайтын мүлік аукционға шығарылғанын мәлімдеді. Аукцион 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында өткізіледі.
Аукцион аясында Астана қаласындағы Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысанды сату барлық қатысушы үшін қолжетімді.Ғимараттың бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге. Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 336 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-jVYjAhcWZk?si=L5x7UAUaXivjFc6Z"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/21o3761cNnI?si=_V7RXsrKcL1qEH2i"
Бюджет шығыстарын тиімді жұмсау керек. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін отырыста осындай тапсырма берді. Бюджет кодексін қараған жоғары палата депутаттары құжатты мақұлдаған жоқ, мәжіліске кері қайтарды. Себебі, олар бюджетке елеулі өзгерістер енгізу қажет деп есептейді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Бүгін сенаторлар белсенді. Олар ел үшін аса маңызды құжатты қарады. Бюджет кодексін талқылаған депутаттар қосымша құн салығының 12-ден бірден 20 пайызға артқаны облыстағы ағайын үшін ауыр соққы бола ма деп алаңдайды.
ОРЫНБЕК БЕКБОЛАТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Үкіметтің соңғы мәлімдемелеріне сүйене отырып, бүгінгі таңда көп талқыланған мәселелердің бірі қосылған құн салығының мөлшерлемесін қазіргі 12 пайыздан 20 пайызға дейін арттыру болып отыр. Егер осы ұсыныс толық шешім тапқан жағдайда әлеуметтік салықты жою ұсынылады. Аталған салық негізінен жергілікті бюджеттің төрттен бірін құрап, маңызды кіріс көзінің біріне айналған. Бұл бәрімізге белгілі. Бүгін қарап отырған Бюджет кодексінде бөлу нормативтеріне сәйкес, әлеуметтік салық облыстық және аудандық бюджетте қалды. Ал кейбір корпоративті және жеке табыс салықтары үшінші, төртінші деңгейге беріліп отыр. Бұл қаншалықты орынды екені депутаттардың арасында қатты талқыланған болатын. Егер әлеуметтік салық жойылатынын ескерсек, онда қандай кіріс көздері, әсіресе, облыстық бюджетке қалады? Бұл мәселе өте маңызды. Мұндай жағдайда шығындардың болжамды сомасы қандай және облыстық бюджет қалай өтеледі?».
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бірақ тағы да айтайын, шешім әлі қабылданған жоқ (ҚҚС бойынша). Сол себепті қазір ешқандай қорқынышты жайттар жоқ. Бірақ ертең облыстық бюджетке қаражат жетпесе… Осы жылы тағы да үш жылдық цикл басталады. Жалпы сипаттағы трансферттерді бөлу керек. Әр облыстың жағдайын қарап, субвенция бөлеміз».
Ал, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев болса, артық жөн-жосықсыз шығындарды қысқартып, үнемділікке көшу керек деді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Қазір көбіміз Америкада не болып жатқанын, жаңа әкімшілік қандай шаралар қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Олар Илон Маск басқаратын жаңа министрлік құрды. Үкіметтің тиімділігін арттыру жөніндегі министрлік деп аталады. Қазір осы министрлік бюджетті қысқарту мәселесімен айналысып жатыр. Әр мемлекеттік органға талдау жасап, тиімсіз деп санаған дүниелерді алып тастап, бюджетті қысқартып жатыр. Олар қанша ақша үнемдейтінін байқап көрейік. Әрине, бізге ешкімнен ештеңе көшірудің қажеті жоқ. Бірақ шығыстарды тиімді жұмсау мәселесіне біз де назар аударуымыз қажет».
Бюджет кодексін талқылаған сенаторлар құжатты қабылдамай, мәжіліске кері қайтарды. Депутаттар кодексе өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп санайды. Бюджеттік шығыстарды қатаң бақылауға алып, инвестиция тарту мәселесін заңмен бекіту керек дейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 293 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7i9wsRDEX5s?si=HXKcn98JPwRi3Vtu"
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, құқық қорғау органдарының басшыларымен аудан әкімдігінде тұрғындарды жеке қабылдап,ауданға тиесілі мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға қатысқан азаматтар «Карлаң» және басқа да көпірлердің құрылысын жалғастыру, электр, газ желісін тарту, әлеуметтік көмек, жер телімі, ауыз су тарту, жұмысқа орналасу, сынды бірқатар мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар аудан орталығындағы тарихи ғимараттарды жаңғырту, жайылымдық жерлер мәселесінде көтерді.
ҚАДЫРБЕК БЕГЕЛОВ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Мен жана ғана облыс әкімінің қабылдауында болдым. Менің көтерген мәселем оқушылар үйін тұрғызу. Біздегі оқушылар үйі өте еске. Жалпы ол 1905 жылы ол шіркеу болған,1924 жылы темір жолшылар үйі болған.1992 жылы Роза бағланова атындағы мәдениет үйі болған.2012 жылдан бастап оқуышлар үйі болды. Өте өте ескі,бөлмелері кішкентай.. Қазіргі заманның талабына сай жабдықтап,үлкен қылып салуын сұрадым. Облыс басшысының жауабы алдағы уақытта қарайтындығын жеткізді»
НҰРСҰЛТАН АЙЕКЕШОВ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Сабалақ жердеге жер мәселесін айттым. Ондағы жердің құжаттарын заңдастырып беруін сұрадым..Бізде мал жайылатын жер жоқ,кілең жасанды жерлер. Ол жерге малды жая алмаймын. Осы сабалақтың төңірегінде ғана жая аламыз.Облыс әкіміне осы бір өзімнің мәселемді айттым. Қанағаттандырарлық жауап алдым. 3 айдың ішінде шешіп беоремін деді.
Сондай ақ облыс әкімі еңбек ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен де кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәселелерді талқылады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 371 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RnuN6siGmfY?si=UwZAnZIjsJv-bjjV"
Тағы басқа мақалалар...
29 ішінен 237 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.