- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 377
https://www.youtube.com/embed/g0nkfaxUM8U?si=KdjKE1aDlipxV_3x"
Қазақстанда омикрон вирусы өршіп тұр. Осыған орай,еліміздің бас дәрігері егер бірнеше күн ыстығыңыз түспей, жөтел қысса, өз бетінше ем қабылдамай маманға жүгінуге кеңес береді. Одан бөлек, бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният алдағы уақытта санитарлық-эпидемиологиялық мамандардың айлығы өсетінін алға тартты.
АЖАР ҒИНИЯТ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Санитарлық-эпидемиологиялық мамандар мемлекеттік қызмектерлерге жатады. Былтырдан бастап барлық мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақылары көтерілді. Қазір біз осы салада жұмыс жасайтын орта буынды мамандардың еңбекақысын 16 пайызға көтеруді жоспарлап отырмыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 379
https://www.youtube.com/embed/uDwKMmeV6Lw?si=RzB_-swV85GKNBO7"
Алматыда алғаш рет Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутында жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан науқастарға қашықтан бақылауға болатын кардиостимулятор қойылды.
Кардиостимляторды қашықтан бақылауға болады. Ол үшін науқастың ұялы телефонына арнайы бағдарлама жүктеледі. Сол арқылы дәрігерлер жүректің қызметін қадағалап отырады. Алматыда алғаш рет осы мониторинг жүйесі іске қосылды. Оны алматылық дәрігерлер ресейлік әріптестерімен бірге жүзеге асырды.
МАРАТ ПАШИМОВ КІА ҒЫЛИМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Біз қойып жатқан кардиостимуляторлар спутник арқылы біздің дәрігерлер қадағалай алады. Давление қандай? Плюс қандай? Жүрек қалай жұмыс жасап жатқанын. Бір себептер болатын болса, давление түспесе, жүрек дұрыс істемейтін болса, бізге тез сигнал келеді».
Алматы облысының тұрғыны Алымжан Амраев 20 жылдан бері дәрігерлердің бақылауында. Осыған дейін 4 рет кардиостимулятор қойған. Ал, бұл жолы етпен бірігіп кеткен электродтар алынып тасталды. Себебі, сол орында асқыну пайда болған.
АЛЫМЖАН АМРАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Екі ай болды жаңа аппаратты салғанына. Қалып қалған электрот мазалай бастады. Іштен инфекция жарақат іріңдеп содан ауырып келдім. Екінші числода Россиядан келген профессор операция жасады. Оның тәжірибесі бар екен ондай операцияларға».
Қазір қазақстандық дәрігерлер кардиостимуляторды енгізуді жақсы меңгеріп алған. Бірақ электродтарды имплантациялау бойынша әлі де тәжірибені арттыра түсу керек, дейді мамандардың өздері.
БАҒДАТ АХЫТ ҚІА ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ «Салынған стимуляторларды алу әсіресе электродтар деп айтылады. Қосымша сымдарды алу проблемалары қазіргі уақытта аз емес. 1716 Оны алу кезінде кейбір жағдайда асқынулар болады. Жүректің бұлшық еттері жарылып немесе тесіліп кетсе науқас жедел түрде қайтыс болып кетеді».
Ресейлік аритмолог дәрігер Сергей Артеменко қазақстандық әріптестеріне дәл осы жүрек ырғағы мен өткізгіштігіне қатысты білгенімен бөлісуге арнайы келген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 353
https://www.youtube.com/embed/VkIMBK4Yakw?si=NGeWMyGJNPQD41Bz"
Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде жұмыс істеген есепші екі жыл бойы мекеме меңгерушісінің электронды цифрлық қолын пайдаланып, өзіне көтерме еңбекақы аударып келген. Осылайша 2021-2022 жылдары 7 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-шы бабы, 3-ші тармағының 1-ші бөлігі бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасаған.
