
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 324 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/J3jbwrOiy8k?si=cyXLpJWQTmDmosOO"
Алматыда 12-ші Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтті. Фестивальді дәстүрлі түрде Алматы қаласы әкімдігінің Tanaris Production және A Team кинокомпанияларының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Биылғы жылы фестивальде BASTAU SHORTS халықаралық байқау бағдарламасы болады. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен ұсынылған қысқаметражды, деректі және анимациялық дебюттік фильмдер көрсетіледі.
СЕРГЕЙ ӘЗІМОВ, «БАСТАУ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Біздің негізгі мақсатымыз- жастарға, дарынды жастарға көмектесу, жаңа аттарды таныту, жалпы мына қазақ киносының потенциялы өте мол,жастарға қазіргі кезде біздің көмегіміз, біздің назарымыз, біздің мұқиятымыз ауадай қажет.Сол себептен барлықтарыңызға осы фестивалге қатысуға шақырамыз».
Шара режиссер Алина Мұстафинаның дебюттік толықметражды туындысы - «Оның әкесіне, менің арғы атама, оның арғы атасына пірәндік» деректі фильмімен ашылады. Бұл конкурсқа қатысу үшін 500-ге жуық өтінім келіп түскен. Оның 43-і іріктеуден өткен.
ШЫҢҒЫС ЕРГӨБЕК Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКЕДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ «Фестиваль шын мәнінде өзінің кәмелет жасына жетті және болашаққа нық аяқ басып келе жатқандығының бірден-бір көрсеткіші болса керек. Бастау кинофестивалі текұлттық кинематографияға емес, халықаралық кинематография аренасына жас мамандардың алғашқы қадамын жасауға тиімді платформаға айналды деуге толық негіз бар.»
Айта кетейік, 14-ші желтоқсанға дейін байқаудың барлық көрсетілімдері «Тұран» университетінде көрсетілетін болады. Кіру тегін.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 371 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/U4qes89sodM?si=4HHcz-CsPGEa-tVA"
Биыл Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. 1994 жылы алғаш рет жергілікті өкілді органдардың жұмысын бастауымен еліміздің демократиялық дамуында жаңа кезең басталды. Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін құрайтын маңызды институттардың бірі.
Мәслихаттардың басты міндеті – жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғап, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына ықпал ету. Олар өңірлік мәселелерді шешу жолдарын талқылап, жергілікті бюджетті бекіту, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының жұмысын қадағалау сияқты маңызды функцияларды атқарады.30 жыл ішінде мәслихаттар елдің өңірлік саясаты мен қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне бейімделіп, тиімді қызмет көрсетудің заманауи әдістерін енгізді. Халық пен билік арасындағы байланыс көпіріне айналған бұл институт азаматтық қоғамның нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Айтулы мерекеге орай Алматы облысы,Қарасай ауданында арнайы жиын болып өтті.Аудан әкімі мәслихат депутаттарына аймақтың ілгері басуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Шара барысында өткенді еске алып, жетістіктерді саралады.Алға қойған міндеттерді даралады.
САМАТ МӘЛІКҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы – еліміздің тұрақты және демократиялық болашағының кепілі.Мәслихат депутаттарының 30 жылдығына орай ауданның ілгері басуына үлесін қосып жүрген бір қатар азаматтар Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың және Алматы облысы әкімінің құрмет грамоталарымен,сонымен қатар арнайы төсбелгілермен марапатталды.
