- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/CmGufdiXLTc?si=OccK5bkKfxdQA5Kk"
Үндістанның Керала штатының оңтүстік-батысында Нипах вирусының бесінші кезеңі анықталды. Енді халық өлімге әкелетін вирустың таралуына жол бермеуде. Себебі, Кералада осы дерттен жақын арада 2 адам қаза болған.
Вирустың бесінші кезеңі белең алғаннан кейін, биліктегілер Кожикода ауданындағы мектептерді, университеттерді және мемлекеттік мекемелерді жапты. Дәрігерлердің бақылауында 2 ересек адам мен 1 бала бар. Ақ халаттылар індетті жұқтырғандардың контактілерін де анықтауда. Соңғы екі күнде 800-ге жуық адам тексерілген.
ВИНА ДЖОРДЖ КЕРАЛА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Біз 30 тамызда қайтыс болған бірінші марқұммен байланыста болғандардың барлығынан тест алдық. Сонымен қатар, ауру жұқтырған науқастар емделетін ауруханалардан медициналық комиссияны жинау қажет. Әр 12 сағат сайын денсаулық сақтау бөліміне медициналық қорытынды жіберілуі тиіс».
Нипах вирусы әдетте жеміс жейтін жарғанаттардың кейбір түрлері арасында таралады. Ол басқа жануарларға да, адамдарға да жұғуы мүмкін. Аурудың белгілері қызба, бас ауруы, жөтел және сананың шатасуы. Әзірге ауруды жеңетін вакциналар немесе дәрілер жоқ. Ауруханалар тек симптоматикалық ем жүргізеді. Ауру жұқтырғандардың 50-75 пайызы қайтыс болады. Тірі қалғандарда ұстама сияқты асқынулар болуы мүмкін. Ауру алғаш рет 1998 жылы Малайзияда анықталған. Кейінірек індет Сингапур, Үндістан және Бангладеште тіркелді. Барлығы қазірдің өзінде 700-ден астам жұқтырған адам қайтыс болды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 380
https://www.youtube.com/embed/CuiwvehpYa8?si=AjOEn6YRZjhBBgpi"
Марокколық әскерилер жойқын жер сілкінісінен кейін баспанасыз қалған адамдарды азық-түлікпен уақытша баспанамен қамтамассыз етуде. Амизмиз қалашығы - ең көп зардап шеккендердің қатарында.
Бұл палаткалы лагерьде 1500-ден астам адам тұрады. Сарбаздар оларға тәулік бойы тамақ дайындауда. Алдымен әйелдер мен балаларға,
содан кейін ер адамдарға қызмет етеді.
ДЖАММО АДЖАМИЛЬ -АМИЗМИЗ ТҰРҒЫНЫ:
"Әскерилер бізді дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етіп отыр. Біреудің ауырып жатқанын біле қалса өздері ем-дом жасауды. Олар тіпті
түнде де бізден хабар алып тұрады".
Марракеш – Сафи аймағында 6,8 баллдық жер сілкінісі 8 қыркүйекте орын алды. Эпицентрі Атлас тауларында болды. Эль-Хауз провинциясындағы шағын қалалар қатты зардап шекті. 3000-ға жуық адам қайтыс болып, 5500-ден астамы жарақат алды.
Құтқарушылар әлі де үйінділерді бөлшектеп, тірі қалғандарды іздеуде. Бірақ қазір операция зардап шеккендерді қолдауға басымдық берілген екінші кезеңге өтті. Адамдарды уақытша баспана, тамақ, су және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге тырысуда. Ал Амизмиздегі бұл лагерьде жергілікті фосфат өндіретін компанияның жұмысшылары өз еркімен балаларға арналған ойын алаңын жасап жатыр.
ФАТИМА ЗАХРА – АМИЗМИЗ ТҰРҒЫНЫ: "Мен олардың мұны біз үшін жасағанына өте қуаныштымын. Енді балалармен ойнай аламыз".
