
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 249
https://www.youtube.com/embed/T6YNVUtZ6Ac?si=9GrrdrCLzrcsXUo_"
Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында әйел адамның пакетке оралған өлі денесі табылды. Әлеуметтік желіде тараған мына кадрлардан оқиға орын алған жерді полицейлердің қоршауға алғанын көруге болады. Қайғылы оқиғаға қатысты желілерде тараған ақпаратқа сәйкес марқұмның жасы шамамен 45-50 де.Қазір қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 189
https://www.youtube.com/embed/9q_8B3wCvyw?si=4UDqJ7MWnUsup4G_"
БҚО-да ер адам сібір жарасын жұқтырды. Бұл туралы облыстық эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мамандары хабарлады. Мамандар азамат ауру малды сою кезінде инфекция жұқтырып алғанын айтады. Сібір жарасының қаупі жайлы толығырақ келесі сюжетте.
Сібір жарасы- жануарлар мен адамға жұғатын ауру. Дер кезінде ем алмаған жағдайда адам өмірін өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сырқат ауруға шалдыққан мал мен оның ас-жемін ұстаған кезде жұғады. БҚО-ның Қазталов ауданында Сібір жарасын жұқтырып алу дерегі тіркелген..
НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Мамандар қазіргі таңда ер адамның жағдайы қалыпты екенін айтады. Ол облыстық жұқпалы ауруларға арналған ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Науқаспен байланыста болған жандар медициналық бақылаудан өтіпті. Мамандар сырқатты жұқтырып алмас үшін профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырады.
НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Эпидемиологтер БҚО аумағында соңғы рет сібір жарасы 2014 жылы тіркелгенін айтады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 210
https://www.youtube.com/embed/esstiElxL-8?si=OXJunrFfSjPr0DD3"
Абай атындағы ҚазҰлттық Педагогикалық Университетінің Сорбонна-Қазақстан институтына 10 жыл. Осыған орай Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге аталмыш оқу орнына арнайы келді. Мәртебелі мейманды ұстаздардың ұстаханасына айналған білім ордасының ректоры қарсы алып, университеттің тарихынан сыр шертетін қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер туындылары қойылған мұражаймен таныстырды.
Қос мемлекеттің уағдаластығы аясында жүзеге асып отырған Сорбона институты француз тілін меңгергісі келетін жастарға жол ашты.2018 жылдан бастап институт 1200-ден астам студент шығарды.170-тен астам студент Францияның серіктес университеттерінің дипломдарымен Француз диссертацияларын сәтті қорғаған.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 188
https://www.youtube.com/embed/SXu2zxJHuDk?si=M19484cAFp5YWCZr"
Алматы облысы әкімінің бегітілген кестесіне сәйкес Тенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімдіктері бірлесіп практикалық оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруда. Бұл жолы өңірге қарасты Жамбыл ауданында орын алды. Мамандар табиғаттың тосын мінезі орын алған жағдайда дереу әрекет ету жағдаятына құтқарушылар қаншалықты дайын, азаматтарды жер сілкінісі кезінде қалай,қайда эвакуциялау керектігін пысықтады.
НҰРЛАН ЕРТАСҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 242
https://www.youtube.com/embed/eSkI6Gsbkcg?si=EOsa2XyjBDqGH9SC"
Негізгі мақсатымыз- тілді дамыту.Алматыдағы білім шаңырағының бірінде қоғамдық - гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай ағылшын тілін дамыту, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Ертегілер елінде” деген тақырып аясында арнайы іс шара ұйымдастырды.
СЕРІК ҚАСЫМҒАЛИҰЛЫ Б.АТЫХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 36 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Осы 10 күндік аясында негізгі мақсатымыз- тілді дамыту соған байланысты балалар өздері қызығып қарайтын, кейінгі кезде түсірілген мультфильмдер ағылшын тілінде сол арқылы балалардың қызығушылығын арттырып жатырмыз. Бүгінгі қойылым балалардың өздері күнделікті қызығып қарайтын персонаждардың қойылымын қояды.»