ҰЛТАЙ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ «АСЫЛ АНА» АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Сондай-ақ аудан басшысы да аймақтың ілгері басуына ат салысып жүрген бір қатар азаматтарды марапаттап, алдағы күндері бірлесе еңбек етуге шақырды. Мәслихаттардың 30 жылдық мерейтойы еліміздің әр өңірінде түрлі шаралармен аталып өтіп, олардың жетістіктері мен атқарған жұмыстары насихатталуда. Бұл – халықтың сенімін арттырып, жергілікті басқарудың жауапкершілігін тереңдетуге бағытталған маңызды қадам.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 278 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gc4X2hJ8Zh0?si=LNENx10cZe-Hy5cW"
Өмірін ұлтының болашағы үшін арнап қызмет еткен тұлғаларымызды ұрпаққа үлгі етіп тәрбиелеу үлкен парыз.Осыған орай мемлекеттік және қоғам қайраткері, жазушы, партизан ҰОС батыры Әди Шәріповтың 112 жылдығын мерекелеу қарсаңында "Халық бірлігі - мызғымас бекініс"атты зияткерлік марафон салтанатты іс-шарасы өтті. Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
Әди Шәріпов 1912 жылы 19 желтоқсанда Семей облысы Жарма ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген. Ғибратқа толы ғұмырында ұстаздық қызмет атқарды, ұлы отан соғысында қан кешіп жүріп отанын қорғады. Соғыстан кейін Ә.Шәріпов ҚазКСР ағарту Министрінің орынбасары, республиканың ағарту министрі, ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Ә.Шәріпов Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болды. Іс -шара аясында Әди Шәріповтың жұбайы Клара Жағыпаровнаның мұрындық болуымен ашылған мұражайға экскурсия жасалды. Мұнда қойылған әр зат өз тарихымен құнды.
КЛАРА ЖАҒЫПАРОВНА ӘДИ ШӘРІПОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ
Әди Шәріпов «Партизан қызы», «Тон», «Алыс жағалаулар», «Қапастағы жұлдыздар», «Сахара қызы», «Арбасу», «Шипагер» және т.б. повестердің авторы. «Орман хикаясы» көркем фильмі «Партизан қызы» өмірбаяндық әңгімесіне негізделген. Мұражайға қойылған барлық кітаптар білім ошағының игілігі болып табылады.Жиында "Жақсылыкқа –жаралған жүрек атты" музыкалық бағдарламасы өтті. Жалпы іс шараның мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және тәрбиелеу.
ӘСЕМ СЕЙСЕНБАЕВА ӘДИ ШӘРІПОВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әди Шәріповтың өмірі мен шығармашылығы патриотизмге тәрбиелеудің жарқын үлгісі болып табылады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 211 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YiC2rzg_tC8?si=l1C-fJG_uii0DrAu"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 299 рет қаралды
Жұмыр басты пендені шабыттандырып, биік мақсаттарға жетелейтін білім ордасы болады. Мен үшін ондай орда – өзімнің мақтан тұтар киелі шаңырағым Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет. Бұл – сапалы білім берумен қатар, тұлғаны жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін, жастардың армандарын шындыққа айналдыратын киелі шаңырақ.
90 жылдық тарихы бар білім ордасында– тек дәрісханалар мен кітапханалар ғана емес. Ол – жаңа идеялар туындайтын, келешекке сенімді қадам басуға жол ашатын орта. Біздің университетте білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, кәсіптік дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулермен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Оны бұл жерге қадам баспай тұрып осы жерден білім нәрімен сусындаған көптеген түлектердің аузынан естіген едім. Енді міне өз көзіммен көріп,осы жерде қызмет жасап жатқан ұлағатты ұстаздардан дәріс алып, ғылым деген шексіз дүниенің шарапатын көріп отырған жайым бар.
Университетіміздің білім беру сапасы халықаралық стандарттарға сай келеді. Мұнда оқытушылар құрамы бакалавриат, магистрант, докторанттардың болашағына шын жанашырлықпен қарайтын тәжірибелі мамандардан тұрады. Олар әр студенттің жеке қабілеттерін ескеріп, дұрыс бағыт-бағдар береді, болашақтағы жетістіктеріне негіз қалайды.
Ұлттық университеттің қай кафедрасын алып қарасаң да,тәжірибиелі ғалымдардан құралған. Кіл мықтылардың ордасы деп ауыз толтырып айтуға болады. Мәселен филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасы ғылымның қазанында қайнап жатқан салмақты саланың бірі. Өз басым лингвистика мамандығында бірінші курста оқи жүріп,нағыз ғылымның жанашыр майталмандарын күнделікті көріп жүрмін. Олардың келешек ғалымдарға білім беру тактикалары тым бөлек. Студенттермен бірге қызық бағыттарда ортақ дискурс құра білуі, лекцияларына ұйытуы ерекше қанаттандырады.