Оның кінәсі аудиторлық компанияның сараптамасымен, куәгерлердің айтуымен және өтем туралы есепшоттармен дәлелденді. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады, шығынды ішінара өтеді. Көкшетау қалалық сотының үкімімен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге материалдық жауапкершілікке қатысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын өтеліп алынды. Сотталушының қарауында кәмелетке жасы толмаған үш баласының болуы ескеріліп, жазасын өтеу 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сот сонымен қатар лауазымды тұлғалардың тікелей міндеттеріне салғырттық танытқаны үшін және тиісті бақылаудың болмауына байланысты облыстық білім басқармасына қатысты жеке қаулы шығарды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
https://www.youtube.com/embed/WnznlFuf6lM?si=wAVxX_luw-wlzD03"
Дін атын жамылып, қоғамды ала тайдай бүлдіріп, өз алдына жеке топ құрып, оған жастарды тартып жатқан радикалды ұйымдарға тосқауыл болу мәселесі кеше Мәжілісте көтерілген еді. Бүгін жоғары палата депутаттары да, діни ағымдардың жетегінде жүрген жастардың жағдайын тілге тиек етті.Олардың пікірінше асыл дінімізді өзгемен шатастырып, халықты теріс жолға салатындарды тиятын уақыт келді.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Домбыра – харам», «сәлем салу – харам», «елдің бәрі хиджап пен ниқаб киюі керек» деген талаптар Конституциямызға қайшы келеді.ХХІ ғасыр – жаһандану заманы. Өркениет көшін бастап келе жатқан мемлекеттер қайда? Біз қайдамыз? Озық жұрт қазір жасанды интелектпен, технологиялық жетістіктермен айналысып жатқанда біз елімізді орта ғасырдағы деңгейге сүйремекпіз бе? Ата салтымыз бар. Халықтық қалпымыз бар. Қанша дәуірден бері қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз бар. Солардың бәрін тәрк етеміз бе? Ата дінімізді ардақтаудың, салт-дәстүрімізді сақтаудың орнына бүкіл қоғам болып өзге ағымдардың жетегінде кетеміз бе? Мәселе дабыл қағарлық деңгейге жетті».
Осылай деген Сенат депутаты шетелде өз бетінше діни білім алып келгендерді елде қатаң тексеріп, акридитациядан өткізу керек және жастар ресурстық орталығының әлеуетін көтеріп, дін істері басқармалары барлық өңірде қайта ашылса деген ұсынысын білдірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 366
https://www.youtube.com/embed/Bw2BZs2aa84?si=op_bmwUQyzCHHyuA"
Германиядан келген Ференц Крауз – физика бойынша Нобель сыйлығын алған үш лауреаттың бірі. Ол сейсенбіде АҚШ-тық Пьер Агостини және Швециялық Анн Люйелермен бірге осындай жоғары марапатқа ие болғанын білді. Ғалымдар үштігі атомдар ішіндегі өзгерістерді өлшеуге болатын ультра қысқа лазерлік импульстарды құрғаны үшін марапатталды.Крауз мұндай марапатқа ие болатынын білмепті.
ФЕРЕНЦ КРАУЗ – ФИЗИКА БОЙЫНША НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ: «Бұл марапат бьарлық күш-жігердің бекер болмағандығының белгісі. Көптеген сәтсіздіктерден кейін осы жолдан бас тартпай, соңына дейін жасаған жұмысымды бағалағандары қуантады. Бұл мен үшін ең маңызды сабақ болуы мүмкін. Менің болашақ ұрпаққа жеткізгім келетіні: егер сіз бір нәрсеге сеніп, бұл сіздің мақсатыңыз және не істеу керек екеніне сенімді болсаңыз, қандай сұрақтар туындаса да, өз жолыңызбен жүріп, қиындықтарға берілмеңіз».
Нобель комитеті ғалымдардың зерттеулері адамзатқа атомдар мен молекулалар ішіндегі электрондардың қозғалысын зерттеудің жаңа құралдарын ұсынды деп хабарлады. Ұзақ уақыт бойы оны іздеу мүмкін емес деп есептелді. Электрондардың өзгеруі аттосекундтың оннан бір бөлігінде болады. Ал – аттосекунд - секундтың бір квинтиллиондық бөлігі. Бұл 18 нөлден тұратын сан.Ғалымдардың ашқан жаңалықтары аттосекундтық физиканың бүкіл – ғылыми бағытының негізін қалады. Ал, Люйе марапат туралы дәріс кезінде білген. Ол осы салада 120 жылдың ішінде марапатқа ие болған бесінші әйел. Үш лауреат миллион долларлық сыйлықты бөліседі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 393
https://www.youtube.com/embed/6Spv77S9IZ8?si=bgrHGwVklBJxxCJS"
Түркияның Стамбул қаласының маңындағы Теркос су қоймасы тартылып барады. Ол Түркияның ең ірі мегаполисін және оның айналасындағы ауылдарды қажетті сумен қамтамасыз етуі керек. Құрғақшылықтың салдарынан мұндағы су деңгейі онжылдықтағы ең төмен көрсеткішке жетіп отыр.