Білім шаңырағында қоғамдағы өзекті мәселелерге айрықша мән беріп отырады. Мәселен жастар арасында орын алатын буллингтерді алдын алу аясында түрлі дебаттар ұйымдастырады.Сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту,салауатты өмір салтына баулу мақсатында игі бастамаларға мұрындық болуда.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 235
https://www.youtube.com/embed/H6roeL4QUuk?si=VIKedR4BdO0PYbwL"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 229
https://www.youtube.com/embed/fXPl70KfcJY?si=OvIgIxG8IRuVwjLU"
Теңге тағы құнсыздана ма? Ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін ұлттық экономика министрлігінің алда қандай жоспары бар? Бүгін Сенат отырысында жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаевты осы сауал мазалады. Одан бөлек депутаттар «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында бірқатар мәселелерді көтерді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасына бүгінде, соңғы деректер бойынша 7 миллиондай бала қатысуда. Ал, олардың нақты биыл қаншасы 18-ге толатыны әлі есептелмеген. Бірақ, ол балалардың қанша сома алатыны белгілі. Биыл кәмелет жасына толған әр бала 120-дан 130 долларға дейін қаражат алуға құқылы. Басты сұрақ: шоттағы қаражат инфляциядан қорғалған ба?
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жартысы 18 жасқа дейінгі барлық балалар арасында жыл сайын бөлінуі тиіс. Аталған бағдарлама аясында биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық қордан алғашқы қаражат Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына аударылды. Бағдарламаға 6,9 миллион бала қатысуда. Осыған байланысты менің сұрағым: Ұлттық қордан мақсатты трансферттерді тарту оның активтеріне қалай әсер етеді? «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуына әсері қандай? Біз болашақ балаларымыздың қалтасына қол сұғып жатқан жоқпыз ба? 2024 жылдың және алдағы жылдардың қорытындысы бойынша әр балаға қандай сома аударылмақ? Бұл шоттағы қаражат әлемдік экономиканың өзгеруіне және инфляциялық үдерістерге байланысты құнсызданудан қалай қорғалады?».
МӘДИ ТӘКИЕВ ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:«Өзіңіз айтып кеткендей, балаларға арналған ұлттық жоба биыл бірінші рет іске қосылды. 1 ақпанда 7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп салдық. Бүгінде ол доллармен есептеледі. Екіншіден, ол сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан ол өсіп отыр. Енді инвестициялық кіріске келсек, биыл біз 2,6 пайызбен санадық. Енді келесі жылы жалпы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп болжамдап отырмыз. Балалардың санын ескере отырып, 1 қаңтарда 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деген болжам бар. Бірақ мұны 1 ақпанға дейін күте тұрайық. Дұрыстап есептеп, айтып береміз».
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:«Жалпы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында әр балаға 130 доллардан есептеледі. 1 қаңтарға дейін дүниеге келген балалар мен 18 жасқа толғандарды есептеп, қосымша ақпаратты береміз. Ал инфляциядан қорғау шараларына келсек, бұл қаражат доллармен сақталады, сондықтан оның құнсыздану қаупі төмен» .
Ал, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев болса, теңге тағы құнсызданбас үшін үкіметтің алдағы жоспарын сұрады. Жауап мынадай:
НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:«Сіздер білесіздер, қазір бюджеттің даму бюджеті дейміз ол бар болғаны 2 трлн теңге. Оның үштен бір бөлігін ауыл шаруашылығына жіберейін деп отырмыз. Біздің басты сүйенетініміз ол шетелден келетін валюталық инвестиция. Сол арқылы біз өз тарапымыздан осы жұмысты тиісті деңгейде жүргізіп, шетелдік инвестиция біздің ішкі валюта нарығы арқылы өтеді. Осылайша, біз нарықтағы валюта көлемін ұсыныс көлемін көбейтуге ат салымыз. Біздің басты мақсатымыз осы».