Таяуда ғана “ТДМ іске асыру мақсатында кәсіби сөйлеу" тақырыбына арналған жиын өтті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мәдиева Г.Б бастаған кафедрамыздың мақтаныштары докторанттарға диссертациялық жұмыстарды қалай әрі сапалы жазудың тетіктерімен толыққанды таныстыру сәтінде диссертациялық жұмысымызға қажетті ақпараттарға қанықтық. Иә, ғылымның жолы оңай емес.Келешекте ғалым болуды армандайтын біз секілді докторанттарға айтулы саланың жілігін шаққан майталмандардан ілім алу,кезек күттірмейтін мәселе.
Мен білім алып жатқан Ұлттық университет Халықаралық беделі бар,мыңдаған шәкірттердің болашағына шамшырақ болған, әлі де бола беретін кадрлардың ұстаханасы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын тиянақты орындай білетін, келешекке сеніммен қарайтын білім мекемесінің жуырда ғана Ресей Федерациясынан филиалының ашылуы қаймана қазақтың қуанышына айналды. Сүйінші жаңалықты БАҚ беттерінен оқып,кеудемді мақтаныш кернеді.
Мен өз университетім мен шаттанамын, өйткені ол маған тек білім мен тәжірибе ғана емес, сонымен қатар, үлкен өмірге сенімділікпен қадам басу мүмкіндігін сыйлады. Бұл жерден алған білімім мен тәрбием маған өмір бойы жол көрсететін шамшырақ болатынына сенемін. Әл-Фраби атындағы Ұлттық университет мүмкіндіктер мекені.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Авакова Р. А.
PhD доктор,доцент м.а. Насихат Өтемғалиева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс доктаранты Уалиев О.М.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 366 рет қаралды
Университет стратегиялық міндеттерді шешу үшін айтарлықтай әлеуетке ие: 16 факультет, 67 кафедра, сегіз ҒЗИ, 29 ғылыми орталық, үш мыңнан астам оқытушы. Мұнда 600-ден астам білім беру бағдарламалары іске асырылуда, 23 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар, оның ішінде әлемнің 50 елінен келген шетел азаматтары білім алуда.
ҚазҰУ ББ 542 білім беру бағдарламаларының 25 пайызы әл-Фараби QS by Subject пәндік рейтингіне енді. QS by Subject пәндік рейтингтерінде ҚазҰУ-дың жетекші позицияларын нығайту университеттің отандық және әлемдік озық ғылыми қауымдастықтармен және әлеуетті жұмыс берушілермен жемісті ынтымақтастығымен байланысты. Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтингінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің 30 мыңнан астам жоғары оқу орындарының арасында 1816-шы орында.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет жоғары оқу орындарының Азия аймағының QS рейтингіне енгізіліп, 44-ші орынға ие болды. Ол "QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия"рейтингінде бірінші орын алған Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия университеттері арасында адам құқықтарына, сауаттылыққа, орнықты дамуға және жанжалдарды шешуге қатысты БҰҰ-ның әлемге танылған он қағидатын қолдауға бағытталған "Академиялық ықпал" бағдарламасына бірінші болып қосылды.
БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен ҚазҰУ "БҰҰ Моделі-Жаңа Жібек жолы" атты бүкіләлемдік студенттік бағдарлама ‒ ойынның бір бөлігі болды. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунның жеке қатысуымен университетте жаһандық хабты ілгерілету бойынша үлкен жұмыс жүргізетін тұрақты даму институты ашылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ-ның "Академиялық ықпал" бағдарламасының орнықты даму жөніндегі жаһандық хабының басындағы қызметі елдің имиджін жоғары халықаралық деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосады. Дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу орталығының базасында он жаңа инновациялық өндіріс ашылды, оның ішінде өсімдік шикізаты негізіндегі өнімдердің аз тоннажды өндірісі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 90 жылдық мерейтойына орай керемет жетістіктерге жетеді және жаңа жетістіктерге жетуге дайын.
