- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 622
https://www.youtube.com/embed/C8qF4qOyINk?si=8t9D7usIsxAtSKcY"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 659
https://www.youtube.com/embed/aenCGo8TMYk?si=sBWmZavcm0Dt2y8a"
Маңғыстау облысында көне затты көзінің қарашығындай сақтап, ерекше іспен айналысатын тұрғынның бірі-Ақылберді Нақов.Ол ескі кілемдерді жинаумен айналысады, тіпті түркі тілдес елдердің 600 ге тарта төсенішін қоржынында сақтап отыр. Бұдан бөлек, 200-250 жыл аралығында тұрмыста қолданған бұрынғы бұйымдармен қатар, 1 ғасырдан асқан кілемдер де бар екен.
Мынау тақыр келеді, мынаның техникасы басқа, мынаны комбинировать етілген көрдіңіз бе?
Ақылберді Нақов бұл іспен 90-шы жылдан бері айналысып келеді. Оның мұрағатында 600 ге жуық кілем бар. Шет елдерден қоныс аударған қандастардың үйлеріне арнайы барып, жәдігер жинайды. Ол осы түркі халықтарының кілемдері мен бұйымдарын жинау үшін ел аралап, кілем көрмелеріне қатысады екен. Осылайша, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Дағыстан, Армения елдері мен ұйғырлар және Моңғолиядағы қазақтардың кілемдерін қоржынға қосқан. Ал Қазақстан бойынша Қызылорданың төсеніштерін әкеліпті.
АҚЫЛБЕРДІ НАҚОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Син-зянь провинциясы деген бар Алматының арғы жағында сол жерде ұйғырдың кілемдерін алғанмын, ескі кілемдерін. Иранға барған кезде иранда кілем көрмесі болды. Кебежесі бар екен қолдан тоқылған жиектерінің бәрі түйенің мойын терісімен тігіліп. 200, 250 , 150, 120 жыл болған жәдігерлер».
Сонымен қатар, Коллекционер әр халықтың тұрмыста қолданған ескі құрал-жабдықтарын да сақтайды. Олардың арасында түрікмендердің қоржыны, қыз ұзатқанда қолданған бұйымдары, өзбектердің қолдан тіккен алашалары мен қазақтың ұлттық қол өнер бұйымдары бар.
«Бұл нәрсе менде бар болғаны, осы жерде қазіргі күнде қолымда тұрғаны мен үшін өте үлкен байлық».
Алайда, коллекционер кілемдерге қанша қаражат жұмсағанын құпия сақтайды. Бірақ, 170 жыл болған 1 шаршы метрлік кілемді бір жыл бойы күтіп, 2 мың долларға сатып алғанын еске алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген тұрғын осыншама мұраны сақтап қалғанын мақтан етеді. Жәдігерлерді күтіп-баптауға оған жұбайы Қарашаш Толаева көмектеседі.
ҚАРАШАШ ТОЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Менің осы қарайтын өзімнің міндетім, осындай нелері болады жыртылып кетеді енді ескі дүниелер болғасын, соны қайтадан тігемін, қайтадан жасап, орнына әкеліп жасаймын. Содан кейін мынау біздің ағаш үйдің қазақ үйіміздің басқұры мынау. Мына басқарды мен өзім 18 жасымда тоқығанмын».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 649
https://www.youtube.com/embed/SKn9VagRxxk?si=kxYiugbTEibdUd7R"
«Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша іріктеу кезеңі өтетін болады. Іріктеудің бұл кезеңі биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе дұрыс тапсырмау себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады. Өтінім жіберушілер туралы ақпарат almaty-zhastary2024.kz сайтының басты бетінде - «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінде қолжетімді.
Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген. Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына байланысқа шықса болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 680
https://www.youtube.com/embed/3rxtomvIU0o?si=nEbDXLZ9W0FOU5ly"
Шерзат Болаттың отбасына демеушілер есебінен үй салып берілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты. Облыс басшысы қазір Талғарда жағдай тұрақты екенін баяндады. Іс құқық қорғау органдарының назарында. Сондықтан, халық босқа дүрлікпеуі керек дейді. Әкім ел азаматтарын тек сенімді ақпарат көзіне сенуге шақырды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Біз ол отбасына көңіл айтамыз. Жалпы, бұл мәселе біздің назарымызда. Құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда іс ішкі істер министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында. Сондықтан біздің аудиторияға айтқым келгені – сабыр сақтап, құқық қорғау органдары берген мәліметтерге көңіл бөліп, сену. Қазір олар ашық жұмыс істеп отыр. Әр жұмысы бойынша баспасөз құралдарында ақпарат жариялап жатыр».
Тілшілер облыс басшысынан осы болған оқиғалардан кейін отставкаға кетуге дайынсыз ба деп сұраған еді. Ол сауалға әкім жауапты былайша қысқа ғана қайырды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба? Біздің жұмысымыз тек әлеуметтік желіде тараған жаңалықпен бағаланбайды. Көптеген сала бар: экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа. Кейін басшыларымыз өз бағасын берер».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 643
https://www.youtube.com/embed/TnNgl4lmozs?si=g594QB6-D-Iv8T_x"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 721
https://www.youtube.com/embed/Su61rB3JDD4?si=3hSQIPaowjDEfsYW"
Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.Қазіргі таңда мектептің жай-күйі қандай? Толығырақ келесі бейнематериалда.
Ғимарат 1981 жылы салынып 2000 жылдары қосымша кеңейту жұмыстары жүргізілген. Мектеп қазіргі уақытта, осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған.Тұрғындар заман талабына сай оқу орнын салып беруді талап етуде
МАНАРА АХАНТАЙ МЫҢАДЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Сол себепті бізге заман талабына сай мектеп салынуын қараймыз,Спорт зал керек, мысалы қысқы уақыттарда,балалар класста өткізеді дене шынықтыру сабағын, бізге спорт залға шығып ойнағылары келеді, жеке үйірмелерге барғылары келеді,бізде ондай жағы қарастырылмаған»
Сонымен қатар, мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.
НУРБЕК БЕКЕЕВ ЖАҢААРҚА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ « Бұл жердегі мәселе қаржының бөлінуіне тіреліп тұр.Жалпы жобалық сметалық құжаттары жасалып дайын тұр.Және осы мектептің алдағы салынуға белгіленген 1 гектар жері де дайын. Ендігі алдағы уақытта мәселе шемімін табады деп ойлаймыз»
Ұрпағымыз ел тірегі, Келер ұрпақтың келешегін ойлап, балаларымызға жаңа мектеп салуларын өтінген ата-ананың үміті көп.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жұмыстар жалғасуда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 690
https://www.youtube.com/embed/28wA386SBHA?si=GAqqFrGtj5Fbqlwu"
Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері,Халықаралық шабыт фестивалінің лауреаты,Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты,Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әлібек Шегебайдың 50 жас мерейтойына орай Көңілімнің көктемі және Өмірімнің өткелі атты қос бірдей кітабының тұсаукесері өтті. Шараға қатысып қайтқан тілші тарқатады.
Бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген «Алакеуім», «Әйнекке түскен ай сәуле», «Ақ қауырсын», «Ақ жауын» атты өлең кітаптары авторының әдеби әлемі тағы да қос бірдей кітаппен толықты. Әр өлеңімен оқырманының көкейіндегі көңіл қылын шерте білген ақынның қаламы қармамаған тақырып аз. Ауыл өмірі,махаббат сезімі,ел айналасындағы оқиғалар өлеңдерінде өрнектеліп,шебер жеткізе білген ақын.
ТЕМІРҒАЛИ КӨПБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, АҚЫН
Осы жылы ердің жасы елуді еңсеріп,Қазақ әдебиетінің рухани қазынасын қарымды қаламдарымен байытып жүрген бірқатар қаламгерлердің мерейтойларына орай Атамұра баспасы тарапынан кітаптарының жарық көруіне қолдау көрсетілген. Әлібек Шегебайдың да Көңілімнің көктемі атты жыр жинағы аталмыш баспадан 2000 данамен басылып шыққан.