Ата-аналар ойын алаңы балаларына апат кезінде бастан кешкендерін ұмытуға көмектеседі деп үміттенеді. Бұл жер сілкінісі Мароккода 1960 жылдан бергі ең қауіпті және соңғы 120 жылдағы ең күштісі болды. Ел билігі зардап шеккен әрбір отбасына 3000 доллар төлеуге уәде береді. Сонымен қатар, адамдар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 418
https://www.youtube.com/embed/qBB2YuyfbTs?si=5pt4DY4Bpsu_Ia-V"
Маңғыстау облысының прокурорлары бағалау құны 145 млн теңгеден асатын «маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарды. Бұған дейін кәсіпорын Үкіметтің Денсаулық сақтау объектілерін мемлекет иелігінен шығаруға салынған тиымына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге «Қарақия оңалту орталығы» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Бүгінгі таңда сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылып, мүлік қайтадан мемлекеттің басқаруына қайтарылды.
ОЛЖАС АЙТУАРОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 370
https://www.youtube.com/embed/kt70Z-7z4S8?si=sJiSPyqJvASxcWwD"
БҚО-да жан түршігерлік жол апаты бір отбасыдан 6 адамның өмірін қиып кетті. Оқиға 17 қыркүйек күні Самара-Шымкент тас жолында, Теректі ауданының Бекей кенті маңында орын алды. Жол-көлік оқиғасынан ерлі-зайыптылар мен олардың 4 баласы қаза тауып отыр. Бүгін өткен брифингте БҚО ПД басшылығы осы оқиға бойынша анықталған мәліметтерді БАҚ өкілдеріне жеткізді. Ерлі-зайыптылар мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Автокөлік салонындағы балалардың екеуі оқушы, қалған екеуі 5 және 1 жарым жаста.
ЖАНБОЛАТ ЖАНШИН БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Даф» жүк көлігінің жүргізушісі апаттың алдын алуға тырысқан», - дейді Жаншин. Жеңіл автокөлік иесіне дыбыстық сигналды басып, жолдың оң жақ бетіне өткен. Бұл белгіге қарамастан, Лада приора маркалы темір тұлпар ауыр жүк көлігінің тіркемесіне түйіскен. Айта кетсек, Даф көлігінің жүргізушісі алкогольдік ішімдік тұтынбаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан машина аударылып, азаматтың денсаулығына зақым келген. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 395
https://www.youtube.com/embed/7kq5NEsCPF0?si=PxC94vw-CoOpc4LF"
Kaspi Bank бөлімшесінің қызметкерлерін кепілге алып, ақша аударуды талап еткен Әлихан Мурадовқа қатысты сот шешімі шықты. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетсек, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы банк ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап, ата-анасына ақша аударды талап еткен болатын.
ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ СУДЬЯ:
«Әлихан Мұрадовты Қылмыстық кодекстің 261-бап, 2-бөлім, 4 және 8, 9-тармақтары бойынша (4 және 8-тармақтар қаруды немесе заттарды қолдана отырып, екі және одан да көп адамды кепілге алу) кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352
https://www.youtube.com/embed/GlRMcQwE1bw?si=tCGxorKofrn3SRdc"
«Қазақстан» шахтасындағы бес адамның өліміне әкелген апатқа жұмыс беруші кінәлі. Жазатайым оқиғаны тергеу мақсатында құрылған үкіметтік комиссия осындай шешімге келген. Жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталып, заңнаманы бұзуға жол берген 28 жауапты тұлға ұсталды деді Қарағанды орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.
Бес бірдей кеншінің өмірін жалмаған «Қазақстан» шахтасындағы өрт бір ай болды әлі сөнген жоқ. Апаттық учаскені оқшаулау туралы шешім қабылданған. Өмірін өлімге тігіп, 800 метр тереңдікте қызыл жалынмен арпаласып жатқан құтқарушыларға төрт еселенген жалақы төленеді деді жауапты мекеме басшысының орынбасары. Осы апаттан кейін құрылған үкіметтік комиссия өрттің шығуына мына жағдайлар себеп дейді.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: «Біріншіден, көмір конвейеріндегі өрт конвейердің кептелген және көлеңкеленген ролигіндегі таспа төсемінің үйкелуіне байланысты болды. Екіншіден, көмір конвейеріндегі өрт механикалық энергияның жылу энергиясына ауысуы салдарынан, жолақ төсемінің конвейердің кептелген және бекітілген ролигіне үйкелуіне байланысты болды. Үшіншіден, «Қазақстан» шахтасының инженер-техникалық құрамы тарапынан өндірістік бақылаудың болмауы. Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасының сақталмауы және энергия-механикалық қызмет бақылауының әлсіздігі анықталды».
