
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 745
https://www.youtube.com/embed/yLYBd6qr8ak?si=xOxqw-qGvfcYNCgn"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 698
https://www.youtube.com/embed/gJyh5Zk4RTE?si=JukE73Sb3gAZD4oZ"
Бүгін таңғы уақыт 07:00-ден бастап оңтүстік астанамызда жаңбыр жауа бастады. Осыған орай Алматының коммуналдық кәсіпорындары жауын шашынға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мәліметтер бойынша қалада 9 мм мөлшерде жауын-шашын түскен.Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол мамандары жұмылдырылды.
«Алматы Тазалық» МКК күшімен құлаған бұтақтан арық өткелдері тазартылу жұмыстары атқарылды.Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін түскі уақытқа дейін жаңбыр жауады деп болжам жасалған болатын.
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі,5 мекенжайы бойынша жеке сектор аумағын су басу фактісі тіркелді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 715
https://www.youtube.com/embed/OEx1SGAFnkA?si=ArVixOA8mzcws_55"
Семей орманында айлығы көтерілмеген мыңдаған жұмысшының еңбекақысы ескерусіз қалмайды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.
ТӨЛЕГЕН ОСПАНҚҰЛОВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бұл жағдай бойынша Үкіметтің арнайы комиссиясы құрылып, болған жағдайлардың бәрін толықтай зерттеп, жұмыс берушінің кінәсі 100% екені анықталды. Қазіргі күні барлық кінәлі адамның үстінен іс қозғалды. Шын мәнінде сол жерде жұмыс істейтін әкімшілік қызметкерлердің айлығы көтерілді. Ал қарапайым жұмысшылардың айлығын көтеру мәселесі бойынша Экология министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Оның нәтижесі болады. Ескерусіз қалмайды».
Айта кетейік, елімізде Еңбек күні апталығы басталды. Бұл мереке 2013 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл да республика бойынша алдымыздағы сенбі, жексенбі күндері бірнеше маңызды шаралар болады. Ал, 22 қыркүйекте «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары жарияланады. Биыл конкурсқа қатысу үшін 591 өтінім берілген. Олар «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша сайысқа түседі.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 732
https://www.youtube.com/embed/htC4gZ7Sn9g?si=vzGHCUDsQnhinLR7"
Бүгін Алматыда Америка Құрама Штаттарының Фармакопеялық конвенциясы Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Дәрілік заттар сапасы: қамтамасыз ету және бақылау» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Шара барысында дәрілік заттар сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері талқыланды.
ШЫНАР БАЙДУЛЛАЕВА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САРАПТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ: «Біздің елімізге өте маңызды,себебі біздің Қазақстан АҚШ фармакопеясының 2010 жылдан бастап толыққанды мүшесі болып келеді. Бұл біздің Қазақстандықтардың қауіпсіздігі. Себебі фармакопея бұлар дәрілік заттардың сапасына деген талаптар қойылады. Сондықтан, сапалы дәрілер біздің ұлттық қауіпсіздігіміз».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 770
https://www.youtube.com/embed/eV2ouApGO_k?si=sw2pj7V6NPbHoUvY"
Кеше Алматы облысы, Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлерін ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап кетті. Көп ұзамай полицейлер күдіктілерді қолға түсірді. Оқиғаның мән – жайын біздің түсіру тобы анықтап көрді.
Белгілі болғанындай,Талғар орталық аудандық ауруханасына 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні 64 жастағы ер адам жүрек талмасымен өте ауыр жағдайда жеткізілген. Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Өкінішке орай, ол мүмкін болмады. Таңғы сағат 04:50 шамасында науқастың жүрек соғысы тоқтады.Қайғылы жағдайды естіген марқұмның ұлдары дәрігерлердің сараптама қағазын күтпестен реанимация бөліміне баса-көктеп кіріп, дәрігер мен мейіргерін соққыға жықты. Зардап шеккен медицина қызметкерлерінің жағдайы қазір ауыр деп бағаланып отыр.
ИСЛАМБЕК АРЫСТАНБЕКОВИЧ АҒА ДӘРІГЕР ТРАВМАТОЛОГ
«Қазіргі таңда реаниматолог дәрігеріміз ес түссіз жағдайда жатыр. Олар компьютерлік томография, рентген сараптамаларынан өтті. Қойылған диагноздар: жабық ми жарақаты, бас-мидың соғылуы, бастың шашты бөлімінің тері асты гемотомасы, маңдай бөлімінің сырылған жарасы, сол қасының ашық жарасы және сол көз орбитасының сынығы. Сол көзі қазір дұрыс көрмейді. Автомолог дәрігерлеріміз көрді. Қазіргі кезде ота қажет емес. Бірақ, көзінің көруі одан сайын нашарлайтын болса, ота жасалады. Екінші реанимация бөлімінің медбратында ауыр бас-ми жарақаты мен бас-миының соғылуы және мұрын сүйектерінің соғылуының жеңіл дәрежесі диагнозы қойылды».