Ф.ғ.д., профессор Г.Б. Мадиева
PhD, аға оқытушы Р.Ж. Кондыбаева

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 284 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9Q_VKLbtOFc?si=gXteBCdC13k-jTY-"
Алматы облысында ер адам қарт әкесін сабап өлтірген. Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әкесі мен баласының арасында жанжал туындаған. Жанжалда 34 жастағы ер адам әкесін соққыға жыққан. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Алматы облысының Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Алматы облысында полицейлер алған жарақаттарынан қайтыс болған әкесіне дене жарақатын салды деген күдікті ер адамды ұстады. Тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәлімет жариялауға жатпайды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 300 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ArXUKy5-0Fs?si=o7-o0-P8KYqObyg1"
Ақтаулық оқушылар төрт түлікті жоғарыдан бақылайтын дрон жасап шығарды. Тіпті Ұшқыш шопан деген атауы да бар. Дронның ерекшелігі тек малды бақылап қана қоймай өрістегі төрт түлікті санап, түгендейді. Ауырып тұрған малды да анықтауға қауқарлы. Бұдан бөлек ұшқыш шопанның ерекшелігі отардан бөлініп қалған түлікті де тауып бере алады.
Құрылғы ауылшаруашылығындағы кәсіпкерлердің қолын ұзартады десекте болады. Кез келген ауа-райына төзімді және өзіне артылған міндетті мүлтіксіз атқара алады. Оны қуаттаудың да қажеті жоқ. Төрт түлігіңді бағып береді, қашықтан бақылайды, ұры-қарыдан сақтайды. Сонымен қатар,өз-өзіне қуат жинай береді. Ерекше дронды Артем Ахметханов пен Мадина Абдулла бірге ойлап жасақтаған.
АРТЕМ АХМЕТХАНОВ №12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ «Біз инновациялық технологияны қолдандық. Бұл ультрадыбыстық жүйе адамға естілмейді, бірақ жануарларды қорқытады және оларды дұрыс бағытқа бағыттауға мүмкіндік береді. Екінші ерекшелігі, роботтың ішінде камера тұр. Ол жануарлар туралы барлық мәліметті жинайды».
Жобаны жасау үшін оқушылар 9 ай уақыттарын жұмсаған. Жұмсалған қаржы 75 мың теңгені құрайды. Дронды жасап болғаннан кейін алдымен өздері шаруа қожалықтарында сынақтан өткізіп көрген.
МАДИНА АБДУЛЛА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 12-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ «Жалпы елімізде жылына 8 мыңға жуық мал жоғалады. Соны іздеп шыққан шопандар да жоғалу қаупінде тұрады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы 15 пайызға ғана цифрландырылған. Осы біздің жобасыз мәселені шешуге арналған. Нарыққа шығаратындай өнімді жетілдірудеміз».
Айта кетейік ,жобаға жетекшілік еткен ұстаз- Қазбек Қалиев. Ол оқушыларға бағыт беріп отырған. Жетекші малшыларға аталмыш құрылғыны пайдалануға және жұмысты жеңілдетіп алуға кеңес береді.
ҚАЗБЕК ҚАЛИЕВ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ «Қазіргі таңда мал шаруашылығының маңызы өте үлкен. Ата кәсібіміз мал шаруашылығын цифрландыру қазіргі таңда үлкен мәселеге айналып отыр. Осы оқушыларымыздың ауыл шаруашылығына қосып жатқан үлесі және де осы жобаны әрі қарай дамытуға көмектесіп, атсалысуымыз керек».
