
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 259
https://www.youtube.com/embed/ZQpex9dOkio?si=v-jqvPTtYoOz7ykN"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 236
https://www.youtube.com/embed/kbVhWfEyqBY?si=tPPHslJ_rx-Np3Tu"
Петропавлда халықаралық көгершіндер көрмесі өтті. Екі күн бойы тұрғындар бейбітшілік құсы саналатын кептерлердің түр-түрін тамашалауға мүмкіндік алды. Көрме-жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен, көрші Ресейден көгершін өсірушілер қатысып, құстардың асыл тұқымын көрермен назарына ұсынды.
Халықаралық деңгейдегі көрмені Қостанай, Көкшетау, Астана және Қарағандыдан келген елдің солтүстік өңірлерінің көгершін өсірушілер бірлестігі ұйымдастырып отыр. Мұнда осы құстың 20-дан астам тұқымы таныстырылды.
СЕРГЕЙ МИЦУКОВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСЫНЫҢ "ПТИЦА-РАДОСТЬ" КӨГЕРШІН ӨСІРУШІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Жұмыстан келіп шаршаған кезде, көгершінді көріп, демаласың. Бұл керемет демалыс. Өте ерекше құс. Себебі, асылдандыру үнемі жүріп тұрады. Қазір әлемде еуропалық стандарттар бойынша өсірілген 1900 тұқым бар».
Рахметжан Мирсалимбаев көрмеге Тараз қаласынан келген. Ол шамамен 60 жыл бойы көгершін өсірумен айналысады. Ол бұл істі бала кезінен бастаған. Көрмеге 4 жұп көгершін әкелді.
РАХМЕТЖАН МИРСАЛИМБАЕВ КӨГЕРШІН ӨСІРУШІ: «Бұл Челкар атты көгершін. Оның аяқтары, дене бітімі, көгілдір көздері-өте әдемі. Көрмеге 8 құс әкелдім».
Көрмеге қойылған құстардың сапасын төрешілер халықаралық стандарттар бойынша бағалады. Көп ұпай жинаған көгершін жеңімпаз атанып,құстың иесі кубок, естелік медаль мен дипломға ие болады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/EHF7EpU1nws?si=Lc1RnO8xAQY5mLNH"
«Бишімбаев түрмеден қашты» деген жалған ақпарат. Мұндай қауесеттің таралуына сотталған экс-министрдің нақты орналасқан жерін табуға тырысқан отандық YouTube арналардың бірінде жарияланған сюжет себеп болған. Сюжетте Бишімбаев жазасын өтеуі тиіс колонияда оның жоқ екені айтылады. Дәл осы ақпарат әлеуметтік желілерде желдей есіп жалған ақпарат толқынын туғызған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми түсініктеме беріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сотталған азамат жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеп жатыр деді.
Артынша сотталушының адвокаты да пікір білдіріп, біртараптан ғана толық зерттеусіз ақпарат берген тілшілер қауымын сөкті. Бишімбаев Степногорскіде, мен оны тұрақты түрде барып көріп тұрамын деді оның қорғаушысы.Жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айта кетейік. Комитет азаматтарды жалған ақпарат таратпай, тек ресми деректерге сенуге шақырды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 266
https://www.youtube.com/embed/eD9SjDwS9S4?si=px0rXbAI0F63r3Kl"
Білім мен қатар адами құндылықтарды бала бойына қатар сіңдіру жауапты мәселе. Елінің мерейін асыруды мақсат қойып тәрбиеленген жастардың алар асуы төмен болмаса керек. Осы орайда Алматы қаласындағы білім ошағында жасөспірімдер арасындағы 81 кг салмақта әлем чемпионы Зейноллаева Аружан Шалқарқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы өзінің ерекше стилімен ерекшеленетін боксшы қызды құрметпен қарсы алды. Күмбірлетіп күй шертіліп, құшағы гүлмен көмкерілді. Өскелең ұрпақтың бұл ыстық ықыластарының барлығы Аружанды үлгі тұту. Мақсат жастардың спортқа қызығушылықтарын арттыру.
ШАРА ИМАНБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ № 179 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Білім ошағында шығармашылық,патриоттық,экология,спорт сынды құндылықтарға бес күн негізделіп белгіленген. Еліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, салауатты өмір салтын ұстану,табиғатты аялау мақсаттарында үнемі іс шаралар ұйымдастырылып отырады. Адамның қандай да болмасын жетістікке жетуі үшін телегей тер төгуі қажет екенін оқушыларға ұғындыру.
АЙНҰР ӘБДЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ № 179 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОРЫС ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Черногория Будведе өткен жастар арасындағы әлем чемптонатының алтын жүлдегері Аружан финалда өзбек боксшысы Рухшон Паприева мен кездесіп 5/0 есебімен еліміздің мерейін үстем еткен еді. Жеңіс тұғырындағы бастан өткерген сезімімен бөлісті.