Соққыға жығылған дәрігерлерде алдағы жарты жыл уақыт ішінде бас-миының зақымдануына байланысты тырысқақ, бас ауруы, бас айналуы сынды аурулар пайда болуы мүмкін дейді ақ халаттылар. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медициналық қызметкерлерді ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды.Қозғалған қылмыстық іс бойынша жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 734
https://www.youtube.com/embed/RI9XDlW03cw?si=m7l88DnTJoaIYiIT"
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылында сібір жарасына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Қазір оның себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстары басталды. Сондай-ақ Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылды. Ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Ал сібір жарасын жұқтырып алуы мүмкін деген тұрғын полимеразалық тізбекті реакция тестін тапсырды, ауру расталған жоқ.
АЛМАС ТАСТЕНБЕКОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны сібір ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда науқастан экспрес тест алынып ол расталмады. Тұрғындарды қауыпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық және аудандық кезектен тыс төтенше жағдайлар отырысы өткізіліп, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда блок посттар орнатылып, арнайы зерттеулерге пробалар алынып, тексеру жұмыстары және де пайда болу орындары анықталуда».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 718
https://www.youtube.com/embed/urbOXMUvB3I?si=oMKSjbi8IumYIjkx"
Бұдан былай балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді. Бүгін Мәжіліс осы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Сондай-ақ, депуттар Парламент мінберінен саяжай мәселесін көтерді. Тіпті мәжілісмендер халық жазған 8 мың хатты арқалап келген. Шет елде мигрант болып, нәпақа тауып жүрген отандастарымыздың да проблемасы халық қалаулыларын алаңдатып отыр. Сондықтан, олар Үкімет басшысынан өзге елде жұмыс істеуге заң жүзінде рұқсат беруді сұрайды.
Кезекті Парламент отырысы қызу әрі тартысты өтті. Тек әдеттегідей ертемен емес, депутаттар жиынға түстен кейін жиналды. Мәжілісмен Мақсат Толықбай өзімен бірге 8 мың халықтың аманатын арқалай келген. Ол саяжайдағы ағайынның мәселесін тез арада қолға алып, арнайы заң қабылдап, бір жақты етіп шешіп беруді Үкіметтен сұрап, үндеу жолдады. Байтақ Қазақстанның әр төңірегіндегі саяжайға қатысты түйіні тарқалмаған мәселе өте көп дейді ол.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Халық қысы-жазы тұрғын жай етіп отырған жүздеген саяжайда не мектеп жоқ, балабақша жоқ, қоғамдық көлік те жоқ. Медициналық әлеуметтік нысан жоқ. Асфальтта жоқ, пошатада жоқ. Электр қуатына дейін жекенің қолында. Оқу жылы басталғаннан бері балалар балшықпен барып, иттерге таланып жатыр. Жүздеген отандасымыз ауыл статусын сұрап отыр. Статус берейін десе миллиардттаған ақша керек. Үкімет жедел әрекет етіп, нақты ауқымды бағдарлама қабылдауды талап ету керек. Әйтпесе, қайталап айтамын мұның арты үлкен әлеуемттік шиеленіске алып келуі мүмкін».
Өзге елде құқы қорғалмай, қауіп қайдан келеді деп жәутеңдеп отырған 20 мыңнан аса қазақ баласының арызын жеткізген депутат Нартай Аралбайұлы болса, Оңтүстік Кореяда мигрант болып жүрген отандастарымызды қорғауды сұрайды.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Заңсыз жүрген мигранттарымыздың жағдайы түсінікті. Асқақ сөйлемек түгел, астарлап сөйлеуге тартынып тұрады. Мысалы 57 жасар қазақстандық еңбек мигранты болып барып қайтыс болғанда баласы жылу жинап кеткен. Оларға ешкім ешқандай өтемақы төлемейді. Тіпті қажет десе ұстатып та жібере алады. Екі ұсыныс бар. Жедел пысықтауды тапсырамыз. Екі ел арасында ортақ келесім жасалғанша Оңтүстік Кореяда заңсыз мигранты болып жүрген 20 мыңға жуық қазақстындықтың құқығын қорғайтын заңдық тетік табуы керек».
