- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 206
https://www.youtube.com/embed/a5R4BGKOCvo?si=gcOlR1Gry8aqtUms"
Иран Президенті Ибрахим Раиси мен сол елдің сыртқы істер министрі және өзге де билік өкілдері мінген тікұшақ апатқа ұшырап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапты.
Иран тауларында іздеу операциясы аяқталды. Жексенбі күні осы жерде Иран президенті Ибрахим Раиси және Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахян, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малик Рахмат және тағы бірнеше адам мінген тікұшақ апатқа ұшырады.
Вице-президент Мохаммад Мохбер бұл ақпаратты растады. Құлаған тікұшақтың жанған сынықтары таңертең Әзербайжанмен шекарадағы таулы жерде табылды. Апаттың себебі әлі аталған жоқ.
Енді Иран билігі 50 күн ішінде жаңа президентті сайлауы керек. Бұл да елдің ата заңында көрсетілген. Келесі басшының сайлауын ұйымдастыру вице-президент пен парламент спикеріне және сот билігінің басшысына жүктелген.
Иран Конституциясының 131-бабына сәйкес, президент қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі бірінші орынбасарына өтеді. 2021 жылдан бері бұл қызметті Мохаммад Мохбер атқарып келеді. Раиси сол жылдан бастап елді басқарды. Кейбір сарапшылар оның Иранның рухани көсемі, 85 жастағы аятолла Әли Хаменеидің орнына келеді деп болжаған болатын.
Сыртқы саясат пен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты соңғы сөзді айтатын, түпкілікті билікке ие болған Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи ирандықтарды тыныштандыруға тырысты. Ол мемлекеттік мекемелердің жұмысында ешқандай іркіліс болмайтынын мәлімдеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 182
https://www.youtube.com/embed/6ZsxgJMNv3s?si=j-WWcA78XrDazFxY"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 303
https://www.youtube.com/embed/6v-gHG7Ps2E?si=k9-P9QeyBEbujPOl"
Бүгін Алматы бизнес колледжінде «Педагогтің кәсібилігі - білім алушының жетістігі» атты ІІ қалалық байқауы өтті. Оған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Байқаудың мақсаты – әртүрлі қызмет салаларындағы ең дарынды және кәсіби педагогтарды анықтау. Колледж орынбасарының сөзінше, былтырғы байқауға қарағанда, биыл білікті ұстаздар жақсы белсенділік танытып, озық педагогикалық тәжірибелерін көрсету үшін біраз өтінімдер жіберген.
АЙДАР СЕРІКҰЛЫ АМБК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Байқауға 20-дан астам Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің колледж педагогтері бақ сынады. Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жарыс тікелей эфир арқылы да көрсетілді.
БАҚЫТЖАН ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
АЛИШЕР ҒАНИҰЛЫ АҚТК АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ
Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің ұйым қызметкерлерінің педагогикалық қызметіндегі беделі мен өзектілігін арттыру мақсатында өткізілген байқау жоғары деңгейде өткізілді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 183
https://www.youtube.com/embed/862UiaXQ8xg?si=a9jSErmSa6imSp0M"
Ақтауда жауын жауса болды тұрғындардан маза кетеді. 17-ші шағын ауданындағы “Мерет” тұрғын үйіндегі халық бұл мәселемен бірнеше жылдан бері алысып келеді. Бірақ нәтиже жоқ. Нөсер салдарынан үйлердің шатыры шыдас бермей, пәтерлер мен дәліздерге су кетіп, көпшілікті әбден мезі болған.
Жауын салдарынан тұрғын үй шатыры сөгіліп, ылғалға айналған. Тұрғындар бұл мәселе осымен 4 жылға жалғасып отырғанын айтуда. Үй жоғарғы санатқа жатады. Кешегі табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмаған баспананың шатырынан аққан су, дәліз бен жедел сатыға өтіп, паркинг пен қоймаларды да тас талқан еткен.
МАРАТ НҰРБЕКОВ, ТҰРҒЫН «Жаңбыр жауған соң жылда су кетеді. Подвал, паркинг, төбеден су ағады. Лифт ажыратылды. Үлкен кісілерге жоғары қабаттағы қиын. Суағар жөндеп берсе. Алдыңғы жаңбырда өзіміз жүрдік, бітедік. Шахтаны кептіруді тұрғындар өзіміз істедік».