Сондай-ақ, министр апаттан қаза тапқандардың отбасы қандай әлеуметтік көмек алатынын айты.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: «АрселорМиттал Теміртау» жерлеуді өткізу бойынша қажетті көмек көрсетті. Сондай-ақ әрбір отбасының жылдық жалақысының 10 есе мөлшерінде төлемдер берілді. Қаза тапқандардың балаларына 18 жасқа толғанға дейін және ЖОО-да оқуға түскен кезінде қаржылай қолдау көрсетіледі».
Айта кетейік, «Қазақстан» шахтасында қайғылы оқиға 17 тамызда болған еді. 5 адам қаза тауып, 16 адам түрлі дене жарақатын алды. Арселлор Миталл Теміртау компаниясының басшылығының ауысуына қатысты ақпаратқа Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ол уақыттың еншісіндегі дүние деп қысқа қайырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 345
https://www.youtube.com/embed/GwN5lKlwhKw?si=SQ2SEh8a0--ZyhNk"
Күтіп отыратын уақыт жоқ. Өңірге инвестиция тартпаған әкімдер жұмысын үкімет басшысы Әлихан Смайылов қатаң сынға алды. Себебі, инвестиция деген ол жаңа жұмыс орыны. Ал, еліміздің бірнеше облысында жауапты мамандардың салғырттығы кесірінен инвестиция тартылмаған, тиісінше жаңа орындар да ашылмаған.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Әрбір инвестициялық штабтың әрбір отырысында инвестициялар тарту жұмыстарын күшейту туралы айтып келеміз. Алайда, жұмыс қарқыны өте баяу. Жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша нақты нәтиже жоқ. Сіздің тарапыңыздан белсенді іс-қимыл көрінбейді. Жұмысқа деген көзқарасыңызды дұрыстаңыз, адамдарды нақты проблемаларды шешуге ұйымдастырыңыз. Бізге жоспардың келесі жылы емес, биыл орындалғаны қажет. Егер инвестициялар биыл тартылатын болса, онда біз нәтижесін келесі жылы көреміз. Ал, мәселе келер жылы шешілсе, жоба тек 2 жылдан кейін ғана нәтиже береді. Оны күтіп отыратын уақыт жоқ. Нәтижені халық қазір көруі тиіс. Жұмыс орындары қазір керек».
Айта кетейік, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Инвестициялық штабтың отырысы өтті. Онда жыл соңына дейін негізгі капиталға ең кемі 18,5 трлн теңге инвестиция тарту қажеттілігі айтылды. Алайда, 8 айдың қорытындысына сәйкес жылдық жоспар небәрі 52%-ға ғана орындалған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 371
https://www.youtube.com/embed/XOkr34vE9k4?si=bC2pmYAM27OvEGNS"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа іс сапарымен барды. Онда Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады. Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Рафаэль Сантана Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда сутегі технологиясын қолданатын локомотивтер мен олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісін іске қосу, инжиринг орталығы мен технологиялық трансфертті ұйымдастыру үшін пысықталып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті.Еліміздегі бірден-бір америкалық банк саналатын Citibank Kazakhstan – халықаралық инвесторлар, мемлекеттік сектор және ірі кәсіпорындар үшін жетекші серіктестердің бірі. Мемлекет басшысы жуырда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауы аясында Үкіметке осы саладағы бәсекелестікті арттыру үшін елімізге үш сенімді шетелдік банкті тарту міндетін жүктегенін атап өтті.
РЕНАТ БЕКТҰРОВ «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/wLy0PpdnlXw?si=HUabRSwYA74kqYqu"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/NvrEc_vlXOY?si=DNuuvtwUE7SWyoli"
Бүгін Алматыда «Қазақстанда сапалы денешынықтыру тәрбиесі саясатын ілгерілету» атты консультативтік кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асып отыр.