Сондай-ақ депутаттар жерді заңсыз иемденіп алғандар мен заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару бойынша депутаттаық сауалдар жолдады. Олардың қаншалықты шешімін табатыны алдағы уақыттың еншісінде. Айтпақшы, бүгін Парламент балаларға ұлттық қордан төленетін қаражатқа қатысты заң жобасын мақұлдады. Енді құжат Сенат қарауына жолданды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 724
https://www.youtube.com/embed/a207fD279LY?si=zI3AgAEtNLoXVFzE"
Армения Таулы Қарабақта өз әскерінің барын жоққа шығарып, атысты тоқтату режимін бұзды деген айыптауларды өтірік деп, жалғасып жатқан антитеррорлық операцияны агрессия деп атады.
Бұл ретте Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өз елінің Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған қадамдарын қолдайтынын айтты.
РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Қарабақтың Әзірбайжан жері екенін бәрі біледі.Біздің басты мақсатымыз – барлығының, соның ішінде армяндардың Әзірбайжан жерінде тату-тәтті өмір сүргендері жеткілікті».
Сондай-ақ Ердоған Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстың шиеленісуін айыптап, оның тез бітетініне сенім білдірді.Ал Ресей соғысушы елдерді келіссөз үстеліне келуді шақырды .Айта кетейік,Таулы Қарабақ халықаралық деңгейде Әзірбайжан территориясы ретінде танылған. Бірақ оның 150 000 тұрғындарының көпшілігі этникалық армяндар. Армения мен Әзірбайжан даулы аймақ үшін бірнеше рет соғысып, қақтығыстарда ондаған мың адам қаза тапқан.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 762
https://www.youtube.com/embed/PxYx35vtMUM?si=XaKnIABV5M6ADF1H"
БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында геосаяси қақтығыстар, климатқа байланысты табиғи апаттар және өсіп келе жатқан жаһандық бөліну мәселелері талқыланды.
Президент Джо Байден отырысқа қатысқан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесі – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбритания мемлекеттерінің ішінен жалғыз көшбасшы ретінде тағайындалды. Ал биылғы Ассамблея дамымаған және дамушы елдердің, соның ішінде Африка елдерінің қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылды.Сенегал Президенті Макки Саль өз құрлығындағы жақында болған әскери төңкерістердің үлкен алаңдаушылық туғызатынын айтып, заңсыз көші-қон мәселесіне де тоқталды.
МАКИ САЛЬ, СЕНЕГАЛ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Қауіпсіз, реттелген және тұрақты көші-қон туралы жаһандық шартты жүзеге асыру және заңсыз адам саудасын ұйымдастыратын қылмыстық желілермен күресті жалғастыру қажет».
Жапония Премьер-Министрі Ресей-Украина қақтығысымен қатар,ядролық қарусыздану тақырыбына тілге тиек етті.
ФУМИО КИСИДА, ЖАПОНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Мен бүкіл әлемдегі саяси көшбасшыларды, соның ішінде ядролық қаруы бар мемлекеттерді, ядролық қарусызданудың мәнін білу және нақты әрекет ету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана алуымыз үшін талқылаулды ұсынамын».
Сальвадор Президенті әлемге әйгілі болған 66 мыңнан астам адамның түрмеге жабылуына әкеліп соқтырған соғыс туралы мәлімдеме жасады. Бұл оның елін жылдар бойы әлемдегі ең қауіпті елдердің біріне айналдырған кісі өлтіру санын азайтуды көздейтінің айтты. Панама Президенті кемелердің көбеюі жағдайында Панама каналын бәсекеге қабілетті етіп сақтауға уәде берді. Биыл оның елі құрғақшылық жағдайында суды үнемдеу үшін контейнерлік кемелер мен олардың санын шектей бастады. Көптеген кемелер жүк бағасының көтерілуіне қарамастан жүкті жеңілдетуге мәжбүр болды.Осы уақытта Перу Президенті Эль-Ниньо ауа райы құбылысының салдарымен күресу үшін халықаралық пакт жасауды ұсынды. Оның айтуынша, бұл аймақ экономикасы үшін қауіпті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 725
https://www.youtube.com/embed/SENSE9uhSa0?si=PI0k2p7VirfqkSYJ"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты. Жиында С5+1 серіктестігі арқылы экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында Орталық Азияның егемендігін, орнықты дамуын және өркендеуін одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесі талқыланды. Саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденнен кейін сөйледі. Сонымен қатар шараға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Кездесу барысында стратегиялық серіктестікті, саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Саммитте экономикалық ынтымақтастық мәселесіне, сондай-ақ америкалық компаниялардың маңызды қазба байлықтарды игеру, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі және басқа да бағыттарды дамыту мүмкіндіктеріне баса мән берілді.