РАҚЫМҒАЛИ ҚҰЛ-МҰХАММЕД «АТАМҰРА» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Көз тастап өткен күндер тізбегіне,
Қараймын ойқы шойқы іздеріме.
Есігін егделіктің еппен ашып,
Елуге келіп қаппыз біз де міне деп елу жасын жырына арқау еткен ақын үшін бір белес бұл,ары қарай оқырмандарымен тың дүниелерімен бөліспек ойда.
ӘЛІБЕК ШЕГЕБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ШАБЫТ» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЛАУРЕАТЫ, АҚЫН
Қазақ әдебиетінің қазынасын байытар қаламыңыз қарымды болсын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 595
https://www.youtube.com/embed/QReZMjzr_Ws?si=rmwUqTPVPG7sJzy5"
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында түрлі игі бастамалар орын алуда. Мәселен, Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының жастарына үлгі тұтар азаматтарды насихаттау шаралары қарқынды жүзеге асуда.
Жамбыл ауданына қарасты Сарыбастау ауылында орын алып отырған шараның мәні бөлек.Алтын бесіктен орын тепкен білім ошағына демеушілік танытып келе жатқан аға буынның басын қосып, алғыс айтылды. Қамқорлық көрсетіп,өскелең ұрпаққа үлгі болаған оларға ерекше ілтипат көрсетілді.
СӘУЛЕ ӘЛІМҚҰЛОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Жастарға дұрыс тәрбие беру үшін алдымен үлгі болған абзал.Сонда барып, ұлтжанды ұрпақ қалыптасады. Сарыбастаулықтардың қолға алып жүрген акцияларының түп мақсаты осы деуге болады. Шараға қатысуға келген ауылдың бетке ұстар азаматтары тәуелсіздіктің құрметіне арналған игі бастамаға куә болды.Алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
САЛТАНАТ ЕРӘЛИЕВА ҰСТАЗ
МҰРАТҚҰЛ ӘСЕМҚҰЛҰЛЫ КӘСІПКЕР, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 569
https://www.youtube.com/embed/vZKWsfu0lmY?si=m63FbHQFyCv2e7C8"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 644
https://www.youtube.com/embed/J3jbwrOiy8k?si=cyXLpJWQTmDmosOO"
Алматыда 12-ші Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтті. Фестивальді дәстүрлі түрде Алматы қаласы әкімдігінің Tanaris Production және A Team кинокомпанияларының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Биылғы жылы фестивальде BASTAU SHORTS халықаралық байқау бағдарламасы болады. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен ұсынылған қысқаметражды, деректі және анимациялық дебюттік фильмдер көрсетіледі.
СЕРГЕЙ ӘЗІМОВ, «БАСТАУ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Біздің негізгі мақсатымыз- жастарға, дарынды жастарға көмектесу, жаңа аттарды таныту, жалпы мына қазақ киносының потенциялы өте мол,жастарға қазіргі кезде біздің көмегіміз, біздің назарымыз, біздің мұқиятымыз ауадай қажет.Сол себептен барлықтарыңызға осы фестивалге қатысуға шақырамыз».
Шара режиссер Алина Мұстафинаның дебюттік толықметражды туындысы - «Оның әкесіне, менің арғы атама, оның арғы атасына пірәндік» деректі фильмімен ашылады. Бұл конкурсқа қатысу үшін 500-ге жуық өтінім келіп түскен. Оның 43-і іріктеуден өткен.
ШЫҢҒЫС ЕРГӨБЕК Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКЕДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ «Фестиваль шын мәнінде өзінің кәмелет жасына жетті және болашаққа нық аяқ басып келе жатқандығының бірден-бір көрсеткіші болса керек. Бастау кинофестивалі текұлттық кинематографияға емес, халықаралық кинематография аренасына жас мамандардың алғашқы қадамын жасауға тиімді платформаға айналды деуге толық негіз бар.»
Айта кетейік, 14-ші желтоқсанға дейін байқаудың барлық көрсетілімдері «Тұран» университетінде көрсетілетін болады. Кіру тегін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 751
https://www.youtube.com/embed/U4qes89sodM?si=4HHcz-CsPGEa-tVA"
Биыл Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. 1994 жылы алғаш рет жергілікті өкілді органдардың жұмысын бастауымен еліміздің демократиялық дамуында жаңа кезең басталды. Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін құрайтын маңызды институттардың бірі.