Кездесуде Алматы қаласының білім басқармасы,Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген қатысушылар сапалы дене тәрбиесі саласындағы саясат бойынша ЮНЕСКО әдіснамасымен танысты. Сондай-ақ «Қазақстандағы сапалы денешынықтыру тәрбиесі» жобасының ұлттық саясатын әзірлеу аясында аталмыш бағытты нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды.
ЗУХРА МЕЙІРХАНОВА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша педагогтар 38 жоғарғы оқу орындарында дайындалады. 2022-2023 оқу жылдарында мамандар даярлауға барлығы 297 грант,оның ішінде жоғарғаы біліммен даярлауға 250 грант,магистранттарды даярлауға 40,докторантураға 7 грант бөлінді».
Бұл сандардың құлаққа жағымды естілгенімен білім алып шыққан мамандардың жұмыс таппай сабылатыны жиында баса айтылды. Себеп, дене шынықтыру пәніне бөлінетін сағаттардың саны өте аз. Осының салдарынан оқушылар арасында артық салмақ,бойларының нормативке сай келмеу жағдайлары жиілеген. Дене шынықтыру және сауықтыру шеңберінде мектептен тыс Білім басқармасы тарапынан жүзеге асып жатқан үйірмелерде бар.
БАҚЫТЖАН БИЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Соңғы екі жылда мектеп секциялары мен үйірмелеріне қамтылған оқушылар саны 11 мыңға көбейді. 2022-2023 оқу жылында жүйелі түрде айналысатын оқушыларды қамту 24,3 пайызды құрады. Бес асық,асық ату, тоғызқұмалақтан ұлттық спорт түрлерінен қалалық фестиваль өткізіледі».
2025 жылға қарай мектептердегі спорттық секциялар санын арттыру,барлық мектеп жасындағы балалардың 50 пайызын қамту жоспарланып отыр. Дене шынықтыру пәнінің тұжырымдамалық негіздерін жаңалау,мазмұнын жаңарту қажеттілігі бүгін басты тақырып ретінде қаралды. Теориямен практиканың сәйкес келмеуі сынды мәселе көп. Дене шынықтыру пәнінен оқулықтың жоқ екендігі баса айтылып өтті. Білім алушылардың денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық және денешынықтыру тобына бөлетін арнайы оқу бағдарлама жоқ. Балалардың денсаулық жағдайына қарай әдістеме не тәжірибеден де хабарсызбыз.
ЗУХРА МЕЙІРХАНОВА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Кәзіргі уақытта спорт инфрақұрылымының сапасына және оның нормативті қаматамасыз етуде мониторинг жоқ. Сондай ақ спорт залында ашық ауада денешынықтыру сабақтарын өткізудің қауіпсіз ережелері мен санитарлық гигиеналық нормаларын жетілдіру қажет».
Бүгінгі іс шарада көптеген мәселелер айтылды. Дене шынықтыру пәнінің сапасын арттыруға,жеткіншектеріміздің дені сау болып қалыптасуларын бірлесіп шешуге қосатын үлесі көп.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 368
https://www.youtube.com/embed/nBZdOUKp_mE?si=5BF_UF3K4-Xh1xxO"
Бразилиялық агроном Рубенс Брас алып әтештер мен тауықтарды өсіреді. Ол Бразилиядағы үй құстарының генетикасын жақсартқысы келеді.
Рубенс Брас алғашында бұл жұмысты жай ғана хобби ретінде жасап бастаған. Кейін оның қызығушылығы артып, жұмысын табысты бизнеске айналдырған. Соның бірі мына алып әтеш. Бұл тұқымды Рубенс 20 жыл бұрын өсірген екен.
РУБЕНС БРАС АГРОНОМ: «Біз құстарды табиғи түрде өсіреміз. Бұл әтештің өсуі 116 сантиметрге дейін жетеді».
Агроном жаңа тұқымды өсіру үшін торда ұсталмайтын әтештерді қарапайым тауықтармен төбелестіретін әтештермен будандастырады. Агрономның айтуынша мұндай құстар төзімді және сау болып келеді.