Ұлттық экономика министрі келесі жылы елімізге шетел валютасында инвестиция тарту көлемі күрт көбейеді деген сенімде. Соның арқасында теңгені құнсызданудан сақтамақ жоспары бар. Айта кетейік, ақша айырбастау пункттерінде бүгін 1 доллар 525 теңге 11 тиыннан сатылып жатыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 257
https://www.youtube.com/embed/vGaNQZws72M?si=kPDomptza0nTbnW1"
Астанада студент Медина Майсардың Ғылым және жоғары білім министрлігіне берген арызы бойынша сот отырысы өтті. Еліміздің әртүрлі қалаларынан келген 24 талапкер Ғылым министрлігіне шағым түсірді, бірақ олардың көбі кейін грант алып, арыздарынан бас тартқан. Қазіргі таңда сотта алты талап арыз қаралып жатыр.
Биыл Ғылым және жоғары білім министрлігі су тасқынынан зардап шеккендер үшін ТЖ квотасы бойынша гранттар бөлуді шешкен еді. Осыған байланысты жоғары балл жинаған балалар грант ала алмай, ал олардан төмен балл жинағандар грант иеленген. Абитуриенттер, соның ішінде Алматыдан келген Медина Майсар, бұл әділетсіздікке наразылық білдіріп, әрі қарай өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген. Студент пен оның қорғаушылары министрліктің 388-нөмірлі бұйрығын заңсыз деп тануды талап етуде. Олар Медина Майсардың менталдық денсаулығының бұзылғанын, сондай-ақ оның грант алу құқығының әділ бәсекеде бұзылғанын айтады. Сонымен қатар, моральдық шығындарды өндіру үшін талап-арыз беруді жоспарлап отыр. Іс арнайы ауданаралық әкімшілік сотта қаралды. Студентті адвокаттар Халида Ажигулова мен Галия Дюсембаева қорғады.
МЕДИНА МАЙСАР АРЫЗДАНУШЫ, СТУДЕНТ «Сот отырысында біз 2,5 сағат бойы Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы Ғылым министрлігінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 388 бұйрығының заңсыздығы туралы дәлелдер келтірдік. Біздің еліміздің Конституциясының 14-бабында кемсітушіліктің кез келген түріне, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша да тыйым салынады. Қандай негізде кемсітушілік орын алды деп есептеймін?
Біріншіден, Білім және ғылым министрлігі ТЖ квотасы бойынша гранттарды бөлуге құқығы жоқ, өйткені мұндай квота қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. Гранттардың жаңа квоталарын тек Парламент бекіте алады, ал Министрлік квоталардың Мөлшерін ғана бекіте алады.
Екіншіден, квотаны төтенше жағдай орын алмаған аймақтарда тұратын, маған қарағанда төмен балл жинаған 7 талапкерге Заң мамандығы бойынша гранттар берілген. Оларға қандай негізде берілгені түсінксіз. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 10 аймақта жалпы төтенше жағдай жарияланған. Оның үстіне тек 2 облыста – Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысы бойынша бүкіл облысқа төтенше жағдай енгізілді. Қалған аймақтардың барлығында төтенше жағдай тек жартылай ғана белгіленді. Сондықтан министрлік қандай негізге жүгініп 6 облысты таңдап алып, «төтенше квота» бойынша гранттарды тек осы облыстардың түлектеріне тағайындағаны мүлдем түсініксіз»
Іс бойынша мүдделі тараптар ретінде Медина Майсардың анасы мен Павлодар облысындағы бір абитуриенттің әкесі шақырылды. Қазіргі студенттердің ата-аналары олардың барлығы ҰБТ нәтижесін білген сәтте есеңгеріп қалғанын, өйткені балалары тыңғылықты дайындалып, тегін оқуға өтініш бергенімен бөлісті.
