
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 370 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Y6v9l-FRW9E?si=89y-ED1x7u0yIlPm"
Алматыда "Қаңтар оқиғасына" қатысқандарға Арман Жұмагелдиевпен Қайрат Құдайбергенен бөлек тағы 43 адамға сот үкімі шықты. Сот Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында өтті. Қаңтар оқиғасы бойынша "Дикий Арман"лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды. Сондай-ақ Арман Жұмагелдиевке түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынды.
Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Ал ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ ол мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырылды. "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы болған Бердах Бекетов "Жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен 7 жылға сотталды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 314 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/u78EGXSNk4k?si=9i08rwvwhPE1TZZj"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 376 рет қаралды
Абай атындағы ҚазҰПУ «Қысқы мектеп – 2025» семинары үш бағытта өтті. Әуелгі секция «Әкімшілік қызметтегі инновациялық стратегиялар және көшбасшылық» тақырыбын қамтыды. Оған Абай университетінің әкімшілік қызметкерлері, факультет декандары мен орынбасарлары, кафедра меңгерушілері қатысты.
Қысқы мектеп аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, жоғары білім берудегі жаңа трендттер, міндеттер мен мүмкіндіктер туралы сөз етілді. Университет қызметкерлерінің 2025 жылы еңбекақы қорына түсетін салық және әлеуметтік жүктемелеріндегі жаңартулар, мөлшерлемелер және есептеу ерекшеліктері баяндалды. Іссапар шығындары туралы жаңа ережелер мен оқу процесін Abai Digital жүйесіне ауыстыру жайы түсіндірілді. «360 градус әдісі: кешенді бағалау арқылы мұғалімнің дамуы» тақырыбында тренинг өткізілді. Халықаралық университет рейтингтерінің мәні, әдістемесі және мүмкіндіктері де назардан тыс қалмады.
«Заман өзгерістерінің контекстіндегі педагогикалық шеберлік» секциясы профессор-оқытушылық құрамына арналды. Секция тақырыптары барынша университеттердегі оқытудың жаңашыл тенденцияларына бейімделді. Мәселен, оқу процесін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырудың өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Coursera» білім беру платформасында MOOК әзірлеу. Жасанды интеллект бойынша университетаралық стандарт, жасанды интеллектіні оқу құралы ретінде пайдалану жайы да талқыланды.
Биылғы «Қысқы мектеп - 2025» шарасының ерекшелігі - «Педагогикалық мансаптағы алғашқы қадамдар: қиындықтар, мүмкіндіктер және табыс» тақырыбында эдвайзерлер мен үш жыл өтіліне жетпеген жас оқытушыларға арналған секциясында болды. Себебі, эдвайзерлердің теориялық және практикалық дайындығын пысықтауда мұндай семинарлар аса қажет – дейді университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова. Секция мақсаты - жас әріптестерді педагогикалық іс-әрекетке баулу. Жас мамандармен «Педагогикалық миссия: тәлімгерлік білім», «Академиялық адалдық» кодексінің негізгі қағидалары және білім беру үдерісі туралы студенттердің жиі қойылатын сұрақтары талқылады. Дәрістер мен семинарлар шеберлік сағаттарымен өткізілді.
«Қысқы мектеп» шарасына жалпы 300 ге тарта университет мамандары қатысты. Семинарда белсенді қатысқан факультеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы мен эдвайзерлерге арнайы сертификаттар табыс етіледі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 384 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xSJlSuvO5G4?si=M0BBKPUed-5ngCYa"
IT-алыптары Алматыда бас қосады. Туры бір аптадан кейін «Digital Almaty 2025» форумы басталады. Екі күндік іс-шараға 40 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Биылғы тақырып: жасанды интеллект жүйесін қарқынды енгізу. Онда кіл мықты «мен» деген Қазақстандық сарапшылар мен әлемдік IT-алыптары өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. Айта кетейік, Digital Almaty 2025 форумы BigTech компанияларын халықаралық Жасанды интеллект орталығына тарту үшін тиімді алаң болмақ. Ол жыл сайын жеке инвестициялар есебінен өткізіледі. Биылғы шара жетінші рет ұйымдастырылғалы отыр.