Мәслихаттардың басты міндеті – жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғап, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына ықпал ету. Олар өңірлік мәселелерді шешу жолдарын талқылап, жергілікті бюджетті бекіту, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының жұмысын қадағалау сияқты маңызды функцияларды атқарады.30 жыл ішінде мәслихаттар елдің өңірлік саясаты мен қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне бейімделіп, тиімді қызмет көрсетудің заманауи әдістерін енгізді. Халық пен билік арасындағы байланыс көпіріне айналған бұл институт азаматтық қоғамның нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Айтулы мерекеге орай Алматы облысы,Қарасай ауданында арнайы жиын болып өтті.Аудан әкімі мәслихат депутаттарына аймақтың ілгері басуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Шара барысында өткенді еске алып, жетістіктерді саралады.Алға қойған міндеттерді даралады.
САМАТ МӘЛІКҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы – еліміздің тұрақты және демократиялық болашағының кепілі.Мәслихат депутаттарының 30 жылдығына орай ауданның ілгері басуына үлесін қосып жүрген бір қатар азаматтар Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың және Алматы облысы әкімінің құрмет грамоталарымен,сонымен қатар арнайы төсбелгілермен марапатталды.
ҰЛТАЙ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ «АСЫЛ АНА» АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Сондай-ақ аудан басшысы да аймақтың ілгері басуына ат салысып жүрген бір қатар азаматтарды марапаттап, алдағы күндері бірлесе еңбек етуге шақырды. Мәслихаттардың 30 жылдық мерейтойы еліміздің әр өңірінде түрлі шаралармен аталып өтіп, олардың жетістіктері мен атқарған жұмыстары насихатталуда. Бұл – халықтың сенімін арттырып, жергілікті басқарудың жауапкершілігін тереңдетуге бағытталған маңызды қадам.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 560
https://www.youtube.com/embed/gc4X2hJ8Zh0?si=LNENx10cZe-Hy5cW"
Өмірін ұлтының болашағы үшін арнап қызмет еткен тұлғаларымызды ұрпаққа үлгі етіп тәрбиелеу үлкен парыз.Осыған орай мемлекеттік және қоғам қайраткері, жазушы, партизан ҰОС батыры Әди Шәріповтың 112 жылдығын мерекелеу қарсаңында "Халық бірлігі - мызғымас бекініс"атты зияткерлік марафон салтанатты іс-шарасы өтті. Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
Әди Шәріпов 1912 жылы 19 желтоқсанда Семей облысы Жарма ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген. Ғибратқа толы ғұмырында ұстаздық қызмет атқарды, ұлы отан соғысында қан кешіп жүріп отанын қорғады. Соғыстан кейін Ә.Шәріпов ҚазКСР ағарту Министрінің орынбасары, республиканың ағарту министрі, ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Ә.Шәріпов Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болды. Іс -шара аясында Әди Шәріповтың жұбайы Клара Жағыпаровнаның мұрындық болуымен ашылған мұражайға экскурсия жасалды. Мұнда қойылған әр зат өз тарихымен құнды.
КЛАРА ЖАҒЫПАРОВНА ӘДИ ШӘРІПОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ
Әди Шәріпов «Партизан қызы», «Тон», «Алыс жағалаулар», «Қапастағы жұлдыздар», «Сахара қызы», «Арбасу», «Шипагер» және т.б. повестердің авторы. «Орман хикаясы» көркем фильмі «Партизан қызы» өмірбаяндық әңгімесіне негізделген. Мұражайға қойылған барлық кітаптар білім ошағының игілігі болып табылады.Жиында "Жақсылыкқа –жаралған жүрек атты" музыкалық бағдарламасы өтті. Жалпы іс шараның мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және тәрбиелеу.
ӘСЕМ СЕЙСЕНБАЕВА ӘДИ ШӘРІПОВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әди Шәріповтың өмірі мен шығармашылығы патриотизмге тәрбиелеудің жарқын үлгісі болып табылады.
Еще материалы
Страница 50 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.