ТАЛАНТ ҚАРЖАУБАЕВА, ТҰРҒЫН «Қарайған затымыз суға кетіп шіріп жатыр. Ол жаққа доступ жоқ. Кілттеп тастаған. Жауыннан кейін паркинг пен қойманың есігін ашып кептірмей ме?»
Ылғал тоқ жүйесіне жетпеген. Әйтпесе соңы қайғылы жағдайға ұласып кетуі әбден мүмкін еді, - дейді мұңын шаққан жұрт. Көпшілік мүлік иелері кооперативінің жұмысына көңілдері толмайтындарын да айтып қалды. Осы болған жағдайдың барлығына жауапты мекеме кінәлі дейді олар.
НЕСІБЕЛІ НҰРМАҒАНБЕТОВА, БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ «Маған түскен ақша ЖЭК ақшасы ғана. Ал күрделі жөндеуге ақша жетпейді. Өте үлкен қаражат керек. Ең бірінші проблема АТФ. Соны жөндеп тапсырса, кейбір насостар істемейді. Бір үйде үш резервуар болса, екеуі істен шыққан. Асты тесілген. Соны жөндеп тапсырса, қабылдап алуға дайынбыз. Төбені жөндеп, ауыз су насосын жөндесін».
Қазір мұндағы мүлік иелері бірлестігі мен мердігер компания өзара соттасып жатыр. Ал тұрғындар, өздері қаражат жинап, ақауларды жою үшін сан мәрте жұмысшыларды жалдап, әрекет еткен. Сот шешімі шықпаса аталмыш үйдегі мәселе осылай жалғаса бермек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 145
https://www.youtube.com/embed/JNulxlgv5l8?si=xI_vSAmsqpVxtkes"
Адамдар жанын сергітіп, миын тынықтырумен қатар денсаулыққа пайдалы демалыс орындарын іздейтіні сөзсіз. Осындай туристік орынның бірі Алматы облысы Қарадала өңіріндегі Арасан. Толығырақ емдік қасиеті бар ыстық су орындарын көзбен көріп тілші бейнематериалында.
Бұл өлкеде туризмді дамытумен қатар жанға жайлы демалыс сыйлауға арналған орындар жетерлік. Соның бірі Бәйтерек демалыс орны. Қалталарындағы бар қаржысын салып демалыс орнын ашқан ерлі зайыпты Зәуре Молжігітова мен жұбайы демалушыларға бар жағдайды жасауға тырысқан. Алайда ақсап тұрған бір мәселе бар екен.
ЗӘУРЕ МОЛЖІГІТОВА КӘСІПКЕР
2013 жылдан бері қолға алынған жобаға атқамінерлер сіздерге қолдау болады деп құрғақ уәдені үйіп төккенімен барлық мәселені шешу үшін өз қаражаттарын жұмсаған. Жазық даладан өз қаржыларына жол да тартқан.
ЗӘУРЕ МОЛЖІГІТОВА КӘСІПКЕР
Пейілдеріне қарай бұл жердің суы да ерекше болып шыққан. Мұны байқаған демалушылар жыл сайын арнайы ат басын бұрады екен. Жасы 75 ті алқымдаған Асқар ағаның айтуынша бұл жердің суы көптеген ауруларға ем.
АСҚАР АҒА ДЕМАЛУШЫ «Бұл жерге жиі келемін. Төңіректің бәрінде осындай демалыс орындары. Барлығында болдым,алайда осы Бәйтерек демалыс орнына тоқтадым. Мамандығым геолог болғандықтан судың құрамын жақсы білемін. Дәрі ішіп,емхана жағалағанша осы жердің суына түскен өте пайдалы. Асқазан аурулары болсын, тері аурулары болсын емдік қасиеті жоғары. Достарым көп,тіпті көрші Ресейден де достарымды осы жерге шақырамын. Дәрігерлердің өзі бұл жерге келіп таңданып жатады.»