ҒИЗЗАТ БАЙТҰРСЫНОВ ҚР ЦДИАӨ МИНИСТРЛІГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жасанды интеллект саласындағы бастамаларды іске асыру және экономиканың нақты секторын өндіруші өнеркәсіпті цифрландыру. Мемлекет басшысы жасанды интеллекет әлеуетін пайдалана отырып білім экономикасына сапалы серпіліс жасау тапсырмасын қойды. Білім экономикасы ол өмірдің барлық саласын интеграциялау. Жасанды интелект өзгеріс пен прогрестің негізгі құралына айналатын сол арқылы ұлттың ойлау мәдениетін сапалы түрде өзгертуді көздейді біздің міндетіміз интеллектуалды, креативті және озық құралдармен жабдықталған қоғам құру».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 288 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dwQubriVHlk?si=IL5KQEZCR0iaPAHy"
Орал қаласы, Ружейников көшесі 13 мекенжайында орналасқан көпқабатты баспаналар осыдан 50 жыл бұрын салыныпты. Тұрғындар жатақхана опырылып үйіміз құласа астында қаламыз ба деп қорқып, дабыл қағуда. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
ЖҰМАҒАЛИ ШҮКРАНОВ, РУЖЕЙНИКОВ 13 МЕКЕНЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Баспананың қабырғасы жарылып, кірпіштері төменге құлап жатыр. Жертөлесі суға толып, зиянды иіс қолқаны қабады.
ГҮЛІМ ЗЕЙНУЛЛАЕВА,ТҰРҒЫН
Тұрғындардың айтуынша, баспана 2011 жылдары модернизациядан өткен. Сол кезде жатақхананың шатыры мен құбырын алмастырыпты. Осы уақытқа дейін үйге тиесілі жердің біраз бөлігі сатылып тұрғын-жайдың жанында инфрақұрылымның көп бөлігі орналасқан екен.
ҚЫМБАТ ҮЙГЕ ЖАУАПТЫ ТҰРҒЫН
Ружейников 13 мекенжайында орналасқан баспана ресми түрде апатты деп танылмаған. Жауаптылар үйді апаттылар қатарына енгізу үшін арнайы аккредитациядан өткен мекемеден сараптама өткізуі керек екен.
ӘДІЛБЕК ӨТЕҒАЛИЕВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
Қазіргі таңда,Орал қаласында 50-ден астам апатты деп танылған баспана бар. Олардың дені екі қабатты ескі үйлер. Тұрғынжайдың аумағы кең болған жағдайда "Реновация" бағдарламасымен үй салынады, жаңадан үй тұрғызғанда коммуникациясы мен абаттандыру жұмыстары жергілікті әкімдікке жүктеледі. Жалғыз баспанасы ресми түрде апатты деп танылған тұрғындар арендалық үй кезегіне тұра алады дейді жауапты Мердігер.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 533 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3sXHPD8YcyY?si=agpOWjhrDgJrU7Ev"
Бүгін Алматы қаласында «Білім берудегі заманауи технологиялар.Жасанды интеллект болашақты дамыту құралы ретінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсе.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – қосымша білім беру жүйесіндегі заманауи технологиялардың, жасанды интеллекттің (AI) рөлі мен әлеуетін талқылау. Іс-шара- тәжірибе алмасуға, жаңа әдістемелерге үйретуге және білім беру процесіне ЖИ енгізу бойынша пікірталастар үшін платформа құруға бағытталған.