«Мен басымнан өткен жағдайды түсінгеннен кейін, басқа балалардың да дәл осындай жағдайды бастан кешіргенін қаламаймын. Мен еліміздің құқықтық мемлекеті ретінде осындай құқық бұзушылықтың енді қайталанбауына кепілдік бергім келеді. Айта кететін бір жайт, менің талап арызымда мен гранттар тізімін жоюды сұрамаймын. Мен бастан өткерген эмоционалды күйзелістерден кейін, мен патриот ретінде ең көп сенген министрлік тарапынан құқықтарым бұзылғандықтан, мен басқа балалардың да дәл осындай жағдайға тап болғанын қаламаймын. Бала құқығын мұндай өрескел бұзылуы заңсыз деп санаймын»
Арызданушылар Ғылым және жоғары білім министрінің No388 бұйрығы негізінде бөлінген 5 мыңнан астам грант заңсыз деп тануды талап етіп жатыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 271
https://www.youtube.com/embed/zi92t53LMbg?si=lRY4KxY2KTGBJaYz"
Алматы қалалық полициясы кеше кешке айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылы туған К.Е.Аубакри іздеуде. Оқиға кешкі сағат 18:27-де Сүйінбай-Бекмаханов көшелерінің қиылысында болған. Тұтқынның қалай қашып кеткені әзірге белгісіз. Дереккөздердің хабарлауынша, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (Аса ірі көлемдегі ұрлық) бойынша айып тағылуда. Күдіктінің белгілері мен оның фотосуреттері тінтуді ұйымдастыру үшін патрульдік бригадаларға жіберілді.
Сүйінбай-Бекмаханов ауданында «План-Сирен» енгізілгені хабарланды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ «Қазіргі уақытта айдауылдау қызметінің қызметтік көлігінен қашып кеткен, бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған сотталушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде.Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды. Бұзушылыққа жол бергендер қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 241
https://www.youtube.com/embed/t8AA-SqVzQo?si=xh-df9Vf4QY3qL0d"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 266
https://www.youtube.com/embed/ODYXU5aJd2g?si=QRn2j1aYlFgv8zm6"
Алматы облысында жұмысшы конвейер шұңқырына түсіп, жазым болды. Қайғылы оқиға "Байсерке Агро" ЖШС-де болған. 42 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, еңбекті қорғау ережесі бұзылғанын мәлімдеді.
МЕРУЕРТ МОРЯКОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Полиция қызметкерлері еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады»

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 277
https://www.youtube.com/embed/lNoyKWGtKxg?si=kqeMtagAazrAdppc"
Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысында ұлттық ат спорты түрінен жастар арасындағы чемпионат өтіп жатыр. Көкпар, аударыспақ, жамбы ату және тенге ілу бойынша ұйымдастырылған жарысқа Алматы облысының барлық аудандары мен Қонаев қаласынан 100-ден аса спортшы қатысуда.
Дүбірлі доданының жүлде қоры 2 600 000 теңге. Жарыс «Gúlnar Baq» демалыс базасының ипподромында өткізіліп жатыр. Көкпарға 10 команда қатысып, бақ сынасты. Аударыспақта спортшылар 52 келі салмақтан бастап 90 келі жоғары салмақ дәрежелерінде сынға түседі. Жамбы ату қазақ және корей стильдері бойынша өтеді.
ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Алматы облысы чемпионатын өткізіп отырмыз қазіргі таңда. Осы спортшылардың арасында іріктеліп, Алматы облысының құрама коммандасына алынатын болады. Өздеріңізге белгілі жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, саятшылық сынды ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. 2/30 – 2/43 Жастар, ересектер арасындағы чемпионаттың ішінде таңдалған жігіттер Алматы облысының намысын қорғап, ҚР чемпионатына қатысады».
Тенге ілуде қатысушылар үш стильде: «бес белес», «қос құлаш» және «жеті құт» бәсекеге түспек. Ұйымдастырушылар ұлттық ат спорты түрлерін насихаттау арқылы жастардың спорттық шеберлігін арттыруды мақсат еткенін атап өтті. Ал сынан сүрінбеген ойыншыларды Алматы облысының ұлттық ат спорты түрлерінің құрамасына іріктеліп алынбақ.
Еще материалы
Страница 35 из 231
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.