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде деген дана халқымыз. Содан да болар Қарадала өңіріндегі емдік қасиеті бар демалыс орнына ағылатындар қатары жылдан жылға артып келеді. Ал кәсіпкерлер мұндағы жол жайы тезірек шешімін тапса ішкі туризмнің дамуы гүлдене берер еді деген үмітте.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 168
https://www.youtube.com/embed/ShduchmdUV8?si=BphsAHYhIzyRiHS6"
БҚО бойынша жалпы бюджет резервінен төтенше жағдай салдарын жоюға 3,5 млрд тг қаражат жұмсалған. Тасқын су кесірінен бүлінген трансформаторлар мен электр жүйелеріне - 287 млн тг, мал шығындарына - 187 млн тг, шұғыл түрде 100 айлық есептік көрсеткіш өтемақы төлеуге қала бюджетінен 3 млрд тг бағытталып отыр. Қазіргі таңда су басқан аумақтарда шығын көлемін нақтылау бойынша Орал қаласында 15 комиссия жұмыс жасауда.
Баспанаға су кірген жағдайда комиссия үйдің іргетасына ылғал әсер ету деңгейін тексеру үшін еденді ашып қарау секілді жіті бағалау жұмыстарын жүргізеді. Кейін арнайы жүйеге бағалаушылар тексеріс нәтижесін жүктейді. Жауапты қызметкерлер зардап шеккен тұрғынның аты-жөні және ЖСН нөмірін қолданып кіру арқылы керекті мағлұматтармен таныса алады.
ТІЛЕПБЕРГЕН КАЮПОВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Біздің қазіргі жеке үй салушылар бар ғой тұрғындар, солармен жұмыстанып жатырмыз. Кімде қандай мүмкіндік бар, қысқа мерзімде аяқталатын құрылыс бойынша. Сонымен қатар Орал қаласының айналдырасындағы Теректі ауданының және Бәйтерек ауданының аумағында орналасқан мысалы Трекино, Мичурино, Подстепное тағы ауылдық жерде бос тұрған, инженерлік желілері салынып қойған, күні бүгінге бос тұрған жерлерге үй салу арқылы мәселені қарау».
Егер зардап шеккен тұрғынның жалғыз үйі суға кеткен болса, өзінің сол саяжайдағы учаскесін үкіметке тапсырған соң ғана оның атына үй рәсімделеді. Су басқан баспаналарды бағалау жұмысы әлі толық бітпеген. Ал аудандарда жарамсыз деп танылған үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кеткен.
ТІЛЕПБЕРГЕН КАЮПОВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Саяжайдың барлығын тұрғын үйге айналдырып жібермеуіміз керек. Оның сыртында кез келген адамның қалада үйі бар, саяжайына барып өзінің көкөністерін егіп, саяжайды саяжай етіп пайдаланғысы келетін адамдар бар. Сондықтан біз саяжайды осындай жағдайға пайдаланып, мүлдем жабу керек. Ол көктемде су басады, жазда кетеді, бау-бақшасын салады, күзде өнімін жинап алып, жауып, қыста өзінің тұрғылықты үйінде тұратын жері. Сондықтан да мұның барлығы қайтып саяжайға айналып кетеді деп қорықпау керек. Бұл біздің күнделікті өмірімізге қажет аумақ».
Өңірде барлығы 1497 тұрғын үйді су басса, оның 456-сы комиссия шешімімен тұруға жарамсыз деп бағаланып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 202
https://www.youtube.com/embed/P1zaY-0w7UQ?si=xMTVvLenabzKYoYA"
Қызылорда қаласының 34 жасар тұрғыны аса ірі көлемде есірткі сатпақшы болған жерінде ұсталды. Ол синтетикалық нашаны заңсыз саудалап, оңай жолмен ақшаға кенелмек болған. Ер азаматты тінту кезінде ұнтақ салмағы 261 грамм болатын психотроптық зат табылып, тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Есірткіге қарсы кез келген іс бойынша жаза ауыр екенін ескертеміз!
ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іхдестіру шаралары нәтижесінде Қызылордалық 34 жасар ер азаматты ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторын оқшауландырылды, тінту жалғасуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабы бойынша өзге ақпарат жариялауға жатпайды»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 179
https://www.youtube.com/embed/H82sZCTYvnM?si=gdWd2nHTrEM3yWTX"
Құлсарылықтар осымен үшінші күн қатарынан алаңда отыр. Екі айдан бері қаңғып жүрміз деген тұрғындар биліктен үй мәселесін оң шешіп беруін сұрайды. Халық суға кеткен баспаналарының әр шаршы метріне 400 мыңнан төленсін және ол ақша қолға берілсін деген талап қоюда. Жауапты атқа мінерлер алаңға шыққандармен ымыраға келуге тырысуда.