ДӘУІРХАН ҚОЖАХМЕТОВ, №1 ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «Қандай жағдай болмасын ұстаз білімді болғанменде осы заманауи технологияны игермесе болашақты балаларды дамытуда, кеш қалуы мүмкін.Сол себепті осы тақырыпты ұйымдастырып, конференцияның негізгі мақсаты осы.Және де ЖИ жайлы айта кететін болсақ , бұл кезеңде көптеген платформалар бар, немесе сол ЖИ өзінің базалық құрымдары бар сол арқылы өркениетте болып жатқан жаңалықтарды немесе қарапайым тілмен айтсақ, өзімізге керек құралды, нақты не керек екенін компьютер арқылы осы ЖИ тапсырма беру арқылы біз өзімізге керек ақпаратты ол толыққанды жинақтап бере алады.Соны ары қаратай өзіміз өңдеп, балаға жеткізуіміз қажет».
Конференцияға Башқұртстан,Латвия, Сингапурдан сонымен қатар, Республикамыздың барлық білім беру ұйымдарының педагогтары, ғалымдар, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар,жас зерттеушілер өздері қолданған әдіс-тәсілдерді көрсетіп, тұжырымдарымен бөлісті.
ӘСЕМ ӘБДІМАНАПОВА ҰСТАЗ «Жалпы ЖИ келетін болсақ, қазіргі заманда мұғалімдердің жұмысын жеңілдету балаларға оқу-білімді жеңіл,ойын түрінде дамыта отырып, балаларды бірге оқыту, әртүрлі цифрлық технологияларды қолдану арқылы білімді жетілдіру болып табылады.Яғни осы конференцияда көптеген мағлұматтар алып жатырмыз, тәжірбие алмасып жатырмыз.Шетелдік профессорлардың қатысуымен өте жақсы керемет конференция болып жатыр пайдалы, маңызды. Көптеген платформалар арқылы өзімнің тәжірбиеммен де бөлісе отырып, басқа ғалымдардікін де көріп отырып, тәжірбие алмасып отырмыз. Алматы қаласының Оқушылар үйіне өте көп рақмет, өте алғысымыз шексіз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 300 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BIGWlMeSIsk?si=ZHS3K2KhA0rktL3g"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 322 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VT2Ke1I55XY?si=tPAJA-fKizqRgRsA"
Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды.Олар әлеуметтік желіде компромат жариялау арқылы қорқытып, 8 миллион теңге бопсалап, жәбірленушіні сот шешімімен өндірілетін 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға мәжбүрлемек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңгені алып жатқан сәтінде қолға түсті.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ; «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық Кодексінің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 326 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FkbtIlmn9PM?si=ea0AQskSeB46g9LA"
Маңғыстауда көкеністер бағасы аспандап тұр. Тіпті тұрғындар сөрелердегі бағаларды ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп, қоғамдық резонанс тудыруда. Қазіргі уақытта, сауда орындарында картоп бағасы әртүрлі,шамамен 320-380 теңге аралығында. Өңірдегі мамандар бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда орындарды аралап, қорда арзан бағада көкөністердің бар екенін жеткізіп жүр.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Сөрелерде көкеністердің түр-түрі қаптап тұр, қалағаныңды еш қиындықсыз табуға болады. Бірақ бағалары әр түрлі. Мәселен картопты бірі 320 тг ден сатса, кейбірі 350, 380 теңгеге саудалап тұр. Бұдан бөлек, сәбіз, жуа, қырық қабаттың бағалары да бірдей емес, әр түрлі.
АЗАМАТ ТАҢАТАРОВ, САУДАГЕР; «Қарағандыда картошка 260 теңге. Бері келетін тасымалың 50 теңге, үстіне қос. Сонда 310 теңгемен кіріп келеді мында. тағыда грузшигің бар, 315 теңгемен осында келіп тоқтайды. Оны енді 350ден сатпасақ айда қалмайды бізге. Біздер арзан картоп таба алмай жатырмыз, іздеп жатырмыз».