АРУЖАН ЗЕЙНОЛЛАЕВА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ
Иә,елім дейтін ердің,ерім дейтін елдің қалыптасуы осындай құрметтеулерден бастау алса керек.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 247
https://www.youtube.com/embed/Q6k39e80m7A?si=7iD1DLhAnJwK2ERo"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 216
https://www.youtube.com/embed/LIbwiNAkkPc?si=kWRaKUlnC5qusFpb"
Колледжге түсетін түлектер назарына! Енді бұдан былай елімізде колледжге құжатты онлайн тапсыруға болады. Ол үшін тек электронды қолтаңбаңыз бен компьютер немесе сматрфоныңыз болса жеткілікті. Бұрынғыдай оқу орнына барып, уақыт кетірудің еш қажеті жоқ. Құжат тапсырумен қатар одан өзге де қызметтерді онлайн алуға болады. Бұл жаңашылдық туралы оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады.
НҰРШАТ АЙТБАЕВА ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ «Жобаның басты ерекшелігі – құжаттар eGov.kz порталы арқылы тапсырылатын болады. Жаңа жүйе оқуға түсуге өтініш беруді оңтайландырып қана қоймай, өтініш берушілерге қосымша қызметтерді де бір уақытта алуға мүмкіндік береді. Тағы бір ескерерлігі қызмет алушы техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау бөлімінде өтініш берген кезде жатақханадан орын алу және тегін тамақтануды бірден көрсете алады. Бұл жаңашылдықтар талапкерлер мен олардың ата-аналарының уақытын үнемдеп, құжат қабылдау процесін қолайлы етеді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 297
https://www.youtube.com/embed/OSFG17I9i_Q?si=VUYSBQJGthYODqeY"
«Психология ғылымы және білім беру: тарихтан – болашаққа». Осындай атаумен Қазақстандағы психологиялық және педагогикалық мәселелерді терең зерттеген ұстаз-ғалым, педагогика ғылымының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен алқалы жиынға психология ғылымы саласында озық еңбектерімен көзге түскен Қазақстан, Ресей, Германия, Нидерланды, Өзбекстан, Қырғызстаннан ғалымдар қатысты. Конференция барысында қатысушылар Жарықбаевтың идеялары негізінде қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін талқылап, ғылыми-зерттеу тәжірибелерімен алмасып, ғалым өмірінің маңызды кезеңдерін еске алды. Профессор Құбығұл Бозайұлы – этнопсихология, этнопедагогика және Қазақстандағы психология тарихының негізін қалаушы ғалым. Өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырып, қазақы дүниетанымдағы психолог мамандарды даярлауға зор үлес қосып, бірнеше оқулық, монографиялар жазды.
МҰХАН ПЕРЛЕНБЕТОВ «ҚАЗАҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ» ПРЕЗИДЕНТІ
Пікір алмасу мен ғылыми ізденістің ашық алаңына айналған жиында ғалымның еңбектерінен көрме қойылды. Құбығұл Жарықбаевтың 10 томдығында өте терең әрі қызықты еңбектер топтастырылған. Онда дәстүр, жеке көзқарас және ғылымның болашағы туралы айтылады. Құбығұл Жарықбаевтың шәкірттері мен әріптестері өнегелі ұстаз-ғалымның бай мұрасы жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарына арқау бола бастағанын қуана бөлісті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 215
https://www.youtube.com/embed/ywkprMyicJY?si=Ebotzd6UjwUTCzqo"
Алматыда Қазақстан Репродуктивті Медицина Қауымдастығының ұйымдастыруымен “Бедеулікті емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері тақырыбында конгресс ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта ауқымды мәселе жөнінде мамандардың пікірі қандай? Тілшіміз біліп қайтты.
Конгрессте еліміздің және әлемдік жетекші мамандар бас қосып, Қазақстандағы бедеулік пен репродуктивті денсаулық мәселелерін көтерді. Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО), қосымша репродуктивті технологиялардың (ЖЖТ) қолжетімділігі мәселелері талқыланды.Іс-шараға ЭКО орталықтарының өкілдері, бедеулікті емдеумен айналысатын андрологтар, эндокринологтар, эмбриологтар, Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия, Түркия және Румыния елдерінің репродуктивті технологиялар саласының мамандары қатысты.
АЙГЕРІМ АБШЕКЕНОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ «2020 жылдан бастап бізде “Аңсаған сәби” бағдарламасы іске қосылды. ҚР Президентінің бұйрығы бойынша 7000 квота немесе тегін ЭКО жасау бағдарламасы енгізілген, бүгін 3 жылдың нәтижесі талқыланып жатыр.Бүгінгі таңда 21000 бағдарлама жасалған, солардан 7000-ға жуық бала дүниеге келіпті осы күнге дейін»
Бедеулік тек Қазақстанда емес, Дүниежүзінде өзекті болып бара жатқан мәселе, статистикаға сүйінсек, елімізде 12-17% қарай әр төртінші отбасы бедеулік мәселесімен күресіп келе жатыр.