Осыдан екі бұрын әкімдіктің алдына жиналған халық әлі тарқамаған. Түнімен осы жерде түнеп, талаптарын билікке жеткізуде. Жалпы саны мыңнан аса тұрғын, талабымыз орындалмаса, ешқайда кетпейміз деп бекініп отыр.
ЗӘУРЕШ Құлсары қаласының тұрғыны:
«Бес адам тұрамыз бір үйде. Көмек тек қана Үкіметтен 369 мың шықты. Оны да айқаймен әрең алдық. Басқа көмек жоқ. Баратын жеріміз жоқ. Қырық бөлікке бөлініп жүрміз. Киім-кешек жоқ. Отырысымыз мынау. Ауырамыз, қан қысымым көтеріледі. Үш күн болды қонып жатырмыз».
Облыс басшысы Серік Шәпкенов алаңға шыққандармен кездесті. Әкім халықты сабырға шақырды. Үйге төленетін өтемақы заң аясында төленеді деді.
СЕРІК ШАПКЕНОВ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бес саусақ бірдей болмайды дегендей оның барлығын еспетйді. 120 шаршы метрлік үй. Біреуінде бес есік, біреуінде үш есік. Есептегенде бес есік пен үш есік құнын есептеу керек. Барлығы бірдей болу мүмкін емес. Шаршы метр мынандай дегендей».
Айта кетейік, қазіргі уақытта комиссия 2 940 өтінішті қабылдап, 2 624 үй бойынша бағалау, ал 2 671 үйге техникалық тексеруді бастаған. Оның ішінен 756 үй апатты жағдайда деп танылыпты. 100-ден астам тұрғын бағалау қорытындысымен танысып, өтемақы сомасына келіскен. Бағалау мамандары болса үздіксіз, тәулік бойы жұмыс істейді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 209
https://www.youtube.com/embed/F4pS5DrOuPw?si=WFCBkcrVMaXxnesZ"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 169
https://www.youtube.com/embed/WWpqsg9Vr6I?si=GlDtNobVkzxYFAY6"
БҚО Теректі ауданында Жайық өзенінде қайықтары аударылып қалған 7 адам құтқарылды. Зардап шеккендер Сәуір жары туристік аймағынан табылып, қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Теректі ауданында 7 адам мінген 2 ескекті қайық өзеннің ағысына қарсы төтеп бере алмай, біреуі ағашқа соғылып, 3 адам суға батқан. Жанталаса тырмысып терекке өрмелеп шыққан олар дереу көмек іздейді. Хабарламаны ести салысымен БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы және №12 өрт сөндіру бөлімшесі дронның, арнайы құралдардың көмегімен зардап шегушілерді құтқарған.
БЕКЖАН АЙТҚАЛИЕВ БҚО ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ «7 адам 2 қайықпен - 1 темір қайық және пластмасса қайықпен жүзуді жоспарлаған. Сол кездегі жаңағы темір қайықпен олар ағашқа соғылып, сол жерде аударылып, 3 адам суға кеткен. Өздері 3 адам, судан шығып тұрады ғой теректер, соған жүзіп барып, сол жаңағы 112 нөміріне хабарласқан. Біздер Теректі ауданы Федоровка ауылына барып, ар жағында Сауркин Яр деген жер бар, сол жерден қайықпен суға түсіп, ары қарай адамдарды іздестіру жұмыстары басталды. Сауркин Ярдан 2-3 км жерден 7 адамда тауып, эвакуациялау жұмыстары жасалды».