Сондай-ақ, картоп емес, сәбіз, жуа, қырық қабатты да қол жетімді бағада алып сатуға мүмкіндік бар. Тек өз бағасына 10 пайыз қоса аласыз. Ол үшін әр саудагер облыстағы кәсіпкерлік басқармасына хабарласып, тіркеліп, "Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясына барады. Қорда көкөністің қоры жеткілікті. Тауарлар Атыраудан жеткізіліп тұр.
НҰРБОЛ ОРЫНБАЕВ , ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ; «Қазір сәбізден 20 тонна бар. Картоп 15 тонна бар, қырық қабаттан 10 тонна, жуадан 10 тонна. Әр апта 5-ші күн сайын Атыраудан жібереді. Складтты толықтырамыз. 20 тоннадан артық ұстамаймыз. Сол үшін әр апта сайын толтырып отырамыз.Тұрақты баға. бізде өзгермейді. Көтерме, бөлшек болсын айырмашылығы жоқ бізде. Бір қап алама, бір келі алама осы бағамен сатамыз».
ДАСТАН МҰРАТАЛИЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ; «Оларға біз 168 теңгенің картобын ұсынып отырмыз. Алайда олар өздері тікелей алдырып, өздері былай айтқанда тексеру механизмінен қашып отыр. Былтыр мысалы картошка 150-180 теңге аралығында еді. Биыл мысалы екі есеге қымбаттап кетіп отыр».
Айта кетейік, облыстағы 800 мыңдай халық жылына 76 мың тонна картоп тұтынады. Қорда көкөністің қоры жеткілікті. Бірақ қыста, жазда тұтыну көлемі өзгеріп тұрады екен. Қазір қордағы 15 тоннадан бөлек өңірге тағы 80 тонна картоп әкелінген. Апта соңында тағы да 75 тонна картоп жеткізілмек. Яғни тапшылықты болдырмау үшін, келісілген мердігерлер өнімді қажетіне қарай әкеліп отырады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 347 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XjlCAnm2Y8E?si=0j2yfmf00MnJwh5S"
Халқымыздың өмір салтының қайталанбас ерекшеліктері мен оның қағидаларын ,ұлтымыздың өзіндік бір келбетін бейнелеп, артында өшпес мұра қалдырған дарынды суретші – Николай Гаврилович Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрмесі ашылды. Шығармашылығы көрерменнің көзін қарықтырған көрме жайлы келесі тақырыпта.
Көрнекті суретші, этнограф, өлкетанушы Николай Хлудов 1879 жылы Қазақстанға келіп, бүкіл өмірін дерлік Жетісуда өткізген. Қазақ даласы суретші үшін шығармашылық шабыттың қайнар көзі болды. Әсемдік тұнған қазақ даласын аралап, шебер табиғаттың түрлі көріністері мен сұлулығын бейнелейтін көптеген суреттер салған. Сонымен қатар суретшінің шығармашылығында XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, тұрмысын, шаруашылығын бейнелейтін туындылар ерекше орын алады.
ҒАЛИЯ ТЕМІРТОН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Н.Г. Хлудов мұрасының ең маңызды бөлігі ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қорында сақтаулы.Суретшінің «Нөсер жауын астындағы көш», «Барымта», «Бие сауу», «Өрмек басындағы тоқымашы», «Салтанатты көш», «Алау жанындағы әйел» туындылары көпшілікке етене таныс.