ШАРУАГЕР: «Мен мұнда үш ай бұрын келдім, ол кезде су толы болды. Қазіргі жағдайды өздеріңіз көріп тұрсыздар, су тартылып кетті. Ары-бері жүзіп жүретін қайықтар да қалмады».
Түрік метеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жыл басынан жаздың аяғына дейін елде жауын-шашын әдеттегіден аз түскен.Теркос су қоймасындағы су деңгейі қазір 9% -дан аспайды. Стамбулда 16-дан 20 миллионға дейін адам тұрады. Қалада қазірдің өзінде су тапшылығы байқалады. Айтулы мәселеге шаруагерлер алаңдаушылық білдіріп отыр. Ауа райын болжаушы мамандар, қазан айында жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ ылғалдың жетіспеушілігін толтыруға жеткілікті ме, жоқ па уақыт көрсетпек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 354
https://www.youtube.com/embed/nKMSpLPdKNQ?si=W5A_COx6VY1vNdYx"
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі деп Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Ұстаз деген бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды, келер ұрпаққа тәрбие береді. Ұлағатты жандардың төл мерекелеріне арналған іс шараға кезек берсек.
Алматы облысына қарасты Талғар ауданында 43 мектеп бар,онда 52 мыңнан астам оқушы 5 мыңға жуық мұғалімдерден білім алып жатыр.Қиындығы мен қызығы мол саланың мамандары,сапалы ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етуде.
ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Таңмен таласып жұмысына барып,кеш ауа үйіне қайтатын ұстаздар,қандай құрметке болсын лайықты. Аудандық білім бөлімі ұстаздарды ұлықтау мақсатында арнайы акцияны қолға алған.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Ұстаздарға арналған атаулы күннің шығу тарихы да қызық. 1965 жылы 29 қыркүйекте Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңес Президиумы Жарлығымен мұғалімдер күні қазан айының алғашқы жексенбісі деп бекітілді. Ұстаздар күнінің әлемдік деңгейде аталып өтуіне мұрындық болған Біріккен Ұлттар Ұйымы. Бұл күнге 1966 жыл 5 қазанда Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды.Міне осы уақыттан бері ұлы мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетіліп келеді.
ӘМИНА ШҮЛЕНБАЕВА ОҚУШЫ
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп қабырғасында ұлы тұлғаның атынан шағын мұражай ашылды.Онда Алаш қайраткерінің өмір жолынан сыр шертетін маңызды құжаттардың көшірмелері,жақындарымен түскен фото суреттері қойылған.Сондай-ақ бұл жерден еліміздің өсіп-өнуіне тер төккен өзге де тұлғаларды танып білуге болады.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 463
https://www.youtube.com/embed/ZjX743Sy_4E?si=ZDa2RoVma_9SWWHL"
«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан».Бүгінде ата-ананың сеніп тапсырған баласына,асқан жауапкершілікпен қарайтын мұғалімдер жоқ емес,бар.Ұлағатты жандардың төл мерекелеріне орай,сүйікті саласына тер төге еңбек етіп жүрген кейіпкерімізбен сұхбаттасып қайтқан едік.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Қуандық Қайратұлы ШҚО дүниеге келген. Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Ұстаздық деген ұлы мамандыққа Алаш қайраткерлерінің шырақты шығармалары түрткі болыпты. Шәкірт оқытып,шамшырағын жағу,алдыма қойған мақсатқа айналды дейді ол.Бүгінде Алматы қаласы Мүсілім Базарбаев атындағы №138 гимназия қабырғасында еңбек етеді.
ҚУАНДЫҚ СӘКЕНОВ ҰСТАЗ
Үнемі ізденісте жүретін жас маман,жастарға заман талабына сай білім беру технологиясын жетік меңгерген.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі көптеген байқаулардың жүлдегері атана білді.Ұжымы оның біліктілігінен бөлек,адамгершілік қасиетін де ерекше бағалайды.
МЕДЕТ ҚАСЫМБАЕВ М.БАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №138 ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы».Қуандық Қайратұлы оқушыларының әр жетістігіне шынайы қуана білетін жан. Оның балаларға деген риясыз махаббатын жұмыс барысынан танып білуге болады.
ҚУАНДЫҚ СӘКЕНОВ ҰСТАЗ
ЖАНЕЛЬ АМАНДОС ОҚУШЫ
Гимназия қабырғасында 65 ұстаздан 787 бала білім алады.Мұнда жастардың сапалы білім,саналы тәрбиемен сусындауына барынша жағдай жасалған.Түсірілім барысында үлкен шараның үстінен түстік. Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отырған жобаның бірі,мектеп парламентінің сайлауы. Онда үміткер оқушылардың арасынан алғырларын анықтап,дауыс беру арқылы таңдау жасалатын болады.