АЙГЕРІМ АБШЕКЕНОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ «Қазіргі таңда бедеуліктің нақты себебіне тоқталатын болсақ, жатыр түтігінің бітелуі және ер азаматтың бедеулігі десек те болады.Алдын алу жолдары- өзін-өзі сақтау, ерте жыныстық қатынас бастамау немесе жыныстық партнерларын қайта-қайта ауыстырмау, инфекция пайда болса тексеріліп тұру, скринингтан өту, жыл сайын инфекцияларға тапсырып, бар ма, жоқ па көз жеткізу. Бар болса, емін алып, және де тамақтану әдет ғұрпы, қазір өкінішке орай семіздікпен күресіп жатырмыз, ол да үлкен кері әсерін береді».
Қазіргі уақытта әйелдермен қоса ер азаматтардың да бедеулігі қатар тұр. Алматы, Астана қаласында клиникалар көптеп кездеседі.Гинеколог мамандар бедеуліктің алдын алу жолдары өзін-өзі сақтау, дұрыс тамақтанып, жыл сайын тексеруден өтіп тұруды барынша қолға алу керек екендігін алға тартты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 239
https://www.youtube.com/embed/KAFXZXD54cs?si=6nrjlsUIAdK_i1iE"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 245
https://www.youtube.com/embed/8LjBHt5OXH8?si=oRRz_TCdReJWtxa8"
Жетім балаларға жағдай жасалсын. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана беріліп, олар оқуын бітірген соң жұмысқа орналастыруға мемлекет көмек беруі керек. Өзім де жетімдер үйінде өстім, ішкі жағдайды жақсы білемін деген Сенат депутаты Генадий Шиповских көптеген жетім оқу орнынан кеткеннен кейін, болашақ өмірін қалай жалғастыру керек екенін білмейтінін айтты. Айта кетейік, 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алса, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болған.
ГЕНАДИЙ ШИПОВСКИХ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бұл мәселені көтерудегі себебім өзім де ата-анадан ерте айырылып, жетімдер үйінде тәрбиелендім, бұл мәселелерді іштен көрдім десем артық болмас. Сондай-ақ ондағы жолдастарымызбен осы күнге дейін араласып тұрамыз. Онымен қоса менің атыма жетім азаматтармыздан көптеген өтініштер келіп түседі, олардың басым бөілігі жоғарыда айтылғандай баспана алу мен жұмысқа орналастыруға қатысты. Тағдыр тәлкегіне тап болған жетім балалардың тағдыры бәрімізді бей-жай қалдырмайды деп сенемін».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 287
https://www.youtube.com/embed/dJaLOoY4lF4?si=Qk1MGHkJqh8MyZnJ"
Алматы облысына қарасты Кеген ауданында көпшілік көптен күткен ет коминаты жұмыс істей бастады. Өндіріс ошағының жобалық құны 2,5 млрд теңге. Мұнда бордақылау алаңы бар және 50 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Зауыт өңір тұрғындарын ет өнімдерімен, шұжық және консерві өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Жобалық қуаты 1 ауысымда 40 бас ірі қара мал, 150 бас ұсақ мал және 10 бас жылқы сойылады. Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Құрылғылары толығымен сатып алынып,тексеріп көру мақсатында 2 бас ірі қара малы сойылды. Бұл жоба Кеген, Нарынқол, Ұйғыр ауданы мал шаруашылығымен айналысатын аумақ болғандықтан осындағы халықтың әл ауқатын көтеру үшін салынды.
ТОҚТАРБЕК БАЙМОЛДАЕВ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жоба жетекшілерінің айтуынша, зауыт толық бітті, енді әрі қарай жүргізу үшін комбинат күшіне енуі керек. Яғни, халықты жұмысқа тартып ет өнімдерін шығару шұжық, консервіленген өнімдер, жүн өңдеу, тері өңдеу сияқты салаларға оқыту қажет. Қазіргі уақытта, мал соятын техникалар мен техникалық желілерді сынақтан өткізіп, өндірістік қауіпсіздік сертификаттарын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 248
https://www.youtube.com/embed/gGe46YYXzjg?si=Lgoc78oyYgQfO5Ml"
Алматы қаласындағы Алатау дәстүрлі өнер театрында белгілі композитор Теміржан Базарбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Халықаралық «Екі Жұлдыз» ән фестивалі өтті. Толығырақ тілші материалында.
Фестивальге Қазақстанның барлық облыстарынан сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан,Түркия мемлекеттерінен зағип әншілер қатысты. Жобада 28 қатысушы, барлығы 14 жұп өнер көрсетті. Сонымен қатар Халықаралық фестивальдердың лауреаттары мен өнер жұлдыздары қатысушыларды жан-жақты бағалап, өз ойларын ортаға салды.
ҒАЗИЗХАН ӘДІЛХАНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ӘНШІ ДУЭТТЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «Шараның мақсаты- ел мен елді таныстыру, осындай өнерпаздарды достастыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға біздің мемлекетіміздің, қоғамымыздың тарапынан көңіл бөлу. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп жатқан Алматы қалалық әкімшілігіне және осы өзіміздің Алатау дәстүрлі өнер театрының басшылығына Мүмкіндігі шектеулі жандар атынан алғысымызды білдіреміз».
Айта кетейік, аталмыш іс-шара Республикалық деңгейде 9 рет аталып өтілсе, биыл бірінші рет халықаралық деңгейде өтіп отыр.
Еще материалы
Страница 41 из 231
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.