Инновациялық жоба әлем бойынша теңдессіз жобалардың көшін бастап тұр. Оған дәлел жуырда Қытайдағы додада 1500 үздік стартаптың арасынан екінші орынды жеңіп алыпты. Жетекшілерінің айтуынша қос оқушы әлі де тың жобаларды жасайтындарына сенімі мол.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 285 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Z1hvZCuT39c?si=o_-Qba9sxwALwQrF"
Алматы облысы бойынша ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған ауданның бірі Жамбыл ауданы. Санға емес сапаға жұмыс істейміз деген аудан әкімі Нұрлан Ертас шаруалардың басын қосып,саланы одан әрі дамытудың жолдарын қарастырды.
Ауданның ауыз толтырып айтататын жетістіктері бүгінгі таңда жетерлік. Төрт түлікті асылдандыруды жандардыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі шарада асыл тұқымды мал көрмесі ұйымдастырылды.
НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан әкімі көрмеге қойылған ауылшаруашылық өнімдерін де аралап көріп,әр қайсысына жеке тоқталды. Шаруашылық иелерімен ұсыныстарында бөлісті. Еліміздің экономикалық дамуына табан ет маңдай терлерімен өз үлестерін қосып келе жатқан шаруаларға өз алғысын жекізді.
НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 293 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8p0-XeU9JAY?si=xXA5RiET4rBwt-rQ"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 229 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YPAwlP8ULwU?si=8uQR1SZpGPnS0PhV"
Елімізді әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық сыйлығының қорытындысы шықты. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының халық артисі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың «Мәдениет қайраткері» болып танылды, - делінген хабарламада.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы16 қаңтарда өтпек. Айта кетейік, таяуда ғана Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанған болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 275 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tugq9FIoUy4?si=mDOqVuCYaAZNqNEK"
Тек Шығыс Қазақстандықтар үшін, дүкендер мен мектептердің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін.Біріңғай уақыт белдеуіне көшкелі шығыста күн ерте қараятын болған. Бұған наразы халық, талай мәрте әкімдік пен үкіметке шағымдарын жолдаса да, сағат ауыспайтын болды. Облыс әкімі Ермек Көшербаев бұл біздің емес үкіметтің шешімі, тұрғындар мұндай өзгеріске үйренуі керек дейді.
ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Үкімет қабылданғаннан кейін біз оны орындауымыз керек. Әрине, кейбір тұрғындардың қиындықтары туған шығар. Балаларды кешке жақын мектептен алып кетеді. Иә, әрине ондай болады. Бірақ уақытты өзгертпесе де, егер қазір ескі уақыт қайтса, таңертең қараңғы кезде балаларды мектепке апарар едіңіз. Сол балаларды кешке жақын алар едіңіз. Мен оны айтып отырғаным. уақытқа байланысты – бірнеше мерзімде оған үйрену керек деймін бір жағынан. Екінші жағынан, әрине, тұрғындардың ой-пікірлерін біз тиісті министрліктере жеткіздік. “Осындай қиындықтар туып жатыр, соған қалай қарайсыздар, мұны қарастыру керек” дедік. Қазір бұл сұрақ Үкіметпен шешілген. Уақытымыз өзгертілген. Біз қазір облыс тұрғындардың бейімдеу процесін қалай жеңілдетуге болатынын, қалай жөніне келтіруге болатынын ойлауымыз керек. Мысалы, жұмыс уақытын өзгертуге, әлеуметтік мәселелерге, дүкендер, мектептердің жұмыс уақытын өзгертуге, әрине сағат сайын жүретін көліктің тәртібін қарастыруға – сол мәселелерді жеңілдету. Жаңа уақытқа үйрету мәселелерін қарастырып отырмыз».
Бүгін Ермек Көшербаев Өскеменнің экологиясын қалай жақсартып жатқаны жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында тікелей эфирде есеп берді. Жақында жеке сектор орталық жылу жүйесіне қосылмақ. Ал, өңірдегі ауаны ластағаны үшін кәсіпорындар төлейтін айыппұл болса, түгелдей қала бюджетіне түседі екен. Егер осы қарқынмен жұмыс жүретін болса, алда Өскеменнің ауасы тазарып, экологиясы қалыпқа келмек.
Тағы басқа мақалалар...
34 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.