АЙНҰР МӘУЛЕН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Көрме төрінен Н.Г.Хлудовтың қыл қаламынан туындаған шығармаларымен қатар жеке заттары,тұтынған жиһаздары,өлшеу құралдары мен қатар фотоқұжаттық материалдар да орын тепкен.Көрме 2025 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 281 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/siBuEQMfLj0?si=gwvqaOIJsdOVUjCk"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 292 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EYkTuwyfSoA?si=nMYgcFrWj1DDtMI6"
Биылдан бастап елімізде резервтік әскери қызмет түрі енгізіледі. Бұл ерікті түрде жүзеге асырылады. Оған 60 жасқа дейінгі офицерлер мен 50 жасқа дейінгі сержант және сарбаздар кіретін болады. Жаңа заң жобасын бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи таныстырды. Ондағы мақсат не? Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Қазір бүкіл әлем теңселіп тұр, оған қоса іргемізде соғыс жүріп жатыр. Сол себепті бұл мүмкін болатын әлдебір қауіпке, туып қалуы мүмкін қатерлерге елдік, мемлекеттік, ұлттық тұрғыда дайындығымыз деді заң жобасын таныстырған депутат Ермұрат Бәпи. Резервке кірген азаматтар алдымен денсаулығын тексеріп, тесттен өтеді, соңында Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырады. Сондай-ақ, олар жылына екі рет әскери жиынға жиналады және жыл ішінде бірнеше әскери сабақтан өтеді. Негізгі мақсат – әскердің санын көбейтпей, бірақ дайын тұрған резервтегі әскерді жасақтау. Қазір алғашқы бригаданы жасақтау басталып та кетті. Шамамен 2000 адам дайын тұр.
ЕРМҰРАТ БӘПИ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Атап айтқанда, депутаттар түрлі ақшалай төлемдерді (әскери қызмет өткеру кезінде алған жарақаттары үшін өтемақы төлемдері, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және т. б.), заттай және азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери резервистке медициналық қызмет көрсетуге, жұмыс істейтін әскери резервистің еңбек қатынастарына қатысты нормаларды ұсынды. Сонымен қатар, әскери резервшілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуына аударымдар мен жарналарды реттейтін нормалар енгізді. Сондай-ақ, депутаттар әскери құқық бұзушылық субъектісі ретінде резервтегі әскери адамның қылмыстық жауаптылығына қатысты түзетулер енгізді».
Одан бөлек, бүгін Мәжіліс депутаттары ЛГБТ -ға деген қарсылықтарын Парламент мінберінен көтерді. Олар кеше сайланған АҚШ-тың жаңа Президентінің саясатын мысалға келтірді.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге "Дядя Дональдтан" жалынды сәлем! Азғындыққа апаратын жолмен күресу керегін айтады. Өйткені біз Мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз. Мен білетін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің "демократияны шектеп жатырсыңдар", "адам құқығын таптап жатырсыңдар" деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді».
Ал, депутат Мақсат Толықбай полиция саласын сынады. Ұрыларды ұстай алмай жүрген тәртіп сақшылары солармен сыбайлас па деген халық қалаулысы мыңдаған адамның үндеуін жеткізді.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Маған да ондаған адам хабарласты. Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасар деп бес күн күттік. Алайда ешқандай реакция жоқ. Катонқарағайға қарасты Шыңғыстайдың шырқын осы ұрылар бұзып бітірді. Алақандай ауыл халқына ұры-қарының қорлығы әбден өткен. Төзімдері таусылып, сенімдері сетінеген ел енді бар үміттерін ел басшылығына артып, яғни Президенттен көмек сұрап отыр. Өйткені қой қоралап, ірі-қара табындап, жылқысы үйір-үйірімен жоғалып жатқан соң қайтсін?! Полиция дегеннен әбден күдер үзген. Осы күнге дейін қаншама малы қолды болып, ұрланса да, полиция ізін таппаған. Бұл нені көрсетеді?! Не іздеуге құлықсыз немесе ұры мен полиция ауыз жаласып, ымыралысып, ынтымақта жұмыс істейді. Ақиқаты осы. Басқаша айту мүмкін емес!».
Айта кетсек, резервтегі әскери қызметші туралы заң жобасы былтыр қарашада бірінші оқылымда мақұлданған. Резервте тіркелген әскери қызметкер міндет бойынша, соғыс бола қалған жағдайда әскери комитеттерге бармай, дабыл қағылған кезде өзінің бригадасына тікелей барып қосылуы тиіс.
Тағы басқа мақалалар...
32 ішінен 237 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.