Бұдан бөлек, пікірталас барысында қауіпсіздік проблемаларын, соның ішінде киберқауіпсіздік, терроризм, экстремизм, заңсыз миграция және есірткі тасымалы секілді қауіп-қатерлерді шешу үшін ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 750
https://www.youtube.com/embed/hF96byjWsl4?si=9xuL1fdL-0Gt68Fe"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына сапарында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатқа қатысты.Ең биік халықаралық мінберде сөз алған Қазақстан Президенті адамзат баласы бұрын-соңды басынан өткермеген аса үлкен сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын және геосаяси қақтығыстардың жаңа кезеңіне өткенін мәлімдеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:«Бұған БҰҰ Жарғысындағы халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бір мезетте бұзылуы себеп болып отыр. Құқықтық темірқазықтың жойылуы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіне уақыт өткен сайын ауыртпалық түсіріп, түрлі қарама-қайшылық тудырады. Басты халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамау, тоқтатып қою және оны тәрк ету тәжірибесі – өте алаңдатарлық жағдай. Өйткені мұның соңы адамзаттың араздығына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай сауда жүйесін бұзады, экономиканың өзегі саналатын тасымал тізбегін әлсіретеді, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне зардабын тигізіп, инфляцияның қарқынын күшейтеді. Қазіргі қалыптасқан кері үдеріс адамдардың қайғысын қалыңдата түседі. Әлемде 108 миллион адам мәжбүрлі түрде босқынға айналды, 1 миллиардтан астам адам кедейлікте өмір сүріп жатыр, 2 миллиард адам негізгі дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алмай отыр. Ақыр соңында адамзат болашақта әлемнің тұрақты дамуына сенімін жоғалтуы ықтимал. Өскелең ұрпақ өздеріне мұра болып қалатын әлемнің енді жақсаратынына сенбейді. Сондықтан Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына өзінің мызғымас адал екенін тағы бір рет мәлімдейді».
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ Бас Асасамблеясына жиналған көшбасшылар адамзаттың тағдыры мен болашағына жауапты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Диалог – жаңа принциптер мен нормалар бойынша келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қолайлы орта қалыптастырудың жалғыз жолы. Қабылданып жатқан барлық шешімге қарамастан, әлемнің көптеген аймағында қақтығыстар жалғасып жатыр. Біз барлық тарапты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей нормаларын негізге ала отырып, қақтығыстарды реттеудің дипломатиялық жолын іздеуге шақырамыз. Осы орайда Қазақстан Украина дағдарысын саяси реттеуді қолдайтын түрлі мемлекеттер мен елдер топтары ұсынған барлық бастамалар мен жоспарларды жоғары бағалайды. Халықаралық дауларды шешуде әрқашан дипломатия мен диалог басшылыққа алынуы керек. Сондықтан біз қазіргі жаһандық институттардың жалғыз жүйесін тұрақтандыруға барынша күш салуымыз қажет».
Қазақстан Президентінің айтуынша, адамзат бетпе-бет келген барлық сын-қатерлердің ішінде ядролық қаруды қолдану қаупі ең жойқыны болуы мүмкін. 30 жыл бұрын Қазақстан Кеңес өкіметінен мұраға қалған төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Сондықтан ядролық күн тәртібінің логикасын қайта қарау керек. Ядролық державалар арасында ядролық қарудан ада әлем құру жолында өзара сенім мен ынтымақтастық болғанда ғана жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз. Осыған байланысты Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайтынын мәлімдейді. Біз қарусыздану және қаруды таратпау саласы бойынша жаңа тетіктерді дамытуды қолдаймыз. 2045 жылға қарай ядролық қарудан толық бас тартудың стратегиялық жоспары қазіргі көшбасшылардың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан ең маңызды үлесі болуы мүмкін».
Мемлекет басшысы COVID-19 пандемиясының ауыр салдары болашақ биологиялық қауіп-қатерлер алдында дәрменсіз екенімізді көрсетіп бергеніне назар аударды. Осыған байланысты Қазақстан Ассамблеяның Бас хатшысы мен Төрағасына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру процесін бастау туралы үндеу тастады. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Орталық Азия өңіріндегі су тапшылығы трансшекаралық өзендер бассейнінде күрделі экономикалық және басқа да мәселелер туындатып отырғанына назар аударды. Мұндай жағдай келешекте бүкіл әлемде байқалады. 2040 жылға қарай суға жаһандық сұраныс ұсыныстан 40 пайызға асып кетуі мүмкін.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 741
https://www.youtube.com/embed/xkvfT5ahLkc?si=NcoqTCn-EdXJhbLr"
Еще материалы
Страница 221 из 237
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.