Жайық өзені бойымен жүзіп өтпек болған адамдардың қазіргі уақытта жағдайлары қалыпты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 216
https://www.youtube.com/embed/WGnNizJFUbY?si=Lc74f8ubXEeRCcHs"
Астанадағы Азық-түлік корпорациясының қаржы директоры мен онда жұмыс істейтін маманы сотталды. Олар кәсіпкерден құжат жинауға және астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектесіп, заңсыз пара алған. Алайда екеуі де тек айыппұлмен құтылатын болды. Олар мемлекет есебіне жалпы сомасы 48 млн теңгені төлеуі керек. Егер, айыппұл белгіленген мерзімде төленбейтін болса, жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 166
https://www.youtube.com/embed/9b195En0Axc?si=6CB9AF9SfGBZHxdO"
Тасқыннан зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары қаласының халқы үкімет төлейтін өтемақымен мүлдем келіспейді. Ашынған халық далада түнеген. Өтемақыны әр мүлік үшін шаршы метріне 400 мың теңгеден бермесе кетпейміз деп талап қойып отыр қараша.
Бұл Құлсарылық тұрғындардың барлығының дерлік үйлері тасқыннан зардап шеккен. Айтар базыналары үкімет өтемақыны әр шаршы метріне 400 мың теңгеден төлесін. Берілетін мардымсыз қаражатқа үй салу да, алу да мүмкін емес.
ТОЛҚЫН ҚОЖАХМЕТОВА ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Үйім метр жарымға кетті, халықпен бірге менің де халықтың да талабы шаршы метріне 400 мыңнан жалпы шаршы метріне есептелу керек, егер тек тұрғын шаршы метрмен есептеу деген болмайды. Қолымызға ақша берілсін, счетқа салынсын, әркім өзі үшін өзі салып алады, көшетіні көшеді. 400 мыңның ішіне бәрі кіріп отыр. Талабымыз сол. 80- ге келген әжелер жүр. Бәрі бағаны біледі, түсінеді. Осы жерде отырған 1000 халықтың талабы осы».
НҰРСҰЛУ СЕРҒАЛИЕВА ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Беріп тұрған бағаларына ешқандай қанағат жоқ. Халық жиналып тұр. Түнімен отырдық. Талабымызды орындасын, әр шаршы метріне 400 мың беруді талап етіп отырмын».
Тұрғындар түнімен далада түнеген. Құлсары қаласы, Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-ы топан судың астында қалған. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй-жай техникалық бағытта тексеріліп, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Ал,зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз мөлшерде біржолғы төлем берілді дейді жергілікті әкімдік.
ЖҰМАБЕК ҚАРАЖАНОВ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Қазіргі таңда Жылой ауданы, Құлсары қаласы бойынша тұрғын үйлері суға кеткен азаматтардың коммуналдық шығындары төленбейді. Наурызда жаққан төлем ғана төленеді. Қазіргі таңда төлеуге мүмкіндігі болмаса кейін өтеуге болады. Сәуір, наузы, маусым айындағы шығындар өтелмейді. Яғни, тұрғындар тарапынан төлем жүргізудің қажеттілігі жоқ».
Айтпақшы, бүгін су тасқынынан зардап шекккен халыққа төлем төлеу мәселесін сенат депутаттары да көтерді. Олар өтемақы төлеу жүйесін қайта қарап, өзгерту керек деп санайды. Алдағы уақытта жылжымайтын мүлікті ерікті не міндетті түрде сақтандырып, халық арасында сақтандыру мәдениетін қалыптастыру керек деп санайды.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Су басқан аймақтарда мүліктерді сақтандыру деңгейі төмен. 1 пайыздан да төмен. Әдетте, сақтандыру жайында апат кезінде ғана еске аламыз. Осыған орай, елімізде сақтандыру жүйесін жетілдіру және тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру мүмкіндігі бойыншахалықаралық ұйымдар өкілдері арнайы ведмстволық комиссия құруды қарастыру. Екіншіден, отандық сақтандыру компаниялардың төтенше жағдайлар шығынын өтеуге қатысты әлеуітіне қатысты сараптама жасалу, мемлекет төтенше жағдай туралы халыққа алдын-ала ескертіп, тұрғындардың жауапкешілігін арттырып, қаржылық сауаттылығын жетілдіру».
Көшеде отырған Құлсарылықтардың қашан үйлеріне қайтатын әзірге белгісіз. Билік өкілдері де қарашамен бірге жүр. Алайда нақты қандай шешім қабылданаты белгісіз.
Еще материалы
Страница 52 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.