РУБЕНС БРАС АГРОНОМ: «Біз бұл құстардың генетикасын жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кейін оларды ауылдық өндіріс жүйесіне қайта қайтарамыз».
Рубенс Брас бразилиялық құстарды өсіруге және сатуға мамандандырылған компания ашты. Фермада екі түрі өсіріледі: алып Үнді әтеші Канелас Амарелас пен ірі қанатты Урубус. Ересек құстар 4000 доллар тұрады. Сіз сондай-ақ ұрықтандырылған жұмыртқаларды сатып алып, құстарды өзіңіз өсіре аласыз. 12 жұмыртқа 70 доллар тұрады. Кейбір тұтынушылар үй жануарлары ретінде алып әтештерді сатып алады. Бірақ олар негізінен ет алу үшін өсіріледі. Қазір Бразилияда бұл құстарды 20 мың селекционер өсіреді. Рубенс фермасында шамамен 300 құс бар. Сату жылдамдығы әзірге баяу. Себебі, Бразилияда құс тұмауының өршуіне байланысты тасымалдауға тыйым салынған. Жағдай қайта жақсарған кезде, агроном Сан-Паулу штатындағы азиялық мейрамханаларға алып әтештерді жеткізеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 377
https://www.youtube.com/embed/UPAMglYBdVM?si=2zYu9AONwNU_jvEH"
Солтүстік Македониядағы Преспа көліндегі ағаш айлақ бір кездері сумен қоршалып тұрған. Бірақ соңғы онжылдықтан бері мұндағы су деңгейі үнемі төмендеп келеді. Енді су айлағы құрлыққа айналмақ.
Преспа көлі Албания, Греция және Солтүстік Македония территорияларында орналасқан. Бұл Еуропадағы ең көне көлдердің бірі. Мұнда балықтардың, құстардың және сүтқоректілердің 2000-нан астам түрі мекендейді. Бүгінгі таңда ондағы су деңгейі 70-ші жылдардың аяғынан бері есептегенде шамамен 8 метрге төмен.
АЛЕКСАНДР ИЛИЕВСКИ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:«Мен осы ауылда өстім. Біз үнемі айлақтан суға секіретінбіз. Әсіресе, 2018 жылы біз көбірек демалуға келіп жүрдік. Бірақ қазір көріп отырғаныңыздай, жағдай жақсы емес. Су азайып барады».
NASA суреттері көрсеткендей, 1984 жылдан 2020 жылға дейін көл бетінің 7% және өз көлемінің жартысын жоғалтқан.
ВАНЧО ВАСИЛЕВСКИ БАЛЫҚШЫ:«Соңғы 2-3 айда көл 36 сантиметрге төмендеді. Соңғы екі-үш күнде тағы 2-3 сантиметрге түскен. Деңгей әлі де төмендейді. Жаңбыр жаумайды. Қыста қар болмайды. Өзендер саяз болмақ. Көлге тек 1 өзен құяды. Басқа су көздері жоқ. Бұл – табиғи апат».
Экологтар судың жоғалуының негізгі себептері жаңбырдың болмауы, булану және суару үшін суды шамадан тыс пайдалану екенін айтады.
ДРАГАН АРСОВСКИ БИОЛОГ:«Тарихта Преспа көлінің деңгейі бірнеше рет төмендеп, көтерілсе де аман қалған болатын. Соның салдарынан, көптеген жануарда биоалуантүрлілік сақталған. Бірақ қазір климат өзгеруде. Біз онымен енді қалай күресуге болатынын білмейміз. Өйткені біз көлге бұрынғыдай үйреніп қалдық».
БҰҰ көлдегі жабайы табиғаттың кейбір түрлеріне қауіп төніп тұрғанын да ескертеді.
МЕНДЕ ПАНДЕВСКИ ФЕРМА ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Олар көл арқылы жер асты суларына еніп, барлық жерге таралады. Бұл жағдай Преспа үшін өте қауіпті болмақ».
Сынамаларға сәйкес, көлдің кейбір аудандарындағы судың сапасы соңғы айларда айтарлықтай төмендеген.
Еще материалы
Страница 179 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.