АҚМАРАЛ БОЖАНОВА М.БАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №138 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 410
https://www.youtube.com/embed/DdMbeJXviHw?si=VJgsesLU7fJKMa57"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіне қатысты. Президент ең алдымен, жиынға қатысушыларды Ұстаздар күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жарқын, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі».
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және беделін арттыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатқанына назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз».
Сонымен қатар Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 343
https://www.youtube.com/embed/5px4liFkA0w?si=TmYXvU63uR7iTU-a"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 331
https://www.youtube.com/embed/sk7zyiJh4BM?si=gJBtDHLwb1eJasUl"
АҚШ Жоғарғы соты 2 қазанда экс-президент Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысудан шеттетуді қарастырудан бас тартты.
Сотқа жүгінген Республикалық партияның президенттікке кандидаты Джон Энтони Кастро. Ол Трамп 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийді басып алған қылмыскерлерге көмек көрсетті деп мәлімдеді. Кастро бұл мәлімдемесін АҚШ Конституциясының 14-ші түзетуіне сүйене отырып жасады. Онда кез-келген шенеунік көтеріліске, не бүлікке қатысса немесе бүлікшілерге көмек көрсетсе, Мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылады делінген. Сот бұл талапты ешқандай түсінік берместен қабылдамады. 14-ші түзету XIX ғасырдың ортасында қабылданған. Ол бұрынғы конфедераттарға қарсы екі рет қана қолданылған. Сонымен қатар, Дональд Трамп Нью-Йоркте азаматтық іс бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа тартылды. Демократиялық партияның мүшесі Летиция Джеймс өзінің сот ісінде экс-президентті, оның ұлдары мен қызметкерлерін көптеген жылдар бойы Tramp Organization холдингінің құнын көтеріп, несиелер мен сақтандыру бойынша жақсы шарттар алды деп айыптады. Отырыс барысында Трамп судья мен прокурорға сын айтып, процесті "жалмауыздарға аңшылық" деп атады. Ол сондай-ақ судьяны қызметінен айыру керек деді.
ДОНАЛЬД ТРАМП — АҚШ-ТЫҢ ЭКС ПРЕЗИДЕНТІ
"Ешқандай проблема болған жоқ. Барлығы тамаша өткен. Қылмыс жоқ. Қайта қылмыс маған қарсы жасалуда. Өйткені бізде жемқор прокурор бар. Бізде жемқор Бас прокурор бар. Мұның бәрі Вашингтондағы АҚШ Әділет министрлігінен келеді, өйткені мен Байденнен он ұпайға озып, республикашыл кандидаттардан 50 немесе 60 ұпайға озып кеттім".
Айта кету керек, судья Артур Энгорон Трампты алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп таныды. Енді отырыс бұрынғы президенттің қандай жазаға тартылуы керек екеніне назар аударады. Трамп темір торға тоғытылмайды. Алайда, прокурор Трампқа 250 миллион доллар айыппұл салып, Нью-Йоркте бизнес жүргізуге тыйым салуды талап етуде. Іс бірнеше айға созылуы мүмкін және Дональд Трампты екінші президенттік мерзімге ұсыну процесіне әсер етуі екіталай.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 358
https://www.youtube.com/embed/Lw-p-o0tJBQ?si=MtV09FB1gz62pujT"
Ақтаулық мемлекеттік қызметкер 700 мың теңге айыппұл төлейді. Себебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қала аумағында модульді әжетхана орнату жұмыстарына тексеріс жүргізген. Нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі шартқа қол қойылған соң 2 күн ішінде мердігерге ақша аударғаны белгілі болған. Яғни, билік өкілі құрылыс толық аяқталмағанына көз жеткізбеген. Осылайша, мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзған бөлім басшысына 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Жобаға бюджеттен 87 млн теңге бөлініп, 5 шағын ауданға қоғамдық әжетхана қойылған. Бірақ олардың ешқайсысы жұмыс істемейді.
БІРЖАН ХАЙРУЛЛИН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Модульді әжетханалардың қымбаттығы және оның қаншалықты заңға сәйкес орындалғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл ақпарат департаменттің есепке алу кітабына тіркеліп, тексеру үшін мемлекеттік аудитке жолданды. Аудит қорытындысы бойынша, мемлекеттік сатып алу заңы бұзылғандығы анықталды. Атап айтатын болсақ, мемлекеттік сатып алу бекітілген қағидатқа сәйкес жүргізілмеген.
Еще материалы
Страница 169 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.